Рептилиялар немесе бауырымен жорғалаушылар класы

1 Алғашқы бауырымен жорғалаушылар
2 РЕПТИЛИЯЛАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГI
3 РЕПТИЛИЯЛАР КЛАСЫ. ТҰМСЫҚБАСТЫЛАР ОТРЯДЫ
4 РЕПТИЛИЯЛАР КЛАСЫ. КРОКОДИЛДЕР ОТРЯДЫ
5 ТАСБАҚАЛАР ОТРЯДЫ
6 РЕПТИЛИЯЛАР КЛАСЫ. ҚАБЫРШАҚТЫЛАР ОТРЯДЫ
7 ҚҰЙРЫҚТЫЛАР ОТРЯДЫ
8 РЕПТИЛИЯЛАРДЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТОПТАРЫ
9 РЕПТИЛИЯЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ
Алғашқы бауырымен жорғалаушылар ежелгi қосмекендi жануарлардан тарайды. Олар 250 млн. жыл бұрын пайда болған. Бауырымен жорғалаушылар қосмекендiлер жете алмайтын орталарды, құрлықты толығымен игерiп алды. Далаларды, шөлдердi, ормандарды, тауларды, кей өкiлдерi қайтадан суға оралды, мысалы, қолтырауындар, теңiз және тұщы су тасбақалары.
Құрлыққа шығу организм құрылысында және мүшелер жүйесiнде, соның iшiнде, жамылғысында, қаңқасында, тыныс алу, қан айналым, жүйке жүйелерiнде өзгерiстерге әкелдi. Құрлықта тiршiлiк етуге байланысты түрдiң көбеюi мен даму ерекшелiктерi де өзгерiске ұшырады. Сол себептен, бұл процестердi жануарлар организмiнiң эволюциясында iрi ароморфоз деп атаса болады.
Рептилиялар класының негiзгi белгiлерi:
§ Денелерi iрi қалқаншаларға айнала алатын құрғақ терiмен қасаң қабыршақтармен қапталған. Терiмен тыныс алмайды.
§ Саусақ ұштарындағы тырнақтары бар.
§ Бауырымен жорғалаушылар қасаң жамылғысы болғандықтан, бiр жазда бiрнеше рет түлейдi және сол уақытта олар өседi.
§ Денелерi құйрықты амфибияларға ұқсас. Қысқа жуан мойын арқылы денесi үшкiрленген басымен жалғасады.
§ Сезiм мүшелерi басында орналасқан: қабағымен жабылатын көздерi, кейбiреуiнде көздiң бетiн ылғалдайтын үшiншi қабақтары болады. Көздерiнiң артында дөңгеленген дабыл жарғағы орналасқан. Есту мүшесi өте сезiмтал. Иiс сезу мүшелерi қосмекендiлермен салыстырғанда өте жақсы дамыған.
§ Қаңқасы тiрек омыртқа жотасынан, бас сауытынан және аяқтарының қаңқасынан тұрады. Олар кеуде клеткасының дамуымен сипатталады.
§ Тыныс алу жүйесi: өкпелер, құрлықтық тип.
§ Жүректерi үш камералы және қолтырауындарда төрт камералы болады. Екi қан айналым шеңберi пайда болады.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
РЕПТИЛИЯЛАР НЕМЕСЕ БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР КЛАСЫ

§ Жүйке жүйесi бас миының күрделi құрылымымен, соның iшiнде қимылдау үйлесiмiмен байланысты мишықпен сипатталады.
§ Аналық және аталық жыныс жүйелерiнiң күрделенуiне байланысты -- ұрықтануы iштей.
§ Дамуы қорек материалдарының алуан түрлерiн пайдаланумен құрлықта өтедi. Даму амнион, сероза, аллантоис ұрық қабықшаларының дамуымен сипатталады.
РЕПТИЛИЯЛАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГI
Бауырымен жорғалаушылардың шығу тегi. Алғашқы бауырымен жорғалаушылар жер бетiнде шамамен 285 млн. жыл бұрын пайда болған. Сол уақытта жердегi ауа райы жылы және құрғақ болатын. Тек қосмекендiлердiң ғана аман қалуына мүмкiндiк болды. Олар ауа құрғақшылығынан сақтану үшiн, батпақты жерлерде тығылды, өте құрғақ терiсi және дамыған өкпе қаптары барлары қоректi заттардың ауқымды қоры бар тығыз қабықты жұмыртқалар туатын. Осындай көне қосмекендiлерден бауырымен жорғалаушылардың шығуы мүмкiн. Ең қарапайым көне бауырымен жорғалаушы болып сеймурия саналады. Ұзындығы 0,5 м-ге дейiн жететiн бұл жануар, көне қосмекендi-стегоцефалаға ұқсайды.
Бауырымен жорғалаушылардың қосмекендiлерден шыққандығы туралы, қазiргi осы кластардың жануарлары құрылысының ұқсастығы дәлел.
Көне бауырымен жорғалаушылар. Қырылып қалған жануарлардың қалдығын зерттеу, бауырымен жорғалаушылар әлемi 180 млн. жыл бұрын ерекше көп түрлi болғанын көрсетедi. Көне бауырымен жорғалаушылардың көбiсi өте үлкен көлемдi болған, әсiресе қорқынышты кесiрттер (бронтозавлар, диплодоктар). Кейбiреулерiнiң ұзындығы 30 метрге, салмағы қазiргi 12-13 пiлдiң салмағына тең болған. Ұйғарым бойынша кесiрттер жартылай құрлықта тiршiлiк етуге көшкен. Ұзын мойыны судан шықпай-ақ өсiмдiктермен қоректенуге мүмкiндiк берген.
Құрлықта аңтiстi кесiрттер тiршiлiк еткен. Олардың тiстерi арнайы ұяларда орналасқан және күрек, азу, иттiс тiстерге бөлiнген. Аңкесiрттер қаңқаларының қалдықтары ХХ-ғасырдың басында Солтүстiк Двинада профессор В.М.Амалицкиймен табылған.
Теңiздерде балық кесiрттер тiршiлiк еткен. Олар атмосфера ауасы мен тыныс алған және ғалымдардың ұйғаруы бойынша тiрi төл туатын болған. Бауырымен жорғалаушылар арасында денесi мен алдыңғы аяқтары арасында терiлi жарғақтары бар, ұшатын кесiрттер де болған.
Көне алып бауырымен жорғалаушылардың қырылу себебi әлi күнге дейiн толығымен аяқталмаған. Бiр ұйғарым бойынша, олардың қырылуына ауа-райындағы өзгерiстер себеп болған. Жердегi ауа температурасы төмендеген сайын, алып бауырымен жорғалаушылардың тiршiлiкке қабiлетi де төмендеген. Олардың салған жұмыртқаларынан ұрпақтың шығуы сиректедi.
Түскен суық өсiмдiкқоректi кесiрткелер қоректенетiн, өсiмдiктердiң өзгеруiне алып келдi. Қоршаған ауаның төменгi температурасында алып кесiрткелер, сол уақытта-ақ жерде тiршiлiк етiп жатқан жылықанды аңдар мен құстардың кейбiр түрлерiмен бәсекеге түсе алмай, олармен ығыстырыла бастады.
Көне бауырымен жорғалаушылар арасынан ұсақ дарақтар тiршiлiкке жақсы икемделдi. Олар түсiп қалған өсiмдiктер жапырақтарының арасын, қазылған iндердi және басқа да жерлердi пайдаланды. Оларға жыртқыш аңдар мен құстардан тығылу оңай болды. Сондықтан өзгерген жағдайларға икемделген көне кесiртке, тасбақа, колтырауын және басқа бауырымен жорғалаушылардың ұрпақтары бүгiнгi күнге дейiн тiршiлiк етуде.
Қазiргi бауырымен жорғалаушылардың негiзгi топтары. Қазiргi уақытқа дейiн тiршiлiк ететiн көне гаттерийдi есептемегенде, барлық қазiргi бауырымен жорғалаушыларға қабыршақтылар, тасбақалар және қолтырауындар отрядына жатады.

РЕПТИЛИЯЛАР КЛАСЫ. ТҰМСЫҚБАСТЫЛАР ОТРЯДЫ
Тұмсықбастылар отряды. Кесiрткелерге қарағанда жыландардың аяқтары және қозғалмалы қабақтары болмайды. Олардың көздерi мөлдiр қысаң қабықпЕн қапталған. Жылан жағының оң және сол бөлiктерi алдында созылмалы байланысымен қосылған. Осыған байланысты жыландар iрi жемтiктi жұтып алып, ұзақ уақыт бойы қорексiз тiршiлiк ете алады. Бiздiң елде жыландардан сары бас, су жыландары және қарапайым, дала сұржыландары кең тараған. Сарыбас жыландар жемтiгiн тiрiдей жұтса, сұржыландар оны у бездерiнде өндiрiлiп, тiс өзектерiмен жемтiкке баратын умен алдын-ала өлтiредi.
РЕПТИЛИЯЛАР КЛАСЫ. КРОКОДИЛДЕР ОТРЯДЫ
Крокодилдер (Қолтырауындар) отрядына алып кесiрткелерге ұқсас, ұзындығы 8 м - ге дейiн жететiн бауырымен жорғалаушылар кiредi. Олардың денелерi астында сүйек тақташалары бар, қатты қысаң қалқаншалармен қапталған. Крокодилдер суда мекендейдi. Құрлыққа сирек шығады. Крокодилдердiң артқы аяқтарында жүзу жарғақшалары болады. Көздерi мен танаулары төбесiнде орналасқан. Крокодилдер - жыртқыштар. Адамға шабуыл жасаған жағдайларда тiркелген. Крокодилдердiң ата-тектерi құрлықта тiршiлiк еткен. Осыны олардың атмосфера ауасымен тыныс алуы мен құрлықта көбею ерекшелiктерi көрсетедi. Крокодилдер тасбақалар сияқты - бауырымен жорғалаушылардың көне тобы. Қазiргi уақытта крокодилдердiң - 20-ға жуық түрi белгiлi.
ТАСБАҚАЛАР ОТРЯДЫ
Тасбақалар отряды қысаң қабықшалармен қапталған, сүйектi сауыттың бар болуымен сипатталады. Денесi сауытпен қапталған, еркiн болып тек басы, аяқтары және құйрығы қалады. Бiздiң елде тасбақалардан ең тарағандары орта азиялық және батпақ тасбақалары. Орта азиялық тасбақа өсiмдiк қоректi жануар. Батпақ тасбақасы негiзiнен әр түрлi омыртқасыздармен, майда балықтармен, бақашабақтармен және бақалармен қоректенедi. Батпақ тасбақасының аяқтарында жұзу жарғақшалары дамыған. Теңiздерде ұзындығы 2 м-ге дейiн жететiн тасбақалар кездеседi. Олардың аяқтары ескекаяққа айналып кеткен. Тасбақалардың 200 дей түрi белгiлi.
РЕПТИЛИЯЛАР КЛАСЫ. ҚАБЫРШАҚТЫЛАР ОТРЯДЫ
Қабыршақтылар отряды негiзiнен кесiрткелер (3500 түрге жуық) және жыландарды (шашамен 2500 түр) бiрiктiредi. Отрядтың ортақ белгiлерiнiң бiрi - жануарлар денесiнде қасаң қабыршақтың болуы. Отряд ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бунақденелілер класы
Жорғалаушылардың денесінің құрылымы
Бауырымен жорғалаушылар туралы түсінік
Бауырымен жорғалаушылар тарауы бойынша электронды оқу құралы
Жорғалаушылардың эвалюциясы
Бауырмен жорғалаушылар және олардың жіктелуі
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Биология мұражайындағы омыртқалы жануарлардың био алуан түрлілігі
Қазақстанда кездесетін рептилиялардың сан алуандылығы, таралуы, жойылып бара жатқан түрлерін қорғауға алу шаралары
Алтын-Емел Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркімен шекаралас жатқан Жаркент өңіріндегі бауырымен жорғалаушылардың биологиясы, экологиясы
Қазақстанда герпетофаунаның дамуы
Пәндер