Ибн Туфейль


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Ибн Туфейль

Андалусия философиялық мектебінің келесі бір тұласы ибн Туфейль (ө. 1185 ж. ) философ болумен қатар атақты дәрігер және құқықшы болды. Ол атақты философ ибн Рушдты муаххидтер халифасы Әбу Яқуб Юсуф бин Абдулмуминге тапсырған адам.

Философия туралы көзқарасы. Ибн Туфейльдің философиясы туралы мәліметті оның «Хай бин Язкан» атты шығармасынан ғана тани аламыз. Осы еңбегінде ибн Туфейль әл-Фарабиді, ибн Бажжаны және аздап ибн Синаны сынға алады да өзінің шығыс даналығы философиясын ұсынады. Әңгіме-хикая сипатындағы шығармада дін мен философия байланысын және адамның бақытқа қалай жетуіне болатынын тартысқа салады.

Ибн Туфейльдің пікірі бойынша шығыс даналығы теориялық ақылды қолданумен ғана шектелмейді. Ақылды қолдану және зерттеу ең жоғарғы кемелдікке жетуге жеткілікті бола алмайды. Адам сезім әлеміндегі рухани тәжірибелерді де естен шығармаған жөн. Мұнда мушахаданың, зауқтың, тыныштықтың және рухани тәжірибенің маңызы зор. Ибн Туфейль ақиқатқа және бақытқа қол жеткізуде сопылық жол өкілдерінің екпін берген негізін алға тартады. Осы мәселеде әл-Ғаззали үлкен үлгі бола алады. Оның пікірі бойынша әл-Ғаззали мущахада мен тыныштық халдерін басынан өткеріп, ең жоғарғы бақыт шыңын бағындырған және қасиетті мәртебелерге қол жеткізген.

Философ ретінде Ибн Туфейльдің өз тұрмыс-тіршілігін назарға алар болсақ, философиялық зерттеу әдісін кашф пен мушахада жолымен жүзеге асырғандығын байқауға болады. Ақиқат жолына сапарға шыққан адам теориялық зерттеу нәтижелерін рухани халдерді басынан өткере отырып қуаттандыруы тиіс. Рухани өмір және индивидтің өз рухани тәжірибелері басты мәселе болып табылады.

Таным түсінігі . Хай - елсіз-жұртсыз бір аралда өмірге келген адамның аты. Ибн Туфейль Хайдың аралдағы өмірінің басталуымен байланысты екі түрлі теорияны алға тартады. Оның біріншісі - Хайдың жанындағы бір аралдан келуі, екінші теория - Хайдың тропикалық аймақтағы топырақтың иленуінен және дем берілуінен жан бітуі. Хайдың аралда дүниеге келуінен кейінгі кезеңіне шолу жасалғанда оның сезім мүшелерімен бақылау, тәжірибеге асыру, табиғатқа еліктеу, жекелеген салыстырмалар жасау арқылы ақылын қолданып өмір сүргендігі және тұрмыс-тіршілігін жақсартқандығы байқалады. Басқаша айтар болсақ, Хай таным қабілеттері деңгейлерімен мәдімет алады және өзінің тіршілік алаңын қалыптастырады. Осы процестерде әлемнің ақиқаты баяу, бірақ үзіліссіз таныла түседі. Хайдың бір нәрсеген деген қажеттілігі туындаса, практикалық ақылын туындататын құралдар мен техникалар ойлап табады. Осылай өмір тіршілігін одан ары жалғастырған Хай болмыстың мәнін анықтауға тырысады. Ақылымен ойлану арқылы ол табиғатты, әлемдегі тұтастықты, мақсаттылықты, тәртіпті және даналықты аңғарады. Ибн Туфейльдің ұсы тұста ұсынған әлем көрінісі аристотельшілдік схемамен органикалық. Яғни, ибн Туфейль әлемді үлкен жанды болмыс ретінде қарастырады. Нәтижесінде Хай табиғаттың мәнін зерделей келе жаратушыны тануға тырысады. Тюн Туфейльдің пікірі бойынша тап-таза адам ақылы метафизикалық әлем жайлы танымға қол жеткізеді. Хай әлемді толықтай органикалық тұтастық ретінде қарастырғанда оның бір жаратушыға мұқтаж екендігін аңғарады. Одан соң әлемдегі тәртіптің екі немесе одан да көп басқарушымен болуы мүмкін емес екендігін ұғып, құдайды бір деп түйеді.

Табиғаттағы болмыстардың пайда болу және жоғалу заңдылығына бағынатынын және бар болуы жағынанр басқа болмыстарға мұқтаж екендігін байқаған Хай жаратушының мұндай заңдылыққа бағынбайтынын ұғады. Құдай басқа болмыстарға мұқтаж болмауы тиіс. Оның бар болуына басқа себеп те жоқ. Ол міндетті болмыс болса керек. Хай құдайды кемел және кемшіліктен пәк екендігін де аңғарады. Хай құдайдың кемшіліктер мен нұқсандықтардан пәк екендігін аңғарады да оны оның кемелдігі мен ұлылығы ілім, құдірет және хикмет иесі екендігін дәлелдейді деп біледі. Ибн Туфейль әлемнің пайда болуын әл-Фапрабидің жмонациялық теориясымен түсіндіреді. Хай өлім, о дүние және о дүниенің мәні жайлы қорытындылар да шығарады. Хикаяда Хай көрші аралдан келген Абсалмен танысады. Осы таныстықпен қатар ибн Туфейль дін мен философиясы байланысына анализ жасайды.

Дін философиясы . Хай бин Язкан атты хикаяның соңғы бөлімінде дін философиясына талдаулар жасалынған. Осы талдауда негізгі философиялық ақиқаттар мен шынайы діннің мойындайтын ақиқаттары арасына салыстырма жасалады және осы ақиқаттардың рационалдық, мистикалық және әлеуметтік меңгеру типтеріне қорытындылар жасалады.

Әңгімеде Хай аралға кейіннен келген Абсалмен танысады. Абсал діни білім алған және діннің терең мәндеріне жанжақты ой жүгірткен адам болып табылады. Абсал діни ілімнің тек сыртқы мәнімен ғана шектелмей, ішкі мағынасына да зерттеу жасаған болатын. Хикаядағы Саламан болса Абсалдың досы және діндесі болатын. Бірақ, Саламан діннің тек сыртқы мәнімен ғана шектелген тақуа, діндар адам болды. Саламан діннің сыртқы мәніне ғана көңіл бөлетін көпшілікті білдіреді. Демек Абсал мен Саламан кейіпкерлері дінді түрліше түсіндіру және қолдану типтерін көрсетеді. Осы кейіпкерлер арқылы уахиге негізделген ақиқат діннің адамдарды индивидтік және қоғамдық тұрғыда о дүние бақытына алып баратынын анық ортаға қояды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ибн Туфейлдің өмірі мен творчествосы
Қос ақиқат мәселесі
Ортағасырлық Ислам философиясы
Х-ХҮІ ғасырлардағы Шығыс ғұламалары және ислам әлемі
Араб тілі философия мен ғылым
Мұсылман философиясы
Орта ғасырлар философиясы
Ортағасырлық мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Ибн Синаның философиялық мұрасы
Әл-Фараби мұраларының алғаш зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz