Халықтың тұрмыс деңгейі


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

г) Халықтың тұрмыс деңгейі

Экономикалық саясаттың басты міндеті - халықтың әл-ауқатын көтеру деп есептелді. Кеңес адамдарының тұрмыс деңгейі жақсара бастады:

• Жан басына шаққандығы нақты табыс- 2, 6 есеге өсті; Төменгі жалақы - 70 сом;

• Колхозшылардың кепілді еңбек ақысы өсті (100-ден210 сомға) ;

• Орташа зейнетақы 51, 1 сомнан 93, 2 сомға көтерілді; 1971 жылы колхозшылар үшін де зейнетақы белгілеу тәртібі енгізілді;

• 1970-1985 жылдары 887, 7 мың пәтер тұрғызылып, 3 млн. -нан астам адам қоныстандырылды;

Осы мәліметтер халықтың тұрмыс дәрежесі үнемі өсіп келеді деген ой туғызды, ал іс жүзінде халық тұрмысы 30-40 -жылдармен салыстырғанда ғана жақсарды. Денсаулық сақтау саласының көрсеткіштері 20-25 жылдар деңгейінде қалып қойды.

Дамыған капиталистік елдерден халықтың материалдық тұрмыс деңгейінің елеулі түрде артта қалушылығы күшейді.

Тұрмыс деңгейінің құлдырау себептері:

- Әлеуметтік саланы дамытудағы қалдықты ұстанымның сақталуы.

- Тауарлар сапасының нашарлауы.

- Ақы төлеудегі теңгермешілік.

- Қоғамдық меншіктің өктемдігі. Тұрмыс деңгейінің төмендеуінің зардаптары:

- Қазақстан халықтың тұрмыс дәрежесі бойынша Одақтық көрсеткіштерден артта қалды.

- Еңбекке немқұрайлы қарау туындады.

- Ұрлық, еңбек тәртібінің құлдырауы, маскүнемдік жаппай құбылысқа айналды.

- Тауар зәрулігі күшейді.

д) Халықаралық жағдай.

1 Қоғам дамуындағы демократиялық (және төрешіл бетбағыттар күресі сыртқы саясатқа қайшылықты сипат берді. 70-жылдардағы Кеңес басшылығының бағыты - халықаралық шиеленісті айықтыру (1975 ж. Хельсинки келісімі) .

Өзгерістер жағдайында Қазақстаннын халықаралық байланыстары мәдени және экономикалық бағытта нығая бастады.

• Мәдени-экономикалық байланыстар (96 елмен, 1977ж) .

- Экспорт негізінен шикізаттық өнімдер болды: түсті металл, хром кені, темір балқытпалары, жұқа болат тақталары, мұнай т. б. Бұл өнімдер әлемнің 80 еліне жөнелтілді.

- Импорт түрлері: металл кесетін станоктар, жол құрылысы жабдықтары, электровоздар, жиһаз, киім, тағам, электр тауарлары т. б.

Мәдениет саласындағы байланыс:

- Қазақстандағы кеңес-сирия достастығының күндері.

- Францияның КСРО-дағы күндері.

- Еуропа, Азия, Африка, Америкада қазақ операсы мен балеті, көркемсурет пен графикасы, қолданбалы өнер шеберлері өнерлерін көрсетті.

- Ирак, Египет, Үндістан, Монголия, Финляндия, Ауғанстанда жүздеген қазақстандық мамандар жұмыс істеді.

Ғылыми байланыстар:

- Қазақ КСР Ғылым Академиясы шетелдердің ғылыми мекемелерімен бірлестікте 31 проблемаларды зерттеді.

- АҚШ, Франция, Италия ғалымдарымен байланыс орнатылды.

- Чехословакия, Болгариямен химия ғылымдары институты қызметкерлері қатынаста болды.

Сыртқы саясатта көптеген кедергілер бой көтерді. "Саяси күрестің күшеюі" жолнұсқасының орнына "Идеологиялық күрестің күшеюі" жолнұсқасы келді. Салдары:

- Екі түрлі әлеуметтік - саяси жүйе әскери күштерін өсіруге ұмтылды (КСРО -АҚШ) .

- Қарулануға жұмсалатын қаржы көбейтілді.

- Әлеуметтік-тұрмыс деңгейі төмендеді.

Қазақстан-елдің қорғаныс комплексінің аса зор ядролық полигонына айналдырылды.

« Республикада әскери өнеркәсіп кешенінің 43 ірі кәсіпорны орналасты (1985 ж. )

• Полигондар, әскери объектілер аумағы-18 млн. ға (1980ж. ) .

• Ауылшаруашылығына жарамсыз жерлер-720 шаршы шақырым.

• Семей ядролық полигоны аумағы-8, 372 шаршы шақырым. Орналасқан жері - Семей, Павлодар, Қарағанды облыстарының түйіскен жері. Полигонда алғашқы ядролық сынақ өткізілген уақыт. 1949 жылғы 29 тамыз. Әрбір эксперимент қондырғы мен жер астында өткізу құны-30 млн. сом.

• Полигондағы жарылыс саны-500-ге жуық (459), оның 113-і әуеде жарылды. Ашық ауада ядролық сынақ 14 жылға жалғасты.

• Сынақтан ионды радиацияның әэулесіне ұшыраған Семей тұрғындары-500 мың. 1975-1985 жылдары экологиялық аурудан қайтыс болған Семей облысының тұрғындарының саны 7 есеге өсті. Сэуле ауруына ұшыраған аймақтар: Абай аудаңы (Семей облысы), Егінді бұлақ ауданы (Қарағанды облысы) .

Дәрігерлерге ионданушы радиацияға байланысты туындаған ауруларға дәл диагноз қоюға тыйым салынды. Атом қаруын сынаудың адам денсаулығына зиянды әсері туралы шынайы мәліметтерді 1990 жылға дейін жасырып келді.

• 1989 жылғы ақпан - "Невада-Семей" қозғалысы құрылды. Мақсаты:

- Ядролық сынақтарға қарсы күресу жетекшісі - О. Сүлейменов.

• 1989 жылғы 6 тамыз- Қарауыл ауылы (Семей облысы) жанында "Невада-Семей" қозғалысының ұйымдастыруымен митинг өткізілді. Қаралған мәселе: КСРО мен АҚШ арасында ядролық сынаққа бірлесіп мораторий жариялау қажеттігі туралы үндеу қабылдау.

Нәтижесі:

- 1989 жылы 18 жарылыс жасау жарияланса, соның 11-ы тоқтатылды.

- Жарылыс жасауға мораторий жарияланды.

• 1990 ж. мамыр - Алматыда "Дүние жүзінің сайлаушылары ядролық қаруға қарсы" атты халықаралық конгресс өткізілді.

• 1991 ж. 28 тамыз - Президент Н. Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойды.

Тарихи маңызы:

- Алғашқы рет ең ірі полигонның жабылуы.

- Жалпыға бірдей ядролық қарусыздану процесіне үлес қосуы.

- Ресей, АҚШ, Францияның полигондарында мораторий жариялануы. Бұдан басқа республика территориясында 27 жерде 38 ядролық жарылыс жасалды.

Полигон аймақтары:

• Атырау облысы(17 жаппай қырып-жоятын қару) ;

• Батыс Қазақстан облысы (8 ядролық заряд) ; "Капустин Яр" полигоны

• Ақтөбе, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстары;

• Барсакелмес және Возрождение аралдарындағы бактериологиялық қару (Арал теңізі) ;

• Маңғыстау облысы (3 жерасты сынағы, 1969-1970 жж. ) .

1960 жылдың ортасынан КСРО-Қытай қатынасы салқындай бастады:

• 1964 жыл-екі ел арасындағы әскери шиеленіс күшейді.

• 1967 жыл-кеңес шекарасындағы Қытай әскерлерінің саны 400 мыңға жетті.

- 1969 жылғы 13 маусым-Даман аралында екі ел арасындағы әскери қақтығыс болды.

- 1969 жылғы 13 тамыз-Жалаңашкөл (Семей облысы) бойындағы ірі әскери қақтығыс. Кеңес басшылығы Қытай ядролық объектілеріне алдын-ала ескерту соққыларын беру жоспарын дайындады. Ядролық соғыс қаупі төніп, КСРО - Қытай басшыларын келіссөз жасауға мәжбүр етті:

• 1969 жылғы 11 қыркүйек-Пекинде А. Н. Косыгин мен Чжоу Эньлай арасындағы кездесу. Нәтижесі: соғыс қаупі жойылды.

1979 жылы желтоқсан - Ауғанстан жеріне кеңес әскерлері енгізілді. Бұл Л. И. Брежнев бастаған Кремльдегі топтың шешімі еді. Бұл шешімге қарсы шыққан-академик А. Д. Сахаров.

- КСРО Жоғарғы Кеңесіне, Л. И. Брежневке Ауғанстанға кеңес әскерлерін енгізудің қателігі туралы хат жолдады.

- Ауған проблемасын БҰҰ-да шешу мәселесін көтерді.

- Кеңес әскерлерін Ауғанстан территориясынан алып кетуді талап етті.

- Кеңес басшылығына әскери және ядролық тұжырымдарды қайта қарауды тапсырды. Брежнев бастаған басшылық А. Д. Сахаровты Мәскеуден Горький (Төменгі Новгород) қаласына жер аударды.

Ауғанстан соғысының зардаптары:

• 21979 қазақстандық қатысты.

• 780 қазақстандық қаза тапты.

• 393 адам мүгедек болды.

• 22 адам хабарсыз кетті.

Кеңес әскерінің соғыс әрекеттері КСРО-ға 5 млрд. сом шығын әкелді. Соғыс салдары:

• КСРО-ның халықаралық беделіне нұсқан келтірді.

Соғыстың нәтнжесі:

• 1988 жыл - кеңес әскерлері Ауғанстаннан шығарыла бастады.

• 1989 жылғы ақпан-Ауғанстаннан кеңес әскерін ә кету аяаталды.

Кеңестік сыртқы саясаттағы келесі қателік- орта радиуста әрекет ететін ракеталарды Еуропаға орналастыру. Бұл КСРО-ның сыртқы саясатына сенімсіздік туғызды.

70-80 жылдары әлемдік социализмнің даму қарқынының бәсеңдеуі байқалды. Жанартуға ұмтылыстар оппортунизм, ревизионизм, "капитализмге қайта оралу" деп бағаланды. Идеологиялық қысым көрсету мен жазалау социализм елдеріндегі рухани өмірдіц басты ұстанымына айналды.

X БӨЛІМ

Демократиялық қалыптасу кезеңі.

I ТАРАУ Қоғамның жаңаруы.

а) Дағдарыс алдындағы қоғамның жағдайы

80-жылдардың басында КСРО экономикалық, әлеуметтік, саяси дағдарыс алдында тұрды. Әкімшіл-әміршіл жүйе қазіргі заманның нақты жағдайына жауап бере алмайтын еді. Қоғамның барлық жақтарын, оның экономикалық негіздерін, әлеуметтік өмірді, саяси құрылымды, рухани саланы жаңарту қажеттілігі сезілді.

  • КСРО қоғамдамуының жаңа бетбағытына мұқтаж жағдайда тұрды.

ә) Жеделдету бағыты.

• 1982 жылғы 10 қараша - Л. И. Брежнев қайтыс болды.

• Партия мен үкімет басшылығына Ю. В. Андропов (1982-1984ж. ж. ) келді. Ол 80-жылдардың басындағы елде қалыптасқан жағдайдың күрделілігін түсіне білді:

- Өкіметтің жоғары эшелонында жүйелі түрде тәртіп орнатуды бастады.

- Өндірістс реттілік пен тәртіпті жолға қоюды қолға алды.

Алайда, бұл шешімдерді іске асыруда дәстүрлі әкімшілдік-бюрократтық рухтағы жергілікті органдар заңдылықтың өрескел бұзылуына жол берді.

• 1984 жылғы ақпан Ю. В. Андропов қайтыс болды. Саяси басшылық КОКП Орталық Комитетінің Бас хатшылығына К. У. Черненконы сайлады (1984-1985ж. ж. ) .

• Оның басшылығы тұсы тоқырау кезеңінің нашар дәстүрлерінің қайта тууымен сипатталады:

- Молотовтың партиялылығын қалпына келтірді.

- КОКП ОК-нің ғылыми-техникалық саясат жөніндегі пленумы өткізілмеді (1984 ж. ) .

- Елді күйзеліске ұшырататын, орасан зор қаржыларды мағынасыз жұтатын гидромелиорациялық жұмыстарды жалғастыруға рұқсат берілді.

• 1985 жылғы наурыз - К. У. Черненко қайтыс болды. КОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы қызметіне М. С. Горбачев сайланды (1985- 1991 ж. ж. ) .

1985 жыл, ы сәуір - КОКП Орталық Комитеті пленумында әлеуметтік-экономикалық өмірдің мәселелеріне жаңаша қарауға әрекет жасалынды.

1985 жылғы сәуір Пленумы әлеуметтік-экономикалық дамытуды жеделдету бағыты.

Кемшіліктері:

- Жеделдету бағыты ғылыми концепциясыз, анық бағдарламасы жүргізілді.

- Әлеуметтік және экономикалық дағдарысты мемлекеттік жүйені қайта құру арқылы емес, жекелеген шаралардың көмегімен, идеялық-саяси тәрбиені күшейту арқылы жоюға болады деп есептеді.

- Жеделдету бағытының сегсіздікке ұшырауының негізгі айыптылары жекелеген басшылар деп жарияланды. Мәскеуде - В. В. Гришин; Ленинградта-Г. В. Романов; Қазақстанда - Д. Конаев; Әзірбайжанда - Г. Алиев.

Сәуір Пленумынан кейін КОКП ОК-нің "Маскүнемдік пен еңбексіз табысқа қарсы күрес" қаулысы жарияланды. Партиялық комитеттердің нұсқаулары бойынша науқан өрістеді:

- Жүзім шабындықтары оталып, ішімдіксіз аймақтар жарияланды.

- Кафелер жабылып, ресторандар өзгертілді.

- Жеке адамдарға өз өнімдерін өсіріп, базарда сатуға рұқсат берілмеді.

Окімет орындарының шалағай шараларының салдарлары:

- Самогон қайнату күшейді. Спиртті ішімдіктерге алып-сатарлық өсті.

- Нашақорлық үдеді. Тұрмыстық маскүнемдік артты.

- Ұрлық, қылмыс көбейді. «Көлеңкелі экономика» нығая түсті.

б) Қайта құру бағытының қарама - қайшылығы.

1987 жылғы қаңтар - КОКП ОК-нің Пленумында "Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы" мәселе талқыланды. Кемшіліктері:

- Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады.

- Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды.

1987 маусым - КОКП ОК-нің Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселелеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде "Мемлскеттік кәсіпорын туралы заң" қабылданды:

- Тауар-ақша қатынастарының ролі айқындалды.

- Мемлекеттік кәсіпорындар дербсс тауар өндірушілер ретінде қарастырылды.

- Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды.

- Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді. Алайда, бұл шаралар іске асырылмады.

Қоғамның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі анқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын тауарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады.

Қазан төңкерісінің 70 жылдығындағы мерекелік мәжілісте М. С. Горбачев қоғам дамуының негізгі кезеңдеріне талдау жасады:

- Тарих «ақтаідақтары» жаңа тұрғыдан қаралды.

- Сталинизм қылмысты құбылыс деп танылды.

1987 жылғы қазан - КОКП ОК-нің Пленумында Мәскеу қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы Б. Н. Ельцин қайта құру барысына, реформа баяулығына наразылық білдірді. Алайда, оның сөзі «қайта құрудың ту сыртынан тиген соққы» деп қабылданып, баспасөзде жарияланбады. Б. Ельциннің сөзі толық көлемде 1988 жылдын көктемінде ғана жарық көрді.

1988 жылғы маусым - КОКП-ның XIX Бүкілодақтық конференциясында қоғамның әлеуметгік-экономикалық жүйесіне талдау жасалды. Шешімдері:

- Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместігін мойындау.

- Демократияландыру мен жариялылық.

- Төрешілдікке қарсы күрес.

- Халықтық реформа жүргізу.

- Әлеуметтік әділеттілік ұстанымдарын жүзеге асыру.

в) Қоғамның саяси және әлеуметтік өміріндегі қайшылықтар

Әміршіл-төрешіл жүйенің жоспарлауындағы және өндіргіш күштерді орналастырудағы жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының нәтижесі тоқырау құбылыстарын туғызды. Ол кемшіліктер мен қайшылықтар:

- Жоспарлау және жаңа кен орындарын игеру кезінде республика мүддесі есепке алынбады.

- Ведомстволар меншігіне түскен табыстардан республикаға болмашы ғана бөлігі беріліп, жергілікті халыққа ештене тимеді.

- Қаржының көп бөлігі өндіруші салаларға жіберілді.

- Халыққа қажетті тауарлардың 60%-на жуығы шеттен тасымалданды.

- Ғылым мен агарту саласын қаржыландырудың "қалдықты" ұстанымы сақталды.

- Барлық ғылымдар ресми саясаттың елгезек "қызметшілеріне" айналды.

- Мәдениет ұлттық тамырларынан қол үзіп, өзіндік ерекшеліктерінен айырыла бастады.

- Қазақ тіпі қоғамдық орындарда қызмет етуден қалып, тек тұрмыстық тілге айналды. Нәтижесінде 1954-1986 жылдар аралығында 600-ден астам қазақ тілінде оқытатын мектептер жабылды. Маңызды саяси шешімдер Мәскеуде қабылданып, ұлттық республикаларға директива ретінде жіберіліп отырды. Жоғары жақпен келіспеушілік немесе қарсылық "партиялық тәртіпті бұзу" немесе "ұлтшылдық" деп бағаланып, қатал жаңаланды.

- Қазақстан басшыларының көз алдында Арал құрғап, Семей полигонында үздіксіз жарылыстар болып жатты.

Қазақ тілінің қолданылу аясы тарыла түсті.

- Парақорлық, маскүнемдік, адамдардың әлеуметтік немқұрайлылығы күшейді.

1986 жылғы ақпан-наурыз - Қазақстан Компартиясының XVI съезі әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың себептеріне терең талдау жасамай, жекелген кемшіліктерді сынаумен шектелді.

Республика басшысы, дарынды қайраткер Д. А. Қонаевтың (1912-1993ж. ж. ) өзі де әміршіл-әкімшіл жүйенің өкілі ғана болып қалды. Оған КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері ретінде өзіндік табынушылық қалыптасты. Д. А. Қонаевтің тағдыры Кремльде шешілді.

1986 жылғы 16 желтоқсан - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің V пленумында (18 минуттық) ұйымдастыру мәселесі қаралды. Шешімі:

- КОКП Орталық Комитетінің хатшысы Г. П. Разумовский ұсынысымен Д. А. Қонаев қызметінен алынды.

- Қазақстан Үкіметінің басшылығына КОКП-ның Ульяновск облыстық комитетінің бірінші хатшысы болып істеген Г. В. Колбин тағайындалды (1986-1989ж. ж. ) .

Қоғамда жарияланған мақсаттар мен нақты өмір арасындағы күрделі қайшылық нәтижесі 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғаларына әкеп тіреді.

1986 жылғы 17 желтоқсан - Алматыда жаппай толқу басталды. Кейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына тарады. Желтоқсан оқиғасы басталуының сылтауы - Г. В. Колбиннің республиканың жоғарғы басшылығына тағайындалуы. Желтоқсан оқиғасының болу себебі:

• Орталықтың өктемдік әрекеттерінен қайта кұру жариялаған демократиялық ұстанымдар арасындағы қарама-қайшылықтар.

Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Басқа халықтарға қарсылық және мемлекеттік құрылысты жою үндеулері болған жоқ, Әміршіл басшылық саяси наразылықты өкімет билігіне төнген қатер деп бағалап, Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтірді. КОКП ішкі істер министрі А. В. Власов еліміздің 8 қаласынан Алматыға ішкі істер министрлігі әскерлерінің арнайы бөлімдерін жіберуге шешім қабылдап, заң бұзушылыққа жол берді. Шеруді тарату кезінде сойылдар, саперлік күректер, үйретілген иттер, су шашатын машиналар пайдаланылды. Партия комитеттері мен өкімет тарапынан бақылаусыздыққа жол берілді:

• 8, 5 мыңнан астам адам ұсталып, қаланың сыртына әкетілді.

• 99 адам айыпталып, бас бостандығынан айырылды (46-сы кейін ақталды) . 2 адам-ату жазасына кесілді, 83 адам - 1, 5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

• 52 адам партия қатарынан шығарылды.

• 787 адам комсомол қатарынан шығарылды.

• 1138 адам комсомолдық сөгіс алды.

• Жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды.

• 271 студент оқудан шығарылды.

• Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау және көлік министрліктерінен 309 адам жұмыстан шығарылды.

Желтоқсан құрбаны - Қайрат Рысқұлбеков-Алматы архитектура құрылыс институтының студенті. 1988 жылы КСРО Жоғары Кеңесі оған берілген ату жазасын 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырды. 1988 жылғы мамырда қайтыс болды. 1996 жылғы 9 желтоқсан - "Халық қаһарманы" атағы берілді.

1987 жылғы шілде - КОКП Орталық Комитеті «Қазақ республикалық партия ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие берудегі жұмыстары туралы» қаулы қабылдады. Желтоқсан оқиғалары - «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағаланды.

Көпшіліктің табандылықпен талап етуінен кейін қаулыдағы қазақ ұлтшылдығы деген айып қате деп мойындалды.

1989 жылғы мамыр-маусым КСРО халық депутаттарының I съезінде дарынды ақын М. Шаханов Желтоқсан оқиғаларына әділ баға беруді талап етті. Желтоқсан оқиғаларына байланысты түпкілікті баға беру жөніндегі комиссия құрылды (төрағасы КСРО халық депутаты, ақын Мұхтар Шаханов) .

1990 жылғы 24 қыркүйек - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының қаулысында бейбіт және сан жағынан аз наразылық демонстрацияның жаппай тәртіпсіздікке ұласып кетуінің себебі көрсетілді. Ол себептер:

- Республика басшыларының саяси дәрменшдігі, қиын жағдайдан бейбіт жолмен шыға алмағандығы.

- Басшылардың күшке арқа сүйегендігі.

1991 жылғы желтоқсан - «1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде» Н. Ә. Назарбаевтың жарлығы. Онда:

- Жауапкершілікке тартылған жастарды ақтау.

- Ішкі істер бөлімінің әскери қызметкерлері мен құқық қорғау орындары қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау жөніндегі Жарлықтың күшін жою ұсынылды.

- 17 желтоқсан Демократиялық жанару күні деп жарияланды.

Желтоқсан толқуының т арихи маңызы:

- Қазақ халқының тәуелсіздікке ұмтылуына жол ашты.

Алматыдағы желтоқсан оқиғалары партия басшылығын жылдар бойы қордаланып қалған мәселелерді шешудін тәсілдері мен жолдарын іздестіруге мәжбүр етуі тиіс еді. Осындай шешімін таппаған түйіннің бірі - 1989 жылғы маусымдағы Маңғыстау облысының Жаңа Өзен қаласыидағы ірі толқу.

Толқудың себептері:

- Жергілікті тұрғындар арасындағы жұмыссыздық.

- Орталық ведомстволардың жұмыс қолдарын сырттан әкелуі.

- Тұрғын үй алу және балабақшаға орналастырудың қиындығы.

- Сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерінің жұмысындағы ірі кемшіліктер.

- Үй бөлудегі, азық-түлік және өнеркәсіп тауарларын бөлудегі әлеуметтік әділеттік ұстанымдарының жиі бұзылуы. Әлеуметтік жағдайлар шиеленісуі ұлтаралық қатынастардың шиеленісуімен (жергілікті тұрғындар мен қавказдықтар) ұштасты. Бұл жанжал құқық қорғау орындары мен арнайы тапсырмалы әскерлердің көмегімен тоқтатылды. Бірақ көптеген мәселелер бұрынғысынша шешілмей қалды.

1989 жылғы шілде - Қарағандыдағы 10-15 мындай адам қатысқан кеншілер ереуілі. Олар экономикалық және саяси талаптар көтерді:

- Еңбекақыны арттыру, азық-түлік түрлерін көбейту, шахталардағы жұмыс жағдайын жақсарту.

- Семей ядролық полигонын жабу, одақтық ведомостволардың монополиясын тоқтату.

Ереуілді тоқтату үшін КСРО көмір өнеркәсібі министрі М. И. Шадовтың келуі кеншілерді тоқтатпады. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н. Ә. Назарбаев Қарағандыға келіп, кеншілермен бірнеше рет кездескеннен кейін ереуіл тоқтатылды. Кеншілер мен басшының көзқарастары бірдей болды:

- Орталық ведомостволардың монополиясына наразылық.

- Этономикалық дербестікті сақтау. Республика басшылары кеншілердің талаптарын орындауға уәде берді.

Бұл оқиғалар жұмысшы қозғалысының елеулі саяси күшке айналғанын көрсетеді. Алайда КСРО басшылығы республика халқының әлеуметтік жағдайын көтеру мәселесіне әлде де көңіл бөлмеді.

г) Экономикадағы проблемалардың тереңдей түсуі.

Басшылық 80-жылдары сыртқы саясаттағы және ішкі экономикалық дағдарыстарды жеткілікті бағалай алмады. Ел басшылары бұл проблемаларды ескі әміршіл әдістермен шешуге болады деп есептеді.

Кеңес Одағы экономикасының милитаристік сипаты сақталған, ядролық арсеналы мен үлкен армиясы бар держава болғанымен, әлеуметтік жағынан өте дәрменсіз қоғам болды.

1987 жылы басталған республика халық шаруашылығының құлдырауы тереңдей берді. Республика экономикасына халық шаруашылығының қалыптасқан салалық құрылымы кері әсер етті.

• Өндіруші саланың үлесі одақ бойынша - 9%, республикада - 14, 7%.

• 1988 жылы республикадан сыртқа - 6, 7 млрд. сомның өнімі шығарылды.

• 1988 жылы сырттан - 13, 8 млрд. сомның тауары әкелінді.

Осылайша қалыптасқан экономикалық байланыстардың құрылымы тиімсіз болды.

Республиканың экономикалық дамуында экстенснвті факторлардың ролі өте жоғары болып қалаберді.

80-жылдардың соңында Қазақстан сыртқы рынокқа неғұрлым белсенді шыға бастады:

- Экспорттың 97%-ы - шикізаттар, материалдар, жартылай дайын өнімдер.

- КСРО экспортындағы сары фосфордың 90%-ы, мыстың 72%-ы, барлық хром, қорғасын, мырышты Қазақстан дайындады.

- Экспортқа шығарудан Қазақстан КСРО-да 5-орында тұрды.

Республикада Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі ұйымдастырылып, республикалық Сыртқы экономикалық банкі құрылды. Бұл шаралар әр түрлі сыртқы экономикалық ассоциациялардың, корпорациялар мен копсорциумдардың құрылуына алып келді.

• 1990 жылғы қараша - алғаш рет «Аль-Барака Банк Қазақстан» банкісі Сауд Арабиясымен бірлесе құрылды.

• 1991 жыл - сыртқы сауда 1, 5 есеге өсті.

• Корея республикасының «Самсунг», «Голд Стар» корпорзцияларымен байланыс нығайды.

• 1991 жыл - республикада 24 ел қатысқан 35 біріккен кәсіпорын, 16 сыртқы экономикалық ассоциялар, халықаралық коммерциялық банк қызмет істеді. Кәсіпорындарды көптеп тарту үшін шетелдік иивесторлар 5 жылға дейін пайда салығынан босатылды. Еркін экономикалық аймақтар құрылды:

Жәйрем-Атасу, Қарағанды, Маңғыстау, Алакөл және Жәркент.

Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық-мәдени байланыс өсті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі жағдайдағы тұрғындардың тұрмыс деңгейін бағалауды және арттыруды теориялық негіздеу және оның механизмін жетілдіру
Адам дамуы тұжырымдамасының қалыптасуы және дамуы
Кедейшілік және оның белгілері. Қазақстандағы кедейшіліктің ерекшеліктері
Ұзақ мерзімді басым мақсаттары мен оларды іске асыру стратегиялары
Адам даму индексі және оның негізгі көрсеткіштері
Әлеуметтік саясаттың мәні мен мазмұны
КЕДЕЙШІЛІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨЛШЕМІ
Қазақстандағы кедейліктің осы заманғы жағдайы
Есік қаласының экономикасы мен әлеуметтік аясының кешенді даму жағдайы және болашағы
Адам дамуының аймақтық аспектісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz