Футбол ойынының шығуы мен дамуы



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Футбол ойынының шығуы мен дамуы
2. Тарихы
3. Футбол ережелері
4. Әлем чемпионатында жеңіске жеткендер
Пайдаланылған әдебиет
Футбол — спорттық ойын түрі, аттауы ағылшын тілінің foot – аяқ, ball – доп деген сөздерінен шыққан. Футбол — әлемге аса танымал ойындардың бірі. Ойын ұзындығы 100-110 м, ені 64-75 метрлік шаршы алаңда өткізіледі. Биіктігі 2 м 44 см, ұзындығы 7 м 32 см-лік қақпасы бар. Қақпаның сыртына тор керіледі. Футбол добының салмағы 396-453 г, диаметрі 68-71 см. Ойынға 11 ойыншыдан екі команда қатысады. Олар қақпашы, қорғаушылар, жартылай қорғаушылар, шабуылшылар болып бөлінеді. Ойын арасында 15 минуттық үзілісі бар, 45 минуттық екі кезеңде өтеді. Өз айып алаңында қақпашыдан басқа ойыншы допты қолымен ұстауға болмайды.
Футболдың алғаш 1863 ж. Англияда арнаулы ережесі бекітіліп, тұңғышқауымдастық құрылды. Сондықтан Англия аталмыш спорт түрінің отаны болып есептеледі. Бірақ Футболға ұқсас аяқдоп ойынының түрлері ежелгі Мысыр, Қытай, Грекия, Римде, ал онан кейінірек Франция мен Италияда дамыған. Кейін бұл спорт түрі біраз өзгерістерге ұшырап, футбол деген атаумен бізге жетті.
19-ғасырдың соңына қарай футбол Еуропа мен Латын Америкасы елдеріне кеңінен тарай бастады. 1904 жылы халықаралық футбол федерациясы (ФИФА), 1954 жылы Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) құрылды.1900 жылдан бастап олимпиялық ойындар бағдарламасына енген. 1930 жылдан бастап төрт жылда бір рет әлем чемпионаты және 1958 жылдан бастап Еуропа кубогі үшін жарыстар өткізіліп тұрады.
Қазақстанға футбол 1909-1910 жылдары келді.
Әуелі Орал, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Семей, Петропавл қалалары жастарының ермегіне айналған өнер, бара-бара бұқаралық сипат алды. Қолда бар деректер бойынша алғаш команда құру 1911 жылдан басталған. Семейде М.Сайдашев, А.Кәрімов, Ю.Нығматулин, т.б. жергілікті қазақ және татар жастарынан тұратын “Жарыс” командасын құрып, көптеген өнерпаздар мен спортшылардың елге танылуына себепкер болды. Сол команданың құрамында ұлы жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезов жартылай қорғаушы болып ойнаған. 1914 жылы семейліктер алғаш рет Томск қаласының политехникалық институты студенттерімен жолдастық кездесу өткізді. Бұл Қазақстан футболының кіндігі кесілген жыл болып есептеледі. 20 ғасырдың 30-жылдарына дейін әр қала өздерінше күш сынасып жүрді, алайда республикалық деңгейде жарыстар болмағандықтан, шеберлік баяу дамыды. 1937 жылы Алматының динамошылары “Шығыс қалалары” тобында 3-орынды иеленді. Сол жылдың қазан айында жолдастық кездесулер өткізу үшін Одессадан “Консервщик” командасы келді.
1. Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь".
2. Балалар энциклопедиясы, III-том

Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Футбол ойынының шығуы мен дамуы
2. Тарихы
3. Футбол ережелері
4. Әлем чемпионатында жеңіске жеткендер
Пайдаланылған әдебиет

Футбол ойынының шығуы
Футбол -- спорттық ойын түрі, аттауы ағылшын тілінің foot - аяқ, ball - доп деген сөздерінен шыққан. Футбол -- әлемге аса танымал ойындардың бірі. Ойын ұзындығы 100-110 м, ені 64-75 метрлік шаршы алаңда өткізіледі. Биіктігі 2 м 44 см, ұзындығы 7 м 32 см-лік қақпасы бар. Қақпаның сыртына тор керіледі. Футбол добының салмағы 396-453 г, диаметрі 68-71 см. Ойынға 11 ойыншыдан екі команда қатысады. Олар қақпашы, қорғаушылар, жартылай қорғаушылар, шабуылшылар болып бөлінеді. Ойын арасында 15 минуттық үзілісі бар, 45 минуттық екі кезеңде өтеді. Өз айып алаңында қақпашыдан басқа ойыншы допты қолымен ұстауға болмайды.
Футболдың алғаш 1863 ж. Англияда арнаулы ережесі бекітіліп, тұңғышқауымдастық құрылды. Сондықтан Англия аталмыш спорт түрінің отаны болып есептеледі. Бірақ Футболға ұқсас аяқдоп ойынының түрлері ежелгі Мысыр, Қытай, Грекия, Римде, ал онан кейінірек Франция мен Италияда дамыған. Кейін бұл спорт түрі біраз өзгерістерге ұшырап, футбол деген атаумен бізге жетті.
19-ғасырдың соңына қарай футбол Еуропа мен Латын Америкасы елдеріне кеңінен тарай бастады. 1904 жылы халықаралық футбол федерациясы (ФИФА), 1954 жылы Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) құрылды.1900 жылдан бастап олимпиялық ойындар бағдарламасына енген. 1930 жылдан бастап төрт жылда бір рет әлем чемпионаты және 1958 жылдан бастап Еуропа кубогі үшін жарыстар өткізіліп тұрады.
Қазақстанға футбол 1909-1910 жылдары келді.
Әуелі Орал, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Семей, Петропавл қалалары жастарының ермегіне айналған өнер, бара-бара бұқаралық сипат алды. Қолда бар деректер бойынша алғаш команда құру 1911 жылдан басталған. Семейде М.Сайдашев, А.Кәрімов, Ю.Нығматулин, т.б. жергілікті қазақ және татар жастарынан тұратын "Жарыс" командасын құрып, көптеген өнерпаздар мен спортшылардың елге танылуына себепкер болды. Сол команданың құрамында ұлы жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезов жартылай қорғаушы болып ойнаған. 1914 жылы семейліктер алғаш рет Томск қаласының политехникалық институты студенттерімен жолдастық кездесу өткізді. Бұл Қазақстан футболының кіндігі кесілген жыл болып есептеледі. 20 ғасырдың 30-жылдарына дейін әр қала өздерінше күш сынасып жүрді, алайда республикалық деңгейде жарыстар болмағандықтан, шеберлік баяу дамыды. 1937 жылы Алматының динамошылары "Шығыс қалалары" тобында 3-орынды иеленді. Сол жылдың қазан айында жолдастық кездесулер өткізу үшін Одессадан "Консервщик" командасы келді.
Одессалықтар Алматы, Семей, Петропавл қалаларында болып, республиканың ең таңдаулы командаларын ойсырата жеңді. Осы жеңілістен қорытынды шығару мақсатында, "Динамо" командасын күшейту жөнінде шешім қабылданды. Жергілікті командалардан ағайынды Вячеслав пен Павел Трофимовтар, А.Вяшняков, А.Громов, Ф.Ткаченко, Ақтөбеден Н.Писяуков, И.Шариков, П.Луценко шақырылды. Одессаның "Консервщик" командасының ойыншылары ағайынды Константин мен Георгий Бедрицкийлер, Н.Чернец, Г.Ананченко және П.Щербаков "Динамоның" (Алматы) құрамында ойнауға тілек білдірді. 1939 жылы динамошылар Қазақстанчемпионы әрі кубогының иегері атанды. Қазақстандықтар сол жылы КСРО кубогі жолындағы бәсекеде Киевтің динамошыларын тізе бүктірді. Келесі жылы 2004 команда қатысқан ұжымдар арасындағы кубок бәсекесінде топ жарды. Шешуші сында Таганрогтің "Торпедо" командасын 3:1 есебімен жеңген алматылық динамошылар КСРО кубогін иемденді. Қазақстан футболының атын шығарған команданың құрамындағы 8 ойыншы Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысты. Трофимов, Громов, В.Шаповалов сынды футболшылар қан майданнан оралған жоқ. Команда1947 жылдан бастап КСРО чемпионатында "Б" класында өнер көрсетті. Республикамыздың бас командасы әр жылдары "Динамо", "Локомотив", "Урожай", ал 1956 жылдан бері "Қайрат" деп аталды. "Қайрат" өзінің алғашқы халықаралық кездесуін 1957 жылғы 30 қазан күні Финляндияның "Ваrса" командасымен өткізді. Қайраттықтар 4:0 есебімен жеңіске жетті. "Қайрат" командасы КСРО чемпионатының "А" класына 1960 жылы көтерілді. Олар алғашқы матчын Ленинградтың "Адмиралтеец" командасымен өткізіп, 0:0 есебімен тең түсті. "Қайрат" командасының сапында Т.Сегізбаев, Қ.Ордабаев, С.Байшақов сынды өнер көрсеткен қазақ жастары болды. 20 ғ-дың 50-жылдары "Б" класына Қазақстан командалары көптеп өте бастады. 1958 жылы Қарағандының "Шахтер", ал келесі жылдары Шымкенттің "Еңбек", Өскеменнің "Восток", Жамбылдың "Металлист", Павлодардың "Трактор", Ақтөбенің "Актюбинец", Целиноградтың "Целинник", Жезқазғанның "Еңбек" командалары әуелі "Б" класында, кейіннен "А" класында өнер көрсетті. КСРО тарағаннан кейін, 1992 жылы Қазақстан дербес мемлекет ретінде Халықаралық футбол федерациясына (ФИФА) мүше болды. Сол жылдан бері ҚР-ның өз чемпионаты өтуде. 1992 жылы "Қайрат" (Алматы, 1993 ж. "Ансат" (Павлодар), 1994-1995 жылдары "Елім-ай" (Семей), 1996 жылы "Тараз" (Тараз), 1997 жылы "Ертіс" (Павлодар), 1998 жылы "Елімай" (Семей), 1999 жылы "Ертіс" (Павлодар), 2000-01 жылдары "Жеңіс" (Астана), 2002-03 жылдары "Ертіс" (Павлодар), 2004 жылы "Қайрат" (Алматы), 2005 жылы "Ақтөбе" (Ақтөбе), 2006 жылы "Астана" (Астана) командалары чемпион болды. Ел кубогі жолындағы бәсекеде 1992 жылы "Қайрат", 1993 жылы "Достық" (Алматы), 1994 жылы "Восток" (Өскемен), 1995 жылы "Елім-ай", 1996-97 жылы "Қайрат", 1997-98 жылдары "Ертіс", 1998-99 жылдары "Қайсар" (Қызылорда), 1999-2000 жылдары "Қайрат", 2000-01 жылдары "Жеңіс", 2001 жылы "Қайрат", 2004 жылы "Тараз", 2005 жылы "Жеңіс", 2006 жылы "Алма-Ата" (Алматы) командалары кубок иегері атанды. 2002 жылы Қазақстан футбол одағы (ҚФО) Азия футбол конфедерациясынан (АФК) шығып, Еуропа футбол одағына (УЕФА) мүшелікке өтті.
КСРО құрама сапында Е.Яровенко 24-Олимпия ойындарының (1988, Сеул, Корея) чемпионы болды. Ж. Хисымов

Тарихы
Футбол тарихы XII ғасырдан басталады. Алғаш реет Англияда дамыды. Саяхатшы Гастон де Фуа өз заманында футболды бар ынтасымен бақылап, Ағылшындар футболды ойын деп есептесе, онда төбелесті не дейді?деп жазып кеткен екен. Футболға қарсылық көрсеткендер болды. Мысалы, шіркеудегі діндарлар, феодалдар футболға тыйым салынуын талап еткен екен. Өйткені, бүгінгі күнге дейін футбол өте қауіпті ойын саналып келеді.
1313 жылы белгілі феодал Эдуард II қала ішінде футбол ойнауға шектеу қойған. Тіпті, 1314 жылдың 13 ақпанында король Лондон қаласында футболға қарсы шаралар қолданған деседі.
1389 жылы Ричард II пашта сарайы маңында доп тепкендерді өлім жазасына кескен. Патшаға бірнеше мәрте рұқсат сұрап барған футбол жанкүйерлері әрдайым жағымсыз жауап алып отырған.
Футболға тыйым салған патшалар тізімі төмендегідей: Генрих IV 1399-1401, Генрих, V 1413 - 1433 ж, Генрих VI 1449-1451 ж, Эдуард IV 1471 ж, Генрих VII 1491 ж, ал Генрих VIII ойыншыларға шектеу қойып қана қоймай, алаң иелеріне тыйым салып, салық салған. Бұндай қатаң қағидаларға мойымаған халық футбол ойнаудан бас тартқан жоқ.
Тек 1908 жылы футбол олимпиадалық ойындар тізімінен орын алды.
Ал, 1863 жылы Лондонда футболдың жаңа шарттары белгіленді. Жобаға енгізілген ережелерді арнайы комиссия жіті қараған.
1872 жылдан бастап футболдан халықаралық кездесулер өткізілді. Доданы Англия мен Шотландияфутболшылар ашты.
Ойынды бар ынтасымен тамашалаған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Футболдың даму кезеңі мен ерекшеліктері
Аяқ ұшымен соғу
Футболшылардың дайындық әдістемесі
Дене мәдениеті және спорт тарихы. Футбол
Футбол добы
7-11 жас аралығындағы жас футболшылардың техникалық-тактикалық дайындық әдістемесін оңтайландыру
Дене жаттығуы кезіндегі жүктеме
Жасөспірімдердің дене дайындығы жүйесін ғылыми-әдістемелік негіздеу
Қазақстан Ұлттыұ футбол құрама командасы
Футбол добының параметрлері
Пәндер