Кәсіпорынның инвестициялық саясатына талдау жасау


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 5
1. Кәсіпорынның инвестициялық саясатының теориялық аспектілері
1. 1 Инвестицияның мәні, классификациясы және құрылымы . . . 7
1. 2 Кәсіпорынның стратегиялық инвестициясының қалыптасу кезеңдері . . . 14
2. Кәсіпорынның инвестициялық саясатына талдау жасау
2. 1 Кәсіпорынның инвестициялық саясатына және құрылымдық ұйымдасуына баға беру («Үштөбе тәжірибе-механикалық заводы» АҚ-ның мысалында) . . . 18
2. 2 «Үштөбе тәжірибе-механикалық заводы» АҚ-ның инвестициялық жобасына талдау жасау . . . 33
3. Кәсіпорынның инвестициялық саясатының жетілдіру жолдары . . .
Қорытынды . . . 60
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 62
Қосымша . . . 65
КІРІСПЕ
Қазіргі заманғы экономика жүйесін ауыстыру кезеңінде, ішкі қаржыландырудың мүмкіндіктерінің шектеулі жағдайында, үкіметтің іс-әрекет бағдарламасы негізінде құрылымдық қайта қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін, сыртқы капиталды тарту және пайдалану проблемаларды өте маңызды орын алады. Республика экономикасын жетілдірудің негізгі мәселелері тек мемлекет иелігінен алу ғана емес, сонымен қатар, құрылымдық-инвестициялық өзгерістермен де тығыз байланысты, оның ірі және маңызды субъектісі мемлекет болып табылады. Осыған байланысты үкімет органдары алдында ұзақ мерзімдік инвестициялық бағдарлама жасау мәселесі туындайды.
Макроэкономикалық реттеудің монитаристік тәсілдерге сүйенген жолдары көрнекті эффект бермеді, қатаң қаржылық шектеулер, бағаның жоғарлауы ғана емес, өндірістің құлдырауына, өзара төлем қабілетсіздігі жүйесінен туындайтын коммерциялық несие берудің ұлғайюына әкеліп соқтырды. Мемлекеттік кәсіпорындар тарапына бөлінген қаржыны өндіріс қуатын күшейтуге емес, ең әуелі тұтынуға жұмсау орын алды. Өндірісті құлдырау қарқынына қатысты жұмыссыздықтың біртіндеп өсуі бой көрсетті, ал бұл өз кезегінде инфляцияны көбейтті.
Монитаристік тәсілдердің тиімділік аясының тарлығына байланысты, оған альтернатива ретінде инфляциялық көздерге иек артатын құрылымдық өзгерістерге бағытталған мемлекеттік инвестициялық бағдарлама қажет болды.
Инвестициялық құрылымдардың барынша шектелу жағдайына байланысты, оны жүзеге асыруда ұлттық приоритеттерді таңдаудың дәстүрлі мәселесі туындайды. Сондықтан, инвестициялық ресурстардың белгіленген приоритетті буындарға дұрыс жетуін және олардың тиімді пайдалануына жауапкершілікті қамтамасыз ететін механизім қажет. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісі орталықтандырылған ресурстар көзінен үкімет бекіткен приоритеттерді мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру үшін жеңілдік пайыздармен несиелер береді. Сондықтан, халық шаруашылығын қаржыландыруға қажетті орталықтандырылған несие ресурстарының бөліну қарқының төмендету инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асуға орасан зор нұсқан келтіреді. Құрылымдық- инвестициялық өзгеріс- орасан зор күш пен ауқымды қаржы ресурстарын қажет ететін аса күрделі де маңызды міндет, сондықтан оның шешілуі де елеулі уақыт мөлшерін қамтиды.
Тәуелсіздік алған алғашқы он күннен бастап Жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдік қоғамдастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп келеді. Қазақстан бүгінде экономиканың берік іргетасын қамтамасыз етіп, қағидаттық жаңа кезеңге қадам басуда. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді.
Қазақстан өтпелі кезеңнен ойдағыдай өтті, әрі өз дамуының сапалық жаңа кезеңіне нық сеніммен қадам басуда. Қазақстан экономикасы рыноктық қатынастарға көшуде мемлекеттік инвестициялық саясат алдында реттеу жүйелерін құру тұрғысында арнайы міндеттер қойды.
Қазақстан Республикасына шетел инвестициясын тарту келесідей міндеттер арқылы жүргізіледі:
- Қазақстан Республикасы шетелдік инвестицияларды тартуда өз мүмкіндіктерін айқындау;
- Қазақстан экономикасындағы инвестициялық климатты зерттеу;
- Шетел инвестицияларын тарту үшін экономикадағы ұйымдық-экономикалық және құқықтық жағдайларды қарастыру;
- Қазақстан экономикасындағы шетел инвестицияларын ынталандыру мен реттеуде мемлекеттік жүйені қалыптастыру.
Қазақстан Республикасы жан-жақты жаңартудың Жаңа кезеңіндегі басты басымдық ретінде ішкі және сыртқы саясаттың маңызды бағыттарын айқындайтын даму бағдарламаларын қабылдаумен айналысты. Осы мақсатта 1997 жылы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясы қабылданған болатын, онда қоғамның келешек мүмкіндіктері мен мемлекеттің ұлы мұратына деген көзқарас таныстырылды. «Қазақстан -2030 жыл» Стратегиясын орындауда Қазақстан жеделдете жан- жақты жаңғырта жаңарту жолын таңдады. Экономиканың инвестициялау мәселелерін зерттеу әрдайым экономикалық ғылымның көз-қарасында болатын. Бұл инвестициялардың ел экономикасының өсу процесін анықтай отыра, шаруашылық қызметтің ең терең негіздерін қарастыруымен байланысты.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның инвестициялық саясатына талдау жасау.
Осы сақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
- кәсіпорынның инвестициялық саясатының теориялық аспектілерін ашу;
- инвестицияның мәні, классификациясы және құрылымын қарастыру;
- кәсіпорынның стратегиялық инвестициясының қалыптасу кезеңдерін қарастыру;
- кәсіпорынның инвестициялық саясатына талдау жасау;
- кәсіпорынның инвестициялық саясатына және құрылымдық ұйымдасуына баға беру («Үштөбе тәжірибе-механикалық заводы» АҚ-ның мысалында) ;
- «Үштөбе тәжірибе-механикалық заводы» АҚ-ның инвестициялқ жобасына талдау жасау;
- кәсіпорынның инвестициялық саясатының жетілдіру жолдарын табу.
Дипломдық жұмыстың объектісіне «Үштөбе тәжірибе-механикалық заводы» АҚ-ның инвестициялық саясаты мен инвестициялық жобасына талдау жасау жатады.
Дипломдық жұмыстың құрамы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімдерден, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. КӘСІПОРЫННЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Инвестицияның мәні, классификациясы және құрылымы
Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді, ұлттық экономиканың көптеген макропропорциялары инвестиция қозғалысына тәуелді. Кейнстік теория бойынша инвестиция мен жинақ ахуалы әртүрлі процестер мен жағдайлар арқылы анықталады.
Ел аумағындағы инвестициялар ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін анықтайды. Жаңа кәсіпорындар құрылысы, үй тұрғызу, жол салуларға байланысты жаңа жұмыс орнын жасау инвестициялық процестерге немесе капиталдың құрылуына тәуелді.
Инвестиция көзі - жинақ. Мәселе мынада - жинақты бір шаруашылық агенті жүргізіп, ал инвестицияны басқа адамдар немесе шаруашылық жүргізуші субъектілер жүргізуі мүмкін. Көпшілік адамдардың жинағы инвестиция көзі болып табылады. Алайда, бұл адамдар қоғамдық капиталдардың нақты өсуімен байланысты ұйымдастыру немесе инвестициялауды жүргізбейді. Әрине, инвестиция көзі қоғамдағы жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және тағы басқа да кәсіпорындардың жинағы болып табылады. Мұнда “жинақшы” мен инвестор сәйкес келеді, алайда, бір мезгілде жұмыскер де кәсіпкер де бола алмайтын жалдамалы жұмысшының жинағының ролі едәуір үлкен, сондықтан жинақ пен инвестициялау процестерінің сәйкес келмеуі экономикалық тепе-теңдіктен ауытқуына әкелуі мүмкін [1] .
Осы уақытқа дейін экономикалық әдебиеттерде инвестиция туралы көптеген ұғымдар қалыптасты. Көптеген авторлар капитал салымы мен инвестиция арасында айырмашылық жасамайды, ал кейбіреулер инвестиция ұғымын кез келген құралдарды, олардың мақсаттық бағыттарына қарамастан салу деп түсінеді [2] .
Инвестицияға нақты және қайталанбайтын анықтама беру үшін ол өте ауқымды ұғым. Әртүрлі тәжірибелік салалар мен әртүрлі экономикалық салаларда ол өз ерекшеліктерін көрсетеді.
Макроэкономикалық инвестициялар жаңа үйлерге және ең жаңа құрылыс құралдарына кететін өзара байланысты шығын.
Сонымен “инвестиция” - бұл өндірістік теорияда және бүкіл макроэкономикада, инвестиция жаңа капитал құру процесі болып табылады. Ал, енді соңғысы, қаржылық теорияда “инвестиция” қазіргі кезеңдегі “шығын”, болашақта табыс әкеледі деген мақсатпен нақты және қаржылық активтерді сатып алу. Нақтырақ айтқанда, инвестициялар - бұл бүгінгі күндегі анықталған құнның болашақта мүмкін болатын құнмен айырбасы [3] .
Экономикалық даму талаптарына, яғни өндірістік потенциалды жаңа ғылыми-техникалық негізде құруға, әлемдік нарықта өз бәсекелестік бағытын құруға, жоғарғы инвестициялық белсенділік өте қажет. Жаңа экономикалық құбылыс болып табылатын Оңтүстік-Шығыс Азияның “жаңа индустриалды елдерінің” пайда болуына, кең ауқымды жаңа ғылыми салаларының дамуы мен соған өтуі инвестиция көлемінің осы елдерге көптеп тартылуына байланысты.
Инвестиция - бұл Қазақстан үшін жаңа экономикалық термин болып табылады, және ол нарықтық экономикаға өту кезінде пайда болды. Бірақ әлі де ол экономикалық әдебиеттерде өзінің бірегей ұғымын тапқан жоқ. Орталықтандырылған жоспарлы ауқымында “жалпы капиталдық салынымдар” деген ұғым қолданылады, және оған негізгі қорларды қайта құруға, оны жөндеу жұмыстарына кеткен шығындар кіреді [4] .
Ең алдымен нарықтық қатынастарға өту кезіндегі өнеркәсіптік өндірістің және инвестицияны пайдаланудың тиімділігін қарастырмас бұрын, біздің көзқарасымыз бойынша алдымен “инвестицияның” әлеуметті-экономикалық мағынасын нақтылап түсініп алайық.
Ғылыми әдебиеттерде инвестиция ұғымын анықтауда бірнеше пікірлер қалыптасқан. Пол Самуэльсон былай жазады: “біз таза инвестициялау немесе капитал қалыптастыру деп - тек қоғамның нақты капиталдарының (ғимараттар, өндірістік-материалдық қорлар, қондырғылар және т. б. ) өсуін айтамыз” [5, 6] .
Аса танымал “Экономикс” шығарылымының авторлары инвестиция ұғымын кең ауқымда түсінеді. Олардың анықтамаларында инвестиция - “өндірістік шығындар мен өндірістік құралдарды жинақтау және материалдық қорлардың көбеюі”, яғни бұл дегеніміз бүкіл өндірістің шығындары мен жинақтары.
Инвестицияның қайнар көзі бәрімізге белгілі - жинақ болып табылады. Жинақтар бір ғана шаруашылық агентімен асырылса, инвестицияны тіптен бөлек адамдар немесе бөлек шаруашылық субъектілері жүзеге асыра алады. Сондықтан, оқымыстылар бұл ұғымда анықтау барысында оның мазмұнынан гөрі, бағытталуына мән береді. В. Бочаров инвестиция ұғымын - қолданысқа пайдалана алмайтын табыстың бір бөлігі ретінде қарастырады. Инвестициялық ресурстар инвестициялық қызметтегі нақты объектілерге ауыстырылуы және сол жерде капиталдық бағаның табыс түрінде өсуі [7] .
Капитал құнының инвестициялық процеске өсуі туралы Кейнс қарастырады. Оның анықтамасы бойынша инвестиция - бұл белгілі бір кезеңде капитал мүлкінің құндылығының өндіріс жағдайында өсуі немесе осы кезеңде тұтынуға пайдаланылмаған табыстың бір бөлігі.
В. Фельзенбаумның айтуынша, инвестиция ұғымы былайша айтқанда нақты инвестицияны мазмұны бойынша “капитал салымы” және “қаржылық” инвестиция түсінігін қамтитын ұғым, яғни меншіктен табыс алуға құқық беретін, тікелей меншік иесі титулына байланысты акция, облигация және басқа да бағалы қағаздарға салымдар. Бұл жағдайда инвестиция қызметінің объектілігі байқалады.
Халықаралық заң шығарушылар инвестицияны өте кең саяси және шаруашылық бітімгерлік тұрғысынан анықтайды, сонымен бірге инвестордың өзімен - оны инвестициялау субъектілеріне еріксіз байланыстырады.
Біздің көзқарасымыз бойынша, инвестицияны анықтауда тек оның мазмұнына ғана назар аудармай, оның мақсаттық бағытталуын да қарастыру керек. Осы көзқарас бойынша инвестициялар, жалпы ұлттық өнімді өндіруге жұмсалатын маңызды бөлікті және өндірісті жаңарту мен кеңейтуге кеткен шығындарды құрайды, яғни ақшалай капиталдан бөлек жеке тұлғаның капиталының кеңеюі мен капитал құрумен байланысты.
Тәжірибе жүзінде зерттеушілер инвестиция ұғымына әр түрлі түсініктер енгізеді. Қоғамдық ұғымда инвестиция түсінігін кез келген құралды, жер, қозғалмайтын мүліктер, акциялар, құрылысқа, техникаға салу, сатып алу деп түсінеді.
Өз уақытында Дж. М. Кейнс инвестицияға классикалық анықтама беріп, бұл ағымдағы кезеңде капитал мүлкінің құндылығының өндіріс жағдайында өсуі немесе осы кезеңде тұтынуға пайдаланылмаған табыстың бір бөлігі.
Қазіргі заман талаптарына сәйкес нақты, әрі дәлірек анықтаманы Пол Хейн берді: “жинақталған өндіріс пен табыстың шайқалуының басты себебі болып Кейнс жүйесіндегі керекті инвестициялық шығындардың көлемінің өзгеруіне байланысты. Инвестиция - яғни болашақта одан күтілген табыстарды алу үшін, қандай да бір құндылықтарды сатып алу. Осыған байланысты станоктар сатып алғанда фирмалар инвестиция жүргізеді”.
Осы заманғы көптеген экономистер, осы анықтаманы түсіндіре отырып, құндылықтарды сатып алуда көптеген ұғымдарды ұйғарады. Түгелдей инвестиция бойынша негізгі капиталға салымдардан бастап, энергия, материалдар, шикізаттар сатып алуға кететін ағымдық шығындар да түсіндіріледі. Мысалы: Журавлева Г. П. мен Малышева И. Ю. екеуінің есептеуінше: “инвестициялар бұл - еңбек заттары мен еңбек құралдарын, материалдар, жаңа технологиялар негізімен байланысты өндірістің жаңалануы мен кеңеюіне кететін шығындар”, яғни бұл жерде негізгі және айналым қорларының салымы арасында айырмашылық жасалмайды және сол уақытта адамдарға ҒТП-ға инвестиция саналмайды. Қазақстандық экономистердің кейбіреулері де осы пікірді ұстануда, яғни инвестициялық қызметтің негізгі объектісі ретінде айналым құралдарын мойындайды және инвестицияның капитал салымының басты айырмашылығы оларды негізгі капиталға сала отырып, айналым құралдарын толықтыру деп түсіндіріледі.
Біздің ойымызша, кішкене анықтама былай болады: “Ағымдағы өндірістің бір бөлігі негізгі капиталдың өсуіне пайдаланылса, онда бұл жағдайда инвестиция орын алады. Инвестиция - бұл ақшалай құралдардың капиталды қайта өндіруге жұмсалуы”.
Инвестиция барлық қоғамда да экономиканы нығайтудың негізі болып табылады. сондықтан оны тиімді пайдалану жолдарын анықтау және қосымша көздерін ашу - еліміздің қазіргі даму сатысындағы басты міндет. Оны шешу үшін республикамызда ғылыми тұрғыдан негізделген инвестициялық саясатты жүзеге асыру керек. Ол халық шаруашылығының әртүрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал қорын жасауға бағытталған жоқ. Инвестициялық саясат негізді болуы үшін күрделі қаржыны пайдалану мен молайту жолдары, табиғи ресурстарды өндіретін, өңдейтін және олардың өнімдерін пайдаланатын салалар арасында ғылыми негізделген арақатынас болуы шарт.
Инвестиция ұғымы латын сөзі “investise” - “қаржы жұмсау” деген мағына береді. Инвестиция дегеніміз - бизнеске жұмсалатын күрделі қаржы. Ол негізінен бизнестің материалдық жағына жұмсалады. Сондай-ақ кәсіпорынның материалдық жағына негізгі және айнымалы қорларды жатқызуға болады.
Инвестиция негізінен екі формада болады:
1) тікелей;
2) портфелді.
Тікелей инвестиция - өнеркәсіп, сауда, т. б. шаруашылық салаларына жұмсалатын күрделі қаржы.
Портфелдік инвестициялар - шетелдік бағалы қағаздарға жұмсалатын қаржы [8] .
Инвестицияның ақшалай капиталдан ерекшелiгi - инвестиция капиталдың құрылуымен, нақты физикалық ұғымдағы физикалық капиталдың ұлғаюымен байланысты. Материалдық байлық құрып және оны молайта түсу, қоғамымыздың тұрмыс халiн жақсарту - инвестициялаудың негiзгi мақсаты болғандықтан, күрделi қаржыларды негiзгi қорға айналдыру процесi инвестицияның классикалық анықтамасына сай келетiндiктен, “инвестиция” ұғымын қолдану кезiнде оған жан-жакты түсiнiктеме берiп отырған орынды. Инвестициялау процесi инвестициялық ресурстардың материалдық байлықтарға және материалдық емес құндылықтарға айналу процесi. Инвестициялау процесi келесi беттегi кесте 1 түрiнде бейнеленген. Тек нарықтық экономика жағдайына өту жоспарлы экономикаға ғана тең “күрделi қаржы” ұғымын санатында құнды қағаздары және басқа да қаржылық активтерi бар “инвестиция” ұғымына алмастырып қойған жоқ, сондай-ақ, өндiргiш күштердiң ғылыми-техникалық тұрғыда өркендеуi жалпы мәдениеттің алға басып, өркен жаюы жағдайында олардың жоғары индустриялық жүйелерiнiң қалыптасуы және де қоғамымыздың жалпы ұлттық мақсат-мүдделерiнiң рөлi мен мағынасының күшеюi ғылыми-техникалық және әлеуметтiк салаларды қаржыландырудың елiмiздiң материалдық байлықтары мен қоғамдық құндылықтарына салынатын салым екендiгiн танытып мойындатуға ықпалды әсерiн тигiздi.
Сонымен, бiз “инвестиция” деген ұғымда қаржылық аспаптар, инновациялық салалар арқылы материалдық байлықтарға және қоғамымыздың материалдық емес құндылықтарына тiкелей немесе жанама түрде салынған инвестициялық ресурстарды түсiнемiз. Негiзгi капиталға салынатын инвестициялық ресурстардың белгiлi-бiр бөлiгi күрделi каржының көлемiмен бiрдей. Осыған орай, бiз ол көрсеткiштi бұдан былайғы уақытта негiзгi капиталға салынған инвестиция немесе күрделi қаржы деп атайтын боламыз. Инвестициялардың қандай түрлерi болмасын капитал әлемiнде әрқайсысының атқарар рөлi әрқилы болғанымен де, олардың елiмiздiң экономикасын өркендетудегi маңызы зор.
Негiзгi капиталды қайта жаңарту iсiндегi алатын орны тұрғысынан қарағанда, инвестициялардың атқарар рольдерi мына төмендегiдей қалыппен сараланып бөлiнедi:
- жалпы және бүтiндей инвестициялар;
- - негiзгi капиталды көбейтуге бағытталған таза инвестиция;
- iстен шыққанның орнын толтыруға бағытталған инвестиция.
Экономикалық әдебиеттерде инвестициялардың қалыптасуына әсер ететiн факторларға сәйкес оларды туынды және индукциялы, автономды деп бөледi.
Кесте 1
Инвестициялау процесiнiң сызбасы
түрлерi
инвестициялар
жұмсалған инвестициялар
объектiлерi
т. б. бағалы қағаздар
лицензиялар,
сауда белгiлерi,
ғылыми-техникалық
өнiмдер т. б.
денсаулық
сақтау,
мәдениет
шаралары
және т. 6.
банктiк орта
орта
активтердiң
ғылыми-
техникалық
деңгейiн,
сапасын және
бәсекелестiк
қабiлетiн
арттыру
деңгейiн,
денсаулық
сақтаудың
сапасын
арттырып,
қоршаған
ортаны қорғау
т. б.
лаудың
түпкiлiктi
мақсаты
Ескерту: Үмбеталиев А., Керімбек Ғ. «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік», Алматы «Бастау» 2002 жыл.
Туынды инвестициялардың динамикасы, әдетте, экономикалық жүйенiң iшкi (эндогендi) факторларына, яғни, ұлттық табыс пен тұтынушылық сұраныстағы өзгерiстерге байланысты болады. Автономды инвестициялардың өсуiне экзогендi факторлар, ғылыми-техникалық прогресс, халықтар санының өсуi, мемлекеттің саясаты және тағы басқалары себепкер болады. Халықаралық және отандық тәжiрибеде инвестицияларды мақсатты бағытталуына байланысты келесi түрлерге бөлiп қарайды:
1) Өндiрiс ғимараттарын, құрылғыларды, сондай-ақ қызмет ету мерзiмi бiр жылдан жоғары болып келетiн активтерге қаражат жұмсалуын сипаттайтын инвестициялар заттай активтерге жұмсалған инвестициялар болып табылады.
2) Қаржылық активтерге жұмсалған инвестициялар - бұл басқадай заңды және жеке тұлғалардьң құрылтайшылық қызметiне араласу негiзiнде, яғни, үлестi бағалы қағаздарды немесе қарызды мiндеттемелердi сатып алу арқылы ақшалай сома алу құқығын сипаттайды.
3) Материалды емес активтерге жұмсалған инвестициялар - бұл қандай да бiр кәсiпкерлiкпен айналысатын шаруашылық субъектiлерiнiң қызмет етуiне, сондай-ақ сауда белгiлерiн даярлауға, лицензия алуға және тағы басқаларға жұмсалған қаражаттарды бiлдiредi.
Заттай активтерге жұмсалған инвестициялар өзiнiң пайдалану аясы бойынша келесiдей жiктелiнедi:
- өндіріс тиiмдiлiгiн арттыруға жұмсалған қаражаттар, яғни, өндiрiстегi құрал-жабдыктарды, құрылғыларды және т. 6. ауыстыру нәтижесiнде өндiрiс шығындарының төмендiгiн қамтамасыз етудi сипаттайды;
- өндiрiстi кеңейтуге жұмсалған инвестициялар. Оның басты мiндетi
тауарлар шығару, мүлiктерiн кеңейту болып табылады;
- таза өндiрiс орнын салуға жұмсалған инвестициялар, яғни, жаңа тауарлар өндiруге немесе жаңа қызмет түрлерiн көрсетуге бағытталған кәсiпорындарды салуды қамтамасыз етудi сипаттайды;
- жаңа өндiрiс орнын салуға жұмсалған инвестициялар, яғни, жаңа тауарлар өндiруге немесе жаңа қызмет түрлерін көрсетуге бағытталған кәсiпорындарды салуды қамтамасыз етудi сипаттайды [9] .
Экономикалық түрлендiрулердi жүзеге асыруда, сондай-ақ жаңа кәсiпкерлiк қызмет түрлерiн дамытуға пайдаланатын инвестицияларды олардың экономикалық мазмұнына қарай әртүрлi нысанда бөлiп қарастырады. Оның iшiнде бiзге танымалы мыналар:
Ссудалық капитал нысанындағы инвестициялар - инвестицияның ссудалық қарыз немесе әртүрлi несие нысандарында пайдалануын сипаттайды.
Кәсiпкерлiк нысанындағы инвестициялар - кәсiпкерлiк капиталдың тiкелей және жанама нысанында пайдаланылуын бiлдiредi.
Кәсiпкерлiк капиталдың тiкелей нысанында пайдаланылуы тiкелей инвестицияларды бiлдiрсе, ал жанама нысандарында пайдаланылуы портфелдiк инвестицияларды сипаттайды. Тiкелей инвестициялар өндiрiстiк кәсiпорындарға тiкелей қаражат жұмсаумен байланысты экономикалық қатынастар жиынын бiлдiрсе, ал портфелдiк инвестициялар - бұл инвестициялық процеске қатысушы банктердiң, әртүрлi қорлардың, кәсiпорындардың, ұйымдардьң немесе мекемелердiң бағалы қағаздарын, акция, облигацияларын, сертификаттарын сатып алу негiзiнде қаржы жұмсаумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығын бiлдiредi.
Қазақстанның экономикалық дамуына жұмсалған инвестициялардың нысандарына байланысты үлес салмағын талдау нәтижесi портфельдiк инвестициялардың пайдалануы өте төмен көрсеткiшке ие болуын сипаттайды. Әрине, бұл жағдай елiмiздегi бағалы қағаздар нарығының аса дамымауымен байланысты.
Сонымен қатар, инвестицияларды меншiк нысанына байланысты келесiдей түрде бөлiп қарайды:
Мемлекеттiк меншiк нысанындағы инвестициялар мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыландыруды сипаттайды, оның жұмсалу бағыты әлеуметтiк сала болып табылады [10] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz