Бизнес-жоспар Көкөніс (қызанақ, қияр) өсіретін жылыжай


Бизнес-жоспар
Көкөніс (қызанақ, қияр) өсіретін жылыжай
2011 жыл
МазмұныКестелер тізімі3
Суреттер тізімі4
Резюме5
Кіріспе7
1. Жобаның тұжырымдамасы8
2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасы9
3. Өндірістер бағдарламасы10
4. Маркетингтік жоспар11
4. 1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы11
4. 2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер15
4. 3 Нарықты дамытудың болжамды бағалары, күтілетін өзгерістер16
4. 4 Маркетинг стратегиясы17
5. Техникалық жоспарлау19
5. 1 Технологиялық процесс19
5. 2 Ғимараттар мен құрылыстар20
5. 3 Жабдық және инвентарь (техника) 21
5. 4 Коммуникациялық инфрақұрылым22
6. Ұйымдастыру, басқару және құрам23
7. Жобаны іске асыру24
7. 1 Іске асыру жоспары24
7. 2 Жобаны іске асыру шығындары24
8. Пайдалану шығыстары25
9. Жалпы және әкімшілік шығыстар26
10. Қаржыландыру қажеттілігі27
11. Жобаның тиімділігі28
11. 1 Cash-flow проекциясы28
11. 2 Пайда мен залалдардың есептері28
11. 3 Баланс проекциясы28
11. 4 Қаржы индикаторлары28
12. Әлеуметтік-экономикалық және экологиялық әсер30
12. 1 Жобаның әлеуметтік-экономикалық мәні30
12. 2 Қоршаған ортаға әсер30
Қосымшалар32
Кестелер тізімі Суреттер тізімі Резюме
Жобаның тұжырымдамасы Астана қаласында көкөніс (қызанақ, қияр) өсіру жылыжайларын құруды қарастырады.
Мыналар кәсіпорын қызметінің мақсаттары болып табылады:
- Ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін жоғары сапалы, экспортқа бағдарланған,
бәсекеге қабілетті өнім алу;
- Астана қаласының тұрғындарын ауылшаруашылық өнімдерінің негізгі түрлерімен үздіксіз
қамтамасыз ету;
- Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен сату нәтижесінде пайда түсіру;
- Ауыл тұрғындары үшін кәсіпорынның өндірістерінде жаңа жұмыс орындарын
ұйымдастыру және беру, олардың әлеуметтік мәселелерін шешу.
Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды:
Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда.
Кредиттеудің келесі шарттары қабылданды:
Кәсіпорын қызметінің жобаның 7 жылына арналған тиімділік көрсеткіштері.
13% дисконттау ставкасы кезінде инвестицияланған капиталдың дисконтталған таза кірісі 7 жылда 127 989 5 мың теңгені құрады.
Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:
- өңірде тауар айналымының ұлғаюына;
- көкөніс сақтайтын қойма кешендерін дамытуға;
- перспективада нарықтың осы сегментінде импортты ығыстыруға;
- астана нарығында (ауа райының қолайсыз кезеңінде - тауарды әкелудің қолайсыздығы) көтерме және бөлшек сауда жасаушылар арасында мықты бәсекелестік орта құруға;
- жаңа жұмыс орындарын құруға (31) ;
- салық салынатын база құруға.
КіріспеҚазақстан жылыжайлар қауымдастығының деректері бойынша бүгінде елде 56 гектар ғана жабық топырақ алқабы бар, бұл көлемге өнеркәсіптік жылыжайлар кешені сияқты шағын жылыжайлар да кіреді. Салыстыру үшін, Польшада жылыжай шаруашылықтары алқабы 6 000 га астамды, Голландияда - 10 000, Түркияда - 41 000, ал КҚытайда - шамамен 1, 5 млн. Га құрайды.
Жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру және ауылшаруашылық дақылдарының әртүрлі түрлерін өсіру барынша пайдалы бизнес, сонымен қатар барлық тараптар үшін пайдалы болып табылады.
Сауда желілері де қоғамдық тамақтандыру орындары да жас және сапалы өнімдерді аса қажет етеді. Тұрақты жұмыс істейтін жылыжай шаруашылықтары жыл бойы жақты табыс табуға мүмкіндік береді. Өнімділігі жоғары, өзін тез ақтайды, рентабельділігі жақсы, жылыжай шаруашылығының басымдығы осымен шектелмейді.
Негізінен, жылыжай бизнесі қазіргі уақытта елдің оңтүстік өңірлерінде дамуда. Өйткені нарыққа қатысушылар солтүстік аудандарда газ бен электр энергиясына шығынданғанша өсірілген тауарды оңтүстіктен солтүстікке тасыған пайдалы деп санайды.
Алайда тасудың ұзақтығы салдарынан тауар бұзылады, сондықтан қосымша шығыс туындайды, ол өнімнің өзіндік құнын ұлғайтады. Осыған байланысты Астана қаласына жақын жерде жылыжай кешенін ұйымдастырудың тиімділігіне талдау жасалды, онда көкөністі тұтыну көлемі халық санының өсуіне қарай үздіксіз өсіп отыратын болады
1. Жобаның тұжырымдамасыЖобаның тұжырымдамасы Астана қаласында көкөніс (қызанақ, қияр) өсіру жылыжайларын құруды қарастырады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаттары мыналар болады:
- Ішкі және сыртқы нарықтарда сату үшін жоғары сапалы, экспортқа бағдарланған,
бәсекеге қабілетті өнім алу;
- Астана қаласының тұрғындарын а/ш өнімдерінің негізгі түрлерімен үздіксіз
қамтамасыз ету;
- Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен сату нәтижесінде пайда түсіру;
- Ауыл тұрғындары үшін кәсіпорынның өндірістерінде жаңа жұмыс орындарын
ұйымдастыру және беру, олардың әлеуметтік мәселелерін шешу.
Мақсатқа қол жеткізу жоспары:
- «Кілтін тапсыра отырып» инженерлік және технологиялық жабдықтарымен бірге жылыжай кешенінің құрылысы;
- Өндіріс үшін негізгі және қосымша материалдарды сатып алу, әкелу (тұқым, тыңайтқыш және басқалары үшін айналым қаражаты) ;
- Құрамды орналастыру, жинақтау және оқыту;
- Жылыжай кешені өндірісінің басталуы және өнім шығару.
Осы жобаның шеңберінде компания мынадай схема бойынша коммерциялық қызметті жүзеге асыруды жоспарлайды:
1-сурет - Кәсіпорынның коммерциялық қызметінің схемасы
Өнімнің осы түрін таңдау кезінде компания Астана қаласының тұрғындары үшін мынадай пайдалы шарттарды басшылыққа алды:
- импортты айырбастайтын өнімдер өндірісі (жылыжай кешені Астана қаласының шекарасында орналасатын болады) ;
- жыл бойы экологиялық таза өніммен қамтамасыз ету;
- өнім бағасының барынша төмен болуы
2. Өнімнің (қызметтердің) сипаттамасыӨнім түрлерінің тізбесі:
- Томат (қызанақ) ;
- Қияр.
Томаттың сипаттамасы: Томат (қызанақ) - бұл негізінен бір жылдық сабақыты өсімідік.
Қызанақтың жемісінде мыналар болады, %: құрғақ заттар- 4, 5-8, 1, ерігіш қант - 50, органикалық қышқыл - 3, 5-8, 5, целлюлозалар - 0, 87-1, 7, пектиналық заттар- 0, 13-0, 23.
100 г жемісте, мг: натрий - 4, калий - 268, кальций - 11, магний - 12, темір - 0, 6, мыс - 0, 097, фосфор - 27, күкірт - 14, хлор - 40, марганец - 0, 189.
Дәрумендер, мг/1 кг: В, - 0, 3-1, 6; В2 - 0, 5-6, 0; РР - 4, 3-5, С - 200-450, каротин және басқалары.
Томат жемісін томат-паста, томат-пюре, томат шырынан, көкөніс салаттарын, консервілеу, тұздау үшін пайдаланады. . Томаттың жемісі тамақ дацындауға қолданылады. Оларды негізінен жаңа піскен түрінде көп пайдаланады. Томаттың негізгі құндылығы ашық және қорғалған жерлерде оны өсіріп, жыл бойы өнімін алуға болады.
Қияр - асқабақ тұқымдас бір жылдық жапырақты өсімідік.
Қияр өсімдігі жылуды. Жарықты, ылғалды жақсы көреді. Олардың қалыпты өсуі үшін температура +15°С кем болмауы тиіс, әсіресе алғашқы отырғызған күкндері, гүлдене бастаған және тұқым байлана бастаған кездерде.
Қиярдың химиялықт құрамы мынадай көрсеткіштермен сипатталады: су 94, 3-98, 2, құрғақ заттар 1, 8-5, 7, соның ішінде қант1, 07-2, 54, белокты заттар 0, 56-1, 1, жасушалар0, 33-0, 78, майлар 0, 08-0, 27, күлі 0, 25-0, 58. Қиярда дәрімендер аздау болады. Мысалы, оның құрамында: С дәрімені- 10-20, В дәрімені- 0, 04-0, 1, В2 дәрімені - 0, 04, провитамина А (каротин) - 0, 02-0, 06.
Қиярды тамақта шала піскен күйінде - жасыл түрінде де пайдаланады. Жас күйінде салат дайындалады, сондай-ақ тұздайды және консервілейді. Құндылығы жағынан қияр көкөністердің арасында соңғы орындардың бірін иеленеді. Сонымен қатар оның жемісі барынша кең тараған өнім болып саналады, өйткені олардың дәмдік сапасы жоғары, құрамында көп көлемде сілтілік тұздар мен микроэлементтер бар. Олар ағзадағы әр түрдлі зиянды құрамаларды азайтуға әсер етеді.
3. Өндірістер бағдарламасы1- кестеде өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы берілген
1-кесте - Өндірістің жылдар бойынша жоспарланған бағдарламасы
Сату бағдарламасы өнімді көтерме сатушыларға тікелей жеткізу келісімшарттарын жасасу жолымен, сондай-ақ жарнамалық акциялар өткізу арқылы жүзеге асырылатын болады. Көкөніс өнімін өткізудің негізгі нарығы Солтүстік Қазақстан өңірі (Астана қаласы мен Ақмола облысы) болып табылады.
Қазақстан астанасының көкөніс өнімдеріне деген күн сайынғы қажеттілігі 320 тоннадан астамды құрайды. Бұл ретте қалаға күн сайын көкөніс өнімі толық көлемде жеткізілмейді, бұл осы тауар бағасының өсуіне ықпал етеді. Тұрақты тапшылық жағдайларында сапалы өнімді өткізу қиындық тудырмайды.
2-кесте - Жылдар бойынша жоспарланған сату бағдарламасы
Сату бағдарламасын есептеген кезде инфляция назарға алынған жоқ, өйткені инфляцияға байланысты бағаның көтерілуі пропорционалды түрде кәсіпорын қызметтері бағасының ұлғаюына әсер ететін болады.
4. Маркетингтік жоспар 4. 1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасыҚазақстан аграрлық әлеуеті өте зор ауыл шаруашылығы саласындағы жетекші өңірлердің бірі болып табылады. 2010 жылы барлық ауылшаруашылық дақылдары егісінің 77, 6% дәнді дақылдарының үлесіне, техникалық - 9, 8%, соның ішінде күнбағыс - 1, 8%, картоп - 0, 84%, көкөніс және бақша дақылдары - 0, 86, және жем азық 11, 7% тиеді.
2-сурет - Посевная площадь в РК в 2010 г, %
Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі
2010 жылдың нәтижелері бойынша Алматы облысында барынша жоғары көкөніс жиналды (656, 7 мың тонна) .
3-сурет - ҚР облыстары бойынша жаппай көкөніс жинау, мың тонна
Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі
Астана қаласы Оңтүстік Қазақстан Павлодар Қостанай Қарағанды Жамбыл Атырау Ақтөбе Қазақстан Республикасы
2011 жылғы қаңтар-наурызда Синьцзян-Ұйғыр автономиялы ауданын (Солтүстік Батыс Қытай) көкөніс экспорты құны $11, 9 млн. 6 мың 655 тоннаға жетті. Екі цифр да өткен жылғы деңгеймен салыстырғанда («Жэньминь жибао» газеті) . 48, 7% және 2, 8 есеге көп болды. Үрімші кеденінің хабарлауы бойынша Қазақстан - Синьцзян өндірісінің ірі көкөніс импорттаушысы. Бірінші тоқсанда «Қорғас» КӨП арқылы қытай-қазақстан шекарасында қазақстанға шамамен 5 мың тонна көкөніс экспортталды, соның ішінде қияр. Бұрыш және сарымсақ бар. Сондай-ақ Астана қаласына қызанақ Өзбекстаннан әкелінеді.
4-сурет - 2011 жылғы қарашада Астана қаласындағы «Шарын» көтерме сауда базарына қызанақ жеткізу (Өзбекстан, Қытай) көлемі, тонна және бағаның серпіні, тг/кг
3 қар 4 қар 7 қар 8 қар 9 қар 3 қар 4 қар 7 қар 8 қар 9 қар
Ақпарат көзі: ҚР ақпараттық-логистикалық орталығы
Орташа алғанда бір килограмына 235 теңгеден 426 теңгеге дейінгі бағамен 1 тоннадан 3 тоннаға дейін қызанақ әкелінеді
5-сурет - 2011 жылғы қарашада Астана қаласындағы «Шарын» көтерме сауда базарына қияр жеткізу көлемі, тонна және бағаның серпіні, тг/кг
3 қар 4 қар 7 қар 8 қар 9 қар 3 қар 4 қар 7 қар 8 қар 9 қар
Ақпарат көзі: ақпараттық-логистикалық орталығы
Диограммадан орташа алғанда қарашада 225-450 тг. /кг. 1 тонна қияр әкелінгенін көреміз.
«Қазагромаркетинг» АҚ деректері бойынша қызанақ пен қиярдық орташа бөлшек сауда бағасы Астана қаласы бойынша мынаны құрады (3-кесте) .
Ақпарат көзі: «Қазагромаркетинг» АҚ облыстық өкілдіктері
Маусымдық фактор жыл бойы көкөніс өнімінің серпініне қатты әсер етеді. Бұл күзгі кезеңде өнімнің негізгі бөлігін қысқы сақтауға салумен және осыған байланысты базардағы өнім сату көлемінің азаюымен түсіндіріледі. Сондай-ақ қысқы кезеңде бағаның өсуіне сақтау шығындары да әсер етеді. Кеңес одағы кезеңінде салынған көптеген жылыжайлардың бұзылғанын және қолда бар жылыжайлардың техникалық нашар жарақталуын ескере келе маусымаралық кезеңде халықты ерте піскен өніммен қамтамасыз ету төмендігі байқалуда (21%) .
Ерте көкөніске деген қажеттілік ұлттық тұтыну нормалары бойынша жылына 87, 4 мың тоннаны құрайды. Қолда бар жабық топырақты құрылыстарды ескере келе (181, 4 га) қосымша 165, 5 га жабық топырақты алқапты қосуды қажет етеді.
Маусымаралық кезеңде халықты өніммен қамтамасыз ету соңғы жылдары жабық топырақты алқапты кеңейту жолымен, соның ішінде мемлекеттік инвестициялар мен ерте піскен көкөністі жаппай жинауды ұлғайту есебінен шешілуде.
Статистика агенттігінің деректері бойынша бүгінде республикада 184, 1 га алқапта жылыжайлар жұмыс істеуде. Олар негізінен томат, қияр және аскөк өндіруге мамандандырылған.
2009-2010 жылдар кезеңінде 27, 7 га жабық топырақты алқап пайдалануға берілді, соның ішінде ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілердің өз қаражаттары есебінен 15, 7 га жабық топырақты алқап, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ қаражаты есебіне 9, 6 га жабық топырақты алқап, басқа да қаржы инстситуттарының қаражаттары есебінен (ӘПК, қорлар және т. б. )
1, 07 га жабық топырақты алқап салынды.
Тұтастай алғанда қияр мен томатты тұтыну оны тұтыну нарығының өсуімен қатар жүруде. Көкөніске деген сұраныс жылына орташа 10% өсуде, бұл халықтың нақты табысының өсуіне әсер етуде.
Орташа жан басына тұтыну негізінде 1 адамға көкөністің тұтыну көлемі мынаны құрайды: томат 25-32 кг, қияр 10-13 кг.
Қиярды тұтыну көлемі жылына шамамен 6 600 тоннны құрайды. Сараптамалық сауалнама деректері мен ауыл шаруашылығы министрлігінің көрсеткіштері бойынша жалпы тұтынудың шамамен 30%-ы жазғы маусымда өз учаскелерінде өсірілген көкөніс. Қалған 70%, ал бұл шамамен 4 620 тонна - сатып алынған қияр. Томат бойынша әлеуетті тұтыну нарығы 15 000 тоннаны құрайды. Соның шамамен 20% өз бау-бақшасының есебінен қанағаттандырылады. Нәтижесінде көтерме саудада шамамен 12 000 тонна томат болуы тиіс.
Көкөністің барлық түрінің ішінде томат пен қияр дәмі жағынан тәтті және кеңінен пайдаланылатындықтан жетекші орынды иеленеді. Қияр мен томат қысқы кезеңде барынша қымбат көкөніс болып табылады, оны тұтыну жоғары пайда келтіретін топқа жатады. Дәмі жағынан жетекші орында болғанына қарамастан қияр мен томат онша қымбат көкөністер емес: картоп пен сәбізден, пияз бен орамжапырақтан көп артта келеді. Халықтың басым бөлігі дәмдік қасиетіне басымдық береді, ал томат қияр сияқты қысқы кезеңде қол жетпейтін өнім болып саналады. Осы көкөністің егіс алқаптарын ұлғайту тұрақты бағаны ескере отырып оны тұтынуға әсер ететін болады.
Сату көлемі бойынша базарлар екінші орында тұр, өйткені дүкенмен бірдей олардың да сауда орындары көп, халық көп келетін орын болып табылады.
Жүргізілген сауалнама көрсеткеніндей, дүкендерде көкөніс жемісі өнімін халықтың 49%, базарларда - 47% және супермаркеттерде - 4% (рисунок 6) сатып алады.
6-сурет - Астана қаласында халықтың жылыжай өнімдерін сатып алу орындары, %
Ақпарат көзі: «ШОБ консалтингі» ЖШС зерттеуі
36% (70 адам) көкөністі сатып алған кезде, бірінші кезекте өнімнің тауарлық түріне, 7 % (14 адам) - орамасына, 55% (107 адам) - жаңа піскендігіне, 2 % (4 адам) - тауардың құнына (7-сурет) қарайды.
7-сурет - Астана қаласы тұтынушыларының жылыжай өнімдерін пайдалану басымдықтары, %
Ақпарат көзі: «ШОБ консалтингі» ЖШС зерттеуі
Жылыжай өнімдерін сатып алған және тұтынған кезде тұтынушыларда тәжірибе қалыптасады, яғни, тұтынушы дәмді және бағасы ыңғайлы томат пен қиярды қай жерден, қандай бағамен сатып алуды білетін болады. Әдетте тұтынушы керекті тауарын бір жерден, бір ғана сатушыдан сатып алады.
4. 2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестерЖаңа жылыжай шаруашылығына осы салада белгілі клиенттері бар жылыжай шаруашылығы барлар, көршілес облыстар мен оңтүстік республикалардан әкелетіндер, сондай-ақ жаңа жылыжай шаруашылықтары бәсекелес бола алады.
2010 жылы елде 21 га, соның ішінде «ҚазАгро» Ұлттық холдингі» АҚ мен оның еншілес кәсіпорындарының қаражаты есебінен жабық топырақты алқап пайдалануға берілді:
- Алматы, Жамбыл, Қызылорда, ОҚО - 50 шағын жылыжай;
- 6 өнеркәсіптік жылыжай:
- ОҚО (Сарыағаш, Бәйдібек аудандары, Шымкент қаласы) ;
- Атырау қаласы;
- Өскемен қаласы;
- Қарағанды қаласы.
Солтүстік Қазақстан облысында жалпы алаңы 3, 5 га бір ғана жылыжай шаруашылығы жұмыс істейді.
Астананың жылыжай шаруашылықтары
1. «Астана орманы» МКК-да жалпы алаңы 1 550 м2 төрт жылыжай бар.
2. Жақын уақытта Астанада тағы бір жылыжай шаруашылығы ашылады деп күтілуде. Израилдық технология бойынша томат пен қияр өсірумен «Астана Эко Стандарт» ЖШС айналысматын болады.
2011 жылғы қарашада израилдық өндірістің себелеп суаратын жүйесімен жабдықталған жылыжай паййдалануға берілетін болады. 10 қарашада Израилден әкелінген тұқымнан өсірілген алғашқы көшет отырғызылады деп жоспарлануда. Жылыжай 3 га алаңға орналасқан. 1, 5 га алқапқа қызанақ, 1, 5 га - қияр отырғызылады. Жылыжайдың өнімділігі
жылына 1 000 тонна көкөніс болады деп күтілуде.
Өнімді отырғызу мен жинау технологиясы бірнеше айды қамтиды. Бірінші жылы қызанақ пен қиярдың бір түрлі сорты отырғызылады, одан әрі сұранысқа байланысты оның түр-түрі кеңейеді. Кәсіпорынға мемлекеттен сомасы 1, 700 млрд. теңге көлемінде қомақты көмек көрсетілді. Бұдан басқа, «Жол картасы» бағдарламасы шеңберінде оған сыртқы желілерді салу үшін қаражат бөлінді.
Кәсіпорын 60 маманға жұмыс орнын береді, соның ішінде Израилден келген 1 шетелдік азамат жұмысқа орналастырылады
4. 3 Нарықты дамытудың болжамды бағалары, күтілетін өзгерістерТұтастай алғанда Қазақстан өзін көкөніспен қамтамасыз етеді. Бір ғана проблема ерте пісетін көкөніс болып табылады. Жабық топырақта, яғни жылыжайда өсірілетін көкөніс жетіспейді.
Сондықтан да мемлекет қазіргі кезде жылыжайлар ұйымдастыруға ынталандырып отыр. Тек қана соңғы екі жылдың ішінде жылыжайлар саны бізде екі есеге ұлғайды. Ішкі базарларды ерте піскен көкөніспен қамтамасыз етудің қажетті деңгейіне қол жеткізу үшін ерте пісетін көкөніс өндірісін қосымша 80% ұлғайту қажет.
Бұл үшін мемлекеттік ынталандырулар бар, ең алдымен бұл субсидиялау. Қазіргі уақытта Азық-түлік қауіпсіздігі туралы Заңның жобасы Сенаттың қарауында жатыр, онда жабық топырақта өсетін көкөністі субсидиялау қарастырылған. Заң қабыданғаннан кейін осы норма «жылыжай шаруашылығын дамытуға ынталандыратын» болады. Қазақстанның жылыжай саласы жаңа дамып келеді және бұл саланы құру үшін жер жеткілікті. «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ шағын жылыжай шаруашылықтарын кредиттеуге кірісті.
Холдинг мамандарының бағалауы бойынша бұл бағдарламаны іске асыру елде 10 гектар жабық топырақты пайдалануға беруге мүмкіндік береді.
Бір шаршы метріне 12 килограммнан келеді деп болжанып отырған жылыжай өнімділігі осы бағдарламаны іске асыру есебінен қосымша өндіріс туралы болжам жасауға, көкөніс жемісінің өнімдері үшін маусым аралығында жылына 1-1, 5 тонна көлемінде өнім өндіруге, сондай-ақ ауылда қосымша 400 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі (Қазақстанда 2010-2014 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы
Кестеден көріп отырғанымыздай болжамдары бойынша 2012 жылдан бастап 2014 жылға дейінгі кезеңде ішкі базарлардың ерте піскен өнімге деген қажеттілікті қамтамасыз ету 73-тен ( 2012 ж. ) 100 % -ге ( 2014 ж. ) дейінгіні құрайды.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мамандарының пікірі бойынша көкөніс өндіру көлемінің өсуі 2012 жылғы 2 185, 0 мың тоннаға қарағанда 2014 жылы 2 237, 0 мың тоннаға жетеді.
Маркетингтің мақсаты көкөніс шаруашылығы саласының жұмысы үшін жағдайлар жасау болып табылады. Компанияның нарыққа кіруіне бәсекелестер тарапынан болатын кедергілердің бірі сол фирмалардың өндірістік қуаттарының жеткілікті болуы есебінен бағаның күрт төмендеуі (бағалық прессинг) болуы мүмкін. Оған қарсы шара өнімді жарнамалау бола алады.
Базарларда тауарларды жылжыту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен жарнама жұмысын жүргізу жоспарлануда. Жергілікті газеттерде, интернет-ресурстарда жарнамалық хабарландырулар берілетін болады. Сондай-ақ көтерме және бөлшек сауда өнімдерінің сатушылары үшін парақшалар дайындалатын болады. Сұранысты қалыптастыру мен өткізуге ынталандыру мынадай жағдайлар ескеріле отырып жоспарлануда:
- Жылыжай шаруашылықтарының қолайлы орналасуы;
- Басқалармен салыстырғанда бағаның барынша төмен деңгейі;
- Заманауи жабдықтар;
- Сұранысты ынталандыру бағдарламаларын іске асыру
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz