Интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 142 бет
Таңдаулыға:   

ИНТЕЛЛЕКТТІК ДАМУ МЕН ӨЗІНДІК БАҒАЛАУДЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫНА ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРДІҢ ӘСЕРІ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .
3
КІРІСПЕ . . .: 1 ТҰЛҒАНЫҢ ИНТЕЛЛЕКТТІК ДАМУЫ МЕН ӨЗІНДІК БАҒАЛАУЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР . . .
3: 8
КІРІСПЕ . . .: 1. 1 Психологиядағы интеллектіні теориялық зерттеу мәселелері . . .
3: 8
КІРІСПЕ . . .: 1. 2 Психология ғылымында өзіндік бағалауды теориялық зерттеу . . .
3: 15
КІРІСПЕ . . .: 1. 3 Тұлғаның интеллекттік даму ерекшеліктері . . .
3: 22
КІРІСПЕ . . .:
  1. Тұлғада өзіндік бағалау дамуының психологиялық ерекшеліктері . . .
  2. Интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысы . . .
3:

31

37

КІРІСПЕ . . .: 1 бөлім бойынша тұжырым . . .
3: 43
КІРІСПЕ . . .: 2. ТҰЛҒА ҚҰРЫЛЫМЫНДА ИНТЕЛЛЕКТТІК ДАМУДЫҢ ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ . . .
3: 45
КІРІСПЕ . . .: 2. 1 Психология ғылымында тұлға дамуын этнопсихологиялық тұрғыда зерттеудің теориялық негіздері . . .
3: 45
КІРІСПЕ . . .: 2. 2 Психология ғылымында интеллектіні этнопсихологиялық аспектіде зерттеу . . .
3: 52
КІРІСПЕ . . .: 2. 3 М. М. Мұқановтың зерттеулеріндегі интеллект мәселесі . . .
3: 63
КІРІСПЕ . . .: 2 бөлім бойынша тұжырым . . .
3: 70
КІРІСПЕ . . .: 3 ИНТЕЛЛЕКТТІК ДАМУ МЕН ӨЗІНДІК БАҒАЛАУДЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫНА ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРДІҢ ӘСЕРІН ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ . . .
3: 73
КІРІСПЕ . . .: 3. 1 Эксперименттік зерттеуді ұйымдастыру бағытын анықтау . . .
3: 73
КІРІСПЕ . . .: 3. 2 Эксперименттің зерттеу әдістерін негіздеу және сыналушыларға сипаттама . . .
3: 74
КІРІСПЕ . . .: 3. 3 Эксперименттік зерттеулердің жүру барысы және нәтижелерін талдау. .
3: 79
КІРІСПЕ . . .: 3. 3. 1 Тұлғаның интеллекттік іс-әрекет ерекшеліктерін эксперименттік зерттеу . . .
3: 79
КІРІСПЕ . . .: 3. 3. 1. 1 Ойлау операцияларының логикалық қалыптасу ерекшеліктері . . .
3: 79
КІРІСПЕ . . .: 3. 3. 1. 2 Заттық әлемдегі функциялық байланыстарды талдау негізіндегі жалпылау ерекшеліктері . . .
3: 85
КІРІСПЕ . . .: 3. 3. 2 Тұлғаның өзіндік бағалау ерекшеліктерін эксперименттік зерттеу . . .
3: 92
КІРІСПЕ . . .: 3. 3. 2. 1 Өзіндік қатынас сипаттамасы ретінде тұлғаның эмоциялық көңіл-күйінің ерекшеліктері . . .
3: 92
КІРІСПЕ . . .: 3. 3. 2. 2 Тұлғаның өзіндік бағалау ерекшеліктерін зерттеу . . .
3: 101
КІРІСПЕ . . .: 3. 4 Өзіндік бағалау мен интеллекттік көрсеткіш арасындағы статистикалық байланыс . . .
3: 110
КІРІСПЕ . . .: 3. 5 Тұлғаның интеллекттік дамуына этнопсихологиялық түсініктердің әсерін зерттеу . . .
3: 112
КІРІСПЕ . . .: 3 бөлім бойынша тұжырым . . .
3: 125
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 128
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 131

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл зерттеуде тұлғаның интеллекттік дамуы мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсері қарастырылған. Тұлға құрылымындағы интеллекттік даму және өзіндік сананың негізгі компоненттерінің бірі өзіндік бағалау ерекшеліктерін өзара байланысты қарастыра отырып, интеллекттік дамуға этнопсихологиялық түсініктердің әсері зерттеледі.

Жұмыста әртүрлі этносты құрайтын сыналушылардың интеллекттік дамуы, олардың этнопсихологиялық түсініктері, атап айтқанда: ұлттық салт-дәстүрлер, этностық мәдениет, дін, халық творчествосы, басқа ұлтқа деген толеранттылық сияқты түсініктердің интеллектпен өзара байланыста дамитындығы эксперимент барысында анықталды.

Сонымен қатар, интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысы әртүрлі этностық топтарда эксперимент барысында зерттелді.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда қоғам талаптарының бірі жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Еліміздегі түбегейлі өзгерістер тұлға құрылымына психологиялық тұрғыдан жаңа сипатта қарауды қажет етеді. Сонымен қатар, қоғамдағы болып жатқан өзгерістер творчестволық тұлғаның мақсатқа бағытты қалыптасуын, белсенді өмірлік бағыты бар тұлға дамуын талап етіп отыр. Бұл талаптың жүзеге асуы белгілі бір дәрежеде тұлға белсенділігінің табиғаты түсінігімен анықталады. Сондықтан тұлға дамуында интеллекттік белсенділікті және өзіндік бағалауды айқындау - басты мәселелердің бірі. Сондай-ақ, интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысын этнопсихологиялық негізде зерттеу бүгінгі таңдағы этнопсихология ғылымының басты мәселелер қатарынан орын алады. Осы орайда тұлғаның интеллекттік дамуы мен өзіндік бағалау ерекшеліктерін зерттеу, олардың өзара байланысын және этнопсихология аясында қарастыру мәселесінің артта қалып отырғандығын атап өткен жөн.

Интеллекттік даму мен өзіндік бағалауды зерттеу нәтижесінде тұлғаның мінез-құлқы мен іс-әрекет мотивациясында этномәдени ерекшеліктерге негізделген айырмашылықтардың бар екендігі айқындалды. Өзіндік бағалау мен инттеллекттік даму тұлғаның өмір сүріп отырған ортасына, сондай-ақ, оның өз-өзіне қатынасына байланысты. Сондықтан тұлғаның интеллекттік дамуы мен өзіндік бағалауының өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсерін анықтау, сонымен бірге жаңа эксперименттік психологиялық зерттеу қажеттігі туындайды.

Психология ғылымында интеллекттік даму мен өзіндік бағалау мәселесі жеткілікті қарастырылған, дегенмен олардың өзара байланысының мазмұны, құрылымы, сонымен қатар өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсері толық зерттелмеген. Интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсерін қазіргі заман талабына сай зерттеу және жүйелеу тақырыптың көкейкестілігін айқындайды.

Кеңес психологиясында тұлға интеллектісі - ақыл-ой әрекеті қалыптасуының жүйелік зерттеулерінде (П. Я. Гальперин, Д. Б. Эльконин, Н. Ф. Талызина), интериоризация құбылысы ретінде (Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев) қарастырылды.

Интеллекттік әлеует тұлғаның кез-келген іс-әрекетті нәтижелі орындауының басты шарттарының бірі болып табылады. Интеллект деңгейі тұлғаның жинақтаған білімдерінің, тәжірибесінің негізінде қаланатын күрделі құрылым екені анық. Бертін келе интеллект мәдениеті тұлғаның даму деңгейіне әсер етеді деген көзқарастар туындады (А. Р. Лурия) . Осы орайда, интеллект тұлғаның тұстастай даму деңгейіне әсер ететіндіктен, оны өзіндік бағалаумен өзара байланыста зерттеу қажеттігі айқын көрінеді.

Өзіндік бағалаудың даму сатысына қарай тұлға ерекшеліктерін зерттеулерге негіз болған еңбектер бар (Б. Г. Ананьев, Л. И. Божович, А. И. Липкина, И. И. Чеснокова, Н. Ф. Талызина, В. В. Менчинская, В. В. Столин, Е. И. Савонько) . Сондай-ақ, қазіргі психологиялық зерттеулерде өзіндік бағалауды анықтауда өзіндік реттелудің жеке бастық және психикалық механизмдерін табуға бағытталған жұмыстар (Л. И. Божович, И. С. Кон), ақыл-ойдың қалыптасуы мен өзіндік бағалаудағы сана-сезім, оның құрамдас бөлігі ретінде қарастырған зерттеулер (А. В. Захарова) көптеп саналады.

Өзіндік бағалауды тұлғаның мінез-құлқын реттеуші, жеке бастық феномен ретінде сипаттаған көптеген эксперименттік жұмыстарды атап өтуге болады (Д. В. Демина, В. Ф. Сафин, С. Ф. Спичак, З. В. Кузьмина, А. И. Липкина және т. б. ) .

Қазақстандық психология ғылымда интеллектіні (ақыл-ойды) тарихи этнопсихологиялық аспектіде зерттеу белгілі ғалым М. М. Мұқановтың зерттеулерінен бастау алады. Қазақстандық ғалымдар С. Нұрғалиевтің, С. М. Жақыповтың, А. М. Кимнің, В. К. Шабельниковтың еңбектерінде тұлға құрылымындағы этностық ерекшеліктер зерттелді. Сонымен қатар, творчестволық іс-әрекеттің этнопсихологиялық ерекшеліктерін интеллектпен арақатысты зерттеген С. Қ. Бердібаеваның зерттеулерін айтуға болады.

Тұлға дамуының этнопсихологиялық аспектілері жайлы қазақстандық ғалымдардың, олардың ішінде Қ. Б. Жарықбаевтың, А. Ж. Алдамұратовтың, Ж. Т. Түрікпен-ұлының, Д. Д. Дүйсенбековтың, Б. Ә. Әмірованың, О. Х. Аймағанбетованың, А. Т. Малаеваның, Л. К. Көмекбаеваның, О. С. Санғылбаевтың, З. М. Балғымбаеваның, Ж. Д. Жүкешеваның, Р. Т. Әлімбаеваның, сонымен қатар жалпы тұлғалық даму мәселесі Ж. Ы. Намазбаеваның, Қ. Т. Шерьязданованың, Р. Б. Каримованың еңбектері зерттеудің теориялық негізін қалауға зор ықпал етті.

Сонымен, интеллекттік көрсеткіштердің дамуындағы өзіндік бағалаудың рөлін негіздеу және интеллектіні этнопсихологиялық түсініктер негізінде анықтау тақырыптың өзектілігін айқындап отыр.

Зерттеудің мақсаты: Тұлға құрылымындағы интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсерін теориялық және эксперименттік зерттеу.

Зерттеу міндеттері:

1. Психология ғылымындағы интеллекттік даму және өзіндік бағалау ерекшеліктерін теориялық талдау.

2. Интеллекттік көрсеткіш пен өзіндік бағалау арасындағы статистикалық байланысты айқындау.

3. Тұлға құрылымындағы интеллекттік дамуға этнопсихологиялық түсініктердің әсерін анықтау.

4. Интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсерін эксперименттік зерттеу.

Зерттеу нысаны: Тұлғаның интеллекттік дамуы мен өзіндік бағалау ерекшеліктері.

Зерттеу пәні: Интеллекттік даму мен өзіндік бағалау деңгейінің өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсері.

Зерттеудің жалпы болжамы : Интеллекттік деңгей мен өзіндік бағалау өзара байланысты болса, тұлға дамуына этнопсихологиялық түсініктер жағымды әсер етеді.

Жалпы болжам төмендегі жеке болжамдармен нақтыланады:

1. Этнопсихологиялық түсініктер интеллекттік дамуға және адекватты өзіндік бағалауға оң әсер етеді.

2. Адекваттық өзіндік бағалау және қалыптасқан этнопсихологиялық түсініктер интеллекттік дамудың жоғары көрсеткішін негіздейді.

Зерттеу жұмысының теориялық-әдіснамалық негіздері жүйелік құрылымдық әдіснама (С. Л. Рубинштейн, Б. Г. Ананьев), мәдени-тарихи тұжырымдама (Л. С. Выготский), интеллектіні процестік-іс-әрекеттік тұрғыда қарау (А. В. Брушлинский, Л. А. Венгер, В. Ю. Крамаренко), интеллектіні білім беру жүйесінде талдау (К. Фишер, З. И. Калмыкова), өзіндік бағалауды теориялық-эмпирикалық деңгейде зерттеу (В. В. Столин, И. И. Чеснокова, А. В. Захарова, П. Р. Чамата, К. А. Абульханова, Е. И. Савонько, А. И. Липкина және т. б. ), өзіндік бағалауды өз беттілік, жеке тұлғалық феномен, адамның мінез-құлқын реттеуші ретіндегі тұжырымдалар (З. З. Кузьмина, Д. В. Демина, А. И. Липкина, М. И. Лисина, В. С. Магун, В. Ф. Сафин) болып табылады.

Қазақстандық белгілі ғалым М. М. Мұқановтың интеллектіні тарихи-этностық аспектіде қарастыратын жұмыстары зерттеудің теориялық негіздерін құрайды. Сонымен қатар, М. М. Мұқановтың, С. М. Жақыповтың, Қ. Б. Жарықбаевтың, С. Қ. Бердібаеваның, Б. Ә. Әмірованың зерттеу жұмыстары негізге алынды.

Зерттеуде қолданылған әдістер: Зерттеу мәселесі бойынша психологиялық әдебиеттерге теориялық талдау жасау; Дж. Равеннің ойлаудың логикалығын зерттеуге арналған әдістемесі; заттық әлемдегі функциялық байланыстарды талдау негізіндегі жалпылау ерекшеліктерін анықтайтын сөздік-логикалық дамуды зерттеуге арналған «Классификация» әдістемесі; өзіндік қатынас сипаттамасы ретінде эмоциялық көңіл-күй ерекшеліктерін анықтайтын проективті әдіс «Үй. Ағаш. Адам» (ҮАА) ; тұлғаның өзіндік

бағалау ерекшеліктерін анықтайтын Т. Д. Марциновская суреттеген «Кішкене баспалдақ» және «Өзіңді бағала» әдістемесі; «Этностық Менді» анықтайтын М. Кун мен Т. Макпартлэнд ұсынған «Мен кіммін?» әдістемесі; этностық толерантылықты анықтайтын Б. Богардустың «Біз және Олар» шкаласы; этностық түсініктерді анықтау мақсатында анкета әдісі және зерттеу нәтижелерін математикалық-статистикалық өңдеу әдістері қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- Қазақстан психология ғылымында алғаш рет тұлғаның интеллекттік дамуына этнопсихологиялық түсініктердің жағымды әсері анықталды;

- интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысы тұлғаның дамуына оң әсер ететіндігі анықталды;

- интеллекттік даму мен өзіндік бағалау деңгейлері арасындағы статистикалық сенімді байланыс негізделді;

- қалыптасқан жоғары және адекватты өзіндік бағалау интеллекттік дамудың жоғарлауына мәнді әсер ететіндігі айқындалды.

Зерттеудің теориялық мәні:

Зерттеу жұмысының мәні психология ғылымындағы интеллекттік даму мен өзіндік бағалау мәселелерінің теориялық түсініктері мен тұжырымдарының кеңейюімен байланысты. Интеллекттік даму туралы теориялық талдаулар өзіндік бағалау ерекшеліктерімен өзара байланыста қарастырылды.

Зерттеу жұмысында адекватты өзіндік бағалауды қалыптастыру интеллекттік дамуға жағымды әсер етеді деген теориялық тұжырым жасалып, негізделді.

Зерттеу барысында алынған мәліметтер негізінде интеллекттік даму мен өзіндік бағалаулар арасындағы өзара байланысқа этнопсихологиялық түсініктердің әсері жайлы тұжырымдар толықтырылды. Сонымен қатар, интеллекттік даму көрсеткіштері этнопсихологиялық аспектіде теориялық негізделді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Ғылыми зерттеудің практикалық маңыздылығының құндылығы оның дәйектілігімен анықталған.

Зерттеуден алынған нәтижелерді тұлғаның интеллекттік дамуы мен өзіндік бағалауларын диагностикалауда, тұлға іс-әрекетінде кездесетін қиындықтарды болдырмау мақсатында ұйымдастырылатын психологиялық қызмет жүйесінде, білім беру жүйелеріндегі мамандардың біліктілігін жетілдіру институттарында және ата-аналарға кеңес беруде қолдануға болады. Алынған зерттеу нәтижелерін интеллектінің этнопсихологиялық ерекшеліктерін зерттеу стратегиясында пайдалануға болады.

Теориялық- эксперименттік бөлімде қолданылған бейімделген зерттеу әдістемелерін психодиагностикалық, ата-аналар мен білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне психологиялық кеңес беру практикасында және психология саласы бойынша «Даму психологиясы», «Практикалық психология» және «Интеллектінің этнопсихологиясы» арнайы курстарында пайдалануға болады. Сонымен бірге, интеллекттік дамудың диагностикалық әдістемелік аппаратын қолдану мүмкіндігі тексеріліп, оның өзіндік бағалаумен өзара байланысы эксперименттік зерттеу барысында нақтыланды.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

1. Интеллекттік даму мен өзіндік бағалау тұлғаның ортаға адаптациялану процесінде дифференциялданады және қоршаған ортаға тәуелді болады;

2. Тұлғаның интеллекттік дамуына қалыптасқан этнопсихологиялық түсініктер (этномәдени құндылықтар) жағымды әсер етеді;

3. Интеллекттік даму мен өзіндік бағалау күрделі де жүйелі құрылым

бола отырып, тұлғада неғұрлым өзіне деген сенімділік жоғары болса, солғұрлым интеллекттік даму артады;

4. Толеранттылықтың жоғары деңгейі тұлғаның интеллекттік дамуына жағымды әсер етеді.

Зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануы.

Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда, сонымен қатар, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің хабаршысы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ізденіс», Қызылорда облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының хабаршысы, ҚПА хабаршысы журналдарының баспа беттерінде жарияланды .

Жұмыстың құрылымы мен көлемі:

Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен және қосымша тіркелген материалдардан тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі - 137 бет, қолданылған деректер тізімі-135 әдебиеттерден тұрады.

1 ТҰЛҒАНЫҢ ИНТЕЛЛЕКТТІК ДАМУЫ МЕН ӨЗІНДІК БАҒАЛАУЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

1. 1 Психологиядағы интеллектіні теориялық зерттеу мәселелері

Психология ғылымында тұлғаның интеллект табиғатын зерттеу ең басты мәселелердің бірі болып табылады. Тұлға табиғи-мәдени тіршілік иесі ретінде қалыптасады және өз өмірінде материалдық, рухани байлықтарды игереді. Әлеуметтік-мәдени факторлар (тіл, отбасы, салт-дәстүрлер) бұл байлықтарды толықтырады. Тұлға әлеуметтік тіршілік иесі бола отырып, қоршаған орта құндылықтарын игереді, оларды қайта жасайды. Осы орайды, ақылдылық, парасат, зияттылықтың негізі болып табылатын интеллектіні зерттеу шетел және кеңес, отандық психология ғылымының маңызды да қажетті, тіпті өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Интеллект табиғатын түсіндіретін көптеген зерттеулер бар. Оның негізін ерте философиялық ой-пікірлерді ұсынушылардың еңбектерінен табуға болады. Осы орайда, біз белгілі ойшыл әл-Фарабидің көзқарасынан бастау алатын интеллект туралы ой пікірлерді талдаймыз [1] . Белгілі ойшыл интеллект ұғымын адам, парасатты адам жөнінде айтқан кезде қолданған. Әрине, сол кездегі интеллект туралы әл -Фарабидің пікірі қазіргі таңдағы зерттеулерден әлдеқайда алыста. Дегенмен, әл-Фараби интеллект табиғатында адамның парасаттылығы туралы оймен тұжырымдағандығы тұлға іс-әрекетіндегі рөлін ашып көрсеткенін байқауға болады.

Интеллект табиғатының тұлға құрылымындағы маңыздылығы туралы ой тұжырымдар белгілі ойшыл, еңбектері психологияның материалистік сипатына негіз болған Аристотель көзқарастарында да кездеседі. Аристотель интеллектіні өзіне қалай және қайтіп келіп қалғанын білмесе де, анология жасау немесе ой толғау арқылы емес, туа біткен, жаратылыстан біткен қасиеті арқылы әмбебап, ақиқат және қажетті шарттар жөнінде анық мағлұмат алу үшін адамға жағдай жасайтын жан қабілеті ретінде түсіндіреді [2] . Аристотельдің пікірі қазіргі таңдағы интеллектіні ерекше қабілет ұғымын теңестіретін тұжырымдарына жақын келетіндігін байқауға болады.

Сонымен қатар, Аристотель интеллектіні төрт түрге бөледі: әлеуетті, актуалды, жүре келе дарыған және әрекетшіл интеллект. Енді оның интеллектінің жоғарыдағы түрлеріне берген сипаттамасына тоқталамыз.

Әлеуетті интеллект - жан қабілеттерінің бірі немесе материядан дүниеде бар заттардың парқы мен формасын абстракциялай алатын немесе соған даяр әлде бірдеңе деп есептейді. Интеллект парқында бар нәрселер арқылы формалардың жүзеге асқандығын түсіндіреді: дүниеде бар нәрселердің формасына әлі ие болмай тұрған кезде, ол әлеуетті интеллект болып табылады, ал формалар жүзеге асты дегенше ол актуалды интеллектіге айналады.

Актуалды интеллект - актуалды пайымдалғыш болғандықтан интеллектінің формалары болып табылатын интеллекцияның пайымдалған объектіге бағдарланып, бұған дейін актуалды деп саналып келген интеллект жүре келе дарыған интеллектіге айналады.

Аристотель айтқан әрекетшіл интеллект дегеніміз - ешуақытта да материяда болмаған және онымен мүлдем байланысы жоқ абстракцияланған форма. Бұл интеллект қайсыбір жағынан қарағанда актуалды интеллект болып табылады және жүре келе дарыған интеллектіге өте жақын болып келеді. Ойшыл өз ой-пікірлерінде интеллектінің табиғатын және оның түрлерін атап көрсетуде құнды мәселелерді алға тартады. Философ-ойшыл интеллект ұғымын оның түрлерін ажырата отырып түсіндіруге тырысты. Және де әрбір түрі әрекет еткен сайын екінші түрге өтіп отыратындығын дәлелдеуге тырысты. Оның еңбектерінен интеллектінің қоршаған шындыққа қатысты туындауы мәселесі сөз болады. Осы орайда, Аристотельдің көзқарасы бойынша ақиқат дүниенің интеллект дамуындағы рөлі болып табылады.

Көптеген зерттеулерден біз интеллект табиғатын функциялық ықпалмен түсіндіретіндігін байқаймыз (Р. Дж. Стернберг, Б. Форсайт, Д. Б. Богоявленская) [3; 4] . Бірақ, интеллектік механизмдердің жұмыс жасауында немесе ойлау типтерін суреттеуде функциялық ықпал терминдері толық жауап бере алмайды. Оған теориялық жауаптарды жүйелік-құрылымдық ықпалда іздестіру творчестволық ойлаудың құрылымының макроуақытты динамикасын табуға мүмкіндік береді.

Интеллект теорияларында түрлі интеллектік тапсырмаларды орындау нәтижесі арасында оң корреляциялық байланыстар бар деген тұжырым болды [5] . Егер белгілі бір зерттеулерде мұндай байланыстар болмаса, ол өлшеу қателіктеріне байланысты болып келеді. Егер осы әлсіреу тиімділігін түзетсе, онда байланыстар шамасы бірлікке ұмтылады.

Психология ғылымында интеллект табиғатын түсіндіруде көптеген зерттеулер түрліше сипаттауға тырысты. Себебі, интеллект өте күрделі құрылым болып табылады.

Олардың ішінде, Р. Б. Кеттелл еңбектерін ерекше атауға болады. Автор тесттер жинағын және факторлық анализді қолдана отырып, 5 дәлелді анықтады [6, 14 б. ] .

gc - «кристалданған» (таза) интеллект - сөздік қоры, әлеуметтік нормативті ескеру;

gf - «ағымдағы» - тестер арқылы кескіндер мен сандар қатарынан заңдылықтарды анықтау, оперативті ес көлемі, кеңістікті операциялар;

gy - «визуалдылық» - дивергентті тапсырмаларды орындауда бейнелерді манипуляциялау қабілеті

gm - «ес» - мәліметтерді есте сақтау және қайта жаңғырту;

gr - «жылдамдық»- интеллектік әрекеттің жоғары жылдамдығы.

Автордың бөлген интеллект түрлерінің ішінде кристалданған интеллект-бұл мәдени ықпалдық пайда болу нәтижесі. Мұның негізгі қызметі білім беру мен қабілеттілікті толықтыру, жинақтау болып табылады. Осы орайда, өмірлік тәжірибемізде жинақталған түрлі білім, білік, дағдылардан тұратын «кристалданған интеллект» қалыптасады. Ғалымның атап отырған кристалданған интеллектісі қоршаған ортаға бейімделудегі белгілі бір міндеттерді шешуде пайда болады. Бұл тұжырым біздің зерттеулеріміздегі негізгі идеямызға жақын келеді. Себебі, интеллекттік даму қарқындылығы әлеуметтік ортадағы ықпалдарға тәуелді болып табылады.

Шетелдік ғалым Р. Б. Кеттелл өз зерттеулерінің негізінде «қосарлану» сипатында интеллектке сипаттама бере отырып, оны тұқымқуалаушылық және ортадан тәуелді деген тұжырым жасады. Шын мәнісінде, Кеттелл бойынша, бұл қосарлану сыртқы сипаты ғана болып табылады. Кристалданған интеллектіні негізінен әлеуметтік деуге болмайды. Дж. Кеттелл gc-тің де gf секілді генетикалығы басым деп есептейді, тек біріншісі 70 %, ал екіншісі 90 % көрсетеді.

Р. Б. Кеттелл зерттеулеріне ұқсас желіні Дж. Равен зерттеулерінен көруге болады. Ғалым тұлғаның ақыл-ес кемістігі мәселелерін зерттей отырып, алынған нәтижелердің күрделілігін атап көрсетті. Оның пікірінше, ақыл-ой қабілеті екі құрамнан тұрады: продуктивті (байланыстар мен қатынастарды анықтау қабілеті, шешім жасау) және репродуктивті (өткен тәжірибе және меңгерілген ақпараттарды пайдалана алу қабілеті) . Мұның негізінде Дж. Равен «Прогрессивті матрицалар тестін» жасады, ол анағұрлым таза тест ретінде көрінді, сонымен қатар адамның интеллектік жетістігін зерттеуде таптырмас құрал болды [7] .

Жалпы алғанда интеллект тұлға өмір сүруінде маңызды құрылым бола отырып, мақсатқа бағытты әрекет ету, рационалды ойлау және қарқынды түрде айналасындағалармен өзара әрекеттесу қабілетін білдіреді. Осыған қарағанда, интеллектіні индивидтің қоршаған ортамен өзара әрекеттестігінің көп түрлі формаларынан тыс анықтау мүмкін емес. Бұл өзара әрекеттестік жай икемделу, бейімділік емес, белсенді әрекет ретінде қарастырылады.

Интеллект табиғатын түсіндіруде өз зерттеулерін ұсынған шетелдік ғалымдардың бірі Дж. Гилфорд құрылымдық модель ұсынды. Дж. Гилфорд ұсынған модель үш бөлімнен тұрады [8; 27 б. ] .

І. Ақыл операцияларын орындайтын тип:

1. Түсіну - берілген материалдарды танып білу және түсіну;

2. Конвергентті өнімділік - жалғыз дұрыс жауап алғанда бір бағытта іздестіру;

3. Дивергентті өнімділік - бірнеше дұрыс жауап алғанда түрлі бағытта іздестіру;

4. Бағалау - берілген жағдайлардың дұрыстығын талдау;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсері туралы
Интеллектілік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этномәдени факторлардың әсері
Эмоцияларды басқару
Танымдық психикалық процестерді дамытуға арналған ойындар
Нарық жағдайында этностық құндылықтар арқылы студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындау
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ИНТЕЛЛЕКТІК БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ
Интеллектіні психогенетикалық зерттеу жайлы ақпарат
Айтыс өнерінің психологиялық табиғаты және этномәдени құндылықтарды дамытудағы рөлі
Психология ғылымының тарихы
Этнопсихология пәнінен дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz