Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мен танымдық қабілеттерін дамыту
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1 Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруына жағдай жасау ... ... .5
1.2.Оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту формасының тиімді әдісі ретінде...7
ІІ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ
2.1 Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудағы мұғалімдер жұмысының формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2 Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауын қалыптастыру мәні мен әдістемелік жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

“Қазақстан-2030” Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білімі мен әл-ауқатын арттыруға, экологиялық ортаны жақсартуға ерекше мән берілген. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесіндегі көкейкесті мәселелердің бірі өз бетімен жұмыс жасау біліктілерін қалыптасыру.
Мектеп оқушыларына тәрбие беру тұжырымдамасында: Жеке тұлғаның қалыптасуы үздіксіз күрделі үрдіс: Әрбір оқушыға жеке қарап, оның өзіне тән санасы, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар, оқушыны дамытуды мектеп алдындағы бір міндет болып саналады.
ХХ ғасырдың аяқ кезіндегі ой-пікірлерден педагогикалық көзқарастары білім беруде оқушының шығармашылық қабілетін өз бетінше жұмыс жасауға үйретудің мәселелері болғанын өмір дәлелдеп отыр.
Енді осы мәселені дамыту үшін мектептің алдында оқушылар өз бетінше жұмыс жасау біліктерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды.
Мектептің педагогикалық үрдісіндегі негізгі мәселе – білім беру, өздігінен білімін жетілдіру, өз бетінше жұмысты ұйымдастыру үйрету жолдары болып табылады.
Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру, өз бетінше жұмыс жасауға үйретудің жолдары болып табылады. Сондықтан, бұл мәселе оқушыларды ғылыми таным әдістердің логикалық ойлауды, ғылыми заңдылықтарды түсіну, практикалық міндеттерді шешуге бағытталуы тиіс. Осыған орай балалардың ғылыми білімді, дағдыларды, өздігінен білім алуды меңгеруі олардың оқу әрекетінің негізгі мақсаты мен міндеті болып табылады.
Бұл мәселенің маңыздылығы мен қасиеттілігіне П.Я.Гальперин, И.Я.Лернер, В.П.Палакмерчук, М.Жұмабаев, Т.Сабыров, Ж.Б.Қоянбаевтар т.б. ерекше мән береді.
Қ.Жарықбаев психология ғылымдарының докторы қазіргі таңдағы оқу процесіндегі білім алу мен өз бетінше жұмыс жасау білік, дағды, икемдеріне баса қатты назар аударған.
Оқыту теориясының негіздерін дамытуда дидактиканың негізін салушы Т.Сабыровтың еңбегін бағалап кетуге болады.
Оқушылардың санасында жеткілікті деңгейде білім қоры болмаса, онда оның өздігінен жұмыс істеуіне, өз бетімен жұмыс жасау біліктілігін қалыптасуы мүмскін емес. Сондықтан, бұл тақырыптың негізгі өзектілігі жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеттерін анықтайды.

1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2010.
2. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы –Астана , 2004.
3. М.И. Махмудов “Мектепте проблемалық оқытуды ұйымдастыру”. Алматы мектеп 1981ж.
4. С. Мұқанов “Таңдамалы шығармалары” 13 том Алматы жазушы.
5. С. Ұзақбаева “Тамыры терең тәрбие” Алматы, 1995.
6. М. Жұмабаев “Шығармалар” 2-3 том Алматы, 1996.
7. М. Жұмабаев “Педагогика” Алматы, 1992.
8. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев “Қазақ тәлім-тәрбиесі” Алматы, 1995.
9. Аманашвили “Педагогикалық ізденіс” Алматы, 1990.
10. Т.Сабыров. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. Алматы, 1978.
11. Т.Сабыров. Оқу теориясының негіздері. Алматы, 1993.
12. Б.Тұрғанбаева “Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту” Қазақстан мектебі. №7-8.
13. Лернер И.Я. Процесс обучения и его закономерности. — М., 1980.
14. Скаткин М.Н. Совершенствование процесса обучения. — М., 1971.
15. Есипов Б.П. Самостоятельная работа учащихся на уроках. — М., 1981.
Пидкасистый П.М. Самостоятельная деятельность учащихся. — М., 1980.

М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1 Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруына жағдай жасау ... ... .5
1.2.Оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту формасының тиімді әдісі ретінде...7
ІІ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ
2.1 Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудағы мұғалімдер жұмысының формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.2 Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауын қалыптастыру мәні мен әдістемелік жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Кіріспе
"Қазақстан-2030" Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білімі мен әл-ауқатын арттыруға, экологиялық ортаны жақсартуға ерекше мән берілген. Сондықтан да ұрпақ тәрбиесіндегі көкейкесті мәселелердің бірі өз бетімен жұмыс жасау біліктілерін қалыптасыру.
Мектеп оқушыларына тәрбие беру тұжырымдамасында: Жеке тұлғаның қалыптасуы үздіксіз күрделі үрдіс: Әрбір оқушыға жеке қарап, оның өзіне тән санасы, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар, оқушыны дамытуды мектеп алдындағы бір міндет болып саналады.
ХХ ғасырдың аяқ кезіндегі ой-пікірлерден педагогикалық көзқарастары білім беруде оқушының шығармашылық қабілетін өз бетінше жұмыс жасауға үйретудің мәселелері болғанын өмір дәлелдеп отыр.
Енді осы мәселені дамыту үшін мектептің алдында оқушылар өз бетінше жұмыс жасау біліктерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды.
Мектептің педагогикалық үрдісіндегі негізгі мәселе - білім беру, өздігінен білімін жетілдіру, өз бетінше жұмысты ұйымдастыру үйрету жолдары болып табылады.
Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру, өз бетінше жұмыс жасауға үйретудің жолдары болып табылады. Сондықтан, бұл мәселе оқушыларды ғылыми таным әдістердің логикалық ойлауды, ғылыми заңдылықтарды түсіну, практикалық міндеттерді шешуге бағытталуы тиіс. Осыған орай балалардың ғылыми білімді, дағдыларды, өздігінен білім алуды меңгеруі олардың оқу әрекетінің негізгі мақсаты мен міндеті болып табылады.
Бұл мәселенің маңыздылығы мен қасиеттілігіне П.Я.Гальперин, И.Я.Лернер, В.П.Палакмерчук, М.Жұмабаев, Т.Сабыров, Ж.Б.Қоянбаевтар т.б. ерекше мән береді.
Қ.Жарықбаев психология ғылымдарының докторы қазіргі таңдағы оқу процесіндегі білім алу мен өз бетінше жұмыс жасау білік, дағды, икемдеріне баса қатты назар аударған.
Оқыту теориясының негіздерін дамытуда дидактиканың негізін салушы Т.Сабыровтың еңбегін бағалап кетуге болады.
Оқушылардың санасында жеткілікті деңгейде білім қоры болмаса, онда оның өздігінен жұмыс істеуіне, өз бетімен жұмыс жасау біліктілігін қалыптасуы мүмскін емес. Сондықтан, бұл тақырыптың негізгі өзектілігі жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеттерін анықтайды.
Зерттеудің мақсаты: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау біліктіліктерін қалыптастыру жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
Оқушылардың қызығушылығын дамытудағы оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері, педагогкикалық, психологиялық әдебеиттерге шолу жасау, оның мазмұнын аулу;
Оқушының өмірге, қоғамға ғылыми көзқарасын қалыптастыру негізі оның өз бетінше жұмыс жасауы жайлы түсінікті тәжірибеде жүзеге асыру жолдарын анықтау;
Зерттеудің объектісі: Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауға қызығуы.
Зерттеу пәні:
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдістемелік әдебиеттер, озат педагогикалық тәжірибелер, анкета, тест, бақылау, баспасөз материалдары.
Курстық жұмыс құрылымы:
Кіріспеден;
Екі бөлімнен;
Қорытындыдан;
Әдебиеттер тізімінен;
Қосымшадан тұрады.

1.1 Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруына жағдай жасау
Қазіргі жаңа мектептің моделін құрудың біртұтас жолын іске асыруға бағдарланған жалпы орта білім беруді жаңарту мен жаңғырту стартегиясы ең басты нәтиже ретінде оқушының өзіндік дамуы мен өзін-өзі басқару қабілетін дамытуды, таным әрекетінде өзара ықпалдастыққа дайындығын көрсетеді. Білім берудің жаңа сапаға жетудегі басты мақсаты әлеуметтік белсенді шығармашыл тұлғаны қалыптастыру болып отыр.
Мектеп бітірушінің бойында қалыптасатын сапаларға өмірдің жаңа жағдайларына икемделе білуі, игерілген білім мазмұнын, оқу-танымдық әрекеттегі тәжірибесін пайдалана білуі және өз бетімен танымдық-практиалық шешім қабылдау, құндылық бағдарлы және коммуникативтік міндеттерді шеше білуі кіреді. Осыған байланысты оқушының өзіндік әрекетін ұйымдастыру оқу процесінде қазіргі педагогикадағы өзекті мәселелердің бірі. Оқушының өзіндік әрекетін жобалау және жүзеге асыру формалары мен тәсілдері тұрақтала бастаған кезде жалпы білім беретін әр кезеңіндегі оқыту жаңа педагогикалық шешімдер мен түзетулерді, жан-жақты ойлануды талап етеді. Бұл алдымен, оқушылардың өзінің іс-әрекетін ұйымдастыру мен өзіндік білім алу дағдыларын қалыптастыратын ақпараттық және телекоммуникациялық таным процесіне тарту жағдайында өзіндік әрекетінің аясын кеңейтеді.
Оқушының оқу әрекетіндегі өзін-өзі басқару мен басқаруды ұйымдастыру, оқыту процесін моделдеудің психологиялық-педагогикалық және дидактикалық мәселелері бойынша бірқатар ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты талқыланып келеді.
Оқушының білім алу процесіндегі өзіндік пікірі мен ой-жүйесінің негізі бастауыш сатыда қаланатыны белгілі.
Жаңа 12 жылдық білім беру жүйесіндегі білім нәтижесі ретіндегі негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру мәселесі осы оқушының өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың ұтымды жолдарын іздестіруді меңзейді. Ол оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне қарай педагогикалық-психологиялық негіздеуді қажет етеді.
Сондықтан оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолдарын іздестіру мәселесі білім беру жүйесінің барлық кезеңдерін қамтиды.
Еліміздің беру жүйесіндегі білім мазмұнын жаңғырту процесі оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруға түбірлі өзгерістер әкелуде. Солардың ішінде оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруына жағдай жасау мектептің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Жалпы оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Дегенмен, оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруға үйрету тәсілдері бүгінгі күнге дейін өзектілігімен ерекшеленеді.
Баланың өсу кезеңдеріне сай дамуындағы өзгерістер оның өзіндік іс-әрекетіне тікелей байланысты. Бала қоршаған ортаның ықпалымен өзінің іс-қимылын өзгертіп отырады. Айналасындағы үлкендердің, құрбыларының іс-әрекетіне қарап, қызығушылығын да танытып жатады. Сондай-ақ өзінің қарым-қатынасына назар аударуды олардан талап етеді.
Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Жалпы орта білім берудің жалпыұлттық деңгейдегі басты мақсаты - Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласуға дайын, құрзыретті тұлғаны қалыптастырауға ықпал ету. Білім берудің әлемдік озық тәжірибелерге сүйеніп әзірленген оқытуда мектеп түлегінен күтілетін нәтиже негізгі құрыреттіліктердің қалыптасуымен айқындалады.
Құзыреттілік - оқушының әрекет тәсілдерін жан-жақты игеруінен көрінетін білім нәтижесі.
Бұл оқушының оқу-танымдық әрекетіндегі өзіндік қызметін анықтауына, өзінің бағдары мен өз іс-әрекетіне баға беруіне, іс-әрекет нәтижесін өзгемен салыстыруға мүмкіндік туғызады.
Әрине, оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру, оған басшылық жасау - мұғалім үшін жауапты да, күрделі жұмыс. Оқушының өзіндік әрекетке белсенділігін арттыруға баулу әрбір мұғалімнің алғашқы міндеттерінің біріне айналуы тиіс.
Оқушылардың өзіндік әрекет дағдыларын қалыптастыруда бір-бірімен тығыз байланысты екі міндетті шешу қажет. Бірі - оқушылардың танымдық көзқарасын қалыптастыра отырып, дамыту, екіншісі - өзінің практикалық іс-әрекетін бағалауға, өзіндік қорытынды шығаруға, шешім қабылдауға баулу.
Өзіндік жұмыс терең де берік білім алу құралы бола отырып, оқушының азамат ретінде өмірден өз орнын табуға кепіл бола алады.
Әрине, оқу-тәрбие процесінде оқушы өзінің іс-әрекетін өз бетімен ұйымдастырып алып кете алмайтыны түсінікті. Оған әр оқушы жеке тұлға ретінде дамыту арқылы, жеке ерекшеліктерін ескере отырып, қабілеті мен мүкіндіктерін ашу арқылы қол жеткізуге болады.
Оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық, әдістемелік негіздері білім беру жүйесінің барлық кезеңдерінде қарастырылады.
Мақсатқа қоюға үйретудің өзі қарапайым әрекеттер жиынтығынан бастау алады. Мақсатқа жету процесінің өзі терең ойлануды, әрекеттерді сабақтастыра, салдыстыра білуді талап етеді. Мұның бәрі оқушының жеке қабілеттерінің дамуымен тығыз байланыста жүзеге асырылады.
Сондай-ақ мұғалімнің жүйелі ұйымдастыруымен, нәтижеге бағыттауымен, тиімді жоспарлауымен, бірізділікпен орындалатын іс.
Жаңа заман жаңа адамын талап ететін болса, ол адамның өмір сүру тәсілі өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыра білуінен бастау алады. Ол жас кезеңдеріне сәйкес өзгеріп, қалыптасып, жаңарып отырады. Сондықтан баланы өзіндік іс-әрекетін ұйымдастыра білуге баулу өз бетімен өмір сүруге даярлаудың алғышарты болып табылады.
Бүгінгі күні жалпы орта білім беретін мектеп тәжірибесіне ене бастаған зерттеушілік оқыту технологиясы оқушының өзіндік әрекетін ұйымдастыруына негіз болатын, өзіндік ізденіс қабілетін ашатын бірден-бір әдістемелік жол болып табылады. Оқушының танымдық қызғушылығын арттыра отырып, өзінің әрекетін жоспарлауға, нәтижесіне жету жолдарын бағдарлауға мүмкіндік туғыза отырып, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына жағдай жасайды.
1.2 Оқушылардың өзіндік жұмысы оқыту формасының тиімді әдісі ретінде.
Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде сабақтың қалыптасқан дәстүрлі түрлерінен басқа, дәстүрсіз түрлері де пайда болуда. Ол, әрине қоғамның жаңару, жетілдіру жағдайында білім беру саласын реформалаумен тығыз байланыста іске асуда. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұндай дәстүрсіз түрлері көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда.
Оқыту жұмысын тек сабақ арқылы ұйымдастыру мүмкін емес. Сыныптық -сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі - оқушылардың дара ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы - оқытуды ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болды. Сондықтан оқушылардың сыныптық-сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру және оқушылардың өзіндік шығармашылық белсенділіктерін, қабілеттерін арттыру мақсатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолданылады. Олардың қатарына семинар, экскурсия, факультатативтік, қосымша, конференция сабақтары, үйдегі оқу жұмысы, тәжірибелік -зертханалық және пәндік үйірме жұмыстары, олимпиада, сынақ және емтихан, өзіндік жұмыс түрлерін жатқызуға болады.
Үйдегі оқу жұмысы - оқушылардың үйде өз бетімен орындайтын оқу жұмыстары сыныпта өткен сабақтардың жалғасы ретінде саналады. Сондықтан да оны кейде оқыту процесінің бір компоненті ретінде қарастырылады. Оқушының үйдегі оку жұмысын сыныптағы оқу жұмысымен жалғастырып, толықтырып отырса, онда олардың алған білімдері терең және берік болады. Оның маңызы оқыту жұмысын ұйымдастырудың сабақтың басқа түрлеріне қарағанда ерекше. Бұл жұмыстың танымдық қызметімен бірге оның тәрбиелік мәні де зор. Себебі, үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушылардың дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен білім алуға жүйелі түрде дағдыланады. Соның негізінде білім мен біліктілік өте берік меңгеріледі, оқушының ақыл- ой әрекетінің жеке дара дәстүрі қалыптасады.
Оқушылардың өзіндік жұмыстары.
Оқушылардың оқу жұмысын сәтті ұйымдастыруда оның өзіндік жұмыстарының маңызы ерекше.
Бүгінгі таңда оқушылардың үзіліссіз білім алу міндеттерін жетілдіруге сай мектеп мұғалімдеріне олардың ойлау қабілеттерін одан әрі арттыру, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар өзіндік жұмыстарына қатысты іскерліктері мен дағдысын тәрбиелеу талап етілуде. Ол үшін өзіндік жұмыс оқушылардың тек үй жұмысын орындау барысында ғана емес, оқыту процесінің өн бойында өз орнын табуы тиіс. А.Байтұрсынов: оқушының өзіндік жұмысының маңызын бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керектігін атап айтқан болатын. Жалпы білімге деген құштарлық- кез келеген сыныптағы балаға тән қасиет. Күн сайын жаңа бір нәрсені білуге ұмтылу -бала үшін зор қуаныш, үлкен мерей.
Оқушының-таным әрекетін арттырудың тиімді құралдарының бірі- оқушының өзіндік жұмысы мен өздігінен білім алу әрекеті.Өзіндік жұмыс істеу іскерліктері мен дағдылары, сөзсіз ой еңбегінің мәдениетімен байланысты. Білімді игеру барысында оқушы кездесетін қиыншылықтарды жеңуде табандылық еске сақтау, кітаппен жұмыс, байқау және жазба жұмысын жүргізе білу, ой әрекеттерінің бірқатар тиімді тәсілдерін игеру, өзін бақылай білуі керек.Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар:
мұғалімнің нақты тапсырмалар , нұсқаулар беруі;
жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі;
мұғалімнің басқаруымен оқушының дербестігінің мөлшері;
олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеу, оған әсер ететін
мотивтер.
Өзіндік жұмысты мұғалімнің дұрыс басқара білуі және оқушының дербестік әрекетінің деңгейінің артып отыруы- осы жұмысты ұйымдастырудың негізгі белгілері болып табылады.Оқушылардың дербестігінің даму деңгейіне қарай өз бетінше істейтін жұмыстарды репродуктивтік және шығармашылық деп арнайы екі топқа бөлуге болады.Оқушының өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:
1.Өзбетінше ойлану біліктері мен ізденімпаздығы.
2.0қуға деген қабілетінің артуы.
3.Берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап және тиімді игеру 4.Басқа оқушылардың түсіндірмелеріне сын көзбен қарау.
5.Өз ойының дербестігі.
Оқушының өз бетінше кітаппен жұмыс істеу, бақылау, жаттығу, эксперимент жүргізіуі іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру. Репродуктивтік жұмыстарға - оқушының дайын үлгіге қарап жасайтын жұмыстары (көшіріп жазу, жаттығулар, мұғалімнің сұрақтарына жауап беру, оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеу, сабақ үстінде орындаған тапсырмаға ұқсас тапсырманы үйде орындау т.б.) жатады. Оқушылардың өзіндік жұмыстарының жоғарғы формасына олардың өз еркімен жаңа амал- тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады. Шығармашылық жұмыстар -оқушының өздігінен баяндама, реферат, модельдеу, көрнекі құралдар жасауы т.б.Өзіндік жұмыс танымдық іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруда, болашақта білімді өз бетінше жинай алу қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады, ойлауды жандандырады және оқып үйренуде оқушылардың жалпы белсенділігін арттырады. Оқушылардың әртүрлі өзіндік жұмыстары негізінде сабақтың нәтижесін және таным қабілеттерінің белсенділігін арттыруға болады. Оқушылардың танымдық белсенділігі - оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде, практикада пайдалана білуге, үйренуге оқушының істейтін саналы әрекеті. Оқыту процесінде оқушының белсенділігі екі түрлі сипатта болады: сыртқы және ішкі белсенділік.
Сыртқы белсенділік дегеніміз - оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл қозғалыстары, мұғалімге зейін қойып қарауы, мимикасы т.б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін. Оқушының ішкі белсенділігі - оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Оқушының өзіндік жұмысы оқу материалдарын нығайта түсу, жаңа материалды игеру мақсатын көздейді. Көрнекті ғалымдардың еңбектерінде өзіндік жұмыс оқушылардың өзін-өзі бақылауын қалыптастыру, ақыл-ой тәрбиесін беру құралы ретінде анықталады. Соңғы онжылдықта өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың теориялық, әдіснамалық проблемалары көптеген ғалымдардың еңбектеріне арқау болып, әртүрлі бағыттарда қарастырылады:
- оқуды белсендіру құралы ретінде (П.И.Пидкасистый);
- оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға бағытталған теориялық тұжырымдамалар (И.Я.Лернер);
- дербестік- өзіндік ұстаным, рухани практикалық білім ретінде;
- дербестік жеке тұлғаның қасиеті мен сапасы ретінде;
Оқушыларының өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру проблемасын ғалымдар айналысты. Өзіндік оқу іс- әрекеті оқу үрдісінің ішкі жүйесі ретінде оқушылардың өзіндік шығармашылық іс-әрекетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Өзіндік іс-әрекеттің қажеттілігі оқушыны ойға жетелеуінде, ойланта отырып өзіндік ойының қалыптасуы оны шығармашылық жұмысқа жетелейді.
Шығармашылық еңбек алдымен оқушыға қанат бітіреді, қиял береді. Оқушыларының өзіндік оқу іс- әрекеті ұғымын дамытуды біз философиялық категориялар бірлігінде қарастырамыз:
іс- әрекет - бұл жалпыға ортақ;
танымдық іс-әрекет-оқу іс-әрекеті- жалпы;
оқушылардың өзіндік оқу іс- әрекеті- жеке;
Іс-әрекеттің негізінде танымдық іс әрекет дамиды. Танымдық іс- әрекет өзіндік оқу іс- әрекетіне айналып, жеке тұлғаның интегративті білімін қамтамасыз етеді. Ғылыми педагогикалық зерттеулерде "өзіндік жұмыс" ұғымына бірнеше анықтамалар берілген:
+ оқыту үрдісінде енгізілген оқушылардың өзіндік жұмысы мұғалімнің тікелей қатысуынсыз орындалатын жұмыс;
+ бұл жағдайда оқушылар саналы түрде тапсырманың мақсатына қол жеткізуге өздерінің күштерін пайдалану және танымдық іс- әрекеттерінің нәтижелері арқылы іске асады;
+ оқушылардың тапсырмаларды еш көмексіз, мұғалімнің бақылауынсыз орындауы;
+ өзіндік оқу іс- әрекеті дегеніміз- бұл дидактикалық ұғым, ғылыми практикалық міндеттерді өз бетімен қою, оның шешімін табудың өзіндік тәсілдерін болжау және анықтау, жеке тұлғаның өзін- өзі бақылауы, өзін-өзі бағалауы негізінде педагогикалық үрдіске қатынасушылардың өзара іс-әрекетінде қалыптасқан жеке тұлғаның интегративт білімі;
Өзіндік жұмысқа бейімдеу - оқушыны өзін-өзі дамытатын белсенді тұлға ретінде өзін тануға, өзіндік дамуға, өзін бақылап бағалауға қабілетті, мұғаліммен тең диалогтық қарым -қатынасқа түсе алатын тұлға ретінде қалыптастырушы фактор.Біздің пікірімізше оқушыларды өзіндік жұмысқа бейімдеу тиімді болу үшін мынадай шарттар керек:
+ өзіндік жұмыстың мәні мен қызметтері нақтыланып ашылуы;
+ өзіндік жұмысқа бейімдеуге арналған арнайы дидактикалық жүйе жасалынуы;
+ тиімді қызмет ететін және дамытуға қабілетті арнайы жүйе анықталып тәжірибелік сынақтан өтілуі.
Өзіндік жұмыстың түпкі мақсаты оқушының оқу - танымдық тапсырмаларды өз бетінше орындауы арқылы өзінің оқу процесін жетілдіруі. Біз анықтаған жүйенің өзіндік жұмыс блогына: өзіндік әрекет, өзіндік басқару және өзіндік бағалау компоненттері жатады.
Өзіндік әрекет блогының мақсатына өзіндік жұмысқа бейімдеуді жүзеге асыратын әрекет қимылдарды оқушының өзінің таңдап алуы, оларды алдын-ала жоспарлауы жатады. Өзіндік әрекет білім беру процесінің барлық кезеңдерін қамтуы тиіс, оның мақсатын айқындаудағы мұғалімнің миссиясы оқушының оқыту процесіндегі өзінің ролін мойындауына қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету.
Айталық, өзіндік бақылау әрекеттері жүйесі десек, өзіндік әрекет оның бір бөлігі ретінде бірнеше қимылдардан тұрады: өзіндік білім алуды жоспарлау, алған білімін жүйелеу, қорытындылау және түзетіп отыру, білімін реттеу, түзету, өзінің танымдық әрекетін біліміне сай жоспарлау жатады. Аталған компоненттер өзара тығыз байланысты біртұтас жүйені құрайды.
Өзіндік бағалау толыққанды процесс ретінде белгілі бір мақсатта оқушының өзіндік басқаруы және өзіндік әрекеті аясында іске асады.Олай болса біз өзіндік әрекетті ұйымдастыруға арқау боларлық танымдық тапсырмаларды дидактикалық құрал ретінде қарастыра отырып олардың өзара байланысын шартты түрде төмендегі суреттегідей нақтылаймыз.
Мақсат пен мазмұнның сәйкестігі
Өзіндік әрекет
Өзіндік бақылау
Өзіндік басқару
Мақ-сат
Маз-мұн
Құрал
Мазмұн мен құралдың сәйкестігі
Мақсатқа нәтиженің сәйкестігі
Орындалу ретінің тиімділігі
Мотива-ция-
лық жағы
Нәтиже
Өзіндік бағалау
(1 сурет)
2 - сурет.
3- сурет.
Осы айтылғандарды қорытындылай келіп аталған әрбір қимылдың өзіндік мазмұны- оқушыда бұрыннан бар білім мен дағдылар негізінде қойылған мақсатқа сәйкес жүзеге асырылатын нақты қимылдар жиынтықтарынан тұратындығын атап өткен жөн. Әрбір қимыл дамып қалыптасудың белгілі бір кезеңінде ғана болып, тек өзіне ғана тән рөлді атқарады. Өзіндік әрекеттің үшінші компоненті құралға танымдық оқу әрекеті жатады. Өзіндік әрекет арқылы жүзеге асырылатын танымдық оқу әрекетінің түпкі мақсаты- тұлғаны қалыптастыру. Өзіндік жұмысқа бейімделу өзіндік танымдық әрекетті қажетсінуді тудырады.Оның белгілеріне: білімді қажетсіну, білімді ғана емес оны игеру жолын тереңірек меңгеруге құштарлық, оқу материалына сын көзбен қарау, бір мәселе бойынша өз көзқарасының болуы, өз бетінше ойлау, өзінің тіршілік әрекеті және ары қарай білімін көтеру үшін жаңа білім алуға ұмтылуы жатады.
Өзіндік жұмыс әдістері.
Өзіндік жұмыстар барша әдістер жүйесінің қай-қайсысына да тән оқу шарты. Мектеп тәжірибесінде ежелден келе жатқан тәсіл- оқу жұмысының бір бөлігі сабақта орындалады, ал ұмытып қалмас үшін, оқушы оны үйде қайталап, берілген тапсырмаларды орындап, бекітеді. Өзіндік оқу жұмысы ұйымдасу, орындалу формасына орай сыныптық және үйдегі болып, екіге бөлінеді. Сынып жұмыстарының басты міндеті - бақылау, ал үй жұмыстарының міндеті - бекіту, қорытындылау, бақылау реттестіру. Сыныпта ұйымдастырылған өзіндік жұмыстар оқушылардың ырықты зейіні мен өзбетінше ойлау қабілетін дамытады, мінезіндегі дербестік қажетін қалыптастырады.
Тірек болар білімдар мен ептіліктерді іске қосып, пайдалану үшін өзіндік дайындық жұмыстары өткізіледі. Дайындық келесідей формада болуы мүмкін: қандайда деректерді қайталау, салыстыру, әрекет тәсілдерін еске түсіру. Өзіндік оқу жұмыстары қатарына ең алдымен оқушылардың кітап немесе басқа білім көздері бойынша оқу материалдарымен өзбетінше танысуы кіреді.
Ал өзіндік тексеріс жұмыстары ретінде оқушының сыныпта және үйде орындайтын оқу тапсырмаларының бәрі пайдаланылады.
Мұғалім әрдайым өзіндік жұмыстар тиімділігін қамтамасыз ететін барша жағдайлар мен шарттарды ескерген жөн. Мұндағы мақсат - оқу мазмұны мен әдістемесін анықтап алу. Әр сабақтағы өзіндік жұмыстар өз ерекшелігіне не, осыған орай олардың формалары мен орындалу әдістеріне байланысты өзгереді. Бірақ, бәріне қойылатын талаптар жалпыға бірдей ортақ. Олардың арасында аса маңыздысы - өзіндік жұмыстарды жеңіл әрі дұрыс орындауға қажет тіректердің жеткілікті болуы.
Өзіндік жұмыстың орындалу сапасы мен жеделдігі тапсырманы бастапқы ұсыну тәсіліне тәуелділігіне қарай өрнектелді, оқушыларға түсінікті ме, мұндай қиыншылық негізіндегі тапсырмаларға дайын ба, бұл тапсырмаға ұқсас жұмыстар бұрын орындалды ма және т.б.
Өзіндік жұмыстың бір түрі - жаңа материалмен оқушыларды оқулық бойынша таныстыру. Таныса отырып оқушы өз бетінше мақсат белгілейді, белгісіздерін анықтайды, бастыларын бөліп алып, әрекеттер бірізділігін түзіп, олардың орындалуына бақылау қояды.
Сыныпта және үйде орындалатын өзіндік жұмыстарды жоспарлай отырып, мұғалім келесі талаптарды ескергені жөн:
сабақ құрылымындағы өзіндік жұмыстар орнын күні ілгері байыптау;
өзіндік жұмыстардың оқу іс- әрекетінің басқа оқу әдістері және
формаларымен үйлестіру жолдарын қарастыру;
өзіндік жұмыстарды орындау барысында туындауы мүмкін
қиыншылықтарды алдын ала көре білу;
тапсырма формаларын анықтау;
қажетті дидактикалық материалдарды іріктеу;
оқушы жұмыстарын тексеру мен өзіндік тексерудің тиімді тәсілдерін
ойластыру.

2.1 Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудағы мұғалімдер жұмысының формалары.
Әрбір жеке тұлғаның болашағы мектебінде шындалады. Ертең осы елге ие болып тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар - бүгінгі мектеп оқушылары.
Мемлекетімізді дамыған өркениетті елдер деңгейіне көтеру үшін болашақ ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап жан-жақты білімді, кәсіпкерлік ортаға бейімді етіп тәрбиелеу басты бағытымыз. Біздің міндетіміз дүниежүзіндегі жаңалықтармен, жауапкершілік, ерік күш сезімдерін сіңіру, яғни олардың дамуына үлкен мән беру. Ал дамудың негізі-білімде. Білім беретін біз, мұғалімдер.
Білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының дербестігін, іздемпаздығын, белсенділігін мен шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуды талап ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz