Туберкулез қоздырғышы туралы



1. Туберкулез қоздырғыштары
2. Туберкулездің алдын алу шаралары:
Туберкулез (tuberculosis; латынша tuberculum - төмпешік) микобактериялар туғызатын жұқпалы ауру, әр түрлі ағзалар мен жүйелерді (өкпе, ас қорыту, зәр шығару жолдары, тері, сүйек, және т.б.) зақымдаумен сипатталады. 3 түрлі микобактериялар ауру тудырады: M.tuberculosis- адамдық түрі - ( адамдарда 92% жағдайда туберкулез тудырады), M.bovis -өгіздік түрі -(5% жағдайда), M.africanum-аралық түрі (3% жағдайда). Бұлардың үшеуі де морфологиялық, дақылдық, биохимиялық және патогенді құрылымымен ерекшеленеді. Олардан басқа осы туыстастыққа туберкулездік емес немесе шартты-патогенді минобактериялар жатады(М.аvium, M.cansasi), олар кейде адамның немесе жануардың ауруларын туғыздыруы мүмкін. Туберкулез қоздырғыштын Р. Кох (1882) ашқан. Р.Кох 1911 жылы осы қоздырғышты ашқаны үшін Нобель сыйлығына ие болды.
Бұл мәселенің өзектілігі туберкулездің кең таралуына байланысты. 1993 жьшы ДД¥ аурудың күрт өсуіне байланысты туберкулезді «әлемдік қауіпті» мәселе деп жариялады.
Таксономиясы. Қоздырғыш Firmicutes бөліміне, Mycobacteriaceaе тұқымдастығына, Mycobacterium туыстастығына жатады.
Морфологиясы және тинкториалдық қасиеттері. Дақылды өсіру. ҰЗЫН, аздап иілген, грам оң, қозғалмайтын, спора және капсула түзбейтін, Циль-Нильсен әдісімен боялатын таяқшалар. Морфологиялық варианттарының пайда болуы туберкулез қоздырғышының полиморфизмінен байланысты (фильтрден ететін және ультра ұсақ, дән тәрізді, кокк тәрізді, тармақталған, колба тәрізді «көгілдір қышқылға тұрақты емес», L-пішінді). Емдеген кезде олар организмде жылдам пайда болады, дегенмен, макрофагтардың ішінде ұлақ уақыт персистенцияланады. Сонын нәтижесінде туберкулезге қарсы стерилді емес иммунитет қалыптанады. Морфологиялық вариантгарының пайда болуын туберкулездге микробиологиялық диагноз қою және емдеу кезінде ескеру қажет. Себебі олардың вирулентті бациллярлы түрге айналуы (реверсиясы) созылмалы қабыну үрдістің ұзақ
дамуына және де аурудың рецидивіне әкелуі мүмкін, сонымен қатар, аурудың «көп түрлігін» түсіндіреді. Патоморфологиялық және клиникалық-рентгенологиялық көріністері қоздырғыштың осындай полиморфизмімен тікелей байланысты. Фильтрден өтетін ультра ұсақ пішінді микобактериялар туберкулездің созылмалы каверна орналасқан деструкциялық түрлерінде және миллиарлы туберкулез кезінде бөлінеді, «қышқылға тұрақты емес» көгілдір варианттары сүйек туберкулезінің жабық ошақтарынан бөлінеді. Ал еңді L-пішінді микобактериялар-белгісіз баяу, әлсіз дамитын аурулардан бөлінеді. Фильтрлі, ультрамайда L-пішінді түрлері плацента арқылы да және гемато-энцефалды барьерден де ете алады.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ HOCA AHMET
YESEVI
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ - ТҮРІК ULUSLARARASI KAZAK -
TURK
УНИВЕРСИТЕТІ
UNIVERSITESI

ӘОЖ 616. 995 314

Медицина факультеті
Теориялық пәндер кафедрасы

Студенттердің ХVІІ ғылыми - теориялық конференциясына

Б А Я Н Д А М А

Тақырыбы: Туберкулез қоздырғышы.

Жетекші : Теориялық пәндер кафедрасының
б.ғ.д., профессоры
Р.Дильбарканова

Орындаған: медицина факультетінің ЖМ-704
тобының студенті Жапаров Ахмад

Түркістан– 2009 ж.

Туберкулез қоздырғыштары
Туберкулез (tuberculosis; латынша tuberculum - төмпешік)
микобактериялар туғызатын жұқпалы ауру, әр түрлі ағзалар мен жүйелерді
(өкпе, ас қорыту, зәр шығару жолдары, тері, сүйек, және т.б.) зақымдаумен
сипатталады. 3 түрлі микобактериялар ауру тудырады: M.tuberculosis- адамдық
түрі - ( адамдарда 92% жағдайда туберкулез тудырады), M.bovis -өгіздік түрі
-(5% жағдайда), M.africanum-аралық түрі (3% жағдайда). Бұлардың үшеуі де
морфологиялық, дақылдық, биохимиялық және патогенді құрылымымен
ерекшеленеді. Олардан басқа осы туыстастыққа туберкулездік емес немесе
шартты-патогенді минобактериялар жатады(М.аvium, M.cansasi), олар кейде
адамның немесе жануардың ауруларын туғыздыруы мүмкін. Туберкулез
қоздырғыштын Р. Кох (1882) ашқан. Р.Кох 1911 жылы осы қоздырғышты ашқаны
үшін Нобель сыйлығына ие болды.
Бұл мәселенің өзектілігі туберкулездің кең таралуына байланысты. 1993
жьшы ДД¥ аурудың күрт өсуіне байланысты туберкулезді әлемдік қауіпті
мәселе деп жариялады.
Таксономиясы. Қоздырғыш Firmicutes бөліміне, Mycobacteriaceaе
тұқымдастығына, Mycobacterium туыстастығына жатады.
Морфологиясы және тинкториалдық қасиеттері. Дақылды өсіру. ұзын, аздап
иілген, грам оң, қозғалмайтын, спора және капсула түзбейтін, Циль-Нильсен
әдісімен боялатын таяқшалар. Морфологиялық варианттарының пайда болуы
туберкулез қоздырғышының полиморфизмінен байланысты (фильтрден ететін және
ультра ұсақ, дән тәрізді, кокк тәрізді, тармақталған, колба тәрізді
көгілдір қышқылға тұрақты емес, L-пішінді). Емдеген кезде олар организмде
жылдам пайда болады, дегенмен, макрофагтардың ішінде ұлақ уақыт
персистенцияланады. Сонын нәтижесінде туберкулезге қарсы стерилді емес
иммунитет қалыптанады. Морфологиялық вариантгарының пайда болуын
туберкулездге микробиологиялық диагноз қою және емдеу кезінде ескеру қажет.
Себебі олардың вирулентті бациллярлы түрге айналуы (реверсиясы) созылмалы
қабыну үрдістің ұзақ

1 - сурет

ТУБЕРКУЛЕЗ ТАЯҚШАСЫНЫҢ ТАЗА

ДАҚЫЛЫНЫҢ

ЭЛЕКТРОНДЫҚ МИКРОСКОПТАН КӨРІНІСІ

2 - сурет

ТУБЕРКУЛЕЗ МИКОБАКТЕРИЯСЫНЫҢ

МИКРОСКОПТАН КӨРІНІСІ

дамуына және де аурудың рецидивіне әкелуі мүмкін, сонымен қатар, аурудың
көп түрлігін түсіндіреді. Патоморфологиялық және клиникалық-
рентгенологиялық көріністері қоздырғыштың осындай полиморфизмімен тікелей
байланысты. Фильтрден өтетін ультра ұсақ пішінді микобактериялар
туберкулездің созылмалы каверна орналасқан деструкциялық түрлерінде және
миллиарлы туберкулез кезінде бөлінеді, қышқылға тұрақты емес көгілдір
варианттары сүйек туберкулезінің жабық ошақтарынан бөлінеді. Ал еңді L-
пішінді микобактериялар-белгісіз баяу, әлсіз дамитын аурулардан бөлінеді.
Фильтрлі, ультрамайда L-пішінді түрлері плацента арқылы да және гемато-
энцефалды барьерден де ете алады.
Сұйық орталарда 2-3 аптадан кейін әжімді қабық түзеді, ал тығыз ортада
сүйел тәрізді жайылып өседі. Өсіру үшін қолайлы орталар қолданылады —
глицерин қосылған жұмыртқалық орта (Левенштейн-Иенсен немесе Финн-2),
агарлы орта (Миддбрук 7H10, 7H11), және де, сұйық қоректік орталар -
(Миддбрук 7Н9, 7H12, Дюбо), Школьникованың жартылай синтетикалық ортасы,
Соrон ж.т,б.. Жасуша қабырғасы зақымдалған микобактерияларды дақылдандыру
үшін арнайы Колестос қоректік ортасы қолданылады.
Қолайлы биологиялық үлгі - теңіз шошқасы. Сұйық ортада заттық әйнекше
бетіне микродақылдау жүргізгенде 3 тәуліктен кейін микроколониялар
түзіледі, мұнда вирулентті миобактериялар өрілген шаш, бұрым немесе
ширатылған жіп түрінде орналасады. Бұл феномен корд-фактор деп аталады.
M.bovis - қысқа, жуан дәнді таяқшалар. Қолайлы биологиялық үлгі
-орқояндар. M.africanum - жұқа, ұзын таяқшалар. Қарапайым қоректік
орталарда өседі. Ерекшелігі-қолайлы температурасы 40-42°С. Адам үшін
патогенділігі төмен. M.tuberculosis-тің вирулентті штамы тығыз ортада R-
колония түзеді.

3 - сурет

МИКРОКОЛОНИЯ КОРД-ФАКТОРДЫҢ

ЭЛЕКТРОНДЫҚ МИКРОСКОПТАН КӨРІНІСІ

Ферменттік белсенділігі. Туберкулез микобактерияларының
биохимиялық белсенділігі әртүрлі, соңдықтан оларды бір-бірінен және
қышқылға тұрақты сапрофиттерден, шартты-патогенді микобактериялардан
ажыратуға мүмкіндік береді. Микобактерияларда келесі ферменттер
анықталған: аминострансферазалар, эстеразалар,
трегаллазалар. Оксидоредуктаза ферменттерінің арасында аса маңыздысы
каталаза және пероксидаза, себебі қоздырғыштың вирулентілігі және де
гидразид изоникотин қышқылы тобына жататын препараттарға тұрақтылығы
олармен байланысты.
Шартты-патогенді микобактериялар мен қышқылға тұрақты сапрофиттердің
каталазасы термостабилді. Туберкулез қоздырғышының каталазасы
термолабилді. Изониазид сезімтал штамдары жоғары каталазалық және
перкосидазалық белсенділікке ие, ал изониазид тұрақты бактерияларда осы
қасиет жойылған. Патогенді микобактериялар көп мөлшерде никотин қышқылын
немесе ниацинді түзеді, олар сұйық қоректік ортада көп мөлшерде жиналып
калий цианиді мен Б хлорамин ертіндісімен бірге дақылды ашық сарғыш түске
бояйды. (Конно ниацин сынағы). Шартты-патогенді микобактериялар
оң нәтижелі ниацинді сынама береді, нитратты қалпына келтіреді, мочевинаны,
никотинамидты, пиразинамидты ыдыратады.
Антигендік құрылымы. Микобактериялардың антигендік құрлымы жеткілікті
түрде күрделі. Антигені жасуша қабырғасымен, рибосомалармен, цитоплазмамен
байланысты, ақуызды және липополисахаридты табиғаты бар, ЖСБТ және ЖСЖТ
реакциясында қатысатын, протекциялық (қорғаныш) белсеңділігі бар.
Патогендік факторлары. Микобактериялардың негізгі химиялық бөлшектері:
ақуыздар (туберкулопротеиндер), көмірсулар және липидтер.
Туберкулопротеиндер жасушаның құрғақ салмағының 56% құрайды. Басқа
бактериялармен салыстырғанда микобактериялардың құрамында липидтер 10-40%
болады. Қышқылға тұрақты сапрофиттермен салыстырғанда Вирулентті
микобактерияларда липидтердің мөлшері көп болып келеді. Қоздырғыштың
патогенділігі микобактерияның жоғарыда көрсетілген химиялық құрамымен
байланысты (гранулема және казеозды некроздың дамуы, фагоцитоз
белсеңділігінің төмендеуі, лимфоциттер миграциясының тежелуі ж.т.б.).
Резистентілігі. Микобактериялар спора түзбейтін бактериялар ішінде
қоршаған ортадағы қолайсыз факторларға аса тұрақты болып келеді. Басқа
микробтар тәрізді олар дақылданбайтын түрлерге айналуы мүмкін, соған
байланысты биоценоздардың табиғи компоненттері болып келеді және қоршаган
ортада көп уақыт сақталады. Микобактериялар қоршаған ортада тұрақты: шаңда
- 10 күн, кітап, ойыншық үстінде - 3 айға дейін, суда - 5 айға, майда - 10
айға, сырда - 8 айға, қақырықта - 10 айға дейін сақталады. Қайнатқан кезде
5 минуттан кейін жойылады. Дезинфекциялау үшін хлорамин және хлорлы әктің
белсендірілген ерітінділерін қолданады (тек қана 3-4 сағаттан кейін
жойылады).
Эпидемиологиясы, патогендік және клиникалық белгілері. Туберкулез
барлық жерде таралған, әлеуметтік мәселе болып табылады; тұрғындардың
зардаптануы, аурушылдығы және өлім-жітімдігі жеткілікті жоғары, әсіресе
дамуы төмен мемлекеттерде. Туберкулезге барлық адамдар жаппай сезімтал.
Аурушылдыққа халықтың әлеуметгік жағдайы әсер етеді. Инфекцияның көзі-ауру
адам, инфекцияның таралу жолы - көбіне ауа-тамшылы, тарнсплацентарлы,
апиментарлы, сирек жағдайда тұрмыстық қатынас арқылы жұғады. Тек ашық
формадағы науқастар (қоздырғыш сыртқы ортаға бөлінген жағдайда)
эпидемиялогиялық қауіптілікт туғызады.
Адам ағзасы патогенді микобактерияларға жоғары деңгейде тұрақты.
Сондықтан аурудың пайда болуы инфекция көзімен ұзақ қарым-қатынаста
болуымен, микобактериялардың мөлшері, вирулентілігі және макроорганизмнің
тұрақтылығының төмендеуімен байланысты. 40 жасқа келген адамдардың 70-90%
микобактерияларды жұқтырған, дегенмен тек

4 - сурет

М.ТУБЕРКУЛЕСИС ҚОЗДЫРҒЫШЫ

КЛЕТКАСЫНЫҢ БӨЛІНУ КЕЗІНДЕГІ

ЭЛЕКТРОНДЫҚ МИКРОСКОПТАҒЫ КӨРІНІСІ

10%-да алғашқы туберкулез дамиды. Қалған адамдарда туберкулез инфекциясының
клиникасы белгісіз өтеді. Тек қана туберкулин сынақ арқылы, вираж түріне
айқындалады.
Жұққан жағдайда (жасырын кезеңі 3-8 апта) қоздырғыштың енген жерінде
алғашқы туберкулезді кешен пайда болады (қабыну немесе қабыну-некрозды
реакция), ол кең таралып және көптеген ағзалар мен жүйені зақымдай отырып
жеңіл түрінен ауыр септикалық күйге дейін зардаптандыруы мүмкін Туберкулез
көбінесе өкпені зақымдайды.
Туберкулезді инфекция үшін ЖСБТ реакциясы тән, терішілік туберкулиңді
енгізу арқылы анықтайды (Манту сынамасы), Бұл сынамына жүргізу үшін
туберкулездің микобактериясынан PPD - тазартылған ақуыз препаратын
қолданады. Сенсибилизацияланбаған организм препаратқа әсер көрсетпейді,
бірақ ағзада тірі микобактериялар болса (ауру адамда немесе егілген
адамдарда), онда 48 сағаттан кейін жергілікті қабыну реакция дамиды.
Балалар мен жасөспірімдерде Манту сынамсы негізгі диагностикалық, маңызды
әдіс. Сынақтың нәтижесі оң болғанда туберкулин еңгізген орнында диаметрі 5
мм және одан астам инфильтрат пайда болады (инесіз әдісті қолданғанда
инфильтрат диаметрі 3 мм және одан астам). Дегенмен, бұл нәтиже ауру
дамуына көрсетпейді, текқоздырғыш жұқтырғанын көрсетеді. Туберкулезге қарсы
иммунитег тұрақсыз және ол организмде микобактерия болғанда ғана
сақталады.
Микробиологиялық диагностикасы (1-кесте). Туберкулезді зертханада
дәлелдеу үшін әдетте қақырықты, зәрді, бронхтарды шайған су, ми-жұлын
сұйықтығы тағы басқаларды зерттейді. Циль-Нильсен әдісімен боялған
жағындының микроскопта қарап анықтау тек зерттелетін материалда
никобактерияның мөлшері жоғары болғанда ғана тиімді. Зерттелетін материалды
байыту үшін әр түрлі әдістер қолданады, соның қатарында центрифугалау
эдісі, қақырықты гомогенизациялау, флотациялау. Бактериологиялық әдіс:
Левенштейн-Йенсен ортасына себу (сұйық және тығыз қоректік орталарға себу
тиімді, бірак 3-4 апта қажет), Прайс бойынша микродақылды өсіру (диагноз
қоюдың жедел әдісіне жатады). Серологиялық әдіс: ПГАР, ИФТ. Биологиялык
әдіс: теңіз шошқасы мен орқоянғажұқтыру. Бұл әдіс жоғары сезімталды,
сондықтан зерттейтін материалдың ішінде 1-5 микроб жасушасына дейін
анықтауға мүмкіншілік береді. Бактериоскопиялық және бактериологиялық
әдістер нәтижесі теріс

болғанда биологиялық әдіс өте
маңызды және туберкулез қоздырғыштарының морфологиялық варианттарын анықтау
үшін қойылады.
Сонымен қатар, бұл тәсіл негізгі дифференциалды-диагностикалық тест
ретінде түрді анықтау үшін, патогенті және шартгы-
патогенді
микобактериялардың вирулентілігін анықтайтын әдіс. Молекулалық-
генетикалық әдіс: ПТР; қоздырғыштың гендік дактилоскопиялау әдісі - зонд
ішінде инсерционды элементті қолдана отырып Саузерн-блот-гибридизация
жүргізіледі.
Туберкулездің жедел диагноз қою әдістері қолданылады. Түрлік
спецификалық моноклонды ангиденелер, иммунды флюоресцентгі реакция,
лазерлік флюоресценция, және ПТР көмегімен 2 тәулік ішінде бірінші I
қорытындыларын алуға болады.
Емдеуі. Антибиотикотер қолдану туберкулезбен аурғандарды емдеудің
негізгі әдісі болып табылады. Туберкулезге қарсы препараттарды әсер
дәрежесі (ойынша үш топқа бөледі: А тобы — изониазид, рифампицин және
олардың туындылары; В тобы - стрептомицин, канамицин, этионамид,
(протионамид), этамбутол, пиразинамид, флоримицин, циклосерин, фторхинолон
туындылары; С тобы - пара-аминосалицил қышқылы (ПАСК) және тиоацетозон
(тибон) тағайындайды.
Туберкулезді емдеудің жаңа бағыты - - моноклонды антиденелерді
антибиотиктерді қажетті ағзаларға тасымалдау үшін қолданылуы. Бұндай әдіс
колданылатын препараттардың улылығын төмендетеді және де емдеу әсерін
жоғарылатады. Келешекте-гендік терапия технологиясы перспективті.
Сақтандыру. Санитарлық-гигиеналык және эпидемияға қарсы кешенді
шаралар қолданады (кәсіпорындардың, мектептер, балалар мекемесі және тағы
басқалардың санитарлық жағдайы, ауруларды анықтау, жанұяларды тіркеу,
диспансеризациялау, эпидемиологиялық бақылау тағы басқалар). Тірі
вакцинаны енгізу жолымен спецификалық сақтандыру іске асырылады – BCG
(Bасille Calmette-Guerin) арнайы ортада микобактерияны аттенуациялау арқылы
Герен және Кальмет алған, Жаңа туылған балаларға (3-5-7 күннен кейін)
ревакцинациялау 7, 12 және 17 жаста тері ішіне егу арқылы жүргізіледі.

Васвакцинация алдында Манту сынамасын қояды. Реакция оң болса,
ревакцинация жүргізбейді. Әлсіз балаларға реакгогендік белсенділігі төмен
ВCG-M вакцинасын егеді.
Қоғамымыздың маңызды әлеуметтік мәселелері әлеуметтік мәні бар аурулар
бойынша жағдайдың бірталай нашарлай түсуіне алып келді. Туберкулез де
осындай сырқаттар қатарына жатады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (АДҰ) туберкулезді шұғыл шараларды
талап ететін маңызды мәселе деп жариялады, өйткені әлемде жыл сайын:
• 3 миллион адам туберкулезден өледі;
• 9-10 миллион адам туберкулездің бациллалық түрлерімен ауырады;
• 10-20 миллион адам туберкулездің барлық түрлерімен ауырады;
жер шары тұрғындарының шамамен 13 бөлігі (шамамен 2 миллиард ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құстың туберкулез ауруының диагностикасы мен сақтандыру шаралары
Құстың туберкулез ауруы
Сібір жарасы. Туберкулез аурулары
Сібір жарасы. Туберкулез
Туберкулездің қоздырғышы
Туберкулез ауруының негізгі себептері
Туберкулездің жалпы сипаттамасы
Туберкулез. Алапес. Дифтерия, көкжөтел. Жалпы сипаттамасы. Диагностикасы, емі, алдын-алуы. Спирохеталар, микоплазма, хламидия, риккетсия. Жалпы сипаттамасы. Диагностикасы, емі, алдын-алуы
Туберкулез - созылмалы жұқпалы ауру
Балалардағы өкпе туберкулезі
Пәндер