Шымкент хайуанаттар бағы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Шымкент хайуанаттар бағы

Шымкент хайуанаттар бағы аңдар санағы бойынша ТМД елдері ғана емес, сонымен қатар дүние жүзі бойынша ең ірі саябақ болып саналады. Шымкент хайуанаттар бағы Мәскеулік хайуанаттар бағынан кейінгі орынды алады, ал жыртқыш құстарды өсіруден дүние жүзілік әйгілікті жаулап алған. Грифтер, сұңқарлар, бүркіттер үкілер, қырандар, кондорлар және т. б. жыртқыш құстарөмір сүреді.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 3 қыркүйек. Шымкентте хайуанаттар бағының жұмысшыларының немқұрайдылығы салдарынан арыстан жарты сағаттай тордың сыртында жүрген, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

Ғылыми бөлім жөніндегі директордың орынбасары Латифша Алиев жәрналистерге, аталмыш деректің 1-қыркүйекте, қараушы торды тазалап жатқан кезде болғандығын растады. "Арыстанды жазғы жайдан қысқы орынға айдап кіргізіп, есігін жауып тазалайды, сосын керісінше шығарып, қысқы орнын тазалайды. Қараушы арыстанды жаздыққа шығарып, өзі қысқы орынды тазалап жатқан, бірақ ол оның есігін жабуды ұмытып кеткен", - деп түсіндірді Латифша Алиев.

Қараушы тазалықпен айнылысып жүріп арыстанның жоқтығын байқамай қалған, соның салдарынан алты жасар Адам торлар мен қоршаудың арасындағы кеңістікке шығып, еркін қыдырып жүрген. Латифша Алиевтің хабарлауынша, хайуанды торға жеммен алдап кіргізген.

Хайуанаттар бағы директорының орынбасарының хабарлауынша, оқиға кезінде барлық адамдар аумақтан шығарылған, ешкім зардап шеккен жоқ.

Бұл аз уақыт ішіндегі екінші оқиға. 31-маусымда осы тектес оқиғада үш аю бостандыққа шығып кеткен болатын.

Туылғанына төрт күн болса да, жолбарыстың күшігі өзінің аң патшасы екенін көрсеткісі келеді. «Нафа» атты аналық арыстан өмірге төрт күшік әкелді. Шымкент зообағында бұл көптен күткен оқиға еді. Әзірге бақ қызметкерлері оларды көптің көзінен тасада ұстап отыр. Тек бізге ғана арыстаның күшіктерін таспаға түсіруге рұқсат етілді.

Шымкент зообағында аң патшасы арыстанның қапаста ұрпақ әкелуі соңғы ширек ғасырда болмаған оқиға. Ал жолбарыс тұңғыш рет күшіктеп отыр. Зообақ қызметкерлерінің селекциялық жұмысының арқасында Амур және Бенгал жолбарыстарының шағылысуы нәтижесінде дүниеге үш бірдей шөнжік келді.

Біртіндеп жаңа орынға келіп жатқан аң-құстар құрылыстың шуына да үйренісіп қалды. Қазір зообақта 15 жыртқыш ән мен 160-тан астам құс бар. Ескі орын тарлық еткен соң, хайуандарға жаңа қоныстан кең вольерлер салынды.

Жаңа мекенге аюлар мен қасқырлар, құстар көшірілді. Хайуанаттар жаңа орындарына үйренісе алмай жатыр. Құрылыстың шуынан шошынған хайуандар торда аласұрып кетеді екен. Бұғы, марал, түйелер әзірге бұрынғы мекендерінде қалды. Кішкене қонжық жақын күндері Семейге жіберіледі. Оның орнына мұнда пони әкелінбек.

Жылыту маусымы басталғалы жарты айдай уақыт өтсе де, шаһардың басым бөлігі әлі күнге дейін қосылмаған. Олардың арасында білім ошақтары мен емханалар да бар. Әкімдіктегілер бұған жылу беру орталығының жайбасарлығы себеп. Олар күніне 150 нысанды ғана жылуға қосып жатыр -дейді. Ал, орталық тарапынан халық ақыны қымбаттатамыз дегеннен басқа сөз естіп көрген емес. Жылу беру мекемесінің шаршы метрге алынатын төлемақыны 3 жарым теңгеге қымбаттатпақ болғаны жұрт қарсылығына ұшыраған. Ала жаздай түк бітірмегендер қара күзде қаланың қақ ортасындағы жылу құбырларына жөндеу жұмыстарын жүргізе бастады. Есеп бойынша жұмыс жуырда аяқталуы тиіс. Осыған арқа сүйеген шаһар басшылары бірер күннің ішінде қала толығымен жылумен қамтамасыз етіледі -деп уәде беріп отыр.

Шымкенттегі хайуанаттар бағын жаңғырту жұмыстарына 2009 жылы 200 млн жуық теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін облыстық әкімдікте облыс әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспановтың басқаруымен өткен кеңесте мәлім болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

1980 жылы аталмыш бақта жануарлардың 80-ге жуық түрі болған екен. Содан Кеңес Одағы тарағанға дейін олардың саны 250-ге жеткен. Ал қазір мұнда жануарлардың 170-ке жуық түрі бар. Айтпақшы, мереке қарсаңында шымкенттіктердің сүйікті демалыс орнындарының бірі болып саналатын бұл хайуанаттар бағында бұхар маралы мен шотландық пони туылды.

Шымкенттік хайуанаттар саябағына 25 жыл толды. 1980 жылы біздің бақта жануарлардың 80-ге жуық түрі бар болатын. Ал Кеңес Одағы кезінде олардың түрі 250-ге толықты. Ал қазір болса ол жерде жануарлардың 170-ке жуық түрі бар. Шымкенттіктердің сүйікті орнына арналған бұл демалыс орнында, мереке қарсаңында бұһар бұғысы мен шотландық пони туылды. Дүниеге келген кішкентайлар өздерін жақсы сезінеді. Олардың аналарында сүт жеткілікті, сондықтан сәбилерге әзірше қосымша қорек қажет емес.

Парктер мен хайуанаттар паркі

Облыста 3 демалыс паркі мен 1 хайуанаттар паркі бар. 2007 жылдың соңына демалыс парктерінің жалпы алаңы 25, 2 гектарды құрады. Онда бос уақытты өткізуге арналған 38 объект болды, соның ішінде 29 аттракцион, балалардың 6 ойын алаңы, 1 эстрадалық-би алаңы, 1 спорт объектісі және 1 караоке салоны бар. 5 жыл ішінде парк алаңы 42%-ға, олардағы бос уақыт өткізетін объектілер саны 2 есеге артты. Облыстың 83, 3 мың тұрғыны осы объектілерге барды, бұл 2006 жылға қарағанда 16, 6%-ға көп.

2007 жылы демалыс парктерімен 48 мәдени-көпшілік шаралар өткізілді, соның ішінде 28 мереке, серуен, 20 концерт пен спектакль қойылды.

Өскемен қаласының хайуанаттар паркі 5, 2 га аумақты алып жатыр және мұнда 149 жан-жануар бар, соның ішінде 16 түрлі 123 құс пен 10 түрлі 26 сүт қоректі ұсталады. 5 жыл ішінде парктегі жануарлар мен құс саны 2, 4 есеге артты. 2007 жылы хайуанаттар паркі 1580 экскурсия өткізді. Оған 53, 6 мың адам қатысты, бұл 2006 жылға қарағанда 37, 8%-ға көп.

Хайуанаттар бағы күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр

Оңтүстік Қазақстан облысындағы мемлекеттік хайуанаттар бағы биыл жөнделе бастады. Бұл бақ- 70 жылдан бері жөндеу көрмеген болатын. Биыл 42 млн тенгеге әлемдік талапқа сай, жаңа торлар салынып, сәулеттендіру жұмыстары қолға алынды. Шымкент хайуанаттар бағы 1938 жылы салынды. 43 гектар жерді алып жатқан осы бақтың ғимараттары соңғы 3 жылда күрделі жөнделді. Алайда көбейген аң-құстарға темір торлар тарлық етеді. Енді міне 70 жылдан кейін ғана осындай жаңа торлар салынып отыр. Осы уақытқа дейін тұрған торлардың іргетасы төмен, төбесі аласа, аңдардың айналып жүруіне де тым қолайсыз жасалған. Бұл, талапқа сай емес дейді мамандар. Ал, жаңа торлардың іші кең, биіктігі 3 метрден жоғары Маймылдарға, тотықұстарға және ірі жыртқыш аңдарға арналған 3 қатар торларды салуға 42 млн тенге бөлінді. Ал, құрылыстың сапалы жүргізілуін және қаржының тиімді жұмсалуын Нұр-Отан партиясының жанынан құрылған арнайы комиссия қадағалайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы хайуанаттар бағы
Хайуанаттарды азықтандыру нормативтері
Қарағанды хайуанаттар бағының бөлімдері
Қазақстанның ерекше қорғалатын аймағының жалпы сипаттамасы
Ауыл шаруашылығы салаларын дамыту үшін инфрақұрылымның рөлі жайында
Биологиялық әралуандылық
Жаңа типті мектептерде оқу үрдісінің оқушылар ағзасының физикалық дамуына және жұмыс қабілеттілігіне әсері.
Оңтүстік Корея, Сингапур және Гонконг қазіргі даму кезеңінде
Халықаралық - өндірістік практика жайлы есеп (Kondor-tour)
Ерекше қорғауға алынған территориялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz