Стратегиялық жоспарлаудың мәні және құрылымы


Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
І бөлім. Стратегиялық жоспарлау 1.1. Стратегиялық жоспарлаудың мәні және құрылымы . . . . . . . . . 5 1.2. Стратегиялық жоспарлауды заң жүзінде әзірлеу . . . . . . . . . . . 14
ІІ бөлім. ҚР.ғы стратегиялық жоспарлау 2.1. Стратегиялық жоспарлаудың ҚР.да пайда болуы . . . . . . . . . . 19 2.2. «Қазақстан 2030» стратегиялық жоспары . . . . . . . . . . . . . . . . . 24 2.3. Қазақстан экономикасы: нәтижелер, басымдықтар . . . . . . . . . 31
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 34
Қолданылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 35
Көпшілік қауымға белгілі «Стратегия» термині, гректердің «Strategos» сөзінен туындаған, өз тілімізге аударғанда «генерал өнері» немесе «адамдарды басқару өнері» деген түсініктерді беріп, болашақта мақсатты бағытталған және шешуші іс-қимыл тобын, жиынтығын көрсетеді немесе «Стратегия» іске асырылуы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін бөлшекті, жан-жақты және кешенді жоспар. Көне Қытайда біздің дәуірімізге дейінгі 480 жылдары «Стратегия өнері» атты кітап жазылған, бұдан біз стратегия ұғымы адам, қоғам өмірінде өте ерте кезден қолданылып келе жатқандығын көреміз. Стратегиялық жоспарлау – оған жету жолында шешім қабылдау мен оны ұйымдастыру үшін мақсаттарды таңдау процесі. Ол бүкіл басқару шешімдері үшін оның негізін қамтамасыз етеді. Стратегиялық жоспарлау – көптеген мемлекеттер, ірі және орта компаниялар соңғы кездері кеңінен қолданып жүрген арнаулы білім (қызмет) саласы. Ол басқаруда ертеден қолданылып келеді, бірақ жиі және кең көлемде қолданылуы екінші дүниежүзілік соғыс кезінен басталды және тек әскери ғана емес, сонымен қатар азаматтық қызмет пен бизнес сферасында да кеңінен қолданылғандықтан қазіргі кезде жеке ғылым саласы ретінде қалыптасты. Стратегиялық жоспарлаудың мәні айқындалған, шекті қор көлемі бойынша дамудың магистральді бағытын, қазіргі экономиканың қолайлы тұстарын дұрыс пайдалану және жағымсыз жақтарының әсерін бейтараптандыру арқылы болашаққа нақты қойылған мақсатқа қол жеткізетін іс-әрекеттерді анықтауда. Стратегиялық жоспар, ұзақ уақыт бойы тұтас болып қана қоймай, сонымен бірге тұрақты өзгеріп отыратын іскерлік, әлеуметтік ортаның әсерімен қажет болған жағдайда, оларға түзетулер енгізуге болатындай жеткілікті түрде икемді болуы тиіс. Стратегиялық жоспар жасау болашаққа мұқият, жүйелі дайындықты білдіреді. Стратегиялық жоспарлау – бұл бірінші кезекте жоғары буын жетекшілерінің міндеті. Орта буын және төменгі буын жетекшілері тиісті ақпараттар беру арқылы және кері байланысты қамтамасыз ете отырып, осы жұмысқа қатысады. Қазақстан Республикасында ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлар 10-15 жылдар аралығына жасалынады. Бұл жоспарда халық шаруашылығының ұзақ мерзімді мақсаттары, міндеттері және ұлттық экономиканың бірінші кезекті дамуы қажетті бағыттары, олардың іске асу кезеңдері және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының жалпы бағыты белгіленеді. Қазақстан Республикасында алғашқы стратегиялық жоспар Президентіміздің 1997 жылғы «Қазақстан 2030: Гүлдену, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың тұрмыс жағдайларын жақсарту» үндеуіне сай 1998-2000 жылдар аралығына сай жасалынды.
1. Ихданов Ж.О. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері:
Оқу құралы.- Алматы, 2002. – 65-70 беттер.
2. Жұмаев Ж.Ж. Экономиканың мемлекеттік реттелінуі: Оқу құралы. – Орал, 2001. – 45-53 беттер.
3. Берденов Қ. Қазақстан мемлекет ретінде қалыптасуы мен экономиканың дамуы. – Алматы, 1998 ж. – 95-104 беттер.
4. Кенжеболатова М.Ш. Экономиканы мемлекеттік реттеу: Оқу құралы. Астана, 2006. – 46-47 беттер.
5. Саларбаев Ә.Ж. Экономика негіздері. Алматы, 2003. – 197-200 беттер.
6. Ниязбеков Р.К. Кәсіпорын экономикасы. – Ақтөбе, 2005. -55-59 беттер
7. Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауы.//Егеменді Қазақстан 2009 жыл
8. «Арқа ажары» газеті2007 жыл
9. www.diplomy.kz
10. www.referaty.kz

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Бұл жұмыстың бағасы: 900 теңге

бот арқылы тегін алу, ауыстыру

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Жоспар

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
І бөлім. Стратегиялық жоспарлау 1.1. Стратегиялық жоспарлаудың мәні және құрылымы . . . . . . . . . 5 1.2. Стратегиялық жоспарлауды заң жүзінде әзірлеу . . . . . . . . . . . 14
ІІ бөлім. ҚР-ғы стратегиялық жоспарлау 2.1. Стратегиялық жоспарлаудың ҚР-да пайда болуы . . . . . . . . . . 19 2.2. Қазақстан 2030 стратегиялық жоспары . . . . . . . . . . . . . . . . . 24 2.3. Қазақстан экономикасы: нәтижелер, басымдықтар . . . . . . . . . 31
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 34
Қолданылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 35

Кіріспе
Көпшілік қауымға белгілі Стратегия термині, гректердің Strategos сөзінен туындаған, өз тілімізге аударғанда генерал өнері немесе адамдарды басқару өнері деген түсініктерді беріп, болашақта мақсатты бағытталған және шешуші іс-қимыл тобын, жиынтығын көрсетеді немесе Стратегия іске асырылуы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін бөлшекті, жан-жақты және кешенді жоспар. Көне Қытайда біздің дәуірімізге дейінгі 480 жылдары Стратегия өнері атты кітап жазылған, бұдан біз стратегия ұғымы адам, қоғам өмірінде өте ерте кезден қолданылып келе жатқандығын көреміз. Стратегиялық жоспарлау - оған жету жолында шешім қабылдау мен оны ұйымдастыру үшін мақсаттарды таңдау процесі. Ол бүкіл басқару шешімдері үшін оның негізін қамтамасыз етеді. Стратегиялық жоспарлау - көптеген мемлекеттер, ірі және орта компаниялар соңғы кездері кеңінен қолданып жүрген арнаулы білім (қызмет) саласы. Ол басқаруда ертеден қолданылып келеді, бірақ жиі және кең көлемде қолданылуы екінші дүниежүзілік соғыс кезінен басталды және тек әскери ғана емес, сонымен қатар азаматтық қызмет пен бизнес сферасында да кеңінен қолданылғандықтан қазіргі кезде жеке ғылым саласы ретінде қалыптасты. Стратегиялық жоспарлаудың мәні айқындалған, шекті қор көлемі бойынша дамудың магистральді бағытын, қазіргі экономиканың қолайлы тұстарын дұрыс пайдалану және жағымсыз жақтарының әсерін бейтараптандыру арқылы болашаққа нақты қойылған мақсатқа қол жеткізетін іс-әрекеттерді анықтауда. Стратегиялық жоспар, ұзақ уақыт бойы тұтас болып қана қоймай, сонымен бірге тұрақты өзгеріп отыратын іскерлік, әлеуметтік ортаның әсерімен қажет болған жағдайда, оларға түзетулер енгізуге болатындай жеткілікті түрде икемді болуы тиіс. Стратегиялық жоспар жасау болашаққа мұқият, жүйелі дайындықты білдіреді. Стратегиялық жоспарлау - бұл бірінші кезекте жоғары буын жетекшілерінің міндеті. Орта буын және төменгі буын жетекшілері тиісті ақпараттар беру арқылы және кері байланысты қамтамасыз ете отырып, осы жұмысқа қатысады. Қазақстан Республикасында ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлар 10-15 жылдар аралығына жасалынады. Бұл жоспарда халық шаруашылығының ұзақ мерзімді мақсаттары, міндеттері және ұлттық экономиканың бірінші кезекті дамуы қажетті бағыттары, олардың іске асу кезеңдері және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының жалпы бағыты белгіленеді. Қазақстан Республикасында алғашқы стратегиялық жоспар Президентіміздің 1997 жылғы Қазақстан 2030: Гүлдену, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың тұрмыс жағдайларын жақсарту үндеуіне сай 1998-2000 жылдар аралығына сай жасалынды.

Стратегиялық жоспарлаудың мәні және құрылымы
Жоғарыда айтқандай Стратегия термині, гректердің Strategos сөзінен туындаған және генерал өнері немесе адамдарды басқару өнері деген түсініктерді беріп, болашақта мақсатты бағытталған және шешуші іс-қимыл тобын, жиынтығын көрсетеді. Қандай деңгейдегі экономика болмасын басты мақсат, міндет бұл іс-қимыл тобы, жиынтығының нақты жағдайға байланысты ғылыми негізделініп, тұжырымдалынып және цифрлар тілімен немесе сапалық, сандық көрсеткіштермен сипатталынуы. Бұл міндеттерді шешу, іске асыру кез-келген мемлекеттің (жоспарлауды экономиканы дамытудағы басты құралдардың бірі деп есептейтін) төл істерінің бірі. Қазіргі замаңғы түсінікте және мемлекеттік басқару, реттеу істерінде және кәсіпорындар, ұжымдар деңгейіндегі қолданылуда Стратегия бөлшектеніп нақтыланған, жанжақты және кешенді, іске асырылуы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін жоспар болып саналады. Стратегиялық жоспарлар негізінен сандық емес сапалық жоспарлау. Оның индикативтік жоспарлардан айырмашылығы мақсаттылығында, мазмұнында. Стратегиялық жоспар мәні - белгісіз болашақ және ішкі, сыртқы тұрақты өзгерістер жағдайында, ұтымды мүмкіндіктерді пайдалана жағымсыз құбылыстарын жеңе отырып нақты қойылған мақсатқа жетудің магистралды (басты) даму жолын, қызметтерін және іс-қимылдарын жасау. Осы түсінікте бұл жоспарлау үкімет басқару, атқару органдарының экономиканы реттеу, оның макроэкономикалық, микроэкономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі басты құралдарының бірі десек қателеспейміз. Стратегиялық жоспарлау тек макродеңгейдегі басты реттеу құралдары болып қоймай, сонымен бірге аймақтар, яғни облыстар деңгейінде де басты басқару, реттеу құралы болып саналады. Себебі облыстар экономикасы жалпы ұлттық экономиканың ажырамас бөлігі. Он жылдық уақыт аралығына жасалынатын аймақтық стратегиялық жоспарлар болашақ әлеуметтік-экономикалық міндеттерді ұтымды шешуге бағытталады. Бірде бір экономикалық субьектаның құқықтық шеңберіне енбей, экономикалық реттегіштер мен тікелей және жанама ықпалды ұштастыра отырып, барлық субьекталардың іс-қызметтерін ортақ мүддеге бағыштап, белгіленген уақыт аралығындағы мақсаттарға жетуді қамтамасыз етуге бағытталған. Облыстар шеңберіндегі мұндай стратегиялық жоспарлар бір-бірімен тығыз байланысқан төмендегідей бөлімдерден тұрады: Облыстың, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайының бағалануы; Жоспар кезеңіндегі облыстың миссиясы мен басты даму мақсаты; Экономикалық дамуы; Әлеуметтік дамуы; Күтілетін нәтиже; Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың бағалануы, облыстағы әлеуметтік-экономикалық дамуды сандық, сапалық жағынан талдап, бағалап, оның жалпы мемлекет экономикасындағы рөлі мен үлесін сипаттауы қажет. Осындай талдау, бағалау негізінде облыстың әлеуметтік-экономикалық даму миссиясы мен басты мақсаты анықталынады. Ал миссия мен басты мақсат мемлекеттің стратегиялық даму жолындағы облыс рөлінен анықталынып, тұжырымдалынады. Басты мақсат - бұл облыстың стратегиялық дамуының негізгі мақсаты. Ол қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың негізінде анықталынып ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму бағытын білдіреді. Басты мақсаттарды орындау, оларға қол жеткізу үшін әлеуметтік және экономикалық салалар, сфералардағы іс-қызметтер, қимылдар стратегиясы жасалынады. Экономикалық дамудағы негізгі стратегиялық бағыттарды анықтау үшін облыстың ішкі-сыртқы факторларына талдау жасалынады. Осы талдау негізінде облыс экономикасының басым бағыттары анықталынады. Басым бағыттардың анықталынуы, немесе оны көп тізбектегі басты буынның белгіленуі барлық мүмкіндіктер мен күштерді осы қызметтерді шешуге шоғырландыруға мүмкіндік береді. Басым бағыттарды анықтауда күшті, әлсіз, мүмкіндіктер және қауіп матрицасы пайдалынады. Мұндай SWOT талдауды төмендегіше көрсетуге болады: 1. Облыс экономикасының (ол мемлекет-экономикасынында) күшті,әлсіз жақтары талданып, олардың маңыздылары анықталынады,тізімдері белгіленеді. 2. Мүмкіндік және қауіпті (тиімді дамуға кері ықпал жасайтын) факторлар анықталынып талданады, олардың тізімі анықталынады. 3. Осы мәліметтер негізінде SWOT матрицасы жасалынады.
Тұжырымдалған стратегияларды іске асырудағы негізгі талап, ол оның қаржы, тағы басқа мемлекеттік реттеу құралдарымен қамтамасыз етілуі. Сол себепті әрбір стратегияның қаржылық көзі белгіленіп, сол арқылы ол тұжырымдалынуы керек. Ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлар ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайдың талдауына, даму тенденцияларының эксперттік бағалануына, болжамдық есептеулерге негізделіне отырып төмендегідей жағдайларды анықтауға міндетті: Болашақ даму мақсаттар мен міндеттер жүйесін; Халық шаруашылығының маңызды басым бағыттары мен олардың іске асырылу кезеңдерін; Экономика өсуінің мүмкін қарқынын және негізгі макроэкономикалық пропорцияларды; Экономикадағы құрылымдық өзгерістерді; Ресурстық күштерді және олардың тиімділігін, пайдалану бағыттарын; Сыртқы және ішкі экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын; Шаруашылық жүйесіндегі негізгі институционалдық өзгерістерді;
Ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлар бір-бірімен тығыз байланысқан төмендегідей 4 үлкен бөлімдерден тұрады:
әлеуметтік-экономикалық жағдайдың талдауы;
әлеуметтік-экономикалық даму концепциясы;
негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер;
ұлттық бағдарламалар.
Бірінші бөлімі төмендегідей жағдайларды суреттейді:
өндірістік күштердің жағдайын;
экономиканың ішкі және сыртқы даму тенденцияларын;
мемлекеттік реттеу жүйелерінің, реттегіш құралдарының ықпалдылығы мен нәтижелілігін;
өндіргіш күштердің сапасын, өсу динамикасын және оларға ықпал жасайтын факторларды;
жалпы экономикалық дамудың әлемдік экономика дамуымен салыстырмасын;
Екінші бөлім әлеуметтік-экономикалық даму концепциясы төмендегідей жағдайларды анықтайды:
әлеуметтік-экономикалық саясаттың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері және басым бағыттарын;
мақсат, міндеттерден туындайтын, оларды іске асыруға бағытталған ұлттық бағдарламалар тізімін;
Үшінші бөлім негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бөлімі:
экономикалық өсу, дамудың болжамдық қарқынын, деңгейін;
экономика құрылымын;
экономика салалары араларындағы байланыстарды;
халықтың және мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы мүмкіндіктерін суреттейді.
Төртінші бөлімі ұлттық бағдарламалар - мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық стратегиясын іске асырудың және ұлттық (жалпы халықтық) мақсаттар мен басым бағыттарға тиімді, ұтымды жету жолындағы әлеуметтік-экономикалық дамуды мемлекеттік реттеудің негізгі құралы. Ұлттық бағдарламалар жоғары тиімділіктегі ұлттық экономиканы құруға бағытталған күрделі, маңызды әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық және басқада жағдайларды шешу үшін қажет.

Орта мерзімдегі және жылдық әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын жасаған кездерде Ұлттық бағдарламалар жоспардың Экономикалық реттегіштері бөлімінде, сонымен бірге экономика салаларының жоспарында және мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған бюджеттік тапсырыстарда көрініс алады. Мемлекеттік ұлттық бағдарламалар ұлттық мүдделерге тиімді, ұтымды, сапалы жету жолында шектеулі қоғам ресурстарын жақсы бөлу, пайдалану құралы болып саналады. Орта мерзімді жоспарлар - олар 3-5 жылдар аралығына арналып жасалынады. Бұл жоспардың қызметі:
әлеуметтік-экономикалық дамудың ұзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған мемлекеттің саясатын және экономикалық реттегіштер жүйесін анықтау;
стратегиялық жоспарда, мемлекеттік бағдарламаларда көрсетілген параметрлердің (индикаторлардың) жинақталуын қамтамасыз ету;
жоспарлау мерзімі (уақыты) аралығындағы барлық кешенді әлеуметтік-экономикалық іс-қызмет шараларын көрсету;
осы уақыт аралығында (3-5 жыл) мақсатқа жету жолында мемлекеттің экономикаға араласу, ықпал жасау әдістерінің негізгі бағыттарын көрсету;
Осы қызметтер (шеңберінде) негізінде ұзақ мерзімді жоспарды белгілі уақыт аралығында нақтылау жоспары, құралы деп те айтуға болады. Жоғарыда айтылған қызметтеріне сәйкес, бұл жоспарды әлеуметтік-экономикалық дамудың жоспарлы уақыт аралығындағы стратегиялық мақсаттардан туындайтын міндеттер және экономикалық реттегіштер жүйесі анықталынады.
Сыртқы ортаға талдау жасау, үлкен қауіп-қатерлерді және жаңадан ашылған мүмкіндіктерді ашу мақсатында сыртқы факторларды анықтаудың үлкен маңызы бар. Бұл қауіп-қатердің пайда болуы мен мүмкіндіктерге уақытылы болжам жасауға, алдын ала болжап білмейтін мән-жайлар туындайтын жағдайларға жоспарлар жасауға мүмкіндік береді. Олардың келесідей жеті тобы бар: 1) Экономикалық факторларды талдау кезінде инфляция қарқыны, салық мөлшерлемесі, халықаралық төлем балансы, тұтастай алғанда халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі және қызығушылық тудырып отырған сала, халықтың төлем қабілеті қаралады; 2) Саяси факторларды талдау кезінде елдермен сауда жасау тарифтері жөніндегі келісімдер, кеден саясаты, жергілікті билік органдарының және орталық үкіметтің нормативтік актілері, монополияға қарсы заңнама, жергілікті банктерден несие саясаты қаралады;
3) Нарықтық факторлар. Оған демографиялық жағдай, халық табысының деңгейі, оларды бөлу, ұйымның нарықтағы үлесі, нарық сыйымдылығы;
4) Бәсекелестік жағдайындағы технологиялық факторларды зерделеу. Өндіріс технологиясындағы, конструкциялық материалдардағы өзгерістерді оқып үйрену әсіресе маңызды болып саналады;
5) Бәсекелестік факторларына талдау жасау бәсекелестердің әрекетіне бақылау жасауды болжайды. Бұл ретте бәсекелестердің нарыққа қандай тауарлар шығаратыны, қандай іс-қимыл жасайтыны қаралады. Осыған орай:
- бәсекелестердің болашақтағы мақсаттары;
- олардың ағымдағы стратегиясына берілген баға;
- саланы дамыту болашағы;
- бәсекелестердің күшті және әлсіз жақтарын оқып үйренуге талдау жасалады.
6) Әлеуметтік факторлар. Экономикалық тұрақсыздық жағдайларында, атап айтқанда әлеуметтік ортада ұйымға қауіп төндіретін көптеген проблемалар (тұтынушылар құқығын қарайтын қозғалыстың дамуы, ұлттық сана сезімнің пісіп-жетілуі және т.б.) туындайды.
7) Халықаралық факторларға талдау жасау. Сыртқы саудаға мемлекеттік монополияны жою осы факторлардың маңызын арттырды. Шетелдегі ахуалды, өзге елдер үкіметтерінің саясатын көңіл қойып қадағалау арқылы, шетелдік бәсекелестерге қарсы үкіметтен болатын қорғау шараларын назар сала отырып, қадағалап отыру қажет. Басшылық сыртқы қауіп-қатерлер мен ішкі күшті және әлсіз жақтарын салыстырып болғаннан кейін, стратегиясын айқындауы мүмкін. Ұйым алдында төрт негізгі стратегиялық балама тұрады: шекті өсу, өсу, қысқарту және ұштасу. Шекті өсу. Бұл ұйымдардың басым көпшілігінің стратегиясы. Инфляцияны ескере отырып түзетулер енгізілген, қол жеткен табыстар арқылы мақсаттарды айқындау осы стратегияға тән болып саналады. Шекті өсу стратегиясы негізінен ұйым өзінің жағдайына қанағаттанған кезде, баяу дамитын немесе технологиялар өзгермеген өнеркәсіп салаларында қолданылады. Ұйым бұл баламаны өте жеңіл, неғұрлым ыңғайлы және аз тәуекелге баратын іс-қимыл тәсілі ретінде тандайды. Өсу. Өсу (өркендеу) стратегиясы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді деңгейдің оның алдындағы жылдың көрсеткіштері деңгейінен жыл сайын маңызды түрде көтерілу жолымен жүзеге асырылады. Ол, технологиялары тез өзгеріп отыратын серпінді дамушы салаларда қолданылады. Дағдарысқа ұшыраған нарықты тастап кету үшін өз фирмаларын диверсификациялауға (өнімдер номенклатураларының алуан түрлерін шығаруға) ұмтылушы жетекшілер, осы бағытты ұстануы мүмкін. Ішкі және сыртқы өсу болуы мүмкін. Ішкі өсу тауарлардың түт-түрін (ассортиментін) көбейту жолымен жүзеге асуы мүмкін. Сыртқы өсу тік немесе көлбеу бағытты өсу формасында бір-біріне жақын салаларда болуы мүмкін. Қысқарту. Операцияларды оңтайландыру және қайта бағдарлаудың терең ойластырылған, ақылға қонымды жолы болып саналғанда қысқарту баламасы таңдап алынады. Қысқарту баламасы шеңберінде келесідей бірнеше нұсқалар таңдап алынуы мүмкін: Тарату. Ұйымның материалдық қорлары мен активтерін толық сату қысқартудың неғұрлым радикалды жолы болып саналады;
егер бұл кәсіпорынға пайда әкелетін болса, басы артық нәрселерден құтылу;
қысқарту және қайта бағдарлану.
Компания қызметі көрсеткіштерінің нашарлауы экономикалық құлдырау кезінде жалғаса беретін болса немесе жай ұйымды құтқарып қалу үшін, жиі түрде қысқарту стратегиясын таңдап алады. Әдетте, бірнеше салаларда белсенді іс-қимыл жасаушы ірі фирмалар жоғарыда аталған барлық баламаларды ұштастыру стратегиясынан ұстанады. Ұйымның ұзақ мерзімдік тиімділігін қамтамасыз ету стратегиялық баламаларды таңдау мақсаты болып саналады. Стратегиялық таңдауға алуан түрлі келесі факторлар әсерін тигізеді:
1) Тәуекел. Компания үшін тәуекелдің қандай деңгейі қолайлы екенін анықтау қажет. Жоғары тәуекел дәрежесі компанияның өмір сүруі үшін қауіпті болып саналады.
2) Бұрынғы стратегияны білу.
3) Қожайын туралы пікір. Нақты стратегиялық баламаларды таңдау кезінде акция иелері басшылық жасау икемділігін шектейді.
4) Уақыт факторлары.
Стратегиялық баламаларды таңдау кезінде, факторларды білуден өзге, бүкілімен бөлісетін, оның болашағын болжайтын форманың тұжырымдамасы қажет болады. 62-бап.Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары
1. Мемлекеттік органның жоспарлы кезеңге арналған стратегиялық жоспары жыл сайын Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің мақұлданған болжамы негізінде әзірленеді. 2. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары бюджеттік бағдарламаларға кіретін мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, міндеттерін, қызметі нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат болып табылады.
3. Бюджеттік бағдарламалар әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің болжамында бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне көзделген бюджет қаражатының болжамды көлемінің шегінде әзірленеді.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын Қазақстан Республикасының Президенті немесе ол уәкілеттік берген лауазымды тұлға бекітеді. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспарын жергілікті атқарушы орган бекітеді.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының стратегиялық жоспарлары Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен бекітіледі.
5. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспары ол облыстық бюджеттен қаржыландырылатын тиісті салалық атқарушы органмен келісілгеннен кейін бекітіледі. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органның стратегиялық жоспары ол тиісті салалық орталық мемлекеттік органмен келісілгеннен кейін бекітіледі.
6. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспары тиісті бюджет бекітілгеннен кейін ағымдағы жылғы 25 желтоқсанға дейін пысықталады, бекітіледі және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қорғау қамтамасыз етіле отырып, күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жатады.
7. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге:
а) бюджет нақтыланған;
б) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері өзгерген;
в) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау үшін жаңа стратегиялық және бағдарламалық құжаттар қабылданған, не қолданыстағыларына өзгерістер енгізілген;
г) мемлекеттік органның функциялары, құрылымы өзгерген жағдайларда жол беріледі.
8. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары бекітілген күннен бастап екі апта мерзімде мемлекеттік органдардың басшылары меморандумдар әзірлейді. Меморандум мемлекеттік орган басшысының кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген бюджет қаражаты шегінде стратегиялық жоспарда көзделген мемлекеттік орган қызметінің тікелей және түпкі нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз ету ниетін растайтын құжатты білдіреді.
Меморандумдарды: Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдар бойынша - Қазақстан Республикасының Президенті немесе ол уәкілеттік берген лауазымды тұлға;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіретін не оған бағынатын орталық атқарушы органдар бойынша - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі бекітеді.
Мемлекеттік органның меморандумы кезекті қаржы жылына бекітіледі. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы және жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылатын атқарушы органдар меморандумдарды бекітпейді.
Стратегиялық жоспарлауды заң жүзінде әзірлеу
Саяси деңгейден шығатын негізгі (кейде кішігірім) нұсқамалар нормашығармашылық қызметтің процесін алдын алады. Осы нұсқамаларды орындау бойынша нормашығармашылық жұмысты бастамас бұрын жұмыстың сипатын стратегиялық талдау өткізу тиімді болады. Мұндай талдауды бірқатар қарапайым сұрақтарға жауап беріп өткізуге болады:
бізде не бар? (жаңа нормативтік акт қажет пе?) Қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бола ма? Мақсаты нақты ма немесе оны жетілдіру керек пе? және т.с.с. біз не жасауымыз керек? (заңшығарушылық жобаның мақсаты неде?) қандай әдіспен біз оны жасай аламыз? (заңшығарушылық қызметінің процесі және саяси стратегия қандай кескінде өтеді, кім осы процеске шақырылады және кімді мүмкіндігінше шақыруға болады; жобаны сапалы орындау үшін қандай ресурстар қажет, қандай мерзім тиімді болу мүмкін? және т.с.с.) жұмыс соңына жеткендігі туралы біз қалай оны көрсетеміз? (мысалы: жасалған жұмыс қандай стандарттарға сәйкес болуы керек?) Заңшығарушылық жобаның деңгейлері және олардың ұзақтығы және т.с.с.
Заң шығармашылық процеске қандай да бір озық практикалық стандарттары қолдану қиын. Соған қарамастан, процестің өзін сияқты олар заң шығармашылық өнімнің сапасын және нормативтік актілер мен құқық пайдалануды іске асыру тетіктерінің тиімділігін тексеру процесін бағыттайды. Нормативтік-құқ ықтық актілерді әзірлеу екі кезеңнен жүргізуге болады: қабылданған бағыттарды жүзеге асыру үшін стратегияны және нормативтік актінің (міндетті түрде заң шығармашылық қызметі) мәтінін жазу. Бірінші кезеңде қаралып жатқан проблеманың тұжырымы, алдағы жұмыстың көлемі мен қойылған проблеманы шешу үшін нақты мақсаттар бойынша белгілі шешімдер қабылдау қажет.
Сондай-ақ нақты бағдардың әртүрлі бағыттарын қарастыру қажет, яғни белгілі бағыттар бойынша немесе оларды құрайтын тек қана бірқатары бойынша заңшығарушылық бастамашылық қажет пе сол мәселені шешу керек. Маңызды стратегиялық мәселелер алдағы іске асыруды қамтиды, яғни нормативтік-құқықтық актіні қолдану қалай іске асырылады? Сол процес үшін кім жауапты болады? (мемлекеттік органы бар болуы мүмкін немесе ол үшін жаңаны құру керек пе?); белгіленген бағдарды (негізі ұстаным неден тұратын болады?) іске асыруды қамтамасыз ету үшін қандай нормативтік акт қабылдау қажет. Бірқатар елдерде заңнамалық жұмыстардың Үкіметтің бекітілуінен бастап норма шығармашылық қызметтің бастауына дейін жалпы жоспарын шығару үшін жеке кезеңде көрсетіледі.
Норма шығарушылық қызметпен айналысатын қызметкерлер кәсіби білімі болуы немесе ерекше кәсіби мәселелер бойынша, оның ішінде заң мәселелері бойынша консультация алу мүмкіндігі болуы керек. Стратегиялық бағдарға (оның мақсаттары мен белгілі бағыттың және оны жүзеге асырудың мүмкін бола алатын әдістерін таңдау бойынша қорытынды шешімдер) қатысты жобаның басты аспектілері бойынша шешімдерді жоғары тұрған инстанциялар қабылдауы тиіс (әдетте министр деңгейінде, содан кейін Үкімет деңгейінде). Норма шығарушылық қызметте жобаны жүзеге асыру үшін қажетті маңызды стратегиялық шешімдерді қабылдау үшін жоғары тұрған инстанциялардың қолдауы мен қатысуы маңызды болып табылады. Нормативтік-құқықтық құжатты әзірлеу кезеңінде жоба бойынша саяси шешімдер нормативтік құжаттың мәтіні нысанында болуы тиіс. Стратегиялар мен әкімшілік талаптарға белгілі норма шығарушылық стандарттарға сай келетін (құрылымы, құжаттың нысаны мен стилі) дұрыс заң түсінігі мен терминдерінен құралатын іс жүзінде орындалатын және іс-әрекетті тәртіптерге нақты нысан беру үшін белгілі заң дағдысы бар басқа мамандарды оның ішінде әзірлеушілерді тарту қажеттігі туындайды. Бұл жұмыс принципінде заңгерлер (әдетте ол заң әзірлігінен өткен қызметкерлер) болып табылмайтын тәжірибелі қызметкерлерді тартуға болады, алайда заңдарды әзірлеушілер ретінде мманданған заңгерлерді пайдалану өзінің белгілі артықшылығы бар.
Әдетте көптеген елдерде сәйкестікке тексеру жүйесі құрылған, ол норма шығарушылық процесті әртүрлі кезеңдер барысында қолданысқа енгізіледі. Жалпы тексеру жүйесі екі топқа: біріншіге стратегиялық бағдардың әртүрлі бағыттарын қарау кезінде және таңдаған бағытты жүзеге асырудың басыңда қолданылатын тексеру кіреді. Оған жататыңдар:
1. Жалпы заң тексерулері
2. Әкімшілік талаптарды талдау
3. Шығыстарды және экономикалық ықпал етуді бағалау
4. Пәрменділікті талдау
5. Практикалық қолданысты тексеру 6. Іске асыруын тексеру
Екінші топқа тікелей нормативтік құжаттық жобасына қолданылатын тексерулер жатады:
1. Конституцияға және басқа да нормативтік құжаттарға сәйкетігі
2. ЕО заңнамасымен жақындасу барысында сәйкестікті бағалау
3. Халықаралық шарттарға, оның ішінде адам құқықтарын қорғау туралы нормаларына сәйкестігін тексеру
4. Жүзеге асыруын тексеру
5. Өндірістік заңшығарушылық өкілеттіктерге қатыстылығын тексеру
6. Құжаттық заңдық нысаның, нақтылығын және түсініктілігін сақтауын тексеру.
Жоғарыда көрсетілген сәйкестікті тексеру процестері жүзеге асыру үшін оларды желілік министрліктердің стратегиясына және заңшығарушылық практикасына қосудың дұрыс тетіктерін белгілеу өте маңызды. Бастапқы кезеңде кейде олар өздерінің рөлін және маңыздылығын толық түсіну үшін Үкімет және парламент мүшелері үшін таныстыру брифингісін өткізуі тиімді.
Бұдан басқа, белгілі қызметкерлер тобының сәйкестікті бағалаудың тәсілдерін және рәсімдерін пайдалану бойынша қажетті дағдыны және тәжірибені иеленуді қамтамасыз ету қажет. Содан кейін әрбір тексеру түрлерінің мәніне, осы тексерулерді заңшығарушылық барысында қандай жолмен (қандай жағдайда) және қашан пайдалану керектігіне қатысты нұсқамалық әзірлеуі керек. Ақыр аяғында, тексерулік рәсімдердің мониторингісі, орындалуы мен үйлестірілуіне кім жауапты екендігін нақты белгілеп алу керек.
Заңшығарушылық процесс дегеніміз нормативтік-құқықтық құжаттың мәтінін әзірлеу, оның ішінде міндетті нормативтік қаулылар нысанында бекітілген (немесе әдетте ішінара бекітілген) стратегияда нақтыланады. Бұл процесс әдетте саяси ерікті жазбаша білдіру деп аталады.
Кәсіби білімдері бар жоғары білікті мамандарды норма шығарушылық қаншалықты тартуды талап ететіндігі туралы мәселе даулы мәселе болып табылады. Бірқатар елдерде атап өткендей нормативтік құжаттарды жазумен белгілі бір деңгейде ал кейде тұтастай министрліктің қызметкерлері (заңгер екендігіне қарамастан) айналысады. Бір жағына норма шығарушылық үшін кәсіби білімдері және дағдылары бар мамандар қажет. Осы тұрғыдан келгенде, норма шығарушылыққа осы уақытта басқа бос заңгерлерді, егер олар оқу процесінде немесе заң практикасында пайда болған қажетті дағдыларды иеленбесе, тартуға жол берілмейді.
Кімдер заңдарды жазумен айналысады - кәсіби заңгерлер немесе тиісті мемлекеттік мекемелердің тәжірибелі қызметкерлері ол маңызды емес, маңыздысы біреулерді осы салаларда басқалардан гөрі қабілеттерінің көптігінде. Бұл моментті байқап отыру керек және кәсіптік әзірлеу шеңберінде мұндай қызметкерлірдің қабілеттерін дамыту керек. Бұдан басқа, сәйкестікке бақылаушы тексеруді өткізуге жауаптылар (Үкіметтің немесе Парламенттің қызметкерлері болсын) заңшығарушылықтың маманданған сараптама білімдері және түсіні болуы керек.
Сондықтан норма шығарушылықпен заң қызметі саласы болып табылатын министрліктің (немесе Парламенттің) қызметкерлері айналысуы мүмкін. Бірақ, сондай-ақ заңшығарушылық жұмысқа жекелеген министрліктерді әзірлеген заңнамалық актілердің барлық бірінші жобаларын өткізетін министрлікке немесе орталық Үкіметтік органға бекітілген кәсіби заңгерлерді тартуға болады. Қандай да әдіс таңдалса да, сапалы норма шығарушылық жұмыс тәжірибелі және білікті мемлекеттік қызметшілерді және заңгерлерді талап етеді. Ауыспалы экономикасымен көптеген елдер осы жағдайда белгілі қиындықтармен кездеседі. Мысалы: ірі министрліктерге тұтастай мемлекеттік қызмет және Парламенттің бөлімшелері қажетті дағдымен және әзірлікпен қызметкерлерді таба алмайды. Мұндай мекемелерде маманданған оқыту сирек жүргізіледі, ал өз алдына жаңа келген қызметкерлер үшін және жоғары деңгейлі тәжірибелі заң әзірлеушілер үшін жақсы болар еді. Шындығында қажетті дағдылардың көпшілігі практикамен бірге келеді, алайда ондай әдіс сапалы басшылықтан және ноу-хауды өндіру жөніндегі жұмысты басқарып отырғандардың мүмкіндіктерінен байланысты болады. Жақсы тәжірибе - ең озық мұғалім, бірақ норма шығарушылық әдістемесінің жеткіліксіз практикасына және жеңіл білімдерге негізделген тәжірибе осындай кемшіліктерге дағдылануы және үйренуі мүмкін.
Егер норма шығарушылыққа қажетті дағдымен және тәжірибесі бар қызметкерлер жаппай тартылатын болсы, онда норма шығарушылық жұмысының процесіне барлық қатысушылары бірдей стандарттары және тәжірибені, сондай-ақ жұмыстың бірлескен стилін қолданатын мүмкіндігі өседі. Норма шығарушылыққа сырттан келген консультанттарды тарту жиі қолданылатын әдіс, бірақ ол одан туындаған проблемаларынан ол әдіс екінші орында. Сырттан келген консультанттар Үкімет бағыттаған саяси бағдарды түсінбеуі мүмкін. Олар (әсіресе шетел консультанттары) қолданыстағы заңнамаларды толық және қолданылып жатқан заңнамалық бастамашылықтың жалпы контексінің бағытын білмеуі мүмкін, ол нормативтік құжаттың соңғы нұсқасын әзірлеу процесінде қатысуын қиындатады.
Стратегияны әзірлеу заңшығарушылық жұмыстың басталуына дейін жасалуы керек. Бұл әдіс көп жағдайда заңнамалық құжаттардың жобаларын әзірлеу процесін жасалуына дейін саясаттың және әдістің іргелі мәселелеріне, әсіресе кешендік және қиын реформаларға қатысты ойластырылған жауаптар табуға болады.
Бірқатар елдерде реттеуші директивалар заңшығарушылыққа қатысты ұсыныстарды бекітуге дейін заңнамада қажеттілігі, жаңа заңды қабылдаудың себептері мен оның мақсаттары, көзделіп отырған нәтижелері сияқты мәселелерді, сондай-ақ оны жүзеге асыру және оны күшіне ену барысында пайдаланылатын шығындар мен ресурстарды зерттеу міндетті түрде өткізіледі. Кейінгі талаптар заңжобаларға қатысты өткізілетін арнайы бақылау тексерулерді енгізеді. Мұндай тексерулердің нәтижелері меморандумның түсіндірме жазбасында және Парламентке жіберілетін заңнамалық құжаттық жобасына бірге қосылып ұсынылуы тиіс.
Стратегиялық жоспарлаудың ҚР-да пайда болуы
Стратегиялық жоспарлау - көптеген мемлекеттер, ірі және орта компаниялар соңғы кездері кеңінен қолданып жүрген арнаулы білім (қызмет) саласы. Ол басқаруда ертеден қолданылып келеді, бірақ жиі және ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың жүйесі
Қаржылық жоспарларды басқарудағы қаржы стратегиясының рөлі
Бизнес-жоспардың маңызы мен баптары
Қаржылық жоспарлау және болжамдау
Қазақстан Республикасы өнеркәсібін жоспарлаудың дамуы
Жоспарлау түсінігі, мақсаты және міндеті.
Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау
Менеджмент жүйесін жоспарлаудың мәні мен қажеттілігі
Нарықтық экономика жағдайындағы ұйымның қызметін жоспарлау
Шағын кәсіпорынның жоспарлау қызметін жетілдіру
Пәндер