Қадыр Мырза Әли өлеңдері



1. Қадыр Мырза Әли өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері
2. Оның өлеңдерінде идеялық мақсатқа жарыса жол тартқан тағы да тұтас толғамды сыр, толқынды жыр бар.
3. Қадыр Мырзалиев . сөздің сәйгүлігі, ойдың өзарманы.
4. Қадір ақын үнемі адам бойынан ізгілікті, жақсылықты, жарқын сипаттарды іздеп табуға ұмтылады.
5. Қадір Мырзалиев . достық атты адамдар бойындағы ең бір асыл қадір.қасиеттің жыршысы.
6. Оның шығармаларында кездесетін афоризмдер мен қанатты сөздер.
Қадыр Мырзалиевтің «Бұлбұл бағында» мынадай бір сырлы шумақ бар;
Жүйрік арман қуып жете қалсаң-ақ,
Жалт береді,
Соның өзі бір сабақ!
Осалдар жүр өзін жұрттан артық деп,
Ал мықтылар өзін жұрттан кем санап!
Тап-таза шындық!
Алдымен, азамат ойдың адамында ешқашан арман таусылмақ емес. Ардан туған адам әрқашан арман қуады және арман қуудан жалықпайды, туғаннан өлгенге дейін қуады және сол арманның шегіне жетпейді, жетседе жеткенін сезбейді. «Арманым жоқ дейтіндер» қателеседі, яки өтірік айтады. Адамның арманы болмаса, ертеңі болмағаны; арман бітсе, ертеңі бітеді, мақсаты түгелсігені; арманның таусылған жері¬-адамның өлген жері. Саналы кісіге мұның өзі сабақ екені рас.
Содан соң, осылардың өзіне-өзі қарық боп, өз деміне өзі буланып, жіпсіп, күпсіп жүретіні, ал мықтылардың өзіне-өзі көңілі толмай, өз ісіне өзі разы болмай, өзін-өзі іштей сынап, мінеп жүретіні және рас. Айтатыны жоқ, осалдық дегенде бір бататірсек бозбалашылық- өз көлнеңкесіне өзі жігітсіген қысыр қызтекелік қой, құрсын! Осылардан өпірем, өрекпігіш, бойлауық, күпілдек келеді! Осалдығын сонымен жасырмақ болады. Онымен де қоймай,осалдық омыраулап, мықтылықты біраз көзден тасалап, ықтыра алмасада да бұқтыра тұруы мүмкін. Бірақ мықтылық деген- мықтылық, түбінде осалдық атаулының бәрін көне тамдай қопара құлатып, сілкініп шыға келетіні сөзсіз.
Осындай мықтылық иесінің бірі-Қадырдің өзі. Дәлірек айтқанда, Қадырдың қадірі-мықтылығында.
Мықтылығының бір дәлелі: Қадыр өлең өлкесіне күйбеңсіз, кібірткісіз, тіпті ешқашан ешбір жаттығу жасамағандай кәнігі шебер қалпында келді. Мұны біз тұнғыш рет Қазақ университетіндегі Әуезов аудиториясында танып-білген едік.
1. Таңдамалы туындылардың көп томдығы.
2. Алматы «Қазығұрт» баспасы 2001
3. Зейнолла Қабдолов
4.Қ. Мырзалиев «Қорамсақ», «Жалын» баспасы,
Алматы, 1980.
5.Қ.Мырзалиев «Өлеңдер мен поэма», Алматы,
1990.
6.Қазақ әдебиетінің тарихы, «Кеңес дәуірі»,
Алматы , 2005.
7.Сауытбек Абдырахманов «Жиырмасыншы
ғасыр жырлайды»»
қазақ поэзиясының антологиясы ІІ- том

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
оспары:

1. Қадыр Мырза Әли өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері
2. Оның өлеңдерінде идеялық мақсатқа жарыса жол тартқан тағы да тұтас толғамды сыр, толқынды жыр бар.
3. Қадыр Мырзалиев - сөздің сәйгүлігі, ойдың өзарманы.
4. Қадір ақын үнемі адам бойынан ізгілікті, жақсылықты, жарқын сипаттарды іздеп табуға ұмтылады.
5. Қадір Мырзалиев - достық атты адамдар бойындағы ең бір асыл қадір-қасиеттің жыршысы.
6. Оның шығармаларында кездесетін афоризмдер мен қанатты сөздер.

Қадыр Мырзалиевтің Бұлбұл бағында мынадай бір сырлы шумақ бар;
Жүйрік арман қуып жете қалсаң-ақ,
Жалт береді,
Соның өзі бір сабақ!
Осалдар жүр өзін жұрттан артық деп,
Ал мықтылар өзін жұрттан кем санап!
Тап-таза шындық!
Алдымен, азамат ойдың адамында ешқашан арман таусылмақ емес. Ардан туған адам әрқашан арман қуады және арман қуудан жалықпайды, туғаннан өлгенге дейін қуады және сол арманның шегіне жетпейді, жетседе жеткенін сезбейді. Арманым жоқ дейтіндер қателеседі, яки өтірік айтады. Адамның арманы болмаса, ертеңі болмағаны; арман бітсе, ертеңі бітеді, мақсаты түгелсігені; арманның таусылған жері - -адамның өлген жері. Саналы кісіге мұның өзі сабақ екені рас.
Содан соң, осылардың өзіне-өзі қарық боп, өз деміне өзі буланып, жіпсіп, күпсіп жүретіні, ал мықтылардың өзіне-өзі көңілі толмай, өз ісіне өзі разы болмай, өзін-өзі іштей сынап, мінеп жүретіні және рас. Айтатыны жоқ, осалдық дегенде бір бататірсек бозбалашылық- өз көлнеңкесіне өзі жігітсіген қысыр қызтекелік қой, құрсын! Осылардан өпірем, өрекпігіш, бойлауық, күпілдек келеді! Осалдығын сонымен жасырмақ болады. Онымен де қоймай,осалдық омыраулап, мықтылықты біраз көзден тасалап, ықтыра алмасада да бұқтыра тұруы мүмкін. Бірақ мықтылық деген- мықтылық, түбінде осалдық атаулының бәрін көне тамдай қопара құлатып, сілкініп шыға келетіні сөзсіз.
Осындай мықтылық иесінің бірі-Қадырдің өзі. Дәлірек айтқанда, Қадырдың қадірі-мықтылығында.
Мықтылығының бір дәлелі: Қадыр өлең өлкесіне күйбеңсіз, кібірткісіз, тіпті ешқашан ешбір жаттығу жасамағандай кәнігі шебер қалпында келді. Мұны біз тұнғыш рет Қазақ университетіндегі Әуезов аудиториясында танып-білген едік.
Күні кеше шәкіртке сөз сиқырын үйреткен шабытты шақтарда Ұлы ұстаздың өзі шынтақ сүйеген биік мінбеге киіктің асығындай ғана шып-шымыр қара бала жүргізіп шыққан емес, тура шиырылып түскендей ... ... дік етіп алшысынан тұра қалды да, ағытыла жөнелді.

Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып,
Және жылап өледі, өзгені де жылатып.
Жылайтыны туа сап-жамандар бар қинайтын,
Жылайтыны өлерде-жақсылар бар қимайтын.

Жым-жырт тұна, тына тыңдаған дүйім жұрт кенет ду-ду етіп, зал іші самал шайқаған көлдей теңселді де кетті. Хаос гармонияға көшті. Жұрттың бәрі бір деммен тыныстады. Әлгі шумақты тыңдаған әр адамға қас пен көздің арасында бұрын ешкім айтпаған бір шындық ашылды да қалды. Өлең әркімді өзінің өзгеше философиялық тереңіне тартып, оқыс ойға шомдырды да қойды.
-Жаным-ау, жанартау ғой мынау- деп таңдай қақты көп ішінен бір білгіш.-Жанғалы, жалындағалы тұрған жанартау ғой!
Дәл осы тұста Қадыр да дәл осыған үндес тағы бір тылсым сыр ашып, тағы бір қызық түйін түйіп тұрған:

Жанар таудың сөнгендері-даңқты,
Атылмаған жанартаулар-қауіпті.

Аудиторияда ырғала бере қайта тынды. Енді жұрт дуылдамай үнсіз ойланды. Тағы да сыр, тағы да шындық.Әркім-ақ айтуға болатын, бірақ айтылмаған сыр; әркім-ақ ашуға болатын, бірақ ашылмаған шындық. Жалғыз-ақ тыңдаушылар осыны табан аузында талдап түсініп отырған жоқ, тамсана түйсініп отыр еді ... .
Сол кештен күні бүгінге дейін Қадыр ақын қалың оқырманын таңдандырудан, тамсандырудан бір жаза басып көрген жоқ.
Неге?
Асылы, адам әдебиетке сұлудың бұрымындай өрілген екі мақсатпен келеді: бірі-өзінен бұрын ешкім айтпағанды айту; екіншісі-өзге ешкімге ұқсамай, тек өзінше айту. Осы екі мақсат орындалған жерде ғана шын мәніндегі әдеби туынды бар. Шын мәніндегі әдеби туынды дегеніміздің, Леонид Леонов айтқандай, мазмұн жағынан жаңалық ашу, пішін жағынан өнер табу болатын себебі де сондықтан.
Енді турасына көшсек, мүбәда қазақ поэзиясына осы ғасырдың орта тұсынан өте бере келіп, соңғы отыз жылда тек ғана өзіне тән өзгеше мазмұнын ашқан, тек ғана өзіне тән өзгеше пішінін тапқан шын мәніндегі шынайы талант екеу болса-бірі, біреу болса-өзі-Қадыр Мырзалиев. Бір кезде өзінің түлеп ұшқан ұясы Қазақ университетіндегі Әуезов аудиториясын ғана білетін кәдімгі бала Қадырдың бүгінде бүкіл елі-туған халқы тұтас таныған қадірлі дана Қадырға айналу себебінде дәл осы арадан іздеген жөн.
Демек, қазіргі қазақ поэзиясын көп дауысты, қуатты оркестр десек, мұның құрамындағы Қадыр музасының қайталанбас өз үні, машығы мен мәнері, айшығы мен өрнегі бар; Қадыр лирасының сыңғыры бөлек, сыры терең.
Қадыр Мырза Әлі соңғы ширек ғасыр меғдарында қатарынан қаздай тізілтіп он кітап берді: Ақ отау, Бұлбұл бағы, Ой орманы, Дала дидары, Домбыра, Жерұйық, Алақан, Қорамсақ, Көкпар, Қызыл кітап, Мәңгі майдан, Қылыш пен қанжар, Заман-ай, Алмас жерде қалмас, т.б. Мұның бәрі, әрине, қолыныздағы тандамалы томдарға сиған жоқ. Ал сыйған кітаптардың бірі болмаса біріне аздап көз тоқтатқанның өзіндеде әрқайсысының шежірелік мағынадағы мағынадағы шалқар мазмұн тұтастығы, симфониялық сипаттағы сұлу композициялық құрылымы адам таң қалғандай. Соны мен қатар бұлар жеке-жеке тұрғанда ақынның ондаған жыл бойы үздіксіз өнуін, өсуін көрсететін эвалюциялық сатылар секілді де, бәрі қосылғанда тамаша таланттың өзгеше творчествалық тұлғасын, айрықша ақындық мінезін, сайып келгенде, ұланғайыр әсемдік әлемін қалыптастырған.
Айталық, Ой орманы-автордың азаматтық келбетін танытқан кітап. Мұнда Қадырдың ешкімге ұқсамайтын айрықша бітімі мен мінезі бар. Ақындық мінез ақындық мінез мағынасында айтып отырмыз.
Кітаптағы өлеңдердің тақырыбы мен мазмұны-адам, адамға тән алуан түрлі сезімдер, ойлар, толғаныстар, адамның өмірге көз қарасы, адамның табиғатқа қарым-қатынасы, сайып келгенде, адамның тағдыры мен тіршілігі. Бұлардың қай - қайсысы да тақырып-мазмұн ретінде жаңалық емес, сан рет толғанған сырлар,жырланған шындықтар, әбден шиыр болған тақырыптар мен мазмұндар. Бірақ осы тақырыптар мен мазмұндардың қандай болмасын, Қадырдың жырлауында жаңа қырынан, бұрын-соңды ешкім айтпаған соны мағынада, тың пішінде көрінеді. Мәселен, бір өлеңде биікке шықпағандардың биіктен құламайтыны оқыс айшықпен ойнақы кетеленіп,бір өлеңде қателесемін деп қорқудың өзі-қателік екені ұтымды жеткізілсе, енді бір олең даңқ туралы; даңқ дегенде бір шың секілді, шың басына шығалмай, етекте қалғандардың іші күйсе, басына шыққандардың басы айналатынын майда жұмсақ юмормен аңғартады. Осылардың бәрі әшейін ауызекі айтыла салмайды, әсем өрнекпен, ақындық шабытпен шебер айтылуының үстіне, әр оқушының өзі ойлап, іздеп тауып алғандай құпия сырмен, қызық астармен айтылады. Өлеңнін ойлылығы дегеннің өзі осы емес пе?
Әрбір шын мәніндегі суреткер секілді Қадырдың да кешегі жыры-Адам туралы болатын, бүгінгі жыры да-Адам туралы, ертеңгі жыры да-Адам туралы болмақ.
Ал адам,оның тағдыры мен тіршілігі әдеби шығармада әрқашан белгілі бір уақыт пен кеңістікте көрсетілуі шарт. Демек, Қадырдың Адамы да мезгіл-мекенсіз әлдебір абстракциялық нәрсе емес. Сондықтан Мырза Әлі поэзиясына үзілмейтін өзекті желі боп тартылып, жан-жақты ашыла суреттеліп, жинақтала тұлғаланып келе жатқан бір күрделі образ бар. Ол-қазақ даласының образы. Осынау шетсіз-шексіз кең далаға, өзінің туған даласына Қадыр Ой орманында бір бөлім арнап, айрықша бір мол шабытпен, көкірегін кере, мақтана сөйлеп: Уа,дала! Кеңдігіңе тамсандып көп, айта алман бәрін жазып тауыса алдым деп. Сен-алып пластинка дөңгеленген, инең болып тұрады ылғи ән салғым кеп!-десе, соның іс жүзіндегі дерегі секілді келесі кітабын түп-түгел далаға арнап; тұп-тура-Дала дидары деп атады.
Дала дидары- Қадыр ақындығының жаңа белесі, тың өрісі. Бұл кітаптың, яки кітапқа енген жүз өлеңнің бір ғана көркемдік құны мен идиялық қасиетін бір сөзбен айтсақ, үндестік деуге болар еді.
Александр блок: ақынның ақындығы- үндестік деп ұққан және осы ұғымын терең теориялық тұжырымға айналдырған. Ал үндестік, яки гармония дегендішебер суреткердің шындықты сырға, сырды жырға айналдыруы, өмірді өнерге, өнерді омірге көшіруі, сөйтіп, мынау әлемдік тіршіліктің небір құпия сырларын ғажайып келісімге көшіре танытуы деп түсіндіреді.
Дала дидарында тек сырт қарағанның өзінде көзге бірден шалынатын бір түрлі бір компазициялық бірлік, тың келісім бар. Кітаптағы төрт бөлім өзара тұтасқан төрт алуан сыр мен шындықты желілі, арнаулы түрде тарата жырлап жатса, осылардың ара-арасында ақын үш мәрте лирикалық шегініс жасап, оқырманын өзгеше бір толғаныстарға түсіріп,оның сезімін тербейді. Сөйтіп, ақын мен оқырманның көңіл күйлері өзара тағы бір тың үйлесім, үндестік тапқандай болады.

Ал мазмұн жағынан келсек, мұндағы жүз өлең идеялық мақсатқа жарыса жол тартқан тағы да тұтас толғамды сыр, толқынды жыр. Мысалы, Көне заман көріністері атанған бірінші бөлім бір ғана басты тақырыптың кезеңді құбылыстарын жан - жақты әрі қаз - қатар өре, өрістете толғайды: Жар - жар мен Бесік жыры, Бәйге мен Көкпар, Қыз қуу мен Күрес, Ән мен Бата, Қарақшы жыры мен Күндестер, Барымта мен Өлім, Ауыл түні мен Көш...- осылардың әрқайсысында байырғы көне ауылдың әр алуан шындғы әр қырынан көрініп кеп бір тұтас бейне-дала дидарын алдымызға тартады.Сонда бір өлең осы даланың күлкісі, қайғысы мен көз жасы, бір өлең әні мен назы болса, енді бір өлең мұңы мен зары, бір өлең күші мен ірілігі болса, бір өлең әлсіздігі мен күйкілігі... секілді өзара өріліп-тұтасып, өріліп-тұтасып кете барады.Жоқ, кете бармайды, ақын өзі сүреттеп отырған шындық құбылыстардан қызық-қызық ойлар, философиялық байыптаулар, парасатты түйін-тұжырымдар қорытып отырады.
Мәселен, Бабамыздың шоқ басқан табанымен, бірдей екен жақсысы жаманымен: бір жаманы-танымсыз көше берген, бір жақсысы-қимаған даланы кең. Бір жаманы-желге сөзге ерген екен, бір жақсысы-тілге ерік берген екен; бір жаманы-кетпенге орашолақ, бір жақсысы-найзагер, мерген екен. Бір жаманы-кешігііп әліппе ашқан, бір жақсысы-күйлері көбік шашқан, бір жаманы-қыздарын малға сатып, бір жақсысы-сүйгені алып қашқан. Бір жаманы-шаруасын маңдытпаған, бір жақсысы-қулықпен жанды ұтпаған; бір жаманы-үйленіп жеңгесіне, бір жақсысы-жесірін қаңғыртпаған. Тату-тәтті көршілер шыр бұзбаған, бірге тоңып суықта, бір мұздаған; бір жаманы-сонда да үй салмаған,бір жақсысы-абақты тұрғызбаған!... Міне, бұл-бір жағынан, осыған дейін әр қырынан суреттеліп көрсетілген дала шындығын енді бірде ойша байыптаудан туған жиынтық-синтез болса, екінші жағынан, байтақ далада ғасырлар бойы ғұмыр кешкен бүтін бір халықтың бір алуан мінез-құлқы екені даусыз.
Байқасақ, осы секілді әр өлеңде және жинақтағы бар өлеңде автор мөп - мөлдір шындықты тап - таза ағысқа, ақындық ағысқа айналдырып, соншалық кең тыныспен еркін, ешқандай қитықсыз есіле, көсіле жырлаған. Әр өлең кәдімгі қиыннан қиысу жағынан жасандылықтан аулақ, соншалық табиғи, тіпті оп - оңай құйыла салған секілді.
Ең жеңілі мынау эпифораны оқып көрелікші:
Күншілдер өледі,
Көңілін от қарып.
Батырлар өледі,
Борышын атқарып.
Бұзықтар өледі,
Пышаққа құлшынып.
Сұлулар өледі,
Құшаққа тұншығып.
Арғымақ өледі,
Артында шаң қалып.
Ақындар өледі,
Бәріне таң қалып!
Өлеңнің мазмұнындағы қоспасыз шындықты айтпағанның өзінде, пішініндегі мұндай шынайы, сұлу айшықты, яки фигураны асқан шебер ақын ғана жасай алады. Дала дидарындағы өлеңдерде, міне, осындай өзіндік дидар бар ... .
Сонымен, бірінші томдағы бірнеше кітап - Ой орманынан Дала дидарына, одан Бұлбұл бағына көшіп, ақыр - аяғында Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын алған Жерұйыққа келіп, өзінің ақындық өнер биігіне осылай сатылап өрлеген Қадыр енді бір тұста поэзия жайлауына Ақ отау, яки өз отауын, өзінің жыр отауын тігеді де төрінде отырып, екінші томда қолына құйқылжыған көңіл күйінің екі ішекті, он екі пернелі Домбырасын алады, сөйтіп тағы да сол өзі тапқан ырғақпен, мәнер - машықпен төңірегін ағыл - тегіл шалқыған кербез күйге, сылқым сырға, сырбаз жырға толтыра күмбірлетіп кетеді.
Сөзімізді ұзарта бермей, тұжыра түсу үшін біз Бұлбұл бағын араламай - ақ, Ақ отауға кірмей, Жер ұйыққа бармай - ақ, бірден Домбыра сазына сәл құлақ түріп көрсек дейміз.
Қуып шығар қызыл сөзді ой кейін,
Мен оларға кейліккенді қой дейін.
Өзің көтер,
Алтын тиек идеям,
Егіз шектің беу - беуі мен
Гөй - гөйін!
Қадыр Домбыра тиегін осылай қондырады. Мұның өзі домбыра тиегі болуымен бірге екі кітаптың өлең - эпопеяның беташары да: тиек тіреп көтерген екі ішек құр құйқылжып ойнамайды, ой айтады, сыр шертеді, демек Қадыр домбырасының тиегі шанақ пен ішек арасындағы мөлшерлі қашықтық қана емес, жинақтағы өлеңдердің идеялық - көркемдік биігінің де мөлшерлі болуға тиіс. Осы ұғыммен біз, міне, бірінші кітапты ашып оқыдық, яки домбыраның үстіңгі ішегін шертіп тыңдадық дейік.
Ал, қане, не аңғардық ?
Дала дидарында Қадырдың оқушы қауымға ағынан жарыла айтқан мынадай бір шыны мен сыры бар еді: Мына бассыз, мына қолсыз жоқ құным. Қолымда да, басымда да жоқ тыным ... Іссіз өткен күнді өмірге санама! Онда өз қолым жармасады жағама.
Домбыраның үстіңгі ішегі, алдымен, Қадырдың дәл осы айтқандарының әшейін сөз емес, қолма - қол істелген іс екеніне көзімізді жеткізеді. Тағы да тынымсыз әрекет: жазу, өлең жасау, о бастағы ұлы тақырыпты одан әрі өрбіте жырлау, оның жаңа қырларын ашу, осыдан қиын, қызық қимылдар үстінде ентікпеу, шаршамау, кең тыныспен, қылаң жүріспен келе жату, өзінің ақындық сапарының үстінде тағыда ілгері басу, жаңа бел - белестен асу ... Шумақтап айтар болсақ, біз Домбыра сазынан, міне,, осыларды аңғарамыз.
Табиғатпен табысу, яки сағатпен сырласу, Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру, яки Ауылды аңсау, Кәрия және күн, яки дала мен гүл ... Осылардың қай - қайсысын алып қарамалық, тақырып Қадыр өлеңдерінде бұрын жырланған тақырып болғанмен, қазір мағына - мазмұны жаңарып, жаңа қырынан көрінген, баяғы қаз - қалпында қатып тұрып қалмаған, орынсыз қайталанбаған, уақытпен, мезгілмен ілгерілеу, даму үстінде көрсетілген: Домбырадағы дала Ой орманындағы немесе Дала дидарындағы дала емес, оянған өлке: Танымайсың бүгін Дала - ноянды. Ноян - дала қызыл ту боп боянды. Оянды ол гудогы боп заводтың, дауысы зор аэропорт боп оянды. Төңірегі жолдас толы, дос толы. Тізгініне берік бүгін қос қолы. Көзін ашты шамы болып Ильичтің, көзін ашты Қазақстан ГЭС болып. Мұнан әрі ақын төскейіндетелеграф сымдары мен темір жолдар жосылып жатқан алып даланың төбесінде құс жолы сайрап, ол жолмен космос карабльдері зымырап көтерілгенін, сөйтіп, бір кезде керуен жолы болған қазақ даласының бүгінде ғарыш жолы болғанын шалқыған шабытпен жырлайды.
Мұның әрі Мырзалиев Дала төсіндегі космодромды, Дала мен ғарыш арасындағы ұлы сапарларды, орыстың ер елі мен қазақтың сері елінің керемет достығын, күн мен Жердің достығы секілді отандас ұлттардың ұлы ынтымағын жырлай келіп, екінші кітапқа, яки астыңғы ішекке ауысады да одан Алақанға көшеді.
Ал Алақан туралы осы кітаптың дәйектемесінде дәл айтылған: бір кездері бір - біріне жұдырық боп жұмылып келген Орта азия халықтарының қуатты қолдары бүгінде достықтың алып алақаны болып жайылса, татулық пен туыстықтың бейбіт құсы сол алақаннан ұшып, сол алақанға қонады. Орта Азия сапарларыннан туған қонақ - кәде кітабын Алақан атай отырып, ақын алдына қойған мақсатын әдемі орындап шыққан. Ол өз дәуірінің үніне осылай айналған.
Қадыр Мырзалиев - сөздің сәйгүлігі, ойдың өзарманы. Жеке бастың дара мұңынан бастап, қым - қиғаш халықаралық қайшылықтарға шейін қысылмай, қымтырылмай еркін жырлай алады. Мысалы, Қазақстанның тағдыр - тарихындағы алатын жөне атқарып келген отаршылдық орнын екі - ақ өлең жолымен өдемі жеткізе білген.

Қараса егер Ресей түйіп қабақ,
Көмейіңнен өтпейді сұйық тамақ, -
дейді бір шағын поэмасында. Шынында да солай болып келген, біразға шейін әлі де солай бола беретін шығар.
Қадыр Мырзалиевтің жазғандары бір кітаптан ғана тұрмайды, бірнеше томнан тұрады. Бір ғана әдеби жанрмен шектелмейді, бүкіл көркем жанрларды қамтиды.
Қадір Мырзалиев ноэзияға Жалғыз шапқан ат жүйрік дегендей жападан-жалғыз келген жеке бас ақын емес. Ол осыдан жиырма жыл бұрын қазақ совет әдебиеті және оның өте үлкен саласы - поэзия жанры қауырт өсіп, көп жағынан жетілген шағында өз қатарымен келді. Бұл Ұлы Октябрь социалистік революциясынан бастама алған қазақ совет поэзиясының арнасына қырық жыл бойында толқын артынан толқын болып, үшқатар жаңа ақындар тобы қосылған кез еді. Елімізде ғылыми-техникалық революция өріс ала бастап, социалистік құрылыс жаңа қарқынмен даму дәуіріне көшкен жағдайда , осы қалың топқа өзінің Көктем атты тұңғыш өлеңдер жинағымен төртінші қатарында қосылған жас ақын Қадір Мырзалиев көптің бірі болып, қосақ арасында көрінбей қалған жоқ, қайта сол бір жинағымен-ақ жарқ етіп көзге түсті, талант жалынымен , шын мағынасында көктем шуағымен көңіл аударды. Тәжірибеде көптің бірі болып келіп, көпке дейін еленбей қоятындар кездеспейді емес. Ал Қадірдің жөні басқа. Бұл әлгі алғашқы адымынан - ақ еленіп те танылып та үлгерді. Неге десеңіз , оның аяқ алысы басқалардан өзгеше еді, әдебиет терминімен айтқанда талант ерекшелігі өзгелерден өзгеше еді. Ол неден байқалады? Ой түйініне , үнінен, өлең құрылысынан . Ол жұрттың бәріне белгілі , таныс, тіпті етене болып сүйекке сіңген күнделікті өмір, тұрмыс құрылыстарынан өнегелі ой түюге өте шебер. Бірақ бұл түйін миға қонбайтын, кісіні мезі қылатын жалаң үгіт-өсиет емес, миға да , жүрекке де оңай жол табатын ақыл мен сезімнің жарасымды түйіні. Ал үні болса жылы, жұмсақ, онда елірмелік те лепірмелік те жоқ - жатық , жағымды . Өлең құрылысы да өзінің үйлесімді ұйқас ырғағымен , жанға жайлы , көңілге қонымды .
Осы ерекшілігімен Қадір Мырзалиев жиырма жыл бойы өнімді еңбек істеп, үнемі өсу, өрлеу сатысында көз жаздырмай , көңіл суытпай келеді. Лек-легімен пайда болған жиырмадан астам өлең кітабы туған елін , жерін , табиғатын, ана тілін, социалистік отанын, Ленин партиясын, халықтар достығын шексіз сүйетін ақынның өнімтал, өскелең қасиетімен қатар осы күнгі өмір құбылыстарымен терең тамырлас екендігін замандас психологиясын жетік білетін шебер суреткерлігінің анық айғағы дей аламыз.
Қадір Мырзалие адам бойындағы жаман, ұсқынсыз қылықтарды бірыңғай теріп, тізіп, өсіріп, суреттеуден аулақ. Ол көбіне адамның жақсы қасиеттерін дәріптеп алға тартады,әмам ұлы тұлғаларды өнеге туы етіп ұстайды. Абайдан бастап ақындарды тізіп айтқан Жыр ауылы дейтін өлеңі де - Қадірдің жақсылыққа тәнті таза көңлін аңғартатын өлең . Қай өлеңінде болмасын ақын ақиқатты, адамгершілікті алға қояды, жоғары ұстайды.
Ердің ісін ел құптар,
Ұлыс құптар
Жеңбей тынбас ақиқат
Дұрыстықтар...
Деп қашан да ақиқаттың , дұрыстықтың түп-түбінде үстемдік алатынына елге сіңірген ел еңбегінің бағаланбай қалмайтынына мықты сенім білдіреді. Қандай мін, кемшілікті сынаса да ел осы оптимистік тұрғыдан сынайды. Ол адам бойына , адамның іс-әрекетінен мінез- қылығынан алдымен адалдық , әділдік іздейді, тапса ақын жанымен сүйсінеді, ақын тілімен ардақтайды, ал оның орнына, керісінше , арамдық, надандық, көрсе іштей налиды, онда өлеңі зәр шашады.
Сәл-сәл тізгін тисе болды наданға ,
Сол болады көкең де һәм дадаң да.
Жоғырдан қарайды ол өзіне ,
Әлде қайда биік тұрған адамға,
Нағыз шындық емес пе бұл!Мұндай наданға тізгін тие көрмесін, лайым.
Қазақ әйелінің бүрын-сонды еңбеккерлігін,төзімділігін,қазақ халқының меймандостығын,өнерсүйгіштігін,ерлі кті,шындықты,махаббатты,ана тілінің қадірін,туған жердің табиғатын эпикалық,эстетикалық бағдарда сүйсіне сүреттеген бір қатар өлнңі жүрекке жылы сезім ұйытады.Ал Ата-ана және тұрмысқа шыққан қыздеген өлеңіндегі білімі бар,тұрмысқа шыққан қыздың ата-анаға өмір бойы мысал болғанын, Пенделік-ай,пенделікдеген өлеңіндегі дүниеге көзі тоймайтын қанағатсыздықты, Дүрегей, Мықтылар, Даңқ, Ашу, Қарапайым адам, Алданған ару, Көз бен көңіл, Көнтері т.б.өлеңдердегі зорлықты,зұлымдықты,топастықты,опас ыздықты,көнбіс,көрсоқырлықты тәсілін тауып,сын садағымен түйрегенін көргенде,сөз жоқ,тәнті боласың.
Осының бәрі, ойланып отырсақ,төбеден түскен нәрселер емес.Өзіміздің күнде көріп жүрген , бірін жаратып, бірін жаратпай, әбден үйреніскен жайлар. Алайда ақын көзімен қаралып, ақын санасында қарағанда , қорытылғанда, бұл жайлар бір түрлі жаңарып, жаңғырып көрінеді, өйткені ол көргенінен өзінше ой түйеді. Керемет шебер туралы - Ағаштан түйін түйеді, дейтін сөз бар. Қадір да өлеңінде көрген - білгенінен өзінше түйін түйеді, тәлімдік , өнегелі мәні бар ой мен сезім түйінін түйеді. Табиғатта бәрі сұлу , бәрі әсем, барлық пәле көзің менен көңілде , немесе адамдарды тани білу - ұлы өнер, иттерді де ажырата білген жөн, я болмаса сүңгіп көрсең теңіз ойдың тереңін қызықпас ең тағдырына төренің көңілінде сәулесі бар азамат ұтылғаннан ұтылмайды дер едім дейтін түйіндер, сондай-ақ зұлымға тікелей арнап : Сүйген адам қазағымды , жерімді, сені көрсе, бұл тірліктен жерінді, бүйі шығар жүрегіңнің орнынан мың жылдан соң қазса, сені көріңді деген айыптау қорытындысы іспетті ызалы түйін Абай мен Махамбет толғауларын еске салады. Қадір Мырзалиев лирикасының мағыналық ерекшелігі оның осындай қағидалығында. Бірақ мұны жалаң-дидактикалық жарнама деп бір жақты ұқпау керек. Әрине, кейде ақынның үгітітк сарынға салынып, ақылгөйлік жасайтын кездері де кездеседі. Дегенмен ондай кедері жиі емес , кемде-кем . Негізінен Қадір өзінің қағидалық ой-түйінін ақылға сыйымды, көңілге қонымды түрде жеткізе біледі. Сондықтан оған сенесің, иланасың. Тіпті іштей ойланасың: Апыр-ай , мынау бәріміздің ойымыздағыны айтып, отыр ғой. Тек менің аузыма қалай түспеген, - дейсің . Мысалы, Шындық үшін жан пида, - Дүниенің ең ащысы - ақиқат , ақиқатты қалай ғана жек көрем дейтін ақын , мынадай шындықты алға тартып тұр.
Түрлі адамдар түрліше күн көреді,
Біреулер су, біреулер у береді.
Сен өмірге келіп те үлгермейсің,
Біреу сені жамандап үлгереді.
Шындық емес пе... Қалай сенбессің. Өмірде ұжымақ кешіп, тек рахатқа батқан періште жан болса, сенбесе - сенбес, өзіміз сенеміз, өйткені осының бәрінің дәмін тартқанбыз. Бұл айтқандар сигнал есебінде сендіріп қана қоймайды, сергітеді, ширатады, жамандықтан сақтандырады, жирентеді. [б.5-9].
2001 жылы Қазғұрт баспасынан Қадір ақынның таңдамалы туындыларының он екі томы жарық көрді. Сан жағынан да , сапа жағынан да осыншама мол әдеби мұрамен жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің байлығын молайта түскен ақын халықтың рухани мәдениетінің байып, биіктей беруіне орасан зор еңбек сіңірді. Оның шығармаларының тақырыптары да әр алуан . Алайда , өлеңін қай тақырыпқа арнаса да , Қадір ақын негізгі нысанасы адамды , оның еңбегін, дәстүрін , тұтастай тұлғасын танытуға ұмтылады. Бұл - бүкіл әдебиеттің тақырыбы екені де рас. Алайда , ақын біткеннің негізгі тақырыбы ортақ болғанмен, олардың әр қайсысының өзіндік ерекшелігі де болатыны даусыз. Адамды жырлауда Қадір ақынның да өзіндік ерекшелігі, өзіндік мәнері , көркемдік қолтаңбасы айқын көзге шалынады. Мәселен, адамның жан-дүниесінің алуан-алуан сырлары бар екенін адам өмірінің күрделілігін ақынның өзінше жыр өрнегіне түсіруге талпынуын көреміз.
Үңіліп көр адамдардың ойына,
Көрем десең жунглидің көкесін!
(5-том, 2001, 38-б).
Адамдардың ой сезімі, жан-дүниесі ақын айтқандай , жунгли екені рас. Адамды жырлағанда , сол жунглиден адаспай, аман-есен шығуға ақындық , тапқырлық, шеберліктің аса қажет екені рас. Әр дәуірдегі, әр қоғамдағы өмір кешкен адамның көркем бейнесін , ой - сезім әлемі жырлауда Қадір ақынынң тапқан табыстары , жеңісі аз емес.
Адам болып оңай туғанмен,
Адам болып қалу көп қиын! - (3-том, 170-б) деп ақын дұрыс толғанады.
Қадір ақын үнемі адам бойынан ізгілікті, жақсылықты, жарқын сипаттарды іздеп табуға ұмтылады. Адам басындағы сол ұнамды қасиеттерді биік шабытпен жырлайды. Оның өлеңдерінен ақынның адамға деген шынайы сүйіспеншілігі, махаббаты жарқырап, көзге түсіп отырады.
Күндіз - түні сабылып, ертелі -кеш індетіп,
Тек жақсылық, жақсылық іздеу - менің міндетім.
Мен жақсылық іздеймін қызу қанның өзінен,
Мен жақсылық іздеймін бұзылғанның өзінен.
Мен жақсылық іздеймін қаскүнемнің өзінен,
Мен жақсылық іздеймін маскүнемнің өзінен.
Мен жақсылық іздеймін!
Әрлі-берлі із кесіп,
Жамандықты іздесе,
Оңбағандар іздесін! -
(5-том, 204-б).
деген ақынның жүрегінен жарып шыққан жыр жолдары сендіреді де , сүйсіндіреді де.
Сезе тұған сияқты осы бастан бекем ұл,
Дүниенің тұтқасы Адамдарда екенін -
(5-том, 39-бет)
деп Қадір ақын жер бетіндегі барлық қоғамның тетігі, тіршілігі, бет-бейнесі адам деп біледі.
Көресінің көкесін көрген де - Адам.
Көк құрашты қамшығып өрген де - Адам .
Найзағайдай атылған жолбарыстың
Жағын қолмен айырып берген де - Адам!
Күн нұрына арманын малған да - Адам .
Жақсылық пен бір тыныс алған да - Адам.
Құлап түскен торғайдың балапанын
Ұясына көтеріп салған да - Адам!
(5-том, 39-б)
Немесе:
Теңіз,
Дала,
Тау емес -
Жердің көркі -
Теңіз - адам,
Дала - адам ,
Тау - адамдар! -
(5-том, 37-б)
Деп ақын адамдардың жасампаздық тұлғасын, құдірет - күшін, әдеби ұлы бейнесін жыр өрнегіне дұрыс түсірген.
Еңбек - адамдарды , халықты өсіретін, алдына қойған арман-мұратына жеткізетін құдірет күш екенін Қадір ақын шығармаларында жеткізе айтқан. Оянған өлке атты өлеңінде ол қазақ халқының бір ғасырға жуық өмір - тіршілігіне шолу жасай келіп, еңбек арқылы жеткен ұлан-ғайыр тарихи табыстарын көркемдік бейнеге түсірген.
Жадау тірлік, марғаулықты мұра ғып,
Жата берген бүктетіліп, бұралып,
Қазақ жері ұйқысынан оянды -
Ұйқысынан оянды бір алып.
Танымайсың бүгін дала - ноянды ,
Ноян дала қызыл ту боп боянды.
Оянды ол гудогы боп завоттың ,
Дауысы зор аэропорт боп оянды.
Төңірегіне жолдас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ жырының Қадыры
Қадыр Мырза Әлидің поэзиясының поэтика туындылары
Қадыр Мырза Әлінің балалар поэзиясына арналған шығармаларын жинақтарынан топтастыру
Қадыр Мырза Әлі – балалар әдебиетінің классигі
Қадыр Мырза Әлидің қанатты сөздері
Қадыр Мырза Әлі өмірі
Қадыр Мырза Әли поэмалары
Қадыр Мырза Әли поэзиясындағы ұлттық нақыштар
ҚАДЫР ЖҮСІП ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Балалар әдебиеті және балалар жазушыларының өмірі менi шығармашылығы
Пәндер