Ұлттық мәдениеттің дәстүрдегі көрінісі


Ұлттық мәдениеттің дәстүрдегі көрінісі
Жұмашева Ақжұма Зейнуллақызы
Резюме Выражение национальной культуры в традициях.
Бала тәрбиесіндегі ең негізгі тірек бұл халықтық педагогиканың бай мұрасы деп есептейміз. Осыған орай жас ұрпақтың бойында халықтың педагогиканың озық дәстүрлері арқылы эстетикалық тәрбиені қалыптастыруда мүмкіндік жасайтыны дәлелденген.
Мектепте оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, балаларға эстетикалық тәрбие берудің негізгі жолы халықтық педагогиканың озық дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастыру болып табылады. Осыдан баланың өзі жолдастары мен құрбыларымен және ересек адамдармен қарым-қатынас жасауда халықтық дәстүр негізінде әрі әсерлі, балалардың көңіл-күйін туғызатын қызықты іс-әрекеттерді педагогикалық, психологиялық талаптарға сай ұйымдастырылуы қажет. Тәрбие үрдісі үнемі білім беру негізінде жүріп отыру керек. Халық дәстүрінің бала ұғымына сай жүйесін іріктеп оқуға берілген тапсырмалардың орындалуына нақтылы талап қоя білуі қажет.
Бала тәрбиесі қай халықты, қай ғасырда болмасын толғандырған. Халықтың озық дәстүлері туралы жинақталған материалдарға елжандылық саналар тұрғысынан балаларды жағымды іс-әрекеттерге қызықтыратындай жанды кейіпкерлердің бейнесіне еліктейтіндей, мысалдар мен мазмұндарға педагогикалық талдау жасалды.
Ұлттық салт-сана сол ұлттың мәдени дәрежесін, рухани сапасын көрсетеді. Этнопедагогиканың негізіг бір саласы - ұлттық салт-дәстүрлер болса, сол ұлттың салт-санасының қалыптасу заңдылықтары бар, яғни мәдени өзегі мен өркендеу өрнектері айқын көрінеді. Ұлттық салт-сананың қалыптасуының бастауы сол ұлттың құрамындағы жеке тұлғалардың игі әдеттерінен басталады. Игі әдеттер жеке тұлғаларға әсерін тигізіп, ол көпшіліктің қолданысына айналады да, ол ұлттың мәдени іргенегізі болып қаланады.
Әрбір ұлттың мәдени негізі - әдеп (этика, этника) ұлттық заңды қолданысқа айналса, оны дәстүр дейміз. Дәстүр өмірге біржола кіріккенде ол - салт болады. Сөйтіп мәдени іс-әрекеттің ұлттық қасиетке айналуы салт-сана деп аталады. Бұл құбылысты этнопедагогикада мәдени сәулет дейміз.
Ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданылмалы көріністері рәсімдер, рәміздер, ырымдар, тыйымдар, жөн-жоралғылар, діни уағыздар, сенімдер арқылы кісілік, перзенттік парыз, елжандылық борыш, ұрпақтық міндет арқылы іске асырылып, салауаттылық, имандылық, эстетикалық, мейірімділік, қайырымдылық сияқты мәдени көріністерін табады.
Ұлттық мәдениеттің дәстүрдегі бастау көрінісі - сәлемдесу. Сәлем - әдептіліктің, яғни мәдениеттіліктің белгісі. Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем ету сияқты түрлері өзінің жөн-жоралғылық (мәдени) ерекшеліктері мен сараланады. Қазақ елінің сәлем ету кезінде инабаттылық көрсетіп, үлкенге шынайы күлімдеп, жылы шырай көрсетсе, оның мәдениеттілігінің өз дәрежесі белгілі болады.
Ұлттық мәдениеттіліктің белгілері, әсіресе, отбасындағы сыйласымнан көрінеді. «Әке - отбасының пірі», «ана - әулеттің күні» деп халық отбасындағы сыйласым мәдениетін ең әуелі ата-ананы сыйлаудан бастауды үйретеді, талап етеді. Отбасындағы сыйласымдық дәстүр бойынша ата, әке, аға, іні, әже, ана, әпке, сіңілі ұғымдарына сәйкес әрбір адамның өзінің сыйласымдық міндеттері мен борыштары және перзенттік парызы болады.
Халық отбасынан кейінге сыйласым мәдениетін ұлағатты ұстазға инабатты бола білу деп түйеді. Өйткені ұстаз өнеге көрсетеді, мәдениеттілікті үйретеді. Сондықтан шәкірт ұстаздан мәдениеттілікті үйрену мен қатар, ұстазбен мәдениетті түрде қарым-қатынас жасай білуге міндетті. Оның үстіне ұстаз «сегіз қырлы, бір сырлы» өзінің мәдениеттілік қасиеттерін шәкіртінің бойына сіңіріп, жүрегінде нұр жандырады. Ұстазын сыйлай білген шәкірт, өзінің ата-анасын, халқын да сыйлай білетін мәдениетті азамат болып өседі.
Ұлттық дәстүр бойынша, әдеппен сөйлеу, көпшілік орындарда әдепті болу, инабатты, иманжүзділік талап етіледі. Үлкеннің атына сыйласым мен ізеттілік белгісі ретінде «еке» деген сыйласымдылық жұрнақ қосылып (Әдеке, Беке, Ардеке т. б. ) айтылса және «апашым», «апатайым», «ағатайым» деп атаса, кішілерге және балаларға сөз айтқанда «жаным», «күнім», «айым», «ботам», «құлыным» деген инабатты сөздер қосылып айтылып, дәстүрлік мәдени үрдістер қолданылады.
Қазақтың ұлттық, имандылық, эстетикалық, қайырымдылық, мейірімділік, ізеттілік, инабаттылық дәстүрлері, меймандостық, қонақжайлылық рәсімдері - ұлттық мәдениеттің айқын белгілері болып саналады. Мысалы, кісі күту дәстүрі бойынша қонақ қабылдау, қонақасы беру, қонақ кәде жасау ұлттық мәдени рәсімдер арқылы орындалады .
Халықтың ұрпақты әдептілікке (мәдениетке) тәрбиелейтін ұлағатты ұғымдары мен ырым, тыйым сөздерінің мәдени-тәрбиелік мәні зор. Салауаттылық, үнмешілдікке, ұқыптылыққа, яғни мәдениеттілік негіздерін білуге тәрбиелейтін.
Халық ұрпағынан ағайын, жекжат жұратты сылау дәстүрлері арқылы аталас, ауылдас, құда, нағашы, күйеу, жезде, жиен, дос, таныс, ұжымдас адамдармен сыйласу мәдениетін талап етеді. «Аталастың аты озғанша, ауылдастың тайы озсын», «Құдаңды құдайыңдай сыйла», «Шын дос болу - бақыт» деп халық адам сыйлаудың ғажап үлгілерін ұрпағына үнемі үйретіп отырған.
Әлемнің екінші ұстазы аталған ғұлама Әл Фараби (870-950 жж) ұлттық мәдениет жеке адамның мінез-құлқынан басталатынын дәлелдеп, мінез әдеттен бастау алып, «абзал әркет» инабатты (мәдениетті) мінез-құлықты қалыптастыратынын айтады. Білімді адам тәрбиелі (мәдениетті) болу керек дейді. «Тәрбиесіз «мәдениетсіз» білім адамзаттың қас жауына аналады» дейді. «Қайырымды қала» мәдениетін арттыратын негізгі мәселелер - білім, өнер, әдебиет (поэзия), музыка деп көрсетеді.
Қазақ халқының ұлы педагогы Ы. Алтынсарин ұлттық мәдениетті дамытудың негізгі құралы - оқу, мектеп ашу (елге білім беру) деп, ауылдық, болыстық мектептер ашып, қыздар училищелерін, мұғалімдер семинарияларын ұйымдастырды. «Өнер-білім бар жұрттан» үлгі-өнеге алуға шақырады.
Абай дана «ғылым таппай, баптанба, өнер таппай мақтанба» деп, ұлттық мәдениетті дамытудың түп негізі - білімде, өнерде деп көрсетті. Ол үшін «өткірдің жүзі, кестенің бізі» сала алмаған өрнекті сөзбен өрнектейтін ана тілін қадірлеу қажет екенін айтып, бес нәрседен (өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншек бекер мал шашпақ) қашық болуды, бес нәрсеге (талап, еңбек, терең ой, қанағат рахым) асық болуды уағыздайды. Яғни талап, қанағат, рахым сияқты мәдениеттілік белгілерін жоғары бағалап, жеке тұлғаға жеткізе ұсынады.
Кейінгі ұрпақтың өмірге көзқарасында жаңа бетбұрыстар басталды. Еліміздің өркениетті мемлекеттер қатарынан көрініп, нығайған елге айналуы ұрпағымыздың меңгерген сапалы білім дәрежесі мен жан-жақты дамуына, олардың бойында ұлттық сана мен ұлттық мінез қалыптастыратын парасатты тәлім-тәрбие беруімізге байланысты.
”Өнер алды-қызыл тіл” дейтін халқымыз өз ұрпағын дүниеге шыр етіп келген күннен бастап құнарлы сөздің құндағына бөлеп, әсем әннің әуенімен әлдилеп өсіруді дәстүрге айналдырғаны белгілі. Талай ғасырлар бойы жасалған халықтың осындай асыл мұраларымен таныстырып, оның мөлдір бұлағынан сусындату мақсатымен оқулық алық ауыз әдебиеті үлгілерімен берілген шығармаларымен ашылып отыр. Ана тілі сабағында балаларды ”Сөз өнері” деген ғажайып әлемге саясаттары көркем сөздің шынайы үлгісі шешендік сөздерден басталады. Сондай-ақ оқулықта ана тілінің бүкіл асыл қасиеттерін бойына сіңірген. А. Құнанбаевтың, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаевтың, С. Сейфуллиннің, М. Әуезовтың т. б. көркем ақын-жазушылардың туындылары жинақталған.
Жалпы алғанда, ”Көркем әдебиет”, «Тіл дамыту» сабақтарын оқыту барысында балалар үлкен адамдардың ерлік істерімен, еңбек, еңбек жолымен танысу арқылы қоғам игілігіне адал еңбек етуге, елжандылықке, шыншылдыққа бірін-бірі және үлкендерді сыйлап, кішіпейіл, қайырымды болуға тәрбиелейді. Туған еліміздің көркем де сұлу табиғаты жайлы, елін, жерін құрметтеп өсуге тәрбиелейді. Сондай-ақ оқулықтағы материалдар қасиетті халқымыздың ата тарихымен, ұлттық салт-сана дәстүрлерімізбен, елін, жерін қорғауда өмірлерін құрбан еткен ерлердің істерімен оқушыны таныстыру арқылы оның өз атамекенін сүю, аталар дәстүрін көздің қаратығындай сақтап жалғастыру, туған жерін қорғау сияқты қасиетті міндеттерге жүктеу мақсатын көздейді.
”Ана тілі - ой өсіреді, Ана сүті бой өсіреді” деп халық айтқандай, ел басынан кешірген тарихи кезеңдердің көркем шығармаларындағы бейнесі оқушының таным қабілеттерін арттырары сөзсіз”. Халық педагогикасының бастауы негізінен отбасында басталады. Жағымды салт-дәстүрге үлкендердің үлгі-өнегесі арқылы әдет дағдыға айналады. Мысалы: сауап, кесір, обал, ысырап-халық педагогикасының күнделікті тәрбиелік тәсілдерінде қолданылатын ережесіҰлттық салт-дәстүрлерді қалыптастыру үшін оны әдетке айналдыру керек. Сөзден гөрі үлгі - өнеге әдет іске, дағдыға байланыстыру және баланың қажетіне айналдыру үлгі-өнеге әдетке, дағдыға одан қажетке айналғанда ол дәстүрге, әдет-ғұрыпқа, салт- санаға айналып, өмір заңдылығына айналады. Ал өмір заңын бұзу қоғам мүшесі үшін күнә, қылмыс, "жүгенсіздік" деп есептеледі.
Ұлттық тәрбие әдістері деп мына төмендегі әдістерді айта аламыз. Сенім; үлгі-өнеге көрсету; талап қою; бұйрық; түсіндіру, ұғындыру, мысал арқылы дәлелдеу, көзін жеткізу; әңгімелеу, шешендік өнер үлгілері; сенім, ырым-жырым, наным; тұспалдау, жанамалап ұғындыру; айту; өткір сөз; әзіл-сықақ, әжуа, өкпе-наз арқылы білдіру; жаттығу, үйрету; тілек, бата, алғыс айту; кеңес беру, қолдау, ылдау; ишарабпен, жұмбақтап, қимыл-қозғалыспен көрсету; жоратпау; тыйым салу, жазалау, ұрсу, жеку, қорқыту, сабау, қарыс, ұлттық ойын, жарыс сабақ .
Қазақ баласына арнайы мектепте әдеп сабағын оқытпаса да өмірде әдептілікке, ізгілікке тәрбиелей білген.
Әдеп деген не? Әдеп сақтаудың әлеуметтік /қоғамдық/ мәні зор. Әр әулеттің мүшелері қалыптасқан әдептілікті сақтауға міндетті. Әдептілікті бұзған адамға үлкен-кіші, демек қоғам, әулет мүшесі өз пікірін айтуға, тиым салуға ерікті, үйткені әдеп сақтау әлеуметтік дәстүр.
Әдеп сақтау - этикет, яғни мінез-құлықпен қарым-қатынастың қалыптасқан, халықтың ережесі. Ол ереже бұзылса, халықтық дәстүрде бұзылады, ұлттық намысқа нұсқан келеді. Әдеп сақтау ұлттық рәсімге, тәртіпке, ережеге амалсыз бағыну емес, сол заңдылықтарды құрметтеу, қастерлеу, атап айтқанда, елжандылық борышты өтеу болып табылады. "Әдептілік, әдемілік" - дейді халық. Әдеп сақтаудың психологиялық әсері де мол болады. Әдептілік-имандылық, кішіпейілділік, көпшілдік деген сөз.
Ендеше тәжірибеде көрсетілгендей психологиялыќ қолайлы жағдай болған отбасында, балалардың дұрыс дами алатындығы белгілі. Ата-аналардың еңбек сүйгіштігі, рухани елжандылық мәдениеті, ата-аналыќ жауапкершілігі баланың жеке тұлға болып, ќалыптасуына эстетикалық тәрбие оң ыќпал жасайды деп айта аламыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Назарбаев Н. Ә. Қазақстан Республикасы президентінің Қазақстан халқына жолдауы, Астана., 2007.
2. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы АСТАНА. 17 қаңтар. 2014.
3. Ұзақбаева С. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрлері. А., 1990.
4. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. А., «Санат» 2001.
5. Ә. Табылдиев. Халық тағылымы. “Қаз. Универ” 1999.
6. Қалиев С., БеркімЖбаева Ш. Қазақ тәлімінің тарихы. А., 2003.
7. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының ғылыми методологиялық негіздері. АГУ. Хабаршы. 19, 21 сандары. 1995.
Қосымша
Тақырыбы: Батаменен ел көгерер . . .
Мақсаты: Халқымыздың ежелгі дәстүрі бата беру, ата-бабаларымыздың ұрпақтан ұрпаққа, атадан балаға, өнегелі тәрбие, ақтілеу болып келе жатқандытан түсіндіріп оқушыларды осы дәстүрде тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Жарты киіз үй, бата беріп отырған ата суреті, ұлағатты сөздер, буклеттер, альбомдар.
Техникалық құралдар: Магнитофон, күй табақ.
І-бастаушы:
«Атамекен» бағдарламасының "Бабалар өсиеті" бағыты бойынша «Батаменен ел көгерер» атты класс сағатымызды бастаймыз.
Музыка: "Фараби сазы" магнитофон баспасына басылған Әл-Фарабидің батасы.
І-бастаушы:
Құрметті балалар, бұл бата, шығыста екінші ұстаз атанған ұлы бабамыз, өзіміз оқитын алтын ұя мекгебіміз есімімен аталған Әл- Фарабидің сендердей пәк өрендерге "Өркенің өссін" деп берген ақ батасы.
2-бастаушы:
Міне, ұлы ғалым дін мен шылымды қатар ұстаған, оның мәнін ұрпаққа түсіндірген. Мұсылман елдеріндегі секілді, әсіресе біздің қазақ халқында бата беру үлкен өнер, тәрбие, ұлағат. Бұрын бата берген шешендер көп болған, олардың батасы кісілікке, имандылыққа, мейірімділікке толы ақ ниет, ақ тілектер. Сол сәуегей бабаларымыздың бірі -Қорқыт баба. Ол талай-талай жыр толғап күй шерткен.
Музыка: Қобыз сарыны, Қорқыт бабаның батасы: Қарлы заңғар тауларың күйремесін, басыңа көлеңке болған бәйтеректеріңе балта тимесін, мәңгі гүрілдеп аққан сүлу өзендерің шөлге айналмасын. Астыңа мінген ақ боз атың шабысынан таймасын. Құдайдың өзі берген бағаң өшпесін, үмітің өлмесін ! Соған аумин айтам !
3- окушы:
Бабамыз біліп айтқандай, қазақ халқының жері, тау-тасы талан-таражға түсті, орман ортайды, өзен, көл, арал азайды , Балқаш былғанды. Дінімізден, тілімізден айрылып, салт санамызды ұмыта бастады. Сол салт-сана, ұлттық үлгі дәстүр бата беру.
4-оқушы:
Бата беру көбіне өлең түрінде, елге тыныштық, жасөспірім балаларға бақыт, тілек ретінде айтылған. Бұрын бата беру - ескі ырым, діни соқыр сезім деп тыңдамадық. Қол жайып, бұрын жастар қариялардан бата тілейтін, оның бәрі кезінде ұмыт болды. /Наурыз туралы ән-күй.
5-оқушы: Міне, ұлыстың ұлы күні Наурызымыз бізге қайтып оралды. Көптеген салт-дәстүр, әдет-ғұрып қайта жаңғырды.
Жаңа жыдда жаңа тілек тілейік,
Ескі жылдарды ескереде жүрелік
Күйін көріп қуанған мұңсыз дене,
6-оқушы:
Наурыз батасын оқиды:
Дәулетті бас берсін,
Бақытты ас берсін
Ұлыстың ұлы күнінде
Ұлың оңға қонсын
Қызың қырға қонсын
7- оқушы:
Міне: жылмырзаның батасы осы. Батаменен ел көгерер, жауынменен жер көгерер дегеңдей, қазақта батаны шешендер, билер, батырлар берген. Бойында таланты бар балаларды дүниеге келгенде "пәленшеге" ұқсап өссін деп ырым етіп атын қойып бата Имаштан ауыл ақсакалдары төл немерең ғой бата бер дегенде:
8- окушы:
Алатаудың қыраны мол еді, қыраш болсын, құлыным
Қойнауы суға мол еді - бұлағы болсын құлыным
Елінің тілегі зор еді - шыраш боясын құлыным
Бұл жер батырлар төрі еді, сыңары болсын құлыным.
9- оқушы:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz