Ер бала – абыройлы әке болсын, ел есінде қалғандай!


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

ЕР БАЛА - АБЫРОЙЛЫ ӘКЕ БОЛСЫН, ЕЛ ЕСІНДЕ ҚАЛҒАНДАЙ!

Ата-бабамыз бала тәрбиесіне ешқашан да бей-жай қарамаған. Ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кең, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелейтін болған.
Әр отбасы - жеке мемлекет. Бұл мемлекеттің іргетасын қалаушы, оны басқарушы, отағасы - абыройлы әке. Отбасының мәдени-рухани, материалдық жағынан құлдырамай, мықты болуы әкеге байланысты. Ұлы күш пен сабырлықтың иесі болып табылатын да - әке. Әке өсиеті мен тәлім-тәрбиесінің маңызы ерекше. Қанша дегенмен, жүрегі жұмсақ аналарымыз кейде тым еркелетіп жібергенде, әкенің салмақты сөзі таза ауадай қажет.
Кей уақытта бала әкесіз өсіп, анасының тәрбиесінде болады. Алайда, баланың жігіт болып өсуі немесе қызға тән кейбір қасиеттерін бойына жинап өсуі де осыдан. Дегенмен, дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі елағаларына байланысты.
Қазақ халқы ер бала тәрбиесіне өте зор мән берген. Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады деп барлық саналы қазақ азаматтарына айтылған. Қазақ халқы 7 атаға дейін, мүмкін болса өз руының қыздарына үйленбеуге тырысады. Ата-бабамыз қан тазалығына, тектілікке қатаң қараған. Атам замандарда қазақтар ұлдарын 13 жасында отау иесі деп дайындаған. Қазіргі заман басқа, заң бойынша 18 жасқа толғасын некеге отыра алады. Ең дұрысы Отан алдындағы әскери міндетін атқарып келгесін 20-22 жаста ата-баба салт-дәстүрі бойынша үйленген жөн. 30-ыңда орда бұзбасаң, 40-да қамал ала алмай қаласың деген бекер айтылмағанында ескерген дұрыс.
Үйленер алдында жастар толық дәрігерлік тексерістен өтеді. Келіншегінің екі қабат кезінде не ішуге болмайды, неден сақ болу керек, үйленгеннен кейін баланы 9 ай көтеру керектігі, ол үшін анасының денсаулығы зор болуы т. б. сұрақтарын алдын ала дәрігермен кеңесіп шешіп алғандары жөн. Әйел екі қабат екенін білмей, соның кесірінен байқамай арақ-шарап, сыра, беталды дәрі-дәрмектер ішкеннен т. б. ауру балалар пайда болатынын жас ана білгені дұрыс. Бала дүниеге келгенде кіндігін кім кеседі, кім перзентханадан көтеріп алып шығады, бесікке кім бөлейді т. б. сол адамға тартады деген ырымға байланысты әке-шешесі ойластырып, ата-әжелерімен, дәрігерімен ақылдасып беделді, елге сыйлы ел аналарын дайындайды.
Бір ғана баланы жастан деген сөздің астарынан қазақ халқының бала тәрбиесіне қаншалықты көңіл бөлгенін аңғаруға болады. Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, адамның бақыты - балада деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты - тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. Адам ұрпағымен мың жасайды деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні - өз ұрпағы. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата-ана алдында нәзік те қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол - бала тәрбиесі. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз - ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер - жан-ұяда тәрбие балаға сөзбен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер дейді дана халықымыз. Ер баланы 6 жасқа дейін хандай көтер, сыйла, 6 жастан 16 жасқа дейін құлша жұмса, 16 жасқа толғасын досыңдай сырлас, сыйлас деген қазақ халқында нақыл сөз бар.
Бұл сөздің мағынасы бала дүниеге келгеннен бастап қорға, қамқорла, қалауын жаса, мүмкіндігіңше ұнатқан ойыншығын, қажет нәрселерін алып бер, ойын арқылы баланы тәрбиелеуге болатынын есіңнен шығарма дегені. Қазақтың ұлттық ойындары асық, тоғызқұмалақ т. б. ойындардан бастап, қазіргі заманға сай, балаға қажет деген ойын түрлерін үйрет. Баланың сүйікті ойыны арқылы да, икеміне қарай, болашақта кім болатынын да болжауға болатынын ата-бабаларымыз білген. Баланы бесікке бөлеу, дәрігермен ақылдасып дене шынықтырулар жасау, еңбектеуіне мүмкіндік беру, тәй-тәй басып жүре бастағанда тұсауын кесу - бәрін уақыты жеткенде жасау. Бір ескеретін жай бала еңбектеп жүргенде күштеп жүргізуге болмайды. Еңбектеу арқылы тізесі, аяқ сүйектері әбден дамуы қажет. Ерте жүргізу әрекетін жасасаңыз, баланың аяғының бұлшық еттері өсіп, сүйек, сіңірлері тартылып қалады. Баланы дәрігер 1 жасқа дейін үйге қеліп қарайды, балаң жөнінде дәрігердің берген кеңесін мұқият тыңдат, жазып ал. Баланы ойнап жеңуге болатынын ескеру арқылы кішкентайынан тәртіпке көндіре білу өте маңызды. Баланы жасына қарай тәрбиелеу керектігін естен шығармау қажет. Мысалға: тойға, немесе қыдырып жүргенде ауа-райына сай, баланың жасына қарай киіндір және 2-3 таза киім алып шық. Балаға отыр десең де отырмайды, бала 7 жасқа дейін жерден таяқ жейтінін ұмытпа, сүрініп кетіп үстін лас қылса жұрттың көзінше ұрыспа. Үсті лас болып қалса, бетін, қолын сумен шайып, таза киімін ауыстыра салсаң болады ғой. Бала еркіндікті, ата-анасының жылуын сезініп өсу керек. Баланы үлкен адамша киіндіріп, қақайып тұр деп қорлауға болмайды. Бала еркін ойнап өссе ғана, үлкен азамат болатынын ескерген жөн.
6 жастан бастап 16 жасқа дейін құлша жұмса дегені, балаға өнер үйрет, икемі, игеруіне қарай еңбекке баулы, тәрбиеле, оқыт дегені. Қазақша күреске бер, балуан болмасада денесі шынығып өссін. Домбыра үйірмесіне бер, әнші, күйші болмасада, өнерден нәр алсын. Қазақтың терме, мақал, баталарын, Құран сүрелерін жаттат, әдеби кітаптар оқуға әдеттендір. Жабағы, тай, атқа мінгіз, қазақтың ұлттық ойындары көкпар, ат шабыс, қыз қуу т. б. ұлттық ойындарымызды көрсет, қатысамын десе батаңды бер. Ұлттық, шет тілі, техникалық, т. б. қалауына, мүмкіндігіне қарай үйірме, курстарға бер, 8 қырлы, 1 сырлы болсын. Бала кішкентай кезінен-ақ әр нәрсеге әуестеніп үлкендерге көмектескісі келеді. Бала кезінде ұлдың жұмысы, қыздың шаруасы деп бөлген дұрыс емес. Ата-анасына көмектескісі келсе, қолын қақпау керек, өскенде бәрі балаға қажет болады. Бұған кейбір ата-ана жұмысымды бөгейсің, істеп жатқан ісімді бүлдіресің деп ұрысады. Бұл дұрыс емес, өте қате түсінік. Керісінше, өзің жұмыс істеп жүргенде баланың қолынан келетін ісіне жағдай туғызып, оның үйренуіне көмектескен орынды. Тіпті балаға берген тапсырмаңыздың аяғына дейін орындаулына төзімділікпен бақылау керектігін де ұмытпаған жөн. Өстіп баланың бірте-бірте еңбекке деген болашағына жол ашылады. Әрі істеген ісін ұқыпты да тындырымды орындауына бағыт бересіз. Баланың жақсы ісін мадақтап, терісін оң етіп түсіндіріп отырса, ол да ересектерді сыйлап, кез келген тапсырмасын орындауға қарсылық білдірмейді. Орынсыз ұрысу, зеку, сұрақтарына дөрекі, келте жауап беру немесе әділ талап қоя алмау ата-ананың беделін түсіреді. Ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға. Балалармен әңгімелескенде олардың пікірімен де санасып отырған орынды. Ата-ана ұл-қыздармен үй шаруасын істеп жүріп-ақ әңгімелесіп, ой бөлісуге де болады. Жан-ұядағы жанжал, үлкендердің аузына келген сөздерді айтуы, баланың көзінше басқа біреуді сөгуі, біреудің сыртынан өсек айтуы балаға теріс әсер етеді. Бала алдында әке-шеше, үй ішінің үлкендері әдептілік танытқаны жөн. Баланың бойына барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, дұрыс білім алуына жағдай жасау - ата-ананың басты парызы. Ата-анасынан көрмеген сүйіспеншілікті мұғалімнен көрген бала менің ата-анам да осындай болса, деп армандауы мүмкін. Мұғалімін тек жақсы қырынан таныған оқушы үшін оның айтқаны анық, дегені дәл болып көрінеді. Баласын қалай жақсы көретінін дұрыс білдіру кез келген ата-ананың қолынан келе бермейді. Біреу жақсы киіндіріп қояды, біреу тамағы тоқ болса болды деп, қалтасына ақшасын салып бергеніне мәз. Біреулері өте қатал, негізсіз айтқанын орындатады. Бала қорыққаннан уақытша тыңдайды, бірақ ата-анасының уысынан шыққан соң өзін-өзі ұстай алмайтын жағдайға жетеді. Алтын бесік - отбасы болса, алтын ұя - мектеп екенін естен шығармау керек.
16 жасқа, яғни кәмілетке толғасын досыңдай сыйлас, санас, ақылдас дегені. Балаңа еркіндік бер, арман, мақсаттарының орындалуы жөнінде кеңес. Сені сенімді дос санайтын болсын. Сен жақсы дос, үлгі тұтатын әке болсаң, балаң саған адал дос, қолдаушың болады. Мамандық таңдауға көмектес, мамандық таңдағанда баланың нені жақсы көретініне, не қолынан келетініне, неге икемі барына, алған біліміне, таңдаған, яғни жақсы көретін пәніне, нені ұнататына мән берген жөн. Завод, фабрика және әр түрлі мекемелерде қарапайым жұмысшыдан бастап басшысына дейін қандай мамандар жұмыс жасайды, сол жөнінде де ақыл бер. Балаңыз суретті жақсы салатын болса, оған әнші бол деп қыйнап не керегі бар. Немесе мұғалім болғысы келетін балаңызға, дәрігер бол деп, инженер механик болғысы келетін балаңызға, заңгер бол деп, қаржыгер болғысы келетін балаңызға, мал дәрігері бол деген орынсыз екенін түсінген жөн. Қазақша бұны буынсыз жерге пышақ ұрма дейді. Ер баланың әскер қатарында болып келгені өте жақсы, бірақ, барғысы келмесе, мамандығы бойынша жұмыс жасағысы келсе баланы босқа қыйнамай әскери курстардан өткізіп алса да болады.
Кейінгі жылдары ұлдар арасында тым жұмсақ мінезді, әжелеріміздің сөзімен айтқанда, күн жаумай-ақ үсті су боп жүретін ынжық балалардың жиірек ұшырасуы алаңдатады. Мамандар мұны ер-азаматтардың ұрпақ тәрбиесінен мүлде сырт қалуының салдары деседі. Расында да, үйде анасының ғана тәрбиесін көрсе, мектептегі мұғалімдердің 80-90 пайызы әйелдер болса, ұл бала ерлерге тән ойлау жүйесін, жігіттік болмыс-бітім, мінез-құлықты бойына қайдан сіңіреді? Қашанда қыздардың - анасына, ұлдардың - әкесіне еліктейтіні анық. Бұл - ген арқылы келетін ұмтылыс. Кішкентай ұл үшін әкесінен асып түсер мықты жоқ: ол машина айдайды, күші көп, ауыр заттарды оп-оңай көтереді, ештемеден қорықпайды т. б. Бала өзінің де әр қылығы, әр қимылы әкесіне ұқсас болғанын қалайды. Тіпті оның қырынып жатқанына да қызыға қарайды. Бірақ осы талпыныс бірте-бірте басылып қалуы да мүмкін. Егер әке жұмысбастылықты, жеке қызығушылықты, көшедегі ойын-сауықты отбасыдан жоғары қойып, ұрпақ тәрбиесіне ұқыпсыз қарайтын болса. Бала тәрбиесіне - әке де, ана да бірдей айналысуы тиіс күрделі міндет. Балалар есейген сайын ата-ана мойнындағы жауапкершіліктің жүгі ауырлай түспек. Есі кіріп қалған жасөспірімдер енді ата-ана сөзіне, айтқан ақылына ғана емес, істеген ісіңе де мән беріп қарайды. Егер айтуың бір басқа, атқаруың мүлде бөлек болса, бала ондай жалғандықты, көлгірсуді бірден байқайды. Яғни, оларға айтар ақыл-кеңесімізбен ғана емес, ұқыпты тындырылған тірлігімізбен де үлгі көрсеткеніміз жөн.
Әке мен ананың отбасындағы өзіндік рөлі болатынын да ұмытпаған дұрыс. Әрине, перзент үшін екеуі де - ардақты, ақылшы, қамқоршы. Алайда бәрібір әкенің отбасылық қарым-қатынастағы орны бәрінен биік тұруы қажет. Кей үйлерде осындай табиғи тәртіптің өзі бұзылған. Яғни, түпкі сөздің тізгіні, шаңырақтағы билік әйелдің қолына көшкен. Оның түрлі себептері болуы мүмкін (ері жұмыс істемейді, әйелінің табысы көбірек, күйеуінің иі жұмсақ т. б. ), бірақ бұл жағдай сол отбасындағы балалардың психологиясына, өмірлік көзқарастарының қалыптасуына кері әсер етеді. Ертең олар да ата-анасының ізімен жүріп, күйеуін басынған, сыйламайтын, арсыз, ұятсыз әйел, ынжық еркектердің, күшік күйеулердің қатарын толықтырып ағайындарының, ел-жұртының абыройын айрандай төгеді.
Қайсыбір ерлі-зайыптылардың балаларының көзінше айқайласып, жан-жалдасып, тіпті бір-біріне қол көтеріп жатады. Немесе бір-бірін кемсітіп, мұқатып, бала алдындағы абыройын жұрдай қылады. Бұл перзент санасына соққы боп тиетіні өз алдына, мұндай ата-ананы бірте-бірте балалары өскенде тек амалдың жоқтығынан ғана сыйлайтын болады, не тастап кетеді, не қарттар үйіне өткізіп жібереді.
Нағыз қазақ отбасысы абыройлы әке, қамқор ана, тәрбиелі қыздар, тәлімді ұлдар. Үстел басындағы төрде әкенің тұрақты орны бар, оған басқа ешкім де отырмайды. Дастарханның етек жағындағы ананың өзіндік орны да солай. Балалары әкесі наннан ауыз тигеннен соң барып тамақтануға кіріседі, сосын әкелерінің ас қайыруынан соң ғана орнындарынан тұрады. Бұл - қазақ халқының салт-дәстүр сабақтастығы, тәрбие жалғастығы. Демек, олар өздері өніп-өскен шаңырақтан алған өнегені, ата-анасынан көрген тәлімді енді өз перзенттерінің бойына сіңіруде.
Әке - үй-іші немесе әулет басшысы, отағасы, отбасы мүшелерінің тірегі, асырап сақтаушысы, қамқоршысы, қорғаушысы. Отбасындағы бала тәрбиесінде әкенің орны ерекше. Әке үйі барлық балалары үшін үлкен үй, қара шаңырақ деген киелі ұғымдармен сыйлы да құрметті. Әке тәрбиесі арқылы, балалардың өздеріне тән мінез-құлықтарын ерекше сергектікпен қалыптастыратындығы да анық. Ұл бала үйдегі де, сырттағы да ер адамға қажет тағылымдарды, көбінесе әкесінен үйренуге ұмтылады. Сондықтан да, әке тәрбиесі дұрыс та, мейірімді болу керек.
Әкенің мінез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер-білімі ұл баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, соған қарап өсетін нысанасы. Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен, өнегелі жерден шыққан ғой - деп мақтайды. Отбасында ұлдар әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп өскен. Шығармашылықта, ақындықта, мамандықта танылған жас баланың тәрбиесіне аса назар аударылған. Ата өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында жиі кездесетін дәстүр.
Әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы - оны жақсы тәрбиелеуі дей отырып, баласын оқытып, күнін көре алатындай өзі таңдаған мамандық иесі етіп қалдыру, балаларды жақсы көріп, оларға көңіл бөлу, үйленер жасқа келгенде баласын үйлендіру, баласына ат қою, баласын сау етіп өсіру - бұлар әке-шешесінің басты міндеттерінің бірі.
Ақтөбе облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, мемлекеттік мекемесі(ПМПК ММ), 030012, Ақтөбе қаласы, Т. Рысқұлов көшесі 200-а, Телефон: 8(7132) 55-04-22(басшы), 544114(есепші), 55-02-84(тіркеуші), e-mail: аktobeopmpk@mail. ru дәрігер Нұрлан Iзденұлы ЕСЕНҒАЗЫ, 87014552854, 87774088898.

09. 05. 2013 жыл.

балаңды хандай ұста,

он беске дейін құлдай жұмса, он бестен кейін досыңдай көр

http://t2.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcT7yWt1tZuz-M1ZDzrUS2Oslpsavskx4bFf5BiBKuT1cZn69Y-s Бала - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген.

Ата-бабаларымыз бала тәрбиесіне ерекше назар аударып, «Беске келгенше балаңды хандай ұста, он беске дейін құлдай жұмса, он бестен кейін досыңдай көр» деп, баланың ой-өрісі даму кезеңін ерекше бағалаған.

Қазақ халқы қыз ұзатып, ұлын үйлендіріп келе жатқан, басқа халықтар сияқты думаншыл-сауықшыл халықтардың бірі. Қазақ табиғатында отбасы иелері балаларының алдында өздерінің тіршілік әрекетінде барлық адамгершілік қасиеттерін, үлгісін көрсете білген. Оның басты себебі «ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеді» деп бағалағандықтан. Сондықтан, ата-ана балаларын тұрмыс пен салтқа бейімдеп, шеше көріп тон пішуге, әке көріп оқ жонуға баулитын болған. Осылайша ұрпақтың отбасы тәрбиесі ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Бұрынғы қазақ жастары тәрбиені мектеп пен медреседе оқып білмесе де қызы анадан, ұлы әкеден үлгі-өнеге алған. Отбасы үшін ежелден тән қасиетті балажандық, балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, үлкенді құрметтеу, туысқандық кең байланыс, көршілермен және ұлты басқа халықтармен достық, ізгілік қатынастар осының бәрі қазақ халқының тұрмыс қалпына байланысты болған.

Баланы жастан деуші еді ғой, бірақ баланы жастан емес, бесіктен, бесіктен емес-ау, ана құрсағынан бастап тәрбиелеуді атам қазақ ерте ескерген. Әдетте, адам барлық нәрсені өмірге келген соң үйренетін, барлығын қоғамдық өмірден жинақтайтын тәрізді сезіледі. Алайда адамның бес жасқа дейінгі алған тәрбиесі бүкіл өмірден алған тәрбиесінің 90 пайызын құрайды екен. Соның ішінде сәбидің ана құрсағындағы тәрбиесі маңызды орын алады. Бір қызығы, бала ана құрсағында жүргенде, анасы нені көп үйренсе, нені білетін болса, кейін бала сол нәрсені тез игеріп алады екен. «Сүтпен біткен сүйекпен кетеді», дейді қазақ.

!?
  • «Баланы - жастан» деген мақал-мәтелге түсіндір.
  • Тақырып бойынша ата-анаңның көмегімен ойтолғау жаз.
  • Бала тәрбиесіне байланысты мақал-мәтелдер жинақта.

Жеті жасқа дейінгі балаға байланысты дәстүрлер

Әйел босанғаннан кейін үйге туыс немесе көрші 2-3 әйелді шақырылады. Олар жас босанған келіншекті құттықтайды, оған үй шаруасына көмектеседі. Бала туған соң 3 күннен кейін шілдехана тойы жасалады. Бұл той 3 күн бойы кешке нәрестенің туғанына 7 күн толғанға дейін жалғасады.

Шілдехана - өмірге адам келгенінің және оған қуанудың бір белгісі. Кей жерлерде «шілделік» деп атайды. Мұнда «балаңыздың бауы берік болсын» дегендей құтты болсын айтылады, жастар жиналып ән салып, домбыра тартып, өлең, жыр айтады. Шілдеханаға шақырумен де, шақырусыз да бара береді. Бала туғаннан кейін жан-жақтағы жақындарға сүйіншіге ат шаптырылады. «Ұл туғанға - күн туады», «Қьз туғанға - ай туады» деп бала туғаннан сүйінші сұраушылар ұл туса - «атұстар», қыз туса - «көйлек тігер» деп хабарлайды. Осы сөздің өзінде де қазақтың сыпайы сөйлейтін әдептілік мінезі, мәдениеттілік қалпы аңғарылады.

Бәсіре атау - бала туғанында оған бір құлынды атап, бәсіре береді. Ежелгі наным-сенім бойынша, өмірге келген баланың аман-сау ержетіп, есеюі осы бәсіремен тығыз байланысты. Сол себепті бәсіреге берілген құлынға (ол тай болғанда да) мінбейді, басқаға бермейді, сойып жемейді, сатпайды.

Бесік тойы - нәрестені алғаш бесікке бөлеуге байланысты жасалатын ғұрыптық салтанат. Баланың кіндігі түсіп, кіндік жарасы жазылысымен бесікке салады. Бесік той, негізінен, тұңғыш балаға жасалынады. Одан кейінгі балаларға «бесікке салу» кәдесін ғана атқарады. Бесіктің жасауын баланың нағашылары дайындайды және олар ана мен балаға киім-кешек әкеледі. Осы әкелінген дүние мен бесікті көрсету мақсатында ауылдың ұрпақ өсірген қадірменді әжелері, әйелдер шақырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқында ұл бала тәрбиелеу дәстүрінің қалыптасуы
Ж. Аймауытов - Ақбілек романы
Әскер – ел қорғаны
Жамбыл Жабаев өмірбаяны
Қиын баланың айналасындағы адамдармен және жеке өзіне қарым-қатынасы
9 мамыр
Қазақ отбасында ер бала тәрбиесі
Ғабит Мүсірепов шығармаларындағы ана тақырыбы
Отбасы және отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын орны туралы
Жамбыл Жабаев қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz