Тарихи хроника


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Тарихи хроника

Сақтар

Ар­хе­оло­ги­ялық мәлімет­тер бойын­ша сақ тай­па­лары Қазақстан аумағын б. з. б. VII-IV ғғ. ме­кен­де­ген. Сақ тай­па­лары әр түрлі аталған. Сақтар­ды ежелгі грек ав­торла­ры «Ази­ялық скиф­тер», пар­сы ес­керткіштерінде «Құдіретті ер­кектер», Иран жаз­ба­ларын­да «Жүйрік ат­ты тур­лар» деп атаған. Сақтар­да негізінен әске­ри қоғам бол­ды. Сақтар­дың эт­номәде­ни аре­алы­на көпте­ген тай­па­лар кіреді. Олар­дың нақты са­нын белгілеу мүмкін емес, грек де­рек­терінде - да­илар, мас­са­гет­тер, ис­се­дон­дар, т. б., пар­сы де­рек­терінде - сақ-ха­омо­вар­га, сақ-тиг­ра­ха­уда, сақ-па­рада­райа деп ата­лады.

Сақ тай­па­лары­ның қоныс­та­нуы

Сақ топ­та­рының аты
Ме­кен­дері
№: 1
Сақ топ­та­рының аты: Теңіздің арғы жағын­дағы сақтар (па­рада­райа)
Ме­кен­дері: Қара теңіздің солтүстігі, Арал теңізінің маңын­да, Сыр­да­рия мен Әму­дари­яның төменгі ағысын­да
№: 2
Сақ топ­та­рының аты: Шо­шақ бөрік ки­етін сақтар (тиг­ра­ха­уда)
Ме­кен­дері: Сыр­да­ри­яның ор­та ағысы, Тянь- Шань­да, Жетісу­да
№: 3
Сақ топ­та­рының аты: Ха­ома су­сынын дайын­дай­тын сақтар (ха­ума­вар­га)
Ме­кен­дері: Мур­габ аңғарын­да өмір сүрді

Сақтар­дың ант­ро­поло­ги­ялық типі еуро­пе­оид­ты бол­ды. Со­нымен қатар моңғоло­ид­тық эле­мент­тердің етек жа­юы күшейді. Ба­тыс Қазақстан­дағы сав­ро­мат-сар­маттар сақтарға ту­ыс­тас келді.

Сақтар­дың қоғам­дық құры­лысы. Алғашқы қауым­дық қаты­нас­тар ыды­рап, әске­ри де­мок­ра­тия құры­лысы­ның пай­да бо­ла бас­таған ке­зеңі.

Бүкіл тай­па мүше­лері сай­лаған тай­па көсемі - бас қол­басшы бол­ды. Олар тай­па­ны да басқарып отыр­ды. Әр көсем өз тай­па­сының қару­мен, азық-түлікпен қам­та­масыз етілуін қадағала­ды, тай­па аты­нан келіссөз жүргізіп не­месе келісімге келіп отыр­ды. Тай­па одақта­рының көсем­дері ру мен тай­па ара­сын­да жайылым және көшу­ге қажетті жер бөлу ісімен ай­на­лысып, осы жер­лерді пай­да­лану ере­жесін анықта­ды. Со­нымен қатар олар жер да­уын шешіп, ру­лар мен тай­па­лар ара­сын­да қақтығыс ту­ып кет­пеуін қадағала­ды. Сақ әйел­дері қоғам­дық өмірге бел­се­не қатыс­ты және ер­кектер­мен бірге соғыс­ты. Тіптен олар­дың кейбіре­улері тай­па көсем­дері бо­лып та сай­лан­ды

Әске­ри де­мок­ра­тия тап­тық қоғамға өту ке­зеңі бол­ды. Де­мек, сақтар мем­ле­кет құру ісінің та­бал­ды­рығын­да тұрды. Бұл құбы­лыс оты­рықшы ха­лықтарға қараған­да, көшпелілер­де кешірек пай­да бол­ды.

Сай­ла­нып қойылған көсем­дердің қолы­на аза­мат­тық және әске­ри билік шоғыр­ланды, әске­ри жа­сақтар құрыл­ды. Сақ бірлестігін хан басқар­ды. Әрбір тай­па бірлестігің өз ха­ны бол­ды. Хан мұра­герлік жол­мен сай­лан­ды. Егер хан өлсе, оның ор­ны­на ұлы, ал кәме­лет­ке тол­маған не­месе мүлде бол­маған жағдай­да хан­ның ең сенімді әйел­дерінің бірі ел басқар­ды.

Хан ел­ба­сы, ел мен жердің иесі, бас қол­басшы са­налған. Хан­ның жа­нын­да ірі-ірі тай­па бас­шы­лары және әйгілі ба­тыр-қол­басшы­лар­дан тұра­тын хан кеңесі жұмыс атқарған.

Маңызы бар мәсе­лелер ха­лық жи­налы­сын­да талқыла­нып, оған әйел­дер де қатыс­ты. Малға же­ке меншік пай­да бол­ды. Соғыс негізінен тай­па көсем­дері үшін пай­да­лы еді. Осы­лай мүлік теңсіздігі шықты. Тұтқын­дар құлға ай­нал­ды­рылып, үй ша­ру­ашы­лығын­да жұмыс істеді. Бұл ке­зеңдегі құлдар­дың көбі ер адам­дар бол­ды.

Сақ қоғамын­да өмір сүрген адам­дардың үш то­бы ерек­ше­ленді: жа­уын­герлер, абыз­дар және басқа қауым адам­да­ры (мал­шы­лар мен егіншілер) . Әрбір қоғам­дық топ­тың дәстүрлі өз түсі бол­ды. Жа­уын­герлердікі - қызыл, абыз­дардікі - ақ, өзге­лердікі - са­ры және көк.

Ша­ру­ашы­лығы. Сақтар, негізінен, мал ша­ру­ашы­лығымен ай­на­лыс­ты. Мал ша­ру­ашы­лығының 3 түрі бол­ды:

көшпелі мал ша­ру­ашы­лығы Ба­тыс және Ор­та­лық Қазақстан­да өріс ал­ды.

қыс­тық және жаз­дық қоныс­тарды қажет ететін жар­ты­лай көшпелі мал ша­ру­ашы­лығы - Ал­тай, Тянь-Шань та­ула­рын­да, Жетісу, Шығыс Қазақстан­да көп та­рады.

оты­рықшы мал ша­ру­ашы­лығы (жар­ты­лай егіншілікпен ай­на­лысқан) . Ша­ру­ашы­лықтың мұндай түрі Оңтүстік Қазақстан­дағы Сыр­да­рия, Ке­лес, Шу өзен­дерінің аңғарын­да да­мыды. Сақтар жылқы, қой, түйені өте көп өсірді, ал ірі қара (си­ыр) са­ны аз бол­ды.

Сыр­да­рия өзенінің аңғарын­да егін ша­ру­ашы­лығымен ай­на­лыс­ты. Би­дай, та­ры, қара­бидай өсірді. Егінді ка­нал арқылы су­ар­ды.

Сақ за­манын­да доңғалақты көлік түрлері да­мыған. Мұндай ар­ба­ларға өгіз, ат және түйелер жегілген. Соғыс және аңшы­лыққа ар­налған күй­ме­лер, негізінен, екі доңғалақты болған. Сақ тай­па­лары қосалқы кәсіп ретінде аңшы­лықпен және ба­лық аула­умен ай­на­лысқан.

Сақтар­дың өнері мен са­уда­сы. Сақтар­да кейіннен қолөнер мен са­уда да­ми бас­та­ды. Ше­бер­лер ер-тұрман, әше­кей, най­за, сем­сер, қан­жар т. б. жа­саған.

Қолөнер жақсы да­мыды. Мыс, ал­тын, күміс, қорғасын т. б. ме­тал­дарды көп пай­да­ланған. Со­нымен қатар теріден, ағаш­тан, қыш­тан ыдыс­тар жа­саған.

Сақ тай­па­лары Сібір, Еуро­па, Ал­тай және Шығыс ел­дерімен бай­ла­ныс жа­сады. Са­уда Жібек жо­лы және б. з. б. 1 мыңжыл­дықтағы «Да­ла жо­лы» арқылы да­мыды.

Сақ жа­уын­герлері. Пат­ша­лар жа­уын­герлер то­бынан шықты.

Сақ жа­уын­герлерінің ерлігі ту­ралы көпте­ген де­ректі әңгіме­лер бар.

Сақтар б. з. б. 519-518 жыл­да­ры пар­сы­лар­мен соғысып, I Да­рийдің әскеріне қар­сы ерлікпен шайқаса­ды. Сақтар пар­сы­лар­мен бірге Гре­кия, Еги­пет жеріндегі соғысқа қаты­сады.

Сақтың әйел пат­ша­сы То­мирис пар­сы пат­ша­сы Кирдің әскерін жеңген. То­мирис адам қаны тол­ты­рылған мес­ке Кирдің ба­сын са­лып тұрып: «Аңсағаның қан бол­са, ал енді іш!» - деп ай­та­ды.

Б. з. б. IV ғ. Алек­сандр Ма­кедонс­кийдің Ор­та Азия жеріне жо­рығы бас­талды. Ол б. з. б. 330-327 жыл­да­ры Сыр­да­ри­яның сол жағын­дағы өңірлерді түгел­ге жуық ба­сып алып, Шеткі Алек­санд­рия қала­сына са­лады.

Алек­сандр Ма­кедонс­кий шығыс­ты жа­улап ала­ды, бірақ Сыр­да­ри­яның оң жағын­дағы сақтар­дан жеңіледі.

Мәде­ни­еті. Б. з. б. VII ғ. Ба­тыс Сібір, Қазақстан, Еділ бойы және Еуро­паның оңтүстігіндегі да­лалы ай­мақтар өнерінде аңдық стиль пай­да бол­ды. Оның бас­ты тақыры­бы аңдар мен аңыз­дардағы құбы­жықтар­ды су­рет­теу еді. Мұндай бей­не­лер­мен қола қазан­дар, әр түрлі құрбан­дық зат­та­ры, қару-жа­рақтар, ат әбзел­дері мен киімдер әше­кей­ленді.

«Аңдық стиль» өнері оңтүстік дәстүрінің ықпа­лымен қалып­тасты. Оны­мен сақтар Ал­дыңғы Азия мен Иранға жа­саған жо­рықта­рын­да та­ныс­ты. Осы жер­лерден сақтарға «өмір ағашы» дейтін арыс­тан бей­несі та­рады.

Еура­зия көшпелілері да­мудың ұзақ жо­лынан өтті. Олар­дың бай фоль­кло­ры бол­ды. Ми­фоло­гия - әлем, оның құры­лымы ту­ралы күрделі түсінік бо­лып та­была­ды.

Сақтар та­биғат күштері - күнге, жел­ге, күннің күркіреуіне, най­зағайға та­бын­ды. Бұлар­ды құдай­дың ісі деп са­нады. Сақтар­дың түсінігі бойын­ша, құдай әр түрлі жа­ну­ар­лар бей­несінде өмір сүрді.

«Аңдық стиль» өнерінің негізі - ежелгі аңыз­дарда сақталған, адам­ның әр түрлі жа­ну­ар­лардан шыққан­дығы ту­ралы түсініктер­мен бай­ла­ныс­ты. Адам өз тегін та­биғат­пен бай­ла­ныс­ты­рып, өздерін со­нын бөлшегі деп есеп­теді. Әрбір ру тай­па­ның шыққан тегі: бұғы, қасқыр, арқар, жол­ба­рыс, да­ла бүркіті т. б. аңдар бо­лып есеп­теліп, сон­дықтан аң бей­не­лері бар зат­тар қаси­етті тұмар не­месе бойтұмар са­нал­ды.

Қару-жа­рақтағы аң бей­несі шайқас кезінде жа­уын­герге рух беріп, оқ да­рыт­пай­ды, жеңіске бас­тай­ды деп сенді.

Көркемдік шығар­ма­шылықтың бұл түрі да­мудың шегіне жетіп, III-II ғғ. шы­найылық негізін жоғал­тып, ою-өрнектік кескінге ай­нал­ды.

Сақтар­дың әлемнің құры­лымы ту­ралы да айқын түсінігі бол­ды. Олар үш әлем: жер асы әлемі (төменгі), ор­та - жер әлемі, жоғары - көк не­месе ас­пан әлемі бар деп есеп­теді.

Сақтар­дың ар­хе­оло­ги­ялық ес­керткіштері. Шы­рыққабат - апа­си­ак­тардың («су жағасын ме­кен­де­ген сақтар») ас­та­насы. Бұл қала қазіргі Қызылқұм шөлінде, жерді алып жатқан төбе­де ор­на­ласқан. Қала­ның ор­ны­нан көпте­ген ду­ал, мұна­ра құры­лыс­тар та­былған.

Сақтар­дың ар­хе­оло­ги­ялық ес­керткіштерінің бірі - Ба­быш мол­да қала­сы.

Ал­ма­ты об­лы­сын­дағы Есік қорғаны - б. з. б. VI­II-IIIғғ. сақ мо­ласы. Бұл мо­лада әрі жа­уын­гер, әрі мал­шы, әрі абыз адам жер­ленген. Ол ал­тын адам деп аталған. Оны­мен бірге қару-жа­рақ, басқа да ша­ру­ашы­лық құрал­дар көмілген.

Ежелгі грек та­рих­шы­сы Ге­родот сақтар жай­лы көп та­рихи де­рек­тер қал­дырған.

Ал­тын адам.

Ал­тын киімді сақ жа­уын­герін 1969 жы­лы Жетісу жерінде, Есік қорғаны­нан ар­хе­олог К. Ақышев тапқан. «Ал­тын адам» зерт­те­ушілердің пікірі бойын­ша б. з. б. VII-III ғасыр­ларға, ер­те темір дәуіріне жа­тады. Оның жа­сы 17-18-де, бойы ша­масын­да болған. Сақ көсемі мүрдесінің ба­сы ба­тысқа қара­тылып жатқызы­лып­ты. Есік қорғанын­дағы екі қорым­ның біреуі ер­те­рек­те то­налған екен, ал екіншісі аман қалған.

Есік қорғаны­ның ди­аметрі 60 м, биіктігі 6 м, тас пен то­пырақ үйіндісінен тұрғызылған. Қабірдің оңтүстік және ба­тысы­нан ыдыс­тар, зер­герлік бұйым­дар та­былған. Қабірдің бетін ағаш қақпақпен жа­уып, темір құрса­улар­мен бекіткен, сақ көсемінің киімі 4 мыңға жуық ал­тын әше­кей­лер­мен бе­зендірілген. Он­дағы ба­рыс, бұлан, та­уте­ке, арқар, жылқы түрлі құстар­дың бей­не­лері аң стилінде үлкен ше­берлікпен жа­салған. Со­нымен қатар ал­тын алқа, көз салған ал­тын сырға және қазіргі қазақтар­дың бас киімдеріне ұқсас шо­шақ төбелі, биіктігі 70 см-ге же­тетін бас киімі та­былған. Сақ көсемінің қолын­да екі ал­тын жүзік, белінде құрас­тырма­лы кісе бел­беуі болған. Ал­тын плас­ти­налар жап­сы­рылған қынапқа са­лынған темір қан­жар (аки­нак), қызыл қынап­ты ұзын сем­сері та­был­ды. Сақ жа­уын­герінің шал­ба­ры да ал­тын тоғалар­мен әше­кей­лен­ген. Бұл ал­тын адам­ды жер­леу дәстүріне, киім үлгісіне қарап, сол за­ман­да Жетісу жерін ме­кен­де­ген сақтар­дың жас көсемі, әскер­ба­сы болған де­сек күмән туғыз­бай­ды. Ал­тын адам­ның жа­нынан та­былған күміс тос­таған­дағы таңба­лар сол за­ман­ның өзінде Жетісу сақта­рын­да жа­зу болған­дығын байқата­ды. Тек бүгінгі күнге дейін ол жа­зуды ғалым­дар оқып ажы­рата ал­май отыр. Со­нымен қатар та­былған көне жәдігер­лер сақ за­маны­ның ма­тери­ал­дық мәде­ни­еті, өнері, ми­фоло­ги­ясы ту­ралы мол мәлімет­тер алуға мүмкіндік бе­реді. «Ал­тын адам» сақ елінде өз за­маны­на сай өрке­ни­еттің болған­дығын дәлел­дейді.

Үйсіндер

Шығу тегі мен ор­на­ласуы. Б. з. б. I ғ. аяғын­да Қазақстан да­лала­рын­да сақ тай­па­ларын ығыс­тырған жаңа тай­па­лық одақтар пай­да бол­ды. Бұлар - үйсіндер, қаңлы­лар, сар­маттар, алан­дар.

Жетісу­дағы сақ жер­лерін б. з. б. II ғ. Ор­та­лық Ази­ядан кел­ген үйсін тай­па­лары ме­кен­деді. Бұл тай­па­ның шыққан тегі әлі түгел­дей анықталған жоқ.

Үйсіндердің негізгі ор­на­ласқан жері Іле да­ласы. Ба­тыс ше­кара­сы Шу мен Та­лас өзен­дері арқылы өтіп, қаңлы­лар жерімен ас­та­сып жатқан. Шығыс­та үйсіндер ғұндар­мен ше­кара­лас бо­лып, оңтүстікте Ферғанаға дейін со­зылған.

Үйсіндер ас­та­насы - Қызыл аңғар қала­сы. Үйсіндер мем­ле­кеті 3 бөлікке: шығыс, ба­тыс, ор­та­лық бөліктер­ге бөлінді. Мем­ле­кет бас­шы­сының ла­уазы­мы жаз­ба де­рек­терде гунь­мо деп аталған. Олар жайылым, са­уда жо­лы үшін қаңлы, ғұндар­мен ұзақ соғыс­ты. Қытай­мен кең дип­ло­мати­ялық және ту­ыс­тық қаты­нас­та бол­ды.

Ша­ру­ашы­лығы. Үйсіндер мем­ле­кеті жар­ты­лай көшпелі ел болған. Мал бағып, жер өңде­уді кәсіп ет­кен. Мал ша­ру­ашы­лығы үйсіндер өмірінде маңыз­ды рөл атқар­ды. Қыс­тау мен жазғы жайылым­ның ара қашықтығы - 30-100 шақырым ара­лығын­да бол­ды. Сон­дықтан да үйсіндер қыс­тау мен жай­ла­уда, со­нымен қатар тау бөктеріндегі жайылым­да­рын­да ұзақ уақыт оты­ра ала­тын. Ол жер­де тұрақты бас­па­на сал­ды, егін, бақша екті. Бірте-бірте жиі бо­лып тұра­тын жұт мал­дың жұқпа­лы ауруы, үздіксіз соғыс сал­да­рынан мал­дан айырылған ха­лықтың бір бөлігі тұрақты оты­рықшы­лыққа көшу­ге мәжбүр бол­ды.

Сол кездің өзінде-ақ күнделікті тұрмыс­та жер өңдейтін тас тыр­ма, қол­дан жа­салған қол орақ пай­да­ланылған. Тас­тан жа­салған қол диірменнің та­былуы - сол за­ман­дарда өмір сүрген тұрғын­дардың дәнді дақыл­дармен қорек­тенгендігінің бір дәлелі.

Үйсін мем­ле­кетінде малға же­ке меншік бол­ды. Ру, тай­па­лар­дың жайылым­да­ры иеліктер­ге бөлініп, қазы­на-бай­лық тай­па көсем­дерінің қолы­на жи­нақтал­ды.

Билік мұра­герлік жол­мен әке­ден ба­лаға ми­расқор­лық сал­ты бойын­ша ауысып оты­рады. Оған жоғары­да аталған ру, тай­па көсем­дері бағынған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ілияс Есенберлиннің өмірі және шығармашылығы
ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН (1915-1983)
Хабар жанрларының тақырыптық шеңбері
Рональд Рейган
Ілияс Есенберлин туралы
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАННЫҢ ӘДЕБИ-СЫН ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Айқап журналы мен Қазақ газеті
31-арнадағы «Информбюро» ақпараттық қызметі
Шығарманың көркемдік ерекшеліктері
Сәкен Сейфуллин жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz