Статистикалық физика.Физикалық кинетика негіздері оқулығы бойынша электрондық оқулық құру тақырыбын


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ ЖАСАУДЫҢ НЕГІЗГІ ТЕХНОЛОГИЯСЫ . . . 6
1. 1. Электронды оқулық дайындау . . . 6
1. 2. Электрондық оқулықтың мазмұны мен құрылымы . . . 13
1. 3 Электрондық оқулықтарға қолданылатын негізгі ережелер . . .
1. 4. Электронды оқулықты жасауға әдістемелік нұсқаулар . . .
2. СТАТИСТИКАЛЫҚ ФИЗИКА. ФИЗИКАЛЫҚ КИНЕТИКА НЕГІЗДЕРІ . . .
2. 1. Статистикалық физиканың негіздері . . .
2. 1. 1. Статистикалық физика заңдары . . .
2. 1. 2. Жүйенің макроскопиялық және микроскопиялық күйлері . . .
2. 1. 3. Гиббстің - функциясы . . .
2. 2. Кванттық статистика физикасының элементтері . . .
2. 2. 1. Планк осцилляторы . . .
2. 2. 2. Бозе-Эйнштейннің статистикалық үлестірілуі . . .
2. 2. 3. Ферми-Дирактың кванттық статистикасы . . .
2. 3. Физикалық кинетиканың элементтері . . .
2. 3. 1. Больцманның кинетикасы теңдеуі . . .
2. 3. 2. Релаксация уақытын жуықтау . . .
2. 3. 3. Тасымалдау теңдеуі . . .
2. 3. 4. Бір және көп компонетті жүйелердегі тепе-теңдіктегі емес процестер . . .
3. ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ . . . 62
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 64
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. . . …66
КІРІСПЕ
Дипломдық жоба тақырыбының өзектілігі. Жоғары кәсіби білім беру жүйесі мемлекеттің экономика, ғылым және әлеуметтік орта салаларының құрылуы мен өсуіне зор ықпал ететін мамандарды дайындаудың негізі болып табылады. Сондықтан да жоғары оқу орындарында студенттерді дайындау жүйесін дамытуда мемлекет тарапынан көп көңіл бөлінетіні кездейсоқ емес. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында жоғары кәсіби білім беруді қалыптастырудың қажетті нәтижелерінің бірі ретінде «әлеуметтік орта мен экономика салаларының барлық түрлерімен салыстырғанда білім беруді алға дамыту, қоғамды дамытудың барлық облыстарында әлеуметтік экономикалық прогрестің маңызды шарты ретінде білім беру саласының дамуына әсерін тигізетін қоғамдық пікірді қалыптастыру» берілген. Шындығында, бұндай нәтижелерге республикада жоғары білім беру жүйесінің мазмұндық, әдістемелік және ресурстық базаларын қалыптастырмай тұрып қол жеткізу мүмкін емес. Бұл үшін жоғары оқу орындарында студенттерді дайындаудың педагогикалық және әдістемелік салаларында маңызды зерттеулер жүргізу қажет.
Информатиканың қазіргі мезгілдегі даму кезеңін телекоммуникациялық деп сипаттауға болады. Бұл ақпарат пен білімнің қатынас аймағы. Кәсіби білім тез ескіретіндіктен оны тұрақты түрде жетілдіріп отыру керек. Қашықтан оқыту формасы бүгінде, уақыт және кеңістік белдеулерінен тәуелсіз, көпшіліктің өз бетінше үздіксіз жалпы білім алу жүйесін, өзара ақпарат алмасуын қалыптастырады және жүзеге асырады. Одан басқа, қашықтан оқыту жүйесі әлеуметтік жағдайына (оқушыға, студентке, азматтар мен әскерилерге, жұмыссыздарға) қарамастан және еліміз бен шет елдің кез-келген ауданында тұрса да адамның білім және ақпарат алу құқығын қамтамасыз етеді.
Жоғары оқу орындарындағы статистикалық физиканы оқытудың зерттеулері мен талдауларынан физиканы оқытуда оқу құралы ретінде қолданылатын аздаған электрондық ресурстардың сапасы жеткіліксіз болып отырғанын көреміз. Олар республиканың жоғары оқу орындарында статистикалық физика оқытуда қолданылатын әдістемелік жүйелердің талаптарына сәйкес келмейді және олар мазмұндық және әдістемелік жағынан жеткіліксіз болып отыр. Көбіне бұндай ресурстар информатиканы оқыту әдістемесі мен дидактика саласының мамандарының қатысуынсыз программистердің көмегімен жасалған. Физика бойынша электрондық ресурстардың сапасы ешкімнің тексеруінсіз қолданылуда. Сонымен бірге, жоғары оқу орындары жүйесі үшін физикада электрондық ресурстардың тиімділігін арттыруда қойылатын талаптар мен критерийлер жүйесі жасалмаған.
Нәтижесінде студенттерге статистикалық физиканы оқытуда республикалық білім беру жүйесіне және оның кредитті-рейтингілік жүйесіне негізделген сапалы, тиімді және барлық талаптарға жауап беретін электрондық ресурстар жасалатын педагогикалық зерттеулер жүргізу керек. Осы айтылған мәселелер зерттеу тақырыбының көкейтестілігін білдіреді.
Зерттеу проблемасы аясында жарық көрген ғылыми еңбектерге, оқу- әдістемелік құралдарға жасалған талдау, қазіргі кезеңде электрондық оқу құралдарының сапасы, мазмұндық және әдістемелік қамтамасыз етілу жағдайы мен оларға қойылатын талаптар арасындағы қарама-қайшылық бар екенін көрсетті. Бұл менің зерттеуімнің тақырыбын «Статистикалық физика. Физикалық кинетика негіздері оқулығы бойынша электрондық оқулық құру тақырыбын» таңдап алуыма негіз болды.
Дипломдық жобаның міндеттері:
1. Электрондық оқулықтар жөнінде жалпы мәліметтер
2. Электрондық оқулықтарды жасау кезеңдері
3. Статистикалық физика. Физикалық кинетика негіздері бойынша теориялық мәліметтерді толық қамту.
Дипломдық жобамның мақсаты - жоғары оқу орны студенттеріне статистикалық физиканы оқытуда электрондық оқулық жинағын қолдану әдістемесін ұсыну, студенттің статистикалық физика пәнін оқыту электронды оқулық жинағын қолдану негізінде ұйымдастырылған әдістемеге сай жүргізілсе, онда студенттердің білім деңгейі жоғарылап, өзіндік шығармашылық ойлау жүйесі қалыптасып, материалды саналы игеру барысында біліктілік дағдыларының қалыптасуына жағдай туады. Жоғары оқу орнындағы статистикалық физика, физикалық кинетика курсын оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні. Білім беру жүйесінің міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту және кәсіби шыңдау бағытында білім беру үшін жағдайлар жасау. Ол үшін мамандарды даярлау сапалы, жүйелі, жоспарлы болуы керек. Оларды ойлаудың жаңа типімен қаруландыру, оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің жаңа технологияларын меңгерген мамандар қажет.
Зерттеу тәжірибесі. Дидактикалық, салыстырмалық, аналитикалық, логикалық, құрылымдық жүйелік, функционалдық жүйелік, жалпылау әдістемесі
Жаңалығы. Әр саладағы ғылым мен іс тәжірибеде болашақ мұғалімдерді кәсіптік даярлау мәселесі барлық уақытта негізгі орын алады. Осы бағытта оқыту үрдісін ақпараттық технологиямен қамтамасыз ету жағдайларының өзгеруі оқулықтардың дамуының жаңа кезеңі электронды оқулықтардың пайда болуына алып келеді.
Дипломдық жобаның тәжірибелік қоры болып электронды оқулықтар туралы жалпы түсінік, электронды оқулықтарға қойылатын жалпы талаптар, мультимедиалық оқыту жүйелерін әзірлеу және материалдарды беру қағидалары, электронды оқулықтарды жасаудың құралдары.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
Зерттеу тақырыбы бойынша алынған нәтижелерді жоғары оқу орындарында студенттердің статистикалық физикадан білімдерін тереңдету мақсатымен болашақ маманның кәсіби құзіреттілігін, пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру мақсатында оқу үдерісінде қолдануға болады. Статистикалық физика. Физикалық кинетика негіздері пәнін оқытуда электронды оқулықтар жинағын қолдану технологиясы Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Институтының жаратылыстану ғылымдары факультетінде оқу үрдістеріне енгізілді.
Білім беру аумағындағы ресми құжаттар мен нормативтік материалдар; зерттеу проблемасы бойынша отандық және шетел (философ, психолог, педагог) ғалымдарының студенттердің өзіндік жұмыстары мен ақпараттандыру саласындағы диссертациялық зерттеу еңбектері; жоғары оқу орындарының мемлекеттік жалпы білім беру стандарты, типтік және жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламалары, пәннің оқу-әдістемелік кешендері, компьютерлік оқыту бағдарламалары, педагогикалық және әдістемелік пәндерден оқулықтар мен оқу құралдары; инновациялық оқыту технологияларына қатысты педагогкалық зерттеулер.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жоба кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, қолданған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
Бірінші бөлімінде электронды оқулықтар туралы жалпы түсініктер, электронды оқулықтарға қойылатын жалпы түсініктер, электронды оқулықтың құрылымдық ұйымы және жұмыс режимдері талдаудан өткізілген.
Екінші бөлімінде статистикалық физика және физикалық кинетика негіздері оқулығы бойынша жалпы теориялық мағлұматтары қамтылған. Оқулықта термодинамикалық функциялармен олардың туындылары, фазалық өтулер, төменгі температура термодинамикасы, фазалық кеңістіктегі үлестіру функциялары, ықтималдылық және флуктуация теориялары, Больцманның кинетикалық теңдеуі, Бозе-Эйнштейннің, Ферми-Дирактың кванттық статистикасы, сәулелену статистикасы, тасымалдау құбылыстары талқыланған.
Үшінші бөлімінде статистикалық физика және физикалық кинетика негіздері оқулығы бойынша электронды оқулықты жасау кезеңдері талқыланған. Delphi программалық ортасында жобалау үрдісі сипатталған. Бағдарлама жасау кезіндегі қолданылған құралдар және құрылу сатылары қарастырылады.
Дипломдық жобадағы зерттеу мәні қорытындыда талқыланған.
1. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ ЖАСАУДЫҢ НЕГІЗГІ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
1. 1 Электронды оқулық дайындау
Электрондық оқулық дегеніміз - мультимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электрондық оқулық білімгердің уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмай, өтілген және ұмытып қалған материалдарын есте түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, білімгердің өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады.
Электронды оқулықтар - ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Электронды оқулықты дайындаудың негізі - модульдік оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Онда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі, графикалық иллюстрациялар, әртүрлі суреттер арқылы теориялық білім толықтырылады. Электронды оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты - оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. Білім берудің кез келген саласында электронды оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Электронды оқулықтың нәтижелілігі мынада:
- тез арада қайтарма байланыс болуын қамтамасыз етеді (интерактивті қасиеті) ;
- қажетті ақпараттық материалдарды жылдам тауып алуға мүмкіндік береді;
- гипермәтіндік түсіндіруден жан-жақты ақпараттық материалдар алады;
- әрбір жеке тұлғаның білімін, білік іскерлігін әрбір тараулар бойынша тексеруге, бағалауға мүмкіндік береді.
Электронды оқулықты мынадай жағдайларда қолдануға болады:
- теориялық материалды өз бетімен оқып - үйренуге, зерттеуге мүмкіндік береді;
- сабақты иллюстрациялық материал ретінде жабдықтауда көмектеседі;
- сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әртүрлі деңгейлі шығармашылық тапсырмалар орындауға мүкіндік береді;
- емтиханға дайындық кезеңдерінде пайдаланылады.
Болашақ мұғалімдерді кәсіптік дайындауда электронды оқулықты қолдану өте тиімді. Электрондық оқулықтың мазмұны білімгердің зерделі ойлау қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы жеткiлiктi:
- қисынды ойлау жүйесінің қалыптасуы;
- жинақтылық;
- жүйелiлiк;
- эстетикалық көркемдiлiгi;
- жылдамдылығы және т. б.
Электрондық оқулықтар ара қашықтықтан оқыту формасына негiзделiп жасақталады және оны жүзеге асыру үшiн қолданылады.
Электрондық оқулықтарды құрастыру технологиясы оқыту процесінің заңдылықтарына негізделіп жасылып, бір -бірімен тығыз байланыстағы негізгі төрт бөліктен тұрады. Олар:
- Мотивациялық-мақсаттық;
- Мазмұндық;
- Операциялық;
- Нәтижелік бақылау компоненттері.
Электрондық оқулықтардың мотивациялы -мақсаттық компоненттері модульдерді (микромодульдерді) құрастырудан тұрады. Модуль дегеніміз - жергілікті (локальды), жүйелік және функциональдық білім жиындары. Ол оқушының өз танысдық әрекетін ұйымдастыратын «түйіні» болып саналады.
Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту». білім берудің кез келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану білімгерлердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез немесе жәй түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электрондық оқулықтың ең қажет элементі - аудиохабарлар.
Электронды оқулықты классификацялау алдында олардың негізгі параметрлерін қарастыру керек. Негізгі түрлері:
- электрондық оқулық түрі;
- пәндік және білім беру орталығы;
- білім беруде ұсынылатын деңгей;
- білім беруде ұсынылатын үрдіс типі;
- білім беруде ұсынылатын форма түрі;
- арнайы аудиториялар.
Электронды оқулықтың түрлері.
1) Электронды ақпараттық өнім:
- мәліметтер қоры;
- презентация;
- электронды журнал;
- электронды газет;
- мультимедиялық жазба.
2) Қағаз түріндегі электрондық оқулықтар және ақпараттық құжаттар :
- ғылыми еңбектер жинағы, статиялар;
- жарияланған газет / журналдар;
- нұсқаулар;
- стандарт;
- құралдар;
- практикалық құралдар;
- практикалық басқару;
- оқулық;
- оқу құралы;
- хрестоматия;
- оқу-әдістемелік құралдар;
- оқу бағдарламасы (курс, пән) ;
- оқу жоспары;
- практикум;
- библиографиялық анықтама;
- католог;
- альбом, атлас;
- көркемдік басылым;
- антология;
- рефераттық жинақтар;
- экспресс - ақпарат;
- әдістемелік сілтеме;
- тестілер жинағы;
- білім беру жинағы;
- дәрістік конспект;
- жарнамалық - техникалық сипаттау;
- оқу сынақ үлгісінің мәліметтері;
- магистрлік диссертация;
- дипломдық жоба;
- бакалаврлық түлектік жұмыс;
- курстық жұмыс;
- есеп беру(оқу - ғылыми ізденіс жұмыстары) ;
- рефераттар.
3) Бағдарламалар жинағы :
- оқу орындарында басқару жүйесін автоматтандыру;
- ақпараттық және кітапханалық жүйесін автоматтандыру;
- әр түрлі техникалық оқытуды қамтамасыз ететін бағдарламалық құрылғы;
- жүйелік бағдарламаны қамтамасыз ету;
- қолданбалы бағдарламаны қамтамасыз ету;
- қолданбалы бағдарлама құжаттары.
4) Электрондық оқыту құрылғыларына арналған инструменталды құжаттар :
- электронды оқулықтарды және оқыту жүйелерін құратын инструменталды құралдар;
- электрондық тапсырмаларды құрастыратын инструменталды құралдар;
- электронды тренажерларды құрастыратын инструменталды құралдар;
- білімді бақылаудың электрондық жүйесі және психофизиологиялық тесттер құрастыратын инструменталды құралдар;
- электрондық зертханалық жұмыстарды құрастыратын арнайы құралдар;
- электронды оқулықтар және қайталау құжаттарын құрастыратын инструменталды құралдар;
5) Ақпараттық бағдарламалар жинағы :
- электрондық сөздік;
- электрондық анықтама;
- электрондық инциклопедия;
- ақпараттық іздеу жүйесі;
- ақпараттық шешу жүйесі;
- сараптамалық жүйе.
6) Электрондық оқыту құралдары :
- теориялық және технологиялық дайындаулар;
- электрондық оқулық;
- білімді бақылаудың электрондық жүйесі;
- практикалық дайындау құралдары;
- электрондық белгілер;
- электрондық тренажерлар.
7) Кешенді және көмекші құралдар :
- электрондық оқыту курсы;
- электрондық қайталау курсы;
- электрондық зертханалық тәжірибе;
- дамытуға негізделген компьютерлік ойындар.
8) Психофизиологиялық тесттер құру ;
9) Арнайы Интернет жүйесі :
- вертуальды кітапхана;
- іздеу жүйесі;
- internet - катологы;
- сервистік ақпаратты іздеу;
- internet - трансляциясы.
Пәндік оқыту облысының әмбебап классификациясы, әрбір электронды оқыту құралы мен ресурсын бірге анықтау мүмкін емес. Бұл ең біріншіден, әр түрлі оқулықтағы көпсалалы тақырыптық бағыттарды қамтиды. Практика кезінде пәндік (оқыту) классификациясының бірнеше облысы пайдалануы мүмкін. Практикада негізгі кең таралған және көп қолданылатын пәндік (оқыту) классификация облысының бірі - тақырыптық құрылымның жалпыға және мамандандырылған оқытуға арналған түрі.
Оқыту үрдісінің түрі мен форумына электронды оқыту Қазақстан Республикасының білім жүйесінде нақты тіркелген. Білім беру деңгейінің классификациясына мектепке дейінгі, жалпы, мамандық бойынша және қосымша, сонымен қатар мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға білім беру жатады.
Білім деңгейі:
1) Мектепке дейінгі;
2) Жалпы білім;
- жалпы бастауыш білім;
- жалпы негізгі білім;
- жалпы орта(толық) білім;
3) Мамандық бойынша білім;
- бастапқы мамандық білім;
- орта мамандық білім;
- жоғарғы мамандық білім;
- жоғарғы оқу орнынан кейінгі мамандық білім;
- қосымша мамандық білім;
4) Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға білім беру;
5) Білім беру түрлері:
- іштей оқу;
- кешкі оқу;
- сырттай оқу;
- қашықтан оқу;
6) Білім беру формалары:
- дәріс;
- семинар;
- практикалық сабақ;
- зертханалық сабақ;
- ойын сабақ;
- оқу ғылыми - зерттеу жұмыстары;
- педагогикалық өлшеулер және бақылау;
- сынақ;
- емтихан;
- өзіндік оқу іс-әрекеті;
- курстық және дипломдық жобалар.
Қазіргі кездегі ақпараттық құрылғыларды электронды оқулық құру және пайдалану кезінде бұны бір ғана қолданушыға немесе пайдаланушыға ғана емес, сонымен қатар бір аудиториядағы бірнеше пайдаланушыларға арнап шығаруда. Олар:
- талапкерлер;
- зерттеушілер;
- оқытушылар;
- оқушылар;
- ата-аналар.
Электронды оқулық - комплексті емес біртұтас, дидактикалық, әдістемелік, интерактивті программалық жүйе, ақпараттың әр түрлі формаларын қолданып оқу материалынан кездесетін қиындықтарды артта қалдырады және мультимедияның соңғы мүмкіндіктерін қолданып, ғылыми зерттеу әдістерін толықтырады. Бұл жерде оқытудың түсінікті кең көлемде қарастырылған материалы қолданылады. Дидактикалық заңдастырылған жалпы білім аспектілер, әдістемелік аспектілер, арнайылап оқыту, негізгі пән немесе пәндер тобы және электрондық оқулықтың программалық нақтылығымен өзара тығыз байланыста болады. Жалпылай «Электронды оқулық» ұғымын анықтау әлі пайда болған жоқ, бірақ электронды оқулық - ол программалық - әдістемелік комплекс, өзіндік немесе мұғалімнің көмегімен білім курсындағы бөлімнің мүмкіндігін қамтиды. Электронды оқулық немесе курс негізнен үш бөліктен құрастырылады: негізгі ақпараттық курс бөлімінен тұратын презентациялық бөлім, алған білімдері бойынша бекітілген жаттығулар, оқушының білімін көлемді түрде бағалау үшін тесттер. Компьютерлік оқулық негізгі оқулықты, анықтаманы, есептеуіш зертханалық жұмыстарды бір - бірімен байланыстырады. Электронды оқулық - таныстыратын теориялық материал, білімнің көрсеткішіне қарай біліммен жаттықтылуды қамтамасыз ететін, оқу процесін үзіліссіз дидактикалық материалдармен қамтамасыздан-дыратын, сонымен қатар, ақпараттық іздеу, математикалық және компьютерлік визуальдаумен имитациялық модельдеу интерактивті кері байланыстармен шарт бойынша функцияларды үйренуге арналған программалық комплексті жүйе. Электрондық оқулық барлық негізгі функцияларды, теориялық материалдарды көрсету, бірінші білімді алып қабылдауды көрсету, өзіндік білім алудың жаттығулары мен бақылау көрсеткіштерін қамтамасызданады. Дидактикалық цикл процесін бірыңғай компьютердің көмегімен оқу процесін ұйымдастырып, білімгерлердің білім алуда уақыттарын үнемдеп, автоматты түрде дидактикалық циклді бір ғана жұмыспен электрондық оқулықпен орындау керек. Оқыту процесі жаңаша түрде орындалу үшін компьютермен диалогтық қатынасты дұрыс орынға қою керек. Мультимедияның әдістемелік күші білімгерді дыбыспен, көрермендік бейнемен тез қызықтырып, ақпараттық және көңіл - күйіне де көмек береді.
Мультимедиялық оқыту программасы бойынша WEB технологиясы таңдалды.
Мультимедиялық оқыту программасы соңғы жылдары орта мектептердің стандарты бойынша WEB технологиясы таңдалды.
Талдауда қазіргі кездегі мультимедиялық технологияның ақпаратты көрсетілген: Flash, JAVA аплеттері, ActiveX элементтері, аудио және видео, VRML. Қазіргі ақпараттық технологияның мүмкіндіктері кең көлемді суреттерді оқу материалы түрінде және басқарылатын анимациялар қолданылады. Үш өлшемді графикада программалық нақтылау интернетке қосылған OpenGL технологиясы ActiveX түрінде болады.
Тестіленген орта өзіндік жұмыс және кері байланыстың орындалуын бақылау, жіберілген дұрыс емес жауаптарды анализдеп, көрсету.
1. 2 Электрондық оқулықтың мазмұны мен құрылымы
Жоғарғы бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi бағыттарының бiрi - оқыту процесiн ақпараттандыру. Аталған бағытты жүзеге асыру үшiн жаңа буын оқулықтарын электрондық вариантқа аудару қажет.
Білім жүйесін ақпараттандырудың бірден-бір жолына оқу үрдісінде электронды оқулықтардың кең ауқымды көлемде қолданылуын айтуымызға болады. Университет, колледж оқытушылары өткізілетін пәннің мазмұнына сәйкес электронды оқу залында, лингафон кабинеттерде электронды басылымдарды сабақтарында пайдаланып отырады.
Электронды немесе компьютерленген оқулық қағазға басылған кітапқа қосымша болып есептеледі. Баспа өнімдерімен салыстырғанда ЭО-ға жаңа мәліметтерді енгізуге де, оны жаңғыртып отыруға да қолайлы. ЭО - білім беруде пайдаланатын әдебиеттердің жаңа буыны, жаңа өкілі. Ол дәстүрлі оқулықтардың барлық жетістіктері мен компьютерлік технологияны бір-бірімен байланыстыру арқылы жасалған білім берудің қажетті құралы. Сондықтан ЭО-ны жасауда оқытушының шығармашылық ізденісімен қатар белгілі бір дәрежеде компьютерді қолдана алу мәдениеті де жетілуі тиіс. Сапалы, жан-жақты жетілген, көрнекті ЭО-ны дайындау үшін, оқытушы ойының толық жүзеге асуы үшін соңғы технологиялық құралдар да қажет болады. Мұндай техникалық құрал-жабдықтар білім беру ұйымдарына кейінгі кездері қажетінше алынуда.
Электрондық оқулықтың мазмұны оқушының зерделі ойлау қабiлетiн дамытуға бағытталуы қажет және оның мына қасиеттердi қанағаттандыруы жеткiлiктi:
- қисынды ойлау жүйесінің қалыптасуы;
- жинақтылық;
- жүйелiлiк;
- эстетикалық көркемдiлiгi;
- жылдамдылығы және т. б.
Электрондық оқулықтар ара қашықтықтан оқыту формасына негiзделiп жасақталады және оны жүзеге асыру үшiн қолданылады.
Осы уақытқа дейiн бақылаушы, жаттықтырушы, модельдеушi, дидактикалық ойындар сияқты қолданбалы программалар қолданылып келдi. Бұл программалар оқушының өздiгiнен оқып-үйренуiне және өзiндiк жұмыс жасау қабiлетiн дамытуға мүмкiндiк бередi.
Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтiндiк ақпараттан гөрi графиктiк ақпарат көбiрек қамтылуы керек, себебi ол оқушының ақпаратты тез, әрi көрнекi түрде қабылдауына жағдай жасайды.
ЭО білімді беруді, бағалауда, емтихан кезінде білімді тексеруде, өз бетімен білім алуда тиімді, оқулықтың бір бөлігінен екінші бөлігіне тез арада ауысуға өте қолайлы. ЭО-да оқу материалы мен тестілер, түрлі тапсырмалар, бейне және аудио материалдар, слайдтар қамтылады. ЭО-ға енгізілген суреттер, графикалық, аудио, бейне материалдар оқушыға беріліп отырған білім мазмұнын жан-жақты әр қырынан тануына мүмкіндік береді. Графикалық құралдар білімнің көрнекілік арқылы жоғары деңгейде берілуін қамтамасыз етсе, мультимедиа лабораториалық практикумды ұйымдастырады. ЭО оқырманның есту, көру мүшелеріне және эмоциясына ерекше әсер етіп, оқырманның материалды оқып, түсінуін жеңілдете түседі. Сондықтан ЭО арқылы бала танымына, оның қабылдауына, зейініне ерекше ықпал етіп, пән мазмұнының толық түрде меңгерілуіне қол жеткіземіз. Ал оқытушы ЭО-ны пайдалану арқылы сабағын жоғары кәсіби деңгейде өткізе алады. Сонымен қатар ЭО қашықтан оқытуды ұйымдастыруда өте тиімді құралдардың біріне жатады. ЭО алдына бірнеше міндеттер қояды:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz