Түркі халықтарының философиясына жалпы түсініктеме



Қараханидттер дәуіріндегі мәдени қоғамдық жағдайдың өзгеруі түркі халықтарының арасынан ағартушы ғалымдарды, ойшыл ақындарды шығарды. Жауһари, Фараби, ибн-Сина, Бирни секілді ойшыл ғұламалардың сан-саналы еңбектері Орта Азиялық Қайта өрлеу дәуірінің асыл маржандары болып саналатын Махмұт Қашқаридың “Түркі тілдерінің сөздігі”, Жүсіп Баласағұнның “Құтты білігі”, Ахмет Игүнекидің “Шындық” сыйы”, Ахмет Иассауидың “Диуани хикметі” сияқты жәдігерліктердің пайда болуына белгілі бір дәрежеде ықпал етті. Араб-парсылармен қатар түркі халықтарының өкілдері де Шығыс мәдениетінің өркендеуіне өз үлестерін қосты.
Өткен замандардың әйгілі мәдени ескерткіштері адамзаттың рухани дүниесінің түзілген мөлдір қабатына жатады. Қазіргі дәуірде адамзат қауымы жылдар бойы жинақтаған тәжірибені мүмкіндігінше толық игеруге ұмтылып, оны бөлшектеуге, қиратуға бағытталған күштерге қарсы күрес жүргізуде.кезінде біздің ата-бабаларымыз да біз секілді “Бақыт деген не?”, “Адамгершілік, адалдық, әділдік, даналық деген не?” деген мәңгілік сұрауларға жауап іздеген болатын. Солардың бірі “Құтты білік” поемасының авторы Жүсіп Баласағұн еді.
Жүсіп Баласағұн XI ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі бүкіл Шығыс елдеріне мәлім данышпан ойшыл, философ, энциклопедист ғалым, белгілі қоғам қайраткері. Ол – философия, табиғаттану, математика, астрономия, тарих, араб-парсы тіл білімі, т. б. Ғылым салаларын жетік меңгерген ғұлама ғалым. Оның есімін әлемге танытқан “Құтты білік” кітабы – сол замандағы ресми әдебиет тілі болып саналған араб тілінде емес, түрік халықтарының тілінде жазылған алғашқы энциклопедиялық еңбек.Содықтан да кез келген аймақ өз тарихына үңіліп, ондағы бірінші дәрежелі жұлдыздар тізіміне ентін, яғни ешқашан мәнін жоймайтын, жалпыға ортақ мәдени игіліктер тізіміне қосылатын дүниелерді қайта қарап, саралауға тиісті. Олай болса, “Мың бір түн”, “Жолбарыс терісін жамылған батыр” секілді әлемдік әдебиет
Қолданылған әдебиеттер;

“Философия және мәдениеттану”
Ж. Алтаев, Т. Ғабитов, А. Қасабек, Қ. Мұхамбеталиев.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Түркі халықтарының философиясына жалпы түсініктеме

Қараханидттер дәуіріндегі мәдени қоғамдық жағдайдың өзгеруі түркі
халықтарының арасынан ағартушы ғалымдарды, ойшыл ақындарды шығарды.
Жауһари, Фараби, ибн-Сина, Бирни секілді ойшыл ғұламалардың сан-саналы
еңбектері Орта Азиялық Қайта өрлеу дәуірінің асыл маржандары болып
саналатын Махмұт Қашқаридың “Түркі тілдерінің сөздігі”, Жүсіп Баласағұнның
“Құтты білігі”, Ахмет Игүнекидің “Шындық” сыйы”, Ахмет Иассауидың “Диуани
хикметі” сияқты жәдігерліктердің пайда болуына белгілі бір дәрежеде ықпал
етті. Араб-парсылармен қатар түркі халықтарының өкілдері де Шығыс
мәдениетінің өркендеуіне өз үлестерін қосты.

Өткен замандардың әйгілі мәдени ескерткіштері адамзаттың рухани дүниесінің
түзілген мөлдір қабатына жатады. Қазіргі дәуірде адамзат қауымы жылдар бойы
жинақтаған тәжірибені мүмкіндігінше толық игеруге ұмтылып, оны бөлшектеуге,
қиратуға бағытталған күштерге қарсы күрес жүргізуде.кезінде біздің ата-
бабаларымыз да біз секілді “Бақыт деген не?”, “Адамгершілік, адалдық,
әділдік, даналық деген не?” деген мәңгілік сұрауларға жауап іздеген
болатын. Солардың бірі “Құтты білік” поемасының авторы Жүсіп Баласағұн еді.

Жүсіп Баласағұн XI ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі бүкіл Шығыс елдеріне
мәлім данышпан ойшыл, философ, энциклопедист ғалым, белгілі қоғам
қайраткері. Ол – философия, табиғаттану, математика, астрономия, тарих,
араб-парсы тіл білімі, т. б. Ғылым салаларын жетік меңгерген ғұлама ғалым.
Оның есімін әлемге танытқан “Құтты білік” кітабы – сол замандағы ресми
әдебиет тілі болып саналған араб тілінде емес, түрік халықтарының тілінде
жазылған алғашқы энциклопедиялық еңбек.Содықтан да кез келген аймақ өз
тарихына үңіліп, ондағы бірінші дәрежелі жұлдыздар тізіміне ентін, яғни
ешқашан мәнін жоймайтын, жалпыға ортақ мәдени игіліктер тізіміне қосылатын
дүниелерді қайта қарап, саралауға тиісті. Олай болса, “Мың бір түн”,
“Жолбарыс терісін жамылған батыр” секілді әлемдік әдебиет үлгілерімен қатар
“Құтты білік” де өз бойына мәдени эстетикалық байлық жинақтаған қазына деп
айта аламыз. Сонымен бірге, Жүсіптің поемасы көне түркілердің тілдік сана
сезімі өрлеуінің белгісі болған маңызы зор ескерткіш. Бұл жерде қазақтарды,
қырғыздарды, ұйғырларды, түркімендерді, әзербайжандар мен түріктерді атауға
болады. Мәдени, саяси және этикалық жіктердің тарихи өзгергіштігіне,
тілдер тағдырына үндестік туыстыққа, миграцияларға байланысты ұсақ-түйек
детальдарды қазбаламай, географиялық көзқарас тұрғысынан қарастырған кезде
Жүсіптің қырғыз және қазақ халықтарына жақынырақ екені білінеді. Түрік
жұртының ерлік, батырлық рухын көтеру тұрғысынан “Манас” пен “Құтты
білік”арасында айқын ұқсастықтар бар.

Жүсіп Баласағұн “Құтты білік” поемасында – мемлекеттік басқару әдістерін,
адамгершілік принциптерін, қоғамдық-саяси мәні бар түрлі ережелер мен
заңдарды, әдет-ғұрыптар, әлеуметтік-экономикалық, мәдени, т.б. мәселелерді
өз дәуірінің талап-тілектері тұрғысынан жоғары дәрежеде көрсете білді.
Тұтастай алғанда, Баласағұн жалпы философиялық мәселелерді алға тартып,
өмірді эстетикалық тұрғыда көбірек зерттеген. Ғылымның
сан саласын меңгеруге, жалпы әлемдік көзқарастарды жан-жақты қамти білуге
талпыну Жүсіп өмір сүрген мәдени ортаның болмысына тән болатын.
“Құтты білік” поемасының басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі
– мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның
болуы, екіншісі – бақ-дәулет, яғни елге құт қоныс деген тілек, үшіншісі –
ақыл-парасат, төртіншісі қанағат-ынсап мәселесі.
“Құтты біліктің” кіріспесінде тәңірдің құдіреттілігі суреттелген кезде
оның бар болмысы – айды, күнді, жерді, көкті жаратқандығы тәптіштеледі.
Тәңірдің сандық қатынастардан, кеңістік пен уақыттан тыс екендігі, көзден
жырақ, бірақ көңілге жақындығы ескертіледі. Оның еш жерде тұрағы жоқ, ол
мәңгі табиғаттың барлық құбылыстары, тау-тасы, орман-көлі – бәрі құдіретті
жасампаздық әрекетінің ізі, суреті.
Жүсіп Баласағұнның “Құтты білік” дастанында шығыс әсерінен гөрі түркі
халықтарының бай ауыз әдебиеті, фольклор жанрларының әсері басым сияқты.
“Құтты білікте” салт жырларының дәстүрі басым. Бұл реттен Жүсіп исламнан
бұрынғы әдет-ғұрыпты көбірек жырлаған. Сол себепті Жүсіп Баласағұнның
шығармасында бір ғана шығыс әсері үстем деп айтуға болмаса керек. Түркі
тілдес тайпалардың тілінде жазылған сан алуан тұрмыс салт жырлары сол
кездің өзінде-ақ аз болмаған. Олар айтыс, терме, толғау түрінде айтылған.
Жүсіптің сүйенген үлгісі халық аузындағы осындай дәстүрге байланысты
болған. Жалғыз-ақ, терме сияқты жыр-өлеңдерде бұқара халықтың мұң-мұқтажы,
ой-арманы жырланса, дастандарында көбіне хан-хақандар ордасының салты
жырланған.
X-XI ғасырларда араб парсы тілдерінің үстем болып тұрған заманында Жүсіптің
таза түркі тілінде осындай рухани дүниені өмірге алып келуі – үлкен
тарихи жаңалық. Ол түркі тілінің болмысын, табиғатын, өршеңдігін паш етті.
Мұнда түркі тайпаларының салт-дәстүрі, санасы бай халық ауыз әдебиеті,
тұрмыс-салт жырлары үлкен көрініс тапқан. Жүсіп халық фольклорының
мүмкіндіктерін жазба мәдениетімен өте шебер ұштастыра білген. Айталық,
дастанның басты кейіпкерлерінің Күнтуды, Айтолды деп аталуының өзі
көшпелілердің ислам дініне дейінгі ауыз әдебиеті туындыларында кездесетін
сөздер. Себебі, ежелгі түркі тайпалары Күнге, Айға табынған. Сондай-ақ
дастанда көшпелі түкілердің болмысына, тіршілігіне байланысты мақал-
мәтелдер және бейнелі теңеулер жиі кездеседі. Мұнда қасқыр, жылан, сұңқар,
ат, т.б. секілді жан-жануарларды, кең даланы ақын көп ауызға алады. Осыдан
келіп біздер, түркі тектес халықтардың табиғатын, тағдырын, бұрынғы наным-
сенімдерін Жүсіп шығармасы арқылы танып білуге мүмкіндік аламыз.
Түркі халықтарының орта ғасыр кезінде біржола араб жазуына көшуі өмірге
көптеген ғылыми дүниелерді алып келді. Сонымен қатар бұл кез шығыс әлемінде
суфизм ағымының әсері күшейіп, бірте-бірте қанатын кең жайып, дами бастаған
кезі еді. Бұл кезең Орта Азия мұсылмандары үшін де аса жауапты уақыт
болатын. Осы шақта елдің бірлігін, халықтың татулығын, адамгершілік пен
имандылықты, алла-тағалаға адалдықты көксеген, соны ту етіп, өз
шығармаларына арқау еткен ақын-шайырлар тобы тарих сахнасына шықты. Олардың
ішінде ерекше көзге түскендер – хорезмдік Ахмет Иүгінеки, Ахмет Иассауи,
Сулеймен Бақырғани, т.б. көптеген сопылық әдебиет өкілдері болды. Бұлардың
арасында асқан шеберлігімен, елге сыйлығымен, қайырымдылық пен
мейірімділікті өмірге арқай етіп, бүкіл түркі жұртын татулыққа, тазалыққа
үндеген, қасиетті әулиесі атанған Құл Қожа Ахмет Хазреті Сұлтан Иассауи
еді. Ахмет Иассауи жөнінде ел арасында көптеген аңыз әдебиеттер тараған.
Ешер де тарихи деректерге жүгінсек, ақын ежелгі қала Исфиджабта Ибрагим ибн
Махмуд деген диханның әулетінде дүниеге келген. Әйтсе де, Ахметтің әкесі
өте діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайқылардың бірі болған.
Ахмет Иассауи – XII ғасырда көне түркі тілінде Диуани хикметі кітабы
жазылған. Көптеген түркі халықтары “хикметті” аудармасыз-ақ қиналмай оқи
алады. Ислам дінінен хабары бар жанға “Хикмет” өте жеңіл тіл.
Бұл өмірдің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі халықтарының философиясы
Ислам философиясының Батыс христиан және яхуди философиясына әсері маңызды болды
Ортағасырдағы түркі мұсылмандық дүниетанымының қалыптасуы
«Арабтардың философы» - әл – Кинди
Сөнбес жұлдыздар
Түркі ойшылдары еңбектерінің Қазақстанда зерттелуі
Қазақтың маркстік философиясы
Әл-Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен мәдениетін табыстырушы Батыс Еуропа орта ғасырының ірі ойшылдары Р. Бэкон, Д. Скот Фарабидің еуропа ғылымына ықпалы
. Әл-Фараби жайлы
Ұлы ғалым Әбу Насыр әл-Фараби
Пәндер