Педагогикалық технологиялардың дамуы


Ж О С П А Р
І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Педагогикалық технологиялардың дамуы
2. 2 Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
«Технология» ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдеиеттегі ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы саналуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы т. б.
Бұл технологиялардың қайсы түрі болмасын анықтаманы қажет етеді. Сондықтан да әрбір автор «тенология дегеніміз не?»-деген сұраққа немесе технологиямен байланысты жеке ұғымға өз анықтамасын беруге тырысады. Нәтижесінде, дәл қазіргі кезде білім беру жүйесінде жүріп жатырған үрдістердің технологиясын түсіндіретін жалпы анықтама алған жоқ.
Білім беру жүйесі-басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық объектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады. Технологиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез- келген саласында (басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг т. б. ) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, «білім беру технологиясы» деген сөз тіркесін бірыңғай түсіндіру мүмкін емес. Көптеген авторлар бұл жағдайды интуиция деңгейінде түсінеді де, бұл ұғымды тек қана оқытушы мен оқушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған үрдістерге ғана қатысты қолданылады. Егер бұл үрдісті оқыту үрдісі деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осв салаға арналған жиынтығы жатады. Біздің қарастыратынымыз да технологияның осы түрі.
Педагогикалық технологиялардың дамуы
«Технология» ұғымы грек тілінен енген екі сөзден тұрады: «техне»-өнер, шеберлік және «логос»-білім, оқу, ғылым деген мағыналарды білдіреді. Сондықтан, «технология» терминін қаза тіліне «өнер туралы ғылым» немесе «шеберлік туралы ғылым» деп аударуға болады. Бұған пәндік саланы сипаттайтын терминді қосамыз да кез-келген технологияның мәнін айқындаймыз.
Технологияның анықтамалары түсіндірме сөздікте былай берілген:
1 . Өндірістің белгілі бір саласындағы өндірістік операцилардың, әдістер мен үрдістердің жиынтығы, сондай-ақ белгілі бір істе немесе шеберлікте қолданылатын тәсілдер.
2. Белгілі бір өндірістік үрдісті іске асырудың әдістері, материалдар мен бұйымдарды өңдеудің әдіс-тәсілдері туралы білімдер жиынтығы.
Осы анықтамалардан көрініп тұрғанындай, көпшіліктің санасында технология термині өндіріспен тығыз байланыста қарастырылады.
Ал педагогикалық технология дегеніміз не? Бұл сұраққа нақты жауап беру үшін педагогикалық технологияға берілген бірнеше анықтамаларды қарастырып көрелік:
Технология дегеніміз- белгілі бір үрдістерді жүзеге асыру әдістері жайындағы білімдердің жиынтығы.
Технология дегеніміз -оқу үрдісін жандандыру мақсатында ұйымдастырылған, белгілі бір мақсатқа жұмылдырылған, алдын ала ойластырылған ықпал мен әсер.
Технология дегеніміз- білім алудың жоспарланған нәтижелерге жету үрдісінің сипаттамасы.
Технология дегеніміз- тәжірибе жүзінде орындалатын белгілі бір педагогикалық жүйесінің жобасы.
ЮНЕСКО-ның бір құжатында педагогикалық технологияға мынандай анықтама берілген. Педагогикалық технология дегеніміз- бүкіл оқу үрдісін бағалаудың жүйелі әдісі және білімді адамдық және техникалық ресурстарды ескере отырып игеру және білім берудің ең тиімді әдістеріне жету мақсатындағы олардың өзара ынтымаөтастығы.
Соңғы жылдары біздер отандық білім беру кеңістігінің барған сайын жаһандана түсу үрдісінің куәгері болып отырмыз. Ал бұл үрдістің, шын мәнісінде, оны орындаушыларды күтпеген тосын жағдайларға тап қылатын өте күрделі үрдісс екендігі дау тудырмаса керек. Оқу орындарының білім беру стандарттары жағдайына көшуі, яғни стандарттау үрдісі өкінішке орай, қажетті әдістемелік дайындықсыз, педагогикалық технологияның рөлі мен қызметін толық түсінбеушілік жағдайында басталды.
Орын алған дәл осындай келеңсіз жағдайдың нәтижесінде кейбір оқытушылар педагогикалық білімдердің дәл осы саласындағы өзгерістерге дайын болмай шықты, сөйтіп олар әдістеме мен технология арасындағы айырмашылықтарды сезіне де алмай қалды. Егер әдістемені көп жағдайларда оқу үрдісін ұйымдастырып және өткізуге байланысты ұсыныстардың жиынтығы деп қарастыратын болсақ, онда педагогикалық технологияның бойынан екі принципиалдық сәтті аңғаруға болады: 1) технология- ол түпкілікті нәтиженің кепілдемесі; 2) технология- ол болашақ оқу үрдісінің жобасы. Демек, педагогикалық технология -бір ретке келтірілген білім беру шараларының жүйесі болып табылады. Біздің ойымызша, оның мүлтіксіз орындалуы белгілі бір жоспарланған нәтижеге жетуді қамтамасыз ете алады. Ал біхдің тақырыбымыздың аясы тұрғысынан қарастырғанда, бұл- мемлекеттік білім беру стандарты болып табылады.
Сонымен, педагогикалық технология дегеніміз- ұстаздың кәсіби қызметін жан-жақты қамтамасыз ететін және жоспардағы басты міндетті орындаудың басты кепілі бола алатын технологиялық іс шаралар жиынтығы.
Біздің пайымдауымызша, оқу үрдісін жобалаудың технологиялық дәрежеге шығуы және бұл жобаның ойдағыдай орындалуы ұстаздың кәсіби деңгейін одан әрі арттыра түседі, оның тұлғалық қасиеттерін қалыптастырады, оқытушының оқу үрдісіндегі рөлін күшейтіп, оқытушының шығармашылық жағынан дамуына жаңа мүмкіншіліктер тудырады. Ал бұл оқытушының жаңа рөлі мен қызметі болып табылады.
Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы
АҚШ пен Батыс Европада XX- ғасырдың екінші жартысынан бастап оқу үрдісінің технологиясын жасау бағытындағы ізденістер белсенді түрде жүргізіле бастады. 1940-50- жылдары оқыту үрдісіне техникалық құралдардың енуіне байланысты «білім беру технологиясы» термині кеңінен қолданыла бастады. Кейінірек, 50-60-шы жылдары түрлі техникалық құралдарды қолдану әдістері жөніндегі еңбектердің ықпалымен «педагогикалық технология» деп атала бастады. 60-шы жылдардың ортасында технологиялық әдіс шет елдерде баспасөз беттерінде және халықаралық конференцияларда кеңінен талқылана бастады. Бұл істе негізгі екі бағыт көзге түсті. Біріншісі, бұрынғыша технологиялық әдісті техникалық құралдарды қолданумен байланыстырса, екіншісінің көлемінде оқу үрдісінің өзін ұйымдастырудағы технологиялық әдістер дами бастады да «оқытудың технологиясы» деген термин пайда болды.
60-шы жылдардың аяғы, 70-ші жылдардың бас кезінде көптеген елдерде (АҚШ, Англия, ФРГ, Франция, Италия, Япония т. б. ) оқытудың технологиясын жасау, дамыту жұмыстарымен айналысатын мекемелер жұмыс жасай бастады. Дегенмен, оқыту үрдісі білім беру үрдісінің бір ғана бөлігі болып табылатындықтан «оқыту технологиясы» терминінің мағыналық аясы өте тар. Мұндай кемшілік «тәрбиенің технологиясы», «дамыту технологиясы», «қалыптастыру технологиясы» ұғымдарына да тән.
Қазіргі батыстағы педагогикалық әдебиеттерде білім беру саласындағы технологияны белгілеу үшін «an educational technology»ұғымы қолданылады, оны дәстүр бойынша «білім беру технологиясы» деп аударып жүрміз. Осы ұғым ғана мейлінше аясы кең білім берудің түрлі салаларында (басқаруда, материалдық жабдықтауда, қаржыландыруда, біліктілікті арттыруда, кадрлар даярлауда, түрлі оқыту мекемелеріндегі оқыту үрдісінде және т. б. ) қолданылатын кез келген технологияны сипаттай алады. Сондықтан, «білім беру технологиясы» терминін бүкіл білім беру жүйесін технологияландыру заңдылықтарын зерттейтін ғылыми пәнге (дисциплина) қатысты қолданса дұрыс болар еді. Бірақ, әзірше бұл термин көп жағдайда тек тектептегі оқу үрдісі төңірегін сипаттауда ғана қолданылып жүр.
Сондықтан, бұдан әрі қарай «білім беру технологиясы» ұғымын- мұғалімдер мен оқушылардың білім берудің жоспарланған мақсаттарына бағытталып арнайы ұйымдастырылған өзара қарым-қатынас үрдісі технологиясы ретінде қолданамыз.
Білім берудің технологиясына -оқытудың техникалық құралдары, білім беруде қолданылатын ақпараттық технологиялар, қашықтан оқыту да жатады. Әрбір нақты жағдайда білім беру технологиясының белгілі бір түрі туралы сөз болады, сондықтан, оларды жеке қарастырған кезде түрлік ерекшелігін атап көрсетуге тиіспіз. Бұл ережеден тыс тұрған тек «педагогикалық технология» ұғымы ғана. Бұл бұрын оқу үрдісінің «педагогикалық үрдіс» деп аталуына байланысты. Кей жағдайда бұл екі ұғымды синоним ретінде қолдануға болар еді. Бірақ, әлемдік терминологияның бірегейлеуіне байланысты «білім беру технологиясы» ұғымына тоқталуға тиіспіз.
Сырт көзге оқу үрдісіндегі әдістемелік және технологиялық әдіс-тәсілдерде қарама-қайшылық жоқ. Себебі, «оқытудың әдістемесі» ұғымы «білім беру технологиясы» ұғымынан әлдеқайда кең.
Әдетте, әдістеменің пәні-білім берудің мақсатын, мазмұнын, оқу үрдісін ұйымдастырудың әдістерін, түрлерін, құралдары мен тәсілдерін қамтитын әдістемелік жүйе деп саналады. Дәлірек айтсақ, әдістеме негізгі үш сұраққа жауап беруге тырысады: не үшін, неге және қалай оқыту керек? Ал, технолог болса, мақсат белгілі болып, оған жетудің нақты іс -әрекетін, жолдарын анықтауға келген кезде ғана іске кіріседі. Сондықтан, технология, негізінен, триаданың үшінші сұрағына ғана жауап береді.
Схема түрінде бұл жағдай төмендегіше сипатталар еді:
Бір қарағанда, технологияның әдіс жеке әдістемелер ішінде де дами алар еді деген ой туады. Бірақ, әдістемелік және технологилық амалдардың мақсаттық ұстанымдары әртүрлі.
Әдістеме мен технологияда қолданылатын оқу үрдісін сипаттайтын тілдік құрал (терминология) да әртүрлі.
Нәтижеде, көптеген тамаша әдістемелік жүйелер (В. Ф. Шаталов, В. К. Дьяченко т. б) іске асырылар деңгейге келген кезде қиындықтарға жолықты. Себебі, жаңа жағдайда жүйені жұмыс жасатуда алынған сипаттамалар жеткіліксіз болып отырды.
А. Кушнир: «Технология әдістемеден өзінің нәтижелерінің тұрақтылығымен, тез қайта қалпына келетіндігімен, көптеген «егерлердің» жоқтығымен (егер оқушылар талантты болса; егер оқытушы талантты болса; егер мектеп бай болса . . . т. б. ) ерекшеленеді. Әдістеменің тәжірибені қорытындылаудан білімді үйренудің жаңа әдістері ойлап табылғанда ғана дүниеге келетіні үйреншікті жағдай. Технология болса, ықтимал нәтиже емес, берілген бастапқы нақтылы жағдайларға байланысты жобаланады.
Технология ұғымы тар мағынада -бір нақты объектінің иехнологиясы ретінде, және кең мағынада- ғылым саласы ретінде қарастырылады. Егер, технологияны педагогикалық ғылымдарға қатысты алсақ, онда тікелей дидактиканы қарастырамыз:
1. Дәстүрлі дидактика- әдістемелік тәсілдерді жинақтауға бағытталған оқытудың теоиясын және сондай-ақ, оқушылардың оқу қызметі барысында дағды, білік, білімдерін игеру үрдісін оңтайландыра түсетін оқытудың ұйымдастырылған түрлері мен әдістерін жасауды өзінің басты ретінде қояды.
2. Әдетте, дидактиканың пәні- білім берудің мазмұны және оқыту үрдісін ұйымдастыру деп қысқаша көрсетіледі. Толығырақ дидактиканың пәнін былай сипаттауға болады: бұл- оқытудың мақсаттары, мазмұны, заңдылықтары, әдістері және принциптері.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz