Химиядан олимпиадалық есептерді шығару әдістерін зерттеу


Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . ………. … . . . 3

ҚЫСҚАРТУЛАР . . .

І БӨЛІМ. МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНДАҒЫ ЕСЕПТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ

1. 1Химия есептерін шығарудың мақсаттары мен міндеттері . . . 4 1. 2 Химиялық есептердің түрлері және мазмұнына байланысты

жіктелуі . . . 6

1. 3 8 сынып деңгейіндегі есептердің мазмұны . . . 8

1. 4 9 сынып есептерінің түрлері және шығару әдістері . . . 10

1. 510 сынып есептерінің мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жалпы құрылымы мен мазмұны . . . 14

1. 611 сыныпта енгізілетін есептердің типтері . . . 18

II БӨЛІМ. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

2. 1 Сандық есептерді шығару әдісі қолданылған сабақ мазмұны . . . 28

2. 2 Табиғи ресурстық шикізаттардан жаңа заттар өндіруге байланысты

жүргізілетін химиялық есептеулер . . . 31

2. 3 Ерітінді . . . 36

2. 4 Электролиз . . . 39

2. 5 Қаныққан көмірсутектер тақырыбына есептер шығару . . . 42

2. 6 Қанықпаған көмірсутектер тақырыбына есептер шығару . . . 46

2. 7 Органикалық химияға кіріспе тарауына бақылау жұмысы ………49

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 52

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 53

КІРІСПЕ

ҚР білім беру саласында көптеген өзгерістер оқу үрдісін сапалы ұйымдастырудың қажеттілігін қамтамасыз етуді көздейді. Оқыту- мұғалім мен оқушылардың белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған, реттелген, бірлескен іс - әрекеті, оқушылардың танымдық іс - әрекетін арнайы ұйымдастыру.

Еліміздің жан-жақты ғылыми негізде дамуына зор үлес қосатын ғылымдарқатарына жаратылыстану ғылымдары жатады. Химия-жаратылыстану ғылымдарының негізгі бір саласы. Техникалық және экономикалық дамудың халықтың әлеуметтік жағдайын арттырудағы маңызы химия ғылымымен тікелей байланысты деуге болады. Сондықтан да мектепте оқытылатын химия пәнінің ұғымдары мен түсініктерін жете түсіндіру үшін, өмірмен тығыз байланыстыра оқыту үшін пән мұғалімінің біліктілік құзыреттілігі білім беру талаптарына сай болуы міндетті. Химия пәнінің әрбір теориялық оқу материалдарын есептер шығарту арқылы бекіту қажеттілік. Себебі, теориялық білім мен практикалық білімнің ұштасуы оқыту үрдісінде берілетін жалпы білімді қалыптастырады және жетілдіре түседі.

Химия пәні мұғалімдері сабақ беру үрдісінде үнемі есептер шығару арқылы сабақты бекіту- тиімді әдістердің бірі.

Өзектілігі: Осы тұрғыдан қарастырғанда патриоттық сезімі жоғары, егеменді еліміздің беріктігі мен дамуына зор үлес қоса алатын, интеллектуалдық қабілетті, тиімді шешімдер шығара алатын білімді ұрпақ тәрбиелеуде мектепте политехникалық немесе т. б. әр түрлі химиялық есептер шығаруды үйретуге бағытталған диплом жұмыстарының тақырыбы өзекті болып табылады.

Химиялық есептерді шығарғанда негізгі екі мәнге көңіл бөлу керектігін пән мұғалімдері білуі керек.

Зерттеудің мақсаты: Химиядан олимпиадалық есептерді шығару әдістерін зерттеу және болашақта химиялық есептерді шығаруда пайдалана білу.

Зерттеудің міндеттері:

- х имия есептерін шығарудың мақсаттары мен міндеттері

- химиялық есептердің түрлері және мазмұнына байланысты

жіктелуі

- 8 сынып деңгейіндегі есептердің мазмұнымен таныстыру;

- 9 сынып есептерін шығару әдістерін пысықтау;

- 10 сынып есептерінің мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жалпы

құрылымы мен мазмұнын қарастыру;

- 11 сыныпта енгізілетін есептердің типтерін зерттеу;

- оқушыларға есеп шығарту және талдау арқылы ой - өрісін дамыту

- олимпиадалық есептердің құрылымы және оларды шығарудың тиімді әдістері

-эксперимент есептерінің түрлері және оларды шығаруын

Зерттеу нысаны: химиялық олимпиадалық есептер, олардың түрлері және шығарылу әдістері.

Жұмыстың жаңашылдығы: химиялық олимпиада есептерін тиімді әдістермен шығару жолдарының келтірілуі.

Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы: химиялық олимпиада есептерін шығару нәтижесінде оқушылардың логикалық ой өрісі артады, әр түрлі химиялық пәндік байқауларда жоғары көрсеткіштерге ие болады.

Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан,

пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады

І БӨЛІМ. МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНДАҒЫ ЕСЕПТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ

  1. Химия есептерін шығарудың мақсаттары менміндеттері

Кез келген пәнді оқытқанда ол өз кезегінде белгілі мақсаттар мен міндеттер қояды. Сәйкесінше химиялық есептер оқушыларға шығартқанда белгілі мақсаттар мен міндеттер қойылады. Бұл мақсаттарға жеке тоқталып кететін болсақ:

- оқушыларға сарамандық есептер шығаруға, политехникалық дайындық беру;

- химиялық зертханаларда және өндіріс орындарында, табиғатта және күнделікті өмірде кездесетін, байқалатын сапалық өзгерістерді түсініп, бақылай алуы;

- басқа пәндермен байланысы бар екенін түсіндіру, ғылыми көзқарас қалыптастыру;

- химиялық заттар, құралдар, көрнекі құралдармен жұмыс істей алу білімдеріндамыту;

- химиялық есептер шығару арқылы күнделікті өмірде пайдалана алуына үйретү;

- оқушыларды білім алуда кездесетін әртүрлі қиын жағдайларға табандығы, ізденпаздығын тәрбиелеу;

- оқушыларға химиядан кездесетін әртүрлі қиын есеп шығару қызығушылығын мен қабілеттерін дамытуға, кәсіптік бағдар беру.

Химия есептерін шығарудың мақсаттары әр сыныптың химия курсында, жеке тақырыптарда, яғни химия сабағынан өткізілетін әр тақырыпта нақтылана түседі.

Химия есептерін шығарудың міндеттеріне тоқталатын болсақ. Химия есептерін шығарудың міндеттері арқылы химия есептерін шығарудың мақсаттары айқындала түседі. Мектепте химия пәнін негізгі үш слаға бөліп оқытады. Олар:

- оқушылардың заттар туралы білімі;

- негізгі химиялық теориялар мен заңдар туралы білімі;

- химиялық өндіріс туралы білімі.

Оқушылар химия сабағын орта сыныптан бастап оқи бастайды, яғни химия туралы білімдері орта сыныптан бастап дамиды. Химия есептерін шығарудың бірнеше міндеттері бар. Бірінші міндеті - жаратылыстану ғылымдарының арасынан химия есептерін шығарудың алатын орнын көрсету. Екінші міндеті - басқа да оқылатын пәндер арасындағы байланысты көрсету. Бұл кезде химия есептерін шығарған кезде басқа пәндерден алатын білімдерін қолдана отырып оқушылар өздеріне ыңғайлы әдісті таңдап есеп шығарады.

Химиядан орта білім берудің үшінші міндеті - табиғаттың тұтастығы, онда кездесетін және жүзеге асатын құбылыстардың бір - бірімен байланыстығын, шарттылығын ескере отырып химиялық есептердің шығарылуы, яғни өлі табиғат (минералдар, тау жыныстары, химиялық элементтер т. б. ) және тірі табиғат (белок т. б. ) .

Химиядан орта білім берудің төртінші міндеті - орта мектептегі химиялық есептерді шығарғанда кіретін негізгі материалдарды іріктеу. Бесінші міндеті - химиялық есептер шығарғанда қолданылатын ұғымдар жүйесін құру (яғни, олардың оқылу ретін құру) . Алтыншы міндеті - орта мектепте оқылатын химия пәнінің теориясының мазмұнын құру. Жетінші міндеті - политехникалық (химия ғылымының негізіне кіретін өндірістік материялдарды іріктеп алу) дайындығын арттыру. Ал сегізінші міндеті - экологиялық тәрбие.

Сонымен химия есептерін шығарудың мақсаттары мен міндеттері - оқушылардың есеп шығару қабілетін жоғарылату, ғылыми көзқарасын қалыптастыру, адамгершілікке, еңбекке, экологиялық, экономикалық т. б. тәрбиелеу.

1. 2 Химиялық есептердің түрлері және мазмұнына байланысты жіктелуі

Сандық есептерді шығарту отырып, біз оқушыларға химиядан білімдерін арттырып, сонымен қоса тәрбие береміз. Сан есептерін шығару арқасында оқушылардың білімі нығайып, жетілдіріледі және керек жағдайда бұл үйренген сан есептерін басқа химия салаларында қолдануға үйренеді. Химиялық есептері шығару кезінде оқушылар негізгі химиялық теориялардың, заңдылықтардың және ұғымдардың мәнін түсінеді, политехникалық білім беріледі.

Химиялық құбылыстар пен заттардың арасындағы сандық қатынастардың мәнін түсіне отыра, оқушы басқа пәндермен байланысы бар екенін, оларды ұштастырып қолдануға үйрене отырып, оқушылардың ғылыми материалистік көзқарастары жоғары деңгейде қалыптасады. Сан есептерді шығара отырып біз химия мұғалымдері оқушылады еңбекке сүйгіштік, мақсатқа жету жолындағы табандылық, өзіне берілген ісіне аса жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейміз.

Кез келген химиялық есептерді шығарғанда алдымен есепті мұқият оқып, есепті түсіну керек. Одан кейін ой - тұжырымдама жасап, дәлелдеуі тиіс. Ал осындай есептерді шығарған оқушылар ойлау арқылы ақыл - ойы, дамиды, интелектуалды біліктері мен дағдылары қалыптасады.

Әдістемелік әдебиеттерде және арнайы оқу құралдарында сан есептерін жіктеудің бір ізге түсірілген жүйесі кездеспейді. Бір автордың өзі сан есептерін әр түрлі негізге сүйеніп жіктейді. Мысалы С. Г. Шаповаленкозаң, теория, ұғым, ерітінділер, және химиялық формула, теңдеу бойынша сан есептерін жеті типке бөлген.

1тип. Масса сақталу және құрам тұрақтылық заңы, тәжірибен алынған мәліметтері бойынша есептеулер;

2 тип. Химиялық заттың қарапайым және дәл формуласын табу;

3 тип. Химиялық формулалар бойынша жүргізілетін есептеулер;

4 тип. Химиялық теңдеулер бойынша жүргізілетін есептеулер;

5 тип. Химиялық есеп шығарғанда әзірленетін ерітінділер және қанықпасын анықтауға байланысты жүргізілетін ерітінділер;

6 тип. Молекулалық массасы бойынша тығыздығын немесе керісінше жүргізілетін есептер және қалыпты жағдайда газдардың көлемін есептеу;

7 тип. Химияда кездесетін аралас есептер.

Химияда сен есептерін шығарудың екі мәселесі бар. Оның бірінші мәселесі химиялық ұғымдар, реакциялар және заттардың мазмұны, екіншісі - химиялық есепте берілетін сандық мәліметтермен жүргізілетін алгебралық тәсілдерді шешу. Алгебралық тәсілмен химиялық есептерді оқушы шығарғанда химия сабағын оқымас бұрын математикада алған білімдерін қолданады. Ол есептреді пропорция, алгебралық және графикалық тәсілдерді қолдану арқылы есептерді шығару.

Мектепте оқушылар әртүрлі деңгейдегі химиялық есеп шығарғанда көп кемшіліктер кездеседі. Мысалы, уақыттың аздығынан сандық есептердің аз шығарылуы және тек мұғалім көрсеткен бір әдісті (пропорциялық әдіс) қолданылуы. Осы кезде математикадан алынған білімдері ескерілмей, ал бұл өз кезегінде оқушылардың белсенділігін төмендетеді, деңгейі жоғары, яғни олемпиадалық есептер шығара алмауына алып келеді. Енді бұндай кемшіліктер кездеспеуі үшін сан есептерді шығаруды көбейтіп, әртүрлі алгебралық әдістер мен тәсілдер қолдану арқылы оқушыларды есеп шығаруға машықтандыру қажет.

Сан есептерін үй тапсырмасын сұрағанда, жаңа сабақ түсіндіргенде, өтілген сабақты бекіткенде қолдануға болады. Бұл тек мұғалімнің ыңғайы бойынша жүргізіледі. Бір ескеретін жағдай есеп шығарғанда сыныпта отырған әр оқушыға есеп шығартылуы тиіс (әрбір оқушының деңгейі ескеріліп каточкалар жасап тапсырмалардың берілуі) . Осы кезде сыныптың тәртібі түзеліп, сабақ жақсы оқитын оқушылардың белсендігі артады.

1. 3 8 сынып деңгейіндегі есептердің мазмұны

Сегізінші сыныпта оқушылар алғаш рет химия пәнімен танысады. Осыған дейін бастауыш сыныпта табиғаттануды оқып үйренді, содан соң физика мен биологияны оқып - үйрене бастады. Физика сабағы кезінде «физикалық дене» және «зат» т. б. ұғымдарымен танысса. Биология сабағы кезінде «белок», «крахмал», «өсімдік майлары» т. б. ұғымдармен танысады. Ал химия сабағы кезінде осы айтылып кеткен заттардың химиялық құрамын зерттейді. [Г. Е. Рудзитис, Ф. Е. Фельдман 8 сынып А. «Мектеп» 2002ж]

Химия сабағы кезінде оқушылардың білімін одан әрі дамыту үшін әртүрлі тақырыптарда есептер мұғалім шығартады.

Тақырыбы
Енгізілетін есептің типі
Тақырыбы: І-тарау. Химиялық алғашқы ұғымдар
Енгізілетін есептің типі: Химиялық теңдеу бойынша реакцияға кіріскен немесе шыққан заттардың біреуінің белгілі мөлшері бойынша қалғандарының массасын есептеу
Тақырыбы: ІІ-тарау. Оттек. Оксидтер. Жану
Енгізілетін есептің типі: Термохимиялық теңдеулер бойынша есептеулер
Тақырыбы: VIII-тарау. Галогендер
Енгізілетін есептің типі: Химиялық теңдеулер бойынша реакцияға түскен немесе шыққан заттардың біреуінің белгілі мөлшері бойынша газдың көлемін табу

Ал химиялық есептерді оқушылар еш қиындықсыз шығару үшін олар формула мен физикалық өлшем бірліктерді білуі қажает. Енді осы физикалық өлшем бірліктер төмендегідей кесте түрінде келтірейік. [Н. Л. Глинка задачий и упражнения по общей химии издательство «химия» 1983 г]

Сегізінші сыныпта шығарылатын есептерге тақырып бойынша тоқталып, мысалдар келтіріп жазайық. [И. Нұғманұлы химияны оқыту әдістемесі А. «рауан» 1993 ж]

5. Ерітіндіде еріген заттың массалық үлесін табу.

Берілгені: Шешуі:

m 1 (қоспа) =1г Үш компонентінің ішінен, тек Fe ғана тұз

V(Н 2 ) =112 мл қышқылымен әрекеттесіп, сутек газын бөледі:

m 2 (қоспа) =1г

m(Н 2 О) =0, 2115 г Fе + 2НСІ = FеСІ 2 + Н 2 ↑ (1)

(1) реакцияға сәйкес:

ω%(Fе) - ? n(Fе) =n(Н 2 ) =V(Н 2 ) /V М = 0, 112 л / 22, 4 л/моль=0, 005 моль

ω%(FеО) - ? Бұдан, Fe - ның 1 г қоспасының массасы мынаған тең:

m(Fе) = М(Fе) ∙ n(Fе) = 56г/моль ∙ 0, 005моль =0, 28г

ω %(Fе) =m(Fе) ∙ 100/m 1 (қоспа) = 0, 28 ∙ 100/1=28%

Сутек екі компоненттің қоспасын түзе алады- FеО және Fе 2 О 3 :

FеО + Н 2 = Fе + Н 2 О (2)

2 О 3 + 3Н 2 =2Fе + 3Н 2 О (3)

Оксидтің 1 г қоспасының суммарлы массасы, мынаған тең:

m(FеО) + m(Fе 2 О 3 ) = 1г - m(Fе) =1г - 0, 28 г = 0, 72 г

Егер m(FеО) =𝗑; онда m(Fе 2 О 3 ) =0, 72-𝗑

FеО және Fе 2 О 3 мөлшері мынаған тең:

n(FеО) = х/М(FеО) =х/72

n(Fе 2 О 3 ) =(0, 72-х) /М(Fе 2 О 3 ) =(0, 72-х) /160

Есептің шарты бойынша судың суммарлы мөлшері, (2) және (3) реакция нәтижесінде түзілген:

n(Н 2 О) =m(Н 2 О) /М(Н 2 О) =0, 2115г/18г/моль = 0, 01175 моль

(2) реакцияда түзілген судың моль саны FеО- ға тең:

n 2 2 О) =n(FеО) =х/72;

  1. Реакцияда үш есе Fе2О3моль саны суға қарағанда көп:

n 3 2 О) =3n(Fе 2 О 3 ) =3(0, 72-х) /160

n(Н 2 О) =n 2 2 О) + n 3 2 О) =х/72+3 (0, 72-х) /160=0, 01175

осыдан, х=0, 36г =m(FеО)

ω%(FеО) = m(FеО) ∙ 100/m 2 (қоспасы) =0, 36𝗑100/1=36%

Жауабы: Темір және темірдің ІІ оксиді қоспаларының массалық үлестері

28 және 36 ℅ тең.

1. 4 9 сынып есептерін шығару әдістері

9 сыныпта берілетін есептер біршама күрделене түседі. Берілетін есептерді мына кесте түрінде келтірейік:

Енді осы тақырыптарға әртүрлі деңдейдегі есептерді шығарып, көрсетейік.

1-eсеп. Сымнан жасалған металды ­ Ме деп белгілейік. Бұл метал жанғанда белгісіз жағдайда МеА (мұндағы А - анион) тұзы түзіледі. МеА тұзын суда еріткенде және H 2 S газы қатысында жүргізілсе, онда қара түсті тұнба металл сульфиді түзіледі :

МеА + H 2 S = MeS 4 ↓ + НА

Анықталғандай, m(MeS) = m(Ме) + m(S) ; бұдан:

m(S) = m(MeS) - т(Me) = 48 г - 32 г = 16 г

Күкірт атомының моль саны:

n(S) = m(S) ∕ M(S) = 16/32 = 0, 5 моль

n(Ме) = п(S) = 0, 5 моль

m(Me) = m ( M e ) n ( M e ) = 32 0 , 5 = 64 \frac{m(Me) \ }{n(Me) \ } = \frac{32}{0, 5} = \ 64\ m ( M e ) n ( M e ) = 32 0 , 5 = 64 \frac{m(Me) \ }{n(Me) \ } = \frac{32}{0, 5} = \ 64\

Аr(Ме) = 64; бұндай атомдық массасына ­ Сu тең.

Мыс жанатын газ ­ол хлорС1 2 , себебі бұл газ МnО 2 ­нің тұз :

МnО 2 + 4НС1 = МnС1 2 + С1 2 ↑ + 2Н 2 О (1)

Сu + С1 2 = СuС1 2 (2)

(1, 2) реакция теңдеулерінен:

n(МnО 2 ) = n(С1 2 ) = n(Cu) = 0, 5 моль;

n(НС1) = 4n(С1 2 ) = 4n(Сu) = 4 ∙ 0, 5 = 2 моль;

n(МnО 2 ) = n(МnО 2 ) ∙ М(МnО 2 ) = 0, 5 ∙ 87 = 43, 5 г

m (ер­ді НС1) =n(НС1) ∙ М(НС1) /ω(НС1) = 2 ∙ 36, 5/о, 365 = 200 г

V (ер­ді HC1) = m(ер­ді HC1 ) /d(ер­ді HC1) = 200/l, 19 ≈ 168 мл

Жауабы: сым мыстан; 43, 5 г МnО 2 ; 168 мл НС1ерітіндісі.

2-есеп. Сия түсті газ - азот оксиді.

Ол концентрлі азот қышқылы мен әлсіз активті металлдардың әрекеттесуінен түзіледі:

Me + 2HNO 3 = MeNO 3 + NО 2 ↑ + Н 2 О (1)

n(NО 2 ) = V(NО 2 ) /V M = 4, 48/22, 4 = 0, 2 моль

n(Ме) =n(NO 2 ) = 0, 2 моль

Бастапқы бір нитраттың моль саны:

n(MeNO 3 ) = n(Ме) = 0, 2 моль

Бұл нитраттың моль саны екі мағынаның біреуін беруін мүмкін:

M 1 ( MeNO 3 ) = m 1 (MeNО 3 ) /0, 2 = 34/0, 2 = 170 г/моль;

М 2 ( MeNO 3 ) = m 2 (MeNО 3 ) /0, 2 = 20, 2/0, 2 = 101 г/моль

Бұдан,

M 1 (Me) = 170 - 62 = 108 г/моль; Аr(Ме) = 108;

М 2 ( Me) =101-62 = 39 г/моль; Аr(Ме) = 39.

Атомдық масссы 108 сәйкес келетіні - Ag, ал атомдық массасы 39 - калий К. Анықталғандай, (1) реакцияға Ag түседі:

2AgNО 3 = 2Ag + 2NО 2 ↑ + О 2 ↑ (2)

Ал екінші реакцияда нитрат сілті металмен әрекеттеседі, өйткені екінші реакцияда нитриттің сулы ерітіндіде еритін өнімдер түзіледі:

2 MeNO 3 = 2MeNО 2 + О 2 ↑ (3)

Берілгені бойынша, екінші және үшінші реакцияларда 8, 96 л газ бөлінеді, бұл жалпы моль санына n(газдар) = 8, 96/22, 4 = 0, 4 моль.

(2) реакция теңдеуінен,

n(NО 2 ) = n(AgNO 3 ) = 0, 2 моль 1

n 2 (O 2 ) = l/2n(AgNO 3 ) = 1/2 ∙ 0, 2 = 0, 1 моль 0, 3 моль

Бұдан n 3 (O 2 ) = 0, 4 - 0, 3 = 0, 1 моль;

n 3 (MeNO 3 ) = 2∙ n 3 (O 2 ) = 2 ∙ 0, 1 = 0, 2 моль

Басында жүргізілген есептеулер бойынша бұл калий нитраты.

Жауабы: AgNО 3 (34 г) ; KNО 3 (20, 2 г) .

3-есеп. Есептің шарты бойынша А затының көмегімен біз бұл металл Mg екеніне мүмкіндік берді. Ол қызған кезде су буымен әрекеттеседі:

Mg + 2Н 2 О = Mg(OH) 2 + H 2 ↑ (1)

Күрделі «В» заты - Mg(OH) 2 - қыздырғанда ыдырайды:

Mg(OH) 2 = MgO + Н 2 О, (2)

Ал күкірт қышқылымен әрекеттестірген кезде (зат «Г») магний сульфаты түзіледі (зат «Д») :

Mg(OH) 2 + H 2 4 = MgSО 4 + 2Н 2 О (3)

MgSО 4 ерітіндісін ВаС1 2 - мен әрекеттестіргенде BaSО 4 (зат «Е») қалдығы түзіледі:

MgSО 4 + ВаС1 2 = BaSО 4 ↓ + MgCl 2 (4)

(1-4) реакция теңдеулерінен:

n(BaSO 4 ) = n(Mg) .

Енді бұл теңдіктің дұрыстығын дәлелдеу үшін BaSO 4 пен Mg - дың массаларының арақатынасы тең екенін дәлелдейміз:

n(BaSO 4 ) = m(BaSO 4 ) / M(BaSO 4 ) = 6, 99 /233 = 0, 03 моль;

n(Mg) = m(Mg) / M(Mg) = 0, 72/24 = 0, 03 моль.

Жауабы: «А» - Mg, «Б» - Н 2 , «В» - Mg(OH) 2 , «Г» - H 2 SO 4 , «Д» - MgSO 4 , «Е» -BaSO 4 .

4-есеп. Есептің шарты бойынша А затының көмегімен біз бұл металл алюминий екеніне мүмкіндік береді. Ол броммен активті әрекеттеседі, нәтижесінде алюминий бромиді түзіледі ( «В» қосылысы) :

2А1 + 3Br 2 = 2А1Вг 3 (1)

Егер А1Вг 3 ерітіндісін амиактын сулы ерітіндісіне қоссақ А1(ОН) 3 (зат «Г»), бұл амфотерлі гидроксид:

А1Вг 3 + 3NH 4 OH = А1(ОН) 3 ↓ + 3NH 4 Br (2)

А1(ОН) 3 + ЗНС1 = А1С1 3 + ЗН 2 O (3)

Al(OH) 3 + 3 КОН = К 3 [А1(ОН) 6 ] (4)

А1(ОН) 3 гидроксидін ыдыратқан кезде алюминий оксиді (зат «Д») мен суға ыдырайды:

2А1(ОН) 3 = А1 2 O 3 + 3 Н 2 O (5)

(1, 2, 5) реакция теңдеулерінен:

n(А1) = 1/2n(А1 2 O 3 ) .

Енді бұл теңдіктің дұрыстығын дәлелдеу үшін А1 мен А1 2 О 3 - тың массаларының арақатынасы тең екенін дәлелдейміз:

n(А1) = m(А1) /M(А1) = 1, 35/27 = 0, 05 моль

n(А1 2 O 3 ) = m(А1 2 O 3 ) /M(А1 2 O 3 ) = 2, 55/102 = 0, 025 моль

Жауабы: «А»- А1, «Б»-Вг 2 , «В» -А1Вг 3 , «Г» - А1(ОН) 3 , «Д» - А1 2 O 3

1. 5 10 сынып есептерінің мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жалпы құрылымы мен мазмұны

8, 9 сыныптарда оқушылар химияның негізгі ұғымдары мен заңдары туралы түсініктерін игеріп, белгілі химиялық элементтердің біразымен және олардың қосылыстарымен танысады. Ал 10 сыныпта химияны оқу біршама күрделене түседі. Оныншы сыныпта бейорганикалық химия курсы оқытылады. Енді осы тақырыптарға есеп шығарайық.

1-есеп. Шешуі:

Берілгені: 2КСІО 3 = 2КСІ + 3О 2 ↑ (1)

m(КСІО 3 ) =44, 1 г 4КСІО 3 = КСІ + 3КСІО 4 (2)

V(О 2 ) = 6, 72л (қ. ж. )

Массасын және қатты

заттың қалдығының

құрамын - ? КСІО 3 толығымен ыдырағанда қатты заттың

қалдығы КСІ және КСІО 4 қоспаларына

айналады; сол себептен- бұл

m(КСІ) және m(КСІО 4 ) - калий перхлоратын

және хлорид массаларының түзілуі.

Бертоль тұзының мөлшерін есептейік:

n(КСІО 3 ) = m(КСІО 3 ) / М(КСІО 3 ) = 44, 1г/122, 5 г/моль = 0, 36 моль

1) Реакция жүруі кезінде түзілетін оттектің мөлшерін есептейік:

n(О 2 ) =V(О 2 ) / V М = 6, 72 л / 22, 4 л/моль = 0, 3 моль

2) Теңдеуінен шығады:

n 1 (КСІО 3 ) = 2/3 n (О 2 ) = 2/3 ∙0, 3 моль = 0, 2 моль

КСІ моль саны, (1) реакция кезінде түзілген, КСІО 3 мольінің санына тең, осы реакцияға қатысқан:

n 1 (КСІ) = n 1 (КСІО 3 ) =0, 2 моль

Бұдан, (2) реакцияға қатысатын КСІО 3 мөлшері, мынаған тең:

n 2 (КСІО 3 ) = n (КСІО 3 ) - n 1 (КСІО 3 ) = 0, 36 моль - 0, 2 моль = 0, 16 моль

(2) Теңдеуден шығады:

n 2 (КСІ) = ¼ n 2 (КСІО 3 ) = ¼ ∙0, 16 моль = 0, 04 моль;

n(КСІО 4 ) = ¾ n 2 (КСІО 3 ) =3/4 ∙ 0, 16 моль = 0, 12 моль

(1) және (2) реакцияларынан шығатын жалпы моль санын есептесек, төмендегідей болад:

n(КСІ) = n 1 (КСІ) - n 2 (КСІ) = 0, 2 моль + 0, 04моль = 0, 24 моль

Хлорид және перхлорад калийдан түзілетін массалар, мынаған тең:

m (КСІ) = М(КСІ) ∙n (КСІ) =74, 5 г/моль ∙ 0, 24 моль =17, 88 г ≈ 17, 9 г

m (КСІО 4 ) =М(КСІО 4 ) ∙n (КСІО 4 ) =138, 5 г/моль ∙ 0, 24 моль=16, 62 г ≈ 16, 6 г

Жауабы: қатты заттың қалдық массасы 34, 5 г. Ол 17, 9 г КСІ және 16, 6 г КСІО 3 құрамынан түрады.

2-есеп.

Берілгені: Шешуі:

n[Al 2 (SO 4 ) 3 ] =1 моль Al 2 (SO 4 ) 3 +6NaOH=2Al(OH) 3 ↑ + Na 2 SO 4 (1)

n[Fe 2 (SO 4 ) 3 ] =1 моль

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химия пәнінен оқушыларды пәндік олимпиядаға даярлауды ерекшеліктері
ХИМИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУ ӘДІСТЕМЕСІ
Химиядан жүгізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
Химиядан сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу әдістері
Оқушыларды эксперименттік есептерді шығаруға үйрету
Натрий гидроксиді мен натрий карбонатының ерітіндіде бірге болған кездегі мөлшерін анықтау әдістемесі
Техникалық және кәсіптік білім беруде аналитикалық химияны арнайы пәндермен байланыстыра оқыту әдістемесі
Мектеп химия курсында эксперименттік есептердің оқытудың әдістемесі
Жаңартылған білім беру бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz