Қазақстандағы православие тарихы



Кіріспе
Негізгі бөлім

1. Қазақстандағы православие тарихы.
2. Тәуелсіз Қазақстандағы православие.
3. Қазақстандағы католик шіркеуі.
4. Қазақстандағы протестантизм.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Христиандықтың Орта Азияда Мерві қаласында пайда болуы туралы мәліметтер ортағасырлық тарихшы Бируни еңбектерінде б.з. ІІІ ғ. деп беріледі. Тарихи деректерде III–IV ғғ. Христиандық культ жоралғыларын өткізу үшін ғимараттар салынғандығын айтады. IV ғ. басында Соғды, Самарқанд қалаларында христиандықтың несториандық бағытының (ерте христиандық бағыттарының бірі) митрополиясы құрыла бастағандығы туралы деректер бар. Византия мен Сирияда қуғын көрген несториандықтар Орта Азия территорияларына көше бастады. Патриарх Тимофей тұсында (VIII-IX ғғ.) түркілердің христиандықты қабылдады деген деректер бар.
Несториандықтармен қатар, Орта Азия жеріне, Иса Мәсіх тек құдайылық табиғатқа ие (христиандықтың басым бағыттары құдайылық пен адами болмыстар бөлінбейтін, Иса Мәсіхтің құдай-адам табиғатын) деген пікірдегі яковиттер – сириялық монофизиттер ене бастады. Сонымен қатар, осы аймақтарда Антиохтық патриархқа бағынатын көне сириялық православиелікті ұстанатын – мелькиттердің де болғандығы белгілі.
Алайда, түркілердің исламды қабылдауымен христиандық ықпалы әлсіреп қалды, XII-XIII ғғ. таман Орталық Азияда христиан қауымдастығы қалмады десе де болады.
1. «Философия тарихы» Қасыбек Алтай Мұхаммедәли
2. «Философия» Тұрғынбаев Ж.
3. Спиркин А.Г. Философия. Учебник. М., 2000. Соколов В.В. Средневековая философия. М., 1979. Краткий очерк истории философии.
4. Кішібеков Д., Сыдықов Ү. Философия. А., 2000. Философиялық сөздік. А., 1996.
5. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Философия тарихы. А., 1999. Абеляр П. История моих бедствий. М., 1959.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім

1. Қазақстандағы православие тарихы.
2. Тәуелсіз Қазақстандағы православие.
3. Қазақстандағы католик шіркеуі.
4. Қазақстандағы протестантизм.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Христиандықтың Орта Азияда Мерві қаласында пайда болуы туралы мәліметтер ортағасырлық тарихшы Бируни еңбектерінде б.з. ІІІ ғ. деп беріледі. Тарихи деректерде III - IV ғғ. Христиандық культ жоралғыларын өткізу үшін ғимараттар салынғандығын айтады. IV ғ. басында Соғды, Самарқанд қалаларында христиандықтың несториандық бағытының (ерте христиандық бағыттарының бірі) митрополиясы құрыла бастағандығы туралы деректер бар. Византия мен Сирияда қуғын көрген несториандықтар Орта Азия территорияларына көше бастады. Патриарх Тимофей тұсында (VIII-IX ғғ.) түркілердің христиандықты қабылдады деген деректер бар.
Несториандықтармен қатар, Орта Азия жеріне, Иса Мәсіх тек құдайылық табиғатқа ие (христиандықтың басым бағыттары құдайылық пен адами болмыстар бөлінбейтін, Иса Мәсіхтің құдай-адам табиғатын) деген пікірдегі яковиттер - сириялық монофизиттер ене бастады. Сонымен қатар, осы аймақтарда Антиохтық патриархқа бағынатын көне сириялық православиелікті ұстанатын - мелькиттердің де болғандығы белгілі.
Алайда, түркілердің исламды қабылдауымен христиандық ықпалы әлсіреп қалды, XII-XIII ғғ. таман Орталық Азияда христиан қауымдастығы қалмады десе де болады.

Қазақстандағы православие тарихы.

Православие Қазақстандағы дін ұстанушылар саны бойынша исламнан соң екінші орында тұрады.
Орыс православие шіркеуі Қазақстан территориясында ХІХ-ғасырдың ортасында пайда болды.
Дала өңірін әкімшілік және шаруашылық-экономикалық меңгеруіне қарай христиандық біртіндеп тарады. Дала өңірінде әскери форпостпен қатар біртіндеп казак станицалары мен крестьяндық қоныстар пайда бола бастады. Бастапқыда Батыс Сібір мен Орынбор өңірінде пайда болды.
Орта Азиядағы алғашқы стационарлы православиелік шіркеу 1847 жылы Сырдария облысының Раим бекінісінде тұрғызылды. Үш жылдан кейін, 1850 жылы алғашқы ғибадатхана салынды.
1871 жылы Қасиетті Синод жарлығымен, Ресей императорының бекітуімен, Түркістандық епархия құрылды. Түркістандағы православиенің орталығы Верный қаласы болды.
ХІХ-ғасырдың 70-80-ші жылдары Түркістан өлкесінде белсенді түрде жаңа приходтар ашылып, стационарлық шіркеулер салына бастады. Жетісуда шіркеулер салу, жаңа приходтарды ашу қарқынмен басталды. Архитектор Андрей Павлович Зенковтың жобасы бойынша Верный қаласында 1907 жылы Вознесенский Кафедральды соборының құрылуы Қазақстандағы шіркеу сәулетшілігінің шыңы болып табылды. Бұл собор бүгінде Алматы қаласын безендіріп тұр, және ол Астаналық, Алматылық епархиялардың кафедральды шіркеуі болып табылады.
1917 жылы қазан айында мемлекет тарихында ғана емес, Православие шіркеуінің тарихында да жаңа дәуір басталды. Қазақстанда шіркеуді қудалау кеңестік биліктің орнауынан кейін бірден басталды. Және алғашқы жазалау (репрессия) жергілікті дінбасыларына тиді.
Оның артынан жалғасқан 20-шы жылдардың аяғы, 30-шы жылдардың басындағы репрессияның жаңа толқыны Қазақстанда Орыс Православие Шіркеуінің діни қызметкерлерін жаппай жер аударудан басталды. Бұл кезең коллективтендіру үрдісінің басталуымен тура келді, яғни қазақтардың көшпелі тұрмысын жойып, республика территориясындағы қазақ ауылдары мен жер ауып келген орыстардың крестьяндық шаруалықтарын қиратумен тура келді. Бұл ұлы халықтық жұтауға, апатқа апарып соқты.
Ұлы Отан соғысы дінге деген көзқарасты өзгертті. Орыс Православие Шіркеуі Кеңес Одағы халықтарының ұлтжандық, патриоттық қозғалысында маңызды орынға ие болды. Православие Шіркеуінің тарихында жаңа кезең басталды, Қазақстанда қайтадан шіркеулер ашыла бастады.
Бұл кезеңде Қазақстан территориясындағы шіркеулік өмір ережесі туралы мәселе шешіліп жатты. 1945 жылы Қасиетті Синодтың қаулысымен Алматыда митрополит Николайдың (Могилевский) жетекшілігімен дербес Алматылық және Қазақстандық епархия құрылды.
КСРО-дағы діншілдер тәртібінде жаңа бетбұрысты кезең 1987-1988 жылдар аралығында болды, бұл жылдары ұлы мерейтой - Русь христиан дінінің 1000 жылдығы тойланды.
Русь христиан дінінің 1000 жылдығын Алматы қаласында мерекелеу 1988 жылдың тамыз айында өтті. Мерейтой салтанатына ресейлік иерархтар, Қазақстан дінбасылары, билік өкілдері және көптеген қазақстандық діншілдер қатысты.
Орыс Православие Шіркеуінің тәуелсіздік алған кезінен бастап көптеген православиелік жәдігерлер, оның ішінде бұрын тартып алынған шіркеулер де қайтарылды. Бұдан басқа, діни бірлестіктерге жаңа шіркеулер құрылысына арналған жер телімдері өтеусіз түрде берілді.

Тәуелсіз Қазақстандағы православие.

Православие шіркеуінің шынайы қайта жаңғыруы Қазақстан тәуелсіздігін алған соң басталды. Православиенің қоғамдағы орны туралы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев: ... православие мен ислам - Қазақстан руханилығы қалыптасатын екі негіз деп нақты айтты.
2011 ж. қабылданған ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы Заңның преамбуласында православиенің ислам дінімен қатар тарихи-мәдени ерекшелігі аталып өтілді. 2012ж. аталмыш Заң аясында жүргізілген діни бірлестіктерді мемлекеттік қайта тіркеу қызметіне сәйкес, Қазақстандағы орыс православ шіркеуінің митрополиялық округінде 9 епархия, 261 приходтары өз құқықтық дәрежелерін қайта бекітті. Православие ілімін оқытатын жексенбілік мектептермен қатар, құрылтайшысы - Қазақстан Православ Шіркеуінің Астана және Алматы Епархиясы өңірлік діни бірлестігі болып табылатын Алматы епархиялық діни училищесі қызмет атқарады.
1995 ж. мемлекет шіркеу қарамағына Алматы қаласындағы ХХ ғ. бірегей сәулет туындысы болып табылатын Вознесендік кафедралды соборды берді. Мемлекет аймақтарында православие қауымына тиесілі культтік ғимараттар қайтарылып, қазіргі кезде барлық діни ғиамараттарға жаңарту, қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан Мәскеу ақаласындағы Мәсіх Құтқарушы храмын қайта қалпына келтіру жұмыстарына өз үлесін қосты. Біздің еліміз Қордай кен орнынан өндірілген гранитті храм қабырғаларын қаптау мақсатында жөнелтті.
Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Алексий II (1990-2008 жж. ОПШ басқарды) 1995 ж. шілдесінде Қазақстанға іс сапармен келіп, Алматы, Қарағанды қалаларында болды. Қарағанды қаласында Орталық Азиядағы ең ірі әрі әдемі соборлардың біріСвято-Введенский соборын қасиеттендірді.
Соңғы жылдары Алматыда Христос Спаситель храмы, Павлодарда Благовещенский собор, Екібастұзда Серафимо-Иверский собор, Талдықорғанда Иоанно-Богословский собор, Қостанайда Константино-Еленинский храм, Сәтпаевта Свято-Никольский храм және өге де храмдар Қазақстан бойынша салына бастды. 2009 ж. Астанада Свято-Успенский кафедралды соборы салынып, тағы бірнеше монастырлар ашылды.
2005 ж. маусымында Астанада Константино-Еленин кафедралды соборының ашылғанына 150 жыл толуына орай мерекелік іс шаралар өткізілді.
2010 ж. қаңтарында Қазақстанға Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кирилл іс-сапармен келіп, Алматы және Астана қалаларында дінге сенушілермен кездесіп, құдайға құлшылық рәсімдерін өткізді. Орыс православие шіркеу басшысының маңызды қызметі Астанадағы Свято-Успенского соборын қасиеттендіру болды.
Қазақстандағы ресми мейрам деп танылған күндер қатарына православиенің Рождество (7 қаңтар) мерексі де енді.
Орыс православие шіркеуі үлкен қайырымдылық шараларымен айналысады. Жетімдер үйі, қарттар үйі, госпитальдар мен ауруханаларға көмек көрсетеді. Мысалға, Алматыда Рождество, Пасха мейрамдарына қатысты қайырымдылық, Кирилл мен Мефодий күндеріне қатысты ағарту шаралары өткізілді. .Ресей қоғамдық бірлестіктері және оқу орындарымен тығыз байланыстағы Светоч қоры да үлкен жұмыстар атқаруда.
Соңғы жылдары еліміздегі православие құрылымдық өзгерістерді өткеруде. 2003 ж. мамыр айында Орыс православие шіркеуінің Қасиетті синоды Қазақстан Республикасында құрамына Астана, Орал, Шымкент епархиялары кіретін Аймақтық Митрополия құру туралы шешім қабылдады. Митрополичий округ - Қазақстандағы ОПШ шеңберінде қызмет ететін епархиялардың ерекше бірлігі. Митрополиттік ҚР территориясында қызмет ететін епархиялардың діни-ағартушылық, баспалық, әлеуметтік және өзге де қоғамдық маңызды қызметтерін үйлестіру мақсатында құрылды. 2003-2010 жж. Митрополияны митрополит Мефодий (Немцов) басқарды. 2010 ж. басшылыққа Астана және Қазақстан митрополиті Александр (Могилев) тағайындалды.
2010 ж. қазанына дейін Аймақтық Митрополия құрамына орталықтары Астана, Орал, Шымкентте орналасқан үш епархия енді. 2010 ж қазанынан бастап ОПШ Қасиетті Синодының шешімімен үш жаңа епархиялар құрылды, олардың орталықтары Қарағанды, Қостанай, Павлодар қалаларында орналасты. Ал 2012 ж. діни бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуден соң епархиялар саны 9 болып өзгерді.
Осылайша, 2012ж. бастап Аймақтық Митрополия құрамына 9 епархия кіреді:
- Астана епархиясы, орталықтары Астана қаласында, құрамына Астана, Алматы және Алматы облыстарындағы приходтар енеді;
- Қарағанды епархиясы орталығы Қарағанды қаласында, құрамына Қарағанды облысының приходтары енеді;
- Көкшетау епархиясы, орталығы Көкшетау қаласы, құрамына Көкшетау және Ақмола аймағының приходтары енеді;
- Қостанай епархиясы, орталығы Қостанай қаласында, құрамына Қостанай облысының приходтары енеді;
- Павлодар епархиясы, орталығы. Павлодарда, құрамына Павлодар және Екібастұз аймағының приходтары енеді;
- Петропавл және Булаевский епархиясы, орталығы Петропавл қаласында, құрамына Солтүстік Қазақстан аймағының приходтары енеді;
- Орал епархиясы, орталығы Орал қаласында, құрамына Орал және Ақтөбе аймақтарының приходтары енеді;
- Өскемен епархиясы, орталығы Өскеменде, құрамына Өскемен және Семей аймақтарының приходтары енеді;
- Шымкет епархиясы, орталығы Шымкентте, құрамына Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының приходтары енеді.
Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің ІІ съезінде Орыс православие шіркеуі делегациясының басшысы Астана және Алматы митрополиті Мефодий өз сөз сөйлеуінде: Қазақстан өркениеттер тоғысқан орталықта орналасуының арқасында Шығыс пен Батыстың, Еуропа мен Азияның және түрлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы христиан діні
Қазақстандағы діндер
Православие мен мемлекет
Қазақстандағы православие
Христиан дінінің шығу тарихы
Қазақстандағы христиандық
Пресвитерандық шіркеуі
Қазақстандағы христиан тарихы
Діни мерекелердің рөлі
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНДЕРДІҢ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУЫ
Пәндер