Кәсіпорынның табыстар мен шығыстарды талдау


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Кәсіпорынның табыстар мен шығыстарды

талдау

Нарықтық экономика жағдайында қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.

Қаржылық жағдайына талдау жасауға табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды көрсеткіш қарастырылады.

Өнімді (жұмысты, қызметті) сатып-өткізуден түскен табыс ол қаржы -шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер т. с. с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері және баға шегерімдері алынып тасталынып көрсетіледі.

Кестеде келтірілген мәліметтерден «Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өнімді (жұмысты, қызметті) сатып өткізуден түскен табысының 2005 жылды өткен жылмен салыстырғанда 156819035, 4 мың теңгеге көбейгенін көреміз.

Өнімді (жұмысты, қызметті) сатып-өткізуден түскен табыс пен сатып-өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны да 125556159, 6 мың теңгеге көбейген .

Жалпы табыс - ол өнімді өткізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді (жұмысты, қызметті) сатып өткізуден түскен табыс пен сатып-өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік

Кесте 1

«Индустриальное снабжение» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2005-2006 жылдардағы қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі көрсеткіш .

1
Көрсеткіштер
2005ж
2006ж
Ауытқулар (+; -) мың. Тг.
1: 1
Көрсеткіштер: 2
2005ж: 3
2006ж: 4
Ауытқулар (+; -) мың. Тг.: 5
1: 1
Көрсеткіштер: Өнімді (жұмысты, қызметті) сатып-өткізуден түскен табыс мың тг.
2005ж: 11922485, 2
2006ж: 168741520, 7
Ауытқулар (+; -) мың. Тг.: 156819035, 4
1: 2
Көрсеткіштер: Сатып-өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны мың тг.
2005ж: 11083726, 5
2006ж: 136639886, 1
Ауытқулар (+; -) мың. Тг.: 125556159, 6
1: 3
Көрсеткіштер: Жалпы табыс мың тг
2005ж: 838758, 77
2006ж: 32101634, 64
Ауытқулар (+; -) мың. Тг.: 31262875, 87
1: 4
Көрсеткіштер: Басқадай табыс мың тг.
2005ж: -
2006ж: 1260, 19
Ауытқулар (+; -) мың. Тг.: 1260, 19
1: 5
Көрсеткіштер: Кезеңдік шығыстар мың тг.
2005ж: 894458, 79
2006ж: 31710451, 93
Ауытқулар (+; -) мың. Тг.: 2276593, 14
1: 6
Көрсеткіштер: Салық салынғанға дейінгі табыс мың тг.
2005ж: -55700, 02
2006ж: 392442, 9
Ауытқулар (+; -) мың. Тг.: 448142, 92
1: 7
Көрсеткіштер: Табыс салығы бойынша шығыстар мың тг.
2005ж: -
2006ж: -
Ауытқулар (+; -) мың. Тг.: -
1: 8
Көрсеткіштер: Салық салынғаннан кейін табыс мың тг.
2005ж: -55700, 02
2006ж: 392442, 9
Ауытқулар (+; -) мың. Тг.: 448142, 92
1: 9
Көрсеткіштер: Таза табыс (зиян) мың тг.
2005ж: -55700, 02
2006ж: 392442, 9
Ауытқулар (+; -) мың. Тг.: 448142, 92

құнның айырмасы болып табылады. Жалпы табыс зерттеу жүргізілген кәсіпорында есепті жылды өткен жылмен салыстырғанда 31262875, 87 мың теңгеге көбейген.

Басқадай табыс өткен жылы боған жоқ. Есепті жылы ол 1260, 19 мың теңгені құрады.

Өнімнің өзіндік құнына кірмей шегерістерге жататын кезеңдік шығыстар өткен жылы 894458, 79 мың теңгені құрса, еспті жылда олар 2276593, 14 мың теңгеге көбейген. Салық салынғанға дейінгі кәдімгі қызметтен түскен табыс зерттеу жүргізілген кәсіпорында есепті жылда 392442, 9 мың теңге құрса, өткен жылы 55700, 02 мың теңге зиян шеккен, 2006 жылды 2005 жылмен салыстырғанда 448142, 92 мың теңгеге көбейген. Ал табыс салығы бойынша құжатта сома көрсетілмеген.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі болып табылатын таза табыс сомасы есепті жылды өткен жылмен салыстырғанда 448142, 92 мың теңгеге көбейгенін көреміз.

Схема 1.

«Индустриальное снабжение » жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылыс структурасы

БАСТЫ ДИРЕКТОР
ДИРЕКТОР
ҚАРЖЫ ДИРЕКТОРЫ

БАСТЫ БУХГАЛТЕР АҒА МЕНЕДЖЕР

1-ші бухгалтер 1-ші менеджер

2-ші бухгалтер 2-ші менеджер

Кассир 3-ші менедже

2. 2. Табыстар мен шығындар жөніндегі қорытынды есеп.

“Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қаржылық жағдайына талдау жүргізгенде баланс көрсеткіштерімен қатар қаржылық есеп берудің басқа да нысандарының көрсеткіштерін қолдану қажет, әсіресе кәсіпорынның жыл бойындағы барлық табыс сомасын осы кәсіпорынның өзінің қызметін жүргізу үшін жұмсалған барлық шығындар сомасымен салыстырудан тұратын табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есепті қолдану керек, оның баланстан айырмашылығы ол кәсіпорынның мезеттік суреті және қатып қалған қаржылық жағдайы емес, ол капитал қозғалысы, есепті кезеңдегі субъектінің қаржылық нәтижесі болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның балансына қарағанда, бұл құжат талдаушы адам үшін анағұрлым маңызды және ақпараттық болып табылады. Ол бұл кәсіпорын табыс немесе зиян әкелетіндігін анықтау үшін табыстар мен шығындар туралы жеткілікті мөлшерде бөлініп алынған анық көрсеткіштердің көмегімен белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның қызмет нәтижесіне баға береді. Батыс тәжірибесінде, балансты есеп берудің басты нысаны ретінде бөліп қарастыратын біздің ельге қарағанда, табыс және зиян туралы есепке біршама басымдылық берілуі кездейсоқ емес. Атап айтқанда, дәл осы үлгі американдық, ұлыбритандық және жаңазеландиялық фирмалардың жылдық есебінде бірінші болып келтіріледі. Мұның түп тамырын психологиялық тұрғысынан іздеген жөн, табыс батыс фирмалары қызметіндегі маңызды көрсеткіш болып табылады, олар сондықтан да оны ең алдымен сыртқы пайдаланушыларға әйгілеп көрсетуге тырысады.

Субъект қызметінің қаржылық нәтижесі туралы есеп бухгалтерлік есептің №3 “Табыстар мен шығындар жөніндегі қорытынды есеп” стандартымен анықталады. Онда заңды тұлғаларды рет-ретімен құру және ұсыну мақсатында қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі есептің баптарын жіктеу және есепке алудың тәртібі көрсетіледі, бұл өз кезегінде заңды тұлғаның әр мезгілдегі есептік кезеңдердегі қаржылық есебі мен түрлі заңды тұлғалардың қаржы есептерін салыстыруға мүмкіндік береді.

“Табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есебінде” мынандай көрсеткіштерден тұрады:

  1. Өнімді (жұмысты, қызметті) сатып өткізуден түскен табыс.

Өнімді (жұмысты, қызметті) сатып өткізуден түскен табысты қорытынды есепте көрсету үшін қосылған құнға төленетін салық, акциздер және т. б. салықтар мен төлемдер, сонымен бірге сатып алушыларға жасалынған жеңілдіктер алынып тасталынады.

Бұл бап бойынша шаруашылық жүргізуші құрылымның негізгі қызметінен түскен табыс сомасы көрсетіледі.

Негізгі қызметтен түскен табыс тауарлы-материалдық босалқыларды сатып-өткізуден, қызмет көрсетуден алынуы мүмкін, сонымен бірге негізгі қызметтің түріне байланысты проценттер, дивидендтер түрінде алынуы мүмкін.

  1. Сатып - өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны.

Сатып-өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына экономикалық мазмұнына сәйкес материалдық шығындар, еңбек ақы шығындары, еңбек ақы сомасынан есептелген сақтандыруға жарнала, негізгі құралдардың тозуы, басқа да шығындар деп аталатын шығын элементтері бойынша жинақталған өнімді өндірумен, қызметті көрсетумен, жұмыстарды орындаумен тікелей байланысты нақты шығындар еңгізіледі.

  1. Жалпы табыс

Жалпы табыс өнімді (жұмысты, қызметті) сатып өткізудің қаржылық нәтижесі болып табылады және олөнімді ) жұмысты, қызметті) сатып-өткізуден түскен табыс пен сатып-өткізілген өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнының арасындағы айырма ретінде анықталады.

  1. Кезеңдік шығыстар.

Кезеңдік шығыстар - олар өнімдердің (жұмыстардың, қызметтердің) өнірістік өзіндік құнына апарылмайтын шығындар.

Кезеңдік шығыстарға:

а) жалпы және әкімшілік шығыстар;

ә) сатып-өткізу операциялары бойынша шығыстар;

б) проценттерді төлеу бойынша шығыстар.

  1. Негізгі қызметтен түскен табыс (шеккен зиян)

Негізгі қызметтен түскен табыс жалпы табыс пен кезеңдік шығыстардың арасындағы айырма ретінде анықталатын сальдолық қажылық нәтиже болып табылады.

  1. Қосалқы қызметтен түскен табыс (шеккен зиян)

Бұл көрсеткіште субъектінің қосалқы қызметінен пайда болған табыс (шеккен зиян) көрсетіледі. Қосалқы қызметтен түскен табысқа айналымнан тыс активтерді сатып-өткізуден түскен табыс, құнды қағаздарды сатып алудан, сатып алып қайта сатудан түскен табыс және т. б. табыстар жатады.

Зерттеу жүргізілген кәсіпорында негізгі қызметтен түскен табыс пен қосалқы қызметтен түскен табыс (зиян) №2 формада көрсетілмеген.

  1. Салық салынғанға дейінгі табыс.

Бұл көрсеткіш есептеу жолымен 5 және 6 пункт көрсеткіштерінің қосындысы ретінде анықталады.

  1. Табыс салығы.

Салық кодексінде белгіленген мөлшерде заңды тұлғаларға салынатын салық.

  1. Салық төленгеннен кейінгі табыс

Бұл көрсеткіш есептеу жолымен кәдімгі (салық салынғанға дейінгі) табыс сомасы мен табыс салығының арасындағы айырма ретінде анықталады.

  1. Төтенше жағдайлардан түскен табыс (шеккен зиян)

Төтенше жағдайлар - субъектінің кәдімгі қызметінен өзгеше оқиғалар мен операциялар.

  1. Таза табыс.

Бұл көрсеткіш заңды тұлғалардың есеп беру мерзімінде алған таза табысын бейнелейді.

Осылайша кәсіпорынның табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есеп екі элементтерден тұрады. ҚР Президентінің 1995 жылы 26 желтоқсандағы №2732 “Бухгалтерлік есеп туралы” заң күші бар Жарлығында, сондай-ақ ҚР-ның Ұлттық комисиясының қаулысымен бекітілген бухгалтерлік есеп бойынша 1996 жылы 12 қарашада №2 қаржылық есепті дайындау және тапсыруға қажетті Концептуалдық негізінде айтылғандай, бұл элементтер субъектінің қаржылық көрсеткіштерін өлшеумен тікелей байланысты. Табыстар активтердің көбеюін немесе міндеттемелердің азаюын көрсетеді, ал шығындар - активтердің азаюын немесе есепті кезеңдегі. міндеттемелердің көбеюін көрсетеді.

2. 3. Ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп.

№3 “Ақша қаражатының қозғалысы жөніндегі қорытынды есеп” ҚР шаруашылық субъектілерінің қаржылық есеп беруіндегі жаңа үлгі болып табылады. Бұл есепте кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі ақша қаражаттарының көздері анықталады және оларды пайдаланылу жолдары көрсетіледі. Кәсіпорынның есепті кезеңіндегі жұмсаған ақша қаражаттарын жабу үшін негізгі қызметтен алынатын қаражаттары жеткілікті ме, соны көрсетеді. Ол сондай-ақ қолданушыларды кәсіпорынның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің белгілі бір бөлігіндегі есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығыны туралы ақпараттармен қамтамасыз ете отырып, оларға кәсіпорынның қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауға мүмкіндік береді.

Ақша қаражаттары - бұл кассадағы және банк шоттарындағы қолма-қол ақша.

Ақша қаражаттарының қозғалысы жөніндегі қорытынды есептің негізгі мақсаты:

  1. Есеп беру мерзімі ішінде заңды тұлғаларға ақша қаражаттарының келіп түсуі және шығуы жөнінде ақпараттарды беру;
  2. Есеп беру мерзімінде заңды тұлғалардың операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметі жөніндегі ақпараттарды беру.

Операциялық қызмет дегеніміз - заңды тұлғаның табыс табу бойынша негізгі қызметі сонымен бірге қаржылық және инвестициялық қызметіне жатпайтын басқадай қызметі.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер операциялық қызметтен болған ақша қаражаттарының қозғалысын тікелей немесе жанама әдістерді пайдалана отырып ашып көрсетеді:

Тікелей әдіс - бұл ақшаның келіп түсуі мен төленуінің негізгі түрлері ашып көрсетілетін әдіс. Бұл әдіс ақшамен жүргізілетін әрбір операцияны зерттеуге және ол операцияның субъект қызметінің қай түріне жататынын анықтауға негізделген. Тікелей әдісті қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі жөніндегі қорытынды есептің әрбір бабына түзету (корректировка) жасау деп түсіну керек. Мұндай жағдайда түзетуді өнімді сатып-өткізуден түскен ақша түсімінен бастау керек. Одан тауарды сатып алу бойынша төленген барлық ақшаның сомасын, ағымдағы шығындар бойынша жұмсалған ақшаны, несие үшін проценттер сомасын, бюджетке төленген төлемдерді алып тастау керек. Жиынтығында операциялық қызметтен алынған ақша қаражаттары жағдайының сомасыншығарады.

Зерттеу жүргізілген “Индустриальное снабжение” жауапкершілігі шектеулі серіктестік тікелей әдісті қолданған кезде операциялық қызметтің нәтижесінде пайда болатын ақша қаражаттарының қозғалысын бейнелейтін операцияларға төмендегі операциялар жатады:

а) тауарларды сатып-өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақша қаражаттары;

ә) көрсетілген қызмет үшін алынған аванстардың сомасы;

б) басқадай әртүрлі сипаттағы табыстардың келіп түсуі.

Ақша қаражаттарының шығуы :

а) келіп түсетін тауарлар және көрсетілген қызмет үшін жабдықтаушыларға және мердігерлерге ақша төлеу;

ә) атқарылатын жұмыстар үшін аванс төлеу;

б) еңбек ақы төлеу;

в) бюджетпен есеп айырысу;

г) басқадай төлемдер.

Жанама әдіс - бұл таза табысқа несие зиянға ағымдағы активтердің, ақшасыз операциялардың табыстар мен зиянның және міндеттемелердің өзгеруіне байланысты түзету (корректировка) жасалынатын әдіс.

Бұл әдіс бухгалтерлік баланс және табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есептің ақпараттарына негізделген.

Жанама әдісте табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есептің әрбір бабын түзету (корректировкалау) көзделмейді. Бұл әдіске сәйкес есеп беру мерзіміндегі таза табыстың (зиянның) өткен есеп беру мерзімімен салыстырғандағы өзгеру корректировкаланады.

Инвестициялық қызмет дегеніміз - ұзақ мерзімді активтерді сатып алу және сату, өтелетін несиелерді алу және беру.

Иенвестициялық қызметтің нәтижесінде пайда болатын ақша қаражаттарының қозғалысына төмендегілер жатады:

  1. Ақша қаражаттарының келіп түсуі:

- негізгі құралдарды сатып-өткізу;

  • басқалары.
  1. Ақша қаражаттарының шығуы:

- негізгі құралдарды сатып алу;

Қаржылық қызмет - кәсіпорынның нәтижесі меншікті капитал және қарызға алынған қаржылардың құрамы мен мөлшерінің өзгеруі болып табылатын қызметі.

Қаржылық қызметтің нәтижесіндеболатын ақша қаражаттарының қозғалысын төмендегі операциялар айқындайды:

  1. Ақша қаражаттарының келіп түсуі:
  • басқалары.
  1. Ақша қаражаттарының шығуы:

Қажлылық қызметте зерттеліп жатқан кәсіпорында ақша қаражаттарының шығуы 2006 жылда көрсетілмеген.

3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау

3. 1 Қаржылық жағдайдың мәні, талдау мақсаты және әдістері.

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы.

Қаржылық тұрақтылықтың мәні - бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді:

  1. пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы;
  2. нәтижесінің маңыздылығына байланысты - негізгі және негізгі емес;
  3. құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі;
  4. әрекет ету уақыты бойынша - тұрақты және бойынша.

Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.

Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрлымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.

Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс тандалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.

Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрлымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігіде өте маңызды болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі - яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады. Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен рөл берілген.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:

  • кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
  • шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
  • төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
  • шығындардың көлемі, олардың ақшалайй табыспен салыстырғандағы динамикасы;
  • қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрлымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарынның жағдайы;
  • кәсіпорындарды басқару тиімділігі.

Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл - талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады.

Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:

  • қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
  • активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
  • айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
  • қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
  • кәсіорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
  • ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
  • баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
  • кәсіпорынның табыстылығын бағалау;
  • кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
  • кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
  • кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.

Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылыаушы кезеңі болып тбылады. Және ол сатыны қамтиды: жабдықтау. өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі - бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет ету мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату көрсеткіштермен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұрыпталымды ұсап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.

Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс бар, ол ақша қаражаттарының болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорынның өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайына елеулі көрініс табады.

Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау днп бөлуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі ақпараттық көздері бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық шығындар кәсіпорынның баламалы шығындары
Заңды тұлғалардың салық есебі және жиынтық жылдық табысты талдау
Дебет шот 7110 Кредит шот
Корпоративтік табыс салығы: алыну механизмі және жетілдіру мәселелері
Пайда мен залалдар туралы есептілікті құрудың теориялық негіздері
Табыстар мен шығындардың бухгалтерлік есебі
Әкімшілік шығыстар есебі
Кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелерінің көрсеткіштері
Жалпы табыс
Жұмыстар мен қызметтер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz