АТФ Банкі АҚ-ның тартылған қаражаттарын талдау және бағалау


М а з м ұ н ы
Кіріспе
1 Екінші деңгейлі банктердің тартылған қаражаттары
және оның түрлері
1. 1 Банктердегі тартылған қаражатар және оның экономикалық мәні мен түрлері
1. 2 Депозитер және жинақ салымдары
1. 3 Банкаралық заемдар
2 "АТФ Банкі" АҚ-ның тартылған
қаражаттарын талдау және бағалау
2. 1 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі
банктердегі тартылған қаражаттар барысын талдау
2. 2 "Қазақстан АТФ Банкі" АҚ экономикалық қызметі
және тартылған қаражаттар барысы
3 Екінші деңгейлі банктердегі тартылған қаражаттар
қызметін жетілдіру жолдары
3. 1 Банкаралық займдар - коммерциялық банктердің қаржы саясатының құралы ретінде
3. 2 "Қазақстан АТФ Банкі" АҚ тартылған қажаттарын маркетингтік зерттеулер көмегімен жетілдіру жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Нарықты экономиканың өз деңгейінде тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін экономиканың негізгі инфрақұрылымдардың бірі - бұл елдің банк жүйесі. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының банк жүейсі ТМД елдері арасындағы ең озық, алда десекте, экономиканың дамуында, бәсеке мен нарық механизмдері сұраныс пен ұсыныстың тепе-тең дәрежесін қалыптастыру, өз кезегінде банктерге делдалдық қызметін жүргізуде, мүмкіндігінше максималды қаражат ресурстарын банк үшін тиімді тарут, банктердің қарқынды дамуына мүмкіндік береді. Сондықтанда экономикамыздың алға ілгерлеу барысында еліміздің қаржы және несие, облыстарда 2001-2005 жылдары бірнеше заңдарға толықтырулар мен өзгерістер енгізілді.
Жалпы, банктердің негізгі табыстары делдалдық қызметпен байланысты болғандықтан, банктер бүгінгі күні мүмкіндігінше елден кәсіпорындар мен ұйымдардың, жеке азаматтардың бос ақша қаражаттарын банкке тартып - шоғырландыру, оны ел экономикасына тартып қолдануы, тек банктердің ғана қалыпты табысын қамтамасыз етіп қоймай жалпы экономиканы көтеруге мүмкіндік беретін негізгі серпін күш. Бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасы экономикасының өсуіне, мемлекеттік бюджетке салық түсімдерінің уақытылы түсуіне қоғамның әлеуметік дамуына мүмкіндік береді.
Жалпы, банктерге тартылатын негізгі қаржының көздеріне депозиттер, тұрғын халықтың салымдары, банктер арасындағы есептеулер жатады. Қазіргі кезде Қазақстан банктерінде 731, 1 млрд теңге депозиттері тартылған, тұрғындар салымы да 2005 жылы барлығы 343, 2 млрд теңгені құраған. Тұрғындардың ез кезегінде банктерге өз ақшаларын салуы Қазақстанның негізгі коммерциялық банктерінің "Қазақстанның салымдарға кепілдік беру қорының" қалыптасуымен банктерге салымдар артып, олардың өз ақша қаражаттарын салатын банктерге сенімділіктері артты. Нарықты экономикада экономиканың маңызды мәселелерінің бірі - банктерді ғана дамытпай, басқада несиелік-қаржылық институттардың қызмет етуіне мүмкіндік берілу қажет.
Қазіргі кезде Қазақстанның екінші деңгейлі банктері шетел тәжірибелерінің жаңа прогрессивті, тиімді әдістері мен формаларды енгізу арқылы, өздерінің банк қызметін жүргізу, негізгі табыстарға жетуде.
Соңғы жылдары қаржылық нарықтың қалыптасуы - ақша нарығы және капитал нарығындағы үрдіс дамып отыр. Бұл өз кезегінде ақша және капитал нарығымен тікелей байланысты, банк қызметі мен бәсекелік қабілетін тиянақты жүргізіп, банк үшін тиімді қаражат көздерін тартуына жаңа мүмкінідктер мен резервтерді іздеуді қажет етеді. Банктердің бұл облыстағы негізгі міндеті өз клиенттеріне әртүрлі ынталандыру іс-шараларын жүргізуі қажет, жаңа компьютерлік технология нәтижелерін қолдану арқылы, олардың мүдделері мен қызығушылығын арттыру қажет.
Жалпы дипломдық жұмыс теориялық және практикалық негіздері осы мәселелерді зерттеуші ғалым экономистердің шетел және өз еліміздің коммерциялық банктері қызметін талдау баспа мақалары мен статистикалық мәліметтерінен материалдар алынды.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты екінші деңгейлі банктердегі тартылған ақшалай қаражаттардың ролі мен банк қызметін жүргізуден олардың үлес салмағын құратып ерекшеліктерін талдау жасап, Қазақстан АТФ Банк қызметінің үлесінде тартылған қаражаттардың негізгі факторларын анықтап, оны тиімді шешу жолдарын қарастыру.
Жұмыстың негізгі міндеттері дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес келесі міндеттерді шешу қаралған.
- банктердегі негізгі, тартылған қаражатардың экономикалық мәні мен олардың құрамы жіктелді.
- Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейлі банктердің және Қазақстан АТФ банкінің осы облыстағы тәжірибелерін талдау жасау және бағалау.
- Тартылған қаражаттардың негізгі түрлері мен оны тарту бағыттарын анықтау
- Осы облыстағы негізгі мәселелерді анықтап, оларды шешу жолдарын қарастыру.
Жұмыстың, әдістемелік базасы (негізіне) Қазақстан Респуликасы өкіметінің, ҚР Ұлттық Банктің банк қызметін реттейтін заң және нормативті актілер, ҚР статистика Агенствасының статистикалық материалдары қолданылды. Жұмыс барысында, жалпы ғылыми, статистикалық, және біршама экономикалық-математикалық зерттеу әдістері қолданылды.
Зерттеу объектісі Қазақстан АТФ банкінің нормативті және қаржылық құжаттары мен қаржылық көрсеткішітері алынды.
1 Екінші деңгейлі банктердің тартылған қаражаттары және оның түрлері
1. 1 Банктердегі тартылған қаражатардың экономикалық мәні мен оның түрлері
Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады.
Банк қызметін - банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болжады. Кез келген банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
"Қазақстан республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы" Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:
- ақылы негізде депозиттерді тарату;
- клиенттер мен банк-корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету;
- қайтарымдылық, мерзімдік және төлемдік шарттарымен заңды
және жеке тұлғаларға қысқа мерзімдік несиелер беру;
- инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
- заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді) ;
- төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;
- ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзгеде міндеттемелерді беру;
- тауар тасмалын талап ету құқын, сатып алу және қызмет көрсету,
осындай талаптардың орындалуы және бұл талаптардың инкас-
сациялық (факторинг) тәуекелін өз мойына алу;
- банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету;
- клиенттер үшін құжаттар мен бағалықтарды сақтандыру бойынша қызметтер (сейфтік бизнес) ;
- коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, сондай-ақ сату құқынсыз (форфейтинг) ;
- клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару) ;
- банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;
- лизингтік операцияларды жүзеге асыру.
Ұлттық банкінің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен операцияларды жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын қарау; ақшаларды аударуға байланысты қызметтерді көрсету (инкассация) .
Осы операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі қызметтерді былай құруға болады:
- уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар) ;
- экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар) ;
- қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
- инвестициялық қызметті;
- клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау - коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал - банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10 %-ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы мынандай жағдайларымен түсіндіреледі біріншіден, банктер қаржылық нарықтарда қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос қаражаттар сомасын депозит түрінде жинақтайды, осы жағдайда оларды тиімді басқарады, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдалық негізде қарызды қарыз алушыға ұсынады. Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл салымдарды жаппай кері алу қауіптігін төмендетеді. Үшіншіден, банктерге тартылатын депозиттер басқа кәсіпорындардың материалдық объектілерінде орналастырған активтеріне қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді және нарықта оңай өткізіледі.
Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда осы барлық міндеттемелер коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға өзара қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін қажет. Сонымен қатар, офисті, жабдықтарды сатып алу және еңбекақыны төлеу, сондай-ақ банктік операцияларды дамытудың келесі кезеңдерінде шығындарды төлеу үшін қажет. Меншікті капитал - банктің қорғаныс кепілдік қоры. Осы сипатты меншікті капитал маңызды, сөзсіз міндетті қор болып табылады, банктің тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін банктік қаражаттар құрылымында оның рөлі өте жоғары.
Жоғарыда айтылып өткендей, банктер өздерінің активтік операцияларын жүзеге асыру үшін тартылған қаражаттардың 90%-нан жоғары бөлігін пайдаланады, сондай-ақ банктер өз клиенттерінің уақытша бос ақшалаай қаражаттарын жинақтайды.
Жалпы, банктің тартылған ресурстарының сызбасын келесі 1 суреттен көруге болады.
Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды. Депозит пен банктің клиенттерінің жинақ салымдарынан басқа мерзімді және мерзімсіз салымдарының барлығы түсіндіріледі. Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады. Осылардың негізінде коммерциялық банктердің несиелік ресурстарының негізгі бөлігі құралады.
1. 2 Депозиттер жӘне жинақ салымдары
Тартылған қаражаттар ішінде ең көп бөлігін депозиттер құрайды. Депозиттер банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Қазіргі банктік тәжірибеде салымдардың, депозиттердің және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
- талап етуіне дейінгі депозиттер;
- мерзімді депозиттер;
- жинақ салымдары;
- бағалы қағаздар.
Талап етуіне дейінгі депозиттер - бұл салым иелерінің бастапқы талап етуіне байланысты әр түрлі құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын әр түрлі шоттардағы қаражаттар.
Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозиттерге мыналар жатады:
- мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттары;
- әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
- есеп айырысудағы қаражаттар;
- жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
- басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.
Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланылады.
Ал кемшілігі - бұл шот бойынша пайыз төленбейді немесе біршама төменгі мөлшерде төленеді. Міне, осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың мынадай өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:
- ақша салу және оны алу кез келген уақытта ешқандай да шектеусіз жүзеге асырылады;
- шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе коммиссиондық ақы алып отырады;
- банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
- талап етуге дейінгі депозиттер бойынша коммерциялық банк Орталық банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар жасайды.
Мерзімді салым (депозит) - белгілі мерзімі бар және тұрақты пайыз төленетін, сол сияқты алдын ала алуға шек қойылатын салым.
Салым иесі келісілген мерзімнен бұрын алған жағдайда банк айып-пұл ретінде оған төленетін пайызды төлемей қалуға толық құқылы.
Мерзімді салымдар мен мерзімді депозиттердің ерекшеліктері болады:
- есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;
- шоттағы қаражат баяу айналады;
- тұрақты пайыз төленеді;
- пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Орталық банк тарапынан реттеліп отырады;
- ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі;
-бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер белгіленеді.
Тағы бір кеңінен таралған салымның түрі - жинақ салымдары. Олардың белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның жоғары шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын көрсетуі қажет.
Жинақ салымдарының тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі бойынша, мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді. Жинақ салымдары жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.
Жинақ салымдарының мынадай ерекшеліктері болады:
- ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды;
- шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту талап етілмейді;
- ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап етіледі.
Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдары салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
- мерзімді жинақ салымдары;
- қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;
- ұтыс салымдары;
- ақшалай-заттай ұтыс салымдары;
- мақсатты және ағымдық салымдар;
- алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
- валюталық салымдар.
Мерзімді жинақ салымдарға тұрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарына басқа жинақ салымдарға қарағанда жоғарғы мөлшерде пайыз төленеді.
Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың біршама тұрақты бөлігін білдіреді.
Қосымша жарна қосатын салымдар бұл шоттағы қаражатқа алдын ала келісілген уәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын салымды білдіреді. Бұл шотта жинақталған сома белгілі бір күнде (жаңа жылдық салым, бойжеткен кезде және т. с. с) толық төленеді.
Ағымдық жинақ салымдар, негізінен, жалақы, зейнетақы, үздіксіз төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын қаражаттарды білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.
Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдарының бір түріне депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады.
Депозиттік және жинақ сертификаттары - бұл салым иесіне белгілі мерзім өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық беретін және оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын эмитент банктің жазбаша куәлігі.
Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі болып келеді:
1. Атаулы сертификаттар;
2. Мәлімдеуші сертификаттар;
Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атына толтырылып беріледі. Ал мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты-жөні көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.
Депозиттік және жинақ сертификаттары сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қазметін атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбіне ірі сомада шығарылатындықтан да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.
Әлемдік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі бар:
1. Аударылатын;
2. Аударылмайтын.
Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.
Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші нарықта сатып алу-сату арқылы өтеді.
Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды. Жинақ сертификаты тек жеке тұлғаларға ғана беріледі.
Мерзімді депозиттік және жинақ сертификаттары мерзімінен бұрын төлеуге ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда банк сертификатты сатып алады, бірақ төменгі мөлшерде пайыз төлейді. Коммерциялық банктер үшін бұл сертификат ресурстары жинақтау тиімділігімен, яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге түсуін сипаттайды.
АҚШ-тың банктік тәжірибесінде, талап етуге дейінгі депозиттік шоттармен қатар, сондай шоттар түріндегі Нау-шот және куәландырылған чектер сияқты депозиттер АҚШ банктерінде кеңінен қолданылады.
Нау-шоттар бұл пайыз төленетін, чектік депозиттер болып табылады.
Нау-шоттың мынадай өзіне тән ерекшеліктері болады:
- бұл шот түрі бойынша пайыз төленеді;
- бұл шот жеке тұлғаларға немесе пайда таппайтын ұйымдарға ашылады;
- салым иелерінен бұл шотта ең төменгі қаражат болуы талап етілмейді.
Куәландырылған чектер шоттары - бұл куәландырылған чектерді төлеу үшін, сақталатын банктердегі талап етуіне дейінгі депозиттік шоттағы қаражаттары.
Куәландырылған чектер - бұл банктің, шоттағы қаражатының барлығын чектер арқылы куәландыруы.
Американдық банктік тәжірибелерде жаңа депозит түріне ақша нарығының депозиттік шоты жатады.
Оның мынадай ерекшелігі бар:
- ақша нарығының басқа құралдары бойынша мөлшерлемелерінің өзгеруіне байланысты, әр аптада шот бойынша пайыз мөлшерлемесінің өзгеріп отыруы;
- шот бойынша ең төменгі қалдықтың болуының талап етілуі;
- салымдардың сақтандырылуы;
- иемденуші, үшінші жақтан төлемдер үшін айына шоттан алты рет аударма жасауына болады, мұның ішінде үшеуі чекті көшіріп жазу жолымен, үшеуі телефон арқылы жүзеге асады.
Банктердегі депозиттер түріндегі бағалы қағаздар мынадай түрлерге бөлінеді:
- кәсіпорындар және акционерлік қоғамдардағы банктердің акциялары мен облигациялары;
- банкке сақталуға берілген және ссудамен қамтамасыз етілген акциялар мен облигациялар;
- шетелдік валюталармен жасалатын операциялар бойынша бағалы қағаздар мен құндылықтар.
Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:
- банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға;
- депозиттік операциялар әрекет ету керек;
- банк балансының оперативтік өтімділігін демек мақсатында икемді депозиттік саясат жүргізілуі керек;
- банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демеп отыратын мерзімдік салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде ерекше назар аударылуы қажет;
- депозиттік операциялармен қарыздарды беру бойынша операциялардың арасында мерзім және сомалар бойынша өзара байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет;
- депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға шаралар қолдану.
Қажет уақытында талап ететін депозиттер шоттарда сақталатын қаражаттардың сипатына және тиістілігіне байланысты былайша бөлінеді:
- кәсіпорындар және ұйымдардың, фирмалардың, компаниялардың, концерндердің және басқа да заңды тұлғалардың есеп айырысу және ағымдық шоттардағы қаражаттар;
- экономикалық міндеті әр түрлі қорларды сақтау бойынша арнайы шоттардағы қаражаттар;
- заңды тұлғалардың жекеленген шоттарындағы меншікті қаражаттары;
- есеп айырысудағы қаражатар;
- басқа банктермен есеп айырысуларға байланысты корреспонденттік шоттағы несиелік қалдықтар;
- шетелдік банк-корреспондентер шотындағы қаражаттардың несиелік қалдығы.
Қажет уақытында талап ететін депозиттердің ерекшеліктері мынада:
- біріншіден, ақшаларды алу және салу кез келген уақытта ешқандай шектеусіз бөліктеп те, толығымен де жүзеге асырылады;
- екіншіден, ақшалар шоттан қолма-қол формада да, чек арқылы да алынуы мүмкін;
- үшіншіден, шот иесі банкке шотты пайдаланғаны үшін тұрақты айлық мөлшерлеме түрінде немесе әрбір жазылған чек үшін комиссиялық алым төлейді;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz