«Тұздар» тақырыбын оқытуда тәрбиелей оқыту әдісін қолдану


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Химия-биология мамандығы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
тақырыбы: «ТҰЗДАР» ТАҚЫРЫБЫН ОҚЫТУДА ТӘРБИЕЛЕЙ ОҚЫТУ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 5
1. 1 Оқыту әдістері туралы түсінік және оны жүйелеу . . . 5
1. 2 Тәрбиелей оқытудағы ұжымдық оқыту әдісінің ролі . . . 18
2 «ТҰЗДАР» ТАҚЫРЫБЫН ТӘРБИЕЛЕЙ ОҚЫТУДА ҰЖЫМДЫҚ
ОҚЫТУ ӘДІСІН ПАЙДАЛАНУ . . . 23
2. 1 Тұздарға жалпы сипаттама 23
2. 2 Орта мектептерде химия сабағын оқытуды ұйымдастыру түрлері және
қойылатын талаптар . . . 27
3. ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ . . . 31
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 53
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 55
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы және ғылым минстрлігі дайындаған бағдарламасында “Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы” бойынша бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыру мұғалімдер алдында тұрған негізгі міндет.
«Қазақстан-2030» бағдарламасы ұзақ мерзімді мақсаттарды атап, нақтылы нәтижелерге жету үшін мектеп алдына күрделі міндеттер қойды. Осыған орай мектептердегі білім сапасын және тәрбиені жақсартып, оқушылардың дүниетанымы мен өмірлік көзқарасын барынша шыңдаудың қажеттігі атап көрсетілген. Бұл міндет әрбір сабақтың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мүмкіндігін жеткілікті ойластырып, жете пайдаланған жағдайда ғана іске асады [1] .
Жаңа XXI ғасырда алдыңғы қатарлы өркениетті елдермен қатар Қазақстан ғылым мен білімді әлемдік деңгейге, ұлттық ерекшелікке сай үйлесімді дамыту жолдарын қарастыруда. Қазақстанның болашақ дамуына арналған «Қазақстан - 2030» бағдарламасында тәуелсіз мемлекет құруда еліміздің әрбір азаматы өзінің қоғамдағы алатын орнын саналы түсінуі және ел эканомикасының бүгінгі сұранысына жауап бере алатын тәрбие, білім алуы қажеттігіне баса назар аударылған.
Орта мектепте оқу пәндерінің қазіргі өзгерісті кезеңінде жүзеге асыруға тиісті негізгі мәселенің бірі- мектептерде ұжымдық оқытудың технологиясын енгізу болып отыр, себебі оқушылардың оқу белсенділігінің артуының негізгі шарты- ұжымдық оқыту болып табылады.
Қарқынды өзгеріп отырған экономикалық жағдайлар мен заман талабы білім саласына жоғарыда аталған оқыту технологиясын енгізіп оны жеткілікті деңгейде оқытуды талап етеді.
Бітіру жұмысының мақсаты мұғалімдер алдында тұрған жоғарыда аталып өткен міндеттерді химия пәнінің “ТҰЗДАР” тақырыбын тәрбиелей оқытуда ұжымдық оқыту әдісін пайдалана отырып 8-шы сынып оқушыларының танымдық, ізденіпаздық белсенділігін арттыру арқылы білімін жетілдіру, бірігіп, бірлесіп ұжыммен жұмыс жасауға тәрбиелеу.
Сонымен қатар оқушылардың пәнге деген қызығушылық қабілетін қалыптастыруда төмендегідей міндеттер орындалуы тиіс:
- Оқытудың алдыңғы қатарлы әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы қалыптасатын теориялық білімнің болуын тексеру;
- Зертханалық жұмыс пен дәріс беру тәсілін қолдану арқылы жүргізілетін оқу және сыныптан тыс ұжымдық жұмыстардың арнайы жүйесін жасау және оған оқушылардың белсенді араласуын қадағалау;
- Оқушылардың ұжымдық технологиялар арқылы қол жеткізген білімдерінің сапасын тексеру.
Зерттеу нысаны 8 «Б»-сыныбында химия сабағындағы оқытушы мен оқушылардың іс-әрекеті.
Зерттеу пәні -8 сыныпта оқушының ұжыммен топтасып жұмыс жасауға бейімділігін қалыптастыру, тәрбиелеу, оқушының іс-әрекетін ұйымдастырудағы қиындықтарды жеңе білуі.
Зерттеу орыны - Сарқан ауданы Новопокровка орта мектебі. Зерттеу жұмысының құрылымы: бітіру жұмысы 47 беттен; мазмұны, кіріспе, әдебиеттік шолу, негізгі бөлім, эксперименттік бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Оқыту әдістері туралы түсінік және оны жүйелеу
Дидактика - оқыту үрдісінің заңдылығын, білімнің мазмұнын анықтау, оқытудың барынша тиімді әдістері мен ұйымдастыру түрлерін ашатын педагогикалық ғылымның бір саласы. Метод - терминінің мағынасын кең. Ол- адамның сарамдық және теориялық іс-әрекетінде белгілі бір мақсатқа жетудің қажетті мүмкіндікті меңгеру тәсілі . Бұл “met odes“ деген грек сөзінің сөзбе-сөз аудармасы. Орысшасы путь, қазақшасы жол деген мағына береді. Кейде химиялық өнімдерді өңдеу жолы, өсімдіктің жаңа іріктемесін шығару жолы, жануардың жаңа пародасын алу жолы, көркем өнер әдісі, таным әдісі деген сөздерді де жиі естуге болады. Метод терминінің мағынасы қалай айтылса да белгілі бір алға қойған мақсатқа жетудің мағынасын көрсетеді. Білместіктен білуге жететін жолды осылай атаған. Оқу методын тек оқушының ғана іс-әрекеті немесе соның ғана қызметі деп түсінуге болмайды, ол оқушы мен мұғалімнің бірлікте мақсатқа жету жолындағы ізденісі, іс-әрекеті. “Метод” қазір әдіс деп аталып жүр.
Әдістің құрам бөлігі әдістемелік (методикалық) тәсіл немесе әдіс деп те айтылады Сөздік әдістерге мұғалімнің әдісті, іс-әрекеті жүзеге асырудың бір жолы. Әдіс -әртүрлі әдістемелердің ұштасып келуі. Химиядан өткізілген сарамандық сабақтардың негізгі әдісі эксперимент болса, ал әдістемелікке мұғалімнің қосымша түсіндіруі, оқулықтағы дайын ереже, нұсқауларды пайдалануы жатады т. б. Сөйтіп әдістің кейбіреулері сабақ үрдісінде әдістемелікке айналып, ал кейде әдістемелік басқа бір жағдайда материалды өткенде әдіске айналуы мүмкін.
Оқыту үрдісінде қолданылатын әдістермен әдістемеліктердің арасында өзара байланыстылық бар. Дидактика оқыту әдісімен ғылыми таным әдісін тығыз бірлікте қарастырады. Өйткені, оқыту ісі оқушының танымдық іс-әрекетіне тікелей байланысты, сол арқылы жүзеге асырылады, олай болса оқыту әдісі- жалпы таным әдісінің бір бөлігі, ал таным әдісі-философияның методологиялық- ғылыми негізі. Методология құрылысты білдіруге бағыт береді, ол дүние тану үрдісі. Оқыту әдісі танымдық мақсатты шешуге қызмет етеді, олай болса ол да ғылыми таным әдісі сияқты логикалық ойланудың анализі бен синтезі, қорытындылау мен абстракциялаудың бірлігі.
Оқыту әдісі - оқушылардың ғылыми - зерттеу жолын түсінуге, керекті әдебиеттерді пайдалана білуге, байқампаздыққа, зертханалық экспериментті қою техникасын меңгеруге үйретеді.
Оқушылпрдың білім қоры артқан сайын, іскерлігі мен жұмыс дағдысы жетілген сайын оқыту әдістемесі мен әдістері де жетіле түседі және олардың түр-түрі қолданылады. Оқыту үрдісін жетілдіре түсудің негізгі бағыты -оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, олардың өз бетінше жұмыс істеу қабілетін көтеру, өз беттерінше білім алуға талаптарын дамыту мен нығайтуды көздейді.
Оқыту әдістерін жуйелеу. Қазіргі оқытудың қалыптасқан дәстүрлі әдістері оқытушы мен оқушылар қызметінің сыртқы белгілеріне қарап анықталып, білім көздері бойынша жүйеленіп жүр.
- Сөздік әдістерге мұғалімнің әңгімесі, түсіндіруі, әңгімелесіп-кеңесуі, баяндап беруі, дәріс оқуы, кітаппен жұмыс істеуі кіреді.
- Сезімдік қабылдау немесе көрнекілік әдістерге тәжірибелер, кестелер, сызбанұсқалар, модельдер, диапозитивтер, кинофильмдерді көрсету, заттардың үлгісін, жинақтамаларын көрсету, өңдірістік құбылыстар мен үрлістерді бақылау, экскурсия-саяхатқа шығу кіреді.
- Оқытудың сарамандық әдістер тобына зертханалық тәжірибелер, сарамандық сабақтар, сандық және сапалықө-эксперименттік есептер шығару, приборлар құрастыру, сызбанұсқа, диаграммалар әзірлеу, графиктер сызу, оқу-тәжірибе үлескісіндегі сарамандық жұмыстар, жаттығулар орындау, т. б. жатады.
Барлық әдістердің негізі-мұғалімнің сөзі, ал мұғалім сөзі-білімнің көзі. Сондықтан барлық әдістер бір-бірімен ұштасып, тығыз байланыста қолданылады. Көрнекі құралдарды пайдалану, тәжірибелер көрсету, сарамандық сабақтарды жүргізу мұғалімнің түсіндіруі, әңгімелесуімен қатар жүреді.
Әдістерді жүйелеуде химияның өзіндік кәсіби әдістері, педагогикалық және логикалық әдістер басшылыққа алынады.
Атақты орыс педагогы Ю. К. Бабанский оқыту әдістерін мынадай топтарға бөлді:
- Оқу-танымдық қызметті ұйымдастыру әдістері.
- Оқу-танымдық қызметті ынталандыру және мотивтендіру әдістері.
- Оқу-танымдық қызметті бақылау және өздік бақылау әдістері.
Химияны оқытудың өзіне тән арнайы кәсіби әдістерін атақты әдіскерлер Р. Г. Иванова, Л. А. Цветков, т. б. жүйелеп жазды. Химияны оқытудың жалпы әдісін олар үш топқа бөледі:
- Түсіндірме-иллюстрациялық немесе информациялық-репродуктивтік.
- Ішінара-ізденіс (эвристикалық) .
- Зерттеу әдісі.
Оқытудың бұл жалпы әдістері өз кезегінде сөздік, сөздік-көрнекті және сөздік-көрнекі сарамандық әдістер тобына бөлінеді.
Жалпы әдістер мұғалімнің өз қызметінің белгілі бір түрін тандап алуын алдын ала анықтап, оқыту үрдісін ұйымдастыру ерекшелерін көрсетеді. Оқытудың барынша жоғары дәрежесіне жету үшін оқ материалын қалай әзірлеп, сабақты қандай жолмен өткізуді анықтайды. Олай болса әдіс - ғылыми түрде негізделген ереже, іс-әрекетке басшылық, мақсатқа жетудің сол мақсатпен анықталатын тәсілі.
I. Түсіндірме-иллюстрациялық әдіс мұғалімнің екі негізгі іс-әрекетін - жаңа білімді баяндап түсіндіруін және оқушылардың дербес оқу әрекетін ұйымдастыруын көрсететін. Мұғалімнің оқу материалын баяндауын үш түрі белгілі: монологтық, диалогтық, жаңа көрсетпелі пайымдау тәсілі, сондай-ақ оқушылардың өздігінен істейтін оқу әрекетін ұйымдастырудың да үш түрі дидактикалық әдісі бар, олар; эвристикалық, зерттеу және бағдарланған тапсырмалар деп аталады
Кесте 1 Түсіндірме - иллюстрациялық әдіс
1. Баяндау(дәріс, әңгіме) .
2. Әңгімелесу.
3. Оқушылардың мәтінмен өздік жұмыс
1. Көрікті құралдарды демонстрациялап баяндау.
2. Көрнекті құралдарды демонстрациялап әңгімелеуі.
3. Көрнекті құралдарды пайдаланып, мәтінмен өздік жұмыс -тар орындау.
1. Оқушы үлестірме матер-н жұмыс істеу.
2. Хим. тәж. орындау.
3. Приборлар құрас модельдеу.
4. Жазба графикалық жұмыс орындау.
II. Ішінара-ізденіс әдісі танымдық әңгіме тәсілдерін проблемалық тапсырмалармен бірлікте шешеді.
Кесте 2 Ішінара - ізденіс әдісі
1. Әңгіме(семинар, пікірталас)
2. Оқушылардың мәтінімен
өздік дербес жұмыстары.
1. Көрікті құралдарды демонстрациялап әңгімелеуі.
2. Оқушылардың
мәтінмен көрнекті құралдар мен дербес
жұмыстары.
1. Үлестіріп берілетін материа-н жұмыс.
2. Хим. тәж. орындау.
3. Приборлар құрас модельдеу.
4. Жазба, графикалық жұмыс орындау.
III. Зерттеу әдісі кезінде мұғалімнің көмегінсіз шешілетін проблемалық міндеттер мен тапсырмалар басым болады. Оқушылардың әр түрлі дәрежедегі оқу-танымдық қызметін қалыптастыратын бағдарламаланған тапсырмаларды орындау тапсырылады.
Кесте 3 Зерттеу әдісі
Кесте 3 жалғасы
1. Оқу әдебиеттермен немесе көрнекті құралдар мен дербес
жұмыстары.
1. Үлестіріп берілетін материа-н жұмыс.
2. Химиялық тәжірибелерді орындау.
3. Приборлар құрастыру, модельдеу.
4. Жазба, графикалық жұмыс орындау.
Осы кестелердің бәрінде де мұғалімнің оқу материалын проблемалық баяндау идеясы байқалады.
Қорыта келгенде оқыту әдісі, сабақ беру және оқу әдісі деген бір-біріне жақын ұғымдар саралауды керек етеді.
Оқыту әдісі- белгілі бір көлемдегі дидактикалық міндеттерді шешу әдістерін ұштастыру арқылы жүзеге асыратын мұғалім мен оқушының мақсатты қызмет реттеуші ұстаным мен ережелер жиыны. Олсабақ өту мен оқу әдістерінің белгілі түрде ұштастырылуынан немесе мұғалім мен оқушылар тобының жалпы әдіс шеберіндегі өзара қимылынан тұрады, ол оқушылардың дамуын және дүниеге көзқарасын қалыптастырады.
Сабақ өту әдісі - жалпы әдіспен және дидактикалық міндетпен байланысты сабақ өту ережелерінің жиынтығы. Бұл жүйе мұғалімнің өзара қимыл әрекетін қажет етеді, мұғалім жалпы педагогикалық және дидактикалық ұстамдарға сәйкес оқушының танымдық қызметін басқару тәсілі ретінде қолданылады.
Оқу әдісі - оқушының оқу-танымдық қызметін тәсілі. Ол - сабақ өту әдісімен шарттас ережелер жинағы. Ол мұғалім хабарлап, оқушылар қабылдаған, мақсатқа бейімделген оқу әдістерінің жүйесі арқылы жүзеге асады.
Түсіндірме-иллюстрациялық әдістер тобы. Бұл әдістің мәні - дайын әр түрлі құралдардың көмегімен түсіндіру. Мұнда мұғалім белсенді роль атқарады да, оқушы рөлі бәсең - оның міндеті зейін қойып тыңдау, қажетті фактілерді дәптерге жазып отыру.
Дайын ақпараттарды берудің неғұрлым көп тараған тәсілдері- мұғалімнің ауызша сөзі (әңгімелеу, әңгімелесу, түсіндіру, дәріс), баспа сөз құралдары (оқулық, қосымша химиялық кітаптар, нұсқаулар, ережелер) және көрнекті құралдар (диапозитивтер, диафильмдер, дайын сызбалар, графиктер, диаграммалар) . Түсіндіру кезінде оқышулар сабаққа белсенді қатыспайды деген пікірлер де бар. Ол мұғалімнің дайындығына байланысты егер мұғалімнің әңгімесі, түсіндіруі, дәрісі қызықты, әрі онда жаңа деректер болса, құбылыстың реакциясы теңдеулері, қажетті сандық мәліметтерді, т. б. Тақтаға жазып отырса, оқушылар зейін қойып тыңдайды. Оқу материалы түсініксіз, бірсарынды, дәлеледеусіз айтылса, оқушылардың жалықтыруы мүмкін.
Материалды ауысша баяндау тәсілдерінің бірі- әңгіме, әңгімелесу. Бұл қысқа мерзімді баяндаудың түрлері барлық сыныптарда қолданылады. Әсіресе, әңгіме мен әңгімелесу жаңа материалды баяндауға, өткенді тереңдетуге мен жүйелеуге, үй тапсырмасын тексеруге қолайлы. Мұғалім қандай жағдайда да әңгіме, әңгімелесу тәсілдерін қолданғанда әрдайым олардың жоспарын жасап алуы керек. Әңгіме, әңгімелесу ұзаққа созылмауы керек, ұзақ әңгіме оқушылардың зейінін шаршатып жібереді. Материалдың оңай-қиындығына, көлеміне қарай әңгіме он-он бес минуттан аспауы керек. Әңгіме кезінде теріс ұғым, қате, орынсыз қайталаулар болмағаны жөн, мысалы, “мырыш тұз қышқылымен қосылады”, “натрий оксидін жазайық”, “теңдеудің ана жағы, мына жағы” , т. б. Мырыш тұз қышқылымен қосылмайды.
Химия сабағын да қолданылатын ауызша баяндаудың бір түрі -түсіндіру. Оны әсіресе, бір ұғымды немесе заңдылықты дәлеледегенде, түсіндіргенде, екінші тақырыппен байланыстырғанда қолданады. Материалды түсіндіргенде пікір, ой қорыту сияқты логикалық тұжырымдар қолданылады. Бұл тәсіл теорияларды, заңдарды дәлелдегенде, есеп шығаруды, ұғымдардың қасиеттері мен белгілерін баяндауда өте тиімді.
Оқыту барысында түсіндіруді әңгімелеумен үйлестіре пайдаланған дұрыс. Химияны оқыту барысында жоғары сыныптарда дәріс (лекция) қолданылады.
Сөз әдістеріне монологтық және диалогтық баяндаулар тән, диалогтық (екі жақты) баяндау мұғалім сұрақ қояды да, оқушы жауап қайырады, сондықтан кейде сұрақ-жауап әдісі деп те аталады. Әңгіме көбінесе материалдың кейбір мәселелері оқушыларға бұрынғы сыныптардан, басқа пәндерден, өмірден таныс жағдайда пайдаланылады. Әңгіме, түсіндірудің дәрістен басқа айырмашылығы - мерзімі қысқа, соған сәйкес мазмұнының да көлемі аз болады. Монологтық баяндап түсіндіру көбінесе дәріске тән, онда теориялық қағидаларды баяндау, құбылыстарды түсіндіру, өткенге шолу жасау көзделеді. Дәріс жоғары сыныптарда өтілетін болғандықтан оған мынадай талаптар қойылады: баяндаудың ғылыми дәлдігі, логикалық жүйелілігі, дәлділігі, баяндау ырғағы, т. б. қасиеттері болу керек.
Түсіндірме-иллюстрациялық әдісте де химия оқулығымен, оқу құралдарымен, есепте, жаттығулар жинағымен жұмыс жасау білудің маңызы зор. Оқулықты үй тапсырмасын қайталап, білімді бекіту үшін ғана емес, сабақтағы жаңа материалды оқып үйрену үшін, оқушылардың шеберлігін тәрбиелеу үшін пайдалану негізгі педагогикалық міндет есебінде ұсынылады. Әсіресе, белгілі материалдарды өткеннен кейін оқулық бойынша немесе есептер мен жаттығулар жинағынан есептер шығартып, жаттығулар орындату керек. Кейде химия қурсының кейбір бөлімдерін немесе тақырыптарын сыныпта оқулықты пайдаланып үйретуге тура келеді.
Оқулықта берілген сызбалар, графиктерді, жүйелілікті білу, заңдарға сәйкес тәжірибелерді жасай білуді үйрену, оқулық бойынша сызбалардан, суреттерден зауыт қондарғыларының жұмыс істеу ұстанымдарын талдау. Заттар арасындағы байланысты көрсететін жүйелілікті сызу т. б.
Оқушылардың оқулықпен жұмыс істеудегі негізгі мақсаты - мұғалімнің сабақта баяндаған түсіндіруіне байланысты жазып алғандарын, формулалар, теңдеулер, анықтамалыр, т. б. қарап шығып, мұғалімнің айтқандарын еске түсіру, талдай отарып қайталап оқу, оқығанды қайта айтып берудің жоспарын жасау (ауызша немесе жазбаша) . Қайталап айту - мәтінмен жұмыс істеудің маңызды түрі. Жоспар жасау, тезистерді құрастыру, конспектілеу - оқулықпен жұмыс істеудің ең негізгі түрі. Конспектілеу - бұл осы маңызды деректерді, цифрларды, даталарды, атауларды, жеке тұжырымдарды, оқиғалардың бәрін қысқаша жазу, оқушыларды ғылыми жұмысқа тәрбиелеудің бірден-бір жолына жатады. Осындай жұмыстарды орындауға арнайы дәптер болғаны жөн.
Сөздік-көрнекі әдістер тобы . Сабақты сапалы түрде түсіндірудің және берік білім алудың маңызды шарттарының бірі - сөз бен көрнекілікті дұрыс ұштастыру. Химия пәні оқытуда химиялық тәжірибеден басқа заттар үлгісін, модельдер, кинофильмдер, диапозитивтер, сол сияқты графикалық көрнекті құралдар - сызбалар, кестелер, плакаттар көрсетудің үлкен маңызы бар.
Сөз - көрнекі әдістер ісінде жиі қолданылатыны - тәжірибелерді (экспериментті) көрнекі көрсету.
Мектеп жағдайында бірқатар өтілетін обьектілерді оқушыларға көрсетуге мүмкіндік бола бермейді. Әсіресе, өндіріс орындарына саяхат жасауға қазіргі кезде қаражат тапшы. Өндіріспен алғашқы таныстық плакаттар, суреттер, сызбалар арқылы өтеді. Бұлар бірінші орын алатын маңызды көрнекі құралдар. Олар күрделі жабдықтар, аппараттар және үрдістері жөнінде оқушыларға түсінік береді.
Графиктік көрнекі құралдардың екінші бір түрі - заттардың қасиеттерін көрсететін кестелер, олардың арасындағы байланыс сызба-нұсқалары, қолданылуы жөніндегі кестелер. Бұл көмекші құралдар өткен материалды қайталағанда, саралағанда қолданылады. Осылардың ең маңыздылары сынып қабырғаларына екі-үш аптаға немесе тұрақты іліп қойылады.
Графиктік көрнекі құралдардың үшінші түрі - диаграммалар (олар әр түрлі өндіріске байланысты, элементтердің қыртысынада тарауына немесе қасиеттерінің өсуіне арналған болуы мүмкін. Кейде кітаптағы мәтінге байланысты берілетін диаграммалар мен кестелерді үлкейтіп салып пайдалануға тура келеді.
Демонстрация кезінде көрсетілетін және оқушылардың үстеліне қойылатын заттардың үлгілері жинақтама түрінде шөлмектерде, пробиркаларда, құтыларда болады.
Көрнекіліктің ұтымды түрлерінің бірі - кинофильмдер.
Осы кезде химияға арналған кинофильмдері өте көп шығарылған, оның арнайы каталогі бар. Мұғалімдердің жұмыс тәжірибесінде кинофильмдер көбінесе сабақ соңында көрсетіледі. Кейде кинофильм толық бір сабақ бойы көрсетіліп жүр, ол дұрыс емес, тек сол сабаққа қатысты бөліктерін ғана көрсеуі керек. Диапозитивтерді, диафильмдерді химия кабинетінде тұрақты жабдықталған экран, тұрақты қойғыш, оқу құралдары болуы керек (кинопроектор, фильмоскоп, эпидиаскоп, олар алыстан басқарылатын болуы керек) . Модельдер мен макеттерді Демонстрациялау да сабақта тиімді нәтиже береді. Оларға кристалдық торлар, модельдер, өндірістік қондырғылардың макеттері кіреді. Көлемді көрнекі құралдар шын заттың өзіне ұқсайды. Сондықтан бұл көрнекі құралдарды демонстрациялағанда сөзді көрнекі құралдармен ұштастырудың ілгеріде айтылған тәсілдері пайдаланылады.
Химиялық эксперименттерді пайдалануға ерекше талаптар қойылады. Әсіресе, көрнекілігі, қауіпсіздігі, сақтық шаралары ескерілуі тиіс.
Сөздік-көрнектілік-сарамандық әдістер. Бұл әдістің негізгі мақсаты - оқушылардың сарамандық іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру. Бұған негізінен оқушылар эксперименті- зертханалық тәжірибелер, сарамандық сабақтар, экспериментітік есептер шығару, сандық есептер мен жаттығулар орындау, кітаппен жұмыс, графикалық жұмыстарды орындау жатады. Мұның бәрі - оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары.
Химиялық эксперимент - құбылыстарды сырын ашудың негізгі құралы. Эксперимент арқылы құбылыстар ешбір жұмбақ сыр жоқ екеніне, олар да табиғи заңға бағынатынына, ол заңдарды білу химиялық өзгерістерді адамның сарандық іс-тәжірибелерінде кең пайдалануға мүмкімдік туғызатынына оқушылардың көзі жетеді. Эксперимент оқыту үрдісінде теорияның тәжірибемен өзара байланысын іс жүзіне асырыды, білімді сенімге айналдырады.
Эксперимент оқушылардың білімін, іскерлігін және алған дағдыларын тексерудің әдісі ретінде де қолданылады. Сонымен қатар эксперимент оқушылардың бақылаушылық, ізденушылық қабілетін дамытады, білімді өз бетінше алуға, оны жетілдіруге, алған білімді іс жүзінде қолдана біліге тәрбиелейді. Эксперимент химия сабағында, сарамандық сабағында дәлелдеу және тексеру құралы ретінде де пайдаланады.
Көпшілік жағдайда оқушылар заттың құрамы мен қасиеттері жөнінде салыстыру мәліметтеріне сүйене отырып заттарды бір-біріне ажыратуға, қорытынды жасауға мүмкімдік алады. Орта мектепте химиялық эксперименттің төрт түрін қолданады: бұлардың әрқайсысының өзінше жеке әдістемелік тәсілдері, соған сай мақсаттары бар:
- Демонстрациялық тәжірибелер;
- Зертханалық тәжірибелер;
- Сарамандық сабақтар;
- Аралас типті экспериментер (эксперименттік есептер шығару, практикумдар өткізу, т. б. ) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz