Қазақстан Республикасы үкіметінің билікті бөлу принципімен сәйкес конституциялық-құқықтық уәкілеттігі
КІРІСПЕ 3
1 БИЛІКТІ БӨЛУ ҚАҒИДАСЫНА СӘЙКЕС ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІ ҚҰЗЫРЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
9
1.1 Үкімет мемлекет қызметінің құрамдас бөлігі ретінде 9
1.2 Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік билікті бөлу қағидасына сәйкес құзыреті
23
1.3 Қазақстан Республикасы Үкіметі қызметінің дамуының тарихи кезеңдері және оның өкілеттіктерінің конституциялық.құқықтық негіздері
37
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚҰЗЫРЕТІ: ТӘЖІРИБЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУДІҢ ЖОЛДАРЫ
51
2.1 Қазақстанда құқықтық мемлекет құру кезеңіндегі Үкіметтің қызметтері мен өкілеттіктері
51
2.2 Республика Үкіметінің қызметтерін іске асыру тәжірибесі және оны жетілдіру жолдары
68
ҚОРЫТЫНДЫ
83
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ
88

Өткен жүз жылдық бүкіл әлемнің бар болмысын түбегейлі өзгертіп, дүниежүзілік өркениетті дамыту жолындағы ең көрнекі белеске айналып отыр. Табалдырықтан аттаған жаңа ғасырда қазақ халқы өзінің ежелгі арманын жүзеге асырып, бейбіт парламенттік жолмен 1991 жылдың 16 желтоқсанында мемлекетіміздің тәуелсіздігіне қол жеткізді. Қазір егемен еліміз басты мақсаты демократиялық, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет орнату болып табылатын орасан зор қайта құруларды іске асыруда1.
Еліміздің таңдап алған демократиялық және құқықтық даму бағыты Республикамыздың тәуелсіз мемлекет болып орнығуымен тығыз байланысты. Қазақстан өзінің осынау тәуелсіздігі жылдарында кезінде қанатын кеңге жайған тоталитарлық жүйедегі мемлекет санатынан демократиялық, құқықтық мемлекет деңгейіне дейін көтерілген үлкен жолдан өтті. “Біз жаңа мемлекет, жаңа нарықтық экономика, жаңа демократия құрамыз ...”. Осы тұғырнаманың негізінде адами және мемлекеттік құндылықтарға деген мүлдем жаңа көзқарастардың жатқанын аңғару қиын болмаса керек.
Қазақстанда құқықтық мемлекетті түбегейлі орнықтыру үшін, әсте, біршама уақыт өтпелі кезеңнің үлесіне тиетін сияқты. Бұл, әрине, көптеген ішкі және сыртқы факторларға байланысты болмақ. Қазақстан күні кеше ғана әміршіл жүйедегі мемлекеттер қатарында болғандықтан демократияға, нарықтық экономикаға негізделген шын мәніндегі азаматтық қоғам құру әлдеқайда зор қиындықтар, проблемалар тудырмақ. Сондай-ақ, қазіргі қазақстандық мемлекеттің конституциялық моделінің толық жасақталып бітпегендігін, әлі де жетілдіруді қажет ететіндігін атап өткеніміз жөн.
1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік биліктің біртұтастығын және оның тежемелік әрі тепе-теңдік жүйелерін пайдалана отырып, өзара іс-қимыл жасайтын заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары арқылы жүзеге асырылатындығын бекітіп берді. Бұл биліктің заң шығарушы және атқарушы тармақтарының құқықтық негіздерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді деген сөз. Яғни, бүгінгі қалыптасқан жағдайдағы қазақстандық конституционализмнің тағдыры негізінен биліктің үш тармағының өміршеңдігіне тікелей байланысты болмақ. Дегенмен де, конституциялық институттарды дамыту процесінде атқарушы билік құрылымының жүйелі түрде дамытылуының өте маңызды екендігі жасырын емес.
Қазақстандық құқықтық мемлекеттің конституциялық моделінің іс жүзінде табысты орындалуының басты шарты оның тұрақтылығы мен ұзақ мерзімділігінде екенін де ұмытпағанымыз жөн. Сондықтан конституционализмді орнықты ету үшін қазақстандық құқықтық мемлекеттіліктің конституциялық моделіне қажетті жақсартулардың, түзетулердің тек бүгінгі қолданыстағы Конституция нормаларының, ережелерінің, принциптерінің, механизмдерінің, процедураларының негізінде – оларды түсіндіру, оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылуы мейлінше маңызды. Міне, осынау стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді шешу барысында орталық рөл, әрине, атқарушы билікке тиесілі.

1 Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы // Конференцияның материалдары, 1997 жылдың 12-13 қарашасы. – Алматы, 1997. – 5-9 бб.
2 Назарбаев Н.А. Казахстан – 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы: Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. – Алматы, 2002. – 5 б.
3 Медиева Ж.К. Правовые проблемы совершенствования деятельности местных испольнительных органов Республики Казахстан. – Алматы, 2003.- 350с.
4 Баймаханов М. К разработке современной концепции функции государства // Правовая реформа в Казахстане. – 2001. – № 4-5. – С.3.
5 Аристотель. Политика: Сочинения: в 4-х т. – М., 1988. Т. 2. – 452 с.
6 Платон. Государство: Сочинения: в 3-х т. – М., 1972. Т. 1. -380 с.
7 Цицерон. Избранные сочинения. – М., 1975. 360 с.
8 Дидро. Собрание сочинения. – М.-Л., 1935. – Т.2. - 520 с.
9 Сартаев С.С., Нурпеисов Д.К. Государственная власть как неотьемлемое свойство государства. – Алматы: Юридическая литература, 2002. – 280 с.
18.Бельский К.С. Разделение властей и ответственность в государственном управлении. – М., 1990. - 272 с.
19. Козлов Ю.М. Исполнительная власть: сущность функции. – М., 1992.- 355 с.
21 Баймаханов М.Т. Конституционная реформа: поиски и находки // Мысль. – 1992. –№ 6. – 315 с.
22. Баймаханов М.Т., Котов А.К. Конституция независимости и прогресса // Советы Казахстана. – 1992. – 28 мая.
23 Баймаханов М.Т., Вайсберг Л.М. и др. Взаимодействие правового сознания с моралю и нравственностью в обществе переходного периода. – Алматы: Жеті жарғы, 1995. - 252 с.
24 Баймаханов М.Т., Вайсберг Л.М., Котов А.К. Становление суверенитета Республики Казахстан. – Алматы, 1994. – 275 с.
25 Зиманов С.З., Рейтор И.К. Теоретические вопросы советского национально-государственного строительства. – Алма-Ата: Наука, 1987. – 290 с.
26 Зиманов С.З. Конституция и Парламент Республики Казахстан. – Алматы: Жеті жарғы, 1996. – 310 с.
27 Ким В.А. О разделении государственной власти и взаимодействии ее ветвей // Вестник КазГУ. Серия юридическая. – 1997. – № 3. – С. 83.
28 Сапаргалиев Г.С. О концепции Конституции Казахской Советской Республики. – Алматы, 1991.- 345 с.
29 Сартаев С.С., Ким В., Копабаев О., Мамонов В. Предмет и система конституционного права Казахстана. – Алматы, 1994.- 240 с.
30 Сартаев С.С., Назаркулова, Л.Т. Становление Конституции Республики Казахстан: проблемы и перспективы. – Алматы, 2002. – 408 с.
31 Елисеев Б.П. Система органов государственной власти в Российской Федерации. – М., 1998.- 250 с.
32 Калинина Л.А. Исполнительная власть в ее организационно-правовых формах. – М., 1994. – 408 с.
33 Пронина В.С. Совершенствование законодательства об органах исполнительной власти и управления. – М.,1993. – 370 с.
34 Копабаев О., Черняков А. Конституция республики: от нигилизма к прагматизму // Казахстанская правда. – 1993. – 15 июня.
35 Джапаркулов Н.Б. Компетенция Правительства Казахстана: проблемы теории и практики // Вестник КазНУ. Серия юридическая. – 2003. – № 1. С. 48-51.
36 Донаков Т.С. Проблемы нормотворческой деятельности исполнительных органов Республики Казахстан. Законотворческий процесс в Республике Казахстан: состояние и проблемы. – Алматы, 1999. -350 с.
37 Исатаев А.Ж. Конституционно-правовые основы нормотворческой деятельности Правительства Республики Казахстан // Вестник КазНУ. Серия юридическая. – 2003. – № 1. – С. 36-39.
38 Наурызбаева Р.К. Правотворческая деятельность Правительства Республики Казахстан. – Алматы, 1995. – 215 с.
39 Нурпеисов Д.К. Парламент и Правительство Республики Казахстан: юридико-политические аспекты взаимодействия // Вестник КазНУ. Серия юридическая. – 2003. – № 2. – С. 25-28.
40 Сафинов К.Б. Актуальные проблемы правотворческой деятельности Правительства Республики Казахстан. – Алматы, 2002. – 215 с.
41 Мемлекет және құқық. Заң ғылымдары: ҒЗЖ рефераттар жинағы. – Алматы: Қазақтың мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпарат институты, 2003. – 44 б.
42 Сафинов К.Б. Правительство Республики Казахстан на переходном этапе. – Алматы. - 2002. – 256 с.
43 Нурпеисов Д.К. Немного о государстве // Вестник КазГУ. Серия юридическая. – 1998. – № 9. – С. 27-28.
44 Лазарев В.В. Общая теория права и государства. – М.: Юрист, 1994. - 232 с.
45 Матюхин А.А. Правопонимание по Конституции Республики Казахстан // Әділет. – 1997. – № 2. – 15 б.
46 Теория государства и права / под редакцией Королевского В.М., Перевалова В.Д. – М.: Инфра – М – Норма, 1997. – 52 с.
47 Ибраева А., Ибраев Н. Теория государства и права. – Алматы. - 2000. – 18 б.
48 Гаджиев К.С. Политическая наука. Международные отношения. – М., 1995. – 45 с.
49 Хропанюк В.Н. Теория государства и права. – М., 1996. – 155 с.
50 Морозова Л.А. Проблемы современной Российской государственности. – М.: Юридическая Литература, 1998. – 33 с.
51 Баялимова А. Эволюция экологической функции в процессе становления государства // Право и государство. – 2000. – № 3. – С. 12-17.
52 Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы №2688 Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы конституциялық Заңы. // Егемен Қазақстан 1995 жылғы 25 желтоқсан
53 Конституционное (государственное) право зарубежных стран / под ред. Страшуна Б.А. – М.: Бек, 1995. – Т. 2. – 278 с.
54 Арановский К.В. Государственное право зарубежных стран. – М., 1998. – 414 с.
55 Казахская Советская Социалистическая Республика. Конституция (Основной закон) от 20 апреля 1978 года // Казахстан: этапы государственности. Конституцияонные акты / Сост. Ж. Баишев. – Алматы: Жеті жарғы, 1997. – 496 б.
56 Конституция Республики Казахстан от 28 января 1993 года. – Алматы: Жеті жарғы, 1993. – 96 с.
57 Конституция Республики Казахстан от 30 августа 1995г. // Казахстанская правда. – 1995. – 8 сентября.
58 Конституция стран СНГ. – Алматы: Жеті жарғы, 1999. – 395 с.
59 Конституция Республики Казахстан: Коментарий / под ред. Сапаргалиева Г.С. – Алматы: Жеті Жарғы, 1998. – 314 с.
60 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) // Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің ведомостілері. – 1994. – № 23. – С. 24.
61 Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 66-бабының төртінші тармағын ресми түсіндіру туралы: 1999 жылдың 17 наурызындағы №4/2 қаулысы // Егемен Қазақстан. – 1999. - 27 наурыз
62 Қазақстан Республикасының Президенті. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасау және оның бұзылғандығын мәлімдеу тәртібі туралы: 1995 жылдың 12 желтоқсанындағы №2679 заң күші бар Жарлығы // Егемен Қазақстан. -1995. - 22 желтоқсан
63 Правительство Республики Казахстан. Регламент утвержденный Постановлением Правительства Республики Казахстан от 22 февраля 1996 г. // САПП. – 1996. – 215 с.
64 Сапаргалиев Г.С. Конституционное право Республики Казахстан. – Алматы. - 1998. - 262 с.
65 Республика Казахстан. Закон от 1 апреля 1999 года №357-1. О бюджетный системе // Казахстанская правда. – 1999. – 2 апреля.
66 Президент Республики Казахстан. О концепции правовой политики Республики Казахстан: Указ от 20 сентября 2002 года №949 // Казахстанская правда. – 2002. – 3 октября.
67 Сапаргалиев Г.С. Становление конституционного строя Республики Казахстан (1990-1996). Правовые проблемы становления суверенитета Республики Казахстан. – Алматы: Жеті жарғы, 1997. – 136 с.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 91 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 91 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДЕГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ КАФЕДРАСЫ
Диплом жұмысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің билікті бөлу принципімен сәйкес
конституциялық-құқықтық уәкілеттігі
Орындаушысы:
** курс, күндізгі оқу бөлім
студенті ***
Ғылыми жетекшісі:
***
Диплом жұмысы қорғауға жіберілді:
“_____”_______________ 2008 ж.
Кафедра меңгерушісі:
Алматы, 2008
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 БИЛІКТІ БӨЛУ ҚАҒИДАСЫНА СӘЙКЕС ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІ
ҚҰЗЫРЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
9
1.1Үкімет мемлекет қызметінің құрамдас бөлігі ретінде 9
1.2Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік билікті бөлу
қағидасына сәйкес құзыреті 23
1.3Қазақстан Республикасы Үкіметі қызметінің дамуының тарихи
кезеңдері және оның өкілеттіктерінің конституциялық-құқықтық 37
негіздері
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚҰЗЫРЕТІ:
ТӘЖІРИБЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУДІҢ ЖОЛДАРЫ
51
2.1Қазақстанда құқықтық мемлекет құру кезеңіндегі Үкіметтің
қызметтері мен өкілеттіктері 51
2.2Республика Үкіметінің қызметтерін іске асыру тәжірибесі және оны
жетілдіру жолдары 68
ҚОРЫТЫНДЫ 83
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ 88
КІРІСПЕ
Өткен жүз жылдық бүкіл әлемнің бар болмысын түбегейлі өзгертіп,
дүниежүзілік өркениетті дамыту жолындағы ең көрнекі белеске айналып отыр.
Табалдырықтан аттаған жаңа ғасырда қазақ халқы өзінің ежелгі арманын жүзеге
асырып, бейбіт парламенттік жолмен 1991 жылдың 16 желтоқсанында
мемлекетіміздің тәуелсіздігіне қол жеткізді. Қазір егемен еліміз басты
мақсаты демократиялық, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет орнату болып
табылатын орасан зор қайта құруларды іске асыруда1.
Еліміздің таңдап алған демократиялық және құқықтық даму бағыты
Республикамыздың тәуелсіз мемлекет болып орнығуымен тығыз байланысты.
Қазақстан өзінің осынау тәуелсіздігі жылдарында кезінде қанатын кеңге
жайған тоталитарлық жүйедегі мемлекет санатынан демократиялық, құқықтық
мемлекет деңгейіне дейін көтерілген үлкен жолдан өтті. “Біз жаңа мемлекет,
жаңа нарықтық экономика, жаңа демократия құрамыз ...”. Осы тұғырнаманың
негізінде адами және мемлекеттік құндылықтарға деген мүлдем жаңа
көзқарастардың жатқанын аңғару қиын болмаса керек.
Қазақстанда құқықтық мемлекетті түбегейлі орнықтыру үшін, әсте, біршама
уақыт өтпелі кезеңнің үлесіне тиетін сияқты. Бұл, әрине, көптеген ішкі және
сыртқы факторларға байланысты болмақ. Қазақстан күні кеше ғана әміршіл
жүйедегі мемлекеттер қатарында болғандықтан демократияға, нарықтық
экономикаға негізделген шын мәніндегі азаматтық қоғам құру әлдеқайда зор
қиындықтар, проблемалар тудырмақ. Сондай-ақ, қазіргі қазақстандық
мемлекеттің конституциялық моделінің толық жасақталып бітпегендігін, әлі де
жетілдіруді қажет ететіндігін атап өткеніміз жөн.
1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда қабылданған
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік биліктің біртұтастығын
және оның тежемелік әрі тепе-теңдік жүйелерін пайдалана отырып, өзара іс-
қимыл жасайтын заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары арқылы жүзеге
асырылатындығын бекітіп берді. Бұл биліктің заң шығарушы және атқарушы
тармақтарының құқықтық негіздерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді деген сөз.
Яғни, бүгінгі қалыптасқан жағдайдағы қазақстандық конституционализмнің
тағдыры негізінен биліктің үш тармағының өміршеңдігіне тікелей байланысты
болмақ. Дегенмен де, конституциялық институттарды дамыту процесінде
атқарушы билік құрылымының жүйелі түрде дамытылуының өте маңызды екендігі
жасырын емес.
Қазақстандық құқықтық мемлекеттің конституциялық моделінің іс жүзінде
табысты орындалуының басты шарты оның тұрақтылығы мен ұзақ мерзімділігінде
екенін де ұмытпағанымыз жөн. Сондықтан конституционализмді орнықты ету үшін
қазақстандық құқықтық мемлекеттіліктің конституциялық моделіне қажетті
жақсартулардың, түзетулердің тек бүгінгі қолданыстағы Конституция
нормаларының, ережелерінің, принциптерінің, механизмдерінің,
процедураларының негізінде – оларды түсіндіру, оларға өзгертулер мен
толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылуы мейлінше маңызды. Міне, осынау
стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді шешу барысында орталық рөл, әрине,
атқарушы билікке тиесілі.
Қазіргі жағдайдағы атқарушы билік – бұл көлбеу және тік бағыттағы
құрылымдары бар күрделі мемлекеттік организм. Атқарушы биліктің барлық
құрылымдық элементтерінің өздеріне лайықты конституциялық жолмен
ресімделген өкілеттіктері, ерекшеліктері болады. Олардың мемлекеттік
басқару және мемлекеттік құрылыс нысандарындағы өзгешеліктері алдын ала
келісіледі. Сөйтіп, бүгінгі таңда атқарушы билік органдары жалпы және
арнайы құзыреттері бар алқалы және жеке, орталық және жергілікті
органдардың басын біріктірген көп салалы һәм көп функционалды күрделі
жүйені құрайды. Ал, бұл өз кезегінде сөз жоқ, олардың өкілеттіктерін нақты
белгілеп, қызметтерінің үйлестірілуін қамтамасыз етіп отыруға мүмкіндік
беретін құқықтық базаның болуын талап етеді.
Жоғарыда атап өткеніміздей, атқарушы биліктің қызметі Ата заңымыздың 3-
бабының төртінші тармағында бекітілген мемлекеттік билікті үш тармаққа бөлу
принципінің шегінде жүзеге асырылады. Әрі сол біртұтас атқару жүйесінің
шегінде барлық басқару деңгейлері бойынша функциялар, орталық және
жергілікті атқарушы органдардың арасындағы өкілеттіктер жүйелі түрде
бөлінуі қажет. Сонымен, қазіргі ең басты мақсат, барлық конституциялық
институттарды реформалау жұмыстарын аяғына дейін жеткізу болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес атқарушы билік
органдарының біртұтас жүйесіне үкімет, орталық атқарушы органдар, сондай-ақ
ведомстволар және жергілікті атқарушы органдар жатады. Қазақстан
Республикасының Үкіметі – мемлекеттің орталық атқарушы органы. Үкімет
жұмысының нәтижесіне қарап елдегі тұрақтылық туралы ой түюге болады. Үкімет
– мемлекет жүйесіндегі басты функционалды орган. Сондықтан да мемлекетті
дамытудағы басты жауапкершілік соған жүктеледі. Осынау ауқымды міндетті
орындаудың деңгейі мен көлемі, қарқыны мен моделі әр мемлекетте әртүрлі
болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев айтқандай, бұрынғы
КСРО-дан Қазақстанға ешбір әзірлігі жоқ, ұйымдастырылуы нашар мемлекеттік
басқару мұраға қалды. Сондықтан тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болған
бірінші күннен бастап-ақ, Қазақстан Республикасында мемлекеттік құрылыс,
биліктің заң шығарушы және атқарушы органдарын жасақтау, экономикалық және
құқықтық реформаларды жүзеге асыру жөніндегі ауқымды жұмыстар қанатын кеңге
жая бастады1. Осы бағдарламаның аясында Қазақстан Республикасының Үкіметі
бастаған атқарушы органдардың жүйесі түгел өзгеріске ұшырап, жетілдіру
бағытындағы жұмыстар күні бүгінге дейін жалғасын табуда.
Атқарушы билік жүйесінде дербес конституциялық институт ретінде
Қазақстан Республикасының Үкіметіне орталық орын бөлінеді. Қазақстан
Республикасы Конституциясының 64-бабының бірінші тармағына сәйкес Қазақстан
Республикасының Үкіметі атқарушы органдардың жүйесін басқарады, сондай-ақ,
олардың қызметіне басшылық жасайды, оны үйлестіреді және оған бағыт-бағдар
нұсқайды. Осы мақсатпен Үкіметке экономика, қаржы, әлеуметтік-мәдени, құқық
қорғау, әкімшілік-саяси құрылыс салаларындағы қызметтерде кең өкілеттіктер
берілген.
Еліміздің алдында тұрған басты мақсаттардың бірі – ең маңызды міндеттер
мен өкілеттіктерді орындауға жұмылдырылған, жаңа мақсаттарды жүзеге асыруға
бейім, қабылданатын шешімдер үшін жауапкершілікті мойнына ала алатын,
ұлттық мүдделерді қорғаушы ықшам әрі кәсіби үкімет құру. Осындай талаптарға
сай Қазақстан Республикасының Үкіметін құру және қызметін ұйымдастыру
мәселелері, оның өтпелі кезеңдегі міндеттерін қоса алғанда бұрын да
қарастырылғанмен Қазақстан ғылымында үкімет өкілеттігінің құқықтық
проблемалары мен оларды мемлекеттік биліктің бөліну принциптеріне сәйкес
жүзеге асыру жөнінде толыққанды талдаулар жоқ.
Қазақстанның орталық атқарушы органының өкілеттігі жөніндегі теориялық
және іс жүзіндегі көзқарастар, мәселен, Қазақстанның және жақын шет
елдердің ғылыми әдебиеттерінде әлі сол ғылыми ұғыну дәрежесінде. Осыларды
ой елегінен өткізе отырып, біз Үкіметтің міндеттері, оларды жетілдіру
тәсілдері және жүзеге асырудағы проблемалар туралы теориялық һәм
практикалық тұрғыда зерттеудің аса маңызды, кешіктіруді күттірмейтін шаруа
екендігін айтқымыз келеді.
Бұған дейін атап өткеніміздей, біртұтас мемлекеттік биліктің бөліну
ұстынына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің міндеті мен өкілеттігіне
байланысты мәселелер, оларды дамыту проблемалары мемлекеттану ғылымдарында
ерекше орын алады әрі мемлекет және құқық, құқықтың басқа да маңызды
салаларының құрамдас бөлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігінің әрмен қарай
орныға түсуі және осыған қатысты проблемалар әрқашанда мемлекеттік атқарушы
органдардың қызметтерін дамыту істеріне тікелей байланысты. Демек,
мемлекеттің орталық атқарушы органы ретінде билікті бөлу принципіне сәйкес
Үкіметіміздің міндеті мен өкілеттігі жөніндегі мәселелерге зор мән берілуі
кездейсоқтық емес екен.
Қазір бұл мәселе күн тәртібіне жаңаша қойылған. Өйткені, бұрынғы
кеңестер одағы аумағындағы мемлекеттердің жұмыс істеу жағдайы мүлдем
өзгерген. Толық егемендік алған мемлекеттер өмірдің барлық салаларында
түбегейлі қайта құру жұмыстарын жүргізіп, ұйымдық-басқару, реттеу, ықпал
ету процестеріндегі өздерінің шығармашылық рөлін арттыру жолында тиісті
шаралар қолдануда. Оның үстіне, әлемдік деңгейдегі жағдайлар да көп
өзгеріске ұшырап, мемлекеттерден аталмыш мәселеге деген көзқарастарын, іске
асыратын шешімдерін қайта қарауды талап етуде.
Тіпті кезінде Аристотельдің, Платонның, Цицеронның, Дидроның, тағы басқа
әйгілі ойшылдардың еңбектерінде бүгінгі үкіметтің қызметін, оның міндеті
мен өкілеттігін көз алдына елестеткендей идеялар орын алған болатын. Осы
философтар мен ғалымдар қоғамның гармониялық өмір сүруін қамтамасыз ете
алатындай құқық пен мемлекеттік билік арасындағы байланысты, өзара
ықпалдастықты анықтауға әрекет жасаған еді. Құқықты мойындайтын, әрі
сонымен шектелген мемлекеттік билік, атқарушы билікті қоса алғанда,
ертедегі ойшылдардың пікірінше, нағыз әділетті мемлекет деп бағаланды1.
Алайда, бұл ғұламалардың еңбектері атқарушы биліктің міндеті мен өкілеттігі
жөніндегі мәселелердің тек бастапқы кезеңдерін ғана қамтитын.
Үкіметтің міндеті мен өкілеттігіне қатысты мәселелерге алғашқы
буржуазиялық мемлекеттер құрылған тұста үлкен мән беріле бастады. Феодализм
дағдарысқа ұшыраған XV-XVІ ғасырларда мемлекет туралы тұңғыш буржуазиялық
ілім қаланды. Осы мәселелерге Ш. Монтескье, Ж.Руссо, Д. Локк, Т. Гоббе,
Г. Гегель, И. Кант сияқты ғалымдар зор көңіл бөлді. Бұл ғалымдардың
зерттеулерінде тежемелік және тепе-теңдік жүйелерін пайдалану арқылы
билікті бөлу, мемлекеттік тәуелсіздік секілді саяси-құқықтық санаттардың
теориялық нұсқалары көрініс тапты.
Үкіметтің қызметі мен міндеті, өкілеттігі жөнінде бірінші мәрте
мемлекеттік биліктің бөліну теориясының негізін қалаушы Ш. Монтескьенің
еңбектерінде сөз болды. Ол өзінің әйгілі Заңдардың рухы туралы, Парсы
хаттарың атты жұмыстарында алғаш рет мемлекеттік биліктің заң шығарушы,
атқарушы және сот тармақтарына бөлінуі жөнінде мәселе көтерді. Ғалым өзінің
осынау шығармаларында биліктің бөліну теориясы принциптерін баяндап,
мемлекет билігінің әрбір тармағының негізгі міндеттері мен өкілеттіктерін
анықтап берді. Өзінің мағынасы бойынша біртұтас саналатын мемлекеттік
билікті жеке тармақтарға бөлу және олардың міндеттері мен өкілеттіктерін
анықтау бағытындағы Ш. Монтескьенің зерттеулері мемлекеттің мәнін түсіндіру
барысындағы үлкен қадам болды, әрі мемлекет туралы ілімнің әрмен қарай
дамуына зор септігін тигізді.
Кеңестік замаңда үкіметтің міндеті мен өкілеттігі жөніндегі мәселелер
негізінен биліктің бөлінуінің жалпы теориясы көзқарасымен зерттелді. Осы
тұрғыда К. Бельский, Ю. Козлов, М. Крутоголов сияқты құқықтанушылардың
жұмыстары біршама назар аударарлықтай2. Алайда, егер кеңестік авторлардың
мемлекет туралы барлық мәселеде таптық көзқарасты ұстанатындығын ескеретін
болсақ, аталмыш проблемалардың қайсыбір тұстарының жете талданбай қалғанын
аңғару қиын емес.
Мемлекеттік басқару және атқарушы билікке байланысты мәселелерді кеңес
дәуірінде зерттеген қазақстандық ғалымдардың еңбектерінің ішінен М.Т.
Баймахановтың, Л.М. Вайсбергтың, С.З. Зимановтың, В.А. Кимнің, Ғ.С.
Сапарғалиевтің, С. Сәбікеновтың, С.С. Сартаевтың, С.Ф. Ударцевтың
жұмыстарын ерекше атап өтуге болады.
Бұл және басқада ғылыми еңбектер жалпы алғанда мемлекеттік басқаруды
жетілдіруде, соның ішінде үкіметтің міндетін дамытуда теориялық һәм
практикалық жағынан үлкен рөл атқарды. Ғалымдар өздерінің зерттеулерінде
мемлекеттің орталық атқарушы органы – Министрлер кабинетінің өз міндеттерін
орындау барысында туындайтын негізгі проблемаларды КСРО жағдайында ашып
көрсетеді.
Республикамыздың маңызды заңнамалық актілерінің жобаларын жасауға
белсене ат салысқан Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның академигі, заң
ғылымдарының докторы, профессор С.С. Сартаевтың рөлін осы жерде айырықша
тілге тиек еткіміз келеді. Ол Қазақ КССР Президенті лауазымын енгізу
жөніндегі ұсыныстың бірден-бір бастамашысы, Президент қызметін құру туралы
заң жобасы авторларының бірі болды. Сондай-ақ, әйгілі ғалым “Қазақ КССР-
індегі тілдер туралы” заңның, “Қазақ КССР-інің мемлекеттік тәуелсіздігі
туралы” декларацияны, “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі
туралы”, “Жергілікті өкілетті және атқарушы органдар туралы” конституциялық
заңдардың және тағы басқа көптеген заңдардың дүниеге келуіне үлкен септігін
тигізді.
Қазақстанның атақты ғалымы еліміздің Үкіметін, оның ұйымдастырушылық
және шығармашылық қызметі бүкіл мемлекеттік биліктің қарымдылығын таныта
алатын орган ретінде көрсетті. Оның жасаған теориялық қорытынды пікірлері
Қазақстанда кәсіби үкіметтің дамып жетілуі үшін өзінің құндылығын ешқашанда
жоғалтпақ емес.
Қазіргі уақытта атқарушы биліктің проблемалары мен үкіметтің қызмет
жағдайын зерттеп жүрген ресейлік ғалымдардың жұмыстарының арасынан З.
Гадыльшинаның “Правовое положение Кабинета министров – Правительства
Республики Татарстан”, Б. Елисеевтың “Система органов государственной
власти в Российской Федерации”, Л. Калининаның “Исполнительная власть в ее
организационно-правовых формах”, В. Пронинаның “Совершенствование
законодательства об органах исполнительной власти и управления” деп
аталатын еңбектерін ерекше атауға болады. Бұл зерттеулерінде ресейлік
ғалымдар қоғамды реформалау және демократияландыру барысындағы мемлекеттік
құрылыс жүйесіндегі үкіметтің жауапкершілігі мәселелерін қарастырады.
Үкіметтің ұйымдастырылуын және қызметін, оның өтпелі кезеңдегі міндетін
зерттеген қазақстандық ғалымдардың жұмыстарының арасынан М.Т.
Баймахановтың, З.Ж. Кенжалиевтың, В.А. Кимнің, О.К. Қопабаевтың, А.К.
Котовтың, Г.С. Сапаргалиевтың, С.С. Сартаевтың, С. Сәбікеновтың, М.А.
Сәрсенбаевтың ғылыми еңбектерін бөлекше атауға болады. Бұл еңбектер
мемлекеттің орталық атқарушы органының қызметін жетілдіруге айтарлықтай
үлес қосты.
Бүгінгі таңда жалпы атқарушы билік пен Үкіметке қатысты мәселелерді
зерттеп жүрген қазақстандық ғалымдардың еңбектерінің арасынан
Н. Жапарқұловтың “Компетенция Правительства Казахстана:
проблемы теории и практики”, Т. Донақовтың “Проблемы нормотворческой
деятельности исполнительных органов Республики Казахстан”, А. Истаевтың
“Конституционно-правовые основы нормотворческой деятельности Правительства
Республики Казахстан”, Ж. Медиеваның “Правовые проблемы совершенствования
деятельности местных исполнительных органов Республики Казахстан”, Р.
Наурызбаевтың “Правотворческая деятельность Правительства Республики
Казахстан”, Д. Нұрпейісовтың “Парламент и Правительство Республики
Казахстан: юридико-политические аспекты взаимодействия”, К. Сафиновтың
“Правительство Республики Казахстан на переходном этапе”, - деп аталатын
жұмыстарын айрықша атауға болар еді. Аталған зерттеушілер Қазақстан
Республикасы Үкіметінің ұйымдастырылуы мен қызметіне байланысты көптеген
проблемалық мәселелерге жан-жақты талдаулар жасайды. Үкіметтің қоғамды
мемлекеттік басқару жөніндегі конституциялық өкілеттігін жүзеге асыру
барысындағы ішкі қызмет тәсілі мен нысандарын сөз етеді. Авторлар
мемлекеттің барлық атқарушы органдары жүйесінің ең жоғары жетекші органы
ретінде ел үкіметі қызметінің нормативтік негіздерін қарастырады.Дегенмен
де, Қазақстан Республикасы Үкіметінің міндеті мен өкілеттігін құқықтық
реттеуде біраз проблемалар бар. Яғни, мемлекеттің атқарушы билігінің ең
тиімді жүйесін құру үшін бүгінгі таңда қол байлау болып отырған біраз
мәселелерді тездетіп шешу керек. Жоғарыда атап өткеніміздей, Қазақстан
Республикасы Үкіметінің өз міндеті мен өкілеттігін жүзеге асыру жағдайына
байланысты көптеген проблемалық мәселелердің қазақстандық белгілі
ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты зерттелгендігіне қарамастан,
республикамызда соңғы уақыттарда белең алған әлеуметтік-экономикалық және
саяси түбегейлі өзгерістерді ескере отырып, бұрынғы қол жеткізгендерімізбен
шектеліп қалмай жаңа теориялық ізденістерге ұмтылуымыз қажет. Сонымен,
жалпы мемлекеттің атқарушы билігінің міндеттеріне, соның ішінде Қазақстан
Республикасы Үкіметінің міндеті мен өкілеттігіне қатысты проблемалар
еліміздің заң ғылымы саласында толық игеріліп біткен жоқ деп айтуға негіз
бар екен. Оған себеп, біріншіден, үкіметтің қызметінің объективті түрде
бағалана басталғанына не бәрі бірнеше жылдар ғана болды, нақтырақ айтқанда,
бұған Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ғана қол жеткізілді. Ал, он бес
жылдан астам шамасында дегенің ғылым үшін, әрине, аса көп мерзім емес.
Екіншіден, аталмыш мәселеге көпшілік жеңіл-желпі қарайды, олардың ойынша,
бұл билік тармағының атауы оның міндетімен тікелей байланысты, яғни, бар-
жоғы заңды орындаушы билік. Бірақ бұл, әлбетте, өте қате пікір. Біздіңше,
республика үкіметінің және оның басқа да атқарушы органдарының міндеттері
мен өкілеттіктері тек “атқару” (“орындау”) ұғымымен шектелмеуі тиіс.
Үкіметтің қызметі ең алдымен адамға, оның мүддесі мен ізгілігіне
бағытталғаны жөн. Бұл – демократиялық даму жолын таңдаған кез келген
мемлекетке қойылатын бірден-бір басты талап. Міне,өтпелі кезеңнің ауыр
жүгін мойнына артқан Қазақстан Республикасы Үкіметінің міндетін де тап осы
тұрғыдан қараған дұрыс болмақ.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, екі бөлімнен, бес тараушадан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Үкіметтің мемлекет қызметінің құрамдас бөлігі ретінде
Жоғарыда айтқанымыздай, үкімет белгілі бір функцияларға, оның ішінде
алдымен мемлекет қызметінен туындайтын функцияларға ие. Сондықтан, біздің
ойымызша, мемлекет пен оның қызметі туралы мәселені қозғағанда үкімет
қызметінің пайда болуы мен дамуының алғашқы баспалдағы ретінде қарау керек.
Бүгінгі таңда біз өз өмірімізді мемлекетсіз елестете алмаймыз. Осыдан 4-
5 мың жылдар бұрын пайда болған мемлекеттік құрылымдар ғасырлар бойы
жетіліп, даму үстінде. Бұл даму табиғи диалектикалық процесс болып
табылады, оның барысында мемлекеттің мақсаты мен қызметіне деген, оның
қоғам өміріндегі алатын орнына деген көзқарас өзгеріп отырады.
Бұл, “тарихи процесс жетілмеген, дамымаған мемлекеттің дамыған мемлекет
болуға, қазіргі тарихи кезеңде орын алып отырған барлық объективтік және
субъективтік білімді қамтитын және түрлі тарихи жағдайлардың ерекшелігін
бейнелейтін мемлекет болуға көшуін білдіреді. Сонымен, мемлекеттің үдемелі
қозғалысы тек қана субъективтік факторлардың нәтижесі болып табылмайды...”
1.
Кеңес дәуіріндегі мемлекеттің тек бір ғана тап теориясының жолын
ұстаушылығы, яғни басқа концепциялар мүлдем шеттелуі, “оларға жан-жақты
талдау жасамастан, олардың пайдаға асатын тиімді жағын табуға әрекеттенбей
буржуазиялық тап ретінде қарау”2. Ондай ұстанымның өміршең емес екендігін
көрсетті. Мемлекетті басқа ілімдердің жетістіктерін пайдаланбай, тек бір
ғылыми теорияның шеңберінде құруға ұмтылу мемлекеттің тұтас алғанда
қоғамның қарқынды дамуына үлкен зиянын тигізеді.
Бүгінгі таңда біздер ғылымға деген бір жақ көзқарастың тиімсіз екенін
ащы да болған шындық тәжірибе негізінде мойындауға мәжбүрміз. Үйткені
кезкелген ілім тек қана таза субъективтік позициядан тұрмайды, ол сондай-ақ
өмірде кездесетін объективтік шындық негізіндегі нақты фактілерге
сүйенеді.
Ресей академигі В.В. Лазарев әділ түрде атап көрсеткендей, мемлекет
жөнінде түрлі теориялардың көп болуы мемлекеттің әлеуметтік құбылыс ретінде
тек күрделі, жанжақты болып қоймай, оның бұрынғы және қазіргі формаларының
да әртүрлі болуы, сондай-ақ мемлекеттің саяси билікті жүзеге асыруы оның іс-
әрекеті әртүрлі әлеуметтік таптар мен топтардың мақсат-мүдделеріне тікелей
әсер етеді. Мұның өзі түрлі авторлардың әртүрлі идеологиялық ұстанымда
және философиялық тәсілдер пайдалануына байланысты.
Бұл көзқарастардың шынайылығы қоғам дамуының әртүрлі кезеңдерінде жалпы
адамзаттық ақыл-ойдың даму деңгейін айқындайды. Мұның үстіне “мемлекет
туралы әртүрлі ілімнің өсіп, дамуы ол ілімдердің мемлекет механизмінің
қоғамдық маңызы, құрылымы, атқаратын қызметі бойынша алдын ала
анықталады”1.
Қоғамдағы демократиялық қайта құруды түбегейлі жүзеге асыруда, бір
жағынан, мемлекеттегі жағымсыз жағдайлардың жағымды жағына қарай өзгеруі,
екінші жағынан, оның бүкіл қоғамды ұйымдастырудағы алатын орнына сипаттама
беру және оның жаңа қызметі мен міндеттерін арттыра түсу болып табылады.
Демократиялық процестердің мемлекет пен қоғам арасындағы бір-біріне
деген жатсыну деңгейі төмендеп, мемлекетке халықтың қалың бұқара топтарының
жоғын жоқтаушы, тұтастай алғанда қоғамдағы және интеграция құралы ретінде
түсіністікпен қарауға бірте-бірте көшу жүзеге асырылады. Демократиялық және
құқық жағдайларында мемлекет қоғамды интеграциялауға міндетті, қоғамның
және оның әрбір мүшесінің ресми өкілі ретінде болуы тиіс.
Мемлекеттің әлеуметтік міндеті қоғамдағы кезкелген қайшылықтарды реттеу,
онда болып жатқан барлық өзгерістерге пайымды көзқарас білдіру. Қоғамдағы
кезкелген өзгеріс мемлекетке, оның құрамына, мемлекеттік биліктің
ұйымдастыру формалары мен оны жүзеге асыру тәсілдеріне әсерін тигізеді.
“Мемлекет – жалпы әлеуметтік және конструктивті құбылыс, оның ұлы
өміршеңдігі де осында. Қоғамдағы таптардың, антогонистік қатынастардың
дамуына қарай мемлекет келе-келе саяси және таптық болып қалыптасады.
Қоғамның таптарға бөлінуіне, таптық антагонизмнің пайда болуына байланысты
экономикалық жағынан билеуші тап өзіне мемлекетті бағындырып алады. Бірақ
бұл жағдайларда ол белгілі бір конструктивті – қоғамдық қызметтер
атқарады”2.
Жалпы алғанда мемлекетке көпшілік билігінің саяси ұйымы ретінде қарау
керек, ол белгілі бір аймақта, орналасуы, белгілі бір топқа қызмет жасайды,
ол өз аймағында нормативті құқықтық актілер шығарады және осы актілердің
орындалуын қамтамасыз ету мақсатында өкім аппаратына иелік етеді. Осы
орайда әртүрлі тарихи кезеңдерде, түрлі қоғамдарда мемлекет билігі біркелкі
болмайды: бір жағдайда қоғамға басшылық ету тура зорлық жасау жолымен,
басқа бір жағдайда – жасырын мәжбүр ету жолымен, үшіншісінде билеу
ұйымдастырушы механизм ретінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттің негізгі міндеті қоғамдық істерді басқару, заңды, заң
тәртібін және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болуы қажет. Олай
болмайынша қоғамның алға басуы да, мемлекеттің өзінің дамуы мен өмір сүруі
де мүмкін емес. Маркс пен Энгельс өздерінің таптық мемлекет жолын ұстануды
айқындауға жақын екендіктеріне қарамастан, мемлекеттің бүкіл қоғамды
басқаратын, кез-келген қоғамның табиғатынан туындайтын барлық істерді
атқаратын ұйым екенін атап көрсетті.
Сонымен, мемлекет бүкіл қоғамның әлеуметтік институты болып, алдымен
оның өміршеңдігін қамтамасыз ететін функцияларды атқара алады және атқаруы
тиіс.
Сонымен қатар, мемлекет жария билік пен мәжбүрлеу органы болып табылады,
ол өзі белгіліген тәртіп ережелерін ұстанғандарды марапаттап, ал оны
бұзғандарды жазалау әдістерін белсенді түрде пайдаланады. Мәжбүрлеу ретінде
ықпал етудің түрлі әдістері, оның ішінде экономикалық жолмен ықпал етілуі
мүмкін. Ал мәжбүрлеудің өзі заңды немесе заңсыз болуы мүмкін. Заңды
мәжбүрлеу заң нормаларымен бекітіледі және соның аясында жүзеге асырылады.
Сондықтан, заңсыз мәжбүрлеу заңға қайшы келеді және мемлекеттік органдардың
бассыздығын білдіреді.
Мемлекеттің алда тұрған мәселелерін шешу үшін мемлекеттік органдар
мемлекеттің азамат және осыған сәйкес бүкіл қоғамға өз еркіне бағындыру
тәсілін таңады: Сонымен, мемлекеттік билік біреуді үнемі өз ойын мойындауға
мәжбүрлейді. Мемлекет мәжбүр етуші немесе ұйымдастырушы күш ретінде сирек
көрінеді, ал көп жағдайларда мемлекеттік биліктің түрлі құбылыстары белгілі
бір үйлестікте болуы орын алады.
Өз еркіне бағындыра отырып, мемлекет тек мәжбүрлеу әдістерін ғана
пайдаланып қоймай, соңғы уақытта сендіру әдістерін де өте жиі қолданады.
Сендіру әдістері бойынша мемлекет адамның еркіне ашық түрде әсер етуді
жүзеге асырады, бұл арқылы адам бойында түсінік қалыптастыру мақсаты
тұрады. Оларға көпшілік арасында үгіт-насихат жүргізу және мемлекеттік
идеология жатады.
Кез-келген мемлекет бір ғана мақсатпен – адамдарды бір билікке біріктіру
үшін пайда болады және дамиды. Осыған орай мемлекеттің мән-мағынасы оның
қолындағы билігімен айқындалатынына келісуге болады. Мемлекет туралы сөз
еткенде біз оның билігі жөнінде де болжам жасаймыз. Билік адамдар
қоғамымен бірге пайда болды және өзінің даму жолынан онымен бірге өтті.
Кезкелген қоғамдық ұйымның қажетті элементі ретінде билікке адамдар
арасындағы қарым-қатынасты үйлестіріп, тәртіп орнату талабы қойылады.
Өміршеңдік пен қоғамның өмір сүруі мұнысыз мүмкін емес.
“Бұл тұрғыдан келгенде мемлекет пен биліктен тәртіп орнатып, тиімді
ұйымдастырушылықпен шұғылданып, адамдардың шектен шыққан қызбалығын
ауыздықтау талап етіледі...” 1 деп әділ атап көрсетілген.
Қоғамдық билік бірінші мемлекет пайда болудан көп бұрын болған. Ал оның
пайда болуына байланысты биліктің сипаты түбегейлі өзгереді. Саяси билік
мемлекеттік билік сипатына ие болуы үшін ол қоғамды билік жүргізуші топтық
мүддені бейнелеуі қажет және оған жалпы міндеттейтін, заңды түрде
бекітілген сипаттама берілуі тиіс. Сонымен, мемлекеттің пайда болуы
тәжірибеде әрқашан жария биліктің сипатының өзгеруіне байланысты. Мемлекет
өз табиғатынан жария биліктің саяси ұйымы ретінде белгілі бір функцияларды
жүзеге асыруы тиіс. Тұтастай алғанда, біздің ойымызша, кезкелген тарихи
типтегі мемлекеттің ғылыми танымы міндетті түрде оның ең маңызды сапалы
сипаттамасын және өз мемлекетінің бағдарын білдіретін, жария биліктің,
сондай-ақ тұтас бір қоғамның ерекше ұйымы болып табылады.
Мемлекетте билік қоғамда белгілі бір тәртіп орнату құралы ретінде пайда
болатындықтан, оның ең басты қызметі ретінде қоғамдық мүддені реттеу, ортақ
тәртіп ережелерін жасау, биліктің жаңа субъектілері арасында қызмет пен
рольді бөлу функциялары тұрады. Бұл ережелерден пайда болған мемлекеттің
қоғамда қылаң беретін әртүрлі қарым-қатынастарды тәртіпке келтіру алға
қойған мақсаттарының ең біріншісі екені туындайды1.
“Қазіргі таңда болып жатқан процесс заң ғылымының өз проблемаларын терең
түрде қайта қарауы және оны шешу жолдарын қарастыруы мемлекет функциялары
мәселелерін қозғамай қоймайды. Кеңес кезеңінде дайындалған мемлекет
қызметінің тізбесін анықтауда схематизмге жол берілген қызмет
классификациясының тиянақ межесі болмауы, әр нақты қызметтің мазмұны мен
формаларын жүзеге асыруда пікір плюрализмге орын алуы... Сондықтан
мемлекеттің қызметі жөнінде, оның қазіргі таңда өз елімізде және
халықаралық аренада алатын орны жөнінде өз түсінігімізді өзгерту”2.
В.Н. Хропанюктің айтуынша, мемлекеттің қызметі - деген термин мемлекет
қызметінің ең негізгі, маңызды бағыттарын білдіреді, оның әлеуметтік
маңызы айқындалады. “Мемлекеттің қызметі” деген ұғымның мемлекеттің іс-
әрекетіне толықтай сәйкес келмейтіні жөнінде ғылыми әдебиеттерде жеткілікті
түрде көрсетілген3. Бірақ заң шығарушы, атқарушы және сот билігінің негізгі
бағыттары құқықтық мемлекетте ортақ мәнге ие.4 Олардың ең негізгі мақсаты
қоғам өмірінің бірқалыпты дамуын қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекеттің қызметі деп нені түсінуге болады: мемлекеттің іс-
әрекеттерінің түрлерін бе немесе мемлекеттің өзі атқаратын қызметінің
мемлекет пен қоғам өмірінің қоршаған ортаға сәйкестігіне қарай ма? Бұл
проблемалар жиынтығының ғылыми құқықтық әдебиеттерде екі негізгі түрі бар:
бірінші түрі деп заң шығарушылық, басқару, әділ сот, бақылау және
қадағалау түсініледі, мемлекет қызметінің екінші түрі мемлекеттің іс-
әрекетінің өмірдің ең негізгі салалары – экономика, мәдениет, экология,
құқық тәртібін сақтау т.б. бағыттары.
Бірақ қазақтың белгілі ғалымы және заңгері М.Т. Баймаханов атап
көрсеткендей, “өзінің қызметінің негізі ретінде мемлекеттің заң
шығарушылық, басқару, әділ сот, бақылау және қадағалау түрлерін қарастыруы
күмән туғызады. Өз қызметін атқара отырып, мемлекет қоғам өмірінің ең
негізгі жақтарына белсенді түрде ықпал етуге, оларды қалаған және қажетті
жағдайға келтіруге (оның көзқарасы бойынша), оларға дұрыс бағыт беруге, өз
мақсат-мүдделерін жүзеге асыруға міндетті. Мемлекеттің іс-әрекетінің ықпал
ететін салалары мемлекет қызметі жөніндегі түсінікті тұжырымдауға бағыт
беру үшін пайдаланылады”1.
Мемлекеттің қызметін оның алатын орны білдіреді, яғни, мемлекет бұл
тұрғыда қоғамдық дамудың негізгі мәселелрін шешуде, халықтың әртүрлі
тұрғыдағы мүддесін қанағаттандыруда шешуші роль атқарады. Мемлекеттің
қызметі оның даму кезеңдеріндегі негізгі мақсаттарынан туындайды және сол
мақсаттарды жүзеге асырудың құралы болып табылады.
Мемлекеттің мақсат-мүддесінің мазмұны ішкі және сыртқы факторларымен
айқындалады. Мысалы елдің экономикалық өміріндегі кризистік құбылыстар
мемлекеттің, оның барлық органдарының күшін экономикалық мәселелерді
шешуге жұмылдыруды талап етеді. Қылмыстың өсуі мемлекеттің онымен күресті
күшейтуін, оны ашуды, және оның пайда болу себеп-салдарын болдырмау
жолындағы қатал практикалық іс-шараларды жүргізуді қажет етеді. Ішкі
агрессия қаупі мемлекет механизмін елдің халқын оған тойтарыс беруге
жұмылдырады.
Мемлекеттік қызмет кейбір ортақ белгілермен сипатталады:
1. Мемлекет қызметінің мазмұны мемлекеттің іс-әрекетінің бірқалыпты
аспектілерінің жиынтығынан тұрады. Сонымен мемлекеттің іс-әрекетінің
бірқалыпты аспектілері қоғамдық қатынастардың ерекшеліктеріне орай бір
функцияға тоғысады.
2. Мемлекеттің қызметінің көптеген мемлекеттік органдардың (қаржы,
құқық қорғау) қызметінен айырмашылығы ол мемлекеттің іс-әрекетін тұтастай
қамтиды. Бұл айтқанымыздан жекелеген органдардың мемлекеттің белгілі бір
мемлекет қызметін жүзеге асырудағы ролін төмендетпейді, үйткені кейде осы
органдар мемлекеттің негізгі мәселелерін шешуде жетекші роль атқарады
(мысалы, қарулы күштердің елді шеттен шабуыл жасалудан қорғаудағы ролі).
Сонымен мемлекеттің қызметін оның жекелеген органдарының қызметінен
ажырата білу қажет. Егер мемлекеттің қызметі өз іс-әрекеттерінің негізгі,
қоғамдық бағыттарына, яғни, оның әрбір органының жұмысына сәйкес келетін
болса, жекелеген мемлекеттік органдардың қызметінде әлеуметтік орын мен
мемлекеттің мән-мағынасы үнемі көрсетіле бермейді.
3. Мемлекеттің қызметі кешенді және жинақталған сипатқа ие. Оларға
мемлекеттің ең шешуші маңызға ие бағыттары - ішкі және сыртқы іс-
әрекеттердің топтасуы жүзеге асырылады. Бұл орайда “мемлекет қызметінің”
мемлекеттің іс-әрекетінің нақты тарихи кезеңдегі әлеуметтік мәні бар
бағыттары екенімен келісу керек, бұл кезкелген іс-әрекет емес, үйткені ол
сан қилы саладағы әртүрлі жоспарланған іс әрекеттер.
4. Мемлекеттің қызметін мемлекеттік іс-әрекеттердің түрлерімен
шатастырмау керек, өйткені соңғыларын арнайы өкілдік берілген органдар,
немесе, мемлекеттің түрлі органдарының құрылымдық бөлімшелері жүзеге
асырады. Мемлекеттің іс-әрекеттерінің түріне, мысалы, қылмыстық істі
тексеру, кедендік бақылау жатады.
5. Мемлекеттің қызметін оны жүзеге асырудың формаларымен және
әдістерімен теңестіруге болмайды. Қазіргі замандағы мемлекет қызметін
жүзеге асырудың негізгі құқықтық формалары болып құқықтық шығармашылық,
атқарушы-басқарушы және құқық қорғау қызметі құқықтық шығармашылық,
атқарушы-басқарушы және құқық қорғау қызметі қазіргі замандағы мемлекет
қызметін жүзеге асырудың негізгі құқықтық формалары болып табылады.
Мемлекет өзінің даму жолында алдына қойған міндеттеріне сәйкес сендіру,
мадақтау және мәжбүрлеу әдістерін әртүрлі жағдайға қарай пайдалана алады.
Мемлекеттің нақты қызметі мемлекеттік билікті жүзеге асыру нормаларының,
формалары мен әдістерінің мазмұнының тұтастығын көрсетеді. Бұлар
мемлекеттің алған бағытымен тығыз байланыста болады.
М.Т. Баймаханов атап көрсеткендей, мемлекеттің жекелеген қызметтерінің
қалыптасуы үшін оның іс-әрекетінің төменде көрсетілген түрлері алынады:
а) мемлекеттік саясаттың ең басты және өзекті бағыттары бойынша;
б) тұрақты да тиісті, анда-санда ғана емес, үнемі орындалып отыратын
мемлекеттік құрылымдар;
в) өз бетімен құрылған немесе басқа бағыттардан бөлініп шыққан,
олармен қандай да біртұтас бірлікте атқарылмайтын қызмет түрлері.
Екіншіден, мемлекеттің саясат жөніндегі негізгі мәселелері емес, екінші
дәрежедегі немесе дүркін-дүркін, кездейсоқ, көмек ретінде болып тұратын
мемлекет қызметінің көрінісі мемлекет қызметі жөніндегі түсінікке тек
жоғарыда атап көрсетілген бағыттармен байланыста болады. Соңғыларымен
байланыста болмай, олар өздігінен мемлекет жекелеген қызметінің негізін,
мазмұнын құрай алмайды. Бұл жағдайда мемлекеттің қызметі жөніндегі
түсінікке олардың еш қатынасы болмайды. Сонымен, мемлекеттің барлық
қызметінің қосындысы өзінің мазмұны жағынан мемлекеттің өмір сүруі туралы
түсінікке сәйкес келеді.
Сонымен, мемлекеттің қызметі сан қилы, бірақ жоғарыда көрсетілген
белгілері оларды біртұтас, бір әуенді демократиялық, құқықтық, әлеуметтік
мемлекет және азаматтық қоғам құруға тырысу деп түсіну қажет.
Ресейдің ғалымдары А.В. Малько мен Н.И. Матузов атап көрсеткендей,
мемлекеттің қызметі дегеніміз – ол мемлекеттің ішкі және сыртқы іс-
әрекетінің негізгі бағыттарын білдіретін, оның таптық және жалпы
адамзаттық мәнін және әлеуметтік орнын нақтылайтын бағыттар1. Бұл
анықтамада мемлекет қызметінің ең негізгі нышандары айқын бөлініп
көрсетіледі:
1. Мемлекеттің қызметі оның таптық және жалпы адамзаттың болмысын
нақтылайды. Оның мазмұны қоғам мүшелерінің таптық, топтық (бірлескен),
ұлттық және жеке мүдделерін есепке алады.
2. Мемлекет қызметінде оның өз базисіне қатысты белсенді қызметтік ролі
жүзеге асырылады және халықаралық аренадағы жан-жақты практикалық іс-
әрекеттері жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттің қызметі оның тарихи мақсат-мүдделеріне сәйкес пайда
болады және дамиды. Мемлекет өзінің әлеуметтік қызметін өзіне тиесілі
қызметтерді атқару арқылы орындайды, ал олар оның іс-әрекетінің қалыптасқан
негізгі бағыттарын білдіреді.
4. Әртүрлі тарихи типтегі мемлекеттердің қызметінде оларға тән
ерекшеліктер мен даму заңдылықтары, қоғам өміріндегі әлеуметтік-
экономикалық, саяси және рухани өзгерістер пайда болады және олар объектіге
айналады.
Мемлекет “өзінің алатын әлеуметтік орнына, атқаратын роліне, қоғам
өміріндегі өзі қамтитын ортада, белгілері мен өзіне тән ерекшеліктері
қоғамдық қатынастарда олардың жаңа түрлерінің пайда болуын, қатынастардың
жаңа және бұрынғылары арасындағы байланыстың өзгеруін жан-жақты растайды.
Өз функцияларының көмегімен мемлекет қоғамның өскелең талаптарын
қанағаттауға міндетті, ұзақ мерзімді негізде объективті түрде туындайтын
мәселелер мен мақсат-міндеттерді орындауы тиіс. Оларды бір қызметтің
көмегімен, тіпті ол ең маңыздысы болса да, қамтамасыз ету мүмкін емес,
мемлекет өз қызметінің кең көлемді жүйесіне сүйенуге мәжбүр” .
Мемлекет мазмұны жағынан әртүрлі қызмет атқаратын болғандықтан оларды
ғылыми жағынан саралау қажет. Сол саралаудың кейбір негіздерін
қарастырайық:
Бір қызметті екінші қызметтен бөліп қараудың ең негізгі ортақ өлшемдері
мыналар: біріншіден, мемлекеттік әсер ету объектілерінің ерекшеліктері;
мемлекет өз іс-әрекеттерінің барысында әсер ететін қоғамдық қатынастардың
өздеріне тән ерекшеліктері; екіншіден, соңғыларының әр қызметінің
мазмұнының ерекшелігі, яғни мемлекеттің қызмет түрлерінің бір-біріне жақын
болуы.
Қоғам өмірінің қай саласында болмасын, қандай да бір мемлекет қызметі
атқарылса – ішкі саласында ма, әлде сыртқы саласында ма – ішкі саяси
саласында ма, әлде сыртқы саяси саласында ма – олар ішкі және сыртқы болып
екіге бөлінеді. Мемлекеттің ішкі қызметі дегеніміз, экономикалық,
экологиялық, мәдениетті ғылым мен білім беруді дамыту қызметтері. Ал сыртқы
қызметке елді қорғау, бейбітшілікті қамтамасыз ету және дүниежүзілік
тәртіпті қолдау т.б. жатады.
Мемлекеттің ішкі және сыртқы қызметі негізгі және екінші дәрежелі болып
бөлінеді. Мемлекеттің негізгі қызметі дегеніміз белгілі бір тарихи кезеңде
оның алдында тұрған түбегейлі стратегиялық мәселелер мен мақсат-мүдделерді
жүзеге асыру жолындағы оның іс-әрекеттерінің негізгі бағыттары.
Мемлекеттің негізгі қызметіне бірқатар ортақ ерекшеліктер тән.
Біріншіден, оларда мемлекеттің мәні анық байқалады. Мысалы, мемлекет
қызметінің байланысты қалпына келтіру, жөндеу жұмыстарын, жол құрылысын,
көлікпен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу, өсімдіктерді қорғау бойынша
халықаралық конвенцияларға қатысу, жұқпалы аурулармен күрес және т.б.; ал
басқа қырынан мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік қызметі, оның
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауы, меншіктің, құқықтық
тәртіптің, елді қорғаудың барлық түрлері және т.б. жатады.
Екіншіден, көптеген арнайы құрылған органдардың (мысалы, денсаулық
сақтау, әлеуметтік қауіпсіздендіру, білім беру, қаржы қызметі,
дипломатиялық қызмет, сыртқы сауда және т.б.) негізгі қызметінен
айырмашылығы ол түгелдей мемлекеттің өз іс-әрекетіне жатады.
Үшіншіден, өзінің мазмұны мен құрылымына қарай негізгі қызмет кешенді,
жинақы сипатқа ие, ол жүйелі талдауды қажет етеді, ол мемлекеттің күшін ең
шешуші, басты бағыттарға – ішкі және сыртқы қызметтерге жұмылдырады.
Әлеуметтік өмірдің қандай да бір белгілі үлкен саласындағы қоғамдық
қатынастардың ұқсастығы оның объектісі болып табылады1.
Осыларға сәйкес мемлекеттің негізгі қызметі мемлекет ықпалының
бағыттарына қарай негізгі болып табылмайтын көптеген қызметтерді қамтып,
топтастырады. Соңғылары негізгі қызметтің құрамдық бөлшектері болғандықтан,
мемлекет қызметінің қоғамдық өмірдегі нақты, сонымен қатар аясы тар бағытын
білдіреді. Негізгі болып табылмайтын қызмет деген термин шартты ұғым
екенін есте сақтау қажет. Бұл термин тек көптеген мемлекет қызметінің
ішінде көлемі мен жалпы мазмұны жағынан ең негізгі деген қызметтерді
бөліп қарау үшін ғана қолданылады.
Негізгі қызмет қырық құрау емес, айқындалған, іштей бірлескен және
мақсатқа талпынған көптеген бағыттардың жүйесі. Бұл жүйенің өзін
құрастырған элементтерден айырмашылығы бар. Мемлекеттің негізгі және
негізгі болып табылмайтын қызметтерінен мемлекеттік органдардың қызметін
бөліп қарау қажет, яғни жекелеген органдардың мемлекет механизмінде және
қоғамның саяси жүйесіндегі алатын орындарына қарай олардың құқықтары мен
міндеттерін жүзеге асыру болып табылады.
Негізгі мемлекеттік қызметті жүзеге асыру - өзінің мазмұнына қарай
көптеген мемлекеттік қызметтердің және жекелеген мемлекеттік органдар
қызметінің үздіксіз атқарылу процесі. Мемлекет қызметінің көрсетілген
түрлерінің өзара қатынасы мемлекет қызметіндегі жалпы, ерекше және
бірлескендік диалектикасын білдіреді.
Осыған орай “ғылыми – методологиялық тұрғыдан қарағанда мемлекеттің
қызметі жөніндегі мәселе – мемлекеттің қызметіндегі проблемалардың бір
бөлігі екенімен келісу керек. Мемлекеттің қызметіне оның іс-әрекеттерінің
барлығы: яғни, негізгілері, екінші дәрежедегілері, өз беттерімен
істейтіндері мен қосалқылары, тұрақтылары мен уақытша істейтіндері,
құқықтық формаға ие болғандары немесе оған ие еместері, көпшілік атқаратын,
ұжымдық және жеке қызметтер және т.б. жатады. Ал мемлекет қызметі
дегеніміз барлық іс-әрекеттерінің тек кейбір түрлері ғана”.
Мемлекет қызметін былай жіктеуге болады:
1. Пайда болу себептеріне қарай:
- таптық қайшылықтардан туындайтын;
- қоғамның талаптарына сай туындайтын;
2. Бағытына қарай:
А) Ішкілері:
а) адамның және азаматтың құқығын және еркіндігін қорғау;
б) меншік түрлерін қорғау;
в) құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету;
г) экологиялық;
д) экономикалық;
е) әлеуметтік;
ж) ғылыми-техникалық процесті;
з) салық салу.
Б) Сыртқылары:
а) басу алу соғыстарын жүргізу;
б) елді сырттан басып кіруден сақтау, елді қорғау;
в) бейбітшілікті қолдау;
г) өзара тиімді сауда;
д) басқа мемлекеттермен бірлесе отырып, бейбітшілік проблемаларын шешу.
3. Іс-әрекеттің мерзіміне қарай:
а) мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде тұрақты түрде жүзеге асырылатын
мемлекетте болатын өзгерістерге байланысты кейбір қызмет пайда болады,
кейбіреулері жоғалады 1;
б) уақытша, яғни өз қызметін белгілі бір мәселе шешілгенде тоқтататын іс-
әрекеттер, бұлар, әдетте, төтенше сипат алады;
4. Мағынасына қарай:
а) негізгілері;
б) негізгі қызметке жатпайтын қызметтер.
Мемлекет қызметінің нақты іс-әрекеттер бойынша жүзеге асатынын атап өту
қажет. Бұл іс-әрекеттер әртүрлі және бірыңғай топтарға топтасуы мүмкін.
Нақты жағдайларға байланысты жүзеге асырылылатын мемлекет қызметі мемлекет
билігінің түрі деген атау алды. Бұл контексте мемлекет және мемлекеттік
деген ұғымдар бір-бірінен ажырамайды.
Осыған байланысты мемлекеттің қызметін іске асырудың құқықтық және
құқыққа жатпайтын екі түрі бар. Қызметтің атқарылуының құқықтық түрлері
мемлекеттің заңға байланысты белгілі бір іс-әрекеттерді орындаудың заңмен
белгіленген тәртіпке сай болуы. Олар мемлекеттік биліктің субъектісінің
табиғатымен және оның мемлекеттік биліктегі өкілетіне қарай анықталады.
Мемлекеттік билікті жүзеге асырудың құқықтық формаларының әртүрлі
жіктері бар. Бұл формалардың ішінде ең көлемді таралғандары құқық орнату,
заңды орындау және заңды қорғау түрлері. Бұлардың біріншісі мемлекет
билігінің құқықтық нормаларды жасауын, оларды өзгертуін және алып тастауын
білдіреді, ал екіншісі – құқық нормаларын да айтылғандарды орындау,
үшіншісі - құқықтық нормаларды бұзудан қорғау іс-әрекеттері.
Мемлекет дегеніміз қоғамдық қарым-қатынастардың тірі субъектісі емес,
турасын айтқанда, қоршаған ортаның заттанбаған объектісі, ол адам сияқты өз
қызметін атқара алмайды. Заң әдебиеттерінде мемлекет механизмі деген ұғым
бар. Мемлекет механизмі – мемлекеттің міндеттері мен қызметтерін жүзеге
асыруға жұмылдырылатын мемлекеттер органдарының жүйесі. Осы
баяндағанымыздай, мемлекет ерекше қоғамдық ұйым ретінде, яғни рулық құрылым
билігін ұйымдастырудан өзгеше, “билік қоғамдық сипатта болып, рудың немесе
тайпаның барлық мүшелерімен жүзеге асырылды...”. Қоғамдық жұмыстарды үнемі
басқару мен айналысатын арнайы органдардан тұрады.
Сонымен, мемлекеттік биліктің саяси биліктен айырмашылығы мемлекеттік
билік мемлекеттік органдар мен мекемелердің мемлекет механизмін жасайтын іс-
әрекеттерінде көрінеді. Бұл орайда мемлекеттік билік арнайы аппарат жүзеге
асыратын, қоғам мүшелерін мақсатқа жету жолында күшпен мәжбүр ететін
монополияға ие билік ретінде ұғынылады. Қоғамдық істерді басқаруды бірте-
бірте өз бетімен атқаратын, келе-келе адамдардың таңдамалы топтарының
құрылуы және оның осы қызметті өз мойнына алуы мемлекеттің пайда болуының
объективті процесін туғызды.
Мемлекет аппаратының, оның барлық құрылымдарының мазмұнын басқару,
ұйымдастыру жұмыстары құрайды, олар қоғам өмірінің барлық салаларының
нәтижелі жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Бұл жұмыстардың түрлері көбінесе
заңның, заң механизмдерінің басқару барысында қалай қолданылуына
байланысты. Осыдан барып мемлекеттік аппарат қызметінің төменде көрсетілген
түрлері бөлініп шығады:
1) тікелей басқару – бұларда заңды сипат болмайды, ғылыми нұсқаулар
дайындау мен тәжірибе таратудан тұрады және т.б.;
2) құқықтық түрлері – құқықтық заңдылық сипатта болады, яғни барлық
субъектілердің орындауы міндетті және мемлекеттік міндеттілік орын алады.
Мемлекет аппаратының қызметінің негізгі құқықтық түрлеріне мыналар
жатады:
а) құқықтық шығармашылық қызметі – нормативтік актілер жобаларын
дайындау оларды қабылдау және баспадан шығару;
б) құқықты орындау қызметі – бұл заң нормаларын жүзеге асыру жұмыстары;
в) құқық қорғау жұмыстары – бұл заңның бұзылмауын бақылау және тексеру,
кінәлі адамдарды заңды жауапқа тарту және т.б.
Мемлекет механизмінің құрылымына мемлекеттік органдар, мемлекеттік
мекемелер және кәсіпорындар, мемлекет қызметкерлері және ұйымдастыру-қаржы
көздері, сондай-ақ мемлекет қызметін қамтамасыз етуге қажетті мәжбүрлеу
күштері жатады. Мемлекеттік органдардың өздеріне тікелей қатысты билік
қызметтерін жүзеге асыруда бір-бірімен тығыз байланыста және өзара
бағынышты болады.
Мемлекеттік орган мемлекет механизмінің элементі ретінде мемлекет
қызметін атқаруға қатысатын және соған орай билік өкілеттігіне ие негізгі
құрылымдық бөлім болып табылады. Мемлекеттік орган мемлекет
қызметкерлерінен тұрады, олардың ішінде лауазымды тұлғалар ерекше түрде
болады. Мемлекет қызметкерлерін асырау қоғамға жүктеледі.
Мемлекеттің органы билік өкілеттігіне ие, олар мыналар:
1) орындалуы міндетті нормативтік-құқықтық актілерді шығару мүмкіндігі;
2) мемлекеттік органдардың актілерінің орындалуын әртүрлі әдістермен
қамтамасыз ету1.
Жоғарыда біз атап өткендей, “қоғамға басшылық ету үшін мемлекет
мемлекеттік билік механизмінің элементі бар ерекше аппаратқа немесе ерекше
органдарға мұқтаж. Осы органдардың жүйелерінің көмегімен мемлекет қоғамды
басқаруды жүзеге басқаруды жүзеге асырады, оның бір қалыпта мемлекеттің
органдары мемлекет қызметінің негізгі бағыттарын жүзеге асырады”2.
Сондықтан “мемлекет” деген ұғымды былай анықтау дұрыс болатын сияқты:
мемлекет қоғамды қорғауды және оның тұтастығын қамтамасыз ететін,
мемлекеттік механизм арқылы қоғамның қызметіне басшылық жасайтын, мәжбүрле
аппаратына ие және құқыққа жалпы міндеттілік сипатын беретін егеменді жария
биліктің саяси ұйымы.
Мемлекет қызметін жүзеге асыруға тиісті мемлекеттік органдардың қосымша
“жасанды” құқықтық қатынастар субъектілерінің жүйесін жасайды. Әрбір
мемлекеттік орган мемлекеттің бір немесе бірнеше қызметін іске асыруға
міндетті. Мысалы, мемлекеттің сыртқы қорғау қызметін Қазақстан
Республикасының Ішкі істер министрлігі жүзеге асырады.
Дүние жүзіндегі көптеген мемлекеттерде мемлекеттік билік өзінің
ұстанымына сәйкес үш дербес тармақтарға, яғни, заң шығарушы билік,
атқарушы билік және сот билігі болып бөлінеді. Сондықтан мемлекеттік
биліктің органдары осы ұстанымның негізінде қалыптасады., өйткені тежеудің
тиімді жүйесін пайдалана отырып билікті бөлмейінше, демократиялық құқықтық
мемлекет болуы мүмкін емес.
Өз мәні бойынша бірыңғай мемлекеттік билік теориясын бөлудің негізін
қалаушылардың бірі атақты француз ойшысы Ш.Л. Монтескье болды. “Заң рухы”,
“Персид хаттары” деген және басқа да көп еңбектерінде Монтескье “билікті
теріс пайдалану мүмкіндік болдырмау үшін кәдімгідей бір әртүрлі билік
бірін-бірі тоқтата алатын тәртіп қажет”3 - деген еді. Монтескьенің
пікірінше парламент заң шығарушы билік ретінде мемлекет органдарының
жүйесінде үстемдікке ие ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz