ХV111 –Х1Х ғасырлардағы Қазақстан мəдениеті



1 Халық ауыз əдебиеті
2 Жоңғар шапқыншылығына байланысты зарлы өлеңдер
3 Бұқар жыраудың бірқатар шығармаларының мазмұны
Жоңғар шапқыншылығына байланысты зарлы өлеңдермен бірге, елдің ерлігін, адамгершілікті, қайырымдылықты, ерлікті, батырлық пен батылдықты дəріптейтін өлең-жырлар, толғаулар, аңыз-əңгімелер ел арасына кең тарады. Əбілқайыр, Абылай, Есім, Жəңгір сияқты хандар, Ер Олжабай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Малайсары, Жалаңтөс батыр, Саурық батыр, Шақшақ Жəнібек, Тайлақ батыр, Бəсентиін Сарымалай тағы басқа осындай ерлігі мен тапқырлығы аңызға айналған қазақтың қасиетті ұлдары туралы деректер жыр-аңыз болып кейінгі ұрпаққа аз жетпеген. Сол жырлардың қатарындағы “Қап қағылған”, “Шаңды жорық” деген өлең-жырларда өлімнен, қауіп-қатерден тайсалмай, халықтың азаттығы үшін алысып, ақтық демі біткенше шайқасқан батырлардың ерлігі баяндалады.
Жоңғар шапқыншылығын өз шығармаларына өзек етіп, азаттық жолындағы күрес кезінде ерлігі, ақылдылығы, парасаттылығымен аты шыққан Абылай ханға
байланысты жыр толғаған ХVIII ғасырдың белгілі ақыны Бұқар жырау болған. 1693
жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданының жерінде туып, 94 жыл
өмір сүрген жырау ғұмырының бірсыпыра уақытын хан сарайында өткізіп, ел
басқару ісіне белсене қатысқан

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ХV111 - Х1Х ғасырлардағы Қазақстан мəдениеті
Халық ауыз əдебиеті
ХVIII ғасырдың басы қазақ халқының тағдырында қасіретті із қалдырған, қаралы кезең болғандығы тарихтан белгілі. Қазақ халқының қайғылы халін бейнелейтін
"Елім-ай" əні сол тұста шықты.
Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Ел-жұртынан айрылған қиын екен,
Екі көзден мөлтілдеп жас келеді.
Мына заман қай заман, қысқан заман?
Басымыздан бақ-дəулет ұшқан заман!
Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды,
Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман.
Мына заман қай заман бағы заман?
Баяғыдай болар ма тағы заман?
Қарындас пен қара орын қалғаннан соң,
Көздің жасын көл қылып ағызамын...!
Мұнша қысым қылдың ғой қатты құдай,
Қабырғама қара жер батты құдай.
Жаяу жүрсем табаным құрысады
Тым болмаса бермедің атты құдай!
Мына заман қай заман, қай-қай заман,
Ұл айрылған атадан дай-дай заман.
Бауырынан айрылған жаман екен,
Күн бар ма екен көрісер есен-аман?
Жоңғар шапқыншылығына байланысты зарлы өлеңдермен бірге, елдің ерлігін, адамгершілікті, қайырымдылықты, ерлікті, батырлық пен батылдықты дəріптейтін өлең-жырлар, толғаулар, аңыз-əңгімелер ел арасына кең тарады. Əбілқайыр, Абылай, Есім, Жəңгір сияқты хандар, Ер Олжабай, Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Малайсары, Жалаңтөс батыр, Саурық батыр, Шақшақ Жəнібек, Тайлақ батыр, Бəсентиін Сарымалай тағы басқа осындай ерлігі мен тапқырлығы аңызға айналған қазақтың қасиетті ұлдары туралы деректер жыр-аңыз болып кейінгі ұрпаққа аз жетпеген. Сол жырлардың қатарындағы "Қап қағылған", "Шаңды жорық" деген өлең-жырларда өлімнен, қауіп-қатерден тайсалмай, халықтың азаттығы үшін алысып, ақтық демі біткенше шайқасқан батырлардың ерлігі баяндалады.
Жоңғар шапқыншылығын өз шығармаларына өзек етіп, азаттық жолындағы күрес кезінде ерлігі, ақылдылығы, парасаттылығымен аты шыққан Абылай ханға
байланысты жыр толғаған ХVIII ғасырдың белгілі ақыны Бұқар жырау болған. 1693
жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданының жерінде туып, 94 жыл
өмір сүрген жырау ғұмырының бірсыпыра уақытын хан сарайында өткізіп, ел
басқару ісіне белсене қатысқан. Оның пəлсапалық ой-санаға негізделген
толғауларымен бірге нақты өмір шындығын баяндайтын өлең-жырлары да аз
болмаған. Оларда ол қазақ халқының ұлттық бірлігін, берекелі тірлігін
қалыптастыруға, əділдікті, дұрыстықты орнықтыруға күш салған.
Бұқар өмірінің барлық кезеңдерін бастан өткізіп, одан халқы үшін, ел-жұрты үшін ғибрат жасай білген ақын. Жоңғарлармен соғыста қиындықтың талайын бастан кешірген ол бір жырында: оныншы тілек тілеңіз: он ай сені көтерген, омыртқасы үзілген, аязды күнде айналған, бұлтты күнде толғанған, тар құрсағын кеңейткен, тас емшегін жібіткен, анаң бір аңырап қалмасқа. Он бірінші тілек тілеңіз: он бармағы қыналы, омырауы жұпарлы, иісі жұпар аңқыған, даусы қудай саңқыған, назыменен күлдірген, құлқынымен сүйдірген, ардақтап жүрген бикешің, жылай да жесір қалмасқа, - деп, зобалаң шақтың қасіретін көрмеуге тілек қылады.
Бұқар жыраудың бірқатар шығармаларының мазмұны Абылай ханмен байланысты.
Ол Абылайға алқалы ақыл айтып, оның жетістігін сүйсініп, мақтап, кемшілігін
сынап, мінін айтудан тайынбаған.
Бұқармен тұстас одан кейін өмір сүрген ХVIII ғасырдағы ақын жыраулардан
Ақтамберді (1675-1768), Үмбетей жырау (1706-1778), Көтеш ақын (1745-1818), Шал
ақын (1748-1819), Тəтіқара т.б. жоңғар шапқыншылығы, ерлік пен қайсар батырлық
туралы толғаған жыр-толғаулар қалдырды. Олардың ішінде "Дұшпаннан көрген
қорлығым, сарысу болды жүрекке, он жетімде құрсанып, қылыш ілдім білекке,
жауға қарай аттандым, жеткіз деп, құдай, тілекке", дейтін жоңғарларға қарсы қанды
майданға қатысып, талай шайқасты басынан өткізген Ақтамберді, "Жалаң қия
жерлерден жазбай түсіп түлкі алған, білегі жан бүркіттің тегеурініндей Бөгенбай"
деп осы батырды мадақтайтын Үмбетей ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этнология ғылымының тарихы
Балқан соғыстары
Дене тәрбиесі мен спорт психологиясының қазіргі жай күйі
Қазақстандағы орта ғасыр мәдениеті
Модернизмнің философиялық, дүниетанымдық принциптерінің қалыптасуы
Мәдениет қоғам дамуының негізгі қажетті саласы
Т.Жомартбаевтың публицистикалық шығармалары. Уәйіс Шондыбайұлы шығармашылығының зерттелуі. Қайым Мұхамедханұлының Абайтануға қосқан үлесі
Қазақстанның Ресей құрамына енуі. Оқу құралы
Картаны жасаудағы безендірудің рөлі
Мәдениеттану- мәдениет туралы ғылым
Пәндер