Айналым қорлары



Жоспар

1 Айналым қорлары
1.1 Айналым қорының құрылымы
1.2 Айналымдылық коэффициенті
1.3 Есептеулер
1.4 Алып.сату келісім шарты

2 Сатудағы тауарлардың және ұсыныстардың келісім шарттарының түрлері
2.1 Вербалды шарттар
2.2 Косенсуалды шарттар
2.3 Косенсуалды шарттар
2.4 Ссуда шарты
2.5 Сақтау шарты
2.6 Жария шарт
2.7 Несие беру келісім шарты

3 Кәсіпкерлік қызымет шарттары

4.1 Кәсіпкерлік қызымет объектісі
4.2 Кәсіпкерлік капитал
4.3 Кәсіпкерлік қызмет табыстылығы

5 Кәсіпорынның нарықтық белсенділігін талдау

6 Ынтымақтастық серіктестіктің негізгі бағыттары
6.1 Толық жауапкершілікті серіктестік.
6.2 Жауапкершілігі шектелген серіктестік
6.3 Жауапкершілігі аралас (командиттік) серіктестікте
6.4 Акционерлік қоғам
Айналым қорының құрылымы
Айналым қорлары – бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі. Әдетте, өзінің табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады. Негізгі қорларды айналым қорларымен жиі шатастырады, бірақ олардың арасында айырмашылық бар. Негізгі қор компанияның активтері түрінде болса, айнымалы қор өндіріс кезіндегі өнімнің құны болып табылады.
Айналым қорлары 2 бөлімнен тұрады:
– өндірістік айналым қорлары;
– айналыс қорлары (фонды обращения).
Өндірістік айналым қорлары өнеркәсіптегі айналым қорларының ең негізгі бөлігі болып табылады. Олар барлық айналым қорларының өнеркәсіпте 70%, машина өндіру мен металл өңдеуде 80% аса бөлігін құрайды. Өндірістік айналым қорлары мынадай топтарға бөлінеді:
– өндіріс қалдықтары (запастар). Оларға шикізат, негізгі материалдардың, отынның қосалқы бөлшектердің қалдығы (запастар), бағасы 100 теңгеден кем құнсызданғыш жөне тозғыш заттар, арнайы құрал-саймандар жатады;
– аяқталмаған өндіріс. Оның ішінде өз ішінде шығарылған жартылай дайын өнімдер;
– болашақ кезеңдердің шыгындары – жаңа өнімдерді әзірлеуге және игеруге кеткен шығындар.
Айналыс қорларының кұрамына дайын өнім, жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар, банк мекемелеріндегі шот есептеріндегі, кассалардағы ақша қорлары, бітпеген есептесулердегі ақша құралдары және қосылған құнға салық (НДС) жатады.
Айналым қаражаттары 2 түрге бөлінеді
1) Меншікті айналым қаражат – кәсіпорындардың, бірлес-тіктердің, ұйымдардың ресурстар жөніндегі тұрақты ең аз қажеттерді қамтамасыз ету үшін бекітілген нормативтерге сәйкес өздерінің тиесілі айналым қаражатының бір бөлігі.
2) Қарызга берілген айналым қаражаты – кәсіпорындардың, бірлестіктердің және ұйымдардың айналым қаражатының қысқа мерзімді банк несиесі және айналымға тартылған қаржы есебінен құралған

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
1 Айналым қорлары
1.1 Айналым қорының құрылымы
1.2 Айналымдылық коэффициенті
1.3 Есептеулер
1.4 Алып-сату келісім шарты
2 Сатудағы тауарлардың және ұсыныстардың келісім шарттарының түрлері
2.1 Вербалды шарттар
2.2 Косенсуалды шарттар
2.3 Косенсуалды шарттар
2.4 Ссуда шарты
2.5 Сақтау шарты
2.6 Жария шарт
2.7 Несие беру келісім шарты
3 Кәсіпкерлік қызымет шарттары
4.1 Кәсіпкерлік қызымет объектісі
4.2 Кәсіпкерлік капитал
4.3 Кәсіпкерлік қызмет табыстылығы
5 Кәсіпорынның нарықтық белсенділігін талдау
6 Ынтымақтастық серіктестіктің негізгі бағыттары
6.1 Толық жауапкершілікті серіктестік.
6.2 Жауапкершілігі шектелген серіктестік
6.3 Жауапкершілігі аралас (командиттік) серіктестікте
6.4 Акционерлік қоғам

1 Айналым қорлары

1.1 Айналым қорының құрылымы
Айналым қорлары – бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың
өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің
құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі. Әдетте, өзінің табиғи
нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.
Негізгі қорларды айналым қорларымен жиі шатастырады, бірақ олардың арасында
айырмашылық бар. Негізгі қор компанияның активтері түрінде болса, айнымалы
қор өндіріс кезіндегі өнімнің құны болып табылады.
Айналым қорлары 2 бөлімнен тұрады:
– өндірістік айналым қорлары;
– айналыс қорлары (фонды обращения).
Өндірістік айналым қорлары өнеркәсіптегі айналым қорларының ең негізгі
бөлігі болып табылады. Олар барлық айналым қорларының өнеркәсіпте 70%,
машина өндіру мен металл өңдеуде 80% аса бөлігін құрайды. Өндірістік
айналым қорлары мынадай топтарға бөлінеді:
– өндіріс қалдықтары (запастар). Оларға шикізат, негізгі
материалдардың, отынның қосалқы бөлшектердің қалдығы (запастар), бағасы 100
теңгеден кем құнсызданғыш жөне тозғыш заттар, арнайы құрал-саймандар
жатады;
– аяқталмаған өндіріс. Оның ішінде өз ішінде шығарылған
жартылай дайын өнімдер;
– болашақ кезеңдердің шыгындары – жаңа өнімдерді әзірлеуге және
игеруге кеткен шығындар.
Айналыс қорларының кұрамына дайын өнім, жөнелтілген, бірақ ақысы
төленбеген тауарлар, банк мекемелеріндегі шот есептеріндегі, кассалардағы
ақша қорлары, бітпеген есептесулердегі ақша құралдары және қосылған құнға
салық (НДС) жатады.
Айналым қаражаттары 2 түрге бөлінеді
1) Меншікті айналым қаражат – кәсіпорындардың, бірлес-тіктердің,
ұйымдардың ресурстар жөніндегі тұрақты ең аз қажеттерді қамтамасыз ету үшін
бекітілген нормативтерге сәйкес өздерінің тиесілі айналым қаражатының бір
бөлігі.
2) Қарызга берілген айналым қаражаты – кәсіпорындардың,
бірлестіктердің және ұйымдардың айналым қаражатының қысқа мерзімді банк
несиесі және айналымға тартылған қаржы есебінен құралған бөлігі

1.2 Айналымдылық коэффициенті

Айналымдылық коэффициенті – сатылған өнімнің көлемінің (СӨК) айналым
қаражаттарының орташа қалдығына (АҚОҚ) қатынасы:
Ка = СӨК АҚОҚ,
ал ОҚ = ТА – АК
мұндағы ТА – барлық тауарды сатқаннан түскен ақша (салықпен қоса),
АК – айналым капиталы
Айналымдылық коэффициенті тікелей пайданы сипаттайды, яғни айналым
қаржысының тиімді пайдалануын сипаттайтын экономикалық көрсеткіш. Оның тағы
да бір көрсеткіші – айналым жылдамдығы.
Айналым қорларының айналымын жылдамдату кәсіпорының негізгі мақсаты
болып табылады және оның мынадай жолдары бар:
– ғылыми-техникалық прогрестің соңғы нәтижелерін қолдану;
– өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру формаларын жетілдіру;
– арзан конструкциялық материалды қолдану;
– шикізат, отын-энергетика ресурстарын үнемді қолдану және т.б.

1.3 Есептеулер
Өндіріс циклі 3 ай. Өндіріс процесін қамтамасыз ету мақсатында
шикізат, материал және жартылай фабрикаттарды сатып алу үшін 300 мың теңге,
жанармай мен энергияға 100 мың теңге аванспен бөлінді. Ай сайынғы кіріс 200
мың теңгені құрайды. Жоспарланған өнім көлемі (ЖӨК) 200 мың тонна. Барлық
тауарды сатқандағы түскен ақша (ТА) 3 млн теңге.
Табу керек:
1) айналым капиталының 1 жыл ішіндегі айналым санын есептеңіз;
2) айналым капиталының (АК) мөлшерін;
3) айналымдылық коэффициентін.
Шешуі:
1) 12 ай 3 ай = 4 ай
2) 1 циклдегі айналым капиталының мөлшерін анықтаймыз:
100 000 + 300 000 + 200 000 = 600 000 теңге
1 жылдағы айналым капиталының мөлшерін анықтаймыз:
600 000 * 4 = 2 400 000 теңге
3) алдымен айналым қаражаттарының орташа қалдығын (ОҚ) анықтаймыз:
ОҚ = ТА – АК = 3 000 000 – 2 400 000 = 600 000
Айналымдылық коэффициенті:
Ка = ЖӨК ОҚ = 200 000 600 000 = 0,33 = 33%

2 Алып-сату келісім шарты

Алып-сату келісім шарты азаматтық-құқықтық келісім шарт болып
табылады. Келісім шарттың бұл түрі өте көп таралған. Оның мазмұны болып
тауар қозғалысы саналады. Өз ерекшеліктеріне байланысты алып-сату келісім
шарты тауар айналымын қамтамасыз етудің белгілі түрі болып саналады. Бұл
келісім шартты азаматтар 6-жастан бастап жасауға құқылы.
Бұл келісім нақты уақытта сатушы қолында бар немесе болашақта
өндірілетін сауда-саттық тауарын алу не сату мақсатында жасалуы мүмкін.
Егер келісімшартта тауардың аты мен мөлшері көрсетілген болса, онда алып-
сату келісім шарты келісілген болып табылады.
Келісім шартта тауарға толық сипаттама беріледі. Сонымен қатар, мұнда
қатысуша жақтардың құқықтары мен міндеттері көрсетіледі. Соңында, тауарды
сатып алушы мен сатушы туралы қысқаша ақпарат (мекен-жайы, телефон)
жазылып, қолдары қойылады. Құжат үшінші жақ, яғни нотариуспен бекітіледі.
Сатушы келісім шартта көрсетілген тауарды алушыға жібереді. Алып-сату
келісім шарты бойынша тауарды сатып алушыға жеткізу сатушының міндеті болып
табылады.
Таурды келісім бойынша белгілі бір орнатылған уақыт мерзімінде белгілі
бір жерге жеткізеді. Бұл уақыт келісім шартта көрсетілуі тиіс. Егер мерзім
көрсетілмесе, ҚР АҚ 314 бабына сәйкес белгілі бір уақытта жіберіледі.
Алып-сату келісім шартының жабдықтау, бөлшек сауда-саттық (сатушы
тұтынушының тек материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырады, яғни
кәсіпкерлерге сатылмайды), энергиямен қамтамасыз ету, контрактация (тауарды
нарыққа шығарушы кәсіпорын мен тауарды өндіруші арасындағы келісім шарт),
жылжымайтын мүлік саудасы, бағалы қағаздар саудасы, мүліктік құқықтарды
сату келісім шарты сияқты түрлері бар.

3 Сатудағы тауарлардың және ұсыныстардың келісім шарттарының түрлері

Келісім шарт – жеке және заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен
міндеттерін белгілеуді, өзгертуді және тоқтатуды реттейтін, нотариалды
түрде куәландырылатын ресми құжат. Келісім шарттың жазбаша түрде
жасалынатын мәмілесінің мазмұны толық көрсетіледі, екі жақ (тараптар)
немесе тараптардың өкілеттігі берілген адамдар қол қояды, мәтінді нотариус
бекітеді. Шарт мынадай жағдайларда жасалады:
1. Жылжымайтын мүлік жөніндегі келісім шарттар:
а) тұрғын үйді алып-сату туралы;
ә) тұрғын үйді сыйға беру туралы;
б) тұрғын үйді ауыстыру туралы.
2. Жер учаскелері туралы келісім шарттар:
а) жер учаскесін сыйға беру туралы;
ә) жер учаскесін ауыстыру туралы;
б) жер учаскесін алып-сату туралы.
3. Көлік құралдары жөніндегі келісім шарттар:
а) автомашинаны алып-сату жөніндегі;
ә) автомашинаны залогқа беру жөніндегі;
б) автомашинаны сыйға беру жөніндегі.
4. Ақша қаражатын заемға алу және беру жөніндегі келісім
шарттар:
а) процент төлеу арқылы ақша алу туралы;
ә) айып төлеу арқылы ақша алу туралы.
Шарттар жеке міндеттемелер түрлеріне байланысты мынадай түрлерге
бөліеді:

3.1 Вербалды шарттар

Вербальді келісім ол міндеттемені сөз арқылы бекітетін, яғни белгілі
фразалар мен формулаларды айту арқылы жасалатын шарт. Ауызша шарттардың
негізгісі стипуляция шарты. Стипуляция тек бір жақты міндеттемені
туындатады, яғни бір тараптың тек құқығы ал екінші тараптың тек міндеттері
болады. Стипуляция бойынша несие беруші борышкерден тек қарыз сомасын талап
ете алды, ал пайызды немесе шығын сомасын талап ете алмады. Стипуляция
абстрактілі яғни негізі түсініксіз шарт болады. Стипуляция несие берушіге
немесе борышкерге басқа да тұлғалардың, өз алдына, несие беруші немесе
борышкер немесе қосымша борышкердің қосылуына жол береді. Егер екі немесе
одан да көп несие беруші борышкерге бірдей сұрақ қойса, ол ортақ жауап
қайтарады. Классикалық кезеңде стипуляциядан пайда болатын міндеттеме
тоқтатылды тек сұрақ және жауап нысанындағы символикалық орындау арқылы.
Классикалық кезеңнен кейін стипуляция жазбаша құжат болады, яғни оны
құрастыру міндеттеменің пайда болуы үшін мәнді. Стипуляцияға қажетті талап
болып шартты жасау кезінде тараптардың қатысуы болып қала берді. Қазіргі
кезде мұндай шарттар сирек кездеседі.

3.2 Косенсуалды шарттар

Консенсуалды шарттың бір түрі болып табылатын сатып алу-сату шарты
бойынша сатушы тауарды сатып алушының меншігіне беруге міндеттенеді, ал
сатып алушы тауарды қабылдап алып сатушыға бекітілген ақшаны төлуеге
міндеттенеді. Сатып алу-сату шартының негізгі шаруашылық мақсаты – сатып
алушының өзінің шаруашылығына қажетті тауарын алуы. Сатып алу-сату
нәтижесінде шаруашылық пайданы екі тарап та алады, сондықтан бұл екіжақты
шарт және де екі тараптың қарама қарсы талаптары болады. Сатып алу-сату
шартының мәнді талабы, шарттың пәні мен бағасы.
Егер мәміле бойынша сатып алу-сату қатысушылары арасындағы дауды сотқа
дейінгі талаптық тәртіпте шешу мүмкін болмаса, аталған дау міндетті түрде
сауда-саттық қатысушыларымен (биржалық) арбитраж қарауына қалдырылады.
Шарт, оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және анықталмаған
мерзімде әрекет етеді. Тараптың әр қайсысы шартты бір жақты тәртіпте, 5
күннен кеш емес мерзімде жазбаша түрде, ол туралы екінші тарапқа хабарлай
отырып тоқтата алады, бұндай жағдайда осыған байланысты екінші тараптың
зардабы толықтыруға жатпайды.
Шарттың тоқтатылу себептері:
• Тараптардың жазбаша өзара келісімі негізінде;
• Сауда-саттық қатысушысының лицензияның (егер Заңнамамен мұндай
лицензияның болуы талап етілсе) тоқтатылуы немесе қайтарылып алуы;
• Шарт бойынша тарап болып табылатын заңды тұлғаның таратылуы (бұл
жағдай, аталған заңды тұлға, екінші тарапқа таратылу туралы құжаттарды
берген сәттен күшіне бастап енеді).
Шарт бірдей заңи күші бар екі данада жасалады және әр тарапқа бір
данадан беріледі.

3.3 Қарыз шарты

Қарыз шарты – қарыз беруші қарыз алушының меншігіне топтық
белгілерімен анықталған затты немесе ақшаны беруі туралы, ал қарыз алушының
мерзімі жеткен кезде сондай затты немесе ақшаны қайтару туралы нақты шарт.
Қарыз шартының мәні бір тараптың екінші тарапқа затты меншігіне беруі.
Қарыз – ол біржақты ақысыз міндеттеме деп саналады. Валютаны кездейсоқ жою
қаупі жалпы ереже бойынша борышкерге оның кінәсінің нысанына қарамастан
жүктеледі.
Қарыз шартын сипаттайтын белгілер:
- ол нақты шарт болып табылады;
- заттар меншік құқығына беріледі;
- алушы тұлға тура сондай затты қайтаруға міндетті;
- заттың кездейсоқ жойылу қауіпі алушы тұлғаға жүктеледі;
- міндеттеме бір жақты болады.

3.4 Ссуда шарты

Ссуда шарты (commodatum) бойынша бір тарап (ссуда беруші) екінші
тарапқа (ссуда алушыға) жеке анықталған затты ақысыз уақытша пайдалануға
береді, ал екінші тарап пайдалану мерзімі аяқталған кезде сол затты
сақталған күйде және тұтастай қайтаруға міндеттенеді. Шарт субъектілері
коммодант және коммодотарий. Берілген затқа меншік құқығы комодантта
сақталады ал екінші тарап тек ұстаушы болады, ол мүлікті ақысыз пайдаланады
және оны меншік иесіне қайтарады.
Ссуда шартының бегілері:
- нақты шарт, яғни мүлік табыс етілгенде міндеттеме пайда болады;
- шарт пәні тек жеке белгілерімен анықталған заттар болады;
- заттар меншік құқығына емес уақытша пайдалануға беріледі;
- ссуда ақысыз шарт болады;
- мүліктің кездйсоқ жойылу қаупі ссуда берушіде болады.

3.5 Сақтау шарты

Сақтау шарты бойынша сақтаушы сақтауға берілген жеке белгілерімен
анықталған затты сақтауға қабыладап алуға және сақтау мерзімі жеткен кезде
затты сақталу күйінде қайтаруға міндетті болатын нақтылы контракт. Сактаушы
заттың сақталуын шартта көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін қамтамасыз
етуге міндеттенеді. Сақтаушы қасақана және қатан салақтық үшін ғана жауап
береді. Егерде сақтаушы сақтауға берген тұлғаның келісімінсіз затты
пайдаланса, кейінгі тұлға тікелей сақтау бойынша талап қоя алады. Сақтауға
беруші өз затының сақтаушыға зиян келтірмеуін қамтамасыз етуге және заттың
құрылымы туралы ескертуге міндетті болады. Ерекше ережеде сақтауды үш түрі
белгіленеді: қажетті сақтау; иррегулярлық сақтау; секвестор.

3.6 Жария шарт

Коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметінің сипатына қарай оған
өтінішпен келетін әркімге қатысты тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе
қызмет көрсету жөніндегі оның міндеттемелерін белгілейтін шартты жария шарт
деп атайды. Бұл шарт, негізінен байланыс қызметін көрсету, энергиямен
қамтамасыз ету, медицина, мейманхана, банк қызметін көрсету, көпшілік
пайдаланатын көлікпен тасымалдау, т.б. салаларда қолданылады.

3.7 Несие беру келісім шарты

Несие беру келісім шарты бекітілгенге дейін банк қарыз алушының несие
қайтару қабілеттілігін мұқият талдауға, қарыздың (ссуданың) өтелмеуіне әсер
ететін факторларын; қарыз алушының атағын, бұрын алынған ссудасын уақытында
өтеуі (соның ішінде басқа банктерден де), басқа міндеттемелерге қатынасын,
қарыз алушының экономикалық және қаражаттық жағдайын, балансы бойынша төлем
қабілеттілігін және несиені пайдалану тиімділігін және т.б. мүмкіндігін
зерттеуге міндетті.
Қарыз беруші банк қарыз алушыдан негізгі қарызын да, оған төленетін
пайызын да өндіріп алуға және оларда кепілдік мүліктерін талап етуге құқығы
бар. Тауарлы-материалдық құндылықтарды, өнімдерді және басқа да кепілдік
салуға болатын мүліктерін ұсынған жағдайда банк несие береді.
Қарыз алушының мүлкіне банк олардың арасында жасалған келісім шарт
бұзылған жағдайда ғана иелік ете алады. Сондай-ақ, кепілге алу міндеттемесі
қарыз алушы төлеуге қабілетсіз және банкротқа ұшыраған кезде, кепілге
салынған мүлікті өткізуден түскен түсімді несиені өтеуге жатқызылады.
Кепілге салу жөніндегі келісім тұрғын үйді кепілге салуды қоспағанда,
нотариалдық куәліксіз жазбаша түрде жасалады. Қарыз алушыға тиесілі тауарлы-
материалдық құндылықтарды немесе шығарылуына қарай дайын өнімді кепілге
салу кепілге салудың бір түрі болып табылады. Кепілге салуға ақшалай
бағаланатын мүліктер, соның ішінде бағалы қағаздар да ұсынылуы мүмкін.
Кепілге салынған құндылықтар әдетте қарыз алушының иелігінде қалады, қарыз
алушы кепілге салынған тауарлы-материалдық құндылықтарды басқа
құндылықтарға ауыстырған жағдайда сатуға немесе өз өндірісінде қайта
өңдеуге құқылы. Кепілге салынған бағалы қағаздар несие келісіміне қол
қойылғаннан кейін, банкке сақталуға беріледі және несие толық өтеліп ол
бойынша пайыз төленгеннен кейін қарыз алушыға қайтарылады. Борышкер кепілге
салумен қамтамасыз етілген міндеттемесін орындамаған жағдайда Кепілге
салынған мүліктің құнынан банктің талабын қанағаттандырі соттың шешімі
бойынша жүзеге асырылады. Банк мүлікті кепілге салуға қабылдаған кезде,
әсіресе, кепілге салынған мүлікті сақтау кезінде оның толық сақталуы
қамтамасыз етілмеген жағдайда, қарыз алушының есебінен оның толық сақталуын
талап етуге құқылы. Кепілге салынған мүлік жойылған жағдайда, егер ол
сақтандырылған болса, банк талабын сақтандыру өтемінен қанағаттандырудың
айрықша құқығын пайдалана алады. Банк шартта белгіленген тәртіпке сай,
қарыз алушының кепілге салған мүлігінің құнына несиенің сомасын өндіріп
алуға құқылы.
Кепілдеме негізінен жазбаша түрде ұсынылады және ол несиені пайызымен
бірге өтеудің міндеттемесі болып табылады. Қарызданушы кепілдеме хатын
өзінің шоты тұрған жердегі банк мекемесіне ұсынады. Бұл жерде қарыз да,
оның проценті де толығымен өтелгенге дейін сақталады. Қарызданушы банкісіне
кепілші-банктің кепілдеме қабылдағаны жөнінде (яғни, банк мөрімен
бекітілген кепілші-банктің басшысы мен бас бухгалтерінің қолы қойылған)
белгісі бар көшірме ұсынылады. Кепілдеме қарыз берілгенге дейін беріледі.
Ол қарыз бойынша төлемді кейінге қалдыруы жөнінде банкке барған қарыз
алушыдан да талап етілуі мүмкін. Толтырылған кепілдеме хаты төменде
келтірілген.
Кепілшінің шотынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік айналым қорлары
Ақша қорлары ның элементтері
Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы айналым капиталы
Кәсіпорындағы неізгі өндірістік қорлары
Кәсіпорындағы айналым капиталдарының тиімділігін арттыру
Айналыс қорлары
Кәсіпорынның айналым қоры
ААҚ «Тұк казхром» кәсіпорынның экономикалық қызметін талдау
Кәсіпорынның айналым капиталын жетілдіру жолдары
Кәсіпорынның ақшалай қаражаттар айналысын басқарудың теориялық негіздері
Пәндер