Әлеуметтендіру– рухани құндылықтарды таратушы және қайта жаңғыртушы механизм ретінде



«Әлеуметтендіру» ұғымы бірқатар әлеуметтік ғылымдар жүйесінде, аап айтсақ, философияда, психологияда, педагогикада, әлеуметтануда, саясаттануда басты орындардың бірін алады. Шетелдік және отандық ғылымда әлеуметтендіру мәселесін зерттеу бұрыннан жүргізіліп келеді және тұрақты теориялық қағидаларға сүйенеді. Әлеуметтанушылық және философиялық әдебиеттерде «әлеуметтендіру» термині полисемантикалық және көпаспектілі термин болып табылады.
Әлеуметтендіру мәселесі дербес проблема ретінде 60-жылдардың соңынан бастап қарастырыла бастады. Сол уақытқа дейін әлеуметтендірудің алуан түрлі аспектілері белгілі дәрежеде даму психологиясында, сонымен бірге оқу-тәрбие мекемелеріндегі тәрбие туралы педагогикалық еңбектерде жарық көрді. Қазіргі кезде әлеуметтендіру үдерісінің зерттеудің пәнаралық дербес саласына айналғанын байқауға болады, оның жеке аспектілері педагогикада, психологияда, әлеуметтануда зерттеледі. Бірқатар ғалымдар аталған ұғымды адамзаттың даму үдерісімен арақатынаста таихи кең контекстіде қарастырса, екінші ғалымдар аталған ұғымды жеке тұлғаның қалыптасу үдерісіне жатқызады, үшіншілері әлеуметтендіру үдерісін жеке әлеуметтік-демографиялық топтарды әлеуметтендіру үдерісі ретінде қарастырады.
«Әлеуметтендіру» термині – бұл «адамның әлеуметтік табиғатын дамыту үдерісі», бұл ұғымды алғаш рет ғылыми қолданысқа В.Гиддингс енгізді. Әлеуметтендірудің ең алғашқы өзіндік әлеуметтанушылық тұжырымдамасын ретінде Э. Дюркгеймнің позитивистік тұжырымдамасын атауға болады. Оның әдіснамасының негізінде екі негізгі қағида алынған:
1. Француз әлеуметтану ғылымының классик-ойшылы қоғамды индивидтерден құралған және олардың әрекетін бақылауды жүзеге асыратын ерекше болмыс ретінде түсіндіреді;
2. Әлеуметтендірілмеген, импульсивті адамзат табиғатын қоғамдық моральдың құралдары арқылы және жазалау арқылы ұстау қажет.
Э.Дюркгеймнің тұжырымдамасы қоғамның әлеуметтендіруші рөлін басым көрсетеді, өз кезегінде ғалымның социологизмі әлеуметтендіру контексінде мақсатты бағытталған тұрғыда зерттеушіні индивидтерді мәдени ассимиляциялауға, әлеуметтік бейімдеуге бағдарлайды және социумның әлеуметтік-мәдени әсерінің объектісі ретінде жеке тұлғаны талдаудың теориялық дәстүрлерінің негізін қалайды.
Э.Дюркгеймнің теориялық зерттеулерінің нәтижелері көп жағдайда Т.Парсонстың әлеуметтендіру теориясының негізінің қалануына ықпал етті. Т.Парсонс әлеуметтендіруді «сәбидің дүниеге келетін қоғам мәдениетінің интернализациясы» ретінде, «қоғамда белгілі бір рөлді атқару үшін адамның бағдарлар жиынтығын меңгеру» ретінде қарастырды. Т.Парсонс бойынша, әлеуметтендіру үдерісінің негізінде, «адам ағзасының генетикалық құрылымы және оның оқытуға деген қабілеттілігі» алынады. Әлеуметтендірудің әмбебап міндеті – қоғамға «жаңадан» енетін адамдардың бойында кең пейілділік сезімдерін және қоғамдық жүйеге деген адалдық сезімдерін қалыптастыру болып саналады. Ғалымның пікірі бойынша, адам өзінің бойына басқа адамдармен қарым-қатынас барысында жалпы құндылықтарды меңгереді. Соның нәтижесінде, жалпы қабылданған нормативті стандарттарды негізге алу, адамның мотивациялық құрылымының бір бөлігі ретінде, оның қажеттілігі ретінде болады.
1 Ремшмидт Х. Подростковый и юношеский возраст: проблемы становления личности. – М.: Мир, 1994.
2 Крысько Л.В. Социальная психология. – СПб, Владос, 2007.
3 Ахтаева Н.С. Әлеуметтік психология. – Алматы, 2007.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ - РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ТАРАТУШЫ ЖӘНЕ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУШЫ МЕХАНИЗМ РЕТІНДЕ

Бейсембаева К.Д.
Абай атындағы ҚазҰПУ, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы

Әлеуметтендіру ұғымы бірқатар әлеуметтік ғылымдар жүйесінде, аап айтсақ, философияда, психологияда, педагогикада, әлеуметтануда, саясаттануда басты орындардың бірін алады. Шетелдік және отандық ғылымда әлеуметтендіру мәселесін зерттеу бұрыннан жүргізіліп келеді және тұрақты теориялық қағидаларға сүйенеді. Әлеуметтанушылық және философиялық әдебиеттерде әлеуметтендіру термині полисемантикалық және көпаспектілі термин болып табылады.
Әлеуметтендіру мәселесі дербес проблема ретінде 60-жылдардың соңынан бастап қарастырыла бастады. Сол уақытқа дейін әлеуметтендірудің алуан түрлі аспектілері белгілі дәрежеде даму психологиясында, сонымен бірге оқу-тәрбие мекемелеріндегі тәрбие туралы педагогикалық еңбектерде жарық көрді. Қазіргі кезде әлеуметтендіру үдерісінің зерттеудің пәнаралық дербес саласына айналғанын байқауға болады, оның жеке аспектілері педагогикада, психологияда, әлеуметтануда зерттеледі. Бірқатар ғалымдар аталған ұғымды адамзаттың даму үдерісімен арақатынаста таихи кең контекстіде қарастырса, екінші ғалымдар аталған ұғымды жеке тұлғаның қалыптасу үдерісіне жатқызады, үшіншілері әлеуметтендіру үдерісін жеке әлеуметтік-демографиялық топтарды әлеуметтендіру үдерісі ретінде қарастырады.
Әлеуметтендіру термині - бұл адамның әлеуметтік табиғатын дамыту үдерісі, бұл ұғымды алғаш рет ғылыми қолданысқа В.Гиддингс енгізді. Әлеуметтендірудің ең алғашқы өзіндік әлеуметтанушылық тұжырымдамасын ретінде Э. Дюркгеймнің позитивистік тұжырымдамасын атауға болады. Оның әдіснамасының негізінде екі негізгі қағида алынған:
1. Француз әлеуметтану ғылымының классик-ойшылы қоғамды индивидтерден құралған және олардың әрекетін бақылауды жүзеге асыратын ерекше болмыс ретінде түсіндіреді;
2. Әлеуметтендірілмеген, импульсивті адамзат табиғатын қоғамдық моральдың құралдары арқылы және жазалау арқылы ұстау қажет.
Э.Дюркгеймнің тұжырымдамасы қоғамның әлеуметтендіруші рөлін басым көрсетеді, өз кезегінде ғалымның социологизмі әлеуметтендіру контексінде мақсатты бағытталған тұрғыда зерттеушіні индивидтерді мәдени ассимиляциялауға, әлеуметтік бейімдеуге бағдарлайды және социумның әлеуметтік-мәдени әсерінің объектісі ретінде жеке тұлғаны талдаудың теориялық дәстүрлерінің негізін қалайды.
Э.Дюркгеймнің теориялық зерттеулерінің нәтижелері көп жағдайда Т.Парсонстың әлеуметтендіру теориясының негізінің қалануына ықпал етті. Т.Парсонс әлеуметтендіруді сәбидің дүниеге келетін қоғам мәдениетінің интернализациясы ретінде, қоғамда белгілі бір рөлді атқару үшін адамның бағдарлар жиынтығын меңгеру ретінде қарастырды. Т.Парсонс бойынша, әлеуметтендіру үдерісінің негізінде, адам ағзасының генетикалық құрылымы және оның оқытуға деген қабілеттілігі алынады. Әлеуметтендірудің әмбебап міндеті - қоғамға жаңадан енетін адамдардың бойында кең пейілділік сезімдерін және қоғамдық жүйеге деген адалдық сезімдерін қалыптастыру болып саналады. Ғалымның пікірі бойынша, адам өзінің бойына басқа адамдармен қарым-қатынас барысында жалпы құндылықтарды меңгереді. Соның нәтижесінде, жалпы қабылданған нормативті стандарттарды негізге алу, адамның мотивациялық құрылымының бір бөлігі ретінде, оның қажеттілігі ретінде болады.
Т.Парсонс әлеуметтендіру үдерісін адамның әлеуметтік жүйеге кіріктіру үдерісін және оған бейімделу үдерісін сипаттайтын қоғамның өмір сүруінің әлеуметтануышылық теориясы аясында қарастырады. Әлеуметтендірудің әмбебап міндеттерінің бірі ретінде, әлеуметтік жүйеге енетін индивидтердің тұрақты құндылық бағдарларын және жалпы қабылданған нормативті стандарттарын қалыптастыру алынады. Мұнда қоғамдық үдерістердің үздіксіздігі мен қайта жаңғыртуы қамтамасыз етіледі.
Б.Д.Парыгин әлеуметтендіруді индивидтің қоғамдағы белгілі рөлдер мен функцияларды меңгеруі ретінде, ал И.С.Кон индивидтің әлеуметтік тәжірибенің моделін меңгеру нәтижесінде тұлға ретінде қалыптасу ретінде түсіндіреді. Аталған түсініктемелердегі біршама айырмашылықтарға қарамастан, әлеуметтендіруді түсіндірудегі бірнеше қағидаларды атап көрсетуге болады:
1. Әлеуметтендіруді адамның бүкіл өмірі бойы жалғасатын қоршаған әлеуметік ортаға бейімделу тәсілі ретінде түсіндіру;
2. Субъектінің қоғамды мойындауы, ал индивидті әлеуметтендіру нысаны ретінде мойындау;
3. Әлеуметтендірудің сыртқы (объективті) факторларын зерттеуге назар аудару;
4. Әлеуметтендірудің агенттері мен механизмдерін зерттеуге ерекше зейін аудару.
Аталған теориялар негізінен жеке тұлғаны дамыту үдерісінде субъективті факторлардың рөлін тану дәрежесі бойынша айқындалады. Келесі бір теориялар тобын қатарын субъектілі-субъектілі теориялар құрайды, олар индивидті объект ретінде ғана емес, сонымен бірге әлеуметтендірудің субъектісі ретінде қарастырады, аталған субъект белсенді түрде өзіндік қалыптасу үдерісіне қатысады. Осы бағыттың негізін қалаушылардың бірі ретінде американдық ғалымдар Ч.Кулиді, У.Томасты, Ф.Знанецкийді, Дж.Г.Мидті атауға болады. Ч.Кули айнадағы Мен теориясының және шағын топтар теориясының авторы ретінде, жеке-дара Мен алғашқы топтың ішінде, тұлғааралық қарым-қатынаста, коммуникацияның әлеуметтік сапасы ретінде меңгеріледі, яғни жеке және топтық субъектілердің өзара әрекеті үдерісінде меңгеріледі.
У.Томас пен Ф.Знанецкий әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді адамдардың саналы іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қарастыру туралы қағиданы ұсынды, яғни белгілі бір әлеуметтік ситуацияларды зерттеуде әлеуметтік жағдайларды ескеріп қоймай, сонымен бірге осы ситуацияға енгізілген индивидтердің көзқарастарын да ескеру қажет.
Дж.Мид Символдық интеракционизм деп аталатын бағытты құрастырды, оның орталық ұғымы ретінде дара-аралық өзар әрекет алынады. Дж.Мид бойынша өзара әрекет үдерістерінің жиынтығы, қоғамды және әлеуметтік индивидті білдіреді. Осы теориялардағы ортақ белгі ретінде, индивидтің әлеуметтендіру үдерісінде белсенділігі тану алынады, дәл осы белсенділік әлеуметтендіру үдерісі мен оның механизмдерін талдауға деген өзіндік тұғырды анықтайды. Бұлай түсінліруде тұлға бір мезгілде әлеуметтік өзара әрекеттін объектісі және субъектісі болады.
Ресейлік әлеуметтік психолог Г.М.Андреева ұсынған әлеуметтендірудің анықтамасында, ғалым аталған тұғырды көрнекі түрде айқындайды: Әлеуметтендіру - бұл екіжақты үдеріс, өзінің құрамына бір жағынан, индивидтің әлеуметтік ортаға және әлеуметтік байланыстар жүйесіне енуі арқылы, әлеуметтік тәжірибені меңгеруін қамтитын үдеріс; ал екінші жағынан, индивидтің белсенді іс-әрекеті мен әлеуметтік ортаға белсенді енуімен анықталатын, оның әлеуметтік байланысты жүйесін белсенді қайта жаңғырту үдерісі.
Әлеуметтендіру ақпараттық кешенді айқындау және оқшаулау үдерісі ретінде қарастырылады. Қоғам ашық өзін-өзі ұйымдастырушы жүйе ретінде, адамдарды, заттарды, қатынастарды әлеуметтендіру арқылы қалыптасады. Әлеуметтендірудің сыртқы механизмі ретінде интеракция алынады, ал ішкі механизмі ретінде - ақпараттық кеңістіктің үзінділерін құрылымдау алынады. Қоғам адамдардың біріккен одағы емес, ол болмысты жаппай құрылымдаудың күрделі формасы, онда жеке тұлғаны әлеуметтендіру жаһандану үдерісінің жеке бір көрінісі ретінде болады.
Д.Д.Невирко әлеуметтендіруді тұлғаның қоғамда бейімделуіне ықпал ететін әлеуметтік және рухани құндылықтарын қалыптастыру мақсатында, екінші жағынан әлеуметтік ортаны қайта жаңғырту мақсатында, оның жеке ерекшеліктерінің әлеуметтік ортаның элементтерімен интеграциялану үдерісі ретінде анықтайды. Қазіргі ресейлік ғалымдар А.В.Мудрик және Л.Г.Почебут әлеуметтендіруді қоғамның мәдениетін игеру мен қайта жаңғырту үдерісінде адамның бүкіл өмірі барысында дамуы және өзін-өзі жүзеге асыруы ретінде сипаттама береді.
П.Бергер және Т.Лукман әлеуметтендіруді әлеуметтік болмысты құрастыру ретінде қарастыра отырып, әлеуметтендіру институттарының әсер ету механизмінің критерийлері бойынша, аталған үдерісті алғашқы және екінші әлеуметтендіру деп ажыратып көрсетеді. Индивид пен қоғамның тағдыры үшін шешуші мәнге отбасы мен туыстардың жақын аймағында жүзеге асырылатын алғашқы әлеуметтендіру ие болады. Әлеуметтендірудің екінші түрін алуан түрлі әлеуметтік институттар қамтамасыз етеді. Екінші әлеуметтендіру дегеніміз - бұл әлеуметтік рөлдердің тікелей немесе жанама түрде еңбекті бөлумен байланыстыболатын спецификалық-рөлдік білімді меңгеру болып табылады.
Т.Буктың пікірі бойынша, әлеуметтік өзгерістер ең алдымен, қалыптастырылған әлеуметтендіруді сәтсіздікке ұшыртауы мүмкін, мұндай жағдайда жетістікке жету мүмкіндігі өзгермелі жағдайларда бейімделу қабілеттілігіне байланысы болады. Осыған байланысты, ресоциализация ұғымы енгізіледі, яғни жаңа әлеуметтік рөлдерге сәйкес адамның адекватты емес құндылықтарының, нормалары мен қатынастарының өзгеруі болып табылады. Американдық ғалым К.Келлидің пікірі бойынша, адамның әлеуметтік тұрғыдан қалыптасуы ресоциализацияның үздіксіз үдерісі болып саналады. Діни сипаттағы үндеулер, саяси партияларға ену, түрмеге қамалу, басқа елге қоныс аудару - мұның бәрі индивидтен қатынастары мен көзқарастарының өзгеруін талап етеді.
Ғылымда әлеуметтендіруді кезеңдерге бөлуде көптеген тұғырлар бар. Зерттеудің мақсаты тұрғысында автордың пікірі бойынша аса адекватты тұғыр ретінде, Э.Эриксон ұсынған жеке тұлғаның өмірлік циклдарына сәйкес әлеуметтендіруді кезеңдерге бөлу тұғыры алынады. Э.Эриксон Мен дамуының сегіз кезеңін айқындап көрсетеді. Бірінші кезең - сәбилік кезең. Мұндағы басты шешілетін міндет - баланың қоршаған әлемге деген базалық сенімділіктің бейсаналы сезімін қалыптастыру. Екінші кезең - ерте балалық шақ. Бұл кезеңде балада автономиялық сезімі мен өзіндік құндылық сезімі қалыптасады немесе осыларға қарама-қарсы - ұят пен күдік сезімі пайда болады. Үшінші кезең - ойын кезені (5-7 жас); бұл кезеңде бастамшылдық сезімі қалыптасады, сонымен бірге әділеттілік сезімі пайда болады. Төртінші кезең - мектеп жасы кезеңі. Бұл кезеңде қойылған мақсатқа жету қабілеті дамиды, маңызды құндылықтар ретінде құзыреттілік пен тиімділік саналады. Бесінші кезең - жасөспірімдік кезең. Бұл кезеңде өзіндік бірегейлік пен даралық сезімі дамиды, қарама-қайшы жағдайда тұлғалық белгісіздік, диффузиялық Мен пайда болады. Алтыншы кезең - жастық шақ кезеңі. Оның негізгі сипаттамасы - басқа адаммен интимді, психологиялық жақындыққа деген қажеттілік пен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы
Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары
Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттары туралы ақпарат
Колледж студенттерін кәсіби әлеуметтендіру
Психологиялық тұлға туралы түсінік
Жетім балалар үйіндегі балалардың әлеуметтенуінің анықтау кезеңіндегі эксперимент нәтижелерінің салыстырмалы көрсеткіші
Мектепке дейінгі бала тәрбиесі
Жетім балаларды әлеуметтендіру мәселелері
Қиялдың даралық айырмашылықтары
Жеткіншектерде этномәдени құндылықтарды қалыптастыру
Пәндер