Тауарлы - материалдық қорлар ұғымын түсіндіру, теориялық анықтауларды жүйелеп, топтастыру



КІРІСПЕ
1. «Қонақ үй кешені «Отырар»» акционерлік қоғамының ұйымдастыру құрылымы және олардың тауарлы . материалды қорлары
1.1 «Қонақ үй кешені «Отырар»» акционерлік қоғамының ұйымдастыру құрылымы
1.2 Тауарлы . материалдық қорлардың мазмұны және сипаттамасы
2. Тауарлы . материалдық қорлар есебін ұйымдастыру
2.1 Тауарлы . материалдық қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі
2.2 Тауарлы . материалдық қорлардың қозғалысының құжаттық рәсімделуі
2.3 Тауарлы . матеиалдық қорларды түгендеу және есеп беруде ашып көрсету
2.4 Тауарлы . материалдық қорлар аудиті
3. Тауарлы . материалдық қорлардың есебінін ерекшеліктері
3.1 Кейбір тауарлы . материалдық қорлардың есепке алу ерекшеліктері.
3.2 Тауарлы.материалдық қорлар және қаржылық есепкерліктің халықаралық стандарты
3.3 Тауарлы . материалдық қорлардың қозғалысын талдау
Бүгінгі таңда бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде басты орын алады. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуінің өзі қоғам өмірінің барлық салаларына өзгерістер алып келді.
Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі-бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін халықаралық стандарттар мен нормалар талаптарына сәйкестендіру. Бұл - халықтың жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің экономикасы тұрақты өсуіне әсер етеді.
Тауарлы - материалдық қорлар мынадыай активтер түрінде болады: өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар мен материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрылыс материалдары, отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және қайта өңдеуге берілген материалдар, аяқталмаған өндіріс, субъект қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар.
Диплом жұмысының мақсаты: Тауарлы - материалдық қорлар ұғымын түсіндіру, теориялық анықтауларды жүйелеп, топтастыру. Бұл мақсатта жұмыс мынадай пікірлерге тоқталады.
Өндіріс барысында функционалдық (қызметтік) ролі мен мақсаты бойынша барлық материалдық қорлар: негізгі материалдар, жартылай фабрикаттар және көмекші материалдар болып бөлінеді. Негізгі материалдар қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын өндеуші өнеркәсіп өнімдері - ұн, мата, кірпіш және т.б. жатады. Өндірістік үдерістің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуді қажет ететін материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады. Жартылай фабрикаттар қатарына құрылыс ұйымдарында - бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда-шойын мен болатты жатқызуға болады. Көмекші материалдарға - әртүрлі химикаттар мен майлайтын сүртетін және жөңдеуге керекті басқа да материалдар жатады. Көмекші материалдардың негізгі материалдан өзгешелігі, олар өнімнің материалдық (заттық) негізін құрамайды. Сондай - ақ материалдың бұл түріне бояуларды, әктерді жатқызуға болады.
1. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының заңы. Алматы, Раритет 2003жыл.
2. «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі» Алматы 2001жыл.
3. Бухгалтерлік есеп стандарты. Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясы. - Алматы 2003 ж.
4. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы Қазақстан Республикасының заңы» Алматы 2007 жыл 28 ақпан №234||| Файл Бухгалтера(5 бет).
5. Назарова В.Л. «Шаруашылықты жүргізуші субьектілердегі-бухгалтерлік есеп» Алматы «Экономика» 2005 жыл.
6. Қ.К. Кеулімжанов , З.Әжібаева, Құдайбергенов.Н. «Бухгалтерлік есеп принциптері» Оқу құралы. Алматы 2003жыл.
7. Абленов Д. О. «Аудит негіздері» »(Алматы экономика 2005 ж).
8. Әбдіманапов. Ә.Ә. Бухгалтерлік есеп теориясы және принциптері. Алматы 2001ж.
9. Иванюк Т. Н. «Лекции по управленческому и финансовому анализу» краткий курс Алматы 2005 г.
10. Радостовец В. К. Радостовец В. В. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» Алматы 2003 жыл.
11. «Аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңы» .(Юрист баспасы Алматы 2004ж).
12. Абленов Д. О. «Аудит теория и практика» (Алматы экономика 2004г).
13. Сәтмырзаева А.А. Укашев Б. Е «Аудит теориясы» (Алматы 2000 ж).
14. «Аудиторлық қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңы» (Юрист баспасы Алматы 2004 ж).
15. Абленов Д. О. «Основы аудита»(Алматы экономика 2003 г).
16. Қазақстандағы аудиттің халықаралық стандарттары. Алматы, Раритет 2004жыл.
17.Дүйсембаев К.Ш. “Теория аудита” Алматы 2001г.
18. ХҚЕС бойынша шоттар жоспары ҚР-ның Қаржы министрінің 2005 жылғы 22 желтоқсандағы №426 бұйрығы.
19. Абленов Д. О. «Аудит негіздері» »(Алматы экономика 2005 ж).
20. Дүйсенбаев К. Ш. «Кәсіпорынның қаржылық талдауы» Алматы 2003 жыл

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде басты орын алады. Еліміздің жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуінің өзі қоғам өмірінің барлық салаларына өзгерістер алып келді.
Еліміздің экономикасындағы өзекті мәселелердің бірі-бухгалтерлік есеп және есеп беру жүйесін халықаралық стандарттар мен нормалар талаптарына сәйкестендіру. Бұл - халықтың жағдайын жақсартуға және мемлекетіміздің экономикасы тұрақты өсуіне әсер етеді.
Тауарлы - материалдық қорлар мынадыай активтер түрінде болады: өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар мен материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар және құрылыс материалдары, отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және қайта өңдеуге берілген материалдар, аяқталмаған өндіріс, субъект қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар.
Диплом жұмысының мақсаты: Тауарлы - материалдық қорлар ұғымын түсіндіру, теориялық анықтауларды жүйелеп, топтастыру. Бұл мақсатта жұмыс мынадай пікірлерге тоқталады.
Өндіріс барысында функционалдық (қызметтік) ролі мен мақсаты бойынша барлық материалдық қорлар: негізгі материалдар, жартылай фабрикаттар және көмекші материалдар болып бөлінеді. Негізгі материалдар қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын өндеуші өнеркәсіп өнімдері - ұн, мата, кірпіш және т.б. жатады. Өндірістік үдерістің бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуді қажет ететін материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады. Жартылай фабрикаттар қатарына құрылыс ұйымдарында - бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда-шойын мен болатты жатқызуға болады. Көмекші материалдарға - әртүрлі химикаттар мен майлайтын сүртетін және жөңдеуге керекті басқа да материалдар жатады. Көмекші материалдардың негізгі материалдан өзгешелігі, олар өнімнің материалдық (заттық) негізін құрамайды. Сондай - ақ материалдың бұл түріне бояуларды, әктерді жатқызуға болады.
Диплом жұмысының міндеті: Материалдық қорларды есепке алудың алдында мынадай міндеттерге негізгделеді: қорларды кірістік есепке дер кезінде және толықтай алу, сақтау орындарын жағдайын қадағалау; қорлардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды толық және дер кезінде құжаттау; көліктік - дайындау шығындары мен, дайындалған құндылықтардың өзіндік құнын уақытында және толық анықтау. Көлікті - дайындау шығынын, өндірістің шығындарын жазудың біркелкі және дұрыс болуын бақылау; ішкі ресустарды жұмылдыру мақсатында субъектіге қажет емес материалдық қорларды сату, сақталатын орындарғы құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл мәліметтерді алу.
Диплом жұмысының теориялық көздері: Кәсіпорындар мен ұйымдар қызметі барысында өздерінің өндірген дайын бұйымдар, сату үшін алынған тауарлар, сатып алынған бірақ ұйымға келіп түспеген тауарлары (жолдағы тауарлар), аяқталмаған өндіріс, басқаларға көрсеткен қызметтері, сондай - ақ, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету барысында пайдалануға арналған қосалқы бөлшектерді, отындар, ыдыс және ыдыстық материалдары, жартылай фабрикаттар және басқа да материалдар сол ұйымның тауарлы - материалдық қоры түрінде ағымдағы актив болып табылады.
Диплом жұмыстың зерттеудің өзектілігі: Зерттеудің теориялық және практикалық - өзектілігі қорыта келе жұмыс тауарлы - материалдық қорлардың жүйеленуі, рәсімделуі, жалпы бағалау, есептеу әдістері мәселесіне арналғандықтан оны мақсатты шешудегі теориялық мәселелерді зерттеуде, құжаттық рәсімдеу тәжірбиесінде қолдануға болады. Материалдардың есебін ұйымдастырудың басты алғы шарты: оларды дұрыс бағалау болып табылады. Тауарлы - материалдық қорларды бағалау кезінде неғұрлым арзан өзіндік құнымен, не таза құнымен бағаланады. Қолда бар тауарлы - материалдық қорлардың бүлінуі немесе олардың жекелей, немесе толықтай ескіруі, олардың бағасының төмендеуі, яғни өзіндік құнның деңгейіне келтіру мүмкіндігі болмаған жағдайда, өзіндік құнның орнына сату бағасы пайдаланады.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда материалдық - техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету жұмысымен арнайы бөлім және мамандар шұғылданады. Олар ұйым бойынша келер жылы өндірілетін өнім көлеміне қарай белгіленген өлшем бойынша өндіріске керек болатын материалдың көлемін алдын ала анықтап, жабдықтаушы мекемелермен қажет болатын шарт жасайды. Шартта материалдардың аты, көлемі, бағасы, жеткізіп беретін уақыты көрсетіледі.
Материалдық қорлар бухгалтерлік есепте мына әдістер негізінде бағаланады: фифо, лифо, арнайы сәйкестендіру есептеу, орташа иденфикация есептеу.
Материалдар өздері сақталып тұрған жері бойынша, яғни кәсіпорын қоймасында және кәсіпорын бухгалтериясында есептеледі. Материалдық қорлардың қоймадағы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы олардың дұрыс сақталуына, қоймадағы жұмыстың дұрыс жүргізілуіне және олардың жұмыстың қалай қойылғандығына байланысты. Қоймада материалдық қорлардың әрбір түрлері, сорттары бойынша бөлек сақталуы тиіс.
Материалдардың бухгалтериядағы аналитикалық (талдамалық) есебі сандық және ақшалай өлшемде жүргізіледі. Мұндай есепті ұйымдастырудың көп қиындығына байланысты бухгалтерияда талдамалы есепті ұйымдастыру жұмысы үздіксіз жетілдіріп келеді. Есеп жұмысына тіркелімдерінің өте ұтымды жаңа түрін енгізіп, есеп жұмысының тәртібін жақсартып, есеп машиналарын пайдаланып, есеп беру жұмысы қысқартылып, жеңілдетудің басқа түрлері қолдануда. Соңғы кезде уақыттарға дейін ұйымдардың бухгалтерияларында материалдың талдамалық сорттық, сандық, бағалық есебін карточкаларында және осы жұмыс үрдістердің жүйелі жүргізіліп келуі.
Диплом жұмысының зерттеудің жаңалығы: Жалпы осы тақырып бойынша жазылған теориялық еңбектер негізінде белгілі бір кәсіпорынның тауарлы - материалдық нақты орындалуында тауарлы - материалдық қорларды бақылау мен есептеудің маңызы зор.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

1. Қонақ үй кешені Отырар акционерлік қоғамының ұйымдастыру құрылымы және олардың тауарлы - материалды қорлары

1.1 Қонақ үй кешені Отырар акционерлік қоғамының ұйымдастыру құрылымы
Отырар Акционерлік қоғамының қонақ үй кешені шаруашылық жүргізуші субъект ретінде 1998 жылы 16-шы ақпанда жабық акционерлік қоғам түрінде тіркеліп, Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғам туралы заңның талаптарына сәйкес 2003 жылдың 13-ші мамырда № 415-11 акционерлік қоғам және заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеуіне еңгізіліп, 2003 жылдың 13-ші желтоқсанда № 24233-1910 акционерлік қоғам қайтадан тіркелді. Меншік түрі-жеке.
Фирманың аталынуы: Отырар Акционерлік қоғамының қонақ үй кешені. Мекеменің орналасқан орны: 050051, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу районы, Гоголь көшесі 73. Құқықтық - ұйым түрі: Акционерлік қоғам. Қоғам құрылтайшылары болып: Қазақстан Республикасының резидент - жеке тұлғалары.
Осы Акционерлік қоғамның негізгі қызметі болып, қонақ үй қызметі, туризм, Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарын және шетелдегі қазақстан азаматтарын қарсалу мен айналысады.
Отырар Акционерлік қоғамының қонақ үй кешені өзінің есеп жазуларын және қаржылық есептілігін Халықаралық стандарттың бухгалтерлік есебі мен жұмысшы шот жоспарына сәйкестендіріліп жасалады. Отырар акционерлік қоғамының қонақ үй кешенінің материалдық емес активтерімен және негізгі құралдары. Материалдық емес активтер мен негізгі құралдар есепте сатып алу бағасы минус жинақталған тозуы бойынша көрсетіледі. Материалдық емес активтер мен негізгі құралдардың бастапқы құнына мыналар кіреді: сатып алу бағасы, импортты алған кездегі баж төлемдері және де активті қалпына келтіру мен байланысты өзге де шығыстар.
Материалдық емес активтер мен негізгі құралдардың тозуын пайдалану мерзіміне байланысты бірыңғай есептен шығару әдісімен есептейді.
Отырар Акционерлік қоғамының қонақ үй кешенінің тауарлы - материалдық қорлары. Қорлардың негізгі есебі болып өзіндік құн келесі элементтерді анықтайды: шот - фактура сомасы, фрахт құнының сомаларын кіргізеді.
Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу (инвентаризациялау), бухгалтерлік есеп шоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өңдеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.
Ұйымның өзінің есеп саясатын өңдеу мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтерлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша баптарда (стандарттарда) қарастырылған бухгалтерлік есептің кез келген мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы Қазақстан Республикасының заңы мен Бухгалтерлік есеп принциптерінде кәсіпорын өзінің есеп саясатын құруы барысында бұйрық немесе жарлық, бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігі көрсетілген. Бұл бекілетін құжаттардың қатарына мыналар жатады:
бухгалтерлік есептің уақтылы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі;
бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының жұмыс жоспары;
- алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;
ұйымның iшкi бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары;
актив пен міндеттемелер түгендеуін (инвентаризациясын) өткізу тәpтiбi (peтi);
актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;
құжат айналым ережелері мен есеп ақпаратын өңдеу технологиясы;
шаруашылық операцияларды бақылау тәртібі;
бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.
Кәсіпорынның қабылдаған есеп саясаты сол ұйымдағы бухгалтерлік есептің маңызды мәселелерінің біpi.
Ұйымның есеп саясатын таңдауы мен негіздеуіне келесі негізгі факторлар әсер етеді:
меншік нысаны мен құқықтық ұйымдастырушылық, нысаны (жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ашық акционерлік қоғам, және т.б.);
салалық қызмет түрі (өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік, ауыл шаруашылығы және т.б.);
қызметінің көлемі, жұмысшылары мен қызметкерлердің орташа тізімдік саны және т.б.
салық салу жүйесімен арақатынасы (әртүрлі салық түрлері бойынша жеңілдіктер немесе салық төлеуден босату, салық мөлшері және т.б.);
қаржы - шаруашылық қызметін дамыту стратегиясы (ұйымның экономикалық дамуының ұзақ мерзімдік перспективасының мақсаттары мен міндеттері, инвестициялардың жұмсалу бағыты, перспективалы мәселелерді шешудің тактикалық тәсілдері);
- ұйымның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі (оның тиімді әрекетіне қажетті барлық бағыттары бойынша);
материалдық базасының болуы (компьютерлік техника мен басқа да оргтехника жабдықтарымен қамсыздандырылуы, бағдарламалық - әдістемелік қамсыздандыру және т.б.);
кәсіпорындағы бухгалтер мамандарының (қаржы қызметкерлерінің біліктілігі және басшылардың экономикалық батылдылығы, ынталылығы мен тапқырлық деңгейі;
Кәсіпорынның есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалык, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды.
Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әp6ip түрлері бойынша амортизация (тозу) есептеу әдістері, табысты (түсімді) есептеу әдістері және т.с.с.
Өндірістік шығындарды есептеу мен өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі
Өңдірістің технологиялық және ұйымдастырушылық ерекшеліктеріне, өндiрістік циклдың ұзақтығына, өнім түріне, оның күрделігіне, өндірістің түpi мен сипатына байланысты кәсіпорындар шығындарды есептеу мен өнім құнын калькуляциялаудың келесі негізгі әдістерін қолдана алады:
нормативтік әдіс (нормативный),
өңдірістік өңдеу сатысы (попередельный),
тапсырыстық әдіс (позаказный),
Жанама шығындарды калькуляциялау объектілері арасында тарату әдісі
Жанама (қосымша) шығындарды тарату базасы ретінде кәсіпорын мына төменде аталған әдістерді пайдалана алады:
өндірістік жұмысшылардың еңбекақысын төлеуге байланысты тікелей (прямые) шығындар;
- тікелей шығындардың жалпы сомасы;
материалдық шығындардың сомасы;
сметалық мөлшерлеме;
өткізілген (шығарылған) өнім көлемі.
Аяқталмаған өндірістің бағалануы
Жаппай және сериялы өндірісте аяқталмаған өндіріс былайша бағаланады:
нақты немесе нормативті (жоспарланған) өндірістік құн бойынша;
тікелей шығындар бойынша;
жұмсалынған шикізаттар мен материалдардың құндары бойынша.
Өнімнің бip ғана түрін өндіретін кәсіпорындардың бухгалтерлік балансында аяқталмаған өндіріс нақты жұмсалған шығындар бойынша есептелінеді.
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы1. Қазақстан Республикасының заңы бойынша кәсіпорындардағы бухгалтерлік есепте қолданылатын тіркелімдердің мазмұны және бухгалтерлік ішкі есеп мәліметтері коммерциялық құпия болып есептеледі.1. [4. (5 бет)]
Кәсіпорынның есеп саясаты осы ұйымның құрылған уақытында дайындалады. Оны дайындаумен кәсіпорынның бас бухгалтері немесе арнайы есеп (экономикалық) бөлімі айналысады. Дайындалған есеп саясатын кәсіпорынның басшысы өзінің бұйрығымен немесе өкімімен бекітеді. Бұйрықтың құрамында есеп саясатының есеп беру жылына қaбылдaнғaн барлық пункттердің мазмұны толық ашылып жазылады. Сонымен қатар әp пунктке тоқтала келіп қандай нормативтік құжат бойынша немесе қандай заң негізінде есеп саясатының дайындалғандығы көрсетіледі. Қазақстан Республикасының заңдарымен қатар есеп саясатын дайындауда ұйымның ішкі құжаттары негізге алынған болса (лауазымды тұлғалар туралы, ішкі ережелер, бұйрықтар мен өкімдер тағы да басқа) міндетті түрде ол туралы түсініктеме бepілyi қажет.
Кәсіпорынның есеп саясатына енгізген өзгертулер осы ұйымның басқару құжаттарымен, яғни бұйрық өкім немесе каулыларымен рәсімделінуі қажет. Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол кәсіпорының қызмет атқаруы барысында қолданылады. Оған өзгеpic енгізу мынадай жағдайларда жүргізілуі мүмкін:
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңыньң өзгеруіне сәйкес;
бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілердің өзгеpyi салдарынан;
жаңа бухгалтерлік есеп стандартына көшуге байланысты және тағы да басқа.
Кәсіпорының бухгалтерлік есепті жүргізу жолдары ұйымның есеп саясатының дайындалған кезінде таңдалып алынады. Бұл есеп саясаты кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінде олардың орналасқан орындарына қарамастан қолданылады. Ұйьмның филиалдарының, еншілес және тәуелді серіктестерінің және тағы басқа бөлімшелерінің өзіндік бухгалтерлік есеп жолдарын жүргізуіне, яғни басқа есеп саясатын тандауына құкығы жоқ.
Бас кәсіпорын қаржылық қызметінің бөлiмшелepiн есеп саясатындағы болған өзгерістер туралы алдын ала қамтамасыз етyi қажет.
Ұйымдардың түсініктеме жазуларында (пояснительная записка) жыл бойы орындалған жұмыстар бойынша жасалынған қаржылық талдаудың мәтінімен қатар бухгалтерлік қорытынды есеп туралы шығарылған шешім және таза табысты бөлу тәртібі жазылады. Сонымен қатар осы түciніктемe жазуда кәсіпорынның келесі жылға қабылдаған есеп саясаты (егер оған, яғни есеп беру жылына өзгерістер енгізілген болса) жазылады.
1.2 Тауарлы - материалдық қорлардың мазмұны және сипаттамасы
Тауарлы-материалдық қорлар - өндіріс циклінде қолдатын әр түрлі еңбек заттары. Олар өндіріс процесінде тұтынылып, өзінің құнын өндіретін өнімге толығымен аударады.2 [5(92 б)].
Бухгалтерлік есептің №7 Тауарлы-материалдық қорлар есебі стандарттарына сәйкес мыналар жатады:
- шикізаттар мен материал, сатып алынған жартылай фабрикаттар құрамдас, құрылғылармен тетіктер,отын, ыдыс (қап, қорап, жәшік т.б.) және ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, өндірісте қолдануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындау арналған басқа да материалдық қорлар;
- аяқталмалмаған өндіріс;
- субъектінің іс - әрекеті сатуға арналған дайын өнімдер, тауарлар.
Материалдар есебін дұрыс ұйымдастыру ғылыми - негізделген жіктемені, есеп бірлігін талдау мен бағалау өте маңызды.
Материалдық қорлар былайша жіктеледі:
- негізгі материалдар шығарлатын өнімге заттық негіз жасап, оның материалдық негізін (ұн - нан пісіргенде, тері аяқ - киім тіккенде, ағаш - жиһаз өндірісінде) құрайды;
- көмекші материалдар өнлірілетін өнімге белгілі бір қасиеттер дарытады (мысалы, бояулар, желімдер лактар және т.б.).
Сонымен қатар материлдар синтетикалық шоттар бойынша (шоттардың Бас жоспарын қолдану нұсқаулығына сәйкес) мынадай топтарға жіктеледі:
201 Материалдар мен шикізаттар (1310 Шикізаттар мен материалдар) шотында - субъектіге тиісті, өндірлетін негізін құрайтын немесе оны өндіруге қажетті негізгі компонент болып табылатын негізгі материалдар (бұған құрылыс материалдары да кіреді) мен шикізаттардың, өнім өндірісіне қатысатын немесе шаруашылық қажеттіліктеріне, техникалық мақсаттарға, өндірістік процестерге жәрдемдесу үшін тұтынылатын қосалқы материалдардың, қайта өңдеуге арналған ауыл шаруашылық өнімдерінің нақты бары мен қозғалысы есептеледі.
202 Жартылай фабрикаттар (1311 Сатып алынған жартылай фабрикаттар мен құрастырушы бұйымдар) шотында - сатып алынған жартылай фабрикаттардың, шығарлатын өнімді (құрылысты) іріктеп жинақтау үшін өндірістік кооперация тәртібімен алынатын дайын іріктеп жинақталатын бұйымдар (оның ішінде құрылыс құрылғылары (конструкциясы) мен детальдары да бар) нақты бары мен қозғалысы ескерледі, олар өңдеу немесе жинау бойынша шығын шығаруды талап етеді және дайындалатын материалдық негізін құрайды.
203 Отын (1312 Отын) шоты - көлік құралдарын пайдалануға, өндірістік технологиялық қажеттіліктерге арналған мұнай өнімдерінің (мұнай, дизельдік отын, керосин,бензин және басқалар), электр қуатын өндіру және ғимаратты жылытуға қажетті, қатты (көмір, отын және т.б.) және газ тәрізді отын, ретінде (үгіңді, жоңқа) екінші рет пайдаланатын қайталама материалдардың нақты бары сонымен бірге қозғалысын есепке алуға арналған.
204 Ыдыстар мен ыдыстық материалдар (1313 Ыдыс және ыдыстық материалдар) шотында - ыдыстардың барлық түрінің (ыдыс, қап, күбі, бөшке, қорап, жәшік және т.б.) (шаруашылық мүлкі ретінде пайдаланатындардан басқасы), сондай - ақ ыдысты дайындау мен жөңдеуге (жәшіктерді жинауға қажетті тетіктер, бөшкені жөңдеу, қалақ, бөлшектер, темір құрсаулар және т.б.) арналған материалдар мен тетіктер есептеледі. Вагондарды, биржаларды, кемелерді тиелген өнімді сақтауды қамтамасыз ету мақсатымен қосымша жабдықтауға арналған керек - жарақтар.
205 Қосалқы бөлшектер (1314 Қосалқы бөлшектер) шоты - жөңдеу жұмыстарын жүргізуге, машиналар мен құрал - жабдықтардың, көлік құралдарының бөлшектерін ауыстыруға арналған, негізгі іс - әректтер қажеттіліктеріне алынған немесе дайындалған бөлшектердің, сондай-ақ запастағы айналымдағы автомобиль шиналарының нақты бары мен қозғалысын есептеуге арналған. Мұнда толық жинақты машиналардың, жабдықтардың, қозғалтқыштардың (двигательдердің), түйіндердің, агрегаттардың субъектінің жөңдеу шеберханаларындағы, техникалық айырбас пунктері мен жөңдеу зауыттарындағы айырбас қорларының қозғалысы назарға алынады.
206 Өзге де материалдар (1315 Басқа да материалдар шотында) - өндіріс қалдықтары (ағаш кесінділері қиындылар, жаңқа және т.б.) түзелмейтін ақау, негізгі құралдарды есептен шығарғанда қалған бөлшектер есепке алынады.
207 Өңдеуге арналған материалдар (1316 Қайта өңдеуге берілген материалдар) шоты басқа жаққа өңдеуге берілген және олардан алынған бұйымның өзіндік құнына кіретін материалдардың қозғалысы ескеріледі. Басқа жақтағы субъектіге төленген материалдарды өңдеу бойынша шығындар өңдеуден алынған бұйымдар есептелетін шоттардың дебетіне тікелей жатқызады.
208 Құрылыс материалдары (1317 Құрылыс материалдары) шотын субъект салушылар қолданады. Мұнда тікелей құрылыс, монтаж жұмыстарында қолданылатын материалдардың құрылыс детальдарын жасау үшін, үйлер мен ғимараттардың конструкциялары мен бөліктерін салу, тұрғызу, өңдеу үшін, конструкциясы мен детальдары, құрылыс үшін (жарылғыш заттар және т.б.) қажетті тауарлы-материалдық қорлардың бар - жоғы мен қозғалысы ескерледі.
Есеп берудің халықаралық стандарттарына (2 ҚЕХС) сәйкес қорлар екі өлшемнің ең кішісімен өзіндік құнның және өткізудің таза құнымен бағалануы тиіс.
Қорлардың өзіндік құнына қорларды қазіргі тұрған жеріне дейін жеткізуге кеткен шығындар мен өңдеуге, алуға жұмсалған шығындар кіреді. Тауарлы - материалдық қорлар есебі бухгалтерлік стандарттарына (БЕС 7) сәйкес алуға кеткен шығындарға сатып алу бағасы, шеттен әкелу бажы, жабдықтаушы бұйымдар төлеген делдалдық (комиссиялық) сыйақылар, көліктік - дайындау шығындары қорларды алуға тікелей байланысты басқа да шығындар (саудалық жеңілдіктер, артық төлеуді қайтару және т.б. осындай түзетулер алу шығындарын анықтаған кезде қоса есептеледі) кіреді.
Материалдар алу сәтінде нақты құны (синтетикалық есепте) немесе есептік баға (аналитекалық есепте) бойынша көрсетіледі.
Материалдарды алудың нақты құны субъектінің осы қорларды дайындау мен жеткізу шығындарын және сатып алу бағасынан құралады.
Есептік бағалар (жоспарлы өзіндік құн орташа сатып алу бағасы мен және т.б.) бойынша материалдарды есептеуде есептілік баға ретінде қорлардың құны мен қор алудың нақты құны арасындағы айырма осы шоттағы есептеу арқылы айқындалады.
Баланста материалдар есебі нақты құн бойынша көрсетіледі, осы баға бойынша олар синтетикалық есепте, ал аналитикалық есепте-тұрақты есептік бағалармен (келісім - шарттық немесе жоспарлы - есептік) есептеледі.
Егер материалдарды есептеу келісім - шарттық бағалар бойынша ұйымдастырылса, онда олардың нақты құны осы бағалар бойынша материалдар сомасына қосу көліктік дайындау шығындары (КДШ) қосылып шығарылады. Бухгалтерлік есеп стандартқа сәйкес көліктік дайындау шығындары құрамына жабдықтау - өткізу ұйымдарына төленген үстеме бағалар, барлық қосымша алымдармен бірге жүкті тасығаны үшін кіре ақы төлемі, субъектінің қоймасына материалдарды жеткізу шығындары, дайындау орындарына арнайы ұйымдастырылған арнайы дайындау кеңселерін, қоймалар мен агенттіктерді ұстауға арналған шығындар, материалдарды алумен байланысты (жабдықтаушылардан жүк жеткізгендігі субъектінің жүргізушілері, жүк тиеушілері) және іс - сапар шығындары кіреді.
Егер материалдарды есепке алудың жоспарлы өзіндік құны бойынша жүргізілсе, онда қорлардың нақты өзіндік құнын осы бағалар бойынша материалдардың құнына қосу, есептік бағалар бойынша құнынан алу нақты өзіндік құнның ауытқулары есептелініп шығарлады. Жоспарлы - есептілік бағаларды көліктік дайындау шығындары жоспарлы мөлшердегі есепке алынған келісім - шарттық бағалар негізінде субъектінің өзі жасайды.
Егер қорлар есебі жоспарлы-есептік бағалар бойынша олардың құнынан матеиалдардың нақты құнының ауытқушылықтарын жекелей есептеп, жоспарлы - есептік бағалар бойынша ұйымдастырылса, мұндай жағдайда субъект жоспарлы - есептік бағаларды материалдық құндылықтардың атауы, түрлері және топтарына орай, сол шекте белгілейді, ал ауытқулар өндірістік қор түрлері бойынша есептеледі және ай сайын материалдарды пайдалану есеп шотына, жұмсалған және босатылған материалдардың (көліктік дайындау шығындары мен ауытқуар талдаушы есеп шотарында жекелей ескерледі) үйлесімді (пропорционалды) жоспарлы - есептік құны есебі объектілеріне есептен шығарылады.
Тауарлы - материалдық қорлардың өзіндік құнына: қорларды алуға жұмсалған шығындар, олардың қазіргі тұратын орнына жеткізуге байланысты көліктік - дайындау шығындары кіреді.
Өндіріске босатылған материалдар құнын анықтаған кезде Тауарлы - материалдық қорлар есебі 7 БЕС мен ҚЕХС 2 Қорлар ұсынған бағалау тәсілдері қолдануы мүмкін:
Фифо - есепті кезең соныңда есепте тұрған материалдардың құнын ескеріп есепті кезеңде алғашқы сатып алудың өзіндік құны бойынша материалдарды есептен шығаруды болжайды, яғни алдымен есепті кезең соныңда пайдаланылмаған өзіндік құн анықталады.
Лифо - кейінгі сатып алулардың өзіндік құны бойынша материалдарды есептен шығару ағымдағы кірістер мен шығындар сәйкестігін қамтамасыз етеді және инфляцияның құрылыс қызмет нәтежиелеріне ықпалын ескеруге мүмкіндік береді.
Орташа өлшемді құн бойынша - есепті кезеңде қозғалысы болған әрбір түрдің, есепті кезең соңында қолданылмағандардың да, өндіріске босатылғандардың да бірлік орташа құнын есептеулер мен анықтауларды қолдануға негізделген.
Ерекше теңестіру (идентификация), ұқсастыру - әдетте өзара бірін - бірі ауыстырмайтын және арнайы жобалар, тапсырыстарға арналған тауарлы - материалдық қорлар бірлігінің өзіндік құны есептеледі (жұмсалған материалдарды бағалау маұсатымен әрбір партияны түгендеуді өткізуге жалғасқан, материалды партиялық есептеуді ұйымдастыру мүмкіндігі бар болса, қолданылады).
1-кесте
Материалдардың әр түрлі тәсілмен бағалаудың кемшіліктері мен артықшылықтарын қарастырамыз:

ФИФО
ЛИФО
Орташа
өлшемді
Ерекше теңестіру,
ұқсастыру
(иденфикация)
Кемші-ліктер

Ескірген өндірістік шығындарға ұшыратады, пайданы көтереді және қорлар есебін күрделендіреді
Қорларды шынайы емес төмен бағалауға душар етеді және қорлар есебін күрделендіреді
Қорларды және өндірістік шығындарды шынайы мәнінен басқаша бағалауға әкеледі
Түгендеуді өткізу үшін көп еңбек сіңіруді қажет етеді, қосымша шығындарға ұшыратады
Артықшы-
лықтары
Тауарлы - материалдық қорларды шын бағалауды жүргізеді
Шын өндірістік шығындарға және пайданың оң-солға сақ, байыпты көрсеткіштеріне әкеледі
Қолданылуы қарапайым, есеп саны өте аз шамада
Қорларды және өндірістік шығындарды нақты бағалауға әкеледі

Шаруашылық жүргізуші субъектінің әр түрлі тәсілдерді таңдау, қорларды бағалау мүмкіндігі бар, бірақ тәсіл таңдалғаннан кейін ол дәйекті түрде бір есепті кезеңнен соң екіншісінде қолдануы тиіс. Алайда материалдың түрі үшін бір ғана тәсілді қолдануға болатыны есте ұстау қажет. Бағалау тәсілдерін таңдау субъектінің есеп саясатын белгілейді.

2. Тауарлы - материалдық қорлар есебін ұйымдастыру

2.1 Тауарлы - материалдық қорлардың қоймадағы және бухгалтериядағы есебі
Тауарлар сақтауды жүзеге асыратын және кәсіпкерлік қызмет ретінде сақтауға байланысты қызметтер көрсететін коммерциялық ұйымдар тауар қоймасы деп танылады.3. [2.(209 б) ]
Қойманың жүк жіберушінің мүдделерінде жүзеге асырылған (тауарларды сақтандыру, тиеу-түсіру жұмыстары, кеден баждарын төлеу және т.б.) қосымша операциялары бойынша, шартта көзделген немесе заңды актілерде көзделген шығындар ставкаларының орнын толтыруға құқығы бар. Бұл құқық сақталатын тауарды қойманың ұстап қалу құқығымен қамтамасыз етіледі.4 [2.(210 б ) ]
Қоймадағы материалдық қорлар есебін материалдарды есептеу карточкаларында жүргізеді. Карточка номенклатуралық номері бойынша материалдардың әрбір түріне жеке ашылады және жартылай толтырылған күйі бухгалтериядан материалды - жауапкершілікті адамға қолхат арқылы беріледі. Карточкаға жазуды қоймашылар кіріс және шығыстық құжаттары негізінде жүргізіледі.
Егер қоймағы материалдық қорлардың қалдықтары қорлардың белгіленген нормасынан жоғары немесе тең болса, онда қойма меңгерушісі бұл туралы жабдықтау бөліміне хабарлау тиіс. Бұл мақсатта қорлардың белгіленген нормаларынан нақты қалдық қорының ауытқушылығы туралы дабыл анықтамасы қолданады. Ол нақты қалдық қордың белгіленген қалдықтарынан ауытқушылығын бақылау үшін және қозғалыссыз жатқан қалдыққа бақылау жасау үшін қолданылады. Анықтаманы бір дана етіп қойма меңгерушісі (қоймашы) материалдарды есепке алу карточкасының деректері бойынша жасайды. Анықтамаға деректерді енгізудің өлшемдерін субъектінің материалдық - техникалық жабдықтау бөлімі белгілейді.
Бухгалтерия белгіленген мерзімде қоймада жазбаларды тексереді және карточкадағы қалдықтарды бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстырып, карточканың арнайы жолына қол қояды.
Құжаттарды қабылдау қоймада Құжаттарды тапсыру реестрін жасау арқылы іске асады.
Жетіспеушіліктер мен материалдық жағынан жауапты адамдардың қызметіндегі тәртіп бұзушылықтар туралы, сондай - ақ іріктеп тексерулер мен өткізілген нұсқамалардың нәтижелері туралы бухгалтерияның қызметкері бас бухгалтерге немесе басшыға хабарлауы тиіс.
Сөйтіп, қойма меңгерушісі материалдарды есепке алуға, олардың карточкаларын жүргізуге, құжаттардың тізімдерін жасауға және қойма есеп кітабының қалдықтарын шығаруға міндетті.
Ай соңыңда қоймаға Материалдар қалдығы кітабы тапсырылады, оған карточкадан материалдық қорлар қалдығы көшіріледі. Осылайша қоймадағы есеп заттай, ал бухгалтерияда қорлардың сақталған орны бойынша ақшаға шағылып көрсетіледі.
Қоймадан бухгалтерияға түскен Құжаттарды тапсыру реестрі тіркелген құжаттармен бірге бағаланады.
Қоймалардан түскен құжаттар жік - жігімен жинақталып, жөнелту қағаздарымен жабдықталады, содан соң олардың деректерін бухгалтериядағы мәліметтермен салыстарады. Құжаттардың бірінші даналары кейінгі есептік өңдеуге пайдаланылады, ал екіншісі даналары материалдар сақталатын орындарда қалады, олар құндылықтар топтары және номенклатуралық нөмірлері бойынша орналасады. Олар анықтамалық мақсаттарда және қоймалар бухгалтериядағы есеп деректерін салыстырып тексеру үшін пайдаланылады.
Есептің журналдық - ордерінде материал қозғалысы есебі тізімдемесі (ведомості) қоймалар бойынша материалдық қорлардың қалдығы мен қозғалысы жайлы және материалды - жауапкершілікті адамдар бойынша мәліметтер жинақтап қаржыланатын есеп тізімі жинағы қызмет етеді. Оған материалдар қалдығы тізімдемесінен, есепті кезең ішіндегі материалдар қозғалысы бойынша жинақтаушы тізімдемелерден, сондай - ақ материалды - жауапкершілікті адамдардың материалдық есептерінен мәліметтер көшіріледі. Материалдар қозғалысы есебі тізімдемесі синтетикалық есептің мәліметтерін материалды талдаушы көрсеткіштерімен үйлестіруге арналған. Түскен материалдық қорлар құны синтетикалық шоттар шамасындағы немесе белгіленген есептік топтар бойынша келтіріледі. Сонымен қатар тізімдемеге алынған материалдардың нақты өзіндік құнының есептік бағалар бойынша құннан ауытқулар есебі жүргізіледі. Материалдардың қозғалысын есептеу тізімдемесі, сондай - ақ шығындарды бағыттау бойынша (синтетикалық шоттар, қосалқы шоттар (субшоттар) материалдар шығынның бөлуге қызмет етеді. Ол екі бөліктен тұрады.
Материалдар кірісі бойынша жиынтық мәліметтер мен ауытқулар есебі атты бірінші бөлігі ай ішінде түскен материалдардың есептік құны мен нақты құны бойынша жиынтық мәліметтерді көрсетуге арналған. Бұл мәліметтер көлік дайындау мен объектідегі қоймаларға дейін жүк жеткізу бойынша басқа да шығындарды, темір жол алымдарын және тағы да басқа материалдардың өткізу бағасынан тыс жүргізілетін төлемдер де кіретін, материалдық қорларды алу мен дайындауға жұмсалған шығындар ескерілген әр түрлі журнал - ордерлерден (6, 10, 1, 2, 7, 9 және басқалары) көшіріледі. Осы тізімдеменің екінші бөлігін материалдар қалдығы құны нақты өзіндік құны мен ай басындағы есептік бағалар бойынша жазылады. Оған ай ішінде түскен материалдар құны қосылады. Сонан соң нақты өзіндік құнның есептік бағалары бойынша құннан ауытқулар сомасы мен проценті анықталады.
Ауытқулар дегеніміз - осы көрсеткіштер арасындағы айырмашылық, ал ауытқулар проценті - ауытқулар сомасының материалдардың есептік құнына қатынасы. Ауытқу + немесе - белгісімен болуы мүмкін.
Бұл бөлім материалдардың қозғалысы мен қалдығы жоспарлы - есептік және жинақтаушы тізімдер келтіріліп, сальдолық және жинақтаушы тізімдемелер негізінде толтырылады. Мұнда нақты өзіндік құн, сондай - ақ материалдарды есептен шығаруға тиісті шоттарға есептен шығарылуға тиісті ауытқу сомаларын бөлу де келтіріледі.
Материалдардың толық нақты өзіндік құны материалдардың есептік бағалар мен ауытқулар бойынша құны сомасы ретінде белгіленеді. Ауытқуларды бөлу мынадай тәртіппен жасалынады:
Есептік кезең соңында материалдардың қалдық есептік құнына жатқызылатын ауытқу сомасы анықталады. Қалған қалдық материалдар жоспарлы - есептік (есептік) бағалар бойынша есептен шығатын, шоттар бойынша тізімдеменің екінші бөлігінде бөлінеді.
Өндіріске материалдар босатуға бақылау орнату қажет. Осы мақсатпен мыналар жүргізіледі:
1. алдын ала бақылау - нормативті қажеттіліктер шегінде өндіріске материалдар босатуды шектеу мақсатымен. Нормативті нормалар, іріктеп, жинақталған тізімдемелер бойынша материалдарды босату негізгі түрі болып табылады. Осы құжаттар негізінде нормативті қажеттіліктердің есебі (өндірістік нормалар бойынша) әрбір объект пен кешенді жұмыстар бойынша тұтастай орындалады.
2. ағымдық бақылау - қоймаларға, зат қоятын бөлмелерге материалды түсу шамасына қарай және өндіріске босатылуына қарай күнделікті бақылау. Ол материалды-жауапты адамның іс - әрекетіндегі жіберген кемшіліктерді немесе бұрмалауларды уақытылы анықтап, жою құралы ретінде қызмет етеді. Бақылауды жүзеге асыру материалдық құндылықтармен операция жасайтын қызмет адамдарына жүктеледі.
3. кейінгі бақылау - өндіріске материалдар жұмсау мен босатудан кейінгі бақылау. Материалдар өнімді дайындауға, жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге, сондай-ақ басқа мақсаттарға (жабдықтауды, бөлмені ұстау мен жөңдеу және т.б.) оларды босату бастапқы құжаттар мен материалды-жауапкершілікті адамдардың есептері негізінде мынадай бухгалтерлік жазбалармен рәсімделеді:
Дебет 126 Аяқталмаған құрылыс (2930 Аяқталмаған құрылыс).
Дебет 901Негзігі өндірістегі Материалдар (8011 Негзігі өндірістегі Материалдар).
Дебет 921 Көмекші өндірістегі Материалдар (8031 Қосалқы өндірістегі Материалдар) шот дебеті;
Дебет 931 Жүк құжат шығындары Материалдар (8041 Үстеме шығыстар Материалдар).
Кредит 201-206, 208 Шикізаттар мен материалдар 1310-1315, 1317 Материалдар.
Қаржылық есептеу халықаралық стандарттары ұсынған тауарлық-материалдық есептеу жүйесі
Мерзімдік есептеу. Бұл жүйеде тауарлы - материалды қорларды егжей - тегжейлі жүргізілмейді. Олардың нақтылай бар - жоғын оқтын - оқтын өткізілетін, қалған қаржыларды түгендеу қорытындылары бойынша анықталады. Өткізілген өзіндік құны тек түгендеу аяқталған соң және мынадай формула бойынша: есепті кезең қор қалдығы қосу есепті кезең соңындағы тауарлы - материалдық қорлар қалдығы талдау жүргізген қорлардың өзіндік құнын.
Үздіксіз есеп. Үздіксіз есеп жүйесін қолданғанда баланстық есепте тауарлы-материалдық қорлардың түсуі мен жұмсалуы толық көрсетіледі. Мерзімді еспте қолданатын шығыстардың уақытша шоты бұл жүйеде пайдаланылмайды. Барлық есепті кезең ішіндегі нәтижелер белгілі және қорлардың белгілі бір түрлерінің бар - жоқтығы мен өткізу шамасына қарай өткізілгендердің өзіндік құны 801 Сатылған дайын өнімнің (тауарлардың, жұмыстардың қызметтердің) өзіндік құны (7010 Өткізілген өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызыметтің) өзіндік құны) шотында көрсетіледі.
2.2 Тауарлы - материалдық қорлардың қозғалысының құжаттық рәсімделуі
Өндіріс запастарының шығысы мен түсімі бойынша жасалатын алғашқы құжаттар материалдық есепті ұйымдастырудың негізі болып табылады. Тікелей алғашқы құжаттардың көмегімен тауарлы - материалдық қорларды тиімді пайдалануын және сақталуын, қозғалысын алдын ала, ағымды және келешектегі бақлауын жүзеге асырады. Есепті тиімді ұйымдастыру ісінде қорлардың сақталуы мен есепке алуының қатысы бар барлық тұлғаларға баға көрсеткішінің номенклатурасын жасап, таратудың маңызы зор Онда субъектінің қолында барлық материалдық қорлар белгілі бір белгілері бойынша әзірленеді.
Әрбір атаулары, сорттары бойынша шартты сандық белгілері - номенклатуралық нөмері (коды) беріледі, содан соң барлық құжаттарда тауарлы - материалдық қорлардың бары мен қозғалысы бойынша берілген номері қойылады. Номенклатуралық номері: баланс шоттарының номері немесе материалдар қатар номері бойынша берілуі мүмкін. Материалдардың номенклатурасында есептелетін материалдардың бірлік бағасы көрсетіледі, яғни ол баға номенклатурасы деп аталады. Ол жүйеленген материалдар тізімі бойынша жасалады және кәсіпорынның барлық бөлімшесі (материалды техникалық жабдықтау, бухгалтерия, қаржы бөлімдері) анықтама ретінде пайдаланады.
Тауарлы - материалдық қорларды кәсіпорын әртүрлі жағдайда алуы мүмкін: жабдықтаушының қоймасынан, темір жол станциясынан, аймақтардан, аэропорттан, материалды тұлғалар арқылы өз қоймаларынан, жабдықтаушылардың (жіберушілердің) қоймаларынан тауарлы - материалдық қорларды алған кезде сатып алушы кәсіпорын өздерінің жауапты тұлғалары арқылы жүзеге асырады.
Материалдардың қозғалысын есепке алған кезде мынадай типтік құжаттар пайдаланады. Жабдықтаушылар қоймасынан тауарды алу үшін материалды жауапты тұлғаға сенімхат беріледі. Сенімхатты бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы беріледі. № М-2а типтік ведомсты аралық нысаны, алдын ала номерленген және түптелген Журналға (№ М-3) тіркеледі. Берілген сенімхатты есептеу журналы, сенімхатты тіркеуге және беруге жауапты тұлғада сақталады.
Сенімхатты беру үшін лауазымды тұлғамен келісім - шарт жасалады, ондай келісім - шарты жоқ болған жағдайда бір жолғы сенімхаттар беріледі. Берілген сенімхатта шаруашылық жүргізуші субъектілер оның мерзімін көрсетеді. Сенімхатқа кәсіпорын басшысы, бас бухгалтері қол қойып, мөр басады. Сол сенімхатта алынатын тауардың тізімі сенімхаттың артқы (кері) жағында жазылады.
Егер де алынатын таурлар саны жағынан көп болмаса және түрлері де біртектес болып келсе, онда олардың жалпы саны мен сомасы бір жолға жазылады.
Бір қоймаға жататын тауарлы - материалдық қорлар алынған жағдайда оған бірнеше наклaдной керек болса, сенім беруші тұлғаға бір сенімхатын беруіне болады, бірақ онда берілген барлық накладнойдың нөмері, күні көрсетілуі тиіс. Егер де бір ғана сенімді тұлғаның бірнеше қоймадан тауар алуына тура келсе, онда оған әрбір қоймаға ұсынуы үшін жеке сенімхат беріледі.
Сенімхат әрекет ететін мерзіміне қарамастан тауарлы-материалдық құндылықтарды алған кезіннен бастап беріледі. Мерзімі өткен сенімхаттары бойынша есеп бермеген лауазымды тұлғаға жаңа сенімхаттар берілмейді. Тауарлы - материалдық құндылықтарды ала салысымен материалды жауапты тұлға тапсырманы орындағаны туралы құжаттарды бухгалтерияға беріп, тауарлы - материалдық құндылықтарды қоймаға өткізуі керек, олардың сол құндылықтарды қуаттайтын сенімхаттары толық болмаса да. Егер де тауарлы - материалдық қорларды алу құқы жойылса, онда одан сенімхаты қайтып алынады, ал жіберушілерге басқа сенімхат беріледі.
Пайдаланбаған сенімхаттар мерзімі өткеннен кейін келесі күні сенім білдірушіге қайтарылады. Пайдаланбаған сенімхатты қайтарған кезде оны Сенімхаттарды есепке алу журналына тіркейді және оның түбіршігінде пайдаланбаған деген белгісін жасайды. Осындай сенімхаттарды есеп беру кезеңнін соңына дейін сақталады, сосын есепті кезеңнің соңыңда жойылады.
Жабдықтаушылар (жіберушілер) тауарлы - материалдық қорларды босатқан кезде, әрбір жіберілген бөлігіне үш данада накладной жазып, онда сенімхаттың нөмері мен күні көрсетіледі. Оның біріншісі тауарлы - материалдық құндылықтарды алушыда, екіншісі жіберушінің өзінде қалады, оны алдағы кезеңде жіберілген тауарлы - материалдық қорларды бақылау жасау үшін пайдаланады. Ал үшіншісі бухгалтерияға беріледі. Тауарлы - материалдық қорларды босатып біткен соң, ең соңғы партиясының құжаттарымен бірге сенімхатты да бухгалтерияға тапсырады. Тауарлы - материалдық қорларды мынадай жағдайларға сенімхат бойынша босатуына болмайды:
- сенімхаттың барлық реквизиттері толық толтырылмаса, жөнделген немесе өшірілген болса;
- көрсетілеген сенімхаттағы құжаттар болмаса;
- сенімхаттың мерзімі біткен болса;
- субъектіден берілген сенімхаттың жойылғаны туралы хабар алса;
- сенімхат берген субъекті өз қызметін тоқтатса (жойылса, қайта құрылымдық өзгерістер жасалса).
Тауар беруші тауарларды жеткізіп беруді шартта көзделген көлікке тиеп және шартта белгіленген жағдайларда жөнелту жолымен жүзеге асырады.5. [2. (132б ) ].
Жабдықтаушылар сатып алушының қоймасына автотранспортпен тауарлы - материалдық қорларды жеткізіп берген кезде сатушылардың материалды жауапты тұлғасы (қойма меңгерушісі) жабдықтаушылардың экспедиторынан алған тауарлы - материалдық қорлардың санын және брутто салмағын, тауарлы - транспорттық (көліктік) накладной мен жіберіледі. Егер олардың мәліметінде айырмашылық болмаса, онда оның бір данасына қол қойып және штамп басып, тауарлы - материалдық құндылықтар қабылданды деп жазады. Накладнойдың бір данасы материалды жауапты тұлғада қалады. Ал егер айырмашылық болса, онда оның саны мен сомасына акті жасалады. Ол екі дана етіп жазылады және оған екі жақтың жауапты тұлғалары қол қояды. Оның біреуін жабдықтаушыға жібереді, ал екіншісі тауарлы - материалдық құндылықтарды қабылдаған жауапты тұлғада қалады, одан әрі ол бухгалтерияға беріледі. Акты жабдықтаушыға талап - тілек қоюға негіз бола алады. Жоғары аталғандардан басқа тауарлы-материалдық қорлар халықтан да сатып алынуы мүмкін. Бұл материалды жауапты тұлға сатып алынған тауарлы-материалдық қорларға акті жасайды, онда: сатушының аты-жөні, СТН (салық төлеушінің тіркеу нөмері), тауарлы - материалдық қорлардың аты, алынған бағасы және жалпы құны көрсетіледі. Осы актіде патенттің (куәлігінің) нөмері және әрекет мерзімі, қызмет түрі немесе басқа да құжаттары (квитанциясы, бір жолғы талоны) көрсетіледі. Егер де аталған құжаттар болмаса кәсіпорын бюджетке төленетін жеке табыс салығын өзі төлейді.
Тауарлы - материалдық қорларды кірістеуге мына құжаттар негіз болып саналады:
- шот - фактура, онда қатар нөмері мен күні, атауы және жабдықтау мен тауарлы - материалдық құндылықтарды сатып алушының салық төлеушінің тіркеу нөмері, қосылған құн салығын есепке қою туралы куәлік нөмері, әкелінген тауарлы - материалдық қорлардың атаулары мен саны, құны, акцизделенетін тауарлы - материалдық қорлардың сомасы т.б.;
- тауарлы - транспорттық накладной;
- тауарды қабылдап алған материалды жауапты тұлғаның жазған накладной құжаттары, атап айтқанда:
Кіріс ордері. Жабдықтаушылардан немесе өңдеуден түскен запастарды есепке алу үшін пайдаланады. Ол бір ғана данада жазылады және ол жауапты тұлғадан материалдар қоймаға келіп түскен кезде толтырылады.
Материалдарды қабылдау туралы акті. Жабдықтаушылардың ілеспе құжаттарындағы мәліметтерді сандық және сапалық айырмашылықтары бар босалқыларды қабылдау кезінде қолданады; сондай - ақ құжаттарсыз материалдарды түскен кезде де қолданылады. Қабылдау комиссиясы міндетті түрде материалдық жауапты тұлғаның, жіберуші (жабдықтаушы) өкілінің немесе мүдделі емес мекеме өкілінің қатысуымен актіні 2 дана етіп жасайды. Құндылықтар қабылдағаннан кейін құжаттармен қоса (тауарлық - көліктік жөнелтпе қағаздар, спецификациялар, т.б.) актілердің бір данасы материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу үшін бухгалтерияға, екіншісі жабдықтаушыға талап хатын жазу үшін, жабдықтау бөліміне немесе олардың бухгалтериясына жіберіледі.
Материалдық құндылықтардың өндірісте дайындалған және сақталған кезіндегі жетіспеушілігі мен жоғалуы туралы актісі. Табиғи шығын нормалары айқындалмаған материалдық қорларын дайындау, сақтау немесе өндіру процесінде орын алған жоғалтуды анықтау үшін қолданады. Қорлардың сақталуына жауапты бөлімдердің балансынан шығаруға және кінәлі адамдардан өндіріп алуға аталған құжат негіз бола алады.
Бұл құжат материалдарды қабылдау жөніндегі актіге тіркеледі. Екі дана толтырылып, комиссия мүшелері мен кінәлі кісілер қол қояды. 1-ші данасы бухгалтерияға жіберіледі, ал екіншісі бөлімшеде қалады.
Табиғи шығын формаларына сәйкес материалдардың жоғалуы туралы актісі. Субъектінің қоймасына жабдықтаушылардан келіп түскен кезде табиғи шығын нормаларына сай қорлардың көмегімен анықталса немесе өңделгеннен кейін оларға табиғи шығын нормалары қойылған болса, осы акті жасалады. Қорларды қабылдау жүргізген кезде жасалған актіге кіріс ордері қосымша қызмет атқарады. Комиссия 2 дана етіп жасап қол қойып, 1-ші данасы бухгалтерияға өткізіледі,ал қордың жоғалуына материалды жауапты тұлғалар сол адамның есебінен есептен шығаруға негіз бола алады, ал оның екінші данасы қоймада қалады.
Материалдардың (тауардың) бүлінуі, сынуы, қирауы, туралы актісі. Кәсіпорында бүлінудің, сынудың, қираудың нәтежиесінде арзандатуға және қорларды (тауарларды) есептен шығару үшін пайдаланады. Ол 2 дана етіп жасалынады. 1-ші дана бухгалтерияға жіберіліп, қорларды жоғалуына себепші болған материалды жауапты тұлғалар есептен шығаруға негіз болады, 2-ші бөлімшеде қалады.
Тауарлы - материалдық қорды босатқанда рәсімделетін құжаттар. Кәсіпорынның материал өнімді әзірлеуге және басқа да шаруашылық қажетілі үшін цехтарға, сондай-ақ сыртқы өңдеуге немесе сатуға босатқан кезде пайдаланады.
Тауарлы-материалдық қорлар, цехтан цехқа берілсе, онда мына өндірістің ішіндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есептің принциптері
Төленбеген капиталдың есебі
Негізгі және айналым капиталы
Тауардың экономикалық мазмұны
ТАУАРЛАРДЫҢ ЕСЕБІМЕН БАҒАЛАНУЫ
Тауарлы-материалдық қорлар туралы ақпарат
Қорлардың бугхалтериядағы есебі
Активтердің негізгі түрлері
Оңтүстік жарық транзит ЖШС-нің активтерінің айналымын талдау мен оны жетілдіру жолдары
Шаруашылык субъектінің меншікті капиталының есебі
Пәндер