Түрікмен әдебиеті



Жоспар


1. Түрікмен ауыз әдебиеті жайлы түсінік
2. М.Фраги түркімен классикалық әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі.
3. Түрікмен ертегілері.
«Ақыл мен Бақыт»
Түрікмен халық ауыз әдебиеті — эпостық шығармалар мен ертегілерге мейлінше бай болып келеді.
Түрікмен фольклорында кең, орын алған салалардың бірі Шығыс классик поэзиясының дәстүрлі сюжеттері («Ләйлі-Мәжнүн), «Жүсіп пен Зылиха», «Ғариб пен Санам», «Көроғлы», «Такир меи Зухра», т. б. ) бойынша нәзира үлгісімен тың дастандар жазу деуге болады.
Түрікмен жазба әдебиетінің алғашқы ірі өкілдері Бурхониддин Сивосий мен Саид Насмий (XIV ғасыр) шығармаларында өсиет-уағыз айту сарыны басым еді.
Бұдан кейінгі дәуірлерде өмір сүрген Хилали Чағатай (XVI ғасыр), Бархудар Түркмен (XVII ғасыр) сияқты түрікмен ақындары өз жырларын сол дәуірдің әдебиет дәстүріне сәйкес парсы тілінде жазды.
Дегенмен, түрікмен классикалық.әдебиетінің өркендеп; өскен кезеңі негізінен ХVШ—ХІХ ғасырлар болды. Бұл кезде өзара қырықпышақ болып қырқысып жатқан түрікмен рутайпаларының басын қосып, бір орталыққа бағынатын қуатты мемлекет құру міндеті тұрды..
Міне, осы ел бірлігі мәселесін XVIII ғасырда өмір сүрген Андалиб және Азадий сияқты ірі ақындар жырлады. Олар өздерінің Шығыстық сюжетке жазылған дастандары арқылы түрікмен халқын ынтымақ-бірлікке шақырдьі. Мәселен, өзбек шайыры Әлішер Науаи жазған «Ләйлі-Мәжнүн» тақырыбына түрікмен ақыны Ғариб Андалиб елдегі бірлікке үндейтін ғажайып дастан шығарды.
Түрікмен әдебиетінде ақындар айтысының жазбаша түрі ертеректе кең өріс алған еді. Мәселен; Мақтымқұлы мен Дурду Шаһир (XVIII ғасыр) арасындағы, Ссади (1775—1836) мен Зеле-; лий (1795—1850) арасындағы жазба айтыстардың қоғамдық әлеуметтік мәні зор еді.
Түрікмен әдебиетінің ірге тасын қалаушылардың бірі — Мақтымқұлы Фраги (XVIII ғасыр) болды. Молла Непес Қадырбердіұлы (І810—1862) — түрікмен халқының атақты ақыңы және, көрнекті музыканты. Ол лирик, әрі эпик ақын. Ақынның «Іздеп келем сүйген жарды», «Көздерің», «Қыз», «Аңсау», т. б. лирикалық өлендері күні бүгінге дейін халық арасында әнге салынып жиі айтылады.
Моллас? Непес — Шығыс классикалық: поэзиясының нәзира дәстүрін түрікмен поэзиясында зор,шеберлікпен дамытқан ақын.
Бұған Молла Непестің «Таһир мен Зухра» және «Келмек ем» дастандарында адам бойындағы ізгі қасиет — махаббатты зор шабытпен жырлайды. Ақын оқырманын адамгершілікке, ізгілікке, мейірімдікке, достыққа, ынтымақ-бірлестікке үндейді.
Кемине (1770—1840) — түрікмен халқының сатирик.ақыны. Ақын адам бойындағы жағымсыз мінез-құлықты, тәкапарлықты, жалқаулықты, сараңдықты, дөрекілікті, қанағатсыздықты; мақтаншақтықты, т. б. өлтіре сынайды. «Кедей»,деген өлеңдерінде ел басқарған әкімдердің қатыгездігін, надандығын әжуа етеді.
Әдебиеттер

1. Түркі халқының тарихы Алматы 1996ж
2. Н.Келімбетов, Қазақ әдебиетінің бастаулары Алматы 1998ж
3. С.Сейітов, Туысқандық туғызған. Алматы 1979ж
4. Ә.Қанафин, Түркі тілдерінің әдебиеті.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Түрікмен халық ауыз әдебиеті — эпостық шығармалар мен ертегілерге мейлінше
бай болып келеді.
Түрікмен фольклорында кең, орын алған салалардың бірі Шығыс классик
поэзиясының дәстүрлі сюжеттері (Ләйлі-Мәжнүн), Жүсіп пен Зылиха, Ғариб
пен Санам, Көроғлы, Такир меи Зухра, т. б. ) бойынша нәзира үлгісімен
тың дастандар жазу деуге болады.
Түрікмен жазба әдебиетінің алғашқы ірі өкілдері Бурхониддин Сивосий
мен Саид Насмий (XIV ғасыр) шығармаларында өсиет-уағыз айту сарыны басым
еді.
Бұдан кейінгі дәуірлерде өмір сүрген Хилали Чағатай (XVI ғасыр),
Бархудар Түркмен (XVII ғасыр) сияқты түрікмен ақындары өз жырларын сол
дәуірдің әдебиет дәстүріне сәйкес парсы тілінде жазды.
Дегенмен, түрікмен классикалық.әдебиетінің өркендеп; өскен кезеңі
негізінен ХVШ—ХІХ ғасырлар болды. Бұл кезде өзара қырықпышақ болып қырқысып
жатқан түрікмен рутайпаларының басын қосып, бір орталыққа бағынатын қуатты
мемлекет құру міндеті тұрды..
Міне, осы ел бірлігі мәселесін XVIII ғасырда өмір сүрген Андалиб және
Азадий сияқты ірі ақындар жырлады. Олар өздерінің Шығыстық сюжетке жазылған
дастандары арқылы түрікмен халқын ынтымақ-бірлікке шақырдьі. Мәселен, өзбек
шайыры Әлішер Науаи жазған Ләйлі-Мәжнүн тақырыбына түрікмен ақыны Ғариб
Андалиб елдегі бірлікке үндейтін ғажайып дастан шығарды.
Түрікмен әдебиетінде ақындар айтысының жазбаша түрі ертеректе кең өріс
алған еді. Мәселен; Мақтымқұлы мен Дурду Шаһир (XVIII ғасыр) арасындағы,
Ссади (1775—1836) мен Зеле-; лий (1795—1850) арасындағы жазба айтыстардың
қоғамдық әлеуметтік мәні зор еді.
Түрікмен әдебиетінің ірге тасын қалаушылардың бірі — Мақтымқұлы Фраги
(XVIII ғасыр) болды. Молла Непес Қадырбердіұлы (І810—1862) — түрікмен
халқының атақты ақыңы және, көрнекті музыканты. Ол лирик, әрі эпик ақын.
Ақынның Іздеп келем сүйген жарды, Көздерің, Қыз, Аңсау, т. б.
лирикалық өлендері күні бүгінге дейін халық арасында әнге салынып жиі
айтылады.
Моллас? Непес — Шығыс классикалық: поэзиясының нәзира дәстүрін
түрікмен поэзиясында зор,шеберлікпен дамытқан ақын.

Бұған Молла Непестің Таһир мен Зухра және Келмек ем дастандарында
адам бойындағы ізгі қасиет — махаббатты зор шабытпен жырлайды. Ақын
оқырманын адамгершілікке, ізгілікке, мейірімдікке, достыққа, ынтымақ-
бірлестікке үндейді.

Кемине (1770—1840) — түрікмен халқының сатирик.ақыны. Ақын адам
бойындағы жағымсыз мінез-құлықты, тәкапарлықты, жалқаулықты, сараңдықты,
дөрекілікті, қанағатсыздықты; мақтаншақтықты, т. б. өлтіре сынайды.
Кедей,деген өлеңдерінде ел басқарған әкімдердің қатыгездігін, надандығын
әжуа етеді.

Ақыл мен Бақыт
Баяғыда ақыл мен бақыт адамға қайсымыз керегірекпіз деп айтысыпты.
— Мен тұрғанда адам басқа нені керек етсін! — панданыпты Бақыт. - Жұрттың
бәрі маған құмар. Әркімнің-ақ өзіме қолы жетпей арманда жүр.
Ақырында бұлар қайсысының құндырақ екенін іс жүзінде сынамақ болады.
Бақыт барады да ас ішіп, аяқ босатып жүрген бір есуас баланың басына
қонады. Бақыт қонған есуас бала бұрынғы шамалы ақылынан да біржола ада-күде
айрылады.
Сол елдің патшасының уәзірі перзентсіз екен. Сол бір күні кетіп бара
жатып, әлгі баланы көреді. Басында Бақыты бар жанның сүйкімді көрінетін
әдеті емес пе, уәзір әлгі баланы ұнатып қалады. Көп ұзамай уәзір оны бала
қылып алады.' Қашаннан көкейін тескен арманы орындалғандай төрт құбыласы
түгелдедіп, ордасы толып қалады.
Бір күні уәзір баласын ертіп патша сарайына барады. Патша баланы
еркелетіп, алма береді. Жарымес бала аштан келгендей тарпа бас салып жеп
қояды. Патша мұны көріп күліп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдағы Түрікмен әдебиеті
МҰХТАР ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ
Ояну дәуіріндегі қазақ әдебиеті
Ежелгі дәуір әдебиеті туралы ақпарат
Шу , Оғыз қаған , Аттила дастандары
Түркі тілдерінің жіктелуі жайлы мәлімет
Түркі тілдерінің жіктелуі. Түркі тілдерінің классификациясын жасаудың маңызы. Жетістік-кемістіктері. М.Қашқари "Диуани лұғат ат түрік" сөздігі
Орта ғасырлардағы музыка өнері. Хандық дәуір музыкасы
ТАҺИР - ЗУХРА ДАСТАНЫНЫҢ ОРТА АЗИЯЛЫҚ НҰСҚАЛАРЫ
Иран Ислам Республикасы туралы
Пәндер