Мемлекеттік қызметтің теориялық негізі
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І. Мемлекеттік қызметтің теориялық негізі
1.1. Мемлекеттік қызметтің түсінігі мен ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ. Мемлекеттік қызметті басқарудың жетілдіру жолдарын талдау
2.1. Мемлекеттік қызметті басқаруды жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Мемлекеттік қызметтің құрылымын басқаруды жетілдірудің жолдары ... ... ... ...
2.3. Мемлекеттік қызметті жаңаша көзқараста дамытудың жолдарын талдау ... ... ... .
ІІІ. Мемлекеттік қызметті басқару және оның даму болашағы
3.1. Мемлекеттік қызметті басқаруды жаңғырту . болашаққа жол ашу ... ... ... ... ... ... ..
3.2. Экономика саласында мемлекеттік қызметтің басты бағыттарын іске асыруды заңнамалық қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Кіріспе
Мемлекеттік қызмет деп белгілі бір іс - әрекеттің түріне қатысты, яғни кәсіп, мамандық, біліктілік, лауазымға қатысты жұмыстың орындалуын айтамыз. Кәсіп – еңбек қызметінің кең саласы. Бұнда мемлекет қызметкері өз мамандығына сәйкес бар білімін, талабын толығымен қолдана алады. Мамандық көрсетілген кәсіптің аясындағы еңбек қызметінің тар саласы. Бұнда мемлекет қызметкері жұмысты тиімді атқару үшін өзінің бұл сала бойынша алған терең, жан – жақты білімін қолдана алады. Ал біліктілік болса, белгілі бір қызметкердің қандай да дәрежедегі ауыр қызметті атра алатынын анықтайды.
Мемлекеттік қызметтердің азаматтардың еңбек іс - әрекетінің бірі болып табылатыны сөзсіз. Сондықтан да мем лекеттік қызмет жалпы ұйымдастыруға тән барлық қасиеттерге негізделеді. Мемлекеттік қызмет деп әлеуметті пайдалы, объективті қажет және басқару персоналының ұйымдасқан нысанындағы қызметін айтамыз.
Мемлекеттік басқару жүйесін жаңартуға бағытталған әкімшілік реформаны тереңдету мақсатында ҚР Президенті 2007 қаңтар айының 13 жұлдызында қол қойған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Жарлықтың ережелерін іске асыру мақсатында Үкімет «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын жедел түрде әзірлеп, Мәжілістің қарауына енгізді.
Заң жобасын әзірлеудің орындылығы азаматтар үшін ақпаратқа қол жетімділік, әкімшілік органдардың қызметінде жариялылық қағидатын мемлекеттік әкімшілік жүйесіне енгізуді көздейтін әкімшілік реформаны одан әрі іске асыру қажеттілігіне негізделген.
Әкімшілік рәсімдерді жетілдіруді қамтамасыз ету мақсатында ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету және олардың функцияларды жүзеге асыру арқылы әрбір мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын қабылдауын болжайды.
Сондай-ақ, көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасын және мемлекеттк қызмет көрсету жөніндегі қызмет тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік мекемлер мен кәсіпорындардың мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі барлық іс-әрекетін мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде нақты регламенттеу болжанады.
Мемлекеттік басқаруды, оның ішінде мемлекеттік қызметті басқару рәсімдерін жетілдіру қажеттігіне байланысты осы түсінікті заңнамалық тұрғыда айқындау көзделеді.
Заң жобасында мемлекеттік органдар азаматтарға мемлекеттік органның қызметіне байланысты ақпараттық қызметтерді ұсыну үшін веб – сайттар құратындығы туралы номаны айқындау, веб – сайтқа орналастыруға тиіс мәліметтер тізбегін бекіту ұсынылады.
Осылайша бұл заң жобасының мақсаты азаматтардың басқарушылық қызметті ұйымдастыруға бағытталған әкімшілік ету рәсімдерісаласында ақпарат алуға арналған құқықтарға кепілдік беру және оларды қамтамасыз ету тетігін жетілдіру, мемлекеттк орган дардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады.
Заң жобасын іске асыру теріс әлеуметтік – экономикалық, құқықтық салдарға әкеп соқпайды және мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттіктің баспасөз
қызметі» ақпараты
2. "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 453-1 Заңы
3. Авторы: Мерей БАЙЛИН, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қостанай облысы бойынша басқармасының бастығы – тәртіптік кеңес төрағасының баяндамасы.
4. Интернет жүйесінің сайттары: WWW. Google.kz www.Yahoo.kz, www.nationalbank.kz, press-service@minfin.kz, Қазақстан Республикасының арнайы ақпараттық сайты
5. Егеменді Қазақстан / 2004 – 13 сәуір. 3 бет.
6. Егеменді Қазақстан / 2006 – 8 тамыз. 3 бет.
7. Ағыбаев А. «Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлықпен күрес» / Заң газеті – 2006 – 15 шілде. 3 бет.
8. Әкімшілік құқық бойынша дәрістер. С. Б. Болатбекұлы. Алматы – Дәнекер – 2004
9. Мемлекеттік қызмет туралы Алматы – Жеті жарғы – 1997
10. А. Н. Саханова, М. С. Сейтмаганбетов, Р. Г. Есенжигитова «Государственное регулирование экономики» Алматы – 2004
11. «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері» Ж. О. Иғданов, Ә. О. Орманбеков Алматы – 2003
12. Заң газеті / 2006 – 14 шілде. № 129 – 130 3 бет.
1. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттіктің баспасөз
қызметі» ақпараты
2. "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 453-1 Заңы
3. Авторы: Мерей БАЙЛИН, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Қостанай облысы бойынша басқармасының бастығы – тәртіптік кеңес төрағасының баяндамасы.
4. Интернет жүйесінің сайттары: WWW. Google.kz www.Yahoo.kz, www.nationalbank.kz, press-service@minfin.kz, Қазақстан Республикасының арнайы ақпараттық сайты
5. Егеменді Қазақстан / 2004 – 13 сәуір. 3 бет.
6. Егеменді Қазақстан / 2006 – 8 тамыз. 3 бет.
7. Ағыбаев А. «Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлықпен күрес» / Заң газеті – 2006 – 15 шілде. 3 бет.
8. Әкімшілік құқық бойынша дәрістер. С. Б. Болатбекұлы. Алматы – Дәнекер – 2004
9. Мемлекеттік қызмет туралы Алматы – Жеті жарғы – 1997
10. А. Н. Саханова, М. С. Сейтмаганбетов, Р. Г. Есенжигитова «Государственное регулирование экономики» Алматы – 2004
11. «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері» Ж. О. Иғданов, Ә. О. Орманбеков Алматы – 2003
12. Заң газеті / 2006 – 14 шілде. № 129 – 130 3 бет.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І. Мемлекеттік қызметтің теориялық негізі
1. Мемлекеттік қызметтің түсінігі мен ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ. Мемлекеттік қызметті басқарудың жетілдіру жолдарын талдау
2.1. Мемлекеттік қызметті басқаруды жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Мемлекеттік қызметтің құрылымын басқаруды жетілдірудің
жолдары ... ... ... ...
2.3. Мемлекеттік қызметті жаңаша көзқараста дамытудың жолдарын
талдау ... ... ... .
ІІІ. Мемлекеттік қызметті басқару және оның даму болашағы
3.1. Мемлекеттік қызметті басқаруды жаңғырту – болашаққа жол
ашу ... ... ... ... ... ... ..
3.2. Экономика саласында мемлекеттік қызметтің басты бағыттарын іске
асыруды заңнамалық қамтамасыз
ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Мемлекеттік қызмет деп белгілі бір іс - әрекеттің түріне қатысты, яғни
кәсіп, мамандық, біліктілік, лауазымға қатысты жұмыстың орындалуын айтамыз.
Кәсіп – еңбек қызметінің кең саласы. Бұнда мемлекет қызметкері өз
мамандығына сәйкес бар білімін, талабын толығымен қолдана алады. Мамандық
көрсетілген кәсіптің аясындағы еңбек қызметінің тар саласы. Бұнда мемлекет
қызметкері жұмысты тиімді атқару үшін өзінің бұл сала бойынша алған терең,
жан – жақты білімін қолдана алады. Ал біліктілік болса, белгілі бір
қызметкердің қандай да дәрежедегі ауыр қызметті атра алатынын анықтайды.
Мемлекеттік қызметтердің азаматтардың еңбек іс - әрекетінің бірі болып
табылатыны сөзсіз. Сондықтан да мем лекеттік қызмет жалпы ұйымдастыруға тән
барлық қасиеттерге негізделеді. Мемлекеттік қызмет деп әлеуметті пайдалы,
объективті қажет және басқару персоналының ұйымдасқан нысанындағы қызметін
айтамыз.
Мемлекеттік басқару жүйесін жаңартуға бағытталған әкімшілік реформаны
тереңдету мақсатында ҚР Президенті 2007 қаңтар айының 13 жұлдызында қол
қойған Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту
жөніндегі шаралар туралы Жарлықтың ережелерін іске асыру мақсатында Үкімет
ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері
бойынша толықтырулар енгізу туралы заң жобасын жедел түрде әзірлеп,
Мәжілістің қарауына енгізді.
Заң жобасын әзірлеудің орындылығы азаматтар үшін ақпаратқа қол
жетімділік, әкімшілік органдардың қызметінде жариялылық қағидатын
мемлекеттік әкімшілік жүйесіне енгізуді көздейтін әкімшілік реформаны одан
әрі іске асыру қажеттілігіне негізделген.
Әкімшілік рәсімдерді жетілдіруді қамтамасыз ету мақсатында ұсынылатын
мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету және
олардың функцияларды жүзеге асыру арқылы әрбір мемлекеттік органның
мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын қабылдауын болжайды.
Сондай-ақ, көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасын және
мемлекеттк қызмет көрсету жөніндегі қызмет тиімділігін арттыру үшін
мемлекеттік мекемлер мен кәсіпорындардың мемлекеттік қызмет көрсету
жөніндегі барлық іс-әрекетін мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде нақты
регламенттеу болжанады.
Мемлекеттік басқаруды, оның ішінде мемлекеттік қызметті басқару
рәсімдерін жетілдіру қажеттігіне байланысты осы түсінікті заңнамалық
тұрғыда айқындау көзделеді.
Заң жобасында мемлекеттік органдар азаматтарға мемлекеттік органның
қызметіне байланысты ақпараттық қызметтерді ұсыну үшін веб – сайттар
құратындығы туралы номаны айқындау, веб – сайтқа орналастыруға тиіс
мәліметтер тізбегін бекіту ұсынылады.
Осылайша бұл заң жобасының мақсаты азаматтардың басқарушылық қызметті
ұйымдастыруға бағытталған әкімшілік ету рәсімдерісаласында ақпарат алуға
арналған құқықтарға кепілдік беру және оларды қамтамасыз ету тетігін
жетілдіру, мемлекеттк орган дардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету
болып табылады.
Заң жобасын іске асыру теріс әлеуметтік – экономикалық, құқықтық
салдарға әкеп соқпайды және мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы
шығындарын талап етпейді.

1.1. Мемлекеттік қызметтің түсінігі мен ерекшелігі
Мемлекет қызметін ұйымдастырудың басты, негізгі талаптары Қазақстан
Республикасы Конституциясында қарастырылған (33 бап), сонымен қатар
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсанындағы
Мемлекеттік қызмет туралы заң күші бар Жарлығында толық түрде
қарастырылған. Бұл Жарлық мемлекеттік қызметті ұцымдастырудың негізін,
мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайларын және мемлекеттік қызмет
аясындағы қарым – қатынастардың реттелуін анықтайды.

Мемлекетті басқару органдарында басқару кадрларын жинаудың, басқару
функциялары мен өкілеттіктердің лауазымды тұлғалар арасында бөлінудің
арнайы тәсілдері, мемлекет және еңбек процесін басқару, басқару
органдарының жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасақталған. Бұл тұрғыдан
мемлекеттік қызмет еңбек құқығының жалпы нормаларына негізделеді.

Мемлекеттік қызметтің тағы бір белгісі – мемлекеттік қызметкердің
басқару органы қызметіне тікелей қатысуы. Бұл дегеніміз – азаматты басқару
органының құрамына, яғни штатқа және мемлекеттік органның басқару қызметіне
енгізілуін айтамыз.
Лауазымды тұлғаның басқару органының ішкі еңбек тәртібіне бағынуы –
мемлекеттік қызметтің келесі белгісі болып табылады. Ішкі еңбек тәртібінің
мазмұнын құрайтын лауазымды тұлғалардың бірлескен басқару қызметін, ұжымның
нақты және дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, басқару органының осындай
режимін анықтайтын нормалар құрайды. Ішкі еңбек тәртібі заңдармен, ішкі
еңбек тәртібінің типтік ережелерімен және осының негізінде қабылданған
басқару органының жергілікті ішкі тәртіп ережесімен реттеледі. Мемлекеттік
басқару органының ішкі еңбек тәртібінің айрылмас элементі болып
субординация жүйесі, яғни лауазымы бойынша төмен мемлекеттік қызметкерлер
лауазымы жоғары қызметкерлерге толық есеп беруімен айқындалады. Басқару
органының ішкі еңбек тәртібіне бағыну - әрбір лауазымды тұлғаның міндеті
болып саналады.
Мемлекеттік қызметтің тағы бір ерекшелігі жалақы болып табылады.
Мемлекеттік қызметкерлерге жалақы: еңбекті бағалауда барлығына ортақ
критерийлерге негізделе отырып, жалақы еңбектің сапасы мен мөлшеріне сәйкес
төленеді. Жалақы алдын – ала қабылданған нормалар негізінде өндіріледі;
жалақының негізгі бөлігі басқару органының штат кестесімен анықталады, ал
қосымшасы – мемлекет қызметкерінің біліктілік деңгейіне және басқа
жағдайларға (біліктілік класстар үшін мемлекеттік қызметте істеген жылдары
үшін төлемдер, сыйақы және т.с.с.) байланысты анықталады, төленетін ақша
мөлшері жағынан шектелмейді, бірақ заңда көрсетілген минималды мөлшерден
төмен болмауы тиіс.
Мемлекеттік қызмет дегеніміз – мемлекеттік органдарда және олардың
аппараттарындағы Конституцияның негізінде жүзеге асырылатын және
мемлекеттік басқаруға бағытталған азаматтардың кәсіби қызметі. Келтірілген
анықтама бойынша мемлекеттік қызметтің кәсіптік қызмет ретіндегі жалпы
белгілерін былайша айқындаймыз:
1) мемлекеттік қызмет мемлекеттік мақсаттар мен қызметтерді жүзеге
асырумен байланысты;
2) мемлекеттік қызметтер мен мақсаттардың салалы экономика, әлеуметтік
– саяси құрылым бойынша дамуы мемлекетті басқару, мемлекеттік
қызметкерлердің кәсіби қызметі арқылы жүзеге асырылады. Бұл қызмет
көп қырлылығымен басқару функциясының көлемділігімен, ауырлылығымен
және ауқымдылығымен ерекшеленеді. Мемлекеттік басқаруда бүкіл
қоғамның және мемлекеттің мүдделері көрсетіледі;
3) мемлекеттік қызмет қоғамда басқару қызметін жүзеге асыратын арнайы
аппарат аясында жүзеге асырылады. Осындай аппаратсыз жұмыс істеу
мүмкін емес, себебі мемлекеттік басқарудың кез келген саласы осындай
аппаратты қажет етеді. Экономика, әлеуметтік сала мен әкімшілік –
саяси құрылыс дамуындағы мемлекет қызметкері органдар жүйесі арқылы
жүзеге асады. Бұл органдар алдында тұрған мақсаттары олардың
қызметінің мазмұнын және сәйкесінше мемлекеттік қызметкерлер
функциясын анықтайды;
4) мемлекеттік қызметтің спецификасы басқару функциясын жүзеге асырумен
тығыз байланысты. Басқару аппаратында мемлекет функцияларының
басқару функцияларымен бірігуі және мемлекеттік қызметкерлердің
нақты функцияларының құрылуы арқылы жүзеге асады. Соның өзінде
басқару органдарының мақсаттары мен функциялары мемлекеттің мақсаты
мен функцияларына сәйкес болуы керек;
5) мемлекеттік қызметкерлер мемлекет атынан сөйлейді, сондықтан да
мемлекеттік билік құзіретіне ие;
6) мемлекеттік қызмет Конституция нормаларына, заңдарға, Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлықтарына және басқа да заңды
актілерге негізделеді. Басқаша айтқанда мемлекетік қызметкерлердің
басқару қызметі мемлекеттік басқарудағы заңдылық қағидасының
талаптарына сай болуы керек. Бұл жерде Конституция нормаларын және
басқа да заң актілерін мемлекеттік басқару аясына сәйкес басқа заң
актілерін жүзеге асыру. Мемлекеттік басқарудың бар мағынасы
әлеуметтік процестердің мемлекеттің басқаруын ұйымдастыру;
7) мемлекеттік қызмет – атқарушы сипаттағы ұйымдасқан қызмет. Бұл жерде
Констиутция нормаларын, заңдарын, Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлықтары мен басқа заң актілерінің мемлекеттік
басқару аясына сәйкес тәжірибелі түрде іске асыру айтылады.
Мемлекеттік қызметтің түйіні әлеуметтік процестердің мемлекеттік
басқаруын ұйымдастыру мен сәйкес мемлекеттік органдардың функциялары
мен уәкілеттіктерін жүзеге асыруда жатыр;
8) мемлекеттік қызмет – жарлықшы сипаттағы қызмет. Бұл дегеніміз
мемлекет қызметкерлерінің өзіне жүктелген саласында мақсаттар мен
қызметтерді жүзеге асыру барысында заңды – актілі ұйғарымды
қолдануға құқылы. Жарлықшы қызметі қажетті жағдайларда басқару
актілерін шығарумен ерекшеленеді. Бұл актілердің көмегімен
ведомстволарға қарасты объектілер мен олардың негізгі қызметінің
бағыттарына тікелей ықпал жасайды.
Мемлекеттік қызмет саясаттандырылған түрімен де ерекшеленеді. Бұл
дегеніміз мемлекеттік қызметкерлер өзінің міндетті қызметі мен өкілеттігін
атқару кезінде заң талаптарын басшылыққа алу міндеті мен саяси партиялар,
қоғамдық бірлестіктер мен олардың органдарының еш байланыстырмау. Осыған
орай мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарында саяси партиялар
ұйымдарын құру рұқсат етілмейді. Мемлекет қызметкері өзінің басқару
әрекетін жүзеге асыруға құқығы бар. Заңдарда бекітілген біріңғай мемлекет
саясаты мен мүдделерін басшылыққа алуы тиіс. "Мемлекеттік қызмет туралы"
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 453-1 Заңының 1-тарауы
- Жалпы ережелер. 1-бабында негізгі ұғымдар, осы Занда мынадай ұғымдар
пайдаланылады: мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi - мемлекеттiк саяси
қызметшiлердiң құрамына кiрмейтiн, мемлекеттiк органда тұрақты кәсiби
негiзде лауазымдық өкiлеттiктi жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшi;
мемлекеттiк лауазым - мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлермен
белгіленген лауазымдық өкiлеттiк пен лауазымдық мiндеттердiң ауқымы
жүктелген құрылымдық бiрлiгі; мемлекеттiк қызмет - мемлекеттiк
қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен
функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiгiн атқару
жөнiндегi қызметi; мемлекеттiк қызметшi - мемлекеттiк органда заңдарда
белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен не
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қаржысынан ақы төленетiн қызметтi
атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру
мақсатында лауазымдық өкілеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының
азаматы; лауазымды адам - ұдайы, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша
өкiмет өкiлiнiң мiндеттерiн жүйеге асыратын не мемлекеттiк органдарда
ұйымдастырушылық-өкiм берушiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтердi
орындайтын адам; лауазымдық өкiлеттiк - заңдарда белгіленген құқықтары мен
негiзгi мiндеттерi бар мемлекеттiк қызметшiлер өз қызметiн жүзеге асыратын
мемлекеттiк органдардың алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттерге жауап
беретiнін, нақты мемлекеттiк лауазыммен көзделген өкiлеттiк; мемлекеттiк
әкiмшiлiк қызмет санаты - мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер атқаратын,
лауазымдық өкілеттiктiң көлемi мен сипатын көрсететiн әкiмшiлiк лауазымдар
жиынтығының саралаушылық сипаттамасы;
бiлiктiлiк талаптары - мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтi атқаруға үмiткер
азаматтарға оның кәсiби даярлығының, деңгейiн, құзыреттiлiгiн және нақты
әкiмшiлiк қызметке сәйкес келуiн анықтау мақсатында қойылатын талаптар;
мемлекеттiк саяси қызметшi - тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және
қызметi саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен
мiндеттердi iске асыру үшiн жауап беретiн мемлекеттiк қызметшi; ротация -
мемлекеттiк саяси қызметшiлердi мемлекеттiк органдардың арасында, сондай-ақ
мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшелерiнің арасында лауазымдық
ауыстыру.
1.2. Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидалары
Қоғамда басқару функцияларын орындаумен қатар арнайы адамдар тобы
мемлекеттік қызметтің ерекше кәсіптік қызметі ретінде айқын, белгілі
қағидаларға негізделеді. Ал қағидалар орындалуын өз кезегінде жалпылай
мемлекеттік қызмет институтының қызметімен кепілденген талаптар түрінде
түсіндіріледі. Бұның өзінде мемлекеттік қызметті ұйымдастыру мемлекеттік
басқарудың ерекше қағидаларына сонымен қатар лауазымды тұлғалардың кәсіптік
қызметінің мағынасын көрсететін мемлекеттік басқарудың ерекше қағидаларына
да негізделеді.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет келесі қағидаларға
негізделеді:
1) заңдылық. Бұл қағида барлық мемлекет қызметкерлерінің алатын орны,
лауазымды, рангісінен тәуелсіз Конституцияны, заңдарды, Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлықтарының талаптарын, міндетті
ережелерін мүлтіксіз сақтау, бұзбаумен анықталады. Мемлекеттік
басқару процесінде заңдылық қағидасының талаптары, басқару
актілерінің шығарылуы, басылуы кезінен бастап жүзеге асырылады.
Мемлекетті басқару аппараты жүйесінде басқару актісінің заңды күші
сол актіні қабылдаған органның орны мен өкілеттілігінің көлемімен
анықталады.
2) Мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы. Мемлекеттік биліктің заң
шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарына бөлінуіне қарамастан
ҚР мемлекет қызмет жүйесі біртұтас. Мемлекеттік билік өзінің мәні,
құрылысы және қоғамда әрекет етуінің біртұтастығымен түсіндіріледі.
Мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы мемлекет аппаратындағы
еңбек бөлінісіне қарамастан барлық мемлекеттік органдар өз
қызметтері мен өкілеттіктерін мемлекет атынан жүзеге асырады. ҚР
Конституциясы мемлекеттік билік тармақтарының, заң шығару, атқарушы
және сот билігіне бөліну қағидасын бекітіп, сонымен қатар тепе-
теңдік және тежемелік қағидасын да берік ұстанады. Осыған байланысты
мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы қағидасы барлық
мемлекеттік билік тармақтарын біртұтас мемлекет механизміне
біріктіретін берік негіз ретінде түсіндіреді.
3) Заңды құқықтарының, еркіндігінің және заңды мүдделерінің мемлекет
мүдделері алдында приоритеті бар. Бұл қағида азамат пен мемлекет
арасындағы маңызды ресми бағыт болып келеді. ҚР Конституциясы
азаматтардың құқықтары мен бостандығын басты орынға қояды. Адамға
құқық және бостандық туылғанынан беріледі. Олар абсолютті және
ажыратылмайтын болып танылады, заңдар және басқа нормативтік
құқықтық актілердің мазмұны мен қолдануын анықтайды.
4) Қол жетерлік қағидасы, яғни азаматтар қабілетіне, кәсіптік
дайындығына сәйкес мемлекеттік қызметке түсуге бірдей құқылы. Бұл
туралы Коституцияның 33 - бабында нақты жазылған. Осы қағида бойынша
жалғыз ғана шек қойылатын – ол қағидатқа қойылатын жас мөлшері, яғни
мемлекет қызметкерінің жасы 63 жастан аспауы керектігі бекітілген.
5) Азаматтардың мемлекеттік қызметкер қызметіне кандидатураларын жинау,
іріктеу қатаң ерікті негізде жүзеге асырылуға міндетті. Ешкім де
мәжбүрлеу тәртібінде мемлекеттік қызметке азаматты тағайындай
алмайды. Басқаша айтқанда мемлекеттік қызметке тұру күрделі заң
құрылысының болуын, яғни бір мезгілде екі фактінің болуын талап
етеді: қызметке тағайындау актісінің болуы және азаматтың бұл
қызметке тұруға байланысты алдын ала келісімі.
6) Шешімдерді орындау міндеттілігі. Жоғары тұрған мемлекеттік органдар
лауазымды тұлғалардың өз өкілеттілігі аясындағы қабылданған
шешімдерін төменгі сатыда тұрған мемлекет органдары қызметкерлері
үшін орындау – міндет. Бұл қағида мемлекеттік органдардың
вертикальді бағыну жүйесін, экономика әлеуметтік сфера және
әкімшілік-саяси құрылыс салаларында қажетті басқаруды
орталықтандыруды айқындайды. Мемлекеттік басқару органдарының жалпы
жүйесін біріктіреді, сөйтіп мемлекет аппаратының қызметінде жалпы
мемлекеттік мүдделер есебін жүргізу қамтамасыз етіледі.
7) Мемлекет қызметкерінің бақылауға тәуелділік және есептлілік
қпағидасы. Барлық мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметшілер
халық алдында және өзінен жоғары тұрған орган алдында жауапты.
8) Кәсіпқойлығы және құзырлығы. Мемлекеттік қызметке орналасқан азамат
өзінің қызметтерін орындау үшін арнайы бөлімі, тәжірибесі және
қабілеті болуы қажет.
9) Қызметшілердің жеке жауапкершілігі. Әрбір мемлекеттік қызметші
өзінің лауазымына сай белгілі бір қызмет атқарады және сол істеген
ісіне жауап береді.
Осы аталған қағидалардың орындалуы мемлекеттік қызметтің тиімді
орындалуын қамтамасыз етеді. Әкімшілік лауазымдар мемлекеттік
қызметшілердің 90 пайызын құрайды және олар саяси қызметшілер
ауыстырылғанда қызметтен шығарылмауы үшін заңмен қорғалған. Мемлекеттік
қызметтің мемлекеттік басқарудағы негізгі құзіретіне лауазымдардың топтарға
бөлінуін жатқызуға болады. лауазымдар иерархиясы мемлекеттік басқару
жүйесінде пирамидаға сәйкес лауазымдардың таралуы барлық елде тараған.
Лауазымдардың құзырлығының көлемі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым олардың
иерархиялық пирамидаға лауазымдық орны болады және жауапкершілігі жоғары
болады. Сондықтан мемлекеттік лауазымдарды иерархиялық дифференциялау
объективті заң болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңында
көрсетілгендей, мемлекеттік қызметкерлер лауазымдары саяси және әкімшілік
болып екіге бөлінеді.
Саяси лауазымдарға саяси мемлекеттік қызметке тағайындалуы, қызметтен
босатылуы және қызметі саяси сипатта болатын лауазымдар жатады.
Әкімшілік лауазымдарға мемлекеттік қызметте тұрақты қызмет атқаратын
лауазымдар жатады. Әкімшілік лауазымдар мемлекетімізде қабылданған арнайы
лауазымдар Реестрінде топтар категориясымен жүйелендірілген. А категориясы
тобына Қазақстан Республикасының Президентінің Әкімшілігінің лауазымдары
жатады. Ал В категориясы тобына республикалық деңгейдегі (Парламент
палатасы аппараты, Премьер – Министр Кеңесі, Конституциялық Кеңес аппараты,
Жоғарғы Сот аппараты, Президент Істері Басқармас), С категориясы бойынша
Президентке тікелей бағынышты және есеп беретін мемлекеттік органдар,
Орталық атқарушы органдар, Үкіметке, Орталық атқарушы органдарға кірмейтін
Орталық атқарушы органдары, Облыстық және аудандық территориялық бөлімдері
кіреді. Д категориялары тобына облыс, аудан, ауыл әкімдерінің аппараттары,
облыстық ,аудандық мәслихат аппараттары, облыстық, аудандық сот аппараттары
жатады. Е категориялар тобына, жергілікті атқару органдары жатады. Осы
жоғарыда аталған категориялар өз іштерінде мемлекеттік орган құрылымында
алатын орны, әкімшілік лауазымдарына сай тағы бірнеше топтарға бөлінеді.
1.3. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы
1999 жылы 23 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті жаңа
Мемлекеттік қызмет туралы заңға қол қойды. Заңмен және заңға тәуелді
актілермен мемлекеттік қызметшілердің анықтамасы нақты анықталды.
Мемлекеттік қызметші – ол заңмен белгіленген қызметті атқаратын, ақысы
республикалық немесе жергілікті бюджеттен, не болмаса ҚР Ұлттық Банкімен
төленетін мемлекеттік органдағы лауазым иесі және өзінің лауазымына сәйкес
мемлекет қызметі міндетін атқаратын Қазақстан Республикасының азаматы. Тек
мемлекеттік қызметшілерге техникалық қызметшілер, қызмет етуді қамтамасыз
ететін персоналдар кірмейді. Саяси мемлекеттік қызметшілерге министрлер
мен олардың орынбасарлары, аудан, қала, ауыл әкімдері жатса, қалған
лауазымдар әкімшілік лауазымдарға жатады. Әкімшілік лауазымдар мемлекеттік

қызметкер үшін азаматтың біліміне, дайындығына және тәжірибесіне сай
қабылдану, тағайындалу конкурс және сайлау арқылы алынады:
- Қабылдану – бұл мемлекеттік қызметке алынғанда ең көп қолданылатын
тәсіл.
- Тағайындау – бұл мемлекетке алу тәсілі үш түрлі жолмен көрсетіледі:
1. сәйкес органның немесе лауазымның тағайындалуы. Мысалы, Қазақстан
Республикасының Президентінің Мемлекет хатшысын тағайындау.
2. ұсыныс – сәйкес органның немесе лауазымның басқа бір органға немесе
лауазымға жасаған ұсынысы арқылы мемлекеттік қызметке алынады.
Мысалы, Қазақстан Республикасының Президентінің ұсынысы бойынша
Қазақстан Республикасы Сенаты Жоғарғы Сот төрағасын тағайындайды.
3. келісім - сәйкес орган немесе лауазым басқа бір органмен немесе
лауазыммен келісім арқылы мемлекеттік қызметке тағайындалуы.
Мысалы, Қазақстан Республикасының Президентімен келісіп, Қазақстан
Республикасы Премьер – Министрін тағайындайды.
- сайлау – мемлекеттік қызметке саяси қызметшілердің ішіндегі ең
бастылары, ең жоғарғысы Қазақстан Республикасы Президенті және
Қазақстан Республикасы Парламент депутаттары сайлау арқылы
мемлекеттік қызметке тағайындалады.
- Конкурс – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет туралы
заңының 12-бабына сәйкес мемлекеттік қызметке мамандардың орналасуы
және мемлекеттік әкімшілік қызметте жоғары көтерілуі, тек
конкурстық таңдау арқылы жүргізіледі деп анықталған.
Конкурс арқылы әкімшілік мемлекеттік қызметке тұруға Қазақстан
Республикасының барлық азаматтарының тең құқы бар. Бұл құқық біздің
мемлекетіміздің Конституцияға сәйкес демократизациялануының бір белгісі
болып табылады. Мемлекеттік қызметке тұруға тең құқық болғанмен, оған әркім
тұра алмайды. Алдымен мемлекеттік қызметке тұрушыларға белгілі бір шарттар
қойылады. Конкурстық таңдау мемлекеттік қызметке үміткерлер арасында
бәсекелестік туғызады, ал бұл болса мемлекеттік қызметке жоғарғы сападағы
мамандарды алуға алғы шарттардың бірі болып табылады. Мемлекеттік қызметке
лаудың ескі тәртібіне қарағанда, конкіурс бойынша ваканттық орындары бар
мемлекеттік органдар жүргізеді. Бұл конкурстардан өтудің белгілі бір
этаптары бар, олардың қатарына:
- конкурстың өтуі туралы жарнаманың жариялануы;
- конкурстық комиссияның құрылуы;
- берілген шарттарға сәйкес конкурсқа қатысушылардың құжаттарын
қабылдау және оларды талдау;
- үміткерлерді тестілеуден өткізу;
- әңгімелесу;
- конкурс комиссиясының соңғы отырысы.
Мысалы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттіктің
баспасөз қызметінің ақпараттары бойынша - биылғы жылдың 28-ші наурызында
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Зауытбек Тұрысбековтың
төрагалыгымен шетелде біліктілікті жетілдіруге жіберілетін кандидаттарды
іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның мәжілісі өтті. Комиссияның шешімі
бойынша орталык мемлекеттік органдардың 22 қызметкерлері, ағымдағы жылдың
сәуір айында, Ресей Президентінің жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет
Академиясына Мемлекеттік қызметті және мемлекеттік басқару жүйесін
жаңғырту тақырыбында өтетін оқу курсына жіберіледі.
2006 жылы Шетелдерде мемлекеттік қызметкерлердің біліктіліктерін
жетілдіру бюджеттік бағдарламасы аясында АҚШ, Ұлыбритания, Ресей,
Германия, Франция, Сингапур, Нидерландтың жоғары оқу орындарына 200
қазақстандык мемлекеттік қызметкерлер мемлекет баскару саласында тәжірибе
алмасуға жіберілген болатын. Осы сияқты шаралар биылғы 2007 жылында өз
жалғасын табады.
Конкурсты өткізуші мемлекеттік органның ашықтығын қамтамасыз ету үшін
сол орган өткізілейін деп жатқан конкурс және бос орындар туралы
республикалық ақпарат құралдары арқылы жариялауға міндетті. Конкурстық
комиссия болса, сәйкес органның басшыларынан құрылады. Содан кейін
құжаттарын тапсырған үміткерлердің құжаттарын талдау арқылы таңдау
басталады. Жасалған талдау негізінде конкурс комиссиясы үміткерлерді
тестілеуге жіберу – жібермеуге шешім қабылдайды. Тестілеу арқылы
үміткерлердің білімін анықтау жүргізілген соң ең жоғарғы балл жинағандар
әңгімелесуге жіберіледі. Осы арқылы конкурс комиссиясы алдын ала
белгіленген критерийлер арқылы үміткерлерді таңдайды. Критерийлерге
қабілеті мен білімі, тәжірибесі мен лауазымға сәйкестігін жатқызуға болады.
Әңгімелесуден өткеннен кейін қорытындысы айтылады. Конкурс комиссиясы
үміткерлердің тапсырған құжаттарына, тест нәтижесіне, әңгімелесу
қорытындысына сәйкес үміткерлер арасынан таңдалады.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет туралы заңының 27-бабына
сәйкес әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің жұмысының тоқтатылуына негіз
болатындар:
- мемлекеттік қызметшінің өз еркімен жазған өтініші;
- келісім – шарт уақытының бітуі немесе келісім – шарттың бұзылуы;
- өзінің кірістері мен мүлкі туралы жалған ақпарат бергенде;
- міндеттері мен шектері бұзылған жағдайда;
- Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан жағдайда;
- Коррупциялық заң бұзушіліқ жасағанда;
- Конкурстан тыс қызметке алынғаны әшкереленгенде;
- Аттестациядан өткенде теріс нәтиже алғанда;
- заңмен белгіленген өзге де жағдайларда.
Қазіргі таңда елімізде осы уақыттың білімімен қаруланған, стратегиялық
қабілеті бар мамандар аса қажет. Мемлекеттік қызмет туралы заң
шығармаларында мемлекеттік қызметтің қоғамға, азаматтарға ашықтығы
демократиялық дамуымыздың дұрыс жолда екенін көрсетеді. Мемлекеттік
органдардың ашықтығы мен жариялығы, оның қоғам мен мемлекетке қауіп
төндіретін құбылыстардың бірі коррупцияны төмендетуге көмектеседі. Ең
бастысы, жаңа демократиялық дәстүр жолында қажырлы еңбек етуіміз қажет. Ол
әрине көптеген жылдарды қажет етеді. Соның ішінде ең бастысы шенеуліктердің
патриоттық сезімін жоғарылатып, қоғам мен азаматтарға адал қызмет етуін,
заңдардың дұрыс орындалуын қамтамасыз ету қажет.
Сыбайлас жемқорлықты азайту керек. Жоғарыда аталған шаралардың барлығы
және әкімшілік реформалар қисынының өзі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске
бағытталған.
Біз әкімшілік кедергілерді, бюрократиялық “созбұйда” мен шектен тыс
тексерулерді қысқарту жөніндегі жұмысты жалғастыратын боламыз. Шағын және
орта бизнес мүдделерін қорғау мемлекеттік реттеу нормаларын енгізу кезінде
де, сонымен бірге оларды жүзеге асыру кезінде де күшейтілетін болады.
Бейіндік емес активтер мен мемлекетке тән емес функцияларды бәсекелестік
ортаға беру жөніндегі жұмыс 2006 жылдың соңына дейін аяқталды.
Көлеңкелі экономиканы қысқарту үшін біз “Мүлікті жария етуге
байланысты рақымшылық жасау туралы” Заң қабылданды. Адамдар құпиялылықтың
қатаң сақталатынына сенімді болуы керек. Өз басым Мемлекет басшысы
ретінде бұған кепілдік беремін. Осының алдында жүзеге асырылған қаржыны
жария ету тәжірибесі мұны қуаттай алады. Құпиялылықты сақтау мәселесін
күшейту және мүлікті жария ету акциясының мерзімін 2007 жылдың 1 сәуіріне
дейін ұзартылды.
Қорытындылай келе, мемлекетіміз ешқандай елдің жүйесін көшіріп алған
жоқ деп батыл айтуымызға болады, себебі мемлекеттік қызмет дегеніміз - әр
елдің өз мәдениетін, тарихын, дәстүрін, ділін ескеретін ерекше бір
мемлекетіміздің аясы болып табылады.
Болашақта, енді бізге ең маңыздысы мемлекеттік қызмет туралы заңдар
мен нормативтік құқықтық актілердің демократиялық құндылықтарын сақтауын,
қоғам мен азаматтардың мүдделерінің сақталуын, қоғам мен азаматтарға адал
қызмет атқаруын қамтамасыз ету болып табылады.
Облыс мемлекеттік қызметкерлерінің сапалы құрамының мониторингі
2007ж. 1 қаңтарға облыстың 696 мемлекеттік органдарында 6937, оның
ішінде 291 саяси және 6646 әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер лауазымдары
бар. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, мемлекеттік органдар саны
141-ге көбейді, штаттың саны 22 бірлікке өсті.
Штат бірлігінің жалпы санынан 6345 мемлекеттік қызмет лауазымдары
орналастырылды, бос лауазымдар саны 592-ні құрады.
СУРЕТ 1:
"2007 жылдың 1 қаңтарына мемлекеттік қызметкерлердің саны (санат бойынша)"
Облыс мемлекеттік қызметкерлерінің сапалы құрамының анализі олардың
орта жасы 39.1, оның ішінде саяси – 46.8, ал әкімшілік – 38.7 екенін
көрсетті. Мемлекеттік қызметкерлер құрамында 4150 әйел (65.4%), олардың 733-
і (17.7%) жетекші лауазымдарда жұмыс істейді. Облыстағы мемлекеттік қызмет
келесі ұлттық құрамымен сипатталады: қазақтар – 4378 (69.0%), орыстар –
1356 (21.4%), басқалары – 611 (9.6%). Мемлекеттік қызмет құрамында барлығы
32 ұлт өкілдері еңбек етеді.
Мемлекеттік қызметкерлердің 4448-ің немесе 70.1% жоғары білімі бар,
оның ішінде 360 –ы (8.1%) бірнеше жоғары білімі бар, ал 9 қызметкер ғылыми
дәрежеге ие.
Сурет 2: "Мемлекеттік қызметкерлердің жас құрамы"
1794 адамның немесе 28.3% орта арнаулы білімі, ал 103 жалпы орта білімі
бар.
2006ж. 1 қаңтармен салыстырғанда мемлекеттік қызметкерлердің сапалы
құрамы білім деңгейі бойынша жақсарды. Осылайша жоғары білімі бар
мемлекеттік қызметкерлердің үлес салмағы 1.9% -ға көтерілді, ал орта
кәсіптік білім көрсеткіштері бойынша 1.2 %-ға жалпы орта 0.7%-ға төмендеді.
Облыстың мемлекеттік органдар қызметкерлерінің орта қызмет стажы 9.0,
атқарып жатқан қызметінде – 2.8-ді құрайды. 2006 ж. ішінде 1180 (17%)
мемлекеттік қызметкер ауысты, оның ішінде 392(33.2%) мемлекеттік органдарда
басқа жұмысқа, 28 адам теріс ниеттері үшін жұмыстан босатылды, 104
мемлекеттік емес құрылымдарға ауысты, 656 - басқа себептерге байланысты
жұмыстан шықты.

2.1. Мемлекеттік қызметті басқаруды жетілдіру жолдары
Мемлекеттік қызмет - әр елдің барлық даму сатысындағы басты атрибут,
ал мемлекеттік қызметшілер - өзгерістерді негізгі орындаушылар. Қазіргі
заманғы тиімді мемлекеттік қызмет және басқару құрылымын жасаудағы Мемлекет
басшысының Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясындағы Кәсіби
үкіметке басым бағыт беруі тегіннен – тегін емес.
Мемлекеттік қызмет туралы қазіргі заңнама мемлекеттік қызметтің жаңа
үлгісіне негіз қалады. 1998 жылы 18 қыркүйекте Мемлекет басшысының
шешімімен мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік және оның аумақтық
органдары құрылды, сондай-ақ Президенттің жанындағы мемлекеттік академия
былтырғы жылы Президенттің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы болып
қайта құрылды.
1999 жылғы 23 шілдеде Мемлекеттік қызмет туралы заң және мемлекеттік
қызмет шеңберін реттейтін заңдық құқықтық актілер қабылданады.
Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, қазіргі уақытта Достастық
мемлекеттері үшін үлгі ретінде Қазақстан ТМД елдерінің арасында
алғашқылардың бірі болып мемлекеттік қызметке сәтті реформа жүргізеді.
Елбасы Қазақстанның алдында әлемдегі бсекеге барынша қабілетті 50
елдің қатарына кіруде және мемлекеттік қызметті басқаруды одан әрі
жетілдіруде басым бағыттардың бірін анықтап, оны жоғары халықаралық
стандарттарға дейін жеткізу міндетін қойды.
Елімізге ісіне берілген, кәсіби даярланған, басшылық шешім қабылдау
аясында бәсекеге түсе алатын қазіргі менеджерлерден тұратын мемлекеттік
аппарат қажет.
Осыған орай, яғни экономикалық және қоғамдық модернизация
қажеттілігіне сай білім реформасынсыз және басқарудың жаңа үлгісінсіз
Қазақстан,ның бәсекеге төтеп беруі мүмкін емес. Бұл үшін де аз нәрсе
істелген жоқ.
Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚМЭБИ құрылды, оны жыл сайын
біліктілігі жоғары 200-ден астам маман бітіреді. Президенттің Болашақ
бағдарламасының жұмыс істегеніне он жылдан асты, оның жолдамасымен талантты
жастарымыз дүние жүзінің ең таңдаулы университеттерінде білім алады. Үш
таңдаулы оқу орнын – дипломатиялық және сот академияларын, сондай-ақ
мемлекеттік қызмет академиясын біріктірген Президент жанындағы мемлекеттік
басқарудың жаңа академиясы жұмыс істейді.
Оқуды өмір бойы жалғастыру әр адам үшін заңдылыққа айналды.
Президенттің Жарлығымен бекітілген ережеде мемлекеттік қызметшілерді қайта
даярлау және біліктілігн көтеру олардың қосымша кәсіби білімдерінің негізгі
үлгісі болып табылады.
Аймақтық қайта даярлау және біліктілік көтеру орталығында 2006 жылға
облыс бойынша мемлекеттік қызметшілерді оқыту үшін 17 млн. тг. қаралған,
яғни бұл алдынғы жылмен салыстырғанда 60 пайызға көп.
Жарты жылдың қорытындысы бойынша Президент жанындағы мемлекеттік
басқару академиясында облыс бойынша 75 мемлекеттік қызметші, аймақтық
біліктілігін арттыру жне қайта даярлау орталығында – 514 және басқа да
салалық оқу орындарында 126 адам оқыды, бұл алдынғы жылмен салыстырғанда
көбірек.
Конкурстық іріктеу негізінде мемлекеттік қызметке жастардың түсуіне
жол ашылды. Бүгінде біздің облысымызда 779 мемлекеттік орган бар, оларда
7,5 мың мемлекеттік қызметші еңбек етеді, орта жасы – 38.
Мемлекеттік қызмет үшін мамандар даярлауға бағдар ұстаған көптеген
мамандандырылған оқу орындары негізінен ғылыми және теориялық білім беруді
ұсынады, ал жүйелік түсіну, кәсіби дағды, ұйымдастырушылық қабілетін ұштау
білім беру аясынан қалыс қалады. Сол себепті жас мамандар мемлекеттік
қызмет барысындағы кездесетін кейбір міндеттерді орындауға дайын емес.
Осы мәселені шешу үшін облысымызда мемлекеттік органдармен бірлесіп,
мемлекеттік қызметке қайта қабылданғандардың және де ЖОО – ның бітіруші
курстарының қабілетті студенттерінің практикасы мен сынау мерзімін өткізуді
дұрыстау үшін шаралар қолданылуда.
Сондай – ақ саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметтің кадрлар
резервін қалыптастыруға баса көңіл бөлінуде. Елбасының Жарлығына сай,
облысымыздағы әкімшілік мемлекеттік қызметшілер қатарынан саяси лауазымға
үміткер 9 кандидаттың барлығ да тестілеуден сәтті өтті. Облыс бойынша
мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың кадрлар резервіне 217 адам енгізілді,
бұлардың көпшілігі бір жыл ішінде мемлекеттік қызметкер атағын алады.
Жуырда Мемлекеттік қызмет туралы Заңның саяси мемлекеттік
қызметшілер ротациясына қатысты өзгерістер енгізілді, яғни енгізілу жобасы
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігімен мақұлданады.
Бұдан басқа, мемлекеттік органдарда аппарат басшысы – статс хатшы
әкімшілік лауазымы енгізіледі. Оның қызметтік міндеттеріне орындау және
еңбек тәртібі үшін бақылау мәселелері, аппарат тұрақтылығын жүзеге асыру
және мемлекеттік қызметшілердің кадрлар шеберлігін жетілдіретін
мемлекеттік қызмет ұсыну стандарттарын енгізу, Ар – намыс кодексін сақтау
кіреді.
Бірінші кезектегі міндеттердің бірі – мемлекеттік қызметті ұсынудың
халықаралық, сервистік тәртібіне көшу. Қатаң бәәсекелестік жағдайында үнемі
өз қызметтерінің сапасын арттыратын жеке меншік секторлардан мемлекеттік
органдардың айырмашылығы өздерінің даралығынан бұл мәселелерге аз көңіл
бөлінді.
Еліміздің заңнамасында Мемлекеттік қызмет және Мемлекеттік
қызметтердің стандарттары деген түсініктер болған жоқ, сол себепті
қызметтерді мемлекеттік органдардың міндеттерімен шатастырады. Сондықтан
Елбасы мемлекеттік органдардың рейтингтік бағалануынан негізгі критерийінің
арасынан ұсынылатын мемлекеттік қызмет сапасын ерекше белгіледі.

тереңдету мақсатында ҚР Президенті 2007 қаңтар 13 қол қойған ҚР
мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы Жарлықтың
ережелерін іске асыру мақсатын да Үкімет ҚР кейбір заңнамалық актілеріне
әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу
туралы заң жобасын жедел түрде әзірлеп, Мәжілістің қарауына енгізді.

Мемлекет Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан
Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар
туралы Жарлыққа қол қойды.
Жарлықта Мемлекеттік қызметті басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған
әкімшілік реформаны тереңдету мақсатында мемлекеттік басқару жүйесін
реформалаудың мынадай негізгі қағидаттары белгіленген.
1) кезеңдердің біртіндеушілігі мен дәйектілігі;
2) реформалаудың алға қойылған міндеттерінің кешенділігі және ұсынылып
отырған шешімдердің жүйелілігі;
3) транспаренттілік;
4) қабылданған шешімдерді іске асырудың тұрақты мониторингі;
5) жұмылдырылған барлық мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылының
тиімділігі.
2. Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесі мыналарға негізделсін делінген:
1) өңірлердің дербестігін сақтау барысында орталық мемлекеттік органдардың
бақылау және қадағалау функцияларының тиімділігін арттыру;
2) атқарушы биліктің әртүрлі деңгейлері арасындағы өзара қарым-қатынастарда
икемділікті арттыру;
3) мемлекеттік басқару органдары қызметінің тиімділігін тәуелсіз сыртқы
бағалау оның аудиті;
4) мемлекеттік қызметке неғұрлым дарынды кадрларды тарту үшін жағдай жасау;
5) мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру;
6) бюджет процесіне жаңа тәсілдер енгізу;
7) мемлекеттік менеджменттің соңғы нәтижеге бағдарланған оңтайлы әдістерін
енгізу;
8) сыбайлас жемқорлықты азайту.
3. Осы кезеңде реформалаудың басымдықтары мыналар болуға тиіс деп
белгіленген:
1) мемлекеттік басқарудың процестері мен рәсімдерін, сондай-ақ мемлекеттік
қызметтер көрсетуді сапалы жетілдіру;
2) мемлекеттік аппарат қызметінің кәсібилігін, тиімділігін және оның
үйлесімділігін арттыру.
4. Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі бірінші кезектегі іс-
шаралар жоспары бекітілсін.
5. Мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру үшін Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің басшылығымен осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес құрамда
әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мемлекеттік басқарудың өзекті мәселелерін зерделеу жөніндегі орталық
құру жөнінде ұсыныстар енгізсін делінген;
2) осы Жарлықтың ережелерінен туындайтын заң жобаларын әзірлеп, Қазақстан
Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізсін;
3) осы Жарлықтан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын деп
жарияланған.
7. Мыналардың күші жойылды деп танылған:
1) “Әкімшілік реформа жөніндегі жұмыс тобын құру туралы” Қазақстан
Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 сәуірдегі № 46а Өкімі;
2) “Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды іске
асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы” Қазақстан Республикасы
Президентінің 2006 жылғы 11 қыркүйектегі № 66 Өкімі;
3) “Әлеуметтік саланы және құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғырту туралы”
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы №72 Өкімі.
8. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің
Әкімшілігіне жүктелсін делінген.
9. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі деп
жарияланған.
Біз мемлекеттік қызметті тұтынушылардың мүдделері барынша ескерілетін
мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа моделін жасайтын боламыз. Мемлекеттік
аппарат корпоративтік басқару, ашықтық және қоғам алдында есеп беру
қағидаттарының негізінде ең озық халықаралық тәжірибеге сүйене отырып жұмыс
істеуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Президентінің наурыздағы Жолдауынан кейін
бұл бағытта маңызды құрылымдық өзгерістер жасалды. Биылғы жылдың 1
шілдесінен бастап Ұлттық қор мен бюджет жаңа ереже бойынша жұмыс істеуде.
“Самұрық” қазақстандық холдингі” және “Қазына” тұрақты даму қоры”
акционерлік қоғамдары құрылды. Олардың міндеті – мемлекеттік активтерді
корпоративтік түрде басқарудың сапасын халықаралық деңгейге көтеру.
Тап осындай қағидаттар бойынша аграрлық секторда “ҚазАгро” холдинг
компаниясын құру қажет.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) құрылуда. Жуырда Қарағанды
облысында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның ізашар жобасы ретінде
“Сарыарқа” корпорациясы іске қосылды. Осы орайда биылғы жылдың соңына дейін
еліміздің барлық аумақтарын қамтитын жеті Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация
құрылуға тиіс.
Құрылымдық өзгерістердің мазмұны мен сапасына басты басымдылық берілуі
керек.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Мемлекеттік
басқаруды жаңарту мақсатында Үкіметке мынадай шараларды жүзеге асыруды
тапсырды:
1. Мемлекеттік органдар құрылымын жетілдіру
Бірінші. Бұл – мемлекеттік органдар құрылымын жетілдіру. Үкімет
қайсыбір аралық буындарды алып тастау арқылы биліктің барлық деңгейіндегі
лауазымдық сатыларды қысқартуы тиіс. Басқару шешімдерін қабылдаған кезде
мемлекеттік органдар жұмысының кешенділігі қамтамасыз етілуі тиіс.
Саяси мемлекеттік қызметшілердің саны да қысқартылатын болады.
Орталық мемлекеттік органдар, ведомстволық бағыныстағы аймақтық
бөлімшелер және жергілікті атқарушы органдар арасындағы функциялардың
қайталануын болдырмау мақсатында Үкімет функцияларға талдауды оқта-текте
емес, тұрақты жүргізіп отыруы тиіс. Осындай талдаудың қорытындылары бойынша
мемлекеттік органдар құрылымын жетілдіру және мемлекеттік аппаратты
қысқарту жөнінде тиісті шешімдер қабылдануы тиіс.
Министрліктерге саясатты әзірлеу және оның іске асырылуын бақылау,
саяси шешімдер қабылдау, нормаларды жасау қызметі және қарамағындағы
комитеттердің қызметін үйлестіру функциялары бекітіліп берілуі керек. Өз
кезегінде министрліктердің комитеттері белгіленген саясатты іске асырумен
дербес айналысып, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға тиіс.
Министрліктер мен ведомстволардың, әкімдіктердің реттеуші
функцияларын арттыру үшін олардың басқарушылық шешімдер қабылдаудағы
өкілеттіктері мен дербестігі күшейтілуге тиіс.
Үкімет құрамына кірмейтін агенттіктердің мәртебесі мен өкілеттіктерін,
олардың мемлекеттік басқару жүйесіндегі рөлін айқындап алу керек.
2. Мемлекеттік қызметшілердің жалақысын еңбегінің нақты нәтижелеріне
қарай ұлғайту
Екінші. Мемлекеттік қызметшілердің жалақысын еңбегінің нақты
нәтижелеріне қарай, қазақстандық ірі жекеменшік компаниялармен салыстыруға
келетін деңгейге дейін ұлғайту.
Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру және сыбайлас жемқорлықты жою
мақсатында мемлекеттік органдардың бірыңғай еңбекақы төлеу жүйесі елеулі
өзгерістерге түседі.
Мемлекеттік органдар мен әрбір қызметкердің жұмыс сапасын бағалау
жүйесі енгізілуі тиіс, ал жалақы мемлекеттік қызметшінің кәсіпқойлығы мен
орындайтын жұмысының тиімділігіне ғана байланысты болуы қажет.
Саяси мемлекеттік қызметшілер бойынша мемлекеттік органдар қызметін
рейтингтік бағалау нәтижелерінің негізінде жылдық бонустар төлеу жүйесін
дайындау қажет. Мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін күшейтіп,
мемлекеттік органдар қызметін бағалаудың біртұтас жүйесін қалыптастырғаннан
кейін Үкімет мемлекеттік аппаратты қысқартудың есебінен жалақыны жекеменшік
сектормен салыстыруға келетін деңгейге дейін кезең-кезеңімен көтеру жөнінде
ұсыныс енгізуі тиіс. Мемлекеттік аппаратты қысқартудан түскен барлық қаржы
жалақыны көтеруге жұмсалады. Президенттің айтуы бойынша мемлекеттік
қызметшілердің 30%-ға жуығы қысқартылатын болады.
Еңбекақы төлеу қорының құрамында әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді
ынталандыру үшін арнайы қор қалыптастырылуы мүмкін. Оны жоғары жұмыс
нәтижелері үшін сыйлық беруге және келісім-шарт бойынша қосымша
қызметкерлер жалдауға пайдалану қажет.
3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің жоғары сапасына қол жеткізу
Үшінші. Мемлекеттік қызмет көрсетудің жоғары сапасына қол жеткізу.
Барлық мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет көрсетудің салалық
стандарттары әзірленуге және енгізілуге тиіс.
ИСО халықаралық сапа стандарттары, мемлекеттік органдар жұмысының
ашықтығы және олардың қоғам алдында есеп беру қағидаты кезең-кезеңімен
енгізілетін болады.
Әрбір мемлекеттік органның өз даму стратегиялық жоспары болуға тиіс,
онда нақты мақсаттар мен міндеттер, соларға қол жеткізудің жолдары, сондай-
ақ даму мүмкіндіктері көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын сақтауды бақылау мақсатында,
қарапайым халық пен кәсіпкерлер арасында жүйелі әлеуметтік сауалдама
жүргізу жолымен де жүргізілетін ішкі және сыртқы аудит жүйесі құрылатын
болады.
Барлық жерде “электронды үкіметті” енгізу азаматтар мен ұйымдарға
сапалы мемлекеттік қызметке жедел қол жеткізуге мүмкіндік береді.
4. Рейтингті және бюджеттік үдерісте жаңа ұстанымдарды енгізу
Төртінші. Мемлекеттік органдар қызметінің рейтингін және бюджеттік
үдерісте жаңа ұстанымдарды енгізу.
2007 жылы орталық мемлекеттік органдар мен облыс әкімдіктері қызметін
тұрақты негізде рейтингілік бағалау жүйесі енгізілді. Бұл жұмыс үдерісін
ішкі әкімшіліктендіруді жақсарту, бюджет қаржысын жұмсау тиімділігін
арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету мақсатында
жасалды. Аталған шара мемлекеттік органдарды өз қызметінің тиімділігін
арттыруға ынталандыруды көздейді.
Бюджеттік жоспарлауда қатаң бюджеттік шектеулерге барудан гөрі нақты
түпкі нәтижелерге бағдарланған қаржыландыру жүйесіне көшуге баса мән
беріледі. Мемлекеттік, салалық, өңірлік және бюджеттік бағдарламалардың
нақты мақсаты мен индикаторлары қарқынды жұмыс істеуде. Бюджеттік қаржыны
жұмсау мен тиісті бағдарламаларды іске асыруға бірінші басшылардың
жауапкершілігі күшейтіліп, пәрменді бақылау жүйесі құрылуы керек. Мұнан
басқа, әрбір мемлекеттік орган өз қызметінің өнімділігін арттыру есебінен
әкімшілік шығындарды қысқартуға міндетті болады.
5. Мемлекеттік аппараттың тұрақтылығын, тұрлаулылығын және
басқарымдылығын арттыру
Бесінші. Мемлекеттік аппараттың тұрақтылығын, тұрлаулылығын және
басқарымдылығын арттыру.
Орталық мемлекеттік органдарда Мемлекет басшысы тағайындайтын, олардың
аппараттарындағы жұмыстың тұрақтылығын қамтамасыз ететін Статс-хатшы жоғары
әкімшілік лауазымы енгізілуі қажет.
Статс-хатшы мемлекеттік органның барлық ішкі істеріне жетекшілік
жасайтын болады, бұл жоғары басшылықтың саясатты әзірлеумен және
стратегиялық мәселелермен айналысуына мүмкіндік береді.
Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалаудың тетіктері
енгізіледі, сондай-ақ олардың орталық пен аймақтық құрылымдар арасында
алмасып отыру тетігі әзірленетін болады.
6. Сыбайлас ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz