Түркістан қаласының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1867-2009 жж.)



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ МЕН ӨҢІРІ ОТАРШЫЛДЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА (1867.1917 жж.)

1.1 Қала мен өңірінің сипаттамасы және экономикалық жағдайы ... ... ... ... ... .

1.2 Қала халқының саны мен құрамы, әлеуметтік құрылымы
және білім деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2 ҚАЛА МЕН ӨҢІРІ ХАЛҚЫНЫҢ КЕҢЕС ЗАМАНЫНДА ДАМУЫ
(1917.1989 жж.) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.1 Қала экономикасы мен мәдениетінің өсуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.2 Қала тұрғындарының табиғи өсімі, ұлттық құрамы және
көші.қон үдерістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

3 ТҮРКІСТАН ҚАЛА ХАЛҚЫ ЕГЕМЕНДІЛІК ЖАҒДАЙЫНДА
(1990.2009 жж.)

3.1 Қала экономикасы мен мәдениетіндегі бетбұрыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

3.2 Қала және ауыл халқының әлеуметтік жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы еліміздің әлеуметтік-демографиялық қазіргі кезеңдегі халық жағдайын жан-жақты зерттеу отан тарихы ғылымындағы өзекті мәселесіне айналып отыр. Баршамызға мәлім, ол кезеңдерде қоғамдық әлеуметтік-мәдени тұрғыдан дамуының табиғи барысы өзгертіліп, өңірдің дамуында біршама ауытқулар орын алған. Бұл өзгерістер жалпы Қазақстан халқының қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне ғана емес, сонымен қатар жалпы аймақтың, соның ішінде Түркістан қаласы тұрғындарының демографиялық жағдайына да өз септігін тигізді. Осыған орай қазақ қоғамының тұтас демографиялық және этностық даму сипатын анықтап алмайынша, еліміздегі халықтардың экономикалық, саяси және әлеуметтік өмірін кешенді түрде талдау мүмкін емес. Ал бұл өз кезегінде демографиялық статистика мәліметтеріне талдау жүргізуді, жүйелеуді және оның қарастырылып отырған кезеңдегі ортақ тұстары мен өзгешеліктерін анықтауды қажет етеді. Ал сөз болып отырған тарихи кезеңдегі демографиялық деректерді сол кезде халық туралы статистикалық мәліметтер жинау үшін қолданылған әдістер аясында ғана толыққанды және объективті зерттеуге болады.
Патшалық Ресейдің отарлық саясаты 1916 жылғы көтеріліс, 1917 жылғы Қазан төңкерісі және осыларға байланысты орын алған өзгерістер, кеңестік құрылыстың бастапқы сатысындағы экономикалық дағдарыс, екінші дүниежүзілік соғыс, соғыстан кейінгі ахуал, т.б. да едәуір септігін тигізді. Қазақстан халық санының дамуының жаңа кезеңі еліміздің әлеуметтік-саяси және экономикалық тәуелсіздік алуынан басталады. Республиканың тәуелсіздігі аясында Қазақстан халқының тарихи және заманауи дамуын толыққанды талдау мүмкін болып отыр. Осының негізінде ел халқының әрі қарай сандық тұрғыдан өсуінің және сапалық тұрғыдан дамуының ғылыми негізделген жолдары мен тәсілдері анықталуы мүмкін.
Республикамыздағы әрбір қаланың тарихи даму сатыларын, әсіресе кеңестік дәуірдегі жетістіктерін көрсететін өзіндік биографиясы, бетбейнесі бар. 1500 жылдан астам тарихы бар Түркістан қаласының да осындай жеке биографиясы бар. Ортағасырлардан бастап қазіргі күнге дейін бұл қала күллі қазақ халқының ең ірі рухани орталығы болып табылады.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Тарих толқынында» деген кітабында былай дейді: «Қазақ мемлекеттілігінің символына айналған Қ.А. Яссауи кесенесі бұдан біршама уақыт бұрын жалпы ұлттық пантеон ролін атқарған, онда қазақ халқының ұлы адамдарының мәйіті жатыр. Сондықтан біздің осы ескерткішті қайта қалпына келтіріп, жалпы ұлттың зейінін осы орталыққа аударып жатқанымыз өте дұрыс» [1].
Осылайша, Түркістан қаласы мен Оңтүстік Қазақстан өңірі халқының әлеуметтік-экономикалық тарихын зерттеу арқылы барлық шым-шытырық қайшылыққа толы кезеңдердегі жалпы Қазақстан аумағының тарихына тереңінен талдау жасауға мүмкіндік туындайды. Түркістан ел тарихындағы орны әрқашан да елеулі болған. Өңірдің географиялық орналасуы, ерекше табиғи-климаттық жағдайлары оның басқа аймақтарға ұқсамайтын өзгеше экономикалық, әлеуметтік, этно-демографиялық және мәдени тұрғыдан даму бағытын да ерекшелей түсті. Түркістан қаласы мен өңірі зерттеліп отырған кезеңде анағұрлым аз урбандалған аймақ болған, орта ғасырлар дәуірінің мәдени орталығы болып саналуына қарамай, мұндағы әлеуметтік-экономикалық жағдай тек аграрлық бағытта ғана дамыды, ал табиғи байлықтарды игеру барысы басқа аймақтарға қарағанда біршама кеш басталды.
Тарихшылардың зерттеу жұмыстарының басты бағыты нақты тарихи құбылысты қарастыру болып табылады. Осыған орай, аймақтың әлеуметтік-экономикалық тарихын зерттеу жұмыстары мұндағы өндірістік инфрақұрылымның қалыптасуын, соған сәйкес құрылған өндіріс орындарын, әлеуметтік-мәдени және коммуналдық-тұрмыстық инфрақұрылымның орналасу тәртібін талдау аясында жүзеге асырылады. Осылайша, таңдалған зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі айқындалып, оның маңыздылығы ешқандай да күмән тудырмайды деп есептейміз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ел қалаларының тарихын тереңінен және жан-жақты зерттеу тарихшылар үшін негізгі міндеттердің бірі болып саналады. Мәселенің өңделу дәрежесін бағалай отырып, біз төңкеріске дейінгі заманда да, кеңестік дәуірде де сөз болып отырған мәселелер бойынша жеткілікті дәрежеде ғылыми әдебиеттер шығарылған деп тұжырымдай аламыз. Алайда баршамызға мәлім, саяси және идеологиялық факторларға байланысты олардың көбі объективтілік талаптарына сай келе бермейді. Зерттеу жұмысында қарастырылған мәселелер аясы едәуір ауқымды болғандықтан, оған қатысты барлық әдебиеттерді бірнеше топқа бөліп қарастырған дұрыс.
Қазақстан халқының тарихи-демографиялық мәселелерін, ХІХ ғ.
70- жылдары мен ХХ ғ. басындағы этностық, саяси, әлеуметтік-экономикалық тарихын зерттеулер бар. Атап айтсақ, Н.А. Аристов, П.П. Семенов-Тянь-Шанский, П.Г. Галузо, С. Мадуанов, М.Қ. Жақып, А.П. Хорошкина,
Е. Смирнов, А.И. Добромыслов, А.П. Фоличенко секілді ғалымдар елеулі үлес қосқан. Ал, А.А. Кауфман еңбектерінде Қазақстанның патшалық дәуірден жаңа заманға дейінгі халқы, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірі туралы көптеген мәліметтер келтірілген [2].
А.Н. Нүсіпбеков өңір халқын, олардың өзара байланысын сипаттаған.
Н.Е. Бекмаханова еңбектерінде өңірдің оңтүстік аймағындағы бірнеше қала тұрғындары жайында статистикалық деректер берілген. А.И. Макишев өзінің жеке бақылау нәтижелері мен көз көрген адамдардың ауызанан естіген деректерді, сондай-ақ жергілікті әкімшілік материалдарын пайдаланған. Сонымен бірге М. Шестаковтың, Н.А. Алексеенко және М.К. Төлекова [3] еңбетерін атап өткен жөн. Бұл еңбектерде кең ауқымды статистикалық және нақты деректер негізінде қазақ халқының саны мен құрамы талданып, оның өмірінің сан түрлі шарушылық және мәдени тұстары зерттелген.
Келесі әдебиеттер топтамасына Қазақстанның жалпылама дамуының түрлі әлеуметтік-экономикалық аспектілеріне арналған еңбектерді жатқызуға болады. Кеңестік биліктің алғашқы жылдарындағы экномикалық проблемалар мен халық шаруашылығы жағдайын Т. Елеуов, Б. Сүлейменов, Г.Ф. Дахшлейгер, К.Н. Нұрпейісов, Б.Н. Әбішева сияқты ғалымдар зерттеген. Олардың еңбектерінде Кеңес Үкіметінің Қазақстанда халық шаруашылығы саласында жүргізген алғашқы іс-шаралары туралы айтылады. Алғашқы бесжылдық-тардағы Қазақстан өндірісінің даму нәтижелері Т.Б. Балақаев, Ш. Тастанов, Х.М. Әбжанов, А. Коновалов сынды тарихшылардығи еңбектерінде көрсетілген. Социалистік индустриаландыру мәселесіне арналған көптеген әдебиеттерде және В.С. Лельчуктың «Социалистическая индустриализация ССР и ее освещение в советской историографии» [4] атты еңбегінде айтылғандай, жиырмасыншы жылдардың екінші жартысынан бастап КСРО-да ауыр өнеркәсіп үлкен қарқынмен дамыды.
Кеңестік дәуірдегі әдебиеттердің едәуір маңызды бөлігі Коммунистік партия мен Кеңес Үкіметінің салалық өнеркәсіпті дамыту жолындағы күресіне арналды. Мұның дәлелі ретінде КСРО Жоғары халық шаруашылығы одағының Қазақстан байлығын дамыту және игеру жөніндегі бұйрықтары мен мемлекеттік жоспарларын, циркулярларын қамтитын құжаттар мен материалдар жинағының шығарылуын айтсақ болады. Осы материалдардың негізінде Х.М. Әбжанов [5], С.Б. Бейсембаевтың еңбектері жазылып, онда халық экономикасын дамытудағы КОКП ролі ерекше дәріптелген. Өкінішке орай, бұл еңбектердің көбісі тарихи-партиялық бағытқа ие, өйткені олардың негізгі бөлігі партиялық мұрағаттердің мәліметтеріне негізделіп жазылған. Әдетте мұндай еңбектерде әлеуметтік-экономикалық, саяси мәселелерге, қарама-қайшылықтар мен олардың шешілу жолдарына тереңінен талдау жасалмаған.
Қазақстандағы экономикалық даму мәселелері академик А.Н. Нүсіпбековтің монографиясында кеңінен баяндалған. Бұл монография Қазақстандағы жұмысшы табының индустриаландырылуы, қалыптасуы жіне даму мәселелеріне толығымен жинақталған алғашқы еңбек болып саналады.
М.Х. Асылбековтің, С.Б. Нұрмұхамедов пен Н.Г. Панның ұжымдық монографиясы 1946-1965 жж. аралығында Қазақстандағы жұмысшы таптың дамуына жан-жақты, кешенді талдау жасауымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, С.Б. Нұрмұхамедовтың жеке зерттеу жұмысын да атап өту керек, онда автор республикадағы жұмысшы таптың қалыптасуы мен дамуын қайта тұжырымдауға тырысқан.
Г.Ф. Дахшлейгер, Н.Н. Дауылбаев, В.К. Савосько, А.Г. Сармурзин, М.Х. Асылбеков, С.К. Жақыпбеков және Ю.И. Романов [6] сынды ғалымдар өз еңбектерінде экономиканың жекелеген индустриялық салаларының тарихын мысалға ала отырып, республиканың экономикалық тұрғыдан дамуы мәселелерін қозғайды. Бұл авторлардың арқасында көптеген мұрағаттық дерек көздері мен статистикалық мәліметтер қолданысқа түсті.
Кеңестік кезеңдегі қазақстандық экономистердің ең бір елеулі және маңызды еңбектерінің бірі ретінде Т.А. Әшімбаевтың редакторлығымен жарық көрген «Экономика Казахстана за 60 лет» атты монографиялық зертеу еңбегін атауға болады. Еңбекте Қазақстанның жалпы экономикасы мен оның жекелеген салаларының даму бағыты, аса мағызды құрылымдық және сапалық өзгерістері көрсетілген. Т.А. Әшімбаевтың соңғы еңбектері де өзінің заманауи тұрғыдан дәйектілігімен, сонылығымен ерекшеленеді.
1980 жж. соңында отандық қоғамтанушылар арасында ескі қағидалар мен стереотиптерден арылып, тарихи процестерді жаңадан тұжырымдау үрдісі қалыптаса бастады. Бұл үрдісті дамытуда академик М. Қозыбаевтың үлесі зор, ол өз еңбектерінде [7] Қазақстандағы тарихи ой-пікірдің заманауи қалпын ашуға тырысты.
М.Х. Асылбеков, А.Ш. Алтаевтың мақаласы да жаңаша бағытталуымен ерекшеленеді. Бұл жұмыстарда авторлар Қазақстанның кеңестік дәуірдегі саяси, экономикалық және әлеуметтік-демографиялық даму нәтижелерін барынша ғылыми тұрғыдан талдауға тырысқан. Сондай-ақ, С.Ф. Мажитовтың методология мәселесіне арналған зерттеу еңбегін де атауға болады [8]. Сонымен бірге Қазақстандағы саяси және экономикалық процестердің нәтижесінде дәстүрлі қазақ қоғамындағы құрылымдық өзгерістерге жүйелі талдау жасаған алғашқы зерттеу еңбегі ретінде Ж. Әбылхожиннің монографиясын атап өткен жөн.
Қазақстанның әлеуметтік-демографиялық жағдайына арналған әдебиеттер келесі топтаманы құрайды. Қазақстандық тарихшылардың тұрғын халықтарға арнаған еңбектерінің ішінде Б. Сүлейменовтің «Аграрный вопрос в Казахстане последней трети XIX – начала XX вв.» атты монографиясының маңызы зор. Онда өңірдің экономикалық жағдайы қарастырылып, қоныс аударушы халықтардың ұлттық құрамы мен саны қарастырылған. Бұл мәселені түрлі аспектілер бойынша зерттеген ғалымдар қатарына Е.Б. Бекмахановты, Н.Е. Бекмаханова, Н.В. Алексеенконы және т.б. жатқызуға болады.
Г. Корнгардтың мақалаларында ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басындағы Оңтүстік Қазақстан халқының құрамы мен санына талдау жасалған. Оңтүстік Қазақстан халқының ұлттық құрамының қалыптасу мәселелері Б.М. Нарбекованың зерттеу жұмысында қарастырылған.
Көшпелі қазақтар қауымын, олардың әлеуметтік және экономикалық құрылымын С.Е. Толыбеков пен Н.Е. Масанов зерттеген [9].
М.Х. Асылбеков, А.Б. Ғалиев [10], Н.Ф. Базанова секілді ғалымдардың зерттеулерінде Қазақстандағы демографиялық үдерістердің даму мәселелері қарастырылады, республика тұрғындарының ұлттық құрамы мен әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер баяндалады, көші-қон үдерістерінің халық саны мен құрылымына тигізген ықпалы анықталады.
Әлеуметтік-экономикалық және демографиялық дамудың аймақтық аспектілері Батыс Қазақстан өңірі бойынша М.Н. Сдықовтың еңбектерінде, Орталық Қазақстан бойынша – В.В. Козина, Солтүстік Қазақстан бойынша А. Кәкенова мен З. Шахаманның зерттеулерінде қарастырылған.
Келесі әдебиеттер топтамасы Қазақстанның жекелеген қалаларының тарихын зерттеуге арналған. Мысалы, Петропавл, Гурьев, Қарағанды, Жамбыл, Семей қалаларының тарихы Х. Табылдиев, Ю.А. Поляков, В.Б. Жиромская [11], Р. Конквест, С. Уинкрофт, М.Х. Асылбеков, А.И. Құдайбергенова [12] сияқты ғалымдардың еңбктерінде қарастырылған.

М.Х. Асылбеков пен А.Б. Ғалиев «Социально-демографические процессы в Казахстане (1917 – 1980)» атты монографиясында өткенге шолу жасай отырып, Қазақстандағы келесідей әлеуметтік-демографиялық процестерді зерттейді: халық құрамындағы өзгерістер (ұлттық, әлеуметтік, аймақтық, жас ерекшелігі), табиғи даму бағыты (туылуы, өлім дәрежесі), көші-қон, қоныстандыру, демогрфиялық саясатты дамыту мәселелері.
М.Х. Асылбеков пен В.В. Козина өздерінің «Демографические процессы современного Казахстана» деген кітабында 1980 және 1990 жылдардың басындағы Қазақстанның демографиялық жағдайын: республикадағы халық санының өзгеріп отыруын (табиғи даму бағыты, көшіп-қону), халық құрамының сапалық өзгерісін, ұлттық жасқа және жынысқа байланысты құрамын, халықтың кәсіби құрылымы мен еңбекпен қамтылуын және білім деңгейін талдайды. Монографияда аймақтағы экологиялық ахуал мен денсаулық сақтау жағдайының кейбір тұстары қарастырылады.
Г.С. Айдарбекова өзінің «Социальное развитие населения Южного Казахстана в 1980-2000 гг. исторический анализ (на материалах Южно-Казахстанской области)» атты диссертациялық жұмысында тарих ғылымында алғаш рет аса маңызды статистикалық мәліметтер мен мұрағат деректерінің негізінде және 1980-2000 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік саласында орын алған сәйкессіздіктердің себебі мен сипатын анықтай отырып, осы аймақтағы әлеуметтік жағдайдың динамикасы мен қазіргі жағдайына талдау жасаған. Зерттеу негізінде аймақтың әлеуметтік дамуының өзекті проблемалары анықталып, осы мәселелерді шешуге бағытталған нақты ұсыныстар мен нұсқаулар келтірілген.
Оңтүстік Қазақстан халқының демографиялық жағдайын зерттей отырып, А.Б. Есімова бұл аймақтың республика үшін маңызы зор екендігін атап өткен. Өйткені мұнда халық санының анағұрлым басым бөлігі шоғырланған (Қазақстан халқының 13% өмір сүреді) және жалпы республикамен салыстырғанда оның үнемі артып отыру үрдісі байқалады. Зерттеуші түрлі ұлт өкілдерінің демографиялық жағдайы жоғары дәрежеде деген қорытындыға келген, бірақ олардың арасында жыныстық-жас ерекшеліктеріне, білім деңгейіне, тұрғылықты мекеніне (қала, ауыл), т.б. белгілеріне қарай өзіндік ерекшеліктері бар. Қорыта келе, автор елімізде тиімді демографиялық, әлеуметтік саясат жүргізу арқылы облыстағы, жалпы елдегі демографиялық жағдайды жақсартуға әбден болады деп тұжырымдаған.
Э. Әлжанова «Социально-демографические процессы в Казахстане в 1980-х гг.» атты мақаласында 1970-1980 жылдары Қазақстанда туылу көрсеткіштерінің жоғары болуы есебінен халық саны да едәуір артқанын айтады. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, ауылдық жерге қарағанда қалада туылу көрсеткіші төмен болған, алайда ол кезеңде халықтың ауылдан қалаға ағылу үрдісі байқалады.
Г.А. Әбенованың «Демографические характеристики населения Восточного Казахстана в период 1985 – 1995 гг.» атты мақаласында Шығыс Қазақстандағы демографиялық жағдайдың өзгеруі қарастырылады: 1985 жылдан 1988 жылға дейінгі аралықта табиғи даму есебінен халық санының барынша ұлғайғаны, ал 1989-1995 жж. мейлінше төмендегені байқалады.
«Историко-статистический обзор населения Астаны» атты мақалада Г.А. Алпысбаева қаладағы демографиялық үдерістерді тарихи тұрғыдан қарастырады: қала халқының өсу деңгейі, әлеуметтік және ұлттық құрылымының өзгеруі көрсетіліп, әр түрлі тарихи кезеңдегі ХІХ ғ.
30 жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықта қала халықы санының өсу факторларына талдау жасалған.
А. Мрачковскийдің «Демографические процессы Северо-Казахстанской области: тенденции и перспективы» атты мақаласында қазіргі нарықтық қатынас заманындағы кәсіподақтар қызметі сөз болады. Автор сонымен қатар ХХ ғ. соңғы онжылдығында Солтүстік Қазақстанда орын алып, халықтың табиғи өсімін күрт тоқтатқан тиімсіз демографиялық жағдай туралы да айтады.
Павлодар облысының тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы демографиялық даму жағдайы мен негізгі сипаты М.Х. Асылбеков пен З.А. Сабданбекованың «Демографическое развитие Павлодарской области в период суверенитета» атты мақаласында сөз болады. Авторлардың пікірінше, Павлодар облысының демографиялық жағдайы жалпы республикадағы үрдістерді бейнелейді: әлеуметтік-экономикалық жағдай өте ауыр болғандықтан, көптеген адамдар облыстан көшіп кетті, осының салдарынан өңір халқының саны ұдайы төмендеп отырды.
«Реалий и прогнозы демографического развития Евразийского пространства» атты жинаққа енген мақалалардың біразы Қазақстанның жекелеге аймақтарының: Павлодар облысының (С. Есетов), Оңтүстік Қазақстанның (А.Б. Есімова), Солтүстік Қазақстанның (А.Е. Мрачковский) демографиялық даму мәселелерін және көші-қон ағымын (В.И. Мукомель) зерттеуге арналады.
Диплом жұмысының тақырыбына қатысты әдебиеттерге тарихи тұрғыдан шолу жасай келе, ғылыми еңбектердің көптігіне қарамастан, еліміздің жекелеген аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық, көші-қон және демографиялық даму мәселелері жаңа көзқарас тұрғысынан кешенді түрде әлі толық зерттелмегенін атап өткіміз келеді. Түркістан қаласы мен өңірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы тек жекелеген әдебиеттерде ғана кездеседі. Ал олардың өзін тек фрагменттік материал ретінде ғана көреміз, өйткені ол зерттеу жұмыстарының мақсаты мен бағыты басқа арнаға саяды. Аймақтық проблеманы зерттеу талпыныстары әлі күнге дейін бір арнаға жинақталмаған және бірізділікке қол жетпей келеді. Қолда бар деректердегі жетіспеушіліктер мен кемістіктер айқын, бірақ әлі күнге дейін түзетіліп толықтырылған жоқ.
Зерттеу нысаны. Бұл зерттеу жұмысының негізгі нысаны – Түркістан қаласы мен агломерациясының экономикалық, әлеуметтік-демографиялық және мәдени даму жағдайы. Зерттеудің хронологиялық аясы ХІХ ғ. соңынан бастап қазіргі уақытқа дейінгі мерзімді қамтиды. Өткеннің нақты бейнесін жасау күрделі кезеңді аймақтық тұрғыдан зерттеу тарих ғылымының ең өзекті мәселелерінің бірі болып саналады.
1867 жылдардағы әкімшілік реформалар кезеңінен бастап, 2009 жылға дейінгі аралықтағы Түркістан қаласы мен өңірінің әлеуметтік-демографиялық дамуы мәселелерін қарастыруға бағытталған зерттеу жұмысы бойынша тарихи-демографиялық тұрғыдан ашып қарастыру.
Зерттеу пәні – Түркістан қаласы мен өңірінің экономикалық, әлеуметтік-демографиялық, саяси және мәдени даму тарихын тарихи-демография тұрғысынан нақты ғылыми талдаулар жасау.
Зерттеудің деректемелік негізін статистикалық материалдары құрайды. Құжат деректерін талдауда біз барлық мәліметтерді, нақты фактілер мен сыни пікірлерді ескеруге тырыстық.
Қала халқын сипаттауда 1897 жылғы халық санағы құжаттарының маңызы ерекше болды. Одан кейін 1920, 1926, 1937, 1939, 1959, 1970, 1979, 1989, 1999, 2009 жж. халық санағы материалдарында әр түрлі даму кезеңіндегі (азамат соғысының аяқталуы, қалпына келу кезеңі, ЖЭС (НЭП), күштеу модернизациясы) елдің жағдайы сипатталған. Санақ құжаттарында қала халқының әлеуметтік-таптық құрылымында орын алған өзгерістер де тіркелген.
Осылайша санақ материалдары мен кезеңдік статистика мәліметтерін қолдану арқылы Оңтүстік Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және демографиялық үдерістерді анағұрлым айқын сипаттауға, олардың даму бағытын айқындауға мүмкіндік туып отыр.
Сонымен қатар зерттеу жұмысын жазуда мерзімдік басылымдар мен Интернет сайттарының ақпараттары да қолданылды. Осылайша жұмыс барысында біз бірін бірі нақтылап, толықтыратын ауқымды дерек көздерін пайдаландық.
Диплом жұмысының мақсаттары мен міндеттері.
- 1867-1917 жылдар аралығындағы Түркістан қаласының экономикалық, мәдени дамуын көрсету;
- Қала және өңір халқының табиғи өсімі, ұлттық құрамы және көші-қон жағдайын зерттеу;
- Халықтың әлеуметтік құрлымын жан-жақты қарастыру;
- 1917-1989 жж. кеңестік кезеңдегі өңірдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени өркендеуін ашып көрсету;
- Кеңес Одағы тұсындағы қала халқы мен оның маңындағы аудан, ауыл жұртының ұлттық құрамы, көші-қон процестерін зерттеу;
- 1990-2009 жж. егеменділік жағдайындағы қала экономикасы мен мәдениетінің дамуына талдау жасау;
- Қала және ауыл халқының ұлттық құрамын, көші-қон жағдайын ашып көрсету;
- Түркістан қаласы мен оның аудан, ауылдарына келіп орналасқан оралмандардың саны және олардың ортаға үйренісуін анықтау.
Диплом жұмысының мерзімдік шеңбері. 1867 жылдардағы әкімшілік реформалары кезеңінен бастап, республика тәуелсіздігі жылдарын 2009 жылмен қоса қамтып, Түркістан қаласы мен агломерациясының әлеуметтік-демографиялық дамуы мәселелері қамтылған кезең.
Диплом жұмысының территориялық шеңбері. 1867-2009 жылдардың аралығында Түркістан қаласы мен оның төңірегіндегі елді-мекендер қоса қамтиды.
Диплом жұмысының теориялық және методологиялық негізі. Қоғамдық дамуға объективті ғылыми талдау жасау қағидаларына негізделеді. Бұл жерде біз заманауи экономика мен қоғамның дамуын кешенді және жүйелі талдауға негізделген бағытты ұстанымдары басшылыққа алынды.
Зерттеу әдістеріне келетін болсақ, жұмыс барысында логикалық және тарихи, салыстырмалы, жүйелік, құрылымдық т.б. негізгі тәсілдер қолданылды. Тарихи-статистикалық материалдардың өте көп болуына байланысты олардың шынайы жағдайды сипаттау, тарихпен ұласу дәрежесін анықтау үшін статистикалық әдістерді де қолдануға тура келді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында – Алматы: «Атамұра», 1999. – 9-б.
2 Кауфман А.А. К вопросу о русской колонизации Туркестанского края. Отчет гл. Ученного комитета Москва. З. и Г.И. А.А. Кауфмана по командировке летом 1903 года. СПБ. Стат. тип В.Ф. Киршбаума, 1903 года. - 205 с.
3 Төлекова М.К. Жетісу өңірі халқының әлеуметтік-демографиялық дамуы (1897-1999 жылдар) Т.ғ.д. .... авторефераты. - Алматы, 2003. - 51 б.
4 Сулейменов Б. Аграрный вопрос в Казахстане последней трети XIX – начала XX вв. (1867 – 1907 гг.). - Алма-Ата, 1963. – С. 11-12.
5 Абжанов Х.М. Сельская интеллигенция Казахстана // Вестник АН КазССР. 1989. - № 2. – С. 5.
6 Асылбеков М.Х., Нурмухамедов С.Б., Пан Н.Г. Рост индустриальных кадров рабочего класса в Казахстане (1946 – 1965 гг.). – Алма-Ата, 1979; Казахстан в нерушимом союзе братских республик. Сб. ст. – Алма-Ата, «Наука», 1972. – 319 с.
7 Қозыбаев М.Қ. Демографические исследования в Казахстане: итоги и перспективы // Вестник АН РК. - 1990. - № 3. - С. 7-13.
8 Мажитов С.Ф. Формирование исторического сознания в Республике Казахстан: реалии и перспективы // Современное состояние и перспективы развития иторической науки Казахстана и России. – Алматы, 2008. – С. 10-29.
9 Бекмаханова Н.Е. Формирование многонационального состава Казахстана и Северной Киргизии (последняя треть ХVІІІ – 60-е годы ХІХ в.). – Москва: Наука, 1980. – 252 с.
10 Асылбеков М.Х., Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в многонациональном Казахстане (1917-1991 гг.): дисс. ... док-ра ист. наук.- Алматы, 1994. - 396 с.
11 Поляков Ю.А., Жиромская В.Б., Кисилев И.Н. Полвека молчания // Социологическое исследование, 1990. - № 2. - С. 17-18.
12 Асылбеков М.Х., Құдайбергенова А.И. Қазақстан тарихи демография-сының өзекті мәселелерін жаңаша концептуалды пайымдау // Отан тарихы, 2003. - №1. - 17-18 - бб.
13 Сайко Э.В. Предпосылки и условия формирования древнего города. Древние города. Материалы к Всесоюзной конференции «Культура Средней Азии и Казахстана в эпоху раннего средневековья» (Пенджикент, октябрь 1977). - Ленинград, 1977. С.13-14.
14 Обзор Сыр-Дарьинской области за 1888 год. Приложение к всеподданнейшему отчету военного губернатора. – Ташкент, 1890. - С. 40-48.
15 Полный свод законов Российской империи – II. т. 18. - № 16718. - С. 235-240.
16 Всеобщая перепись Россиской империи. 1897 г. - С. 11.
17 Всесоюзная перепись населения. 1926 г. ЦСУ СССР. М., 1928. -Том 25. – С. 180.
18 Өз РОММ. 25-қ.,1-т., 16-іс. 29-п.
19 ОҚОММ. Кентау филиалы. 134-қ, 1-т, 7-іс, 2-п.
20 Елемесова А. Национальный состав населения Республики Казахстан // Экономика и статистика. - 2002. - №3. С. 99-100.
21 ОҚОММ. 245-қ, 6-т, 200-іс, 3- п.
22 ОҚОММ. 897-қ, 1-т, 37-іс, 92-98-пп.
23 Садовская Е.Ю. Миграция в Казахстан на рубеже XXI века: основные тенденции и перспективы. – Алматы, - 2001. С. 175-176.

Түркістан қаласының әлеуметтік-демографиялық жағдайы
(1867-2009 жж.)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ МЕН ӨҢІРІ ОТАРШЫЛДЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА (1867-1917 жж.)

1. Қала мен өңірінің сипаттамасы және экономикалық
жағдайы ... ... ... ... ... .

1.2 Қала халқының саны мен құрамы, әлеуметтік құрылымы
және білім
деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...

2 ҚАЛА МЕН ӨҢІРІ ХАЛҚЫНЫҢ КЕҢЕС ЗАМАНЫНДА ДАМУЫ
(1917-1989
жж.) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..

2.1 Қала экономикасы мен мәдениетінің
өсуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.2 Қала тұрғындарының табиғи өсімі, ұлттық құрамы және

көші-қон
үдерістері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .

3 ТҮРКІСТАН ҚАЛА ХАЛҚЫ ЕГЕМЕНДІЛІК ЖАҒДАЙЫНДА
(1990-2009 жж.)

3.1 Қала экономикасы мен мәдениетіндегі
бетбұрыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

3.2 Қала және ауыл халқының әлеуметтік
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы еліміздің әлеуметтік-
демографиялық қазіргі кезеңдегі халық жағдайын жан-жақты зерттеу отан
тарихы ғылымындағы өзекті мәселесіне айналып отыр. Баршамызға мәлім, ол
кезеңдерде қоғамдық әлеуметтік-мәдени тұрғыдан дамуының табиғи барысы
өзгертіліп, өңірдің дамуында біршама ауытқулар орын алған. Бұл өзгерістер
жалпы Қазақстан халқының қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне
ғана емес, сонымен қатар жалпы аймақтың, соның ішінде Түркістан қаласы
тұрғындарының демографиялық жағдайына да өз септігін тигізді. Осыған орай
қазақ қоғамының тұтас демографиялық және этностық даму сипатын анықтап
алмайынша, еліміздегі халықтардың экономикалық, саяси және әлеуметтік
өмірін кешенді түрде талдау мүмкін емес. Ал бұл өз кезегінде демографиялық
статистика мәліметтеріне талдау жүргізуді, жүйелеуді және оның қарастырылып
отырған кезеңдегі ортақ тұстары мен өзгешеліктерін анықтауды қажет етеді.
Ал сөз болып отырған тарихи кезеңдегі демографиялық деректерді сол кезде
халық туралы статистикалық мәліметтер жинау үшін қолданылған әдістер
аясында ғана толыққанды және объективті зерттеуге болады.
Патшалық Ресейдің отарлық саясаты 1916 жылғы көтеріліс, 1917 жылғы Қазан
төңкерісі және осыларға байланысты орын алған өзгерістер, кеңестік
құрылыстың бастапқы сатысындағы экономикалық дағдарыс, екінші дүниежүзілік
соғыс, соғыстан кейінгі ахуал, т.б. да едәуір септігін тигізді. Қазақстан
халық санының дамуының жаңа кезеңі еліміздің әлеуметтік-саяси және
экономикалық тәуелсіздік алуынан басталады. Республиканың тәуелсіздігі
аясында Қазақстан халқының тарихи және заманауи дамуын толыққанды талдау
мүмкін болып отыр. Осының негізінде ел халқының әрі қарай сандық тұрғыдан
өсуінің және сапалық тұрғыдан дамуының ғылыми негізделген жолдары мен
тәсілдері анықталуы мүмкін.
Республикамыздағы әрбір қаланың тарихи даму сатыларын, әсіресе кеңестік
дәуірдегі жетістіктерін көрсететін өзіндік биографиясы, бетбейнесі бар.
1500 жылдан астам тарихы бар Түркістан қаласының да осындай жеке
биографиясы бар. Ортағасырлардан бастап қазіргі күнге дейін бұл қала күллі
қазақ халқының ең ірі рухани орталығы болып табылады.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Тарих толқынында деген кітабында былай дейді:
Қазақ мемлекеттілігінің символына айналған Қ.А. Яссауи кесенесі бұдан
біршама уақыт бұрын жалпы ұлттық пантеон ролін атқарған, онда қазақ
халқының ұлы адамдарының мәйіті жатыр. Сондықтан біздің осы ескерткішті
қайта қалпына келтіріп, жалпы ұлттың зейінін осы орталыққа аударып
жатқанымыз өте дұрыс [1].
Осылайша, Түркістан қаласы мен Оңтүстік Қазақстан өңірі халқының
әлеуметтік-экономикалық тарихын зерттеу арқылы барлық шым-шытырық
қайшылыққа толы кезеңдердегі жалпы Қазақстан аумағының тарихына тереңінен
талдау жасауға мүмкіндік туындайды. Түркістан ел тарихындағы орны әрқашан
да елеулі болған. Өңірдің географиялық орналасуы, ерекше табиғи-климаттық
жағдайлары оның басқа аймақтарға ұқсамайтын өзгеше экономикалық,
әлеуметтік, этно-демографиялық және мәдени тұрғыдан даму бағытын да
ерекшелей түсті. Түркістан қаласы мен өңірі зерттеліп отырған кезеңде
анағұрлым аз урбандалған аймақ болған, орта ғасырлар дәуірінің мәдени
орталығы болып саналуына қарамай, мұндағы әлеуметтік-экономикалық жағдай
тек аграрлық бағытта ғана дамыды, ал табиғи байлықтарды игеру барысы басқа
аймақтарға қарағанда біршама кеш басталды.
Тарихшылардың зерттеу жұмыстарының басты бағыты нақты тарихи құбылысты
қарастыру болып табылады. Осыған орай, аймақтың әлеуметтік-экономикалық
тарихын зерттеу жұмыстары мұндағы өндірістік инфрақұрылымның қалыптасуын,
соған сәйкес құрылған өндіріс орындарын, әлеуметтік-мәдени және коммуналдық-
тұрмыстық инфрақұрылымның орналасу тәртібін талдау аясында жүзеге
асырылады. Осылайша, таңдалған зерттеу жұмысы тақырыбының өзектілігі
айқындалып, оның маңыздылығы ешқандай да күмән тудырмайды деп есептейміз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ел қалаларының тарихын тереңінен және жан-
жақты зерттеу тарихшылар үшін негізгі міндеттердің бірі болып саналады.
Мәселенің өңделу дәрежесін бағалай отырып, біз төңкеріске дейінгі заманда
да, кеңестік дәуірде де сөз болып отырған мәселелер бойынша жеткілікті
дәрежеде ғылыми әдебиеттер шығарылған деп тұжырымдай аламыз. Алайда
баршамызға мәлім, саяси және идеологиялық факторларға байланысты олардың
көбі объективтілік талаптарына сай келе бермейді. Зерттеу жұмысында
қарастырылған мәселелер аясы едәуір ауқымды болғандықтан, оған қатысты
барлық әдебиеттерді бірнеше топқа бөліп қарастырған дұрыс.
Қазақстан халқының тарихи-демографиялық мәселелерін, ХІХ ғ.
70- жылдары мен ХХ ғ. басындағы этностық, саяси, әлеуметтік-экономикалық
тарихын зерттеулер бар. Атап айтсақ, Н.А. Аристов, П.П. Семенов-Тянь-
Шанский, П.Г. Галузо, С. Мадуанов, М.Қ. Жақып, А.П. Хорошкина,
Е. Смирнов, А.И. Добромыслов, А.П. Фоличенко секілді ғалымдар елеулі үлес
қосқан. Ал, А.А. Кауфман еңбектерінде Қазақстанның патшалық дәуірден жаңа
заманға дейінгі халқы, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени өмірі туралы
көптеген мәліметтер келтірілген [2].
А.Н. Нүсіпбеков өңір халқын, олардың өзара байланысын сипаттаған.
Н.Е. Бекмаханова еңбектерінде өңірдің оңтүстік аймағындағы бірнеше қала
тұрғындары жайында статистикалық деректер берілген. А.И. Макишев өзінің
жеке бақылау нәтижелері мен көз көрген адамдардың ауызанан естіген
деректерді, сондай-ақ жергілікті әкімшілік материалдарын пайдаланған.
Сонымен бірге М. Шестаковтың, Н.А. Алексеенко және М.К. Төлекова [3]
еңбетерін атап өткен жөн. Бұл еңбектерде кең ауқымды статистикалық және
нақты деректер негізінде қазақ халқының саны мен құрамы талданып, оның
өмірінің сан түрлі шарушылық және мәдени тұстары зерттелген.
Келесі әдебиеттер топтамасына Қазақстанның жалпылама дамуының түрлі
әлеуметтік-экономикалық аспектілеріне арналған еңбектерді жатқызуға болады.
Кеңестік биліктің алғашқы жылдарындағы экномикалық проблемалар мен халық
шаруашылығы жағдайын Т. Елеуов, Б. Сүлейменов, Г.Ф. Дахшлейгер, К.Н.
Нұрпейісов, Б.Н. Әбішева сияқты ғалымдар зерттеген. Олардың еңбектерінде
Кеңес Үкіметінің Қазақстанда халық шаруашылығы саласында жүргізген алғашқы
іс-шаралары туралы айтылады. Алғашқы бесжылдық-тардағы Қазақстан
өндірісінің даму нәтижелері Т.Б. Балақаев, Ш. Тастанов, Х.М. Әбжанов, А.
Коновалов сынды тарихшылардығи еңбектерінде көрсетілген. Социалистік
индустриаландыру мәселесіне арналған көптеген әдебиеттерде және В.С.
Лельчуктың Социалистическая индустриализация ССР и ее освещение в
советской историографии [4] атты еңбегінде айтылғандай, жиырмасыншы
жылдардың екінші жартысынан бастап КСРО-да ауыр өнеркәсіп үлкен қарқынмен
дамыды.
Кеңестік дәуірдегі әдебиеттердің едәуір маңызды бөлігі Коммунистік
партия мен Кеңес Үкіметінің салалық өнеркәсіпті дамыту жолындағы күресіне
арналды. Мұның дәлелі ретінде КСРО Жоғары халық шаруашылығы одағының
Қазақстан байлығын дамыту және игеру жөніндегі бұйрықтары мен мемлекеттік
жоспарларын, циркулярларын қамтитын құжаттар мен материалдар жинағының
шығарылуын айтсақ болады. Осы материалдардың негізінде Х.М. Әбжанов [5],
С.Б. Бейсембаевтың еңбектері жазылып, онда халық экономикасын дамытудағы
КОКП ролі ерекше дәріптелген. Өкінішке орай, бұл еңбектердің көбісі тарихи-
партиялық бағытқа ие, өйткені олардың негізгі бөлігі партиялық
мұрағаттердің мәліметтеріне негізделіп жазылған. Әдетте мұндай еңбектерде
әлеуметтік-экономикалық, саяси мәселелерге, қарама-қайшылықтар мен олардың
шешілу жолдарына тереңінен талдау жасалмаған.
Қазақстандағы экономикалық даму мәселелері академик А.Н. Нүсіпбековтің
монографиясында кеңінен баяндалған. Бұл монография Қазақстандағы жұмысшы
табының индустриаландырылуы, қалыптасуы жіне даму мәселелеріне толығымен
жинақталған алғашқы еңбек болып саналады.
М.Х. Асылбековтің, С.Б. Нұрмұхамедов пен Н.Г. Панның ұжымдық
монографиясы 1946-1965 жж. аралығында Қазақстандағы жұмысшы таптың дамуына
жан-жақты, кешенді талдау жасауымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, С.Б.
Нұрмұхамедовтың жеке зерттеу жұмысын да атап өту керек, онда автор
республикадағы жұмысшы таптың қалыптасуы мен дамуын қайта тұжырымдауға
тырысқан.
Г.Ф. Дахшлейгер, Н.Н. Дауылбаев, В.К. Савосько, А.Г. Сармурзин,
М.Х. Асылбеков, С.К. Жақыпбеков және Ю.И. Романов [6]
сынды ғалымдар өз еңбектерінде экономиканың жекелеген индустриялық
салаларының тарихын мысалға ала отырып, республиканың экономикалық тұрғыдан
дамуы мәселелерін қозғайды. Бұл авторлардың арқасында көптеген мұрағаттық
дерек көздері мен статистикалық мәліметтер қолданысқа түсті.
Кеңестік кезеңдегі қазақстандық экономистердің ең бір елеулі және
маңызды еңбектерінің бірі ретінде Т.А. Әшімбаевтың редакторлығымен жарық
көрген Экономика Казахстана за 60 лет атты монографиялық зертеу еңбегін
атауға болады. Еңбекте Қазақстанның жалпы экономикасы мен оның жекелеген
салаларының даму бағыты, аса мағызды құрылымдық және сапалық өзгерістері
көрсетілген. Т.А. Әшімбаевтың соңғы еңбектері де өзінің заманауи тұрғыдан
дәйектілігімен, сонылығымен ерекшеленеді.
1980 жж. соңында отандық қоғамтанушылар арасында ескі қағидалар мен
стереотиптерден арылып, тарихи процестерді жаңадан тұжырымдау үрдісі
қалыптаса бастады. Бұл үрдісті дамытуда академик М. Қозыбаевтың үлесі зор,
ол өз еңбектерінде [7] Қазақстандағы тарихи ой-пікірдің заманауи қалпын
ашуға тырысты.
М.Х. Асылбеков, А.Ш. Алтаевтың мақаласы да жаңаша бағытталуымен
ерекшеленеді. Бұл жұмыстарда авторлар Қазақстанның кеңестік дәуірдегі
саяси, экономикалық және әлеуметтік-демографиялық даму нәтижелерін барынша
ғылыми тұрғыдан талдауға тырысқан. Сондай-ақ, С.Ф. Мажитовтың методология
мәселесіне арналған зерттеу еңбегін де атауға болады [8]. Сонымен бірге
Қазақстандағы саяси және экономикалық процестердің нәтижесінде дәстүрлі
қазақ қоғамындағы құрылымдық өзгерістерге жүйелі талдау жасаған алғашқы
зерттеу еңбегі ретінде Ж. Әбылхожиннің монографиясын атап өткен жөн.
Қазақстанның әлеуметтік-демографиялық жағдайына арналған әдебиеттер
келесі топтаманы құрайды. Қазақстандық тарихшылардың тұрғын халықтарға
арнаған еңбектерінің ішінде Б. Сүлейменовтің Аграрный вопрос в Казахстане
последней трети XIX – начала XX вв. атты монографиясының маңызы зор. Онда
өңірдің экономикалық жағдайы қарастырылып, қоныс аударушы халықтардың
ұлттық құрамы мен саны қарастырылған. Бұл мәселені түрлі аспектілер бойынша
зерттеген ғалымдар қатарына Е.Б. Бекмахановты, Н.Е.
Бекмаханова, Н.В. Алексеенконы және т.б. жатқызуға болады.
Г. Корнгардтың мақалаларында ХІХ ғ. соңы – ХХ ғ. басындағы Оңтүстік
Қазақстан халқының құрамы мен санына талдау жасалған. Оңтүстік Қазақстан
халқының ұлттық құрамының қалыптасу мәселелері Б.М. Нарбекованың зерттеу
жұмысында қарастырылған.
Көшпелі қазақтар қауымын, олардың әлеуметтік және экономикалық құрылымын
С.Е. Толыбеков пен Н.Е. Масанов зерттеген [9].
М.Х. Асылбеков, А.Б. Ғалиев [10], Н.Ф. Базанова секілді ғалымдардың
зерттеулерінде Қазақстандағы демографиялық үдерістердің даму мәселелері
қарастырылады, республика тұрғындарының ұлттық құрамы мен әлеуметтік
құрылымындағы өзгерістер баяндалады, көші-қон үдерістерінің халық саны мен
құрылымына тигізген ықпалы анықталады.
Әлеуметтік-экономикалық және демографиялық дамудың аймақтық аспектілері
Батыс Қазақстан өңірі бойынша М.Н. Сдықовтың еңбектерінде, Орталық
Қазақстан бойынша – В.В. Козина, Солтүстік Қазақстан бойынша
А. Кәкенова мен З. Шахаманның зерттеулерінде қарастырылған.
Келесі әдебиеттер топтамасы Қазақстанның жекелеген қалаларының тарихын
зерттеуге арналған. Мысалы, Петропавл, Гурьев, Қарағанды, Жамбыл, Семей
қалаларының тарихы Х. Табылдиев, Ю.А. Поляков, В.Б. Жиромская [11], Р.
Конквест, С. Уинкрофт, М.Х. Асылбеков, А.И. Құдайбергенова [12] сияқты
ғалымдардың еңбктерінде қарастырылған.

М.Х. Асылбеков пен А.Б. Ғалиев Социально-демографические процессы в
Казахстане (1917 – 1980) атты монографиясында өткенге шолу жасай отырып,
Қазақстандағы келесідей әлеуметтік-демографиялық процестерді зерттейді:
халық құрамындағы өзгерістер (ұлттық, әлеуметтік, аймақтық, жас
ерекшелігі), табиғи даму бағыты (туылуы, өлім дәрежесі), көші-қон,
қоныстандыру, демогрфиялық саясатты дамыту мәселелері.
М.Х. Асылбеков пен В.В. Козина өздерінің Демографические процессы
современного Казахстана деген кітабында 1980 және 1990 жылдардың басындағы
Қазақстанның демографиялық жағдайын: республикадағы халық санының өзгеріп
отыруын (табиғи даму бағыты, көшіп-қону), халық құрамының сапалық
өзгерісін, ұлттық жасқа және жынысқа байланысты құрамын, халықтың кәсіби
құрылымы мен еңбекпен қамтылуын және білім деңгейін талдайды. Монографияда
аймақтағы экологиялық ахуал мен денсаулық сақтау жағдайының кейбір тұстары
қарастырылады.
Г.С. Айдарбекова өзінің Социальное развитие населения Южного Казахстана
в 1980-2000 гг. исторический анализ (на материалах Южно-Казахстанской
области) атты диссертациялық жұмысында тарих ғылымында алғаш рет аса
маңызды статистикалық мәліметтер мен мұрағат деректерінің негізінде және
1980-2000 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік
саласында орын алған сәйкессіздіктердің себебі мен сипатын анықтай отырып,
осы аймақтағы әлеуметтік жағдайдың динамикасы мен қазіргі жағдайына талдау
жасаған. Зерттеу негізінде аймақтың әлеуметтік дамуының өзекті проблемалары
анықталып, осы мәселелерді шешуге бағытталған нақты ұсыныстар мен нұсқаулар
келтірілген.
Оңтүстік Қазақстан халқының демографиялық жағдайын зерттей отырып, А.Б.
Есімова бұл аймақтың республика үшін маңызы зор екендігін атап өткен.
Өйткені мұнда халық санының анағұрлым басым бөлігі шоғырланған (Қазақстан
халқының 13% өмір сүреді) және жалпы республикамен салыстырғанда оның үнемі
артып отыру үрдісі байқалады. Зерттеуші түрлі ұлт өкілдерінің демографиялық
жағдайы жоғары дәрежеде деген қорытындыға келген, бірақ олардың арасында
жыныстық-жас ерекшеліктеріне, білім деңгейіне, тұрғылықты мекеніне (қала,
ауыл), т.б. белгілеріне қарай өзіндік ерекшеліктері бар. Қорыта келе, автор
елімізде тиімді демографиялық, әлеуметтік саясат жүргізу арқылы облыстағы,
жалпы елдегі демографиялық жағдайды жақсартуға әбден болады деп
тұжырымдаған.
Э. Әлжанова Социально-демографические процессы в Казахстане в 1980-х
гг. атты мақаласында 1970-1980 жылдары Қазақстанда туылу көрсеткіштерінің
жоғары болуы есебінен халық саны да едәуір артқанын айтады. Зерттеу
нәтижесі көрсеткендей, ауылдық жерге қарағанда қалада туылу көрсеткіші
төмен болған, алайда ол кезеңде халықтың ауылдан қалаға ағылу үрдісі
байқалады.
Г.А. Әбенованың Демографические характеристики населения Восточного
Казахстана в период 1985 – 1995 гг. атты мақаласында Шығыс Қазақстандағы
демографиялық жағдайдың өзгеруі қарастырылады: 1985 жылдан 1988 жылға
дейінгі аралықта табиғи даму есебінен халық санының барынша ұлғайғаны, ал
1989-1995 жж. мейлінше төмендегені байқалады.
Историко-статистический обзор населения Астаны атты мақалада
Г.А. Алпысбаева қаладағы демографиялық үдерістерді тарихи тұрғыдан
қарастырады: қала халқының өсу деңгейі, әлеуметтік және ұлттық құрылымының
өзгеруі көрсетіліп, әр түрлі тарихи кезеңдегі ХІХ ғ.
30 жылдарынан бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықта қала халықы санының өсу
факторларына талдау жасалған.
А. Мрачковскийдің Демографические процессы Северо-Казахстанской
области: тенденции и перспективы атты мақаласында қазіргі нарықтық қатынас
заманындағы кәсіподақтар қызметі сөз болады. Автор сонымен қатар ХХ ғ.
соңғы онжылдығында Солтүстік Қазақстанда орын алып, халықтың табиғи өсімін
күрт тоқтатқан тиімсіз демографиялық жағдай туралы да айтады.
Павлодар облысының тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы демографиялық
даму жағдайы мен негізгі сипаты М.Х. Асылбеков пен
З.А. Сабданбекованың Демографическое развитие Павлодарской области в
период суверенитета атты мақаласында сөз болады. Авторлардың пікірінше,
Павлодар облысының демографиялық жағдайы жалпы республикадағы үрдістерді
бейнелейді: әлеуметтік-экономикалық жағдай өте ауыр болғандықтан, көптеген
адамдар облыстан көшіп кетті, осының салдарынан өңір халқының саны ұдайы
төмендеп отырды.
Реалий и прогнозы демографического развития Евразийского пространства
атты жинаққа енген мақалалардың біразы Қазақстанның жекелеге аймақтарының:
Павлодар облысының (С. Есетов), Оңтүстік Қазақстанның (А.Б. Есімова),
Солтүстік Қазақстанның (А.Е. Мрачковский) демографиялық даму мәселелерін
және көші-қон ағымын (В.И. Мукомель) зерттеуге арналады.
Диплом жұмысының тақырыбына қатысты әдебиеттерге тарихи тұрғыдан шолу
жасай келе, ғылыми еңбектердің көптігіне қарамастан, еліміздің жекелеген
аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық, көші-қон және демографиялық даму
мәселелері жаңа көзқарас тұрғысынан кешенді түрде әлі толық зерттелмегенін
атап өткіміз келеді. Түркістан қаласы мен өңірінің әлеуметтік-экономикалық
жағдайы тек жекелеген әдебиеттерде ғана кездеседі. Ал олардың өзін тек
фрагменттік материал ретінде ғана көреміз, өйткені ол зерттеу жұмыстарының
мақсаты мен бағыты басқа арнаға саяды. Аймақтық проблеманы зерттеу
талпыныстары әлі күнге дейін бір арнаға жинақталмаған және бірізділікке қол
жетпей келеді. Қолда бар деректердегі жетіспеушіліктер мен кемістіктер
айқын, бірақ әлі күнге дейін түзетіліп толықтырылған жоқ.
Зерттеу нысаны. Бұл зерттеу жұмысының негізгі нысаны – Түркістан қаласы
мен агломерациясының экономикалық, әлеуметтік-демографиялық және мәдени
даму жағдайы. Зерттеудің хронологиялық аясы ХІХ ғ. соңынан бастап қазіргі
уақытқа дейінгі мерзімді қамтиды. Өткеннің нақты бейнесін жасау күрделі
кезеңді аймақтық тұрғыдан зерттеу тарих ғылымының ең өзекті мәселелерінің
бірі болып саналады.
1867 жылдардағы әкімшілік реформалар кезеңінен бастап, 2009 жылға
дейінгі аралықтағы Түркістан қаласы мен өңірінің әлеуметтік-демографиялық
дамуы мәселелерін қарастыруға бағытталған зерттеу жұмысы бойынша тарихи-
демографиялық тұрғыдан ашып қарастыру.
Зерттеу пәні – Түркістан қаласы мен өңірінің экономикалық, әлеуметтік-
демографиялық, саяси және мәдени даму тарихын тарихи-демография тұрғысынан
нақты ғылыми талдаулар жасау.
Зерттеудің деректемелік негізін статистикалық материалдары құрайды.
Құжат деректерін талдауда біз барлық мәліметтерді, нақты фактілер мен сыни
пікірлерді ескеруге тырыстық.
Қала халқын сипаттауда 1897 жылғы халық санағы құжаттарының маңызы
ерекше болды. Одан кейін 1920, 1926, 1937, 1939, 1959, 1970, 1979, 1989,
1999, 2009 жж. халық санағы материалдарында әр түрлі даму кезеңіндегі
(азамат соғысының аяқталуы, қалпына келу кезеңі, ЖЭС (НЭП), күштеу
модернизациясы) елдің жағдайы сипатталған. Санақ құжаттарында қала халқының
әлеуметтік-таптық құрылымында орын алған өзгерістер де тіркелген.
Осылайша санақ материалдары мен кезеңдік статистика мәліметтерін қолдану
арқылы Оңтүстік Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және демографиялық
үдерістерді анағұрлым айқын сипаттауға, олардың даму бағытын айқындауға
мүмкіндік туып отыр.
Сонымен қатар зерттеу жұмысын жазуда мерзімдік басылымдар мен Интернет
сайттарының ақпараттары да қолданылды. Осылайша жұмыс барысында біз бірін
бірі нақтылап, толықтыратын ауқымды дерек көздерін пайдаландық.
Диплом жұмысының мақсаттары мен міндеттері.
- 1867-1917 жылдар аралығындағы Түркістан қаласының экономикалық, мәдени
дамуын көрсету;
- Қала және өңір халқының табиғи өсімі, ұлттық құрамы және көші-қон
жағдайын зерттеу;
- Халықтың әлеуметтік құрлымын жан-жақты қарастыру;
- 1917-1989 жж. кеңестік кезеңдегі өңірдің әлеуметтік-экономикалық және
мәдени өркендеуін ашып көрсету;
- Кеңес Одағы тұсындағы қала халқы мен оның маңындағы аудан, ауыл жұртының
ұлттық құрамы, көші-қон процестерін зерттеу;
- 1990-2009 жж. егеменділік жағдайындағы қала экономикасы мен мәдениетінің
дамуына талдау жасау;
- Қала және ауыл халқының ұлттық құрамын, көші-қон жағдайын ашып көрсету;
- Түркістан қаласы мен оның аудан, ауылдарына келіп орналасқан
оралмандардың саны және олардың ортаға үйренісуін анықтау.
Диплом жұмысының мерзімдік шеңбері. 1867 жылдардағы әкімшілік
реформалары кезеңінен бастап, республика тәуелсіздігі жылдарын 2009 жылмен
қоса қамтып, Түркістан қаласы мен агломерациясының әлеуметтік-демографиялық
дамуы мәселелері қамтылған кезең.
Диплом жұмысының территориялық шеңбері. 1867-2009 жылдардың аралығында
Түркістан қаласы мен оның төңірегіндегі елді-мекендер қоса қамтиды.
Диплом жұмысының теориялық және методологиялық негізі. Қоғамдық дамуға
объективті ғылыми талдау жасау қағидаларына негізделеді. Бұл жерде біз
заманауи экономика мен қоғамның дамуын кешенді және жүйелі талдауға
негізделген бағытты ұстанымдары басшылыққа алынды.
Зерттеу әдістеріне келетін болсақ, жұмыс барысында логикалық және
тарихи, салыстырмалы, жүйелік, құрылымдық т.б. негізгі тәсілдер қолданылды.
Тарихи-статистикалық материалдардың өте көп болуына байланысты олардың
шынайы жағдайды сипаттау, тарихпен ұласу дәрежесін анықтау үшін
статистикалық әдістерді де қолдануға тура келді.

1 ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ МЕН ӨҢІРІ ОТАРШЫЛДЫҚ ЖАҒДАЙЫНДА (1867-1917 жж.)

1.1 Қала мен өңірінің сипаттамасы және экономикалық жағдайы

Тарихта қалалар бірден пайда болмаған. Олардың қалыптасуы қоғамының даму
жүйесіндегі терең, сапалық өзгерістерге байланысты болды. Қаланың қалыптасу
алғы шарттары қоғамның қарқынды дамуымен (белгілі бір тарихи және табиғи
жағдайларда), жан-жақты еңбектің бөлінуімен байланысты болды [13]. Көне
урбанизмнің ошағы мен орталығы болып саналған алғашқы қалалық елді
мекендердің қалыптасуы дәл осындай қоғамдық еңбек бөлінісіне байланысты
жүзеге асты.
2000 жылы дүние жүзі көлемінде Түркістан қаласының 1500 жылдығы аталып
өтті. Он бес ғасырлық тарихы бар бұл қаланың өткеніне көз салсақ, қаншама
қилы – қилы кезеңдерді, оқиғаларды бастан кешірген. Бүкіл Түркістан өңірін
дүбірлетіп, сонау шар тарапқа жетіп жатқан сол оқиғалардың бірін білсек,
мыңын әлі білмейміз.
Берісін айтсақ, XII ғасырға дейін Шауһар, XV ғасырдың соңына дейін
Иассы қаласы деп аталған Түркістан XVII ғасырдың басынан қазақ хандарының
астанасы болды. Түркістан – қалаcсының іргесі б.з. 500 жылы қаланып, түркі
халықтарының орталығы болып келеді.
Археологтар Түркістан қаласының тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр.
Түркістан қаласының айналасындағы аймақта тас дәуірі ескерткіштері -
Шоқтас, Қосқорған - бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын
мекен еткеннін көрсетеді. Б. з. б. 2-мың-жылдықтан бастап Түркістан қаласы
төңірегінде Қазақстанның басқа да өңіріңдегідей Андронов мәдениетін
жасаушылар тұрған.
Түркістанның ежелгі аты - Иасы. Археологтар ертедегі Иасының орны
қазіргі Күлтөбеге сәйкес келетінін дәлелдеп отыр. VII-XII ғасырларда
Түркістан төңірегі Шауғар өңірі атанған. Бұл өңір Түрік қағанатына қарады.
IX ғасырда қарлұқтар мен оғыздардың қол астында болды. Бұл өңірге 809-819
жылдар аралығында Хорасан билеушісі әл-Манун, X ғасырдың соңында саманилік
билеуші Наср жаулаушылық жорықтар жасаған. XII ғасырдың 1-ширегінде
қидандар шабуылынан Шауғар құлағаннан кейін, Иасы өлкенің орталығына
айналды. Қожа Ахмет Иасауи осында келіп қоныс тепкен кезде атақ-даңққа
бөленді. Қожа Ахмет Иасауи қайтыс болғаннан кейін оның қабірі басына мазар
тұрғызылды. Ол қасиетті орын деген атқа ие болды. Қаланың Ұлы Жібек Жолының
бойында, Дешті Қыпшақ пен Орта Азияның аралығында болуы, географиялық
жағдайдың қолайлылығы, сонымен бірге адамдардың мазарға тәуәп етуі,
сауданың қызу жүруі елді мекеннің өркендеуіне ықпал етті. Иасы қаласы
туралы деректер XIII ғасырда жарық көрген Киракос Гандзакенцидің \"Армения
тарихы\" атты еңбегінде кездеседі. Бұл еңбекте Иасы қаласы Асон деген
атаумен берілген. Иасы атауы XIV ғасырдан бастап тарихи шығармалардың
беттерінде жиі көріне бастады. Шараф әд-Дин Әли Йездидің хабарларына
қарағанда, 1388 жылы Иасыны Тоқтамыстың әскерлері талқандап, түрік
тайпаларының қасиетті мекеніне айналған Қожа Ахмет Иасауи мазарын тонайды.
Әмір Темір Тоқтамысты талқандағаннан кейін жаулап алған олжаның бір бөлігін
Қожа Ахмет Иасауи кесенесін салуға жұмсайды. Иасы орта ғасырларда Орта Азия
ғимараттары үрдісі бойынша дамыды: қамал, шаһристан, рабад қалыптасты. XV
ғасырдың 1-жартысында Шараф әд-Дин Әли Йезди Иасыны шағын елді мекен болды
деп атап корсетсе, ал XVI ғасырда Рузбехан Исфахани \"Михманна-ме-и
Бұхари\" атты шығармасында Иасыны былайша суреттейді: \"Аса қасиетті
Қожаның сағанасы орналасқан Иасы қаласы өрісі кең әрі құнарлы жер,
Түркістан аймағының орталығы. Иасы қаласына тауарлар мен қымбат бағалы
заттар жеткізіледі де, сол жерде оларды сату басталады. Сондықтан ол
көпестердің тең-тең жүктерін шешіп, саяхатшылар тобын әр елге аттандыратын
орын болды\". XV-XVII ғасырларда зираттың төңірегіне ақсүйектер күмбездері
салынып, олардың ішінде Рабиға Сұлтан Бегім (XV ғ.), Есім хан (XVII ғ.)
күмбездері ерекше маңызды болды. 1579 жылы Иасы қ. Ақназар ханның иелігіне
айналды. Түркістан Есім ханнан бастап Қазақ хандығының орталығы болды. Сол
кезден бастап Иасы қаласы Түркістан деп атала бастады.
Түркістанды 1785 жылы қазақтардан Бұхара билеушісі Мир – Масум шах
Мурад тартып алса, 1799 жылы Ташкент билеушісі Жүніс қожа басып алып, ол
өлгеннен кейін қайтадан Бұхара хандығына өтті. Ақырында 1815 жылдың жазында
Бұхара әмірі Хайдардың қол астына Қоқан ханы Омар тартып алды. Осындай бір
қолдан екінші қолға өту, соның барысында талауға түсудің салдарынан
Түркістан қаласы, оның өңіріндегі елді мекендер қатты күйзелді.
Біздің әңгіме еткелі отырғанымыз – Түркістан қаласы мен оның өңірінің
сан – салалы үлкен тарихының бір кезеңі ғана. Ал бұл кезең әлі күнге дейін
толық зерттеліп, арнайы еңбек жарияланған емес. Оның тарихын зерттеу соңғы
кездерге дейін қажау өріп келген еліміздің сонау кезеңдегі тарихын зерттеу
екендігі сөзсіз.
Зерттей қарасақ, XIX ғасырдың ортасына қарай Түркістан өңірінде
көптеген ірі елді мекендер, бекініс қамалдар болды. Соның ішінде Базарлық,
Қарашақ, Шубанақ, Ұрандай, Шаға, Құрлақ, Ташанақ сияқты елді мекендер
қаламен іргелес жатса, Иқан, Қарнақ, Өгізтау, Сауран, Отырар елді мекендері
алды жиырма арты алпыс шақырым арыда болды. Ал Шелек, Жаңақорған,
Шолаққорған, Созақ сияқты елді мекендер мен бекіністер жүз-жүз елу
шақырымдай алыста жатты. Ал Сырдың арғы бетінде табиғатының өзіндік
кереметі бар, кең жайлау, сахара жатты. Ескі Сейхундария бойындағы керіліп
жатқан кең дала – осы өңір қазақтардың қашаннан бергі жайылымы.
XIX ғ. басында Түркістан Бұхара хандығына қарады. Қала үшін бұхаралық
және қоқандық билеушілер арасында күрес басталды [27]. Бұл тұста
Қазақстанның оңтүстігі әлі Ресейге қосыла қоймаған болатын, мұны
пайдаланған Бұхара, Хиуа және Қоқан билеушілері бұл жерлерді өз
хандықтарына қосып алу үшін қырқысқа түсті. Әсіресе Қоқан хандығы
Қазақстанның оңтүстігіне ие болу үшін ештеңеден аянған жоқ.
Қоқан ханы Әлім 1808-1810 жылдар аралығында Сайрам, Шымкент қалалары
мен оларға жақын аймақты басып алды [28]. 1819 жылы Ұлы жүздің негізіг
бөлігі мен Түркістан қаласы да Қоқан ханының қол астына өтті [29].
1819-1864 ж.ж. Түркістан Қоқан қол астына қарады. Сол кезеңде
Түркістан қаласының аумағы 70 га жуық болды. Оны балшықтан соғылған қамал
қоршап тұрды. Қабырғада 12 мұнара мен 4 қақпа болған [30]. Ресей империясы
мен Қоқан хандығы арасындағы Казақстанның оңтүстік өңірі үшін текетірестің
басталуы қарсаңында қоқандықтардың бұл өңірді түгелдей дерлік бағындырған,
енді өзінің басқыншылык әрекетін үш бағытта жүргізуді ойлады.
ХІХ-ғасырдың 60-жылдарынын басында Ресей Қазақстанның оңтүстігіне
шабуылын қайта жалғастырып, оны Қокан хандығының қолынан түгелдей тартып
алудың идеологиялық дайындығын жасауды аяқтады. Патша үкіметі ішкі жағдайда
да, сыртқы жағдайда да сәтті уақытты күтті.
Осы кезде Ресей империясы үшін сыртқы жағдайда да, ішкі жағдайда
да өте колайлы сәт туып, енді алга койған мақсатгы жүзеге асыруга кірісті.
1861 жылы қокандықтардан Жаңақорган бекінісі тартып алынды.
1863 жылдың басында Ресейге Қоқан хандығы қоластындағы казак жерін алу
үшін шешуші істер аткаруга мүмкіндік туды. Қоканда жаңа хан сайланып, ол
бар-жоғы бір жыл ғана отырды. Тағы да жаңа хан сайлау үшін тартыс басталды.
Содан мемлекет күші әлсіреп, ынтымак, берекесіздік орын адды. Осы жайлардың
барлығы бір жерде Қокан қоластындағы иеліктердің өз дербестігін алуға деген
ұмтылысын тудырса, екінші бір жерде басқа хандық қоластына өтуді ойлаушылар
да болды.
1864 жылдың басынан басталған әзірлік сол жылдың жазына қарай
аякталды. Алатау округі жағынан басшылык полковник М.Г.Чернеявке, Сырдария
бойынан басшылық полковник НА.Веревкинге жүктелді [63].
1864 жылдың көктемінде Әулиеата каласын алу үшін Верный каласынан
полковник М.Г.Черняев баскарған ескерлер шықты. Оларда 16 зеңбірек, тағы
басқа атылытын ірі карулар болды. Әскер кұрамында 67 офицер мен 2571
төменгі шенділер бар еді. Барлық жүк 789 атқа артылды [64].
1864 жылдың 28-мамырында М.Г.Черняев баскарған отряд Меркі бекінісі
түбінен шығып, Ұзынбұлакка жетті. Қокандықгар қаптап келе жаткан орыс
әскерлерін көріп, қорыққандарынан бекіністі тастап, бұл жерге карағанда
орыстармен күресуге мықты деп саналатын Әулиеата бекінісіне карай шегінді.
Қоқандыктар енді осы бекініске жинала бастады.
Осы жерге шағын әскерлерін қалдырған М.Г.Черняев 2-маусымда Әулиеатаға
таяу келді. Бір кезде орыс әскерлерінің токтаған жерінен 5 шақырымдык
жердегі Тектұрмаста қала бегі Ниязәлінің әскері көрінді. Сол күннің кешіңде
әскер қолбасшысы Әулиеата бекінісінің бегі Ниязәлі датқага берілуі жөнінде
хат жолдады. Хаттың үзінділері мына төмендегідей еді: "Мен отрядпен
Әулиеатаны алу үшін келдім... Мен бекіністің берілуіне ұсыныс жасаймын,
өйткені бізден қорғана алмайсыздар. Қоскорған, Күмісқорган, Ақмешіт,
Жаңақорған, Дінқорған түгіл хандықтағы ең мыктысы Пішпекті жанқиярлыкпен
қорғануының өзі біздің алдымызда әлсіз болып шыкты. Ал Құмсуат, Ақмешіт,
Ұзынағаштағы кокандық әскерлердің әрекетінің нәтижесіз аякталганы сіздерге
орыс әскерлерінің күшін дәлелдейді" [65].
Бұдан әрі полковник каланың атыссыз берілсе адамдардың өміріне қауіп
туғызбайтынын, ойлату үшін үш сағат уакыт беретінін жазды. Бірақ айткан
уакытында хабаршысы келмегеннен кейін 4 ауыр, 4 женіл зеңбірекпен кала мен
бекініске карай бірнеше дүркін оқ атты.
Таңертең Әулиеата саудагерінің бірін ертіп хат алып баруышысы оралды.
Онда кала коменданты ойлану үшін 14 күн сұраған екен. М.Г.Черняев Әулиеата
бегіне штабс-ротмистр Ш.Уәлиханов аркылы алғашқы койған талабын
өзгертпейтіндігін білдіріп хабар жіберіп, жауап кешіккен соң бүрынғыға коса
тағы да 8 зеңбірек қосып каланы атқылады.
Ертеңіне орыс әскерлері Талас өзенінің сол жағына өтіп калаға карай
жакындады. Әулиеатаның батыс жағына таяу келді. Барлық артиллерияның аузын
калаға бұрып атқылай бастады да біраздан кейін бүкіл зеңбіректерді калаға
карай тағы да жакындаты түсті. Қокандыктардың орыстарға қарсы аткан
зенбіректері, какпадан шығып карсы ок аткандары ешкандай нәтиже бермеді.
Кала лажсыздан берілді.
Орыстар каланы алғаннан кейін коменданты өзінің 400 әскерімен
бекіністі тастап кашып кетті. Екі сағаттык қатты атқылауға ұшыраған кала
ауыр зардап шекті. Әулиеата каласын аяусыз атқылау жөнінде полковник
М.Г.Черняев бұйрык бергенде штабс-ротмистр Ш.Уәлиханов каланы аткылауға
болмайтынын, өйткені онда бейбіт халықтардың зардап шегетінін, тіпті
қокандыктардың карсы тұратындай күшінің жок екенін айтқан. Бірақ оны
тыңдаған полковник болмады. Соның салдарынан қалада 307 адам өліп, 390-нан
астамы жаракаттанды, 341 тұткындадды [66]. Олардың ішінде әскерлер гана
емес сонымен бірге каншама бейбіт халыктар зардап шекті.
Осы кезде Сыр бойынан келе жатқан екінші отряд казак халкының байырғы
астанасы Түркістанга карай бағыт алды.
1864 жылдың мамыр айының 22-жұлдызында Н.А.Веревкин бастаган орыс
әскерлері Перовск фортынан аттанды. Н.Л.Веревкин сол жылы Сырдария әскери
шебінің колбасшылығына тағайындалған болатын. Қоқан хандығы коластындағы
мықты бекіністің бірін алғаны үшін полковник шеніне ие болған ол бүл
өңірдің жер жағдайын, қокан хандығының әскерлерімен соғыс жүргізу
тәсілдерін біршама игерген еді.
Полковник Н.А.Веревкин отрядының кұрамына 5 рота жаяу әскер,
казактардың екі жүздігі, 100-ден астам казақ жауынгерлері болатын. Әскердін
құрамында 44 офицер мен 1593 төменгі шендегілер болды. Бұл әскерлер
өздерімен бірге 10 зеңбірек, 6 кіші зеңбірек, 2 ракеталык станок алып
шыкты. Сырды жағалап жоғары өрлеген орыс отрядымен бірге арнайы "Перовский"
кемесі жүріп отырды [67].
1864 жылдың 4-маусымында орыс әскерлері калаға таяу келгенде Түркістан
бегі Мырза Дәулетүлы орыс әскерлеріне бірден тойтарыс беріп, ойламаған
жерден Н.А. Веревкиннің өзін алғашта катты састырды. 8-маусым күні орыс
әскерлері оқ-дәріні аямай Карашык өзеніндегі әскерді зеңбірек оғының астына
алды. 9-маусым күні орыс әскерлері каншама әрекет жасағанымен калаға
жакындай алмады.
Орыс әскерлерінің камалды қоршау әрекеті 12-маусымга қараған түні одан
әрі жалғасты. Түркістан 12 маусым күні тәңертең алынды. Біздің шығын 5
адам қаза тапты, 33 адам жарақаттанды, - деп полковник Веревкин өз
мәлімдемесінде береді [68]. Қокан әскерлерінің корғаннан шығып кайта-кайта
орыстарға карсы жасаған шабуылдары нәтижесіз аякталды. Ешбір шарасыз Мырза
Дәулетүлы 12-маусым куні таң ата өзінің 300 адамын алып, бекіністе 4
зеңбірек, 100 мылтық, 200 пұт мылтық дәрісін т.б. тастап, Ташкентке карай
тартуға мәжбүр болды.
Каланы алу кезінде орыс әскерлерінің зеңбірегінен атылған он бір оғы
Әзірет Сұлтан кесенесінің оңтүстік-батыс бұрышының жоғары жағын опырып
кетті. Жалпы Түркістан каласын алу кезінде орыс әскерлерінің түрлі
каруларынан барлығы 43208 ок атылған екен.
Түркістан қаласының орыс әскерімен басып алуы деректерде әртүрлі
уақытты көрсетеді. Мысалы По горам и степям Средней Азии. Путевые заметки.
От укрепления Джулека до города Туркестана (Туркестанские ведомости ) былай
беріледі: Түркістан Орта Азияға барар жолында ең алғашқы түземдік қала.
Бізге дейін ол Қоқан хандығының қол астында болса, 1864 жылы біздің
әскерлер оны басып алды ... 12 шілде 1864 жылы Түркістан... 22 қыркүйекте
сол жылы Шымкент, ал маусым 1865 жылы Ташкент [69]. Демек, шілде айының
12-жұлдызында десе, басқа деректерде 12 маусым деп көрсетіледі.
1864 жылы Жаңа низамнан кейін Ресей империясы өзінің төңірегіндегі
шағын елдерді, олардың кең-байтақ жерлерін қарамағына алып, халқын өзіне
тәуелді етуді көздейді. Осы бағытта елді басқарудың жаңа жүйесін енгізу
үшін әртүрлі саяси-әлеуметтік реформалар жүргізе бастайды. Қазақ жерін,
Орталық Азияны қол астына қарату бағытында түрлі айла-әрекеттерге барып,
әскери жорықтар жасау арқылы империялық мақсатын орындап отырады. Соған
орай, қазақ жері де төрт генерал-губернаторлыққа бөлініп, оларды орыс
патшасының әскери генералдары басқаратын болды. Түркістан әскери округінің
генерал-губернаторлығы 1867 жылы қоңыр күзде құрылды. Аумағы Жетісу мен
Сырдария аралығындағы ұлан-ғайыр аймақты алып жатты. Сырдария аймағы,
Түркістан, Шымкент, Қожакент, Перовск, Әулиеата, Қазалы, Ташкент тағы басқа
уәләяттарды қамтыды.
1867 ж. құрамына Жетісу және Сырдария облыстары кіретін Түркістан
генерал-губернаторлығының құрылуы өлкедегі әскери-саяси жағдайды өзгертуге
септігін тигізді. Қазақстанның Ресей қоластына кіру үдерісінің аяқталуы
патшалықтың өлкедегі әскери-отарлау саясатына өзгерістер алып келді.
Қазақстан мен Орта Азияның Ресейге қосылуы нәтижесінде өлкедегі экономика
мен сауданың дамуына бөгет болған тайпа, руаралық қақтығыстар мен феодалдық
бытыраңқылық жойылып, өлкенің жекелеген облыстарында мүшкіл экономикалық
жағдай қалпына келе бастады. Жалпы ресейлік және әлемдік сауда-саттыққа
қосыла отырып, өлке шаруашылық тұрғыдан да дамыды.
Осылайша, ХІХ ғ. екінші жартысында Түркістан өлкесіндегі отырықшы және
көшпелі халықтардың сауда-экономикалық байланысы дамып, соның нәтижесінде
ішкі нарық қалыптасады, қазақ және өзбек халқы арасындағы еңбек айырбасы
дамып, олардың арасында өзара байланыс дамиды.
1870–1880 жылдарда Ресейде фабрикалық тоқыма өндірісінің шапшаң өсуімен
байланысты Қазақстан базарларына Ресейден мата көп келетін болды. Сонымен
бірге күнделікті тұрмыста қолданылатын бұйымдар (самауыр, қазан, шалғы,
орақ, кетпен, ошақ, балта, пышақ, т. б.) көтеріңкі бағамен сатылды.
Қазақстан бұл тауарларға айырбасқа мал мен мал шаруашылығында өндірілетін
шикізат берді. Қазақ халқы айырбас шартының қандайына болса да келісуге
мәжбүр болды, өйткені ол өзіне қажетті тауарларды еш жерден сатып ала
алмайтын еді және шаруашылығының артық өнімдерін тиімді өткізе алмады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстан Ресейдің маңызды сауда-
экономикалық аймағына айналды. Түркістан уезінде 1885 ж. – 6 базары болды.
Түркістан қаласында генерал-губернатор К.Кауфманның 1879 ж. рұқсаты бойынша
әр жұма сайын базар күні болып белгіленді [76].
1872 жылдан Түркістан уездік қала аталды. Патша үкiметi болыстар мен
ауыл ақсақалдарына белгiлi бiр мерзiмге сайлау науқандарын жүргiздi. Соның
бiрi – 1874 жылғы сайлау барлық жерде бiрдей жүргiзiлсе, 1876 жылы
өткiзiлген қайта сайлауда көптеген болыстар мен ауыл ақсақалдары қайта
сайланды. Ал, 1882 жылғы Шымкент уезiндегi 16 болыста 158 ауыл және
ақсақалдық болса, Түркiстан уезiнде 6 ақсақалдық, 11 болысқа барлығы 76
ауыл қарады [77].
1878 ж. ішімдік орындарынан Түркістанда 1 шарап көтерме қоймасы және 8
ренсковые погреба деп аталатын 8 қойма жұмыс істеген. 1879 ж. осыған қоса
1 қонақ үй ашылды [8]. Қала құрылыс нысандарын жөндеу үшін арнайы қаражат
бөлінгенімен өте аз болды. Соның салдарынан көп үйлер жарамсыз жағдайға
келіп ұшырады. Жөндеу жұмыстарына 1880 ж. 1411 сом жұмсалды, оның ішінде
түрменің жөндеуіне – 133 сом, түрме бастығының пәтеріне – 70 сом, дәрігер
мен аптека, аурухана жөндеу жұмыстарына – 35-40 сом [9].
Түркістан уезіндегі негізгі су көздері және Кеңкүрек, Теке, Шілік
өзендерінің жағалауындағы егіншілікке қолайлы жерлердің барлығы да сарттың
иелігінде болса, керісінше егін шықпайтын Мойынқұм, Шу өзенінің
жағалауындағы қамысты құрақтар, Саураннан Жаңақорған станциясына дейінгі
жерлер қазақтарғатиесілі болған. Олар Хантау, Сүйіндік шатқалы мен Жиделі,
Бесарық сайындағы аз бұлақ көздерін пайдаланды. Су көзінің кем болуы және
егістікке қолайлы жердің жетіспеуіне қарай қазақтардың аз бөлігі
егіншілікпен айналысты және мұның өзі де қымбатқа түсті. Біріншіден
қарапайым шығырдың өзіне 30 сом, екіншіден тәулігіне жұмысшыға 2-3 сомнан
төлеуі тиіс болды.
1887 ж. қала Шымкент уезінің құрамына енеді.Түркістан қалалық
бюджетіне негізгі кіріс қала тұрғындарының мүлкінен, саудадан түсетін қаржы
көздерінен құрылды. Қаланың әлеуметтік қажеттілігі ескерілмей, кіріс сома
негізінен полиция, түрме, әскери казармаларды қамтамасыз етуге жұмсалды.
Қалада канализациялар болған жоқ, көшелер лас, базар антисанитарлық күйде
болып, медицина қызметіне өте аз қаражат бөлініп тұрды. 1882 ж. қалада бір
ғана аурухана жұмыс істеді. 1888 ж. Түркістан қаласы медицина саласына 3890
сом жұмсалды [86]. Сырдария облыстық әскери губернатордың мәлімдемесі
бойынша жылыту және жарықтандыру жұмыстарына 119,47 сом жұмсалса,
көпірлерді, көшелерді, жолдарды жөндеу үшін жоспарланған 200 сомның орнына
150 сомы ғана пайдаланды [87].
1878 жылы Түркістанда мемлекеттік мекемелер саны – 6, қоғамдық
мекемелер - 1 болды. Жылдық сауда айналымы – 170000 рубльді құрады [78].

III Александр патшаның Түркiстан өлкесiн басқару туралы 1886 жылғы
маусым айының 2-шi жұлдызында қол қойған Жарлығы кең-байтақ өлкенi
басқарудың бүкiл құрылымына реформа жасауды бастап бердi. Жаңа ережеге
сәйкес Түркiстан генерал-губернаторлығына Сырдария, Ферғана, Самарқан
облыстары кiргiзiлдi. Сырдария облысы 5 уезден тұрды, оның iшiнде Шымкент
уезi 91025 шаршы шақырым жердi алып жатты. Бұл дегенiңiз Шымкент уезiнiң
жер көлемi қазiргi Оңтүстiк Қазақстан облысының жер көлемiне жақын деген
сөз едi. Ал, 1897 жылы жаңа генерал-губернаторлықтың құрамына қайтадан
Жетiсу облысы берiлдi. Бұрынғыша генерал-губернаторлардың билiгi сақталып,
дара билеушiге айналды. Облыстардың билiгi әдеттегiдей әскери
губернаторлардың қолында болды. Жоғары билiк жүргiзудiң осылай құрылуы олар
үшiн жиырма жыл бойы өзiн-өзi ақтап, әсiресе жергiлiктi жерлерде өлкенi
отарлауды жеңiлдеткен едәуiр сындарлы басқару жүйесiн нығайта бердi.
Бұл кезде оңтүстiк өңiрiне орыс қоныс аударушылары келе бастады.
1875-1895 жылдары Сырдария облысында 52 орыс елдi мекенi құрылып, оның
iшiнде Шымкент уезiне 17 орыс ауылы қарады.
Облыста iрi елдi мекендер мен қалалар халқының саны өстi. 1910 жылы
Шымкент қаласында 21 мыңнан астам тұрғын, оның iшiнде 7996 ер мен 13781
әйел болды. Жалпы, тұрғындардың iшiнде жергiлiктi халықтар көп едi. Бiрақ
жыл өткен сайын Шымкент қаласында орыс тұрғындардың саны көбейдi.
Ресейдiң орталық бөлiгiнен келiмсектердiң көбеюiне байланысты қазақ
шаруаларының жерлерi барған сайын тарылды, олар шұрайлы жерлерiнен айырылып
тау-тасты, құнарсыз жерлерге қарай қуылды. Сөйтiп, Оңтүстiкте басқа
ұлттардың саны өсе бастады.
Осы кезде Шымкент өңiрiнде Сырдария, Байырқұм, Сарыкөл, Бөрiжар, Ақтас,
Қазығұрт, Бадам, Қарамұрт, Машат, Майлыкент, Қошқарата, Боралдай, Арыс
болыстары бар едi. Сондай-ақ, Қарабұлақ, Машат, Сайрам, Қарамұрт, Сұлтан
Рабат, Янгалық, Донгузлан сияқты iрi елдi мекендер де бар едi. Ал,
Түркiстан уезiнде Бөген, Шаян, Қаракөл, Жылыбұлақ, Арыстанды, Ақмола, Ноғай
қорған, Ақтөбе, Хантағы, Қаратау, Шу болыстары мен Қарнақ, Иқан, Шiлiк,
Созақ, Шолаққорған сияқты iрi елдi мекендер болды.
Тұрғындар саны 1887 жылы Ақтас болысындағы  7 ауылда 5380, Ақтөбе
болысындағы 10 ауылда 6148 адам тұрды. Ал, Арыс болысындағы 7 ауылда 8095,
Арыстанды болысындағы 9 ауылда 4905, Бөген болысындағы 9 ауылда 5410,
Байырқұм болысындағы 10 ауылда 6255, Боралдай болысындағы 10 ауылында 8215,
Бөрiжар болысындағы 8 ауылда 6150, Жылыбұлақ болысындағы 8 ауылда 5165,
Қазығұрт болысындағы 8 ауылда 5365, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркістан қаласы мен агломерациясының әлеуметтік-демографиялық жағдайы (1867-2009 жж.)
Түркістан қаласының тарихы (ХІХ –ХХ ғ.ғ.)
XIX ғ. II жартысындағы Түркістан қаласындағы отарлық билік жүйесінің қалыптасуы мен қызметі
ХIX ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басындағы Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі сауда жүйесінің дамуы
Оңтүстік Қазақстанға өзге ұлттардың қоныстануы
Қазақстанды Ресейге қосып алудың басталуы. (ХҮІІІ ғ. 30-40 жж. )
Алматы қаласы: тарихы және бүгінгі жайы
Қаланың рекреациялық инфрақұрылымы
Қазақ тарихы жайлы
Қазақ әлемі
Пәндер