Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері



Iтарау. Сатып алу,сату. Айырбас
§ 1. Сатып алусату шартының ұғымы жəне элементтерi.1.б
§ 2. Сатушының жəне сатып алушының құқықтары мен мiндеттерi.2.б
§ 3. Бөлшектеп сатып алусату шарты.2.б
§ 4. Тауар жеткiзiлiмi шарты.3.б
§ 5. Келiсiмшарт жасасу шарты.5.б
§ 6.Энергиямен жабдықтау шарты.6.б
§ 7.Кəсiпорынды сату шарты.7.б
§ 8. Мемлекет мұқтажы үшiн тауарларды жеткiзу ерекшелiктерi.8.б
§ 9. Сатып алусату шарттары бойынша жауапкершiлiк.9.б
§ 10. Айырбас шарты.9.б
2тарау. Рента жəне өмiр бойы асырауда ұстау.10.б
§ 1. Рента жəне өмiр бойы асырауда ұстау шарттарының жалпы ережелерi
§ 2.Тұрақты рента шарты.10.б
§ 3. Ғұмырлық рента шарты.11.б
§ 4.Өмiр бойы асырауда ұстау шарты.12.б
3тарау. Сыйға тарту.13.б
§ 1. Сыйға тарту шартының ұғымы жəне элементтерi.
§ 2. Сыйға тарту шартының мазмұны.14.б
4тарау. Мүлiк жалдау (аренда). 14.б
§ 1.Мүлiк жалдау (аренда) шартының ұғымы жəне ерекшелiктерi
§ 2. Мүлiк жалдау шартының жеке түрлерi.16.б
5тарау. Сақтандыру.19.б
§ 1. Сақтандыру туралы жалпы ережелер
§ 2. Сақтандыру шарты.20.б
6тарау. Мердiгерлiк.21
§ 1. Мердiгерлiк шартының жалпы ережелерi
§ 2. Мердiгерлiк шартының жеке түрлерi.21.б
7тарау. Тұрғын үй құқығы
§1 Тұрғын үй саясатының мемлекеттiк бағдарламасы жəне оны жүзеге асыру
механизмдерi
§2 Тұрғын үй құқықтық қатынастары. Тұрғын үй заңнамасы.22.б
§3 Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру мемлекеттiк тұрғын үй қорының тұрғын үйлерiн пайдалану. 22.б
§4 Қызметтiк тұрғын үйлердi жəне мемлекеттiк тұрғын үй қорының.23 б.
жатақханаларындағы тұрғын үй жайларды пайдалану.
§5 Тұрғын үй жəне тұрғын үй құрылыс кооперативтерi мүшелерiнiң жəне олардың
отбасы мүшелерiнiң тұрғын үй құқықтары.. 23 б.
8тарау. Мүлiктi тегiн пайдалану.24.б
9тарау. Өтелмелi қызмет көрсету.24.б
10тарау. Тасымалдау көлiк экспедициясы.25.б
§1. Тасымалдаудың шарттық мiндеттемелерi жəне оларды құқықтық реттеу.
Тасымалдау шарты туралы жалпы ережелер.
§2. Жолаушыларды жəне теңдеме жүктi тасымалдау шарты жəне тасымалдау
шартының басқа да түрлерi.27.б
§3. Тасымалдау шарттары бойынша жауапкершiлiк..28.б
§4. Көлiк экспедициясы шарты. 28.б
11тарау. Несиелiк жəне есепайырысу қатынастары..29.б
§1. Есепайырысу жəне несиелiк қатынастардың түсiнiгi.
§2. Заем шарты..29.б
§3. Ақшалай талапты берiп қаржыландыру.30.б
§4. Банктiк қызмет көрсету (төлем айналымына септесетiн шартар).31.б
§5. Банктiк шот шарты. 31.б
§6. Ақша аудару туралы шарт.32.б
§7. Банк салымы туралы шарт.33.б
§8. Есепайырысу қатынастары.33.б
12тарау. Сақтау. 34.б
§1. Сақтау шартының түсiнiгi түрлерi жəне элементтерi.
§2. Сақтаудың жекелеген түрлерi.34.б
§3. Тауар қоймасында сақтау.34.б
13тарау. Тапсырма.34.б
§1. Тапсырма шартының түсiнiгi мен элементтерi
§2. Тапсырма шартының мазмұны.35.б
14тарау. Комиссия.35.б
§1. Комиссия шартының түсiнiгi мен элементтерi
§2. Комиссия шартының мазмұны.36.б
15тарау. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару. 36.б
§1. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару туралы жалпы ережелер.
§2. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шарты. 36.б
16тарау. Кешендi кəсiпкерлiк лицензия шартының түсiнiгi мен элементтерi.37.б
§1. Кешендi кəсiпкерлiк лицензия шартының түсiнiгi мен əлеметтерi.
§2. Кешендi кəсiпкерлiк лицензия шартының мазмұны. 37.б
17тарау. Басқаның мүддесiне тапсырмасыз iс.əрекет жасау.38.б
18тарау. Конкурстық мiндеттемелер.38.б
19тарау. Зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер.39.б
§1. Зиян келтiруден туындайтын мiндеттемелердiң түсiнiгi мен маңызы.
§2. Зиян келтiруден туындайтын мiндеттемелердiң пайда болу шарттары.40.б
§3. Зиян келтiрудiң жекелеген жағдайлары үшiн жауапкершiлiк.
§4. Өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк жəне моралдық залалкелтiру.
20тарау. Негiзсiз баю салдарынан туындайтын мiндеттемелер.40.б
Сатып алу-сату шарты бұл — мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелігі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі қолданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге де түрлерінде, егер біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсақ ерекшеліктер байқалады. Дегенмен, ол өзінің алуан турлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 406-бабына сәйкес:
"Сатып алу шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық мүмкінуіне немесе жедел баскаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті". Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және занды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде әкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады. Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме сатып алушы болған уақытта мүлік тиісінше олардың шаруашылық мүмкінуіне, жедел басқаруына өтеді. Сонымен қатар, меншік құқығы сатып алушы республикалық немесе коммуналдық кәсіпорын болып келгеніне байланысты мемлекетте немесе әкімшілік аумақтық бірлестікте пайда болады. Сатып алу-сату консенсуалды шарт болып табылады. Ол, екі жақ барлық елеулі жағдайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап аяқталған (сатып алу-сату шарты жасалған) болып табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен сәйкес келуі (жасалған сәтінде орындалатын шарттың болуы) бұл ережені өзгертпейді.
Сатып алу-сату шарты — ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етеді. Бірқатар жағдайларда сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепе-теңі болып келмейді, бірақ шартта кіріптарлықпен жасалған мәміле көрініс таппауы керек, сол сияқты бағаны қалыптастыру жөніндегі міндетті нормалар да бұзылмауы керек. Оның ақылы мінезің (тепе-тең айырбас ретіндегі) ескеру кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз тұлғалардың құқықтарын қорғау негізінде болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл мемлекеттік мүліктік мүдделерді неше түрлі алаяқтықтардан қорғау үшін де қажет.
Сатып алу-сату шартының субъектілері ретінде азаматтық құқық субъектілері, яғни жеке тұлға, занды тұлға, әкімшілік аумақтық бірлестіктер, мемлекет әрекет ете алады. Сатып алу-сатудың қандай шарты жасалатынына қарай кәсіпкерлік немесе кәсіпкерлік емес, бөлшек сатып алу-сату шарты немесе мемлекеттік кәсіпорындар мүлкін жекешелендіру, олардың қатысушылар құрамы да өзгереді. Басқа да жағдайларда қатысушылар құрамының ерекшелігі сатып алу-сату шарттарының жекелеген түрлері бойынша төменде қарастыры-латын болады. Жеке тұлғалардың сатып алу-сату шарттарын жасасу мүмкіншілігіне олардың құқық-әрекет қабілеттіктерінің көлемі әсер етеді. Мысалы, әрекет қабілеттілігі шектелген тұлғалар тек ұсақ тұрмыстық мәмілелерді жасай алады, ал басқа мәмілелерді жасауға олар өзінің қамқоршысының келісімі болғанда ғана құқылы (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 27-бап, І-тармақ).
Сатып алу-сату шарты өзінің ерекше нысанасына (затына), -заңды және идеологиялық объектілеріне иемденеді.Қазіргі жағдайда олардың әрқайсысының мәні бірдей. Дегенмен, қазіргі өндірістің өсуі, тауарлардың алуан түрлілігі және оларды пайдалану мақсатта-рының кеңеюі, сатып алынатын тауардың сатып алу-сату затына талаптардың жоғарылауына әкеледі, әсіресе, егер тауар кейбір ерекше мақсаттарға арналса. Келісімшарт нормаларында олардың барынша анық бекітілмеуі жаңылысуға немесе сатып алу-сату затындағы қателікке әкелуі мүмкін. Бөлшектеп сатып алу-сату шарттары жасалса, заң шығарушы сатылатын өнімнің санасы, қауіпсіздігі бойынша талаптарды бекіте отырып, тұтынушы жағдайын барынша "күшейтуге" әрекет етеді.
Сатушының міндеттері. Сатушы сатып алушыға шартпен белгіленген тауарды беруге міндетті. Мұнда негізгі талаптар болып мыналар саналады: тауардың атауы, сапасы, саны (көлемі). Сапаға қатысты талаптар сатып алу-сату туралы нормалармен шарттың елеулі жағдайларына жатқызылмағанына қарамастан осы үш талапты да сатып алу-сату шарттары бойынша міндетті деп тануға болады. Әрбір жекелеген жағдайда тауар атауына, сапасына, санына (көлеміне) қатысты талаптар өзгеріп тұрады. Сапа бойынша талаптар шарттардың өздерімен емес, тікелей заңнама нормаларымен анықталуы мүмкін.2.2.Тауардың саны. Сатып алушыға берілуге тиіс тауар саны шартта тиісті өлшем бірліктеріне сәйкес немесе ақшалай түрде анықталады, яғни, шартта санды анықтау үшін қажет алғашқы өлшемнің бағасы бекітілуге тиіс. Тауарлардың саны туралы талап оны айқындау төртібін шартта белгілеу жолымен келісілуі мүмкін. Мысалы, тауардың (сұйық заттар) саны шартты орындау кезінде сатып алушы ыдысының (қоймасының) шекті сиымдылы-ғымен бекітілсе.2.3.Тауардың сапасы. Сатушы сатып алушыға сапасы шартқа сәйкес келетін тауар беруге міндетті. Егер кәсіпкерлік сатып алу-сату шарттарын қарастырсақ, сатылатын заттардың сапасына қойылатын талаптар шартта тікелей сирек белгіленеді. Осыған байланысты, сапа туралы талап бірнеше жағдайларда шартты талқылау (оның мәнісін ашу) негізінде анықталады. Тауардың сапасын анықтаудың үшінші амалы - сапаға қатысты құқықтық болжам (презумпцияны) қолдану. Шартта сатып алушыға, әдетте осы сияқты тауар пайдаланылатын мақсаттарға жарамды тауар беруге міндетті.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
1.Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері
Сатып алу-сату шарты бұл -- мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелігі, олар қолданылатын салалардың ерекшелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі қолданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасыз етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге де түрлерінде, егер біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсақ ерекшеліктер байқалады. Дегенмен, ол өзінің алуан турлілігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 406-бабына сәйкес:
"Сатып алу шарты бойынша бір тарап (сатушы) мүлікті (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық мүмкінуіне немесе жедел баскаруына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы бұл мүлікті (тауарды) қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақша сомасын (бағасын) төлеуге міндетті". Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және занды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде әкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады. Мемлекеттік кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын, мемлекеттік мекеме сатып алушы болған уақытта мүлік тиісінше олардың шаруашылық мүмкінуіне, жедел басқаруына өтеді. Сонымен қатар, меншік құқығы сатып алушы республикалық немесе коммуналдық кәсіпорын болып келгеніне байланысты мемлекетте немесе әкімшілік аумақтық бірлестікте пайда болады. Сатып алу-сату консенсуалды шарт болып табылады. Ол, екі жақ барлық елеулі жағдайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап аяқталған (сатып алу-сату шарты жасалған) болып табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бір уақытпен сәйкес келуі (жасалған сәтінде орындалатын шарттың болуы) бұл ережені өзгертпейді.
Сатып алу-сату шарты -- ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етеді. Бірқатар жағдайларда сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепе-теңі болып келмейді, бірақ шартта кіріптарлықпен жасалған мәміле көрініс таппауы керек, сол сияқты бағаны қалыптастыру жөніндегі міндетті нормалар да бұзылмауы керек. Оның ақылы мінезің (тепе-тең айырбас ретіндегі) ескеру кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз тұлғалардың құқықтарын қорғау негізінде болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл мемлекеттік мүліктік мүдделерді неше түрлі алаяқтықтардан қорғау үшін де қажет.
Сатып алу-сату шартының субъектілері ретінде азаматтық құқық субъектілері, яғни жеке тұлға, занды тұлға, әкімшілік аумақтық бірлестіктер, мемлекет әрекет ете алады. Сатып алу-сатудың қандай шарты жасалатынына қарай кәсіпкерлік немесе кәсіпкерлік емес, бөлшек сатып алу-сату шарты немесе мемлекеттік кәсіпорындар мүлкін жекешелендіру, олардың қатысушылар құрамы да өзгереді. Басқа да жағдайларда қатысушылар құрамының ерекшелігі сатып алу-сату шарттарының жекелеген түрлері бойынша төменде қарастыры-латын болады. Жеке тұлғалардың сатып алу-сату шарттарын жасасу мүмкіншілігіне олардың құқық-әрекет қабілеттіктерінің көлемі әсер етеді. Мысалы, әрекет қабілеттілігі шектелген тұлғалар тек ұсақ тұрмыстық мәмілелерді жасай алады, ал басқа мәмілелерді жасауға олар өзінің қамқоршысының келісімі болғанда ғана құқылы (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 27-бап, І-тармақ).

1.1.Сатып алу-сату шартының нысанасы (объектісі).
Сатып алу-сату шарты өзінің ерекше нысанасына (затына), -заңды және идеологиялық объектілеріне иемденеді.Қазіргі жағдайда олардың әрқайсысының мәні бірдей. Дегенмен, қазіргі өндірістің өсуі, тауарлардың алуан түрлілігі және оларды пайдалану мақсатта-рының кеңеюі, сатып алынатын тауардың сатып алу-сату затына талаптардың жоғарылауына әкеледі, әсіресе, егер тауар кейбір ерекше мақсаттарға арналса. Келісімшарт нормаларында олардың барынша анық бекітілмеуі жаңылысуға немесе сатып алу-сату затындағы қателікке әкелуі мүмкін. Бөлшектеп сатып алу-сату шарттары жасалса, заң шығарушы сатылатын өнімнің санасы, қауіпсіздігі бойынша талаптарды бекіте отырып, тұтынушы жағдайын барынша "күшейтуге" әрекет етеді.

2. Сатушының және сатып алушының құқықтарыы мен міндеттері
Сатушының міндеттері. Сатушы сатып алушыға шартпен белгіленген тауарды беруге міндетті. Мұнда негізгі талаптар болып мыналар саналады: тауардың атауы, сапасы, саны (көлемі). Сапаға қатысты талаптар сатып алу-сату туралы нормалармен шарттың елеулі жағдайларына жатқызылмағанына қарамастан осы үш талапты да сатып алу-сату шарттары бойынша міндетті деп тануға болады. Әрбір жекелеген жағдайда тауар атауына, сапасына, санына (көлеміне) қатысты талаптар өзгеріп тұрады. Сапа бойынша талаптар шарттардың өздерімен емес, тікелей заңнама нормаларымен анықталуы мүмкін.2.2.Тауардың саны. Сатып алушыға берілуге тиіс тауар саны шартта тиісті өлшем бірліктеріне сәйкес немесе ақшалай түрде анықталады, яғни, шартта санды анықтау үшін қажет алғашқы өлшемнің бағасы бекітілуге тиіс. Тауарлардың саны туралы талап оны айқындау төртібін шартта белгілеу жолымен келісілуі мүмкін. Мысалы, тауардың (сұйық заттар) саны шартты орындау кезінде сатып алушы ыдысының (қоймасының) шекті сиымдылы-ғымен бекітілсе.2.3.Тауардың сапасы. Сатушы сатып алушыға сапасы шартқа сәйкес келетін тауар беруге міндетті. Егер кәсіпкерлік сатып алу-сату шарттарын қарастырсақ, сатылатын заттардың сапасына қойылатын талаптар шартта тікелей сирек белгіленеді. Осыған байланысты, сапа туралы талап бірнеше жағдайларда шартты талқылау (оның мәнісін ашу) негізінде анықталады. Тауардың сапасын анықтаудың үшінші амалы - сапаға қатысты құқықтық болжам (презумпцияны) қолдану. Шартта сатып алушыға, әдетте осы сияқты тауар пайдаланылатын мақсаттарға жарамды тауар беруге міндетті.

§ 3. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының ұғымы жəне құрамалары (элементтерi).
Тауар сату жөнiндегi кəсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын сатушы бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушыға кəсiпкерлiк қызметке байланысты емес, əдетте жеке өзiне, отбасында, үйiнде немесе өзге де пайдалануға арналған тауарларды беруге мiндеттенедi (ҚР АК 445 бабы).Бөлшектеп сатып алу-сату шарты құқықтық реттелуiнiң ерекшелiктерi бар. Бұл шартқа Азаматтық кодекстен басқа Қазақ ССРнiң 1991 жылғы 5 маусымындағы "Тұтынушылардың құқығын қорғау" туралы Заңы. Аталған ереже қолмақол шетелдiк валютаны қолданып бөлшектеп сатып алу-сату шарттарын жасасу тəртiбiн анықтайды. Бұл шартқа өзге де нормативтiк актiлер қолданымды болып келедi.
Бөлшектеп сатып алу-сату шарты жария шарт (Азаматтық кодекстiң 445-бабының 2тармағы). Оның осы қасиетiне байланысты бөлшек саудамен жүзеге асыратын кəсiпорын немесе қандай да болсын кəсiпкер кезкелген шарт жасауға мiндеттi. Заңдарда (заңнамада)
қарастырылғанды қоспаған кəсiпкер бөлшектеп сатып алу-сату шарттарын жасағанда бiр тұлғаға өзге тұлға алдында артықшылық жасауға құқылы емес. Яғни шарттың бағасы, өзге жағдайлары барлық тұтынушыларға бiрдей болуы керек, ал заңнамамен қарастырылса тұтынушылардың бөлек санаттары үшiн жеңiлдiк жасалуы мүмкiн. Кəсiпорын тауарды беру мүмкiншiлiгi бола тұрып бөлшек сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартса, тұтынушы өзiне негiзсiз бас тартумен келтiрiлген шығындарды өндiрiп ала алады.
Бөлшектеп алу-сату шартының осы ерекшелiгi оны жасасу тəртiбiне де əсер етедi.
Бөлшектеп сатып алу-сату шарты тараптар шарттың заты, бағасы жəне оның қажеттiлiгi туралы кемiнде бiр торап айтатын өзге жағдайлар бойынша келiсiмге келген сəттен бастап жасалған болып саналады.
Бөлшектеп сатып алу-сату шартының мазмұны.Сатушының бөлшектеп сатып алу-сату шарттарында бiрнеше ерекше мiндеттерi бар. Бөлшек сатып алу-сату шартын жасамақ алдында сатушы сатып алушыға тауар туралы қажеттi жəне сенiмдi ақпарат беруi керек.Кəсiпқой ретiнде сатушы сатып алушыға берiлетiн ақпарат мазмұнын өзi айқындайды.Дегенмен, ақпарат өзiне мiндеттi кезеңдердi енгiзуi қажет: олар, баға жөнiндегi сенiмдi жəне қажеттi хабар; алушының қызықтырған өнiм туралы тұтынушылық қасиетi жайлы мəлiмет, затты тұтыну жайлы ереже, оны сақтау жəне қауiпсiз пайдаға асыру тəртiбi. Ал азық түлiк өнiмдерiне қатысты өнiмнiң құрамы, қуаттылығы, денсаулыққа зиянды заттар құрамы жəне сақталу мерзiмi туралы ақпарат берiлуi тиiс. Бұл ақпарат тұтынушыға тек ауызша түрде жеткiзiлмейдi, сонымен қатар өнiмнiң техникалық құжаттамасында көрсетiледi, тауарда өнiмнiң дайындалған жəне сатылған мерзiмi, өзге де белгiлерi болуы керек. Олар тауарға сауданың бiр немесе өзге саласында қолданылатын тəсiлдермен соғылады.
Сатып алушының құқығы мен мiндеттерi. Сатып алушы сатып алынған тауардың ақысын төлеуге мiндеттi. Шартқа отыру кезi мен ақы төлеу кезi сəйкес келген жағдайда сатып алушының жалғыз мiндетi затты қабылдап алу.Бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша, сатып алушы затты қабылдағанда, оның берiлген тауардың сапасын тексеру мен оның жедел түрде жiберiлген кемшiлiктерi туралы хабарлау емес, затты нақты қабылдау бойынша əрекеттерi (затты қолма қол алу, накладнойға қол қою ж.б.) маңызды болып келедi. Сатушы бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша тауардың сапасы үшiн сөзсiз жауап бередi.Тараптар сатып алушы тауарды белгiлi уақытта қабылдап алатынын қарастыратын шартты жасай алады, сол мерзiм iшiнде тауар өзге сатып алушыға сатылуы мүмкiн. Егер шартпен өзгеше қарастырылмаса белгiленген мерзiмде сатып алушының тауарды қабылдамауы, əлде тауарды қабылдау үшiн қажеттi өзге əрекеттердi жасамауы сатып алушының шарттан бас тартуы болып бағалануы мүмкiн. Тауарды белгiленген мерзiмде берудi қамтамасыз еткен сатушының қосымша шығындары тауар бағасына қосылады.Бөлшектеп сатып алу-сату шарттары тауар ақысы алдын ала төлену мiндетi бекiтiлiп немесе тауар кредитке, не ақысы бөлiнiп төленетiн болып сатыла алады. Бұл жағдайда сатып алушы ақы төлеу мерзiмiн сақтауға мiндеттi. Бiрақ сатып алушы тауар ақысын алдын ала төлемесе, бұл оның шарттан бас тартқаны болып қана есептелiнедi, яғни бөлшектеп сатып алу-сату шарттары бойынша сатып алушыға негiзiнен шарттың бiр жақты бас тарту құқығы берiледi.

§ 4. Тауар жеткiзiлiмi шарты Тауар жеткiзiлiмi шартының ұғымы жəне элементтерi
Тауар жеткiзiлiмi шарты бойынша кəсiпкер болып табылатын сатушы (тауар берушi) сатып алушыға өзi өндiретiн немесе сатып алатын тауарларды кəсiпкерлiк қызметке немесе жеке өзiне, отбасына, үй iшiне жəне сол сияқты өзге де пайдалануға байланысты емес өзге мақсаттарға пайдалану үшiн келiсiлген мерзiмде немесе мерзiмдерде беруге мiндеттенедi.
Тауар жеткiзiлiмi шартының бөлшектеп сатып алу-сату шарттарынан жəне қарапайым саттық (тұрмыстық) сатып алу-сату шарттарынан түбегейлi айырмашылығы бар. Тауар жеткiзiлiмi шарты тауарлыматериалдық құндылықтарды экономиканың кез-келген салаларында үлестiруге (қайта үлестiруге) мүмкiншiлiк бередi. Тауар жеткiзiлiмi шарты нарық субъектiлерiне өндiрiлген, импортталған, экспортталған өнiмдердi кезкелген бағытта тарату мүмкiндiгiне ие қылады. Оның көмегi арқылы өндiрiс құралдары, өндiрiске, қажет басқа тауар алынады, тауарлардың жекелеген топтары өндiрушiден бөлшектеп сатушыларға дейiн жүйеленген нарық инфраструктурасына ауысады.
Тауар жеткiзiлiмi шартының елеулi айырмашылықтарының бiрi одан туындайтын құқықтық қатынастар ұзаққа созылатын болып келедi. Осыған байланысты ұзақ мерзiмдер бойы шарт тараптары өнiмдi тиеп жiберiп, алып тұрады, тауар жеткiзiлiмiн жүзеге асыру үшiн қажеттi көптеген ұйымдық құқықтық шараларды қолданады.
Тауар жеткiзiлiмi шартын құқықтық реттеудiң қайнар көздерiне тiкелей Азаматтық кодекс
нормалары жатады. Тауар жеткiзiлiмi шартының жасау тəртiбi өзгешелiгi болып табылады. Шарттың жобасын алған тарап 20 күннiң iшiнде оны қарап, шарттың бiр данасын екiншi тарапқа бередi. Тараптар арасында шарттың жекелеген жағдайлары бойынша келiспеушiлiктер пайда болған жағдайда шарт жасауды ұсынған жəне басқа тараптан осы жағдайлар бойынша келiсу туралы ұсыныс (келiспеушiлiктер хаттамасын) алған тарап осы ұсынысты алған күннен бастап отыз күн iшiнде, егер өзге мерзiм тараптармен келiсiлмеген болса, шарттың тиiстi талаптарын келiсу жөнiнде шаралар қолдануға не басқа тарапты оны жасаудан бас тарту туралы жазбаша түрде хабарландыруға тиiс.
Тауар жеткiзiлiмi шартының нысаны жазбаша. Шартты жасау, өзгерту, бұзу немесе оның мерзiмiн ұзарту тараптары қол қойған келiсiм немесе хаттар, факстар, телеграммалар, телетайпрограммалар, радиограммалар арқылы жасалады.Тауар жеткiзiлiмi шартында шарттың заты мен берiлетiн тауарлардың санын анықтайтын жағдайларынан басқа, жеткiзiлетiн тауарлардың номенклатурасын (түр-түрiн) бағасын анықтайтын, жеткiзiлетiн өнiмнiң сапасының жағдайлары да бекiтiлуi керек. Егер шартта осындай жағдайлар көзделмесе, екi тараптың бiреуiнiң талабы бойынша шарт жасалмаған деп есептелiнуi мүмкiн. Осыған байланысты осы айтылған барлық жағдайлар тауар жеткiзiлiмi шартының мiндеттi жағдайларына жатқызылған.
Тауар жеткiзiлiмi шартының элементтерi. Тауар жеткiзiлiмi шартының тараптары болып
кəсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын субъектiлер келедi. Сатушы тауар берушi жағында тауар жеткiзiлiмi шартында ұйымдық құқықтық нысанына қарамастан əрбiр коммерциялық заңды тұлғалар жəне заңды тұлға құрамаған, жеке мен ұжымдық кəсiпкерлер қатысады.
Тауар берушi коммерциялық емес заңды тұлға да бола алады. Ол өз қызметiн коммерциялық емес заңды тұлғаның бiр немесе өзге түрi үшiн рұқсат етiлген кəсiпкерлiк қызмет шегiнде жүргiзедi. Сатып алушы болып тауарды өзiне (күнделiктi) пайдалануға байланысты емес мақсатта алатын кезкелген субъектiлер табылады. Мемлекет тауар жеткiзiлiмi қатынастарында сатып алушы ретiнде ғана қатыса алады.
Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi. Сатушы тауарды берумен бiрге сатып алушыға
оның керек-жарақтарын, сондай-ақ соған қатысты құжаттарды, келiсiлген көлемiнде, түртүрi жəне жиынтықтылығына (жиынтығы) сəйкес, бекiтiлген сапасына, үшiншi тұлғалардың кезкелген құқықтарынан тыс ыдысқа салып жəне (немесе) буып-түйiп беруге мiндеттi. Сатушы шартта бекiтiлген өнiмнiң (тауардың) санын беруге мiндеттi, яғни тауар жеткiзiлiмi шартында тауардың санының жалпы ережелерi толық қолданылады. Жеткiзiлетiн өнiмнiң саны жүк тиеу вагондарының, контейнерлердiң орнының санына байланысты шартты есептелуi мүмкiн. Жеткiзiлетiн өнiмнiң (тауардың) саны белгiленгенде таразылаудың, өлшеудiң туралығымен байланысты тəжiрибелiк қиындықтар бар болып келедi. Үлкен санында аз емес килограмдар ал кейбiр кезде өнiмнiң тонналары жеткiзiлмейдi немесе тауарлар санына сəйкес қабылдаған жағдайда, жүк тасымалдау құжаттарында белгiленген тауардың саны жəне сатып алушы алған тауарлардың саны араларында айырмашылық орын алады. Жеткiзiлетiн өнiмнiң сапасы стандарттарға, техникалық жағдайларға, үлгiлерге, техникалық бейнелеуге немесе шарттың жағдайына сəйкес болуы керек. Тараптар шартта жеткiзiлетiн өнiмнiң сапасына қойылатын талаптарды анықтауы керек. Егер стандарттарда немесе техникалық жағдайларда кепiлдiк мерзiмдер бекiтiлмесе, олар шартта анықталуы мүмкiн. Тауар жеткiзiлiмi шарты ыдыс жəне буыптүюге қойылатын талаптарымен ерекшеленедi. Өнiмнiң ыдысы буыптүю стандарттар жəне техникалық жағдайларының талаптарына сəйкес болуы тиiс, тасымалдау кезiнде тауарларды сақтауға мүмкiндiк туғызу керек. Ыдысқа немесе буып-түюдiң көп айналымды құралдарына стандарттардың немесе техникалық жағдайлардың нөмiрлерi жəне индекстерi шартта көрсетiледi. Шарттармен күшiнде болып келетiн ережелермен қарастырылған жағдайларда өндiрушiлер (тауар берушiлер) көп айналымды буыптүю құралдарын жəне арнайы контейнерлердi қолдануға мiндеттi. Сатушыда ұйымдастыру техникалық сипаты (мəнi) бар мiндеттер де жатыр, жалпы сатушының негiзгi мiндеттерiне олар қосалқы болып келедi. Жеткiзiлген кезде тауарды сақтау мақсатында жəне алушылармен оларды дұрыс, дер кезiнде қабылдау жағдайларын тудыру үшiн тауар берушi мiндеттi.
а) таураларды буыптүю, тиеу, бөлек жерлерге (орындарға) белгi салу, оларды пломбалауға
байланысты бекiтiлген тəртiптерiн сақтауға; б) тиелген жүктiң нақты санын анықтауға (салмағын, орын санын, жəшiктерiн, байламдарын, бумаларын, будаларын жəне т.б);
в) буып-тиелген тауарларды тасыған кезде стандарттармен немесе техникалық жағдайлармен өзге мiндеттi тəртiптермен қарастырылған құжаттарды (буыптүю үстiндегi белгiнi, буманың тiзiмiн ж.б.) əрбiр тиелетiн орынға қоюға (бұл құжаттар белгiлi орында болып келетiн тауарлардың атауын жəне санын анықтауға мүмкiндiк бередi);
г) стандарттармен, техникалық жағдайлармен, сызбалармен, рецептуралармен, үлгiлермен қарастырылған талаптарға сапасымен, жиынтықтылығымен сай тауарларды тапсыруға;

§ 5. Келiсiмшарт жасасу шарты
Келiсiмшарт жасасу шарты бойынша ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушi өзi өсiрген (өндiрген) ауыл шаруашылық өнiмiн ұқсату немесе сату үшiн осындай өнiмдi сатып алуды жүзеге асыратын дайындаушы тұлғаға беруге мiндеттенедi, ал дайындаушы оны қабылдауға жəне ол үшiн ақы төлеуге мiндеттенедi. Келiсiмшарт жасасу шарттың заңнамалық түсiнiгi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 478-бабында берiлген.Келiсiмшарт жасасу шарты, тауар жеткiзiлiм шартындай сипатталады, яғни ауыл шаруашылық өнiмiн дайындаушыға кəсiпкерлiк қызметiнiң жүзеге асырылуы негiзiнде берiледi, сондықтан келiсiмшарт жасасу шарты өзiнiң сипаттамаларымен тауар жеткiзiлiм шартына жақын. Қазiргi жағдайларда ауыл шаруашылық өнiмдерiнiң өндiрушiлерi оны бөлшек сауда жүйесi арқылы сирек өткiзедi жəне өнiмдi өз бетiмен қайта өңдеумен көбiнесе шұғылданбайды. Оған себеп, көп нарық субъектiлерiнiң мамандандыруының деңгейi жоғарыланып кеттi. Ауылдықтарға (өндiрушiлерге) ұсынылатын мəмiлелер көбiнесе кiрiптарлықпен жасалған мəмiлелер түрiнде болады. Олар дегенiмiз шын мəнде өсiрiлген (өндiрiлген) ауыл шаруашылық өнiмдi үлестiрумен байланысты қатынастарды реттеуге арналған келiсiм шарттарынан алыс. Өз кезегiнде Қазақстан Республикасы аграрлы ел болғандықтан, айтылған шарттың рөлi өте маңызды екенiн тану керек.Оларда (келiсiмшарт шарттарында) ауыл шаруашылықтың, өндiрiстiң өзгешелiгi ескерiледi. Ауыл шаруашылық өнiмiнiң өндiрушiсi ауа райының жағдайларына, ауыл шаруашылық техникасының жағдайына, пестициттарының, тыңайтқыштардың бар болуына тығыз байланысты. Осы байланысты келiсiм шарт жасасу шарты икемдi құқықтық институт сияқты қолдануы мүмкiн. Ауыл шаруашылық өндiрiсiне мемлекеттен ақша берiлмеген жағдайларда фермерге күнiн көру үшiн осы келiсiм шарт жасалады. Мысалы, келiсiмшарт жасасу шарты контракттың алдынала тауардың бөлiгiне төлеу мiндетiн қарастыруы мүмкiн. Өз кезегiнде бұл фермерге немесе өзге ауылшаруашылық өндiрушiге өзiнiң өзектi мəселелерiн шешуге мүмкiншiлiк бередi. Негiзiнен келiсiмшарт жасасу шарты сатушының (ауыл шаруашылық өнiмiн өндiрушiнiң) құқықтық қорғауының күшейтуiне мақсатталған, бiрақ оның iс-əрекет тетiгiн əбден жетiлдiру қажет. Құқықтық даму кезiнде ақыры осы саладағы шарттық тəжiрибенiң бiркелкi өлшемдерi (көрсеткiштерi) анықталуы қажет. Келiсiмшарт жасасу шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 478-481бабымен тiкелей нормалармен реттеледi.

§ 6. Энергиямен жабдықтау шарты Бұл шарттың негiзгi белгiленуi энергияны өндiрушiлер мен тұтынушылардың қатынасын құқықтық формаға тарту. Энергия тұтынылатын жəне тектiк сипаттармен анықталатын болып табылады. Заттарды жiктеудiң осы негiздерi оның сипаттамасын анықтайтын болып келедi. Энергиямен жабдықтау шарты - көрсетiлген ерекшелiктердi иемденетiн (электр жəне жылу энергиялары) заттарды өткiзудi (сатып алу-сатуды) реттейтiн шарт.Ұқсастық бойынша ол энергияны қамтамасыз ететiн заттарды мысалы, табиғи газды, мұнайды, мұнай өнiмдерiн жеткiзу қатынастарына да қолданымды болып келедi, байланысты болады. Бұдан басқа, ол сумен жабдықтау бойынша жəне кейбiр өзге қатынастарды да реттей алады.
Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентте (тұтынушыға) жалғанған желi арқылы энергия беруге мiндеттенедi, ал абонент алынған энергия үшiн ақы төлеуге, сондайақ оны тұтынудың шартта көзделген режимiн сақтауға, өзiнiң қарауындағы энергетика желiлерiн пайдалану қауiпсiздiгiн жəне энергияны тұтынуға байланысты пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтардың ақаусыздығын қамтамасыз етуге мiндеттенедi (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 482бабы).Энергия айналымы ерекшелiгiнiң түбiнде екi себеп жатыр. Бiрiншiден, энергия тек шектеулi уақытқа сақталынады. Осыған байланысты энергияны өндiру, бөлу жəне тарату бiр-бiрiмен өзара тығыз байланысты, бұл шарт бойынша екi тараптың мiндеттерi мен құқықтарын бөлуге өз əсерiн тигiзедi. Екiншiден, энергияны тарату қазiргi жағдайда күрделi болып табылатын жабдықтар көмегiмен қалыптасады. Энергиямен жабдықтаушы ұйымдарда инженерлiк коммуникацияның, бақылау өлшеу аспаптарының, қауiпсiздiктi қамтамасыз ететiн құралдардың болуы мiндеттi. Электрмен жабдықтау шарты консенсуалды, екi жақты, өтемдi (ақылы) болып табылады. Заңнамалық анықтамаға сəйкес (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 482бабының 2 тармағы) ол қатынастарды энергияның қандай нарығында қамтамасыз еткенiне қарамастан (көтерме немесе бөлшек сауда) энергиямен жабдықтау шарты жариялы болып келедi.
Энергиямен жабдықтау шарттың нысаны. Тұтынушыларды энергиямен жабдықтау энергиямен жабдықтау шарты негiзiнде ғана қалыптасады. Бұл шарттың нысаны мəмiле нысанына қатысты жалпы ережелерге бағынады. Кəсiпкерлiк қызмет субъектiлерi арасындағы энергиямен жабдықтау шарты жай жазбаша нысанда бекiтiлуi мүмкiн. Тұрмыстық тұтыну шарты ауызша нысанда бекiтiлуi мүмкiн, тұтынушы электр энергиясын пайдалану, жəне электр құралдары мен электр желiлерiнiң пайдалану техникалық жағдайын сақтау ережелерiмен танысуы қажет. Келiсiмшартты бекiту айғағы ретiнде аталған шарттың жағдайы келтiрiлген есеп кiтапшасын алу келедi.Тəжiрибеде энергиямен жабдықтау шарты бiр жылға жасалады. Мерзiм аяқталғаннан кейiн энергиямен жабдықтау шартын тоқтату немесе өзгерту туралы тараптардың бiреуiнiң өтiнiшi болмаған жағдайда ол шартты көзделген дəл сондай мерзiмге жəне нақ сондай талаптар бойынша ұзартылған болып есептеледi.Шартты жаңа мерзiмге ұзартқан кезде тараптардың келiсiмi бойынша оның талаптары өзгертiлуi мүмкiн (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 3тармақ, 483-бабы).
Энергиямен жабдықтау шартының элементтерi. Энергиямен жабдықтау шартының тараптары жеке жəне заңды тұлғалар болуы мүмкiн. Аталған саладағы құқықтық реттеу ерекшелiгi оның субъективтiк қатарына, əсiресе электр энергиясын сатушы тарапынан елеулi əсер етедi. Жылу энергиясын жабдықтау ерекшелiгi электр энергиясын пайдалану ережелерiмен бiрге бекiтiлген жылу энергиясын пайдалану ережелерiмен анықталады. Бұдан басқа, тұрмыстық тұтыну үшiн энергиямен жабдықтау бойынша қатынастарды құқықтық реттеушi жанама көздерiне 1996 жылдың 12 қаңтарындағы баға жəне антимонопольдi (монополияға қарсы) саясат бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк комитетi алқасының қаулысымен бекiтiлген тұрмыстық коммуналдық қызмет көрсетуге Типтiк шарт жатады. Жоғарыда аталып кеткен аймақтық жəне немесе жергiлiктi деңгейдегi электр желiлерi бойынша электр энергиясын беру Ережелерiнiң тарауына сəйкес: "Берiп тұрушы - өзi өндiрген немесе сатып алған электр энергиясын тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын рынок субъектiсi".
Энергиямен жабдықтау шартының мазмұны
Сатушының құқығы мен мiндеттерi. Сатушы (энергиямен жабдықтаушы ұйым) абонентке энергия беруге мiндеттi. Бұл мiндет жеткiзiлетiн энергияның саны (қуаты), сапасы, сонымен бiрге оны тарату тəртiбi бойынша сұраныс арқылы нақтыланады. Жеткiзiлетiн энергия саны электр энергиясын тұрмыстық тұтыну үшiн тапсырмаған жағдайда мəндi болады, мұндай жағдайда ол тiкелей шартпен анықталады.
Энергиямен жабдықтаушы ұйыммен берiлген жəне абонентпен қабылданған энергия саны
оның нақты тұтынуымен сəйкес анықталады. Анықтау есеп аспаптарына сəйкес, ал ол болмағанда есептеу жолымен жүргiзiледi.Шарт бойынша берiлетiн электр энергиясын есепке алу үшiн аталған құқықтық қатынастарға, сонымен бiрге электр желiсi компаниясының қатысуының маңызы бар. Электр энергиясын аймақтық немесе жергiлiктi деңгейдегi желi арқылы жеткiзудiң нақты көлемi электр желiсi компаниясының электр желiсiнiң тепе-теңдiк тиiстiлiгi шекарасында коммерциялық аспаптар есебiнен көрсеткiштерiмен бекiтiлуi қажет. Қосымша келiсiмсiз жiберiлген ауытқу тауар жеткiзiлiмiнiң шарттық мөлшерiнен айлық тұтынудың нақты көлемiне 5%ке дейiн есептеледi.

§ 7. Кəсiпорынды сатып алу-сату шарты
Кəсiпорынды сатып алу-сату шартының түрi болып табылады. Оның мазмұнының ерекшелiгi кəсiпорынның мүлiктiк кешен ретiндегi ерекшелiктерiне байланысты болып (оған негiзделiп) келедi. Кəсiпорынды сату тəртiбi Қазақстан Республикасы АК 493-500-баптарында белгiленедi, одан басқа кəсiпорындарды сату қатынастарына жекешелендiру туралы заңнама қолданылады. Қазақстанда "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң (заң күшi бар) 23 желтоқсан, 1995 ж. Жарлығы жəне басқа да заңнама күшiнде болып келедi."Кəсiпорын" түсiнiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында екi мағынада қолданылады. Бiрiншiден, кəсiпорындар бұл мемлекет меншiгi негiзiнде құрылған заңды тұлғалар. Екiншiден, кəсiпорын - кəсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн пайдаланылатын мүлiктiк кешен, оның режимi ҚР АК 119 бабымен жəне өзге де заңнама нормаларымен анықталады. Айтылған азаматтық құқық объектiсi заңды тұлғаның ұйымдастыру - құқықтық нысанасынан байланыссыз тұрмыс етуi мүмкiн. Тiптi жеке кəсiпкердiң (заңды тұлғаны құрмай-ақ) кəсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру үшiн қолданатын мүлкi де кəсiпорын (мүлiктiк кешен) болып табылуы мүмкiн. Бұдан бұрын мүлiкке иемденген заңды тұлға коммерциялық болып келмегенi мүлiктi кəсiпорын қылып бағалаған кезде басты мəнге иемденбейдi. Ең бастысы - оны мүлiктiк кешен ретiнде кəсiпкерлiк мақсатта пайдалану мүмкiншiлiгi. Жекешелендiру объектiлерiн сату бойынша аукциондарды ұйымдастыру жəне өткiзу ережелерiндегi тəртiптерiне көз салсақ, бiз осыған растау таба аламыз. Аталмыш ережелерде жекешелендiру объектiсi болып бiрдей мемлекеттiк кəсiпорын жəне мекеме (мүлiктiк кешендер) анықталған.
Кəсiпорынды сату шартының нысанасы (заты) сатып алу-сату шарттарындай кəсiпорынды сату шартының нысанасы оның елеулi жағдайы болады. Олар негiзiнде нысана (кəсiпорынды сату шартында) анықтамайтын тəртiптердiң кейбiр ерекшелiктерi бар. Кəсiпорын күрделi зат болып табылғандықтан, оған ҚР АК 121-б. Көзделген күрделi зат құрамын анықтаудың тəртiбi қолданылады. Шарттың тараптары қандай мүлiк кəсiпорынның құрамына кiретiндiгiн өздерi белгiлеуге құқылы. Бiрақ ақырында (анықтау нəтижесiнде) мүлiк кейбiр заттар алынғанына қарамастан кешен болып қала беруi керек. Кəсiпорын дегенiмiз жұмыс iстеп тұрған өндiрiс, немесе ол кiшкентай жөндеуден, жинақтаудан кейiн жəне т.б. жұмысқа қосылуы мүмкiн болады. Егер тараптар жасалған сұрыптау нəтижесiнде заттардың жиынтығы бөлшектенген мүлiкке айналып кетсе, онда оған сатып алу-сатудың жалпы нормаларын қолдануға болады. Мүлiктiк кешен ретiнде кəсiпорынның құрамына оның қызмет етуiне арналған мүлiктiң барлық түрлерi, соның iшiнде үйлер, ғимараттар, жабдықтар, құрал-саймандар, шикiзат, өнiмдер, жер учаскесi құқығы енедi, барлық аталған кəсiпорынның материалдық активтерiн құрайды.
Кəсiпорынды сату шартының нысаны. Кəсiпорынды сату шарты жазбаша түрде жасалуы тиiс. Кəсiпорынды сату шарты мемлекеттiк тiркелуге тиiс, тiркелген кезiнен бастап жасалған болып есептеледi. Мемлекеттiк тiркеудiң талабын орындамау кəсiпорынды сату шартының жарамсыздығына əкеп соғады.
Кəсiпорынды сату шартының мазмұны. Сатушы кəсiпорынның құрамына кiретiн мүлiктiң барлығын, əрбiр жеке заттарға немесе мүлiктiк объектiлерге заңмен немесе шартпен қойылатын талаптарын сақтап беруге мiндеттi. Сондықтан, кəсiпорынның "жиынтығына" қойылатын талаптар бар болатынын айта аламыз. Тиiсiнше сапа бойынша талаптарда бекiтiледi.

§ 8. Мемлекет мұқтажы үшiн тауарларды жеткiзу ерекшелiктерi
(Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде Ресей Федерациясының Азаматтық кодексiндегi (525, 532баптар) мемлекет мұқтажы үшiн тауарларды жеткiзумен байланысты пайда болатын құқықтық қатынастарды тiкелей белгiлейтiн нормалар жоқ. Бiздiң заңнамалық шешiм неғұрлым ұтымды болып табылады. Оған сатып алу-сату туралы барлық жалпы ережелер қолданымды болып келедi. Бұл қатынастар таза азаматтық құқықтық болып табылады. Бұл есепте пiкiрталастық көзқарастар да бар. Дегенмен, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Заңының 1бабында "Мемлекеттiк сатып алу туралы шарт - осы Заңға жəне өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге сəйкес тапсырысшы мен өнiм берушi арасында жасалған азаматтық құқықтық шарт" деп тура көрсетiлген. Осыған байланысты қазiргi кезеңде Қазақстанның цивилистикалық ғылымында қалыптасқан позицияны келтiруге болады: Менiң көзқарасым бойынша шарттың екi түрiн ажыратуға болады: 1) жеке құқықтық (азаматтыққұқықтық);
2) көпшiлiк құқықтық, тек тең құқықты субъектiлер, мемлекеттер (халықаралық шарт), əкiмшiлiк аймақтық қалыптасуда iшкi мемлекеттiк шарт, министрлiктермен əкiмшiлiк шарт
арасында ғана пайда болады. Қалғанының барлығы азаматтық құқықтық шарттар.

§ 9. Сатып алу-сату шарттары бойынша жауапкершiлiк
Азаматтық құқықтық қатынастар субъектiсiне жүктелген мiндеттердi бұзғаны үшiн жəне
бұзушылықпен келтiрiлген уəкiлеттi тұлғаның мүлiктiк шығындарын өтеуге байланысты
қолданылатын заңмен немесе шартпен қарастырылған мүлiктiк өтеу немесе мүлiктiк ауыртпалық жауапкершiлiк болып анықталады1. Шығындарды өтеуге жəне айып төлеуге жататын жауапкершiлiктiң санкцияларын (шараларын) бөлiп шығарады. Олардың қатарына кепiлпұлды ұстап қалу сияқты шара жəне т.б.2 жатады.
Жауапкершiлiк шараларын шарттық мiндеттеменi бұзушыға əсер етудiң ұйымдастыру шараларынан немесе басқаша жедел шаралардан айыру қажет. Олар құқықты бұзушы жəне бұзушылықтан жəбiр шеккен тұлғаның араларында құқықтық байланыстарды өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған. Мiндеттеменiң орындалу жағдайы мен тəртiбiнiң өзгеруi мұнда кiруi мүмкiн. Мүлiктiк салдары бұл кездерде жолай нəтижелер ретiнде болады.1 Жедел шаралар шарт бойынша құқықтарды қорғаудың басқа шараларының iшiнде кiшкентай үлес алады, бiрақ бұл олардың маңыздылығын азайтпайды.
Сатып алу-сату шарттары бойынша жауапкершiлiк туралы жалпы ережелердi қарап шығайық. Сатушының негiзгi мiндетi сатып алушыға тауарды беру. Белгiлi затты жеке беруге байланысты мiндеттеменiң орындалмағаны үшiн жауапкершiлiк ҚР АК 416-бабында көрсетiлген, ол өз кезегiнде ҚР АК 355-бабына сiлтеме жасайды. Сатушыны белгiлi затты жеке беруiне мəжбүр еткеннен басқа көрсетiлген баптың 2-тармағына сəйкес, сатып алушы тиiстi шығындарды өндiрiп ала алады. Тектiк заттарды беруiне байланысты мiндеттемелердiң орындалмауының нəтижесiнде сатып алушы зиян шеккен жағдайда, ол ҚР АК 350-бабына сəйкес оларды өндiре алады.

§ 10. Айырбас шартының ұғымы. Айырбас шарты бойынша тараптардың əрқайсысы шаруашылық жүргiзудi, оралымды басқаруды басқа тараптың меншiгiне бiр тауарды екiншiсiне айырбасқа беруге мiндеттенедi (бұл ҚР АК 501-бабының тұжырымдамасы).
Түсiнiктiлеу айтатын болсақ, айырбас шарты бойынша бiр тарап өз тауарын өзге (екiншi) тараптың тауарына айырбастайды. Тараптардың əрқайсысы бiр бiрiне тауарды меншiкке, шаруашылық жүргiзуге, оралымды басқаруға беруге мiндеттенедi.
Айырбас шарты өзiнiң заңды табиғатына сəйкес консенсуалды, өзара жəне өтеулi (ақылы) шарт болып табылады. Айырбас қатынастары тек тауарларды басқа бiр тауар айырбастағанда емес, сонымен бiрге тауарларды белгiлi бiр қызмет, жұмысқа (оның нəтижесiнде) айырбастағанда орын алады, əсiресе егер бiр тарап екiншi тарап одан белгiлi затты жасау үшiн материалын артығымен беретiн болса. Зат қызметке, жұмысқа айырбасталса, онда мердiгерлiк қатынастарын, ақылы қызмет көрсету бойынша қатынастардың құқықтық реттелуiнiң ерекшелiгiн, туындайтын мiндеттемелердiң мəнiсiн ескеру керек болады. Айырбас қатынастарына - бiр тауар мен екiншiсiн айырбастағанда, олардың құны бiрбiрiне сəйкес келмеуiне байланысты тараптардың бiрi қосымша ақшалай
өтемақы беретiн жағдайларда жатады.
Айырбас шартының элементтерi. Шарттың тараптары болып азаматтар, заңды тұлғалар танылады. Айырбас шартының ерекшелiгi, мемлекет жəне əкiмшiлiк аумақтық бөлiнiстердiң осы шарттары жасасу мүмкiншiлiгi өте төмен болып келедi. Бiрақ, аталған көзқарас даулы болып көрiнгенмен айырбас қатынастарында мемлекеттiң қатысу мүмкiндiгiне көңiл аудару қажет. Бұл жерде мəселе азаматтардың меншiгiндегi тұрғын үйлердi, жер учаскелерiн мемлекет қажеттiлiгiне алу жағдайына қатысты көтерiледi. Тұрғын үй аталған жағдайға байланысты алынатын болса, меншiк иесiнiң таңдауына сəйкес, оған жабдықталған тұрғын үй берiледi немесе тұрғын үйдiң нарықтық бағасына сəйкес өтемақы төленедi ҚР "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 15бабы). Мемлекет алдымен азаматтың тұрғын үйiне меншiк құқығына иеленедi, сонан соң оған өз қарауы бойынша билiк етедi.
Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi. Айырбас шартында əрбiр тарап өзi беретiн заттың сатушысы, ол алатын затының сатып алушысы болып келедi. Сонымен қатар, шарт еркiндiгiнiң қағидаты тараптарға өзiне қолайлы құқықтар мен мiндеттердi таңдауға мүмкiншiлiк бередi. Сондықтан айырбас шартында бiр тараптың екiншiсiне қарағанда құқығынан мiндетiнiң көп болуына шек қойылмайды. Бiрақ, бұл айырбас қатынастарының түпкi негiзiне айтарлықтай əсер етпеуi керек. Айырбас қатынасының мəнiсi, яғни бiр тауардың орнына өзгесi берiлуiнiң талабы мызғымас болып келедi.
Шарттың əрбiр тарабы тиiсiнше шығындалады, бұл оның тауарын берумен жəне қарсы қанағаттануды қабылдаумен байланысты болады. Айырбасталатын тауарлардың саны, сапасы, түр түрi жəне де жиынтылығы туралы жағдайлар сатып алу-сату туралы жалпы ережелер бойынша анықталады. Егер шарт кəсiпкерлiк болса, онда тараптар оған өнiм тапсыру туралы ереже қолданылатынын қарастыруы мүмкiн.

2тарау. Рента жəне өмiр бойы асырауда ұстау шарттарының жалпы ережелерi
Шарттың ұғымы рентаны экономикалық мағынасына сəйкес меншiк қатынастарының ерекше нысаны деп анықтауға болады. Олар (меншiк қатынастары) өз кезегiнде материалдық игiлiктердi белгiлi тұлғалар иеленетiнiмен немесе материалдық игiлiктер (заттар) бiреуге жататынымен сипатталады.1 Ренталық қатынастарға меншiктiң екiншi - ағымды (қозғалыс) күйi де тəн болып келедi жəне айта кететiн болсақ ренталық қатынастардың осы күйiн ескерген кезде ғана оларды анықтау қажеттiлiгi пайда болады.
Мүлiктiң қозғалысы (айналымы) көп қырлы құбылыс, ол мүлiк тиесiлiгiн түбiрiнен өзгерте
алады немесе негiзгi меншiк иесiмен қатар мүлiктiң өзге тұлғаларға да тиесiлiгiн бекiте алады.
Рента шарты бойынша бiр тарап (рента алушы) екiншi тараптың (рента төлеушiге) меншiгiне мүлiк бередi, ал рента төлеушi рента алған мүлiкке айырбас ретiнде рента алушыға белгiлi бiр ақша сомасы түрiнде немесе оны ұстау үшiн өзге де нысанда қаражат беру түрiнде мезгiл-мезгiл рента төлеп отыруға мiндеттелген.
Рента шарты мүлiктi иелiктен шығаруға арналған шарттардың бiрi. Мүлiк рента төлеушi меншiгiне өтедi жəне бiр уақтылы мүлiктiң кездейсоқ жойылуы немесе бүлiнуi қауiпi оны күтiп ұстау ауыртпалығы да оған ауысады (оның мойнында болады). Сөйтiп, рента шартының мазмұнында басқа сату сатып-алу, сыйға тарту т.б. шарттармен ұқсастықтары бар. Рента шарты бiр жақты шарт болып табылады. Мүлiк берiлгеннен кейiн жалпы тəртiп
бойынша рента алушыға ешқандай мiндеттеме жүктелмейдi. Рента төлеушi рентаны сатып
алу құқықтығына ие болады, бiрақ бұл құқық негiзгiлердiң қатарына жатпайды. Жоғарыда атап көрсеткендей рента қатынастарына сатып алу-сату, сыйға тарту шарттарының нормалары қолданылуы мүмкiн, бiрақ рента шарты рента төлеушiсi үшiн жоғары тəуекелдi болғасын, оларды қолдану мүмкiншiлiгi бiрталай шектеледi.

§ 2. Тұрақты рента шарты
Шарттың элементтерi. Тұрақты рента тараптары болып рента алушы жəне рента төлеушi
табылады. Тұрақты рента алушылары болып азаматтар жəне коммерциялық емес ұйымдар
келедi. Азаматтар ренталық қатынастарда тұрақты рента алушысы болып үш жағдайда келе
алады: а) егер олар мүлiк иегерi болса жəне мүлiк олармен рентаға берiлсе ə) тұрақты
рентаны алушы мұрагерлiк салдарынан құқықтық мирасқор болса; б) тұрақты рента
азаматтар пайдасына басқа бiр тұлғамен шарт арқылы қарастырылса, яғни үшiншi тұлға
пайдасына жасалған шарт орын алса.
Азаматтарды кəсiпкер ретiнде тiркеу олардың тұрақты ренталық төлемдердi алуы үшiн
кедергi болмайды, себебi бұндай жағдайларда азамат өзiне жататын жалпы құқық
қабiлеттiлiкке негiзделiп рента қатынастарында да қатыса бередi.
Тұрақты рента алушы ретiнде егер бұл олардың мақсатына жəне қызметiне сай келсе
коммерциялық емес ұйымдар да əрекет ете алады. Бiрақ Қазақстан Республикасында
тұрақты рента алушы болып мемлекеттiк мекемелер келмейдi, себебi олар мемлекеттiк
бюджеттен тыс көздерден қаржыландырылуы мүмкiн емес. Барлық жеке меншiкке
негiзделген бола алады. Ренталық төлемдер ретiнде ақшаны алу коммерциялық емес
ұйымдарға олар құрылған мақсаттардағы қандай да болсын қызметтi жүзеге асыруға
мүмкiншiлiк бередi. Коммерциялық емес заңды тұлғаларда олардың пайдасына өзге тұлғалармен орнатылған тұрақты рентаның алушылары бола алады.
Коммерциялық емес ұйымдардың пайдасындағы рентаны алушылардың қатары өзгерiп
тұруы мүмкiн. Тұрақты рентаны төлеушiлерi болып азаматтар (жеке тұлғалар) жəне осыған оларға тиым салынбаса (заңнама бойынша немесе құрылтайшы құжаттармен) коммерциялық, коммерциялық емес заңды тұлғалар келуi мүмкiн.
Баға. Тұрақты рента шартына қатысты рента төлеушiнiң меншiгiне берiлетiн мүлiктiң бағасы, ренталық төлемдердiң мөлшерi жəне тұрақты рентаны сатып алу бағасы туралы айтуға болады. Рента шартының тəуекелге негiзделгенiне байланысты оның бағасы шартты түрде анықталады, қателесулер (тұрақсыздық) орын алуы мүмкiн, себебi есепке мүлiктiк тек таза құны ғана емес, болашақта алынар деген ренталық төлемдердiң көлемi де алынады.
Рентаның ең төмен сомасы (мөлшерi) тұрақты рента шарты бойынша қарастырылмаған.
Рентаны бағаның дəстүрлi түсiнiгiне келтiру өте қиын
Мерзiм. Тұрақты рента мерзiмсiз төленедi, яғни оны төлеу мiндетi өз бетiмен тоқтатылуы
мүмкiн емес. Сондықтан құқықтық мəн мiндеттеменi орындау мерзiмiне берiледi, олар болса төлемдердiң мерзiмдiлiгiне тiреледi. Төлемдердiң мерзiмдiлiгi шарттың өзiнде анықталмаса, тұрақты рента əрбiр күнтiзбелiк тоқсан аяқталуымен төленуi керек. Сөйтiп, төлем күнi жаңа басталған тоқсанның бiрiншi күнiмен анықталады, көрсетiлген (тиiстi) мерзiмде төлемдi жасамау мерзiмдi өткiзiп алуға əкеледi.
Мазмұны. Рента шартының мазмұны сатып алу-сату шартының мазмұны сияқты көлемдi
болып келмейдi. Рента төлеушiнiң негiзгi мiндетi шартпен қарастырылған ренталық төлемдердi тиiстi мерзiмдерде төлеп тұруда болып келедi. Рентаны төлеушi рентаны сатып алу арқылы оны төлеуден бас тарта алады. Осындай жағдайда (рентаны төлеуден бас тартатын болса) рента төлеушiсi өзiнiң бас тартатыны туралы рента төленуi тоқтатылуына дейiн үш айдан кем болмайтын мерзiмде рента алушысына хабарлауға мiндеттi. Бас тарту туралы хабарлау үшiн, ұзақтау болып келетiн мерзiмдер, шартпен қарастырылуы мүмкiн. Рента алушысы барлық тиесiлi сомаларды алмайынша рента мiндеттемесi тоқтатылмайды. Рентаны сатып алудың өзге тəртiбi, сатып алу сомасын бөлшектеп төлеу, аралас нысанда төлеу жəне т.б. шартпен қарастырылуы мүмкiн.

§ 3. Ғұмырлық рента шарты
Шарт элементтерi. Бұл шарттың құқықтық реттеуiне назар аударсақ, оған ҚР АК 28 тарауы барлық жалпы ережелерi қолданымды болып келетiнiн айта аламыз. Бiр қарағанда тұрақты рента шарты жəне ғұмырлық рента шарты ұқсас болады. Жақынырақ қарастырғанда олар элементтерiнiң əртүрлi ерекшелiктерi бар екенi анықталады. Олардың сыртқы ұқсастығы жалпы мəнi бар нормалар əсерiнiң салдары болып келедi. Ғұмырлық рента алушы ретiнде бiрнеше субъектiлер бола алады. Ғұмырлық рента алушылар егер шартта өзгеше көзделмесе бiрдей тең құқылы болады (олардың үлестерi тең). Ғұмырлық рентаны алушылардың бiреуi қайтыс болса, онда оның рентаны алу құқығындағы, шартпен өзгешелiк қарастырылмаса, артында тiрi қалған рента алушыларына өтедi (ауысады). Рента алушылардың соңғысы қайтыс болғанда рентаны төлеуге қатысты мiндеттеме толығынан тоқтатылады. Шартты жасасу сəтiнде қайтыс болған азамат пайдасына рентаны (оны алу құқығын) орнататын шарт жарамсыз болып келедi. Осы себептен ғұмырлық рента мiндеттемесi олардың орындалуы жеке несие берушi үшiн арналған мiндеттемелерге жатады (ҚР АК 376 бап 2 т). Жоғарыда көрсетiлген құқықтық мирасқорлықты қоспағанда əмбебап мирасқорлық болсын, талап етудi беру тəртiбiндегi мирасқорлық болсын рента алушы тарабы үшiн мүмкiн. Рента төлеушiлерi болып қандай да болсын тұлғалар келе алады. Олар үшiн мiндеттеменiң жеке мiнезi болмайды. Əмбебап немесе сингулярлық мирасқорлық тəртiбiнде рентаны төлеу бойынша мiндет қандай да болсын жеке жəне заңды тұлғаларға ауыса алады. Ғұмырлық рента шартының пəнi болып əрбiр қозғалатын жəне қозғалмайтын мүлiктер жатады (азаматтықайналымнан алып тасталған мүлiктердi қоспағанда). Екiншi құрама бұл ренталық төлемдер пəнi (нысанасына) қатысты ғұмырлық рента шартының тұрақты рента шартына қарағанда тағы да бiр елеулi айырмашылығы бар. Ол бойынша рента натуралды (заттай) нысанда төленуi мүмкiн емес, ол тек ақшалай төленедi.

§ 4. Өмiр бойы асырауда ұстау шарты
Өмiр бойы асырауда ұстау шарты бойынша рента алушы - азамат өзiне тиесiлi қозғалмайтын мүлiктi сол азаматты жəне (немесе) ол көрсеткен үшiншi бiр адамды өмiр бойы асырауда ұстауды жүзеге асыруға мiндеттенген рента төлеушiнiң меншiгiне бередi.
Өмiр бойы асырауда ұстау қатынастарын реттеу ғұмырлық рента шартын реттейтiн нормаларға негiзделген (ҚР АК 535бабы 2тармағы). Айырықша реттеу ҚР АК 28 тармағының 4де қарастырылған, ол нормалар өмiр бойы асырауда ұстау шартын тiкелей реттеуге арналған.
Шарт элементтерi. Өмiр бойы асыраумен қамтамасыз етiлетiндер (асыраудағылар) болып
азаматтар ғана саналады. Жоғарыда айтылғандай өмiр бойы асырауда болушыларға өз мүлкiн рента төлеу үшiн берген тұлға, немесе ол өзi шарт бойынша көрсеткен үшiншi тұлға жатады. Ғұмырлық рента шарты бойынша да сияқты шарт бойынша тұлғалардың көпшiлiкке (рента алушылардың) ештеңе кедергi етпейдi. Өмiр бойы асырауда ұстау шарты əдетте күн көру үшiн өздерiнiң қаражаттары жоқ, жетiспейтiн, қария, еңбекке қабiлетсiз адамдармен жасалады. Осының өз салдары бар. Бұрын айтылғандай өзге ренталық шарттарда қарым қатынастар толығынан мүлiктi болып келедi, сондықтан рента төлеушi тұлғасының, ол кiм екенiнiң, мəнi болмайды. Өмiр бойы асырауда ұстау шартында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МҮЛІКТІ ИЕЛІКТЕН АЛУДАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТМЕЛЕР
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңнамасына сәйкес, тұтынушылардың құқықтарына сәйкес келетін, сатушылардың міндеттері
Бөлшектеп сатып алу-сату шартының мазмұны, тараптары
Сатып алу-сатудың шартының элементтері
Сатып алу - сату шарты жайлы ақпарат
Бөлшектеп сатып алу - сату шартының мазмұны
Сатып алу-сату шартынының жалпы ұғымы мен түсінігі
Бөлшектеп сатып алу - сату шартының нысаны
Сатып алу-сату шарты жайлы
Қазақстан Республикасындағы сату-сатып алу шарттарыны
Пәндер