Тәрбие теориясының өзекті мәселелері. Оқу құралы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Тәрбиенің теориялық.тұжырымдамалық мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4
1.1 Кеңес педагогикасындағы тәрбие беру тұжырымдамасы.. және Қазақстандағы тәрбиенің қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
4
1.2 Шетелдік тұжырымдамаларды талдау өзектілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6
1.3 Педагогикалық тұжырымдамалардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... . 9
1.3.1 Бихевиористік педагогика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11
1.3.2 Гуманистік педагогика (неопедоцентризм) ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.3.3 Неопозитивизм («жаңа гуманизм») ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 17
1.3.4 Педагогикадағы экзистенциализм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
1.3.5 Әлеуметтену теориясы педагогикалық тұжырымдама ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
20
1.4 Қазіргі тәрбиенің әдіснамалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
23
2 Тəрбиенің құндылықтары, мақсаты мен міндеттері мәселесі.. 25
2.1 Тәрбиенің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 25
2.2 Тəрбиенің құндылықтары, мақсаты мен міндеттері ... ... ... ... . 27
2.3 Тəрбие үдерісінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 30
3 Тəрбиенің жалпы заңдылықтары мен қағидалары ... ... ... ... ... 32
4 Қазіргі тәрбиенің мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
5 Ұжым . тәрбие берудің аса маңызды құралы ... ... ... ... ... ... ... 50
6 Өзін.өзі тәрбиелеудің құрылымы мен мазмұны ... ... ... ... ... ... 60
6.1 Өзін.өзі тәрбиелеудің мәні мен қозғаушы күштері ... ... ... ... ... 60
6.2 Өзін.өзі тәрбиелеудің құрылымдық компоненттері ... ... ... ... .. 67
6.3 Өзін.өзі тәрбиелеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 77
Түйін ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 82
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 84
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 87

Ғаламдық жаһандану жағдайындағы қарқынды өзгерiстер қоғам дамуының қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзiп отыр. Қазіргі қазақстандық қоғам жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сiңiрген жан-жақты дамыған тұлғаны қажет етіп отыр, сондықтан білім беру жүйесі алдына осындай тұлғаны тәрбиелеу тәрізді үлкен талап қоюда.
Ел Президентiнiң «Қазақстан – 2030» бағдарламасында: «...бiздiң жас мемлекетiмiз өсiп-жетiлiп кемелденедi. Бiздiң балаларымыз бен немерелерiмiз онымен бiрге ер жетедi. Олар өз ұрпақтарын жауапты да жiгерлi, бiлiм өресi биiк, денсаулығы мықты өкiлдерi болмақ. Олар бабаларының игi дәстүрлерiн сақтай отырып, қазiргi заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс iстеуге даяр болады...»,- дейді.
Жастардың тәрбие мәселесі қоғам үшін әр уақытта өзекті болып келген. Өскелең ұрпақты тәрбиелеу міндетін мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, сондай-ақ бүкіл әлемнің де қауіпсізідігін қамтамасыз етудегі маңызды істердің бірі ретінде ұғыну қажет. Адамзат жаһандану мен ақпарат дәуіріне, адам өмірін әлеуметтік және өзіндік мағынаға толтыруға бағытталған шақта саналы және парасатты тұлғаны тәрбиелеу – қазіргі білім берудің негізгі бағыты. Оның табысты болуы жеке басының өсу дәрежесіне байланысты – азаматтық сәйкестендіру, құқықтық сауаттандыру, жан-жақты қасиеттерді дамыту, мамандық пен өнерде өзін-өзі табу. Ең бастысы бұл кәсіби білім беру, студенттерді дамыту мен тәрбиелеуге қатысты. Студенттік жастар өз заманының ең дамыған бөлігі ретінде ертең-ақ қоғамның алға басушы күші болады, олардың ішінен саяси зиялылар қалыптасады, еліміздің және әлемнің келешегі соларға байланысты. Демек, педагогика ғылымының осы кезге дейiн қалыптасқан озық тәжiрибелерiне сүйене отырып, жаңа тәрбие идеяларын барынша пайдалану – басты талаптардың негiзi болуы шарт.
Ұсынылып отырған оқу құралының басты мақсаты – жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларда жұмыс істей алатын мамандардың тәрбие саласы бойынша білімдерін кеңейту, сөйтіп оларды тәрбиелеп, дамытуға шағын да болсын үлес қосу және оларды өзін-өзі тәрбиелеуге ынталандыру.

тәрбие теориясының өзекті мәселелері
Психология, педагогика және психология
бағыту бойынша білім алатын студенттермен магистранттарға арналған
оқу құралы
Павлодар
ӘОЖ 37.013(075.8)
КБК 74.200Я73
Г 16
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми
кеңесімен басуға ұсынылды
Пікірсарапшылар:
К. М. Кертаева – педагогика ғылымдарының докторы, профессор,
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің психология және
педагогика кафедрасының профессоры;
Б. Д. Каирбекова - педагогика ғылымдарының кандидаты, Павлодар
мемлекеттік педагогикалық институтының доценті.
Галиева Б. Х.
Г 16 Тәрбие теориясының өзекті мәселелері : Психология, педагогика және
психология бағыту бойынша білім алатын студенттермен магистранттарға
арналған оқу құралы Б. Х. Галиева – Павлодар : Кереку, 2010. – 96
б.
ISBN
Бұл оқу құралында тәрбие теориясының өзекті мәселелері баяндалады:
тәрбиенің теориялық-тұжырымдамалық, әдіснамалық негіздері анықталады,
қазіргі отандық және шетелдік тұжырымдамалық ілімдерге талдау жасалады,
жастарға өзін-өзі тәрбиелеу үдерісін ұйымдастыруға көмектесетін ұсыныстар
мен кеңестер беріледі.
Оқу құралы барлық бағыт бойынша ғылыми-педагогикалық дайындықтағы
магистранттарға, сондай-ақ педагогикалық мамандықтар студенттеріне
арналған.
ӘОЖ 37.013(075.8)
КБК 74.200Я73
ISBN
© Галиева Б. Х., 2010
© С. Торайғыров атындағы ПМУ,
2010
Материалдың дұрыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге
авторлар мен құрастырушылар жауапты.
Кіріспе
Ғаламдық жаһандану жағдайындағы қарқынды өзгерiстер қоғам дамуының
қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзiп отыр.
Қазіргі қазақстандық қоғам жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына
сiңiрген жан-жақты дамыған тұлғаны қажет етіп отыр, сондықтан білім беру
жүйесі алдына осындай тұлғаны тәрбиелеу тәрізді үлкен талап қоюда.
Ел Президентiнiң Қазақстан – 2030 бағдарламасында: ...бiздiң жас
мемлекетiмiз өсiп-жетiлiп кемелденедi. Бiздiң балаларымыз бен немерелерiмiз
онымен бiрге ер жетедi. Олар өз ұрпақтарын жауапты да жiгерлi, бiлiм өресi
биiк, денсаулығы мықты өкiлдерi болмақ. Олар бабаларының игi дәстүрлерiн
сақтай отырып, қазiргi заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс iстеуге
даяр болады...,- дейді.
Жастардың тәрбие мәселесі қоғам үшін әр уақытта өзекті болып келген.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеу міндетін мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, сондай-
ақ бүкіл әлемнің де қауіпсізідігін қамтамасыз етудегі маңызды істердің бірі
ретінде ұғыну қажет. Адамзат жаһандану мен ақпарат дәуіріне, адам өмірін
әлеуметтік және өзіндік мағынаға толтыруға бағытталған шақта саналы және
парасатты тұлғаны тәрбиелеу – қазіргі білім берудің негізгі бағыты. Оның
табысты болуы жеке басының өсу дәрежесіне байланысты – азаматтық
сәйкестендіру, құқықтық сауаттандыру, жан-жақты қасиеттерді дамыту,
мамандық пен өнерде өзін-өзі табу. Ең бастысы бұл кәсіби білім беру,
студенттерді дамыту мен тәрбиелеуге қатысты. Студенттік жастар өз заманының
ең дамыған бөлігі ретінде ертең-ақ қоғамның алға басушы күші болады,
олардың ішінен саяси зиялылар қалыптасады, еліміздің және әлемнің келешегі
соларға байланысты. Демек, педагогика ғылымының осы кезге дейiн қалыптасқан
озық тәжiрибелерiне сүйене отырып, жаңа тәрбие идеяларын барынша пайдалану
– басты талаптардың негiзi болуы шарт.
Ұсынылып отырған оқу құралының басты мақсаты – жаңа әлеуметтік-
экономикалық жағдайларда жұмыс істей алатын мамандардың тәрбие саласы
бойынша білімдерін кеңейту, сөйтіп оларды тәрбиелеп, дамытуға шағын да
болсын үлес қосу және оларды өзін-өзі тәрбиелеуге ынталандыру.
1 Тәрбиенің теориялық-тұжырымдамалық мәселелері
Тәрбие – педагог пен білім алушылардың, тәрбиеленушілердің өзара
әрекеттестігінің, олардың саяси, адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін,
дене мәдениетін қалыптастырудың, қабілеттері мен рухани күш-қуаттарын
дамытудың, қоршаған әлеммен және адамдармен қарым-қатынас орнатудың
мақсатты, арнайы ұйымдастырылған педагогикалық үдерісі.
Тәрбие – субъектілерінің іс-әрекетімен, олардың белсенділігімен
байланысты күрделі педагогикалық үдеріс. Ол тұлғаның зерделік, эмоциялық
аясын байытып, жетілдіруді көздейді. Қандай іргелі идеялар тәрбие
үдерісінің негізіне салынғаны жөн? Тәрбие теориясында тәрбие үдерісінің
тиімділігін арттыруға ықпал ететін сан алуан түрлі тұжырымдамалық
негіздемелер қалыптасқан.
Тұжырымдама – көзқарастар жүйесі, үдерістер мен құбылыстардың
айқындалған түсінігі. Тәрбие беру тұжырымдамасын сипаттау дегеніміз
тәрбиенің негізгі құрамдас бөліктерін: мақсаттарын, мазмұнын, қағидаларын,
әдістерін, құралдарын және түрлері мен шарттарын – аша түсуді қажет етеді.
Қазіргі заманғы әдебиетте тұжырымдама мағынасында модель термині де
қолданыста жиі айналады.
Казақстанның білім беру кеңістігінде орын алған тұжырымдамалардың
негізгілеріне зер салайық.
1.1 Кеңес педагогикасындағы тәрбие беру тұжырымдамасы және
Қазақстандағы тәрбиенің қазіргі жағдайы
Қазіргі кезде білім беру жүйесіндегі тәрбие сан түрлі тұрғыдан
қарастырылады: дәстүрлі ресми тұрғыдан, сондай-ақ баламалы жүйелер де
баршылық. Олардың барлығы азды-көпті коммунистік тәрбиені түбегейлі
алмастыруға тырысады.
Коммунистік тәрбие жүйесі 1918 жылы В. Ленин, Н. Крупская, А.
Луначарский, А. Макаренко және басқаларымен құрылған болатын. Ол Кеңес
одағы кезінде 90-шы жылдардың басына дейін мемлекеттік жүйе ретінде өрбіді.
Қазіргі кезде ол үлкен өзгерістерді басынан кешіруде, әйтсе де қазіргі
заманғы білім беруде оның көптеген ережелері өз мағынасын сақтап қалған.
Коммунистік тәрбиенің мақсаты жан-жақты дамыған, ұжымшыл азаматты,
коммунизм мұрағияттарының өз ісіне берілген, саяси белсенді, отансүйгіш
және интернационалистік, еңбекке коммунистік тұрғыдан қарайтын қасиеттері
бар социалистік көзқарастағы тұлғаны қалыптастыру еді.
Тәрбие коммунистік бағытта және партиялыққа, коммунистік құрылыс пен
өмір тығыз байланыста тәрбиелеу, ұжымда және ұжым арқылы еңбекке баулу, іс-
әрекет пен сана-сезім бірлігі, педагогикалық басшылықтың ынта-ықыласы мен
оқушылардың өнерпаздығының үйлесімділігі, саналы сұранысқа сай баланың жеке
басына деген құрмет, балалардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып,
оларға оң ықпал ету, жүйелі және өзіне тиесілі педагогикалық ықпал, мектеп,
отбасы және қоғам тарапынан біртұтас педагогикалық талаптар тәрізді
ұстанымда жүрді. Тәрбиенің осындай талаптар жүйесі білім беру ошақтарында
жан-жақты жүзеге асырылды. Ол тәрбие мазмұнын былайша сипаттады: идеялық-
саяси, адамгершілік, еңбек, құқықтық және т.б. Тәрбие құралдары мектептегі
тәрбие жұмысы, оқу және еңбек ұжымдары, ұжым болып еңбектену мен қоғамдық
қызметтен құралды.
Ұзақ жылдар бойы ресми мемлекеттік мәртебеге ие болған осы
тұжырымдаманы бағалауға келсек, оның мынадай ерекшеліктерін атап өтуіміз
керек:
- КОКП-ның саяси аппараты тәрбие жүйесі арқылы тұрғындардың
идеологиялық бетбұрыстарын жүзеге асырды, бірыңғай ресми көзқарасты
жүктеді;
- ұжым тұлғаны басу құралына айналды, конформистерді қалыптастырды;
- тәрбиенің мақсаты мен мазмұны тұлға үстінен қарауға, яғни тұлғаның
емес, мемлекет пен өндіріс тұсынан құрылды;
- көбінде тәрбие ісінде авторитарлық әдістер пайдаланылды.
Қатаң идеологиялық тәрбие жүйесі кеңес заманындағы психология мен
педагогиканың бай тәжірибесі мен объективті жаңалықтарын аша түскен жоқ. Л.
С. Выготскийдың мәдени-тарихи мектебі, А. Н. Леонтьевтың теориялық қызметі,
А. Макаренконың ұжымдық тәрбиесі, В. А. Сухомлинскийдің гуманистік
педагогикасы және 60-80 жылдардағы жаңашыл педагогтардың озық тәжірибесі
әлемдік ғылымға үлес қосып, қазіргі заман педагогикасында өз маңызың сақтап
отыр.
Тәрбиенің мемлекеттік тұжырымдамаларының негізгі элементтері Қазақстан
Республикасының Білім туралы Заңдарында және басқа нормативтік құжаттарда
да байқалады. Бұл көзқарасты тұлғаға бағытталған тәрбие негізіне жатқызуға
болады, оның басты мақсаты тұлғаны өзін-өзі дамытуда ынталандыру, тұлғаның
негізгі білімін және тұлғаның мәдениеттілігін әрі қарай дамыту, өмірде өзін-
өзі билеу болып саналады. Тәрбиенің мазмұны тұлғаның бастапқы мәдениетімен
сипатталады, оған өмірде өзін-өзі билеу мәдениеті, отбасылық қатынастар,
қарым-қатынас мәдениеті, ақыл-ой және зияткерлік, адамгершілік,
эстетикалық, дене, экономикалық, экологиялық, еңбек және құқықтық мәдениеті
кіреді. Тәрбиенің әдістері мен формаларына: клубтар, балалар мен
үлкендердің мүдделік бірлестіктері, оқытудың дәстүрлі және жаңа формалары
және тәрбие жүйесіне қатысушылардың өзара ықпалдастығы (демалыс
орталықтары, қоғамдық қозғалыстар, өнерпаздық ұйымдар) жатады.
Бұл тұжырымдаманы сипаттайтын негізгі белгісі – тәрбиенің коммунистік
идеологияға тәуелділігін жою; жеке тұлғалық бағыт-бағдарда тәрбиелеу –
айқын мақсаттар қойып, мемлекет мүддесіне емес, оқушылардың сұранысы мен
мүдделеріне қарай тәрбие мазмұны мен әдістерін икемдеу, оқытушылар мен
оқушылардың қарым-қатынасында демократизм мен гуманизм әдістерін пайдалану.
1.2 Шетелдік тұжырымдамаларды талдау өзектілігі
Қазіргі заманғы қазақстандық педагогика тәрбиенің жаңа нышандарын
іздеуде, сондықтан да оған әлемдегі бар педагогикалық тұжырымдамалар үлкен
қызығушылық тудырып отыр. Ғалымдардың ойынша, өзге елдердің педагогикалық
тәжірибесі мен ғылымын тану арқылы біз өзіміздің елдегі мәселелерді шешуде,
педагогикалық жүйемізді оңтайлы құрып, саналы бағамдауда көмегін тигізеді.
Алайда бұл жерде ең бастысы тым шектен шығып кетпей, қайсысы қажет, қайсы
бірі керек еместігін анықтап алған жөн. Атақты орыс педагогы К. Д.
Ушинскийдің дәлелдемесі бойынша, әр бір халықтың өзіне тән ұлттық тәрбие
әдістері бар, ол оның мәдениетіне, өмір салтына, сеніміне, құндылықтарына
тікелей тәуелді. Ол оны халықтық білім беру деп атаған және өзге елдердің
тәжірибесімен алмасып пайдалану шектеулі түрде қолдану керектігін алға
тартқан. Бір халықтың педагогикалық тәжірибесін басқа халыққа дәл сол
қалпында пайдалану мүмкін емес деп санаған. Бірақ оның сөзінде ғылымның,
педагогикалық теорияның ұшы қиыры жоқ делінген, барлығына ортақ
педагогикалық заңдар бар екндігі де ақиқат. Оның сөзінде өзгенің үлгісіне
сүйене отырып қолдан жасалған әдістер мүмкін емес дегені шындыққа саяды.
Алайда, қазіргі заманғы ғылым бойынша, әр түрлі елдердің педагогикасымен
өзара алмасуына толық негіз бар деп саналады, оның ішінде: әр түрлі
елдердің экономикасы, білім беруі мен мәдениетіндегі дүниежүзілік ғаламдық
әдістері. Ғалымдар білім беру ісіндегі дағдарыс жайында айтады, жастардың
әлеуметтену мәселелерін қозғайды. Өкінішке орай, бұл толығымен қазақстандық
кеңістікте де орын алған: елдегі әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-
мәдени үлкен өзгерістер біздің жастарымызды, оқушыларымызды батысқа
еліктіріп әкетуде. Дәл осы жүйелер Америка, Жапония жалпы Батыс елдерінің
педагогикасын танып-білуге деген өзектілігін арттырады. Бүгінде шетелдік
жүйе мен теорияны объективті сараптауға толық жағдай туғызылған.
Шындығында, білім беру жүйесінде өзара ықпалдасу сауалын оңтайлы түрде
қойып, жастар Қазақстанда да, шетелдерде де білім алуы қажет, біздің білім
беру жүйесі өзінің беделі мен ерекшілігін жоғалтпай, озық жүйемен алға
басса, ал дәстүрлі қазақи тәрбие жүйесі баршылық, оны бүгінде шетелдік
зерттеушілер танып отыр. Әдебиеттер мен тәжірибе талдауы көрсеткендей,
әлеуметтік-мәдени ерекшеліктеріне қарамастан білім берудің педагогикалық,
әдістемелік, адамгершілік-психологиялық қырлары тұрғысынан әр түрлі
елдердің педагогтерінің идеялары мазмұны жағынан бір-біріне жақын келеді.
Бұған мысал, АҚШтағы гуманистік педагогика және Амонашвили жұмыстары, 80-
жылдардағы оқытушы-жаңашылдарының ынтымақтасқан педагогикалық идеялары,
ұстанымдары, әдістері.
Батыстың тәрбие тұғыры, жалпы айтқанда, бихевиористік психология мен
психоанализге негізделеді. Бихевиоризмге сәйкес, тәрбие дұрыс, қоғам
құптайтын мінез-құлықты қалыптастыру болып табылады. Ал психоанализ
бойынша, тәрбие –адамның бойындағы қиратушы ырықсыз әуестіктерді (Оны)
Жоғары Меннің талаптарымен, әлеуметтегі өмірдің ережелерімен үйлестіру
үдерісі. Америка мектептерінде біріккен әлеуметтік-психологиялық-
педагогикалық қызмет – психологтар, әлеуметтік жұмыскерлер, мұғалімдер,
тәрбиешілер топтары – жұмыс істейді. Олардың міндеті – оқушыларға қиын
жағдайда, сондай-ақ өзін және қоршаған ортаны тануда, оқуда, мамандық
таңдауда психологиялық-педагогикалық кеңес беру және әлеуметтік қолдау
жасау. Бұл үшін педагогтар дәстүрлі педагогикалық әдістермен қатар
психологиялық және психотерапиялық әдістерді де қолданады: әлеуметтік,
этикалық, психологиялық, медициналық, кәсіби мәселелер бойынша дәрістер,
баяндамалар, әңгімелер; топтық пікіралмасулар мен рөлдік ойындар,
тренингтер; жеке сұхбаттар, сабақтар, кеңестер. Осының бәріне сабақ
кестесінде арнайы уақыт бөлінеді, сондай-ақ оқушылардың санасы мен мінез-
құлықтарын қалыптастыруды көздейтін сабақтар топтамасынан тұратын арнайы
оқу пәндері де жүргізіледі. Мысалы, дау-дамайларды шешуге үйрететін
курстар. Батыс тәрбие әдістерін талдай келе, олардың оң жағы ретінде
оқушыларды өзін-өзі тануға, дамытуға, басқаруға көп көңіл бөлінетіндігін
айту керек. Алайда, тәрбиеленушінің өмірлік проблемаларын психологиялық
лаборатория шеңберінде ғана талқылау – кемшілігі тәрізді.
Соңғы жылдары отандық педагогика Шығыстың дәстүрлі тәрбие тәжірибесіне
қызығушылық танытуда. Мәселен, жапон және корей елдерінің тәрбие
жүйелеріне.
Жапон және корей тәрбие жүйелерінен дәстүрлі қазақ тәрбиесіне ұқсас
ортақ тұстарды табуға болады. Мәселен, жапондықтарда да, қазақтардағыдай,
баланың барынша еркін немесе қағажу көрмей өсу кезеңі бес жасқа дейін
созылады. Бұл жасқа дейін жапондықтар баласын патшасындай құрметтесе, бес
жастан он бес жасқа дейінгі аралықта құлдай жұмсайды, ал он бестен асқан
соң теңдесіндей араласады. Он бес жасқа келген бала өзінің міндеттерін
нақты білетін және ережелерге мүлтіксіз бағынатын ересек адам ретінде
саналады. Жапон тәрбиесінің парадоксы да осында қордаланған: балалық
шағында барлығы рұқсат етілген баладан тәртіпті және заңға бағына білетін
азамат өсіп шығады. Расында, бұл елде кішкентай балаларға барлығы рұқсат
етіледі, алайда 5-6 жасқа қарай бала әртүрлі жағдайларда қалай әрекет етуді
белгілейтін ережелер мен шектеулерге толы қатаң жүйеге тап болады. Оларға
бағынбау мүмкін емес, себебі барлығы да осылай жасайды, сондықтан басқаша
жасауға ұмтылу ел алдында абыройдан айрылуға және ортадан аластатылуға
барабар. Жапондықтар топтық немесе тобырлық санаға бағдарланған, мұнда топ
мүддесі (осы тұста - отбасы) жеке бас мүддесінен жоғары қойылады.
Жапон дүниетанымының негізгі ұстанымдарының бірі – бәрінің өз орны
бар. Жапон тілінде, қазақ тіліндегідей, бір отбасының балаларын бір-біріне
қатысты жалпылап атайтын атау жоқ. Мысалы, орыстардың брат, сестра
деген атаулары сияқты. Жапондықтар ани (аға), отоото (іні), анэ
(апа, әпке), имоото (сіңлі) деп сөйлейді. Сондықтан үлкен-кіші,
жоғары-төмен деген түсінік баланың санасында жүреді.
Жапондықтар балаларына дауыс көтермейді, қол жұмсамайды. Баланы
ертеден дамыту ойын жапондықтар біріншілердің қатарында айтқан болатын.
Жарты ғасыр бұрын әлемге әйгілі Сони фирмасының негізін қалаушы Масару
Ибуканың Үштен кейін кеш атты кітабы жарық көрді. Бұл жапон
педагогикасының дамуына жаңа дем бергені анық.
Корей қоғамында да балалар мен жастардың тәрбиесіне көп көңіл
бөлінеді. Бұған, мәселен, мынадай дәйек айғақ бола алады: Корей денсаулық
сақтау және әлеуметтік мәселелер институтының 2003 жылғы 4 қарашада басылып
шыққан деректері бойынша, орташа оңтүстік корей отбасының ай сайын
жұмсайтын қаражатының 56% балаларды күтіп, тәрбиелеуге және оларға білім
беруге жіберіледі. Оңтүстік Корея тұрғындарының білім алу үшін жұмсайтын
шығындары – әлемдегі ең жоғарыладың бірі, кейбір деректерге сүйенсек,
Даниядан кейінгі екінші көрсеткішті көрсетеді. Ал жеке меншік
репетиторлардың қызметін төлеу жағынан корейліктерге тең келетін ел жоқ
екен.
Жапониядағыдай, Кореяда да жеті жасқа дейінгі бала – құдайдың сыйы
болып табылады. Балаларға отбасында барлық жан ықыласы мен материалдық
мүмкіндіктер жұмсалады. Тіпті ата-аналар арасындағы қарым-қатынас
бұзылғанның өзінде де, бұл балаларға ешқандай зиянын тигізбейді. Мектепке
дейінгі жастағы баланы корейліктер өте еркін ұстайды. Алайда, мұндай тәрбие
стилі бала мектепке барғаннан бастап күрт өзгереді: тәрбие қатаң, баланы
мұғалімге, жалпы үлкендерге құрметпен қарауды талап ететін стильге ауысады.
Жалпы корей тәрбиесі Конфуцийдің іліміне сай жүзеге асырылады: ата-аналарын
құрметтеу – адамның бойындағы ізгі қасиеттердің жоғарғысы болып саналады,
сондықтан да бұл тәрбиенің негізгі міндеті деп тұсініледі. Осы дәстүрдің
сақталып келуі әр түрлі әлеуметтік ауытқуларды болдырмауға мүмкіндік
береді. Корей педагогикасына балаға қатаң талап қойып, одан сол талапқа
сәйкес болуына баулу, сөзі мен жүріс-тұрысына жауап беруге, ерінбей еңбек
етуге үйрету тән. Әлеуметтік өсіп-жылжудың корейлік жүйесі биікке жетудің
тек бір ғана жолын құптайды – білім арқылы. Әрине, корей тәрбиесінің
осындай тұстары үлгі болуға лайық. Өкінішке орай, балаға асыра қысым
көрсетудің теріс жақтары да жоқ емес: оның адамның бірегей шешім қабылдау
қабілеттілігін төмендететіні белгілі.
Сонымен, шетел білімін алу үшін өзіңді танып-білу және жетілдіру
мақсатында оның тұжырымдамаларын зерделеу қажет. Мектеп тарихында көбінде
білім беру мен тәрбиенің ортақ тұжырымдамаларын философтар құрастырған.
Тәрбиенің мақсаттары мен маңызы туралы, адамгершілік мұрағияттар мен
құндылықтар жайында, қоғам мен тәрбиенің ықпалымен тұлға дамуының үрдістері
турасындағы сауалдар - осындай мәселелердің барлығын философия қамтыды,
осының шеңберінде сонау Ежелгі Шығыс пен Ежелгі Грецияда педагогика дамыды.
Алайда қазіргі уақытта да педагогика өз алдына жеке ғылым бола тұра,
философия бұл мәселелермен айналысып келеді, бұған арнайы сала,
философиялық білімді қамтыған – тәрбие философиясы бар.
Тәрбие философиясы мен педагогиканың бір бөлімі ретіндегі тәрбие
теориясының мәселелері өте жақын, негізінен, бұл педагогиканың әдістемелік
сұрақтары: педагогикалық шынайылықты зерттеудегі ортақ философиялық нышанын
құрастыру, тәрбие тұжырымдамаларын әзірлеу, тәрбие мен білім беруде жаңа
тәсілдер іздеу. Тәрбие философиясындағы негізгі мәселелер мынадай
санаттардан көрінеді, ол тәрбие, тұлға, социализация, тәрбиенің мақсаттары,
мұрағияттары мен құндылықтары. Бұл тұрғыдан алғанда классикалық және
қазіргі заманғы тәрбиенің шетелдік талдауы әдістемелік-теориялық мүддені
алға тартады, сондай-ақ тәжірибелік: тәрбие мәселесін дұрыс қоя білу және
олардың философиялық түсінігі өткенді сараптап, болашаққа болжам жасауына
ықпалын тигізеді.
1.3 Педагогикалық тұжырымдамалардың жіктелуі
Философиялық және педагогикалық әдебиеттерде тәрбие мен білім беру
тұжырымдамалары айтарлықтай үлкен көлемде орын алған, соның негізінде оқу
орындарында жүзеге асатын педагогикалық бағдарламалар, білім беру мен
тәрбиенің жүйелері құрастырылған. Мынындай жағдай есте болу керек: білім
мен тәрбие жөнінде көптеген авторлар оқыту мен тәрбиені егіз ұғым деп
санайды, оқу және тәрбие мекемелерінде, кең әлеуметтік мағынадағы қатаң
емес жағдайда басқарылатын әлеуметтік ортада өрбіту керек деп түсіндіреді.
Сол себептен кейбіреулері әлеуметтендіру теориясына көңіл аударады, енді
біреулері оқуға, үшінші біреулері міндетті түрде тәрбиеге, ал барлығын
жинақтап келгенде оқу(тәрбие тұжырымдамасы шығады.
Көптеген тұжырымдамалардың түрлерін айыру үшін олардың түрлерін айыру
үшін олардың ерекшеліктерін білген жөн. Педагогика теориясының тарихын
талдау әдебиеттерінде сандаған ғасырлар бойы адамзат қоғамында екі үлкен
бағыт негізге алынған. Оқу, тәрбие түрлері: бірінші - өктемшілдік мектебі,
таңдаушы мектебі және екінші – гуманизм мектебі, бостандық мектебі. Тәрбие
түрінің бағыттары, білім берудің жалпы бейнесін көрсетеді, тәрбиенің
міндеттері, формалары мен әдістері, мұғалім мен оқушының қарым қатынасы,
тәрбиешілердің мақсаттары, ұстанымдары, қағидалары.
Көрсетілген тәрбиенің бұл түрлерін білім беру мен педагогиканың
дүниежүзілік тарихынан және қазырғы заман мектебінің педагогикасынан де
көруге болады. Білім берудің бұл модельдерін белгілі бір мерзімде мектеп
тарихында бірге жүретінін көрсетеді. Ғасырлар тарихына тереңірек үнілген
сайын авторитарлық жүйенің басымдылығын аңғарамыз жаңа заманда, әсіресе 19
– 20 ғасырларда еуропвлық мектептердің көбі және педагогтар гуманистік
педагогикаға баса назар аударды. Білім беру жүйесінде адамзат қатал
құрбандықтан, дәстүрлі мектептен гуманистік жеке тәрбиеге бағыт алып отыр.
Ежелгі Египет, Үндістан, Қытай, Спартаның білім беру жүйесі орта
ғасырлық Еуропа мектептеріндегідей өктемшілді болған. Бұл жағдай тәрбиенің
негізгі моделі ретінде бүгінгі күнге дейін жетіп отыр. Тәрбиедегі
өктемшілдік мынадай белгілерден көрінеді: оқушының мұғалімге қалтқысыз
бағуыны заң болып есептелді; тәрбиеленушілердің өмір салтын, неге және
қалай оқыту тәрбиелеу керек екендігін мұғалімге Үкімет анықтап береді;
оқыту мен тәрбие міндеттеуге негізделді, түсінбей жаттап алу, балалардың
ұсыныстарын ескермеу. Баланың құлағы арқасында өседі деген педагогиканы
сынай айтқан ежелгі мысыр мақалы бар. Екінші жағынан қарағанда Платонның
оқушыларымен Афина академиясының бағындағы әңгімесі, оның ұстазы Сократтың
педагогикалық қағидалары, әл-Фарабидің міндеттеу емес сыпайы түрде
түсіндірмесі кеңінен талқыға салынған. Осындай гуманистік көз қарас
Коменский, Локк, Песталоцци, Дистервег, Ушинский және басқаларының
еңбектерінде тәрбие мәселелері орын тапқан. Руссо әлемге еркін тәрбиені
енгізген, оның басты қағидаларынің негізі тәрбиеде баланың табиғи дамуына
кедергі жасамай тәрбиелеуге шақырады. Баланың оқу, жазу, ғылымды тануды
міндеттеп емес осының барлығын балалар мұғалімнің көмегімен, өз ықыласымен
жасауға жағдай туғызу. Тәрбиенің ерекшелігі – баланың табиғи күшінің оянуы
және өз шығармашылығының дамуына жол ашу. Руссоның идеялары 19 – 20
ғасырлардағы Еуропадағы реформаторлар мектептеріне, Толстойдың
педагогикалық ойларына ұлкен әсер етті. 19 ғасырда дәстүрлі классикалық
білім беруден ерекшелінген тәрбие қазіргі заманғы тұжырымдамасы дәл
осылардан бастау алды. Сонымен, бірқатар тұжырымдамалардың пайда болғанына
жүз жылдан астам уақыт өтсе де, өзінің әдістемелік мағынасын бүгінгі күнге
дейін сақтап отыр, соның негізінде оқу-тәрбие жүйесінің бағдарламалары
құрылып отыр, олар бүгінде нақты оқу-тәрбие орындарында іске асырылуда.
Батыс педагогикасы ғылымда көрсетілген екі модель шеңберінде қандай
білім беру түрлері, тұжырымдарға баса назар аударады?
Өктемшілдік бағытқа, сөзсіз, бихевиористік педагогиканы жатқызуға
болады. Бұған шартты көлемде неотомизм педагогикасын, Парсонстың
әлеуметтендіру бағытындағы қатаң теориясын жатқызғанымыз да жөн.
Гуманистік бағытқа неопедоцентризм, экзистенциализм, кейбір
неопозитивистік ағымдар жатады.
Кейбір тұжырымдамалар ерекше қасиетке ие, олар екі бірдей модельдің
қызметін атқарады, мәселен, педагогикалық технология (оқытудың
технологиясы). Өктемшілдік сөзі тым өткір қабылданады. Дұрысырақ
айтқанда, бұл педагогика оқушыға мақсатты түрде белсенді әсер ету, өзін-өзі
басқарып, жеке тұлғаның дамуына ықпал етумен салыстырғанда қатал түрде
басқаратын педагогикалық жүйеге жақын.
Сонымен, қазіргі заманғы педагогиканың тұжырымдамасын оқушының дамуы
мен тәрбиесін басқару сипатына қарай екі түрге бөліп қарастыруға болады.
Тұжырымдама түрлерінің түпкі мағынасы философиялық және ғылыми бағыттарға
бөлінеді, оның құрамына: прагматизм, бихевиоризм және басқалары енеді.
1.3.1 Бихевиористік педагогика
20-ғасырдың басында пайда болған психология осы негізде құрылған.
Классикалық бихевиоризмнің пайымдауы бойынша, жеке тұлғаның мінез-құлқын
бақылау кезінде оның ішкі жан дүниесін ғылыми әдіс-тәсілдерсіз
зерттелінбейтінін көрсетті. Демек, психология пәні ( мінез-құлық, адамның
белсенділігі, бихевиористердің реакция деп атаған және зерттеу барысында
табиғи-ғылыми әдістерді қолдануға тырысқан, адам психикасы туралы
объективті ғылыми білім болып саналады. Жеке тұлға, қоздырғыш жағдаяттар
әсеріне байланысты психикасын таниды, ол Павлов оқуларындағы шартты
рефлекстерінде де көрініс тапты. Сондықтан да олардың пікірінше, адамды
оқыту мен тәрбиелеу, әлеуметтік тұрғыда қолдауға ие болатын, жігерлендіру
мақсатында дұрыс әсер ететін, өмірде кездесетін жағдайлар ретінде
қарастыру керек.
Кейінде жеке тұлғаның мінез-құлқын басқару күрделене түсті. Аса ірі
необихевиористердің бірі Б. Ф. Скиннер аңғарғандай, жеке тұлғаның мінез-
құлқы оның ынта-жігерін ғана анықтап қоймай, оны қоршаған ортаның әсері,
сондай-ақ адамның ішкі жан дүниесі: мәселен, адамның пайымдауы (тәжірибесі,
бағыт-бағдарына сай) реакциясының нәтижесі, белгілі бір жағдайлардағы іс-
әрекеті. Жеке тұлғаның мінез-құлқын реттеп отыру үшін Скиннердің ойынша, оң
реакция тудыруда жағымды әрі жағымсыз қосымша күшті пайдалану керек деп
санаған.
Адамның жағымды әсер (күш) алуы үшін және жағымсыз күштен арылуы (
құпталмай, пікірталасу үстінде ( Скиннердің айтуынша, оперантты
міңез(құлыққа жатқызады. Өзінің мінез(құлқындағы рационалды бағытты
анықтап алмайынша, адам ештеңе істей алмайды, сол арқылы қоғамның құптайтын
іс(әрекеттеріне мойынсұнып, сынға түскен мінез(құлықтан бойын аулақ ұстай
алады. Көрсетілген мұндай көзқарастан адамның мінез(құлқы оқыту мен тәрбие
үрдісін құруға жағдай жасайтынын аңғару қиын емес. Скиннердің бағдарламалық
оқытуды құрушылардың бірі болғандығы, әрі оқытудың нәтижесін
біртіндепбақылап отыруды ұсынған ғалым екендігі баршамызға мәлім. Скиннер
және оны жақтаушылардың ойынша, бұл көзқарас дұрыс азаматтарды
қалыптастыру жолындағы мәселелердің оң шешімін табуға көмектеседі. Олар
арнайы мінез(құлық туралы мінез(құлық технологиясын құру керек деп
есептеген. Скиннердің тұжырымдамасына сәйкес, қоғамдық өмірді басқару үшін
қосымша күшті пайдалана отырып жоспарлау керек, жастардың қарсылығын
тудырмай, әлеуметке зиян келтірмей, осы көрсетілген қасиеттерге сай қоғам
мүшелерін қалыптастыру. Бұл үрдісті ол модификациялық мінез-құлық (
дейді. Жеке тұлғаның қалыптасуында әлеуметтік құпталған мінез(құлыққа
итермелеуді көздейді. Оның ойынша, оперантты іс(әрекет, яғни қосымша күш
жүйесіне сәйкестендірілген мінез-құлық адамның моральдік таңдауынан арылу
адамгершілік және рухани факторлардың барлығы мінез-құлықты төмен деңгейге
түсірмейді. Осылайша оперантты мінез-құлық адамның нағыз еркін болуына жол
ашады. Егер адам қоғам тарапынан берілетін жағымды қосымша күшті
пайдаланса, онда ол адам өзін ерікті әрі бақытты сезінеді. Бұдан қоғамның
өзі кемелдене түседі. Ол бұл ойларын ғылыми әдебиеттерде ғана жариялап қана
өоймай, Уолден екінші таңғажайып қияли шығармасында да дамыта түскен.
Бихевиоризмді оқу арқылы адамның мінез-құлқын зерттеу ісінде ілгері
жылжу байқалып, педагогика, психология және психотерапия ілімдеріне оң
әсерін тигізді. Соңынан мұғалім, әлеуметтік қызметкер, мектеп психологтары
туралы кепілдеме де анықталды. Ол мұғалімдердің кәсіби мінез-құлықтарын
бихевиоризм әдістері негізінде құрды: мұғалім өзінің іс-тәжірибесінде
оқушыға ықпал ету әрекетін мегеріп, іс жүзінде тиімді қолдана білуі керек.
Негізінен жағымды қосымша күш көілге оң әсерін тигізеді, себебі олар
қанағаттану сенімі мен қол жеткен жетістіктерді бекіту сезімін тудырады.
Мұғалімдардің лексикасын өзгерту жөнінде ұсыныс та жасалды. Балалармен
жұмыс барысында қолданылатын жүз сөз тізімі де жасалған еді, мысалы, онда:
жарайсың, мен сен үшін қуаныштымын, мақтауға тұрарлық және басқа сөздерді
кездестіруге болады. Оқушының білімі жоғары бағаға жетпеген жағдайда,
сыпайы түрдегі жағымсыз қосымша күшті пайдаланып, баға беруден бас
тартып, тағы ойлан деген кеңес беріледі. Бихевиористік педагогика дами
келе, гуманистік педагогикаға жақындайды: қосымша күш техникасының болмысы
бойынша Баланы психологтың жылы қабылдауы және сезім рефлексиясы, яғни
аффективті-бихевиористі тұрғы ретінде қарастырылады. Бұл баланың сезімін
білдіру және онымен өзара байланысындағы жағдайлардың ескеру керектігін
білдіреді. Тұтасымен бихевиористік педагогика биоинженерлік тәрбиеге
технологиялық тұрғыдан қарауды ұсынады. (Скиннер өзінің зерттеулерінде
жануарлармен тәжірибе жасағаны бекер емес). Бихевиористік педагогика
тәрбиені технологиялық тұрғысынан ынталандыра түсті. Осыған орай жеке
тұлғаның көрсетілген қасиеттер жиынтығы, оқушының моделі, құралдар жүйесі
мен әдістері, жобалары жасалды. Бұл педагогикада технократикалық бетбұрысқа
ықпал етеді: жеке тұлғаны қалыптастыруда ғылыми-педагогикалық әдістерді
жетілдіру арқылы қоғамды бақылауға алу. Оқушылар мен үлкендер арасындағы
психотроптық әсері теориясы мен практикасы технократикалық тұрғысын
көрсетеді. Формокологиялық препараттың көмегімен тәрбиелеу ісі барлық
адамгершілік және құқықтық нормаларға қайшы келеді.
Скиннердің ғылыми ойлары ең алдымен жеке тұлғаны өрескел түрде
пайдаланғандығын сынға алып және сыналу қалпында қарастырады. Бихевиоризм
адам өмірін биологиялық, механикалық әсеріне қарай жіктей келе, оның сана-
сезімін, құндылықтарын, адамгершілік қағидаларын, көзқарастарын,
түрткілерін, ерік-жігерін ( яғни, жеке тұлғаның мінез-құлығын айқындайтын
барлық ерекшеліктерін ескермейді. Скиннердің қарсыластары, оны адамның
гуманистік қасиеттеріне қарсы болғандығын, жеке адамды басқару ойын қатаң
сынға алады. Әйтсе де оның мінез-құлық технологиясын жақтаушылар жоқ
емес. (Әсіресе, АҚШта). Олардың пайымдауынша, тәрбие жүйесінде, мектептерде
тәртіпті, тіл алғыш, қоғамда өз рөлін бұлжытпай орындаушы, жауапкершілігі
мол азаматтарды тәрбиелеуді жақтайды.
1.3.2 Гуманистік педагогика (неопедоцентризм)
Педагогикалық тұжырымдама атауын бір ғана терминмен жеткізу қиын,
көптеген педагогтардың күш салып, бірігіп құрастырған теориялық тұтасығын
көре алмаймыз, алайда ол сан ғасырлар бойы мамандарды қызықтырып келе
жатқан ғылым ретінде бізге белгілі. Ең бастысы бұл бағыт тәрбиені
сипаттайды, яғни баланың шығармашылық дамуына жағдай жасауға көңіл
аударады.
20-ғасырдың алғашқы жартысында бұл тұжырымдама Джон Дьюи (1859-1952)
негізін салған педоцентризм, сондай-ақ, педагогикалық прагматизм атауларына
ие болды. Ол 20-ғасырдың басындағы педагогикалық ізденістерде М.
Монтессори, Р. Штайнердің Вальдорф педагогикасында еркін тәрбиеде орын
алған. 20-ғасырдың екінші жартысында А. Маслоу, К. Роджерс және басқалардың
еңбектерінде бұл тұжырымдама кеңінен өріс алды. Олар психология бағытында
білім саласында кеңінен құлаш жайған психологиялық қағидалар гуманистік
психологияда тарады. Педагогикалық еңбектерде бұл гуманистік педагогика,
неопедоцентризм деген атауға ие болды.
Джон Дьюи өзінің тәрбие беру теориясын жасағанда прагматизм
философиясын негізге алған, яғни оның негізгі түсінігі ( іс, тәжірибе.
Мұнда адам өз шығармашылығын дамытуда өз тәжірибесіне сүйенеді деген
мағынаны білдіреді. Объективті ғылыми білім, адамгершілік нормалардың
заңдары мен ережелерінің бірыңғай жалпы мағынасын бермейді. Олар тек
адамның табысқа кеңелу жолындағы шешім қабылдауы және жағдайлардың талдау
құралдары. Жеке табыс ( осы ғылым өлшемі, білім мен адамгершіліктің рөлі,
шындық пен адамгершілік бұл нағыз табысқа әкелетін жол. Тәжірибе, табиғи
түйсіктер және баланың қызығушылықтары, шығармашыл қабілеттерінің дамуы,
шығармашылық арқылы оқыту ( бұл Дж.Дьюи педагогикасының басты санаты. Ол
дәстүрлі мектептегі мұғалімнің догматикалық, өктемдік бағытын, жады мен
жаңғыртуға негізделген, оқытудың түсініктеме(көшірмелі, түсіндіру
әдістерін, оқушының жеке тұлғасына деген көңіл аудармаушылықты сынайды.
Дж.Дьюи педоцентризмнің негізін қалады: педагогиканың барлық категориялары
(оқытудың мақсаттары, мазмұны, әдістері) баланың сұранысына, қызығушылығына
сай анықталуы қажет. Оқу үрдісінің негізі ( бала, мектеп пәні мен мұғалім
емес. Бұл педагогикада шын мәнісіндегі жаңа қадам болды. Мұнда үлкендердің
балалармен кенеттен жасалған шығармашалағын, білім алып, дамуына көмек
көрсетуін меңзейді.
20-ғасырдың ортасында прагматизм салдарынан мектеп оқушыларының
академиялық білім және адамгершілік даму деңгейлері онша жоғары көрсеткіште
емес екендігі анықталды. Ғылыми(техникалық революция білім деңгейін
көтеруді, интеллектуалдық және адамгершілік дамуының өрлеуін мақсат тұтты.
и Гуманистік психологияның өкілдері оқытудың технократикалық
тұжырымдамасын, бихевиоризм, оқушыны технологиялық үрдістің бір бөлігі
ретінде қарауы, мінез(құлық әрекетінің жиынтығы, айлалы әрекет нышаны үшін
оқыту технологиясын сынай келе, тұлға көзқарасына көшуді ұйғарды.
Гуманистік психология жеке тұлғаны күрделі, қайталанайтын жоғары
құндылықты, қажеттілік иерархиясы қауіпсіздігіне ие, сүйіспеншілік, құрмет
тұтатын қасиеттері бар адамдарды түсінеді. Тұлғаның жоғары сұранысы ( ол өз
мүмкіндіктерінің белсенді қалыпта іске асырылуы. (А. Маслоу). Көпшілік
адамдар ішкі жан дүниесі қалыптасып, дамыған тұлға болуды қалайды.
К. Роджерс бойынша, толғымен қалыптасқан адам, ол ( өз сезімін,
сұранысын, мойындайтын, барлық білім көздерін қабылдай алатын, өзінің
табиғатына жауап беретін іс(әрекетті тандай алатын, жауапкершілігі мол
адам. Ол өзгерістерге және жеке тұлғаның өзіндік дамуы мен өсуіне дайын
тұрады. Мұнда Дьюидің прагматизм мен педоцентризмінің іздерін көруге
болады: тәжірибеге сүйену, табиғатына, қызығушылығына қарай қолдану,
мектеп, қоғам тарапынан болатын теріс ықпалды қабылдамауы.
К. Роджерс оқушылармен педогогикалық(психологиялық жұмыста ата(аналар
мен мұғалімдерге психотеропевтік көмек көрсетудің қағидаларын, баланы
қолдау, оны дамытуда көмек көрсету тәсілдерін анықтайды. Басты қағидалардің
бірі ( балаға деген қалтқысыз сүйіспеншілік, баланы сол қалпында қабылдау,
оған оң көзбен қарап, дұрыс қатынас жасау. Баланың қылықтарына қарамастан,
оны жақсы көретіндігін білуі қажет.Ол өзіне сенімді болған жағдайда дұрыс
қалыптасуынанегіз бар, ал кері жағдайда, бала теріс бағытта қалыптасады.
К.Роджерстің зерттеуі бойынша психолог, гуманистік ұстаз екі негізгі:
эмпатия мен конгруэнтты қасиетті және актуалды тұлға болу керек.
Конгруэнтты ( бұл оқушылармен қарым(қатынастағы шынайылық, өзімен(өзі бола
тұра, ынтымақтасуға да мүдделі болу. Эмпатия ( өзгенің жағдайын сезініп,
түсіне білу. Бұл екі қасиет ұстаз(актуализатор тұлғасының бойында дұрыс
педагогикалық бағытты дамыту үшін көмек беруге дайын болуы керек.
Эмпатикалық қарым(қатынас техникасында мынандай әдістер қолданылған:
Мен ( ойымды жеткізуші, белсенді тыңдаушы, баланы қолдауда көз және басқасы
арқылы қатынас білдіруші. Олардың жәрдемімен баламен қатынас
ұйымдастырылады, олар арқылы оның өзіндік сана(сезімдері мен өзіндік дамуын
ынталандырады. К.Роджерс психотерапиялық қағидалары мен әдістері мектеп,
оқыту, тәрбиеге бөледі. Гуманистік психологиясы өкілдерінің ұйғаруынша,
оқушыны нысана еткен, оқытуға барынша ұмтылған мұғалім педагогикалық
қатынасудың мынандай ережелерін берік ұстанулары қажет:
- Балалардың бойына сенімділік ұялату;
- топтар мен жеке адам алдына қойған мақсаттарды тұжырымдауды
балаларға үйрету;
- балалардың бойындағы оқуға деген уәжге қарай бағамдау;
- оқушыларға барлық сұрақтар бойынша тәжірибе көзі ретінде бола білу;
- эмпатияға ие болу ( оқушының жеке тұлғасын түсіне білу, ішкі
көніл(күйін сезіну, және оны пайдалану;
- топтық өзара қарым(қатынастарында белсенді қатысушылардың бірі болу;
- топта өзінің ойын ашық түрде жеткізе білу, оқытудың жеке дара бояуын
келтіре білу;
- оқушылармен жылы қарым(қатынаста еркін сөйлесе білу стилін меңгеру;
- өз(өзіне о баға бере білу, бірқалыпты сезім күйін көрсету, өмірге
деген құштарлығы мен қзіне деген сенімділігі мықты болу.
Батыста, әсіресе АҚШта бұл тұрғыда өзін(өзі тәрбиелеу мақсатында
мұғалімдер мен ата(аналарға арналған құралдар көптеп табылады.
Педагогикалық ЖОО(да студенттерді гуманистік тұрғыда оқыту, ата(аналарға
арналған көмек көрсету орталықтарында ата(аналарды оқыту жұмыстары
жүргізілді.
Гуманистік педагогиканың нысанасы, ең алдымен, баланың ішкі(дүниесіне
көңіл бөлуіне оқыту арқылы оқушы тұлғасының дамуына бағыт беру; екіншіден,
бала оқытудың жаңа түрлері мен әдістерін іздестіру. Алайда бұл
жағдаяттардың қалыптан тыс ұлғаюы жетіспеушілікке әкеп соғады. Білім беру
мен тәрбиені балалардың тек қана қызығушылықтары мен өнерпаздығын ескере
отырып құруға болмайды. Бұл оқушылардың білім деңгейінің төмендеуіне және
үлкендердің бала тәрбиесіндегі әлеуметтік және моральдік тұрғысынан қауіп
тигізуіне әкеліп соғады. АҚШ тәжірибелерінен аңғаратын жайт, бірнеше
ұрпақтардың бейнесінен мінез(құлықтарындағы моральдік жауапкершіліктерінің
төмендегенін көрсетеді, мысқылдап айтқанда, жеке тұлғаға көңіл аударғанда
дегумнизация үдерісінің күшеюіне әкеп соғады, яғни, адамдардың бір(бірінен
алшақтануы дейді сол бағытты ұстанушы көшбасшылардың бірі. Әрине, бұның
көптеген әлеуметтік себептері бар, және олар біртұтас кешенді құрайды,
өзін(өзі тежеудің, өзін(өзі тәрбиелеудің болмауы гуманистік педагогика
салдарынан деп түсіндіреді.
Талдау барысында ғалымдар бұл сұрақты шешуде жеке тұлғаны қатал түрде
басқару керек пе, әлде еркін тәрбие тиімді ме? деген екі жолды жан(жақты
қарастырған болатын. Бірінші жағдайда жеке тұлғаны басып тастау қатері
төнсе, екіншіде не оқытуға, не тәрбиелеуге мүмкіндік жоқ. Ғылымның басты
ұмтылысы тәрбие беруде оңтайлы екі бағыттың да қатар жүруін қарастырды. Осы
мәселе бойынша 70-жылдарда симпозиум өткен еді, онда Адам әлеуметтік
ортада дамуы үшін, ол өзін қоршаған ортада белсенді ұйымдастырушы ретінде
көрсете білуі керек деген тезис алға тартылған болатын. Қос ағым да жеке
тұлғаның мынандай қасиеттерін анықтайды: эмпатия, өзін(өзі ұмтылу және
басқалары. Бихевиоризм, қосымша күшпен бірігіп, гуманистік психологияның
әдістерінде қолданылады: сезім рефлексиясы, психологпен баланың жылы
қабылдануы. Гуманистік психология адамдардың өзара қарым(қатынастарындағы
нақты операциялық әдістерге сүйенеді, ол дегеніміз педагогикада балаға
неғұрлымм дұрыс бағытта әсер ету.
Мектеп тәжірибесінде оқушыларды тәрбиелеу ісінде екі тәсіл де қатар
жүреді. Бұған нақты дәлел ( американдық мектептеріндегі Гайденс қызметі.
Бұл мамандар ұжымы оқушыларға оқу ісінде, әлеуметтік, кәсіби
мәселелеріндегі қиындықтарды шешуге көмектеседі. Гайденс қызметкерлері
оқушы өзін танып(білуге, өзара қарым(қатынас жасауға оқытады, өмірде
кездесетін әр түрлі кикілжің мәселелердің шешімін табуына кеңес береді. Бұл
сабақтар бұрынғы кездегі біздің сынып жетекшілеріміздің жұмыстарын еске
салады. Гайденс қызметін каунслер(маманы, психолог, кеңесшң басқарады.
Мектеп каунслері психотерапевтік (тәрбие) жұмысын жүргізу барысыда әр түрлі
тәсілдерді қолдана алады: олар директивті және директивті емес.
Біріншісіне сай (бихевиоризмге сүйене отырып), каунслер байқаған
нәтижелер мен деректерді зерттейді, мінез(құлықтағы өзгерістерге көңіл
аударылып, соның нәтижесінде іс(әрекеттердің түрлері ұсынылады, яғни, өзі
үстемдік етеді. Екіншісі директивті емес тұрғысынан алғанда гуманистік
психологияға сүйенеді: каунслер тыңдайды, сенім ортасын құрады, баланың
белсенділігін оятады, оның мінез(құлық таңдауындағы өзіндік іс(әрекетін
жігерлендіреді. Каунслер жағдайға байланысты екі тәсілді де қолданады.
1.3.3 Неопозитивизм (жаңа гуманизм)
Бұл философиялық(педагогикалық тұжырымдама классикалық позитивизм
негізінен бастау алған, қазіргі жаңаша бағыттағы мектептерде кеңінен
қолданылады. Жаңа гуманизмге тән алыпсатарлықфилософия теориясын теріске
шығарады, ол нақты ғылыми білімге негіздейді. Әлеуметтік ғылымдар, соның
ішінде педагогика да сол ғылыми әдістерді, табиғаттағы ғылымда
көрсетілгендей, тексерістен өткен тәжірибеде қолдану керек.
Неопозитивизмнің ерекше көңіл аударатын аймағы ( ғылыми білімнің
ерекшелігі, оның логикасы, құрамдас бөліктері, дамуы. Тәрбие осы
ұстанымдарды талдайды. Ол ғылыми(эмпириялық, тексеорілген және объективті
деректер, жаңаша ойлау идеологиясына негізделген дүниетанымынан босауы
қажет.
Неопозитивистік педагогикасы жастардың саяси, әлеуметтік
индокринациясына, тәрбие идеологиясына, адамның айлалы әрекеттенуі, жеке
тұлғаға қысымдылық жасауға қарама(қайшылықпен қарайды. Мектептің міндеті
ретінде жеке интеллектуалдық дамуы, танымдық құрылыстың санада
қалыптасуын қамтиды, осының көмегімен ойлау қабілеті жетілген адам дамиды,
дүниедегі конфрантацияға жол ашпай, сондай(ақ еркін қалуын санайды.
Неопозитивизмге білім мәдениеті, әлемді өзінше түсіну, жеке тұлғаның
интеллектуалдық дамуы жатады. Бұл Дж.Брунердің оқытуды талдау үрдісіндегі
философиялық негіз болып табылады, бұл оқытуды ақпараттық(технологиялық
ғылымилыққа тарту деп түсіндіріледі. Оның бағыты сцентизм деп аталуы бекер
емес. Сцентистік тұрғыда да тәрбие үрдісінің талдауы айқын көрініс тапқан.
Ғалымдардың айтуынша тұлғаның адамгершілік қасиеттері оның моральдік пікірі
мен қабілетіне байланысы дамиды. Жаңа гуманизмнің негізін салушылардың
бірі, теоретик Л. Кольберг тұлғаның моральдік дамуы туралы ілім жасады,
осыған байланысты тұлға өзінің адамгершілік дамуының үш кезеңінен өтеді.
Бала моральдік деңгейге дейін жазалаудан қорыққаннан орындайды.
Конвенциялық деңгейде моральді сақтау, қоғамға, топқа кіруіне, олардың
талаптарына сай өзін қорғай білу мақсатында игілікті істерге кеңелу деп
анықталады. Адамгершілік дамуының үшінші сатысы ( автономиялық: адам
адамгершілік мінез(құлығын өз еркімен таңдайды, яғни нормаға сәйкес өмір
сүруді түсіну, өзінің ар(ожданына сүйене отырып, қайырымдылық, әділдік
қасиеттерін еркін түрде таңдайды.
Адамның жоғары сатысына шығуы ( (Кольбергтің деректері бойынша бұған
көптеген адамдар жете алмайды) қабілеттер дамуы моральдік пікірмен
анықталады, моральдік қағидалардің құрылу аймағы, моральдің мазмұны,
автордың ойынша бұл барлық кезеңдер мен қоғамда мәңгілік өмір сүреді.
Былайша айтқанда, адамгершіліктің қалыптасуында моральдік тұжырымдарға баса
назар аударылады және адамгершілік сезімі ескерілмейді, әлеуметтік
институттар қоғаммен бөлінбейді. Кольбергтің моральдік дилеммасы ретінде
белгілі болғандай, ол балалардың білімі мен моральдік деңгейін зерттейді.
Моральдік дилемманың шешімі, олардың рөлдік ойындары ( неопозитивизм
педагогикасындағы моральді оқытудың бір әдіссі ретінде танылған, ол
дискуссия, талдау және мораль тілін танып(білумен қатар жүрген, яғни,
мораль білімінің түсінігі, қағидасы, мазмұны және құрамдас бөліктерінен
құралған әдістері. Адамгершілік сананың қалыптасуында негізінен ауыз екі
әәдістер қолданылды, ол мінез–құлықтың санадан алшақтауына әкеп
итермелейді, ақыл–парасаттылық логикалық қалыптан тым асыра қолданылуы
(сциентизм бағытында).
Бұл тұжырымдаманың оң көріністері ө бетінше еркін түрдегі жеке тұлғаны
қалыптастыруға ұмтылу, моральдік білім негізіне сүйене отырып, адамгершілік
мінез–құлықты анықтайды (дамудың ең жоғарғы сатысы); интеллектуалдық
дамуға бағыттау, оқудың жоғары ғылыми деңгейі және оқытудың зерттеу
әдістері. Әйтсе де тәрбие кең ауқымда тілдік, көреген пайымдаудан, көп
жағдайда әлеуметтенуден алшақ, нағыз өмірдегі бар мәселелерден тұрады.
1.3.4 Педагогикадағы экзистенциализм
Классикалық экзистенциализм – еуропалық зиялы қауымның қайғылы
философиясы. Дегенмен оның басты ережелері тәрбиемен және оның теориясымен
қатар қолданылуы сирек кездессе де, осыған қарамастан ол экзистенциалды
педагогиканың әдістемелік негізі болып саналады.
Экзистенциализм бойынша, адам болмысы экзистенция кейпінде айқындалады
– адамның өзіндік Меніне назар аударуы. Болмысты экзистенцияны танып–білу
өзінді тану, өз өмірін үшін қимылдау, уайымдау және жауапкершілікпен қарау
арқылы жүзеге асады. Дүние ақыл–парасатпен емес, сезіну арқылы, сезімнің
көмегімен танылады; әлем бір қалыпты емес, оның объективті заңдары жоқ.
Тұлға бірегей келеді, және оларды әр қайсысының өз шындығы бар. Адам өзінің
ішкі Менімен санасуы қажет, бұл оның тәжірибесі, білімі, шығармашылғының
көзі. Қоғам, әсіресе ұжым бірізділікке бағыттайды, шынайы өмірде еркіндік
болмайды. Міне, дәл осылар арқылы экзистенциализмнің педагогикалық
ережелерін шығаруымызға болады.
Тәрбиенің ғылыми теориясы болуы мүмкін емес, себебі жеке тұлға және
оның мінез–құлқы қайталанбас, бір–біріне ұқсамайтын даралығымен
ерекшеленеді. Сондықтан мектеп жеке тұлғаны белгілі бір қасиеттерге
жіктемеуі керек. Мектептің міндеті – оқушының өзін–өзі танып–білуіне
жағдай жасауы қажет, күрделі әлемде өзінің өмір сүруінің мағынасы мен
тәсілінің анықтауына, өзінің ешкімге ұқсамайтын жеке қасиеттерін аша
түсуіне жол ашу. Мұғалімнің міндеті – адам этикасын түсіндіру, экзистенция
болмысының негізін, моральдік таңдаудың өзектілігін, өмірде өзін–өзі
анықтап, іздеп–табуына ықпалдасу. Мұғалім дәстүрлі мектепте жүзеге
асатындай тек өз пікірін ортаға салып, оқушылардың құндылықтары мен
көзқарастарының дамуына міндеттеу түрде әсер етуге болмайды.
Тәрбиенің басты әдісі – диалог, қысқа да нұсқа, танымдық әңгімелесу,
мұның нәтижесінде өзін–өзі талдау, өзін–өзі түсінуге деген ұмтылысы өрбиді
және өмірге тікелей сыни көзбен қарауға үйретеді.
Экзистенциалды педагогика ұжымдық тәрбиені жоққа шығарады және
мойындамайды, себебі жеке адам әлемде қайталанбайды және әр қайсысы өз
тағдыры мен ар–ожданын құруда өжет келеді. Көпшілік әрқашан кескінсіз әрі
сұрықсыз, ал жеке тұлғада өзіне тән ерекшелігі мен шығармашылық бастауы
орын алады. Мұндағы мектеп міндеті – жеке адамның шығармашылық бастауына
қолдау көрсетіп, оның әрі қарай дамуына ықпал жасап,оқушының креотивтілігін
ынталандыру түсу.
Неміс экзистенциалисті О. Ф. Больнов 50-ші жылдары жағымды
экзистенциализмін ұсынды – былайша айтқандағ жеке тұлға этикасының
оңтайлы нұсқасы деп санаған. Оның ойынша,сондай–ақ классикалық
экзистенциализмді жақтаған Ясперс, Сартер және басқалары айтқандай, адам
күйзеліске ұшыраған жағдайда уайымдау, кінә тағу, ашыну арқылы емес, адам
(мектепте осыған үйрету керек) байсалды ақыл–парасатымен шешіп, өмірге
шыдамдылықпен қарап,бар қиындыққа төтеп беруге дайын болуға, оның тағдырын
ұлы күш анықтайды деген сеніммен алға жылжып, өмірге, ортасына, тағдырына
деген бойында сенімділігі ұялап, қанағат тұтушылықпен өмірді сол қалпында
қабыл алуы. Больновтың ұйғаруынша сенім, үміт, қанағат – осы үш
адамгершілік құндылық классикалық экзистенциализмде тығырыққа тірейтін
көзқарас. Ол негізгісін ысырып тастамайды: экзистенциалды тәрбие адамның
жеке дара бағытын айқындаған, топқа қарсы тұра алатын, қоғамды жоятын,
өзін–өзі тапқан және өзінің өмір сүру мағынасын білетін адамды
қалыптастырды.
Бұған австриялық психолог-экзистенциалист В. Франкелдің логотерапиясы
жақын келеді. Оның ойынша, адамның өмір сүруі (экзистенция) оның өз
болмысының мағынасын табуына тәуелді. Бұл оның пікірінше, білім беруде
басты қағида болып саналады: ... білім берудің негізгі міндеті дәстүрлер
мен ілімнің берілумен қанағаттанудан тұрмайды, адамдардың таңғажайып
мағыналарды ашуына мүмкіндік жасауы үшін қабілеттерінің өсіп–өрбуінде.
Оның ойынша, экзистенциалды кеңістік кезінде білім беру жүйесінде
түпнұсқаға тәуелсіз шешімдер қабылдау қабілеті дамыған. (4.295. інде
Тәрбиенің мұндай тұрғысында көптеген тартымды, әсіресе нәзік еуропалық
зиялы қауымға: тоталитаризм мен конформизмге қарсы тұратын тұлғаның терең
жеке дара қалыптасуы. Басқа жағынан алғанда, экзистенциалды тұлғаның
қызығушылығы мен іс әрекеті шеңберінде өзіндік рефлексиясы шектеулі, өзінің
ішкі Меніне бағытталған, шын мәніндегі өмірде адамды түрлі жұмыстардан
белсенділігінен айырады. Бұл экзистенциалды педагогиканы таңдаулы
педагогикаға айналдырады. Сондай ақ мұның педоцентризммен көп ұқсастығы
табылады, және оның кейбір бөліктері білім саласының құндылықтары мен шет
елдегі тәжірибеге әсер етеді.
1.3.5 Әлеуметтену теориясы педагогикалық тұжырымдама ретінде
Баршаға аян, тәрбие оқу–тәрбие орындары шеңберінде жүзге асатын
ұйымдастырылған үрдіс қана емес. Тәрбие – бұл әлеуметтік те қызмет
атқарады, яғни жастарды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz