Басқарудың экономикалық механизмін жақсарту мақсатында инновацияны енгізу және жетілдіру


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   
мазмұны
мазмұны: Кіріспе . . .
: 3
мазмұны:
:
мазмұны: 1. Инновациялық қызметті басқарудың теориялық - әдістемелік негіздері . . .
: 6
мазмұны: 1. 1. Инновация теориясының қалыптасуы және оның қазіргі кездегі концепциялары . . .
: 6
мазмұны: 1. 2. Ұлттық инновациялық жүйенің даму болашағы . . .
: 17
мазмұны: 1. 3. Инновациялық қызметі басқарудағы мемлекеттің ролі және құқықтық қамтамасыз ету . . .
: 28
мазмұны:
:
мазмұны: 2. Қазақстан Республикасында инновациялық қызметтің қазіргі жағдайын талдау . . .
: 39
мазмұны: 2. 1. Қазақстандағы инновациялық саланың бүгінгі жағдайына сараптама . . .
: 39
мазмұны: 2. 2. Шағын инновациялық бизнестің дамуын талдау . . .
: 46
мазмұны: 2. 3. Қазақстан Республикасындағы венчурлы бизнестің даму ерекшеліктері . . .
: 52
мазмұны:
:
мазмұны: 3. Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызметті басқаруды жетілдіру жолдары . . .
: 64
мазмұны: 3. 1. Инновациялық саланың дамуына кедергі жасайтын мәселелер және оларды шешу жолдары . . .
: 64
мазмұны: 3. 2. Инновациялық қызметті қолдаудың шетелдік тәжірибесі және он Қазақстан жағдайында қолдану мүмкіндіктері . . .
: 69
мазмұны: 3. 3 Кәсіпорындағы инновациялық жобаның тиімділігі . . .
: 71
мазмұны:
:
мазмұны: ҚОРЫТЫНДЫ
:
мазмұны: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
:

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанда соңғы он жылдықтарда нарықтық механизмдерге негізделген экономикалық қатынастарға өтуге байланысты түпкілікті өзгерістер болды. Бірақ, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтудің ғылыми және экономикалық негізделген модельдің жоқтығы және реформаларды жедел жүргізу себебінен, жүргізілген шаралар елдің әлеуметтік экономикалық дамуында толық көлемде күткендей нәтиже бермеді. Мысалы, экономиканың шикізаттық тәуелділігі шикізат бағасының тұрақсыздығы кезеңіндегі белгілі макроэкономикалық эффект арқылы байқалды, яғни шикізат экспортынан түскен ауқымды тұрақты валюта түсімдері ұлттық валютаның жасанды өсуіне әкеліп соқтырады, ал отандық тауар өндірушілердің қарқындап өсуші импортпен бәсекелесуге қауқары жетпейді. Сонымен, соңғы онжылдықта ҚР-да шикізаттық емес салалардың үлесі 3-6 есеге азайды, керісінше орны толмас табиғи ресурстарды өндіру ұлғайды - мұнай, газ бен қара және түсті металл рудаларын. Елдің инвестициялық саясатының шикізаттық бағыты өнеркәсіпте қалыптасқан диспропорцияны одан ары тереңдетті.

Сонымен қатар әлемдік өңделмеген шикізат нарығы тұтынушы нарығы ретінде бағаланады, өйткені сатушы көп те, сатып алушы аз. Мамандардың есептеуі бойынша экспортерлер, орташа есеппен, экспорттаған тауарлар үшін батыс тұтынушысы төлеген соманың 25% ғана алады.

Бұл тығырықтан шығу жолы, бастапқы шикізаттан ондаған және жүздеген есе қымбат тұратын, жоғары технологиялық бұйымдарды өндіруді ұйымдастыру.

Бұл үшін өндірістік секторды алғы ғылыми-техникалық жетістіктер негізінде технологиялық жаңарту (модернизациялау) керек.

Сондықтан, экономиканы дивесификациялау мен модернизациялау негізінде елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, экспортқа бағытталған бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаруға жағдай жасау мақсатында ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың бастауымен «2005-2015 ж. ж. елдің индустриалды-инновациалық даму стратегиясы» қабылданды, оның шеңберінде ЖҰӨ-ді 2015 жылға 3, 5 есе өсіру көзделген [2] .

Нарық жағдайында өнеркәсіптік кәсіпорындарды жетістіктерді игеруге қомақты қаржыларды салуға мәжбүр ететін негізгі себеп, тіпті нарықта монополиялық жағдайды иемдену мүмкіндігі жоқ болса да, әрине, бәсекелестік болып табылады, онымен кез-келген технология беретін, өнім шығаратын немесе қандай-да бір қызмет көрсететін кәсіпорын бетпе-бет келуге мәжбүр. Кәсіпорындар мен компаниялар өз өнімдерінің бәсекелестік қабілетін сақтауды және табыс алуды өздері ойлауы керек. Яғни, олар нарық жағдайын, негізгі және мүмкін бәсекелестердің іс-әрекетін, қалыптасқан нарықтық тепе-теңдікті өзгертуге қабілетті жаңа ғылыми және технологиялық жетістіктердің пайда болуын қадағалап және болжап отырулары керек. Соңғысы 70-ші жылдардан бастау алатын, қазіргі ҒТП кезеңінде ерекше маңызға ие болды.

Бұл келесі себептерге байланысты:

  • өндірістің техникалық деңгейінің жоғарылауы;
  • жаңа техника және технологияларды құру, игеру мерзімдерін елеулі қысқарту қажеттілігі;
  • экономиканың барлық салаларында ҒТП қолдануға мүмкіндік беретін өндірісті дамытудың интенсивті факторларының күшеюі;
  • жаңа техника және технологияларды құру және енгізудің тиімділігін арттырудағы ғылымның анықтаушылық ролі;
  • жаңа өнімді игеру барысында кәсіпорындардың шығындарының көбеюі және экономикалық көрсеткіштерінің төмендеуі;
  • техника және технологиялардың жедел моральдық ескіруі;
  • жаңа техника және технологияларды өндіріске енгізуді жеделдетудің объективті қажеттілігі және т. б. Жоғарыда аталған мәселелерді шешудегі приоритет инновациялық қызметті еншісіне тиеді. Инновация дегеніміз дәстүрлі емес басқарушылық шешімдерді құрастыру және жүзеге асыру нәтижесінде өндірісте өнімнің әртүрлі қасиеттерінің (бағдарламалық-өнімдік, технологиялық, ақпараттық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және т. б. ) жаңа оң сапасына қол жеткізуге бағытталған басқарушылық қызмет.

Инновациялық қызметтітің негізгі міндеті - ғылым, техника, өндіріс және тұтынудың бірлігін, яғни инновациялық өнімге деген қожамдық қажеттілікті, қамтамасыз ететін, ұйымдастыру және басқару әдістерін қолдану нәтижесінде сандық және сапалық өзгерту арқылы, инновациялық процесстерді басқару.

Бұдан басқа инновациялық қызметтітің негізгі міндеттерінің бірі кәсіпорындар мен компанилардың бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ететін жаңалық енгізулерді ұдайы өндіріп және мақсаттық іздестіруді жүзеге асыратын орта қалыптастыру.

Инновациялық ортаның негізгі элементтері:

  1. инновациялар, яғни ғылыми және ғылыми-техникалық нәтижелердің немесе интеллектуалдық еңбек өнімдерінің жиынтығы;
  2. қандай да бір жаңалықтардың тұтынушысы болып табылатын, бәсекеге қабілетті тауар өндіруші;
  3. тауар өндірушіні қажетті жаңалықтармен қамтамасыз етуге байланысты барлық жұмыстар кешенін қаржыландыруды қамтамасыз ететін, инвесторлар;
  4. осы процесс барысында туындайтын мәселелерді шешуге мүкіндік беретін, инфроқұрылым (бизнес-инкубаторлар, технопарктер және т. б. ) . Ұйымның инновациялық ортасына ерекше көңіл бөлінеді, оны қалыптастыруда, жалпыға танымал бәсекелестік қабілетті қаматамасыз ету құралымен (маркетингпен) қатар, білімді алу процесін және осы білімді, нарықта сұранысқа ие, өнімге трансформациялау ерекше ролге ие болуда. Тақырыптың ғылыми дәрежесі. Диплом жұмысын жазу барысында көптеген ғалымдарының еңбектері қолданылды. Олар: Кенжугудин М. Б., Дунишев Т., Альжанова, Әбдікапарова С. Б. және т. б.

Осы жұмыстың мақсаты. Жоғарыда аталғандар кәсіпорындар мен компанияларда, нарық жағдайында шаруашылық субъекттердің жоғары табысты қызметін қамтамасыз ету үшін, басқарудың экономикалық механизмін жақсарту мақсатында инновацияті енгізу және жетілдіру мәселесінің актуалдығын айқындайды. Сондықтан аталған мәселе осы дипломдық жұмыстың тақырыбы ретінде таңдалды.

Осы жұмыстың объектісі нарықтың әлеуметтік, экономикалық және техникалық жүйелерінде жаңалықтарды енгізуді және нәтижесінде пайда болған өзгерістерді құрастыру, игеру және тарату мақсаттық бағытталған процесстері түсініледі.

Зерттеудің теориялық және методологиялық негізі: Теориялық та, тәжрибелік те тұрғыдан инновация объектісіне нақты анықтама беру өте маңызды. Мұндай қажеттілік оның жаңалық енгізуді басқару жүесінің негізгі элементі болғандығымен және, оның құрылымына, функцияларына, басқару әдістері мен құралдарына, сонымен қатар оның тиімділігін бағалау критерийлеріне негізгі әсер ететіндігімен айқындалады.

Диплом жұмысын жазу барысында жаңа методологиялық өзгерістерді негізге ала отырып, жүйелілік, обьективтілік сияқты ғылыми таным принңиптерін негізге алдым. Сондай-ақ, осы тақырыпты жазуда соңғы уақытта қалыптасқан жаңа ғылыми бағыттарды, тұжырымдар мен пікірлерді мүмкіндігінше нақты басшылыққа алып зерттеу барысында талдау, сараптау, анализдеу тәсілдері қолданылды. Сонымен қатар, салыстырмалы талдау да сәтті пайдаланылды және де ең бастысы қойылған міндеттерді орындау барысында жалпыға мәлім зерттеу әдістері де қолданылды.

Осы жұмыстың практикада мынандай пайдасы бар. Жұмыста инновация мәселесі компаниялар мен кәсіпорындар қызметіндегі дағдарыстық құбылыстардың және олардың нәтижесінде пайда болатын өзгеріс процесстерінің алдын алу және дұрыстау әдісі ретінде қарастырылады. Осыған сәйкес, жұмыста инновация деп нарықтық экономиканың дағдарыс алды, дағдарыс және дағдарыстан кейінгі жағдайларында кәсіпорындар мен компаниялардың қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қаржы- экономикалық және технологиялық сипаттағы шаралар жүесі түсініледі.

Нарықтағы кез келген өзгерістер әр уақытта тұрақты және оптималды жүйеге белгісіздік, айқынсыздық, тұрақсыздық енгізеді, оларды дағдарыстық жағдай деп қарастыру қалыптасқан. Ұзақ уақыт бойында басқару процесінде нарықтағы дағдарыс жағдайына осы жағдай пайда болғаннан кейін, яғни оның алдын алу мүмкін болмаған кезде, көңіл аудара бастайтын. Қазіргі кезде жетекші компаниялардың әрекетінде алдын алу стратегиясының басымдылығы байқалады.

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, әр тарауы үш тармақшадан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Инновациялық қызметті басқарудың теориялық - әдістемелік негіздері

1. 1. Инновация теориясының қалыптасуы және оның қазіргі кездегі концепциялары

Кәсіпкерлік, экономикалық әрекет формасы ретінде, екі негізгі түрде жүзеге асырылу мүмкін (немесе олардың комбинациясы) :

1) тікелей өндіргіш функцияларын жүзеге асыру жолымен, яғни тауар, өнім, қызмет өндіру арқылы (өндірістік кәсіпкерлік) ;

2) делдалдық функцияларды жүзеге асыру жолымен, яғни тауарды тікелей өндірушіден, оны тұтынушыға жеткізуге байланысты қызметтер көрсету (делдалдық кәсіпкерлік) .

Өндірістік кәсіпкерлік - бұл нарықтық экономика субъектілерінің, болашақта тұтынушыларға сатуға арналған тауар өндіру, жұмыстарды атқару және қызмет көрсетуге бағытталған экономикалық белсенді әрекеті. Бұл кезде өндіру функциясы анықтаушы болып табылады. Жалпы қоғамдық тұрғыдан өндірістік кәсіпкерлік басымдылық маңызға ие, өйткені қоғамдық байлық материалдық, ғылыми-техникалық және сервистік өндіріс саларындағы жағдайға тәуелді.

Бұдан бөлек, тауар өндіру саласындағы кәсіпкерлік әрекет негізгі және қосалқы сипатта болуы мүмкін. Негізгілерге, нәтижесі тұтынуға дайын тауар өндіру болатын кәсіпкерлік әрекет түрлері жатады. Қосалқыларға, мақсаты тікелей тауар шығарушыларға, өндіру процесі барысында өндірілетін тауардың сандық және сапалық көрсеткіштерін жақсартуға ықпал ететін, әдістер мен амалдарды құрастыру және беру болып табылатын кәсіпкерлік әрекет түрлері жатады. Бұған әрекеттерінің нәтижесі тікелей тауар өндірушілерге жаңа техника, технология немесе ғылыми-техникалық жаңалықтарды, өндірістік сипаттағы қызмет көрсету (құрылыс жұмыстары, транспорттық қызмет және т. б. ) болып табылатын кәсіпкерлік фирмалар да жатады.

Осыған байланысты экономикалық әдебиетте кәсіпкерліктің екі моделі бөліп қарастырылады: классикалық және инновациалық. Кәсіпкерліктің классикалық моделі (дәстүрлі, репродуктивті кәсіпкерлік) кәсіпкер жұмысты ресурстардан ең жоғары қайтарым алуға ұмтылып ұйымдастырады деген болжамға сүйенеді. Нақты осы модель шеңберінде өндірістің өсуін басқару концепциясы қалыптасады деп есептеледі, оны жүзеге асыру кәсіпкер үшін сыртқы факторлар - субсидиялау, үкімет тарапынан протекционизм - есебінен бірқатар шараларды жүргізуді талап етеді. Рентабельділікті жоғарылату, өндірісті жетілдіру және өнім ассортиментін жаңарту үшін ішкі мүмкіндіктер де жұмылдырылады.

Екінші модель - инновациалық кәсіпкерлік (продуктивті) кәсіпорынның дамуының жаңа жолдарын іздеуді қарастырады, бұл өсуді, немесе инновацияны басқару концепциясы туралы айтуға мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік әрекет тәжрибесінің құрамына, оның кез-келген формасында, әдетте инновациялық процесс кіреді. Өндіріс толық инновацияларға негізделген жағдайда, оның мұндай ұйымдастырылуының нәтижесі жаңа тауар немесе жаңа сипаты, қасиеттері бар тауар болады. Бірақ, нарыққа дәстүрлі тауарларды шығару да, өндірісті ұйымдастыруға, өндірістің техникалық элементтері немесе өндірілетін тауардың сапалық көрсеткіштерін өзгертуге байланысты қандай да бір жаңа элементтер мен әдістерді қолданып жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл жағдайда дәстүрлі тауарларды жартылай инновация енгізу арқылы өндіру туралы айтуға болады.

Инновациалық кәсіпкерлік Қазақстан Республикасы ғылыми қауымдастығы мен кәспкерелер үшін салыстырмалы жаңа ұғым. Дәл қазіргі уақытта ҚР жаңашылдықтың шарықтау кезеңін басынан өткізуде. Шарықтау - бұл жаңа мүмкіндіктерге ұмтылған кәсіпкерлердің әрекеттерінен туындаған құбылыс. Шарықтау шектен тыс оптимистік үміттер есебінен күшеюі мүмкін. Шарықтаудың мәнін өндірістік жүйеге алғы технология, басқару әдістерін және жаңалықтарды енгізу деп түсіндіруге болады.

Экономиканы басқарудың бір формалары мен әдістерінің орнына басқалары келеді. Бұл жағдайда инновациялық қызметпен, басқарудың мемлекеттік деңгейінен бастап, шағын бизнесте жаңадан құрылған жауапкершілігі шектелген серіктестікке дейінгі, барлық шаруашылық субъектілері айналысуға мәжбүр.

Инновацияке әр түрлі көзқараспен қарайтын ғалымдардың концепциясына байланысты, оларды келесі түрде жіктеуге болады:

  • процесс ретінде - Твисс Б., Койре А., Пинингс И., Раппопорт В., Санта Б., Кабаков Г. М, ., Макаров В. ;
  • жүйе ретінде - Шумпетер Й., Лапин Н. және басқалар;
  • өзгеріс ретінде - Валента Ф., Яковец Ю., Водачек Л., және басқалар;
  • нәтиже ретінде - Бешелев С., Гурвич Ф., Левинсон А. және басқалар;

Инновациялар бойынша зерттеулердің негізін қалаушы ретінде Н. Д.

Бірақ, Қазақстанда бұл мәселе өте аз зерттелген, мұнда әлі экономиканы шикізаттық бағыттан жоғары технологиялық бағытқа ауыстыру күрделі күйінде қалуда, жаңалық енгізуді басқарудың бірыңғай жүйесі ретінде инновациялық процессті құрудың критерийлері мен принциптері анықталмаған.

“Жаңалық енгізу” - бұл жаңа техника мен технологияны, ұйымдастыру мен басқарудың жаңартылған әдістерін игеру. Ал “инновация” - бұл “өнімнің жаңа түрлерін, жаңа технологиларды, ұйымдастыру формаларын түзу, құрастыру және таратуға бағытталған әрекет”.

Э. А. Уткин “Фирманы басқару” жұмысында инновацияны (жаңалық енгізуді) жүргізілген ғылыми зерттеу немесе ашылған жаңалық негізінде, алдыңғы үлгіден сапалық айырмашылығы бар, өндіріске енгізілген объект ретінде анықтайды.

Инновцияларды дамытудың ынталандырушы механизмі бірінші кезекте нарықтық бәсекелестік болып табылады. Өндірушілер мен тұтынушылар ескірген техника мен технологияны пайдалану барысында дифференциалды зардап (шығын) шегеді, оның нәтижесінде инновация негізінде өндіріс шығындарын азайтуға мәжбүр. Тиімді инновацияларды алғашқы болып игерген кәсіпкерлік фирмалар өндіріс шығындарын азайтуға және оған сәйкес сататын тауарлардың (өнімдердің, қызметтердің) құнын төмендетуге, нәтижесінде ұқсас тауарларды (өнімдерді, қызметтерді) ұсынатын фирмалармен күресте өзінің нарықтағы жағдайын нығайтуға мүмкіндік алады.

ХХ ғасырдың 30-шы жылдары Й. Шумпетер алғашқы рет “инновация” ұғымын қолданды, және оны өнеркәсіпте тұтыну тауарларының жаңа түрлерін, жаңа өндіріс құралдарын, нарықтар мен ұйымдастыру формаларын енгізу және пайдалану мақсатындағы өзгерістер деп түсіндірді.

Қазіргі уақытта инновациялық кәсіпкерліктің пайда болу қажеттілігін келесілер айқындайды:

  • өндірістің интенсивті факторларының күшеюі, олар ғылыми-техникалық прогрессті экономикалық әрекеттің барлық салаларында қолдануға ықпал жасайды;
  • жаңа техниканы құру мен енгізудің тиімділігін арттырудағы ғылымның анықтаушы ролі;
  • жаңа техниканы құру, игеру мерзімін елеулі қысқарту, өндірістің техникалық деңгейін жоғарылату, ғалымдар мен жаңашылдардың шығармашылығын жаппай дамыту қажеттілігі;
  • ғылыми-техникалық өндірістің ерекшелігі, шығындар мен нәтиженің белгісіздігі, зерттеудің айқын көрінетін көп варианттығы, қатер және мүмкін теріс нәтижелер;
  • жаңа өнімді игеру барысында шығындардың көбеюі және экономикалық көрсеткіштердің нашарлауы;
  • техника мен технологияның жедел моральдық ескіруі;
  • жаңа техника мен технологияны жеделдетіп енгізудің объективті қажеттілігі және т. б.

Инновациалық кәсіпкерлік деп техника-технологиялық жаңалықтарды құру және коммерциялық пайдалану процесін түсіну керек. Әдетте, кәсіпкерлік әрекеттің негізінде жаңа нарық құрып, жаңа қажеттіліктерді өтеуге мүмкіндік беретін, өнім мен қызмет саласында жаңалық енгізу жатады. Сондықтан біздің ойымызша «кәсіпкерлерді инновациялық ой қабілеті ерекшелейді. Инновация - кәсіпкерліктің ерекше құралы» деп атап көрсеткен П. Дракер шындыққа жақын.

Дракер П. инновациалық идеяның жеті көзін бөліп атайды:

  • ұйым немесе сала үшін күтпеген оқиға - күтпеген табыс, күтпеген шығын, күтпеген сыртқы оқиға;
  • бейконконгруэнттік - күнделікті өмір (шындығында қандай) және ол туралы біздің түсінігіміздің (қандай болу керек) арасындағы сәйкессіздік;
  • процесстің қажеттілігіне негізделген жаңалық енгізу (процесстің қажеттілігі деп, түзетілуі мүмкін және түзетілуі керек кемшіліктері мен осал жерлерін түсіну керек) ;
  • сала мен нарық құрылымындағы кенеттен болған өзгерістер;
  • демографиялық өзгерістер;
  • көзқарас, көңіл-күй және құндылық ұстанымдардағы өзгерістер;
  • жаңа мағына (ғылыми да, ғылыми емес те) .

Австриялық ғалым И. Шумпетер [8] бес типтік өзгерістерді бөліп қарастырады:

1. Жаңа техниканы, жаңа технологиялық процесстерді немесе өндірісті жаңа нарықтық қамтамасыз ету (сатып алу-сату) .

2. Жаңа қасиеттері бар өнімдерді енгізу.

3. Жаңа шикізатты пайдалану.

4. Өндірісті ұйымдастыруды және оны материалдық-техникалық жабдықтауды өзгерту.

5. Жаңа өткізу нарықтарының пайда болуы.

Инновациялық процесстің тауарлыққа айналу барысында оның екі органикалық кезеңі бөліп қарастырылады: а) құру және тарату; б) жаңалықты диффузиялау. Біріншісі, негізінен, тәжрибелік-конструкторлық жұмыстар, тәжрибелік өндіріс пен өткізуді ұйымдастыру, коммерциялық өндіріс сияқты ғылыми зерттеудің кезеңдерін біріктіреді. Бірінші кезеңде әлі жаңалықтың пайдалы әсері жүзеге асырылмайды, тек қана мұндай жүзеге асырудың алғы шарттары құралады. Екінші кезеңде қоғамдық-пайдалы әсер жаңалықты өндірушілер, сонымен қатар өндірушілер мен тұтынушылар арасында бөлінеді. Диффузия нәтижесінде өндірушілердің де, тұтынушылардың да саны және сапалық сипаттары өзгереді. Жаңалық енгізу процестерінің үзіліссіздігі нарық экономикасында жаңалық енгізу диффузиясының жылдамдығы мен кеңдігіне анықтамалық әсер етеді.

Инновацияның диффузиясы - уақыт бойында ол арқылы жаңалық коммуникациялық каналдар арқылы әлеуметтік жүйе мүшелері арасында жеткізілетін процесс. Жаңалық ретінде шаруашылық субъектісі үшін жаңа болып табылатын, идеялар, бұйымдар, технологиялар және т. б. болуы мүмкін. Бір сөзбен айтқанда диффузия - бұл бір рет игерілген және пайдаланылған инновацияны жаңа жағдайда немесе жаңа қолдану орнында тарату. Инновацияны тарату - бұл ақпараттық процесс, оның формасы мен жылдамдығы коммуникациялық каналдардың қуаты, шаруашылық субъектілерінің ақпаратты қабылдау ерекшеліктері, олардың осы ақпаратты пайдалану қабілеті және т. б. тәуелді. Бұл нақты экономикалық ортада әрекет етуші шаруашылық субъекттер инновацияларды іздеуде әртүрлі көзқарасты ұстануы және оларды игеру қабілеттерінің әртүрлілігіне байланысты.

Нақты инновациялық процесстерде жаңалық енгізу диффузия процесінің жылдамдығы әртүрлі факторлармен анықталады: а) шешім қабылдау формасымен; б) ақпаратты жеткізу әдісімен; в) әлеуметтік жүйенің сипатымен, сонымен қатар жаңалық енгізудің өз сипатымен.

Жаңалық енгізудің (ЖЕ) сипаттары: дәстүрлі шешімдерге қарағанда салыстырмалық артықшылығы; қалыптасқан тәжрибе мен технологиялық құрылымға үйлесімділігі, күрделілігі, жинақталған енгізу тәжрибесі және басқалар.

ИП соңғы нәтиже тұрғысынан қарастыруда тек мәселе аумағында жаңа дәлелдеуші мәліметтерді және ақпаратарды жинақтауға бағытталған зерттеу қызметін бөліп қарастыру қажет.

Теориялық, фундаменталды зерттеу (ФЗ) тікелей нақты қолданбалы есептерді шығарумен байланысты емес. Бірақ, ол инновациялық процесстің негізі болып табылады. Сонымен қатар, теориялық зерттеулердің қажеттілігі тәжрибенің қажеттіліктерінен және зат туралы бұрынғы білімдерді синтездеу қажеттіліктерінен туындауы мүмкін. Фундаменталды зерттеулер, әдетте, қолданбалы зерттеулерде көрініс табады, бірақ бұл бірден болмайды: көбінесе бір зерттеу келесі тармақталған құрастырылымдардың тізбегінің негізі болады, олардың бір бөлігі ары қарай дамытылмай тұйыққа тіреледі, басқалары, керісінше, қолданбалы зерттеулер кезеңіне дейін жетеді және нарыққа енгізуге арналған тауар өндіруде көрінісін табады. Мысалы, жаңа дәрілерді өндіру кезінде жүз мыңдаған заттар фармакологиялық скринингтен өткізіледі, бірақ олардың жүздегені ғана қолданбалы құрастырылымдарға енгізіледі, және тек бірнешеуі ғана фармацевтикалық өнім шығаруға негіз болады.

1-ші сурет. Инновациалық процессті басқару

Сонымен, инновациалық процесстің әртүрлі кезеңдерімен байланысты және осыны есепке ала отырып өзінің басқарушылық әрекетін құрастырады.

Инновацияке, менеджменттің басқа облыстары сияқты, келесілер тән:

  • мақсат қою және стратегия таңдау;
  • төрт кезең.

Айтылған 1-ші суретте көрнекіленген.

Суреттен басқару процесінің 4 кезеңнен тұратынын көруге болады:

1. Жоспарлау: стратегияны жүзеге асыру жоспарын түзу;

2. Шарттарды анықтау және ұйымдастыру: инновациялық кезеңнің әртүрлі фазаларын жүзеге асыру үшін ресурсқа деген қажеттілікті анықтау, қызметкерлер алдына міндеттерді қою, жұмысты ұйымдастыру;

3. Орындау: зерттеулер мен құрастырылымдарды, жоспарды жүзеге асыру;

4. Басқару: бақылау және талдау, әрекеттерді түзету, тәжрибе жинақтау; инновациалық жобалардың тиімділігін бағалау; инновациалық шешімдердің тиімділігін бағалау; жаңалықтарды қолдану.

Келтірілген суреттен, басқарушылық тұрғыдан инновация - бұл жаңалық енгізуді, инновациялық әрекетті, осы әрекетпен айналысатын ұйымдастырушылық құрылымдар мен олардың персоналын басқарудың принциптері, әдістері мен формаларының жиынтығы деген қорытынды жасауға болады.

Өз кезегінде жаңалықтар, тек оларды таратуға қабылданаған кезден ғана бастап жаңа сапаға ие болады - инновация болады. Жаңалықты нарыққа енгізу процесін коммерциализация процесі деп атау қалыптасқан. Жаңалықтың пайда болуымен, оның инновацияға айналуы аралығындағы уақыт кезеңі инновациалық лаг деп аталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономика жағдайында инвестициялар
Инновацияның өмірлік циклы және функциясы
«инновация», «жаңа құбылыс», «жаңа енгізулер»
Инновациялық менеджмент негізінде басқару процестерін жетілдіру
Кәсіпорынның инновациялық қызметі
ФИРМА ҚЫЗМЕТІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Агроөнеркәсіп өндірісінде инновацияны игеру тәжірибесі
Кәсіпорындардың инновациялық қызметін салықтық ынталандыру шаралары
Аграрлық саладағы инновациялық қызмет
Шағын кәсіпкерліктің қызметін басқарудың тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz