Қазақ тілінің мәртебесі


Қ
азақстан парламенті мәжілісіндегі «үкімет сағатында» мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед: «Республиканың латын әліпбиіне көшуі - заман талабы. Егер Қазақстанның ғылыми-педагогикалық қоғамы шынында да осы идеяны қолдайтын болса, онда латын әліпбиіне көшу керек. Бұл біздің қоғам үшін тиімді» - деп мәлімдеді.
«Егер жоғарғы жақ шешім қабылдайтын болса, біз - атқарушы билік - оны орындауға дайынбыз» дейді мәдениет министрі Құл-Мұхаммед.
Қазақстан билігінің латын әліпбиіне көшу туралы саяси шешім қабылдауына заманның талабы ықпал етуі мүмкін бе, әлде үлкен саясаттың мүддесі жетелей ме? Латын әліпбиіне көшу туралы нақты шешім қабылданатын болса, түркітілдес елдер Өзбекстан мен Әзірбайжанның тәжірибесі ескеріле ме? Қазақстанның латын әліпбиіне көшуін көпұлтты мемлекеттік өзге ұлттар өкілдері қалай қабылдауы мүмкін?
Азаттық радиосының дөңгелек үстелі осы тақырыпқа арналады.
Дөңгелек үстелге қатысқандар:
Шерубай Құрманбайұлы
- филология ғылымдарының докторы, профессор, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры (Алматы) ;
Икрам Хасимжанов
- «Жануби ) Қозогистан» газеті редакторының орынбасары әрі Оңтүстік Қазақстан облысы өзбек мәдени қоғамының төрағасы (Шымкент) ;
Айдос Сарым
- А. Сәрсенбайұлы қорының президенті (Алматы) ;
Юлия Маркова
- Солтүстік Қазақстан облысында 3 тілде шығатын. «Бірге» балалар газеті бас редакторының орынбасары (Петропавл) .
Түркітанушы профессор, Әзірбайжанның бұрынғы білім министрі әрі парламенттің бұрынғы депутаты, латын әліпбесі бойынша мемлекеттік комиссияның бұрынғы төрағасы
Фирудин Жалилов
(Әзірбайжан, Баку) және тарих ғылымдарының докторы, профессор, Өзбекстанның еңбек сіңірген қайраткері
Гога Хидоятов
(Ташкент, Өзбекстан) пікірсайысқа сырттай қатысты.
«ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ - НАЗАРБАЕВТЫҢ САЯСИ ОЙЫНЫ»
Жүргізуші:
-
Қазақстанның жоғарғы билігінің елді латын әліпбиіне көшіру туралы саяси шешім қабылдауына заманның талабы ықпал етуі мүмкін бе әлде үлкен саясаттың мүддесі жетелеуі мүмкін бе?
Гога Хидоятов:
- Қазақстанның қазір латын әліпбиіне көшу туралы әңгіме шығарғаны - Назарбаевтың саяси ойыны ғана. Ол қазір түркі әлемінің жетекшісі болу үшін аянып жүрген жоқ. Түрік академиясын, Түріксой кеңесін құрды. Оның бәрі Астанада. Ол академияның президенті (немесе төрағасы) - қазақ ғалымы, Көкшетау университетінің бұрынғы ректоры Шәкір Ибраев. Қазір латыншаға көшуге бастамашы болып жүргеннің бірі - сол. Қазақтар өз тілдерін әлі үйреніп болған жоқ. Латын әліпбиіне көшсе, тілдерін өшіреді. Бұлары қайырлы болмас.
Қазір Түркиямен әлдебір ерекше байланыстары бар. Былтыры көктемде, Астанада Назарбаев пен Түркия президенті Гүл кездескен кезде Қазақстанның латын әліпбиіне көшу мәселесі шешілген. Бұл кімге керек? Кімге пайдалы? Қазақ халқына пайдасы жоқ.
Айдос Сарым:
- Бұның артында үлкен саясат және үлкен экономика жатыр. Үлкен саясат дейтініміз, Қазақстан ерте ме, кеш пе, детоталитаризация және деколонизация үдерістерін өзінің басынан өткізуі керек. Рухани құлдықтан
Саясаттанушы Айдос Сарым. Алматы, 19 қазан 2010 жыл.
шығудың, Ресейдің ықпалынан шығудың бірден-бір жолы, жалпы түрік халықтарымен бірге болудың бір үлкен жолы - ортақ әліпбиде жүру.
Қазақ тілінің латын әрпіне көшуі - алдымен қазақтың шаруасы. Орыс тіліне, орыстың мектебіне, басқасына бұның ешқандай қатысы жоқ. Сондықтан бұл мәселені тым саясиландырмай, шын өзіміздің ұлттық мүддемізден туындайтын осындай қадамдар жасауымыз керек.
Менің түсінігімде, Өзбекстан тәжірибесі аса мәз емес. Кем дегенде Әзірбайжан сияқты мемлекеттердің осындай үлкен қадам жасағанын ескеру керек. Біз де ХХ ғасырдың өзінде 2-3 рет әліпбиді ауыстырдық. Сол тәжірибенің бәрін зерттейтін үлкен орталық ашып, сонда 2-3 жыл бойы барлығын саралап, бүгінгі заманға лайықты әліпбидің нұсқасын жасап, жүйелі түрде үлкен саяси шешіммен, жігермен іске асыратын болсақ, қазақ ұлты ол тұрғыдан ұтылмайды. Керісінше, ұтады.
Қазақтың латын әрпіне көшуі - кем дегенде бүкіл ұлтты бір күнде партаға отырғыза алатын жағдай. Яғни, бәріміз қайта жаза бастаймыз, қайта үйренеміз. Сол арқылы тілді білмеген азаматтардың өзі де қатарға қосылып, бізбен бірге үлкен жетістікке де жетуге болады. Өзге ұлттардың да қазақ тілін оқуға, зерттеуге деген сұранысын туғызуы әбден мүмкін.
Юлия Маркова:
- Менің пікірімше, көшудің артықшылықтары да бар, кемшіліктері де бар. Артықшылықтары туралы айтсақ, бұл - заман талабы. Біз ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз, ал дүниедегі адамдардың көбі латын әліпбиін қолданады. Бәріміз интернетті пайдаланғанда да бұл мәселемен кездесеміз. Төл әріптері бар қазақ әліпбиі жиі оқылмайды. Соған байланысты қиыншылықтар да пайда болады. Сондықтан латын әліпбиі бұл жерде пайдалы болатын шығар.
Ал екінші жағынан оған, мүмкін, дайын емеспіз. Өйткені латын әліпбиіне көшуді мектеп жасынан, бала бақша жасынан бастауымыз қажет. Өйткені ересек адамдарға аса қиынға соғады.
Шерубай Құрманбайұлы:
- Жалпы, жазу, әліпби ауыстырудың үлкен саяси мәні бар мәселе. Оны ашық айту керек. Екінші жағынан бұл тек қана саясат емес, бұл - тілдің таза лингвистикалық мәселелерді шешу үшін қажетті жағдай. Ең алдымен, отарсыздану бағытын дұрыс жүргізу үшін бұл жазу ауыстырудың, әліпби
Шерубай Құрманбайұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор.
ауыстырудың маңызы өте зор. Оны айтып отырғанымыз біздің көптеген тілдегі емле, ережелеріміз, тілге қабылдаған әліпбиіміздегі таңбалар кирилл әліпбиінен алынған.
Кеңестік кезеңде солай алынғандықтан біздің қазақ тілінің төл дыбыстарын таңбаламайтын басы артық таңбалар тілімізде қалып қойды. Осы сөздерде, енді біз қазақтың өзінің дыбыстық жүйесіне, айту мәнеріне сай жазамыз дейтін болатын болсақ, бұрынғы кирилл әліпбиін пайдаланып қалған адамдар оны қабылдай қоймайды.
Ал латынға көшкен жағдайда, сөздер жаңа латын әліпбимен жазылғанда жұрттың бәрі оны жаңадан қабылдайды. Жаңа сөз ретінде, жазылуын орфографиялық норма ретінде қабылдап көзі де үйренеді. Бұл, әсіресе, тілдегі басы артық дыбыстардың, сөздердің, дұрыс жазылуын, қазақша дыбысталуын қамтамасыз ету үшін, тілдің өз табиғаты үшін керек.
Жазу ауыстырудың плюсі де бар, минусы да бар. Плюсі - тілдік ерекшелігімізді сақтау, әлемдік интеграция, ақпарат алу мүмкіндігіміздің артуы. Өйткені латын жазуы ағылшын тілі сияқты әлемге кең тараған әліпби екеніне дау жоқ. Сол арқылы біз қазіргі интернет желісінде ақпарат алуда ғылым, білім саласында осы кеңістікке көбірек кіріп, жастарымыз да тануға, тез оқуға, ақпарат алуға мүмкіндігі артады. Екінші жағынан, бұл - түрік әлемі мен Қазақстанның бірігуі. Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан сияқты елдердің жазуымен бір болғаны - біздің еліміз үшін тиімді.
Әрине, минус жағы да бар екенін ашық айтуымыз керек. Тәуелсіздіктің 20 жылдығының өзінде қазақ мектептерінде, жоғарғы оқу орындарына көптеген оқулықтармен қамтамасыз етілмей жатқан жағдайлары бар. Ал ертең жазу ауыстырылған күннің өзінде қазіргі латын тілінде жазылған бастауыш мектептің, орта мектептің, одан кейінгі жоғарғы оқу орындарындағы оқу құралдарын, көркем әдебиетті бір күнде аударып тастау өте қиынға соғады.
Икрам Хасимжанов:
- Бұл жерде ұлттық мүддені де көздеуіміз керек. Мынау түркі әлемі халықтарын барлығы латын әліпбиіне көшіп, оларды бір-біріне түсінікті ету үшін үлкен ықпал жасалатын мүдде.
Сонымен бірге біз, қазақстандықтар - көпұлтты мемлекетпіз. Бұл жерде барлық қоғамдық ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар, солармен бірге институттар зерттеу жасап, оның тиімді жолдарын да айтып өту қажет.
Бәрін таразыға қойып, бізден бұрын латын әліпбиіне өткен мемлекеттердің қандай кемшіліктері болды, қандай қамтылмаған мәселелері болды - олардың барлығын зерттеп, бағдарлама дайындауымыз керек.
ТҮРКІТІЛДЕС ЕЛДЕР ТӘЖІРИБЕСІ
Жүргізуші:
-
20 жылдай құр сөз болып келген латын әліпбиіне көшу туралы нақты шешім қабылданатын болса, түркітілдес Өзбекстанның, Әзірбайжан мен Түркияның тәжірибелері ескеріле ме?
Фирудин Жалилов:
- Жаңа әліпбиге бірден көшуде кедергіге жолығасыздар. Бұған лингвист ғалымдар ғана емес, саяси жігер, парламенттің, мемлекет басшысының ерігі де керек. Біз де кирилден латын әліпбиіне көшкенде қарсы адамдар көп болған. Біз латыншаға көшкенде алғашқы жылы мектеп оқулықтарын қайта басамыз, екінші жылы газеттерді ауыстырамыз, үшінші жылы хабарландыру, көшедегі жазуларды латыншалаймыз деп жоспар жасағанбыз. Бес жылда латын әліпбиіне еркін көшудің бағдарын сызғанбыз.
Шерубай Құрманбайұлы:
- Жалпы, бұл латын тіліне көшу мәселесі бүгін көтеріліп отырған мәселе емес екенін өздеріңіз айтып жатырсыздар ғой. Осыған дейін бізде білім және ғылым министрлігінің тікелей ұйымдастыруымен ғалымдардан тұратын тілші, тарихшы, әдебиетші және социолог мамандардан тұратын осындай топ құралған болатын. Бұл топ Әзірбайжанның, Өзбекстанның, Түркияның тәжірибесін зерттеп қайтқан болатын. Осының негізінде, латын графикасының негіздерінде «Қазақ әліпбиінің тарихы, тағылымы және болашағы» деген тақырыбына үлкен кітап та шығарды осы институт.
Латын әліпбиіне көше қалған жағдайда ертең қандай әліпбиді тұтынуымыз керек, қанша ол әліпбилік жүйемізде қанша таңба болатына шейін көптеген жобалар ұсынылды. Мамандардың тарапынан, басқа қаланың мамандардын тарапынан, тіл мамандарының тарапынан солардың ішінен негізгі төрт жоба таңдалып алды. Бұл біздің осы институттың ғалымдардың талқысынан өтіп дайын тұр. Енді тек қана сол саяси шешім қабылданып жатқан жағдайда, біз оны тиісті жаңадан құрылатын мемлекеттік комиссия болса, соның құрамына шығаруға дайынбыз.
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ МӘРТЕБЕСІ
Жүргізуші:
-
Рахмет, Шерубай мырза! Юлия ханым, Конституцияда көрсетілген мемлекеттік тіл мәртебесіне жете алмай келе жатқан қазақ тіліне енді латын тіліне көшу кесірін тигізбей ме?
Юлия Маркова:
- Әрине, бұл қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесіне зор ықпал тигізеді. Оның мәртебесі көтеріледі, өйткені тіліміз басқа мемлекеттермен бір қатарда тұрады. Басқа мемлекеттермен қарым-қатынасымыз оңайырақ болады.
Икрам Хасимжанов:
- Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркіменстанның тәжірибелерін үйрену керек. Біздің қазақ әдебиетіміз кириллицада жазылған, оның бәрі қайта жазыла
Икрам Хасимжанов, Шымкенттегі «Жануби Қозогистан» газеті редакторының орынбасары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz