Сөз таптары жүйесіндегі атауыш сөздер


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Сөз таптары жүйесіндегі атауыш сөздер

Көмекші есімдерді атауыш сөздерден ажырату үшін басты критерий етіп лексикалық мағынаның дербес болу,‭ ‬болмауын жеке тұрып заттық ұғымды білдіру,‭ ‬білдірмеуін алған ғалымдарымыздың пікірі‭ ‬дұрыс.‭ ‬Атауыш сөз деп өмірде кездесетін ұғымдар мен түсініктерді не тікелей,‭ ‬не жанамалай білдіріп,‭ ‬олардың атауы ретінде қабылданатын және жұмсалатын,‭ ‬өздеріне тән толық лексикалық мағыналар бар,‭ ‬соған лайықты қалыптасқан,‭ ‬өзді-өздерінің дыбыстық құрамы бар дербес сөздерді айтамыз‭‬,‭ –‬дейдi‭ ‬1967‭ ‬жылы жарық көрген‭ ‬Қазақтың грамматикасы‭ ‬І томында.‭ ‬Көмекші сөздерді атауыш сөздерден бөліп алып:‭ ‬Көмекші сөздер деп дербес лексикалық мағыналары я солғынданған,‭ ‬я алда‭ –‬күлде жоғалған жәрдемші сөздерді айтамыз‭‬,‭ –‬ деген.‭ ‬Жоғарыда мысал ретінде келтірілген екі анықтамамызда көмекші сөз бен атауыш сөздердің айырмашылығы ретінде лексикалық мағынаның дербестігі көрсетілген.‭ ‬А.Ысқақов өзінің басқа еңбектерінде де осы принципті сақтайды.‭ ‬Салыстырыңыз:‭ ‬Атауыш сөздер деп ақиқат өмірде ұшырасатын ұғымдарды я жанай‭ (‬орынбасар ретінде‭) ‬білдіріп,‭ ‬олардың атауы ретінде қабылданатын‭ (‬я қолданылатын‭)‬,‭ ‬өздеріне тән толық материалдық мағыналары бар,‭ ‬қалыптасқан дыбыстық құрамы мен белгілі бір дауыс екпіні бар дербес сөздерді айтамыз‭ ‬-‭ ‬деп атауыш сөздерге‭ ‬анықтама берсе,‭ ‬Көмекші сөздер деп өз алдына тұрып жеке ұғымды тікелей де,‭ ‬жанай да білдіре алмайтын‭ (‬олардың атауы ретінде қолданылмайтын‭)‬,‭ ‬тек атауыш сөздердің араларындағы әр түрлі қатынастарды білдіру үшін я олардың мазмұнына әр түрлі дәреже айқындық,‭ ‬дәлдік қосу үшін жұмсалатын мағыналық дербестігі я солғындалған,‭ ‬я жоғалған,‭ ‬дыбыстық құрамы да,‭ ‬екпіні де тұрақсыз жәрдемші сөздерді айтамыз‭‬,‭ –‬ деп анықтама берген.‭ ‬Атаушы‭ ‬сөздер дегеніміз‭ ‬– өздеріне тән лексикалық та,‭ ‬грамматикалық та мағыналары бар және ретіне қарай,‭ ‬үстеріне әр қилы қосымша реңдер жамап алып,‭ ‬өзге сөздермен әр алуан қарым-қатынасқа түсе алатын дербес‭ ‬сөздер‭‬,‭ ‬көмекші сөздер дегеніміз‭ ‬– өздеріне тән лексикалық мағыналары солғындаған,‭ ‬лексикалық мағыналарынан гөрі грамматикалық мағыналары басым болу себебінен көбінесе әр алуан грамматикалық қатынастарды білдіріп,‭ ‬әр қилы грамматикалық қызмет атқаратын жәрдемші сөздер‭‬,‭ –‬деп бұл екi сөздiң мағынасын нақтылай түседi.‭
Демек қазіргі кезде көпшілік ғалымдарымыз атауыш сөз бен көмекші сөздердің айырмашылығын:‭ ‬а‭) ‬лексикалық мағынасының болу болмауына,‭ ‬ә‭) ‬сөйлемнің дербес мүшесі болу болмауына байланыстырады.‭
Атаушы сөздер‭ ‬– осы‭ ‬үш топтың ішіндегі әрі ең көбі де,‭ ‬әрі ең негізгі ұйтқысы және тіліміздің бүкіл сөз байлығын барлық шұрайы да,‭ ‬негізі де болып табылады.‭ ‬Атаушы сөздерді,‭ ‬ерекшеліктері мен сипаттарының бір-біріне жақын белгілеріне қарай,‭ ‬іштей бірнеше лексика-грамматикалық топтарға бөлуге болады.‭ ‬Мысалы,‭ ‬оларды,‭ ‬ең алдымен,‭ ‬есімдер‭ ‬және етістіктер деген екі салаға бөлуге әбден болады.‭ ‬Бірақ есімдер де іштей бірдей‭ ‬емес.‭ ‬Мысалы,‭ ‬зат‭ ‬есім,‭ ‬сын есім,‭ ‬сан есім,‭ ‬есімдіктер‭ ‬iшінара ұқсас,‭ ‬үстеу сөздер мен‭ ‬еліктеу сөздер өзара бір-біріне жақын.‭ ‬Осыған орай,‭ ‬шартты түрде,‭ ‬есімдердің алғашқы тобын‭ ‬атаушы есім‭ ‬деп,‭ ‬соңғы‭ ‬тобын‭ ‬үстеуші есім деген екі салаға жіктеуге болады.‭ ‬Ал,‭ ‬етістіктер өз алдына бір топ.‭ ‬Атаушы сөздерді осылайша үш топқа бөлу,‭ ‬әрине,‭ ‬белгілі бір принципке сүйенуден шыққан.‭ ‬Ол принцип бойынша жіктегенде,‭ ‬бұл сөздердің материалдық‭ (‬заттық‭) ‬мағыналары таяныш етілмейді,‭ ‬топ-тобына тән категориялық семантика сүйеніш етіледі.‭ ‬Ал,‭ ‬осы принципке‭ ‬сүйене отырып бағдарласақ,‭ ‬атаушы есімдер заттық ұғымдардың және ойша зат ретінде тұспалданатын түсініктердің аттарын,‭ ‬сондай-ақ,‭ ‬заттарға тән әр алуан тұрақты белгілер жайындағы түсініктердің аттарын білдіреді.‭ ‬Үстеуші есімдер әр қилы іс-әрекеттің‭ (‬амалдың‭) ‬белгілерін және белгінің белгілерін білдіреді.‭ ‬Етістіктер амал-қимыл‭ (‬процесс‭) ‬ретінде қабылданатын әр алуан іс-әрекеттің,‭ ‬қилы-қилы көріністерінің аттарын білдіреді.
Сөйтіп,‭ ‬атаушы сөздердің аталған үш тобының бір-бірінен ажырайтындай айқын-айқын шектері бар.‭ ‬Бірақ олардың шекаралары жабық емес,‭ ‬өйткені тілдің даму процесінде‭ (‬қолданылу дағдысында‭) ‬есімдерден етістіктерге,‭ ‬керісінше,‭ ‬етістіктерден есімдерге сөздер ауысып отырады‭; ‬есімдердің өздері де іштей ауысып,‭ ‬мысалы,‭ ‬кейбір сөздер зат есімнен сын есімге,‭ ‬керісінше,‭ ‬сын есімнен зат есімге,‭ ‬өзге есімдерден‭ (‬сын есімнен‭) ‬есімдікке,‭ ‬үстеуге,‭ ‬сондай-ақ,‭ ‬етістіктерден есімдерге көшіп‭ ‬отырады.
Сөз таптарының шығуын,‭ ‬қалыптасуан бірсыпыра ғалымдар сөйлем мүшелерімен байланыстырады.‭ ‬Негізгі сөз таптары сөйлеу процесінде сөздердің белгілі сөйлем мүшелері қызметінде жұмсалу барысында біртіндеп жасалып қалыптасқанын көрсетеді.‭ ‬Әрине,‭ ‬бұл процесте сөйлем ішіндегі сөздердің орын тәртібі,‭ ‬орналасу тұрғысының да әсері бар.‭ ‬Өйткені сөздер,‭ ‬бір‭ ‬жағынан,‭ ‬сөйлемдегі орын тәртібі арқылы,‭ (‬бұл сөздердің белгілі тәртіппен орналасуының,‭ ‬қолданыла-қолданыла келіп тұрақталуы негізінде қалыптасады‭)‬,‭ ‬екінші жағынан,‭ ‬белгілі сөздерінен тұрақты синтаксистік қатынас жасап,‭ ‬грамматикалық сипаты айқындалу арқылы белгілі грамматикалық мағыналарға ие бола бастайды.‭ ‬Сол жалпы грамматикалық мағыналарының негізінде сөздер жеке-жеке грамматикалық топтарға яғни сөз таптарына жіктеле бастайды.‭ ‬Тілдің көне балаң шағында сөз таптары бүгінгідей бір-бірінен грамматикалық тұлғалары арқылы да,‭ ‬семантикалық сипаты арқылы да онша ажырап тұрмаған.‭ ‬Ол кезде грамматикалық тұлғалардың деривациялық қызметінің өзі дамымаған,‭ ‬тіпті грамматикалық тұлғалар қалыптаспай тұрғанда сөздер бір-бірімен орын тәртібі арқылы таза аналитикалық жолмен ғана байланысқан.‭ ‬Жіктеу есімдіктерінің Орхон-Енисей жазбаларының тілінде баяндауыш қызметіндегі сөзбен қайталанып тіркесуі,‭ ‬бір жағынан,‭ ‬олардың әлі жіктік жалғауға толық айналып бітпегенін,‭ ‬екінші жағынан,‭ ‬белгі бір сөздің жалпы грамматикалық мағыналарын қалыптастыруда сөздердің қосымшасыз,‭ ‬орны арқылы белгілі қызметте қолданылғанын көрсетеді.
Сөз жоқ,‭ ‬алдымен саралана бастаған‭ ‬– есімдер тобы мен етістіктер.‭ ‬Бұл топтардың өзі сөйлеуде қызметтері,‭ ‬орын тәртібі арқылы ажырап отырған.‭ ‬Есімдер субъект‭ (‬субстант‭)‬,‭ ‬объект есебінде,‭ ‬сөйлемнің соңындағы сөздер предикат қызметінде жұмсалып,‭ ‬көпшілік жағдайда бір сөздің өзі әрі есім ұғымында,‭ ‬әрі қимылдық‭ ‬ұғымды орын тәртібіне қарай білдіріп жұмсала берген.‭ ‬Тілімізде қазір омоним деп танылып жүрген,‭ ‬түркі синкретизмі деп аталатын‭ ‬құбылыс яғни есім-етістік негізгі түбірлер осының айғағы болса керек:‭ ‬көш‭ (‬керуен‭)‬ -‭ ‬көш‭ (‬бір жаққа көшу‭)‬,‭ ‬той‭ (‬думан,‭ ‬ас беру‭)‬ -‭ ‬той‭ (‬тойып‭ ‬тамақ ішу‭)‬,‭ ‬тон,‭ (‬қатқан жер,‭ ‬кесек‭)‬ -‭ ‬тоң‭ (‬қалтырау,‭ ‬тоңу‭)‬,‭ ‬ық‭ (‬жел тимейтін жақ‭)‬ -‭ ‬ық‭ (‬желдің ағымымен кету‭)‬,‭ ‬ой‭ (‬төмен,‭ ‬ойпаң жер‭)‬ -‭ ‬ой‭ (‬жерді қазу‭)‬,‭ ‬жау‭ (‬май,‭ ‬көздің жауын алды‭ ‬немесе‭ ‬жаубүйрек,‭ ‬жау жұмыр‭ ‬дегенде,‭ ‬көне түрі:‭ ‬йағ-май‭)‬ -жақ‭ (‬майлау,‭ ‬сөз соңындағы ғ дыбысы есім сөзде у дыбысына айналған,‭ ‬етістікте қатаң қ дыбысына ауысқан‭) ‬соз,‭ ‬(ақырын,‭ ‬жайлап:‭ ‬тез байығаннан соз байыған қайырлы‭ ‬деген мәтелде‭) ‬– соз‭ (‬тарту,‭ ‬ұзарту‭)‬,‭ ‬т.б.‭
Демек,‭ ‬сөйлемдегі қызметі мен орын тәртібінің тұрақталуы арқасында ең алдымен есім‭ (‬негізінен зат есім‭) ‬және етістік сөз топтары қалыптаса бастаған.‭ ‬Сөйлемнің бірінші позициясындағы сөздер зат атауы мен оның алуан түрлі сипаттарын белгілейтін жалпы грамматикалық мағыналарға ие болып,‭ ‬сөйлемнің соңындағы сөздер сол есім сөздердің әр түрлі қимыл,‭ ‬іс-әрекеттерін білдіретін жалпы грамматикалық мағыналарға ие бола бастаған.‭ ‬Көне жазбалардағы сөйлемдердің қазіргі тілмен әсіресе жазба тілмен салыстырғанда өте қарапайым,‭ ‬құрылысы жағынан көбіне жалаң,‭ ‬жай болып келетіні‭ ‬осымен байланысты болса керек.
Есімдер тобы мен етістіктердің сыртқы түр-түлғасы ерекшелене бастайды да,‭ ‬түркі синкретизмі құбылысына алып келеді.‭ ‬Кейін келе грамматикалық түр-тұлғалар‭ (‬олар көбіне көмекші сөздердің негізгі сөздер шылауында тұрақты қолданылу негізінде қосымшаларға айнала бастайды‭) ‬есімдерге де,‭ ‬етістіктерге де жалғана бастайды:‭ ‬кейбір жағдайда есімге де,‭ ‬етістікке де ортақ жалғанса‭ (‬жоғарыда айтылған қосымша,‭ ‬омоним қосымшалар талдауын қараңыз‭)‬,‭ ‬енді біразы заттық ұғымға,‭ ‬зат атауының алуан түрлі қасиеттерін білдіретін ұғым атауларына бір түрлі қимылды білдіретін сөздерге басқа түрлі болып жалғанып қалыптасады.‭ ‬Тіл дамуының келесі бір сатысында есімдердің өздері өз ішінде саралана бастайды:‭ ‬зат атауын білдіретін сөздер бір грамматикалық топ болып қалыптасып,‭ ‬өзіндік түрлену жүйесі,‭ ‬парадигмалық сипаты қалыптаса бастайды,‭ ‬сонымен бірге заттың әр түрлі белгісін сындық қасиетін білдіретін сөздер‭ (‬сын есім‭) ‬бір бөлек,‭ ‬сандық белгісін білдіретін сөздер‭ (‬сан есім‭) ‬бір бөлек,‭ ‬қимылдың әр түрлі белгісін‭ ‬(амалын,‭ ‬сынын,‭ ‬мекенін,‭ ‬мезгілін,‭ ‬мақсатын,‭ ‬себебін‭ ‬т.б.‭) ‬білдіретін сөздер‭ (‬үстеу‭) ‬бір бөлек,‭ ‬негізгі сөздердің орнына жүретін орынбасар сөздер‭ (‬есімдік‭) ‬бір бөлек қалыптасады.
Сондай-ақ жеке сөздердің әрі сын есім‭ ‬(жаңа үй‭)‬,‭ ‬әрі үстеу‭ ‬(жаңа келді‭) ‬болуын немесе әрі зат есім‭ (‬фильмнің соңы,‭ ‬әрі үстеу‭ ‬(соң келді‭) ‬және оның септеулікке,‭ ‬одан қосымшаға айнала бастау процесін көруге болады:‭ ‬барғаннан‭ ‬соң‭ ‬– барған соң‭ ‬– барғасын т.б.‭ ‬Сонымен бірге сын есім мен сан есімнің прономилданып,‭ ‬есімдікке,‭ ‬адвербилданып үстеуге айналуы‭ ‬(бір,‭ ‬біреу,бірге:‭ ‬бір адам,‭ ‬бірге-бірді қос т.б.‭ ‬және‭ ‬бір қара көрінді,‭ ‬біреудің кісісі өлсе,‭ ‬қаралы ол,‭ ‬бірге жүреді‭)‬,‭ ‬етістіктің,‭ ‬бір жағынан,‭ ‬сын есімге‭ ‬(құттықтау сөз,‭ ‬жанар май,‭ ‬сүзеген сиыр,‭ ‬қабаған‭ ‬ит т.б.‭)‬,‭ ‬екінші‭ ‬жағынан,‭ ‬үстеуге‭ ‬(айпал-а,‭ ‬лық-а,‭ ‬әдей-і,‭ ‬жорт-а,‭ ‬өт-е,‭ ‬ас-а т.б.‭) ‬айналып отырғанын көреміз және бұл процестің тіл‭ ‬дамуының барысында әмән болып отыратынын да байқаймыз.‭

Сөз таптары жүйесіндегі көмекші сөздер

Қазақ тіліндегі барлық сөздер семантикалық және морфологиялық‭ (‬формальдік‭) ‬белгілеріне қарай,‭ ‬ең алдымен,‭ ‬үш үлкен топқа бөлінеді.‭ ‬Олар‭ –‬атаушы сөздер,‭ ‬көмекші сөздер және одағай сөздер.
Тіліміздегі сөздердің лексикалық мағынасының бар-жоқ болу тұрғысынан топтап бөлу яғни толық лексикалық мағынасы бар дербес сөздер‭ ‬– атаушы сөздер және лексикалық мағыналары солғындалған я ада-күде жоғалған,‭ ‬мағыналық дербестігі жоқ,‭ ‬сөйлемде атаушы сөздердің жетегінде ғана жұмсалатын жәрдемші сөздер‭ –‬көмекші сөздер.‭ ‬Сондай-ақ ешбір ақиқат ұғымды білдіре алмай,‭ ‬сөйлемде жеке сөздермен грамматикалық байланысқа түспей тек адамның әр алуан көңіл-күйі мен әр түрлі‭ ‬сезім райларын білдіру үшін жұмсалатын одағай сөздер деп бөлу грамматикалық сипаттарының негізінде емес,‭ ‬лексикалық сипаттарының,‭ ‬семантикасының негізінде болатындықтан,‭ ‬бұл грамматикалық топтар‭ –‬сөз таптары бола алмайды.‭ ‬Сондықтан бұларды атаушы сөз таптары,‭ ‬көмекші сөз таптары деп бөлуге болмайды,‭ ‬тек атаушы сөздер,‭ ‬көмекші сөздер деп атауға болады.‭ ‬Бұдан тілдегі сөздерді атаушы сөздер және көмекші сөздер деп бөлу үрдісін байқаймыз.‭
Көмекші сөздер деп нақтылы лексикалық мағыналары я әр түрлі дәрежеде солғындап,‭ ‬я бүтіндей жоғалып,‭ ‬сөйлегенде‭ (‬сөйлемде‭) ‬жеке-дара тұлға есебінде қолданылмай,‭ ‬тек толық мағыналы‭ (‬атаушы‭) ‬сөздермен тіркесіп қана жұмсалып,‭ ‬оларға жәрдемші болып қызмет атқаратын сөздерді айтамыз.
Көмекші сөздерге тарихи‭ (‬динамикалық‭) ‬даму тұрғысынан да талдау жасауға болады.
Тарихи шығу төркіні жағынан қарағанда,‭ ‬көмекші сөздердің бәрі де атаушы сөздерден,‭ ‬демек,‭ ‬әуелдегі дербес мағыналы есімдерден,‭ ‬етістік формаларынан шыққан.‭ ‬Бұл процесс тілдің бүкіл даму тарихында кейбір есім,‭ ‬етістік формаларының бастапқы лексикалық мағыналары бірте-бірте әр түрлі дәрежеде солғындап немесе жоғалып,‭ ‬әр алуан грамматикалық мағыналарға ие болуы негізінде болып отырған.‭
Айтылған пікірімізді дәлелдеу үшін тіл тарихына тиісті материалдарға жүгінуімізге болады.‭ ‬Көмекші есім деп жүрген сөздеріміздің этимологиялық түп-төркініне талдау жасап қарайтын болсақ,‭ ‬олардың көпшілігі адамның дене-мүше атаулары не қолмен ұстап болатын зат атаулары болғандығына көз жеткізуге болады.
Мысалы,‭ ‬алды‭ ‬сөзінің түбірі‭ ‬ал‭ ‬(көне түркі тілінде маңдай мағынасын білдірген‭)‬.‭ ‬Үсті‭ ‬сөзінің түбірі‭ ‬үс‭ ‬(көне түркі тіліндегі юз-жүз сөзінен өрбіген,‭ ‬мағынасы бет‭)‬.‭
М.Оразовтың аталған еңбегінде былай дейді:‭ ‬Қазір көмекші есім қызметінде қолданылып жүрген сөздердің барлығы да бір кездерде нақтылы,‭ ‬толық заттық мағынаға ие атауыш сөз болғандығы анық.‭ ‬Қазіргі этимологиялық зерттеулердің көрсетуінше олар,‭ ‬негізінен,‭ ‬адамның дене мүше атаулары болған сиықты.‭ ‬Адамның дене мүше атауларының қазір көп мағыналы болғанымен,‭ ‬ертеректе бір мағыналы сөз болғандығы анық.‭ ‬Адамның дене мүше атауларының сөздік құрамындағы басқа сөздерге қарағанда басты ерекшелігі сол‭ –‬олар әрі нақтылы заттың‭ ‬қолмен ұстап көруге болатын атауы,‭ ‬әрі күнделікті өмірде көп қолданатын актив сөздер болып саналады‭ ‬-‭ ‬дейді.‭
Сөздер мағына шеңберін кеңейтіп,‭ ‬абстракты мағынаға ие болу үшін де бірнеше шарттар керек.‭ ‬Осындай шарттың біреуі‭ –‬олардың көп қолданылатын сөз болуы болса,‭ ‬екіншісі‭ –‬тіркеу қабілетінің кеңеюі.
Бұл процесті көмекші сөздердің ішкі мағыналык жагынан дамуын ғана емес,‭ ‬көпшілігінің сыртқы формалары жағынан да дамып,‭ ‬тиіс-ті езгерістерге үшырауынан байқауға болады.
Ал,‭ ‬қазіргі кезде өз алдына категория болып қалыптасқан көмекші сөздердің сыр-сипаттарын анықтағанда,‭ ‬әдетте,‭ ‬олардың ішкі лексика-семантикалық мағыналары және сыртқы тұлға-тұрпаттары мен грамматикалық қызметтері сөз етіледі.
Сөйлемде өз алдына жұмсалмай,‭ ‬өзге сөздермен тіркесіп қана қолданылатындықтан,‭ ‬көмекші сөздер тек атаушы‭ (‬толық мағыналы‭) ‬сөздермен салыстыру арқасында ғана жеке-дара сөз есебінде бөліне алады.‭ ‬Мысалы:‭ ‬Бақанас өзені мен Жәнібек өзенінің екі арасы тай шаптырымдай-ақ жер‭ ‬(М.‭ ‬Әуезов‭); ‬Жеті іріңдей ат түгіл,‭ ‬жеті тулақ та ала алмай ұлып қайттық‭ ‬(бұ да‭) ‬деген екі сөйлемнің алғашқысын алсақ,‭ ‬ондағы‭ ‬мен,‭ ‬-ақ,‭ ‬түгіл,‭ ‬та‭ ‬сөздері лексикалық мағыналары жағынан да,‭ ‬грамматикалық қызметтері жағынан да атаушы сөздерден,‭ ‬әрине,‭ ‬өзгеше.‭ ‬Ал ол өзгешелік‭ —‬бұл сөздердің лексикалық та,‭ ‬грамматикалық та сипаттары жеке-дара тұрғанда айқындалмай,‭ ‬тек атаушы сөздермен тіркескенде ғана,‭ ‬солардың арқасында ғана анықталады.‭ ‬Мысалы,‭ ‬жоғарыдағы‭ ‬мен,‭ ‬та‭ ‬тәрізді сөздер жеке-дара тұрғанда дербес лексикалық ұғымдарды білдіре алмайды,‭ ‬тек әр алуан қатыстық мағыналарды ғана білдіреді және оларда синтаксистік жағынан да дербестік болмайды.
Өзді-өздеріне тән лексикалық және грамматикалық мағыналары олқы болғандарымен,‭ ‬бүл сөздердің атқаратын қызметтерін басқа категориялардың бірде-біреуі,‭ ‬мысалы,‭ ‬атаушы сөздер де,‭ ‬өзге грамматикалық формалар да‭ (‬қосымшалар да‭) ‬атқара алмайды.
Бұл сөздердің көмекшілік қызметтері,‭ ‬тарихына қарағанда,‭ ‬әрине,‭ ‬олардың әрдайым атаушы сөздермен тіркесуге бейімделуі нәтижесінде пайда болған.‭ ‬Соның арқасында көмекші сөздер,‭ ‬бір жағынан,‭ ‬лексикалық мағыналары солғындап,‭ ‬екінші жағынан,‭ ‬грамматикалық қызметі ауысып,‭ ‬өз алдына категория болып қалыптасқан.‭ ‬Осындай категориялық ерекшеліктеріне қарай,‭ ‬демек,‭ ‬үнемі жәрдемші сөздер есебінде қолданылуларына қарай,‭ ‬олар‭ ‬көмекші сөздер деп аталады.
Көмекші сөздердің кейбіреулерінде,‭ ‬грамматикалық мағынадан гөрі лексикалық мағына басым болса,‭ ‬кейбіреулерінде,‭ ‬керісінше лексикалық мағынаға қарағанда,‭ ‬грамматикалық мағына басым болады.‭ ‬Осы қағидаға сәйкес,‭ ‬лексикалық мағынасы басым көмекші сөздер,‭ ‬әдетте,‭ ‬атаушы сөздерге бір табан жақын тұрады да,‭ ‬грамматикалық мағынасы басым көмекші сездер семантика жағынан олардан‭ (‬атаушы сөздерден‭) ‬аулақтанып,‭ ‬таза грамматикалық қызмет атқаратын формаларға‭ (‬қосымшаларға‭) ‬бір табан жақын тұрады.‭ ‬Бұған,‭ ‬мысалы,‭ ‬көмекші сөздердің кейбіреулері әрі атаушы сөз ретінде,‭ ‬әрі көмекші сөз ретінде қызмет ететіні‭ ‬(жан,‭ ‬қас,‭ ‬кет,‭ ‬бер,‭ ‬қой,‭ ‬әрі,‭ ‬бері,‭ ‬соң‭ ‬т.б.‭)‬,‭ ‬кейбіреулері тек қана көмекші сөздер ретінде жұмсалатыны‭ ‬(дейін,‭ ‬үшін,сайын,‭ ‬ғана‭ ‬т.б.‭) ‬да айғақ бола алады.‭ ‬Осындай ерекшеліктеріне қарай,‭ ‬алғашқылары өздері тіркесетін атаушы сөздерге қосымша лексика-грамматикалық мағына‭ (‬рең‭) ‬үстеп,‭ ‬аналитикалық тәсіл арқылы кұралған біртұтас лексика-грамматикалық күрделі тұлғаның құрамындағы көмекші компонент есебінде жұмсалса,‭ ‬соңғылары көбінесе таза грамматикалық мағына ғана жамалған күрделі аналитикалық форманың құрамындағы көмекші компонент есебінде қызмет етеді.‭ ‬Осы белгілерімен байланысты,‭ ‬көмекші сөздер,‭ ‬ең алдымен,‭ ‬атаушы кемекшілер‭ (‬көмекші сөздер‭) ‬және шылаулы көмекшілер‭ (‬шылау сөздер‭) ‬деген екі топқа бөлінеді.
Жоғарыда айтылғандай,‭ ‬грамматикалық мағынадан гөрі лексикалық мағынасы басым болғандықтан,‭ ‬атаушы кемекшілер өздері тіркесетін атаушы сөздерге қосымша лексика-грамматикалық мағына үстейді.‭ ‬Мысалы:‭ ‬үй іші,‭ ‬тау асты,‭ ‬жұмыс басы,‭ ‬оқып бер,‭ ‬жазып ал,‭ ‬оқып шық‭ ‬деген күрделі формалардың әрқайсысының соңғы компоненттері алғашқы компоненттеріне қосымша лексика-грамматикалық мағына жамап тұр.‭ ‬Сол себептен осы күрделі формалардың қай-қайсысына болса да тиісті категорияларға тән грамматикалық формаларды жалғастыра беруге болады.‭ ‬Мысалы:‭ ‬үй‭ ‬ішіне,‭ ‬үй‭ ‬ішінің‭ ‬әңгімесі,‭ ‬ тау‭ ‬астында,‭ ‬жұмыс‭ ‬басынан‭ ‬деген тәрізді формаларды қажетіне қарай қолдана беретініміз сияқты,‭ ‬оқып‭ ‬бердім,‭ ‬жазып‭ ‬алған‭ ‬екен,‭ ‬оқып‭ ‬шықса‭ ‬деген формаларды да қолдана береміз.
Бұл күрделі‭ (‬аналитикалық‭) ‬формалардьің құрамдарындағы көмекші сөздер де,‭ ‬әрине,‭ ‬біркелкі емес.‭ ‬Өйткені олардың алғашқы үшеуінің құрамындағы‭ ‬іші,‭ ‬асты,‭ ‬басы,‭ ‬сөздері лексикалық мағыналары тек солғындаған көмекші есімдер болады да,‭ ‬олар семантикасы жағынан да,‭ ‬түрлену үлгісі жағынан да,‭ ‬қызметі жағынан да зат есімдерге әрі ұқсас,‭ ‬әрі жақын болумен қатар,‭ ‬үнемі сол есімдермен тіркесіп жұмсалады.‭ ‬Ал,‭ ‬бер,‭ ‬ал,‭ ‬шық‭ ‬сөздерді лексикалық мағыналары солғындаған көмекші етістіктер болғандықтан,‭ ‬семантикасы жағынан да,‭ ‬түрлену‭ ‬үлгісі жағынан да,‭ ‬қызметі жағынан да негізгі етістіктерге‭ ‬әрі‭ ‬ұқсас,‭ ‬әрі жақын‭ ‬болумен бірге,‭ ‬үнемі сол етістіктермен тіркесіп қолданылады.
Осыған орай,‭ ‬көмекші сөздердің бұл тобы іштей‭ ‬көмекші‭ ‬есімдер‭ ‬және‭ ‬көмекші етістіктер деген екi‭ ‬салаға бөлінеді.
Грамматикалық сипаттары мен формалары жақтарынан өздерінің шыққан төркіндерінен біржола қол үзіп кетпегендіктен,‭ ‬көмекші есімдерді зат есімдермен байланыстыра қарау теориялық және практикалық жақтарынан қандай‭ ‬қолайлы болса,‭ ‬көмекші етістіктерді негізгі етістіктермен байланыстыра қарау да сондай орайлы.‭ ‬Сол себептен де,‭ ‬бұл жағдайларды еске ала‭ ‬отырып,‭ ‬оларды зат есім мен етістікке арналатын тиісті‭ ‬тарауларда талдау мақұл деп саналады.‭ ‬Бірақ бұған қарап көмекші есімдер мен көмекші етістіктерді көмекші сөздер емес екен деп есептеуге болмайды.‭ ‬Өйткені көмекші есімдер мен көмекші етістіктердің семантикалық жағынан да,‭ ‬синтаксистік жағынан да олқы көрініп,‭ ‬өз алдарына дербес сөздер есебінде қолданылмау ерекшелігі‭ –‬тек оларға ғана емес,‭ ‬жалпы көмекші сөз атаулының бәріне де тән қасиет.‭ ‬Ал,‭ ‬көмекші есімдер мен көмекші етістіктерде бұл екі қасиеттің екеуі де бар.‭ ‬Оның бер жағында,‭ ‬көмекші сөздердің әрбір тобын алсақ олардың өздерінде‭ ‬де семантикалық және синтаксистік дербестік біркелкі емес.‭ ‬Мысалы,‭ ‬ал,‭ ‬бер,‭ ‬кел тәрізді көмекші етістіктер мен бол,‭ ‬еді,‭ ‬де көмекші етістіктері,‭ ‬қай жағынан болсын,‭ ‬өзара еш уақытта да бірдей‭ ‬де,‭ ‬біркелкі де бола алмайды.
Қазіргі қазақ тілінің матиралдарының көрсетуінше көмекші сөздерді мағына дербестігін деңгейіне қарай екі топқа бөлуге болады.‭ ‬Бірінші топқа бірде көмекші сөз,‭ ‬бірде толық мағыналы сөз қызметінде қолданылатын көмекші есімдер мен көмекші етістерді қоссақ,‭ ‬екінші топқа тек көмекші сөз ретінде қолданылатын шылау көмекшілерді қосамыз.‭ ‬Тіл білімінде бірінші топтағы көмекшілерді‭ ‬функционалды‭ ‬көмекшілер деп те атайды,‭ ‬ал екінші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөздерді сөз таптарына топтастыру принциптері
«Қазақ тілі сөз жасамындағы лексика-семантикалық тәсілдің көрінісі»
Қазақ тіл біліміндегі сөздердi таптастыру теориясының пайда болуы, дамуы, қалыптасуы
Сөз таптарының шығуы мен дамуы және олардың топтастырылуы
Сөз таптарының қасиеттері
Грамматикалық категориялар
Одағай - сөз табы
Модаль сөздер
Ахмет Байтұрсынов және морфология мәселелері
Одағай сөздер жайлы
Пәндер