Католицизм


Католицизм
Католицизм (гр. καθολικός едиясынан алынған мәлімет- жалпыға ортақ, ғаламдық ), католик шіркеуі, католиктер - христиан дініндегі үш тармақтың (православие және протестанттықпен қатар) бірі. Католиктердің діни сенімі православиелік діни сеніммен көп жағынан үндес келгенімен, айтарлықтай айырмашылығы да бар. Католиктік шіркеу басшысы Рим папасы болып табылады.
Оның негізгісі
Православие ағымында киелі рух тек Құдай-Әкеден жіберіледі делінсе, католиктердің сенімі бойынша, киелі рух тек Құдай-Әкеден емес, Құдай-Ұлдан (Иисустан) да жіберіледі. Христиан діндарларының Нике (325) және Константинополь (381) жиындарында христиан дінінің негізгі рәмізі етіліп қабылданған бұл наным христиандар сеніміндегі Құдай-Әке мен Құдай-Ұлды (Иисусты) тең дәрежеге қойды. Бұл теңестіру “филиокве” (“және Ұлдан”) деген терминдік атауға ие болды. “Филиокве” түсінігі алғаш рет христиан діндарларының Толед (589) жиынында ереже ретінде қабылданып, 11 ғасырда христиан шіркеуінің “Шығыс шіркеуі” және “Батыс шіркеуі” болып бөлінуіне себеп болды. 9 ғасырда Рим папасының қарсылығына қарамастан “Қасиетті Рим империясының” императоры Карл (Ұлы Карл) “филиокве” ережесін бүкіл “Батыс шіркеуіне” күштеп ендірді. Содан бері “Батыс шіркеуді” бейнелеуші ресми атау ретінде қалыптасты. “Шығыс шіркеуінің” христиандары “филиокве” ережесін дінбұзарлық іс деп қабылдады. Католиктер мен православие сенімі арасындағы бұл көзқарас қайшылығы осы күнге дейін жалғасуда. Статист. мәліметтер бойынша, қазіргі таңда әлемде шамамен 600 - 850 млн. адам христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Бұл адамзаттың 15%-ы. Латын Америкасы халқының 90%-ы, Солт. Америка халқының 25%-ы, Еуропа халқының 40%-ы, Африка халқының 13%-ы, Азия халқының 2, 5%-ы католиктік сенімді ұстанады.
Глоссарий - Түсіндірме сөздік.
Философия - (грек. сүйемін, даналық, тікелей мағынасы даналықты сүю) - әлемнің, дүниенің, қоғамның және ойлау жүйесінің ортақ заңдылықтары туралы ғылым. Ой дамуы адамзат қоғамының қай кезеңінде де болған. Әсіресе көне Шығыс өркениеттерінде. Бірақ дін мен мифологиядан өзгеше дүниетаным ретінде ол Ежелгі Грекияда қалыптасты.
Болмыс - бүкіл әлемнің тұтастығын, дүние мен адамның бірлігін, тіршіліктің мәнісін білдіретін философиялық категория.
Миф - бұл ұғымға үш түрлі мағына беріледі: 1) көне аңыз, әңгіме; 2) мифошығармашылық (миф тудыру), мифологиялық космогенез. Әлемнің хаостан жаралуы. 3) тарихи - мәдени шартталған айрықша сана күйі., ол - адамзаттың рухани мәдениетінің алғашқы бітімі.
Дін (араб. - сенім, наным, латынша- сенім, құдайшыл, табыну) - дүниетаным не дүниені қабылдау, сондай-ақ Жаратушының барлығына сену негізіне сәйкес өзін - өзі ұстау.
Анимизм (лат. апіта - рух, жан) - заттық дүние құбылыстарының жандылығын білдіретін термин. Бұл терминді ғылыми қолданысқа ағылшын этнографы және мәдени антропологы Э. Б Тайлор (1832- 1917) енгізген. Оның пікірінше А. кейінгі дамыған діндерге апаратын баспалдақ есебінде болады. Табиғи құбылыстар да қасиетті мағынаға ие болады, олардың рухы және иесі бар делінеді.
Фетишизм - (франц. тұмар, қасиетті күш бар зат) - көбінесе алғашқы қауымдық құрылыс, архаикалық мәдениетіне тән жансыз заттарға қасиетті деп табыну. Фетиштер арқылы рухани киелі күштер әрекет етеді, қамқорлық көрсетіп, қорғап қоршайды деген түсінік алғашқы адамзаттың мифологиялық - синкреттік санасына сай туындаған болатын. Ф. ретінде әрбір затты қарастыруға болады, тек ол үшін сол затқа өзіндік күш - қуат берілсе болғаны. Ф. элементтерін бүкіл дүние жүзіндегі мәдениеттерден кездестіруге болады. Тотем (солт - америк. Аджибе тайпасының тілінен аударғанда - тек, ата) - белгілі бір тайпаның немесе этникалық топтың шыққан тегі, арғы атасы деп қарастырылатын өсімдік, жануар, зат немесе табиғат құбылысы. Терминді ғылыми айналымға ағылшын жиџанкезі Дж. Лонг енгізген.
Ведалар (санскр. - білім) - үнді әдебиетінің ең көне (2 ғ. соңы - б. з. д. 1 ғ. басындағы мыңжылдықтар) діни және философиялық мұралары. В. әнұрандар мен құрбандық шалу формулаларынан (Ригведа, Самоведа, Яджурведа, Атохорведа), теологиялық трактаттардан (брахмандар мен упанишадтардан) тұрады. Ежелгі Үндістанның мәдени- әлеуметтік өмірі туралы көптеген деректер ала аламыз. Ведаларда Құдай мен адамның арасындағы үйлесімділіктің маңызы дәріптеледі.
Брахманизм - ежелгі Үндістанда ведашылдықтың негізінде пайда болып, оны алмастырған діни - философиялық жүйе. Б. - абсолютті шындық, мәңгі руханилық, бұл дүниеде одан тысқары ешнәрсе де жоқ, олай болса, бізді қоршаған ортаның мәні де осы. Б. - да о дүниемен салыстырғанда адам өмірінің өткінші екендігі және оның мәнсіздігі туралы идеялар басты орын алған. Адамның о дүниедегі тағдыры оның бұл дүниелік ғұмырындағы адамгершілік іс- әрекеттеріне байланысты. Брахмандарды құрметтеу, күншіл болмау, адамның өзін - өзі ұстай білуі, мейірімді болу, т. б. қасиеттер қоғамның әр мүшесінің өз орнын табуына мүмкіндік беретін басты шарттар болып саналады. Бұл «карма» түсінігінде түйінделген. Карма - дегеніміз әрбір адамның тіршілікте жасаған іс-әрекеттері мен оның салдарының жиынтығы, осы арқылы оның болашақтағы тағдыры анықталады.
Буддизм - ежелгі Үндістанда б. з. б. 6-5 ғғ. пайда болған діни - философиялық ілім. Негізін салушы Сиддхарта Гаутама Шакья Муни, кшатрийлер варнасына жататын ханзада, өмір ләззаттары мен нәсіпқұмарлықтан бас тартып, Буддаға (тура мағ. көзі ашылған, түсінген) айналған. Ол - өзінің көзқарастарын «Бенарес уағыздары» атты еңбегінде жүйелі түрде баяндап берді. Адамдар танымға, білімге бастайтын дұрыс жолға түсулері қажет. Бұл жол- тармақтары көп, сегіз салалы жол. Олар: адал сенім, әділ шешім, шындық сөз, шындық өмір, шыншыл ұмтылыс, шындықпен еске алу және адамның өз бойындағы қасиеттерін үнемі байыту болып табылады. Б. бойынша, өмірдің азаптары жайындағы қасиетті шындық мынадай: өмірге келу - азап, жақсы көрген адамыңнан айрылысу - азап, көздеген мақсатыңа жете алмау - азап. Осы азаптардан құтылудың басты жолы - сегіз салалы қасиетті өмір жолын таңдап алу, жеке өзін азат ету. Карма және жанның қайтадан басқаға ауысуы принциптері бойынша, адам азаптардан о дүниеде де құтыла алмайды. Адамдар төрт қағиданы мүлтіксіз орындауы тиіс: зұлымдықтың алдын алу, зұлымдық пен қатыгездікке жол бермеу, ізгілік пен қайырымдылыққа даңғыл жол ашу, адамгершілік қасиеттерді батыл қолдау. Бұл жағдайда адамдар бақытты нирвана қалпына түсе алады. Нирванада адам карма зандарынан босатылып, өзімен - өзі тұрақты келісімділікке келе алады. Б. Үндістан жерінде қалыптасқанымен, кейін Оңтүстік Азияның көптеген елдерінде басты діни жүйеге айналды.
Дао (қыт. жол) - қытай философиясының ең басты ұғымы. Д- бүкіл әлемнің, әрбір заттың даму заңдылығы, ғарыштық үйлесімділік пен қуаттың жарқын бейнесі. Бір өзі бар абсолютке тең, бүкіл тірліктің негізі, әрбір бастаманың басы. Д. - әрбір қайталанбас сәттің нәрі. Д. Сезім арқылы тануға көнбейді, ол барлық жерде және еш жерде емес, түрсіз және ныспысыз. Заттар әлемі Д. Арқылы жасалып, өмір заңына бағынады, яғни өткінші: барлық заттар ұлы айналымда болады, кейіннен шегіне жетіп, қайтадан өзінің қайнар көзі Д- ға қайтып, содан жаңадан туылады. Авторлығы Лао Цзыға телінетін Дао-Дэ-Цзин (Дао және Дэ туралы кітап) заманынан бері Д. туралы түсініктемелердің өзі бес мың томға жуық болды.
Лао Цзы бойынша, Д. - мәңгілік, негізсіздік, қуыс сынды онтологиялық қасиеттері бар мейлінше кең шынайылық. Бірақ қанша тіл жетпес, түсініктен тыс болса да, ол Дэ арқылы көрінеді. Дэ дегеніміз - ізгілік, әділдік, асыл қуат. Дэ Даоның этикалық көрінісі ретінде адамның қоғаммен, табиғатпен және өз-өзімен қарым- қатынасын табиғи жолмен түзеуге бағытталған. Осы заңдылықтар бойынша, Дао мен Дэ «цзы жэнь» - табиғилық және «у- вэй» - әрекеттенбеу қағидаларын ұстанады. Демек, Д. Ғылыми ілімнен гөрі рәсімге ұқсайды. Бірақ қытайлықтар түсінігінше, Д. Рәсімге де, ырымға да жатпайды. Адамдар ақылгөйліктен бас тартып, әрбір заттың немесе құбылыстың табиғи болмысын таба білуге тиіс.
Индуизм - әлемдегі ең ірі діндердің бірі. И. негізі карма заңына сәйкес жанның істеген ісінің оң не терістігіне сәйкес өлгеннен кейін жаңа түрге айналатындығы туралы ілім. И. діні бойынша, адам өзінің болашақ өмірін белгілі бір кастасы арқылы белгілейді. Әрбір үндіс сол кастаға сай, уағызды қатаң ұстануға тиісті. Осы арқылы о дүниеге барғанда қоғамда жоғарғы дәрежеде болуы мүмкін. И. - де біртекті догма да, әдет- ғұрыптық негіз де шіркеулік ұйым да жоқ. Табыну, культтік ғұрып храмдарда, жергілікті не үй альтарында, қасиетті жерлерде жасалады.
Ригведа - үнді мәдениетінің ең көне діни және әдеби ескерткіші. Ғалымдардың айтуы бойынша, оның жырлары б. з. б 15-6 ғғ. шамасында келген. Егер Веда үндіарийлердің қасиетті білім жинағы болса, Ригведа - жырлар жинағы. Бұл жинаққа сол заман білімінің құдайлар, жын, ғарыш, ритуал, әлеуметтік құрылым, этикалық құндылықтардың бүкіл жиынтығы кірген бірақ Ригведа құдайларды жырлауға арналған мінәжат ескерткіші болғандықтан, оның авторлары тәңірлерді арийлер жағына шақырумен болған. Олардың міндетіне Тәңірлерді мадақтау, олардың батырлығы мен қасиеттілігін жырлау, құрбандық қабылдауға шақыру, арийлер үшін көмек сұрап жалбарыну сияқты көптеген әрекеттер кірген. Бұл арада Құдай мен оған жалбарынушының арасындағы айырбас ахуалы тән. Мифология мен ритуал жағынан Ригведада Авестамен ұқсастық көп.
Сансара (айналып оралу, иірім) - үнді философиясы мен дінінің негізгі концепцияларының бірі. Сансара бойынша тіршіліктің түрлерінің бәрі бір-бірімен тығыз байланысты және бір- біріне айналу мүмкіншілігіне ие. Үнемі өзгеріске ұшырап отыратын әлемде заттардың негізі, мәні ешқашан жойылмайды, тек бір түрден екінші түрге ұдайы өтіп отырады. Сансара концепциясы бойынша, өлім өмірге қарсы қойылған зауал емес, өлім - өмірдің басқа түрлеріне өту жолы.
Синкретизм (біріктіру) - "жігі ашылмаған", біте қайнасқан сөз тіркесінің синонимі болып табылатын бұл ұғым қандай да болсын құбылыстың жетілмеген дамымаған, өзара жіктеле қоймаған бастапқы күйін білдіреді. Бұл ұғым көбінде алғашқы қауымдық немесе архаикалық мәдени кезеңге байланысты көп қолданылады. Өйткені дәл сол мәдени кезеңде мәдениет салаларының жіктелмегендігін байқаймыз. Синкретизмнің мәнін миф, мифологиялық сана өте жақсы анықтайды. Мифтердегі субъект - объектілік қатынастардың жоқтығы, жеке тұлғалық бастаманың көрінбеуі, адамның өзін айналасын қоршаған әлемнен бөліп-жарып қарамауы, т. б. Синкретизм көріністері болып табылады. Архаикалық мәдениеттегі ғылымдардың, өнер түрлері мен наным сенімдердің жіктелінбеген бастапқы біртұтастық күйі архаикалық мәдениеттің синкреттік сипатын танытады. Сондықтан да мәдениет тарихында зерттеушілер алғашқы қоғамдық синкретизм деген үлкен кезеңді айқындайды. Адамзат дамуының бұл сатысында өмір өзінің іріктелмегендігімен, біртұтастығымен бір-бірімен етене тығыс байланыстылығымен сипатталады. Сол мәдени кезеңнің адамдарының дүние танымындағы синкретизм көріністерін алғашқы наным-сенім түрлерінен: фетишизм, анмизм, тотемизм т. б. айқын көруге болады.
Конфуцийшілдік - діни философиялық ілім. Б. з. б. 6ғ Қытайда пайда болған, Конфуцийшілдік негізін қалаушы - Конфуций (Кун - цзы) . Бұл ілімін негізіне сүйенсек, адамдар "бекзат" және "төмен" болып екіге бөлінеді. Конфуцийшілдік ілімі бойынша, ел басы болып, қызметші қызметші болып, әке әке болып, бала бала болып өмір сүруі керек. Кіші үлкенін айтқанын екі етпей тындауы керек, төмен сатыда тұрған өзінен жоғары тұрғанға бағынуы керек.
Ян мен Инь - дәстүрлі қытай мифологиясының џәм философиясының басты космологиялық түсініктері. Ян - аспани дүниеге сілтесе, Инь - жердегі әлем. Бұларды қосарланған болмысы және жұп жазбауы бұкіл әлемдік процестердің, адам өмірінің, таза танымның және есті әрекеттердің мәнісін түсіндіреді. Ян мен Инь дүниені тәртіптеуші күш ретінде көрінеді. Сонымен қатар Инь менен Янге төмендегідей сипаттар тән: әйелдік және еркектік, қараңғы және жарық, суық және жылы, жұмсақ және қатты, нұсқа беруші және нұсқа қабылдаушы, туушы және тудырушы. Бірте бірте бұл сипаттар субстанциялық қағида тудырушы ци ұғымына ауысады. Ян мен Инь - жеңіл аспани және ауыр жер және оның нақты өзгеруін тану арқылы әлемдік болмыстың оқиғалық нұсқасындағы жалпымен қатар жалқыда қабылдау мүмкіндігі туралы ұғым аса маңызды еді. Осы қағидаға Қытайдың ең беделді көне кітабы Ицзин құрылған. Барлық әлемдік даму Ян мен Инь қарым қатынасына туындайтын оқиғалар алмасуынан тұрады. Символикалық түрде Ян тұтас горизонтальды, ал Инь үзік сызық ретінде бейнеленді. Олардың жұптары 64 гексаграмға біріктіріледі. Ян мен Инь байланысты жарық және көлеңке сызықтар арқылы қытайлықтар өзінің қазіргісімен болашағын тануға талпынған. Себебі Ян мен Инь космоспен адамзаттын барлық нүктесіне кірігулі болғандықтан адам денесіндегі белгілі байланысы белгілі әрекетке жетелеп, өмірлік күш - циньге әсерін тигізу арқылы денсаулық пен психологияға ықпал еткен. Дүниетанымның қос нұсқалығы, әлемдік тірлікті қарама қайшы күштердің қарым қатынасы ретінде қабылдауы қытай философиясының ерекшелігін құрап оның саяси әлеуметтік, этикалық және ритуалдық болмысына әсер етеді. Бірақ көріпкелдік мәселесіндегі Ицзинның өте үлкен беделділігі Ян мен Инь ерекше аналитикалық мүмкіндігіне нұсқайды.
Дионис мәдениеті - ежелгі грек мифологиясы бойынша жердің құнарлығы мен мол жемісіне қатысты өсімдіктердің тәңірі болып есептелетін Дионис құрметіне өткізілетін мейрам, соның тарихымен байланысты мәдиниет.
1) Дионис - грек мифологиясы бойынша Зевстың баласы. Крит-микен дәуірінде (б. з. б 8 - 6 ғғ) елдегі демостар. Д. -қа өсімдік тәңірі деп табынған. Класикалық дәуірде Д. аты Дельфада, Аполлонмен қатар Афинада кеңінен жайылды. Д. -тың тағы бір грекше аты Вакх, ал Бахус оның латынша аты. Д. -ң құрметіне өткізілетін мейрам Вакханалия деп аталған.
2) Дионисия - Ежелгі грекияда Дионис құдайдың құрметіне өткізілетін мейрам. Афинада б. з. б. 6 - 4ғғ Д. -ң құрметіне "Ұлы немесе қалалық Дионис" өткізілген, ақындар айтысқан, хор орындалған. Көне дәуір өнерінде Дионис бейнесі мүсінделген көптеген ескерткіштер сақталған. Орта ғасыр кітаптарының иллюстрацияларында Дионис молшылықтың бейнесінде суреттелген. Қайта Өрлеу дәуірінің өнерінде Дионис бейнесінде қуаныш, шаттық бейнеленеді. Дионис мәдениетінің сюжетіне 15ғ А. Дюрер, А. Монтень, Аю Альтдорфер, Х. Бальдунг Грин, Тициан, Д. Романо, П. Да Картона, П. Рубенс, Я. Йорданс, Н. Пуссен өз шығармаларында орын берген. Дионис мәдениеті әсіресе бейнелеу өнерінде, живописьте қарқынды дамыды. Дионис мәдениеті барокко бағытына ерекше көңіл бөлді. Микеланджелоның "Вакх" статуясы, осы тақрыпта 19ғ И. Даннекер, Б Торвальдсен, т. б. үздік шығармалар берді. 19 - 20ғғ Дионис мәдениеті музыка өнерінде көрініс тапты. К. Дербюсси "Дионис". Ж. Массен "Вакх" опрасын жазды. Дионис мәдениеті - әлемдік өнердің барлық жанрына үлкен орнын бар мәдениеттің арналы саласы.
Дуализм (екі жақты) - материалдық және рухани мәдениетті екі қарама - қарсы, бірақ негізі мәдени элементте бір - бірімен тығыз байланыста болады деп қарастыратын ілім, яғни мәдениет дуализмі.
Катарсис (тазару) - адамның рухани жан және тән саулығының үндестігі барлық элементтер мен қуаттың бірлігінде екенін көрсететін ұғым. Катарсис ұғымы көне грек философиясынан алынып, қәзірде эстетикада кеңінен қолданыс тапқан. Көне гректер медициналық тазарту, емдеу арқылы денсаулықтағы бұзылған үндестік қалпына келеді деп таныған. Поэзия мен музыкада да Катарсис өзінің қасиетті әсерімен адамның рухы мен жанын тазартады. Катарсиске тән қасиет музыкада барын Пифагор ілімін дамытушылар айтса, Аристотель трагедия арқылы берілетін үрей мен қайғыдан да әсерлі нәтиже туатыны айтқан. Катарсистің көрінісіне өз еңбектерінде Платон, Әл-Фараби, К. А. Иасауи, Лессинг, Абай, т. б. ұлылар тоқталып өткен.
Космогония (дүние, әлем ғарыш ) - астрономия ғылымының үлкен бір бөлігі, космостық объектілер мен жүйесін зерттейтін арнаулы саласы. Дүниенің пайда болуы туралы көне таным дін мен мифте аныз болып айтылады және оны әлемнен сырт тұрған жаратқан күштің иесі туралы айтылады.
Космос (ғарыш, әлем ) - Ежелгі грек философиясында әлемнің әсем ұйымдасқан жүйе ретінде тұтас бүтіндігін көрсететін термин. Космос қәзіргі таңда әлемді айқындаудың синонимі ретінде қолданылады. Жақын космос жер мен оның кеністігін қарастырса, алыс космос жұлдыздар әлемі мен галактиканы қамтиды.
Құран (дауыстап оқу, жатқа айту) - барлық мұсылмандардың ең басты қасиетті кітабы. Құран 114 сүреден тұрады. Мұхаммедтің 610-632 жж. аралығында Мекке мен Мединеде пайғамбарлық аяндары түрінде айтылан уағыздарының жинағы. Аспаннан Алла тағаланың жіберуімен бірнеше рет түскен аяндар негізінде жазылған. Барлық мұсылмандардың қасиетті кітабы болғандықтан, Құранның мұсылман әлеміндегі орны ерекше. Құранды әлемдік мәдениеттегі ең негізгі кітаптың бірі ретінде адамзат қоғамы мойындап отыр. Логос (ұғым, ой, сана) - көне грек философиясында бәріне ортақ заңдылық, рухани бастау, әлемдік сана, абсолютті идея.
Мид Маргарет (1901-1978) - американ антропологы, есімі архаикалық мәдениеттер формасын зерттеулері және мәдени антрапология саласындағы жұмыстары арқылы белгілі. "Мәдениет пен тұлға" мәселесін 3 бағытта дамытты: балаларды әлеуметтендіру, сексуалдық рөлдердің мәдени мәні, тұлғаның әлеуметтік және мәдени өлшемі мәселелерін зерттеу. Мид зерттеулерін теориялық тұжырымы мынандай: мәдени норма өлшемдерін "Қарабайыр өркениеті" дихотомиясынан бас тартуға дейін релятивтендіру; ғылымды тек әртүрлі, оның ішінде діни де ақиқаттарды тану процесі деп қарайтын неоканттық гносеологиялық үлгі; нақты мәдениеттегі қоғамдық сананың сипаты сол мәдениет үшін маңызды ұғымдармен жиынтығымен анықталады деп танитын философиялық симантика. Мид мәдениет тарихында мәдениеттің 3 түрлі типін ажыратады: баларлары ата-бабаларынан үйренетін посфигуративті; балалар да, үлкендерде оз теңдес, қөатарластарынан үйренетін конфигуртивті; үлкендер өз балаларынанда үйренетін крефигуративті. Мидтің теориялық және мәдениет танушылық зеттеулері оның әлемдік "ниеттестік мәдениеті" утопиялық жобасын қалыптастыарды. Ең алдымен адамзаттың симатикалық тұтастығы жасалуы, яғни жазудың универсалды жүйесі жасалуы, содан соң бір тіл жасалып шығарылуы керек. Жаңа мәдениетте бірге күн кешудің, өмір сүрудің өлшемі отбасына үлкен, бірақ рулық қауымдастықтан өмір сүруін алқалы жиыншылдық, ұжымшылдық пен жеке адамдық либералды құндылықтардың үйлесімі қамтамасыз етуі керек.
Политеизм (көп құдай) - көп құдайшылдық, пұтшылдық, көптеген құдайларға табыну. Политеизм архаикалық қоғамдарда рухтарға, перілерге табыну негізінде пайда болды. Политеизмде тылсым дүние құдайлардың иерархиясы ретінде көрініс табады. Әрбір құдайдың жеке билігі, өз атауы, кескін-келбеті бар. Олар қоғам мен табиғаттың белгілі бір саласына үстемдік етеді. Пантеонның басында жоғары Құдай немесе бірнеше құдайлар тұрады. Политеизм басқа халықтардың құдайларын танудан бас тартайды. Политеизм ритуалында храмдар маңына топтасқан абыздар рөл атқарады. Ежелгі түркілерде мысырлықтардың, гректердің, римдіктердің сол сияқты Үнді мен Жапонияның діндері осындай сипатта.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz