Туған жер-алтын бесігім. Отты жылдар мәңгі есте


Мазмұны
Алѓысµз
1-тарау. Туған жер-алтын бесігім
2-тарау. Есейіп ер жеттім ел ішінде
2. 1 Наѓашы ж±ртым с‰йенішім
2. 2 Атаќты батыр Т‰ркебай туралы бірауыз сµз
2. 3 Балѓын балалыќ шаќтаѓы кездерім
3-тарау Отты жылдар мєњгі есте
3. 1 1945-1947 жылдар аралыѓында
3. 2 Елге оралу
3. 3 1947-1955 жылдар аралыѓында
4-тарау Шањыраќ шаттыѓы
Алғы сөз
Әр адамның өмірінде мәңгі есте қалар қадау-қадау елеулі оқиғалы өмір өткелдері болады. Ондай өмір кезеңдерінен алған ғажайып әсер, сол тұнық, пәк қалпында сурет сияқты жадында сақталады. Әрине, бұл фәни ғұмырдағы өмірде адам шыр еткен сәби кезінен, еңкейген қарттық дәуіріне дейін, талай-талай ащылы-тұщылы кезеңдерден өтуі керек.
Адам баласы ұзақ ғұмырында, көп өткелден өтеді, жақсыға сүйінеді, жаманнан безінеді, ауыртпалыққа шыдауға да мәжбүр. Әкем Нұралы 1925 жылы Қазақстанның Оңтүстік өңірінде дүниеге келді. Әкемнің сауаты асып-тасымаса да, өз өмірі жайлы жазған қобдишасынан, «Ғұмырнамасын» тауып алып, өңдеп, өмірлік есебі іспетті алдымен өзі үшін, қала берді ұрпағы үшін, өткен-кеткен көріп-түйгені сабақ болуы үшін, алғырлығын, әділеттілігін, төзімділігін, қара сөзге шешенділігін ұғып сүйсіну үшін өмірлік естелік ғұмырнамасын бала-шағасына, ағайын-тустарына, жора-жолдастарына, құда-жекжаттарына ұсынып отырмыз.
I Тарау. ТУҒАН ЖЕР-АЛТЫН БЕСІГІМ
Азды-көпті біраз өмір жолынан өткенім анық. Сол өмірден көріп-білгенді әңгімелеу және айтып беру де бір сын екен. Әр адам өзінің шыққан тегін жетік білсе жетесіз болмас деген бар.
Сондықтан ғұмырнамамның үзік сырын туған жерден бастайын. Атам қазақ «Кір жуып, кіндік қаны тамған жер» деп туған жерін аса қатты бағалаған: Осы «Туған жер», «Атамекен», «Ата жұрт», «Отан» деген аса қасиетті ұғымдардың әрқайсысының астарында ұлағатты ой, жаныңды тебірентер перзенттік ұлы сүйіспеншілік сезімдер жатады. Ата бабаларымыз нәресте шыр етіп жерге түскенде аспан әлеміндегі самсаған сан жұлдыздардың қатарында жаңа бір жұлдыз жарқ етіп жанып, нәрестенің жас қаны тамып, табы қалған жерден бір түп шөп өніп шығады-мыс деген. Аспандағы туған жаңа жұлдыз дүниеге келген нәрестенің өмірлік шырағы болса, кіндік қаны тамған жерден өсіп шыққан бір түп шөп оның өмірлік несібесі деп жақсыға жорыған. Ананың кіндігінен ажыраған нәресте жер ананың кіндігімен мәңгі бақи қауышады. Анасының құрсағынан пәк болып келген перзенттің енді осы жер бетіндегі фәнилік ғұмыры басталады деп пайымдайды дана бабаларымыз. Дүние есігін ашқан жұмыр басты пенденің өз өмірінде әлемнің талай жерін шарласа да, қайда қашан да туған жері, кіндік кескен жері біреу-ақ болатыны, оның аса ыстық болатыны да шындық.
Мен кең байтақ Қазақстанның Оңтүстік өңірінде мұсылманша сиыр жылы дүниеге келдім. Мені туғанда қар еріп, мал көкке тойған не наурыз, не көкек айы болса керек. Ал енді мен кімнен тудым, ата-тегім кім? Өзімнің ғұмырнамамда «әке-шешем» бәленше, «нағашым» түгенше деп бір ауыз сөзбен келте жауап қайырудан гөрі ата-баба салтымен ата-тегімді әріден қозғап, толығырақ баяндап беруді жөн көрдім. Атам қазақ «жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер», - деп ата-тегін білетін ұландарын мақтаса, «жеті атасын білмеген, жетесіз», - ата-тегін білмейтіндерін айыптап сөйлейтіні белгілі. Өйткені, қазақ кеше ғана қырық рудан құралып, бірін-бірі білісу арқылы табысып, ұғысу арқылы жұғысып, қыз алу, қыз беру арқылы құдаласып, туыстасып бір тұтас қауым болған халықпыз ғой.
Менің ата-бабамның, я болмаса өзімнің шыққан тегімнен бастайын. Мен орта жүздің Қоңырат руынан тараймын. Қоңырат - таза далалық арғымақтарды өсірудің шеберлері. Көненің көзін көрген қариялардың әрқайсысынан құлақ қойып тыңдап отырсақ, әрқайсысы әр түрлі әңгіме айтады.
Қазақ шежіресіне сүйенсек алты ата Оразгелдінің бір атасы Тиекті болады. Тиекті Жығалыдан қалған Қожахметтің баласы еді. Қожахметті Нағанай (Қоңырат) үйлендірген. Себебі Жығалы қайтыс болған соң Қожахмет Нағанайдың қолында қалған. Қожахметтен қалған бір қыз Қарашаш және бір ұл есімі Әлібек. Қарашашты әкесі хан Жәнібекке ұзатқан екен. Хан қайнысы Әлібекке алтын тиекті шідерін сауға еткен, содан бастап одан өрбіген ұрпақтары тиекті атанып кеткен екен. Әлібектің екі баласы болған.
Ақкісі
Әлібек
Сеңкебай
2) Сеңкебайдан Өтеқүл
Өтеқүлдан Байқораған, Қожан, Ескелді туған.
- Ақкісіден Кенжемерген
Кенжемергеннен Жалмамбет
Жалмамбеттен Айтқожа, Андақұл, Ақынабай, Бозаттар туылған.
Осы жоғарыда аты аталған кісілердің ішіндегі менің бабам Андақұл. Андақұлдан Алай мен Көкі туылған. Мен, Алайдан тараймын.
Алайдан Бекбаулы, Мылтықбай, Оразхандар тарайды.
Бекбаулыдан Садыр.
Садырдан Әбді, Ыбырайым, Раманқұл, Құрбан туған.
Менің бабамның бабасы Андақұл деп айтып кеттім жоғарыда.
Енді Андақұлдан тарайтын кісінің бірі Әбді. Әбдінің бірінші
әйелінен үш ұл бар. Олар: Өтеп, Төребек, Бердібек және бес қыз болған. Сара, Құндыз, Бибіажар, 2-ін білмеймін. Ал, екінші әйелінен Қасымбек және бір ұл болған.
Әбдінің інісі Ыбырайымнан Ниязбек, Насырбек, Сейдазым, бұл үшеуінің шешесі бір ал Нұрыштың әйелінен бір ұл аты Жұман.
2) Ниязбектен ешқандай тұқым қалмаған. Насырбектен жеті-сегіз перзент болған. Олардың көбісі тұқымсыз кеткен, тек Әділбек деген ұлынан бір бала қалған, аты - Балтабай.
3) Сейдазымнан тарайтындар: Садық. Өтей.
Садықтан Тұрсынбай, Абай, Базарбай.
Өтейден Әмірбек, Төлеген және екі қызы бар-Ұлтуаш, Қарлығаш.
Төребектен ешкім қалған жоқ.
Бердібектен Тұрдалы, Тәлтібек және мен, және қыздар болған-Әліше, Күлән, Толқын.
Қасымбектен Шәріп, бір қыз Назым бұлардын тұқым қалмаған. Менің анам Қасымбек қайтыс болған соң, ініс Бердібекке әмеңгерлікке бас қосады. Бердібектен үш қыз және мені дүниеге алып келді. Қасымбектің есімін өшірмеу үшін мен және балаларым Қасымбековтер әулеті болып жызылып келеді.
Әмірбектен Ердалы, Серік тарайды.
Ердалыдан ұлы Әсіре, қызы Орынкүл.
Серік жастайынан қайтыс болып кетті. Одан бес ұл бар. Төлегеннен ешкім қалған жоқ. Жоғарыда айтылып өткен Бердібектің ұлы Тұрдалы - Ілесбек және үш қыз бар. Әшірай, Ұлданай, Орынкүл.
Менімен туысқан үш қыз бар. Олар - Рақия, Үмітай, Ұлбала.
Үлкен әпкем Рақияның алғашқы жұбайы, менің анамның нағашы жұрты болатын. Ол Отан соғысынан келгеннен кейін қайтыс болды. Одан бір ұл қалған, есімі Әсембай. Екінші жұбайынан төрт бала: Көбей, Бегей, Малик, Жолбарыс және екі қыз. Мырзақыз, Әлима. Балаларының бәрі өз алдына отбасы болып кеткен. Ал екінші әпкем Үмітай. Оның бір ұлы Жасұзақ, бір қызы Тұрсынкүл. Бұл әпкем соғыс кезінде ауыл кеңесінің төрайымы болған, сол кезден бастап партияның мүшесі болған. Баласы үйленіп, балалы-шағалы болып кеткен. Ал анамның сүт кенжесі Ұлбала да өз алдына отау құрып, немерелі-шөберелі болып кетті.
Ал енді өзімнің жеке отбасыма тоқталайын. Менің құдай қосқан қосағым Орынкүл екеуіміз үш ұл, жеті қызды дүниеге әкелдік. Өзімнің шамам жеткенше балаларыма жоғары және орта білім алуына көмектестім. Менің ұлдарым дүниеге келгенде есімдерін қоярда көбірек ойланып, мән бердім. Қазақта мағынасы жоқ түсініксіз есімдер жиі кездеседі ғой. Ал мен ұлдарымның есімдерін қазақ халқының шежіресіндегі жүздердің қауымдық ұранымен атауды жөн көрдім. Ұлы жүздің қауымдық ұраны «Ақ-арыс» болуының себебі, оның мәндік түсінігі «жиынтықтылық», «жинақылық» ұғымын береді екен. Орта жүздің ұраны «Бек-арыс» рухани тұтастылықтың мәндік негізі болса, Кіші жүздің ұраны «Жан-арыс» еріктіліктің, еркіндіктің, бостандықтың, әділеттіліктің мәндік негізін құрайды. Ұлдарымның есімдері: Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс атына заты сай болар деп, ұрпағымды олардың ұрпақтары ғасырдан ғасырға жалғастырар деп сенемін . . . Ал қыздарымның есімдері: Артық, Ақбала, Шолпан, Несібелі, Раушан, Құттықыз, Айнұр. Алдыңғы бесеуі өз алдарына отау тігіп, немерелі болып кеткен. Құттықыз бен Айнұр Алматы қаласында тұрады және кіші ұлым Жанарыс Елордасы Астанада тұрып, сонда қызмет істейді. Өзімнен тарайтын ұл-қыздарыммен немерелерімді есептегенде қырықтай және жиен алты шөберем бар. Жұбайым Орынкүлмен 45 жылдан астам бірге өмір сүріп отырмыз. Екеуміз өмірдің ащысын да, тұщысын да көрдік. 80 жасқа келіп қалдым. Өмірдің тауқыметін де, тақсыретін де, қуанышын да көрдім. Ал енді қанша өмір сүруім бір Алланың қолында.
II-Тарау. ЕСЕЙІП ЕР ЖЕТТІМ ЕЛ ІШІНДЕ.
Нағашы жұртым сүйенішім
Қазақ атам: «Үйдің жақсы болғаны ағашынан, жігіттің жақсы болғаны нағашысынан», - деп бекер босқа мақалдатпаған болса керек. Қазақ дәстүрінде ер азаматтың кейде өз жұртынан гөрі нағашы жұртына жиен ретінде өзін еркін ұстап, еркелеп өсуі де, ал нағашылардың оның еркеліктерінің бәріне көніп айрықша бір қамқорлық сезіммен қарайтыны, сайып келгенде жігіттің туған анасына ана бойына тән ізгі қасиеттерге деген сезімі, яғни сол арқылы оның барша туыстарына, яғни төркіндеріне деген ықыласының терең сыйластыққа ұласуына байланысты болса керек. Адам бойындағы абзал қасиетті де, қасиетсіздікті де, тектілік пен тексіздікті де, қазақтың нағашы әулетінен көретіні, міне осыдан болса керек. Мен нағашымның қолында көбірек өстім, сондықтан солар туралы көбірек жазуға тура келеді. Бірінші анамның шыққан тегінен бастайын. Шешемнің аты Олаш (Оңласын) . Ол көктің ұлы Қаракөсе деген рудан шыққан. Оның шыққан тегі беделді, атақты, дәулетті кісілер болған. Әкесі Бегімбет 1912 жылы 67 жасында дүние салған. Сол кезде анам тұрмыс құрған болатын, сондықтан әкесін іздеп бара алмаған. Әкесі науқастанып «жерте» деген аурудан көз жұмған. Бегімбеттің әкесі атақты Түркебай батыр - Қаракөсенің ұрпағынан болатын. Бұл атақты батыр туралы Майлықожа ақынның өлеңдерінде айтылған деген сөз бар. Енді Түркебай батыр туралы сөзге тоқталайын. Бұл әңгімені 1956 жылдың көктем айында өз елімді аралап, жүріп бір ақсақалдың аузынан естіген болатынмын. Бір жиында ақсақал әңгімесін айтып еді. Қарттың ескіше сауаты бар ел арасында сөз ұстар көне көз қария екені байқалды. «Тайман қарт өздеріңе белгілі осы Көктөбеде алты ата көктің ұлдарының бірі. Соның ішінде Қаракөсе деген бір атамыз бар. Бұлардың өзі іштей бірнеше атаға бөлініп кетеді. Бәйбіше, Тоқал, Қарауыл, Тоғай. Солардың ішінде бәрінен көп өсіп-өнгені Тоқал атасы, бұл атадан би де батыр да шыққан. Ел ішінде «бай құт емес, би құт» деген сөз бар. Нар көтермеген ауырды би көтереді. Ел шетіне жау шапқанда қолына қару алып жауға шабар батыр некен-саяқ болған. Ол тек өз руы үшін ғана емес, өз заманының, өз тұсындағы елдің жерін, ата-баба жерін, намысын қорғар қорғаны болған азаматты ел батыр деп атаған. Олардың батырлығы, ерлігі, ержігіттілігі кейінгі ұрпақтарға ұран болып ел аузында аңыз болып сақталған. Қаракөсе руының Тоқалынан шыққан Түркебай батыр еді. Ол Қоқан хандығы кезінде өмір сүрген. Қоқан хандығы кезінде залым хан халқымызды қан қақсатқан қанаған, қазақтың малы тұрсын, қыздарын да басынған, оның бетіне ешкім қарсы шыға алмаған. Ханға қарсы қазақтардың басын қосуға киелі кісі шықпаған. Міне, сол кезде Түркебай батыр елді басқарып, қолына ту ұстап, ханға бірінші соққы берген адам. Әсіресе ең бір жойқын ұрыста және жекпе-жекте көрсеткен ерлік ісі ел есінде мәңгі қалған. Күздің бір мезгілі. Елдің жартысы қыстауына көшіп үлгермеген, жайбарақат кез еді. Жау шабады деген ой елдің ойында да болмаған. Күндердің күнінде түскі уақыт кезінде ауыл сыртында отырған біреулерге аттылы кісі келіп жолығады. Отырған адамдар үйді-үйлеріне қарай жүгіреді. Ауыл тегіс абыржиды. Ер-азаматтар жиналып, қолдарына сол заманның қару-саймандарын алды. Аралары бес-алты шақырым тұратын үйлердің адамдары бір-біріне хабарласып, Түркебай батырдың ауылына жиналған екен. Елдің көбі Сыр бойында, олармен тез хабарласа алмады, яғни көмек күте алмады. Батырдың ауылы құм ішіндегі «Үзенқұдықтан» ұзақтау жерде орналасқан. Осы уақытта Түркебай батыр қасына 200-300 ден астам адам жинап, жауға қарсы бетпе-бет шайқасуға кетеді. Ол жол-жөнекей дәулетті Шегәлі деген кісінің ауылынан мықты деген аттарды алуға келгенде, үлкен сұмдықтың үстіне түседі. Шегәлінің үйір-үйір жылқысымен екі-үш мыңдай қойын, қойшыларын өлтіріп, өлтірмегенін қорлап, қалғандарын қолға түсіріп алып кеткен. Содан бір кісі жасырынып, аман қалып, 3-4 күнде ол елге әрең жеткен. Батыр бастаған топ енді көп күтудің қажет емес екенін түсінеді. Жолда шегініп келе жатқан көштерге кездесе береді. Оларды кейін жіберіп өздеріне қосылатын адамдарды ертіп, арада екі күн өткенде жаудың алдына шығып атой салуға қарсы тұрған қарулы адамдарға кездеседі. Сол жерде жасақталған жауды қарсы алуға бел байлайды. Жау келгенше қару-жарақтарын қайрайды, әр жерге барлаушылар жібереді. Бір күннен соң жаудың бір адамы қолға түседі. Ол алдын-ала істі білуге жіберілген тыңшысы болып шығады, одан көп нәрсені біліп алады. Қолға түскен біздің адамдарды жау өздеріне қосып алған. Жаудың саны төрт есе көп және жақсылап қаруланған. Батыр неде болса, жауды өздеріне ыңғайлы жерде күтуді ойластырады. Келесі күні түс кезінде қарауылда тұрған күзетші олардың келе жатқанынан хабар береді. Астында үлкен қара кер аты бар, ханның қолбасшы батыры, үстінде ақ сауыты бар. Атақты батырға талай жауға шапқан ержүрек батыр керек. Екі батыр бірін-бірі сырттай біледі, іздегенге сұраған. Енді міне кездесудің реті келді. Екеуі «Тайталас» деген жерде жекпе-жекке шығады. Қолдарында найза, қылыштарын кезек-кезек жарқылдатып, ұзақ уақыт бірін-бірі ала алмады. Неше түрлі айла-әдістерге сала жүріп, Қоқан батырын аттан құлатады. Соған қарамастан жау қарсы шабуылға лап қойған. Екі жақтан да найзамен, қылыштан жарақат алын құлап жатқан адамдар. Жау қолына түскен мал-жанды қайтару үшін жан аямай екі жақ та күресіп жатыр. Күн батып қас қарайғанда күресті тоқтатуға дабыл соғылды. Жаудың шегінгені ертеңіне белгілі болды. Батыр айқасқа түскенде астындағы атының кесірінен бірнеше рет ортада қалып қойғанмен де жеңілген жоқ болатын. Түс ауа «Азды-көпті кеткен малға риза болыңдар, жау найзасы бөксемде қалып жарамай қалдым», - деді батыр. Кейбір жігіттер біздің атымызға отырыңыз деп батырға ұсынғанымен оның отырғысы келмейді. Осы кезде оташыларға батыр жаңқаны кездікпен тіліп ал деді. Жаңқаны суырып алғанымен, оның орны біраз күнге дейін жазылмады. Ол сол қоста қалып қойды. Түркебай тобы көп шығындалған болатын. Бірақ бір аптадан соң батыр еліне келіп қосылды. Жауды жеңіп қайтқан адамдардың көбі Сыр бойына көшіп, ел амандығына риза болып, ұлан-асыр той жасады», - деп қария сөзін аяқтады. Қазақстан тарихи деректерінде батыр жайлы көрсетілмеген. Батыр туралы деректер тек Ташкент архивтеріндегі Қоқан тарихына байланысты әдебиеттерден кездестіруге болады.
Енді батырдың ұрпақтары жайлы жазайын. Түркебайдың алты перзенті болған. Бейімбет, Жауғашар, Көлей, Бегімбет, Сыдық, Итім. Ал Бейімбеттің бірнеше ұлдары болған. Олар: Сырым, Марал, Мартай, Сырлыбай. Бірақ көргенім жоқ. Шешем Оңласынның туысқандарына көбірек тоқталып отырмын. Шешем Оңласынның інісі Әшірбек. Әшірбекті ғана көрдім. Әшірбектен екі қыз, бір ұл есімі Тұрым үлкен қызы перзентсіз кетті, ал екінші қызы Тұрсын 1936 жылы туылған. Көтеншінің бір атасы Қайрақ деген руға келін болып түсті. Жолдасы Бекежан өз туыстарының ішінде алдыңғы қатарлы, атақты абыройлы беделі бар азамат. Бекежан мен Тұрсынның төрт ұл және бес қызы бар. Жалпы өсіп-өнген жандар. Әшірбектің ұлы Тұрым 1941 жылы туылған, ұзын бойлы арықша келген, сыртқы бейнесі нағашыларына ұқсайды. Әкесінен төрт жасында қалған. Шешесінің есімі Сейсеп. Ал Тұрымнан төрт ұл, бір қыз: Болат, Бақыт, Марат, Казбек және Мира.
Мен жоғарыда айтып өттім, нағашыларымның ішінде өстім-өндім, сондыктан көбірек тоқталамын. Нағашым Әшірбектің мен үшін орны бөлек. Бұл кісі 1910 жылы туылып, 1943 жылы қайтыс болды. Бұрынғы Қызылқұм ауылына қарасты Шардараның төбесінің қасында жерленген. Өз қолыммен апарып жерледім.
Түркебай батырдың екінші ұлы Жауғашардан Өтенбек және Зікір. Өтенбектен Садуақас, Әбілқас және Күлпаш, Қалдықыз. Қалдықыз бен Әбілқас ерте қайтыс болып кеткен. Садуақастан алты қыз, үш бала бар. Күлпаштан бір бала, бір қыз бар. Өтенбек 1934 жылы туылған. Зікірден екі ұл, екі қыз туылған. Зікірдің ұлы Серікбай 1936 жылы туылған. Серікбайдың төрт ұл, алты қызы бар. Зікір өз жеңгесін әмеңгерлікке алған, одан бір қыз бар, есімі Ақшайы, 1938 жылы туылған. Оның да бірнеше ұл-қыздары бар, яғни өсіп-өнгендер. Зікір әскерге 1942 жылы кетті.
Батырдың үшінші ұлы Итім. Бұл өз заманында шабандоз болыпты. Көкпар тартып жүріп аттан жығылып қайтыс болған екен. Бұл кісіден ер бала болғанмен, одан тараған тұқым жоқ.
Түркебай батырдың төртінші баласы Көлей. Бұл кісіден тек ұл бала бар. Аты Нартай. Бірақ тұқым жалғаспаған.
Бесінші ұлы Бейімбеттен үш қыз болды. Бұл үшеуін де көрдім. Сейсенкүл, Ұлжан, Қызтумас. Сейсенкүлден бір қыз бар аты Айғаным.
Қызтумастан бес ұл бар: ең үлкені Мәлік, Амантұр, Андақұл, Айнамқұл және Амантай қажы.
Қызтумастан туған ұлдардың барлығы алдыңғы қатарлы зиялылар. Төрт ұл Алматыда тұрады. Тек Амантұр Шардарада тұрады. Қызтумас 1979 жылы қайтыс болды.
Түркебай батырдың алтыншы ұлы Сыдықтан ешкім қалмаған.
Менің балғын балалық шақтағы кездерім
Біз анадан үш қыз және мен туылдым. Үш қызды ішіндегі жалғыз ұл деп анам мені еркелетіп өсірмеді. Мен дүниеге келгенде бізде дәулет жеткілікті болды. Сол кездегі ру арасындағы өзара алакөзділік, түсінбеушілік болып жатты. Мен ол кезде он төрт жастағы кезім болатын. Бірақ маған барлық жағдай түсінікті болды. Ата-анам Қызылқұмды мекен еткен. Кеңес үкіметі орнап жатқан кез. Үкімет елдің басын қосып әр жерде үш-төрт үйден шашырап жүргендерді біріктіріп, ұйымдастырып тұрғылықты етуге әрекеттеніп кіріскен кез. Жерді суландыру, арық қазу арқылы әр жерде бытырап жүрген адамдардың басын қосып, ортақ іске араластыруға ұмтылушылық болған. Санасы, білімі төмен адамдардың ішіндегі қиын жағдайдың көбі түсіне алмай, «шаш ал десе бас алатын» үкіметке шын жаны ашымайтындар да табылып жатты.
Бұл 1932 жыл болса керек. Осы кезде Қазақстанның бүкіл аймақтарында ашаршылық тауқыметі басталды. Ашаршылық кезінде саясат қатты өзгерді. Ашаршылықтың арты репрессияға жалғасты. Ашаршылық кезінде қазақтар дүние жүзіне тарыдай шашылды, қырылды, т. б. жағдайлар болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz