Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы кеден төлемдері
Жоспар:
1. Кіріспе
1 бөлім. Кеден ісін ұйымдастыру.
1.1. Қазақстан Республикасындағы кеден төлемдерінің жағдайы
1.2. Қазақстан Республикасындағы кедендік қызметтерін басқару
1.3. Кеден органдарында қызмет атқару тәртібі
2 бөлім. Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы кеден төлемдері және салықтар
2.1. Кедендік төлемдер және салықтар
2.2. Кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу
2.3. Кедендік төлемдерді төлеу мерзімдері мен тәртібі
2.4. Кедендік ресімдеу
3 бөлім. Қаззақстан Республикасының кеден ісінің жалпы мәселелері
3.1. Қазақстан Республикасының кеден орындарының мәселелері
3.2. Кеден саясаты ішкі және сыртқы саясаттың құрамдас бөлігі ретінде
3. Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қазақстанның тәуелсіздік алып,егемендікке ие болуы жаңа заңдарды қажет етті. Ұлттық қауіпсіздікке байланысты жаңа құқықтық инфрақұры-лымдардың құрылуы жаңа басты бағыттар мен заң шараларының қабылдануына алып келеді. Осындай басты бағыттардың бірі – кеден жүйесі.
Кеден ісі саласы – Қазақстан Республикасының кеден саясатын іске асыру кезінде кеден ісін қолдану жөніндегі мемлекеттік реттеу саласы. Кеден ісі кеден саясатының мақсатқа жету құралы ретінде, кеден территориясында арнайы әдіс-тәсілдері арқылы басқа кеден салаларының элементтерімен байланыса отырып, мемлекеттің монополиялық қызметінің құралы болып табылады.
Белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізумен байланысты Қазақстанның экспорттық-импорттық операцияларының көлемінің өсуі, кеден тарифтік реттеудің өсуіне әкеледі.
Қазақстанның өтпелі экономикасында сыртқы сауданы кеден тарифтік реттеуідің мәні мен ерекшелігін талдау өте маңызды.
Алғашқы бөлімінде – кеден ісін жүзеге асырудың механизміне, яғни Қазақстан Республикасы кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өту дәйектеріне, кеден төлемдерінің жағдайына, кедендік қызметті басқару, атқарылу тәртібіне, жалпы кеден режимдерінің ұйымдастырылуына тоқталдым.
Келесі бөлімінде, яғни екінші бөлімінде – мемлекетіміздің бюджетінің қалыптасуындағы осы кеден төлемдері мен салықтардың алатын орны, оларды есептеу, төлеу мерзімдері мен тәртібі, кедендік ресімдеу мен бақылау, кеден баждарын жинау механизмі көрініс табады.
Соңғы бөліміне келмек болсақ, бұл бөлімде кеден ісі дүние жүзілік деңдейде қарастырылады. Қазақстан Республикасының кеден саясаты шет елдердің кедендік саясатымен салыстырмалы түрде көрсетілген. Осы жерден біз еліміздің кеден ісінің барлық ерекшеліктері мен кемшіліктерін байқаймыз.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы
2. Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі (Салық кодексі). Алматы, 2008ж.
3. Қазақстан Республикасының Кеден кодексі. Алматы , 2007ж.
4. Мадиярова Д.М. «Кеден ісін ұйымдастыру және басқару». Алматы, 2000ж.
5. Әлібекова С.Т. «Қазақстанның Кеден құқығы». Алматы, 2002ж.
6. Үмбеталиев А.Т., Керімбек Ғ.Е. «Салық және салық салу». Алматы, 2006ж.
7. Худяков А.И., Бродский Г.М. «Теория налогооблажения». Алматы, 2006ж.
8. «Бухгалтер бюллетені» журналы. №3 қаңтар 2003ж.
9. «Бухгалтер бюллетені» журналы. №1 қаңтар 2006ж.
10. «Бухгалтер бюллетені» журналы. №2 қаңтар 2006ж.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Курстық
жұмыс
Тақырыбы:
Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы
кеден төлемдері
Қабылдаған:
Орындаған:
Жоспар:
1. Кіріспе
1 бөлім. Кеден ісін ұйымдастыру.
1.1. Қазақстан Республикасындағы кеден төлемдерінің
жағдайы
1.2. Қазақстан Республикасындағы кедендік қызметтерін
басқару
1.3. Кеден органдарында қызмет атқару тәртібі
2 бөлім. Мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы кеден төлемдері және
салықтар
2.1. Кедендік төлемдер және салықтар
2.2. Кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу
2.3. Кедендік төлемдерді төлеу мерзімдері мен тәртібі
2.4. Кедендік ресімдеу
3 бөлім. Қаззақстан Республикасының кеден ісінің жалпы мәселелері
3.1. Қазақстан Республикасының кеден орындарының
мәселелері
3.2. Кеден саясаты ішкі және сыртқы саясаттың құрамдас бөлігі
ретінде
3. Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Кіріспе
Қазақстанның тәуелсіздік алып,егемендікке ие болуы жаңа заңдарды
қажет етті. Ұлттық қауіпсіздікке байланысты жаңа құқықтық инфрақұры-
лымдардың құрылуы жаңа басты бағыттар мен заң шараларының қабылдануына алып
келеді. Осындай басты бағыттардың бірі – кеден жүйесі.
Кеден ісі саласы – Қазақстан Республикасының кеден саясатын іске
асыру кезінде кеден ісін қолдану жөніндегі мемлекеттік реттеу саласы. Кеден
ісі кеден саясатының мақсатқа жету құралы ретінде, кеден территориясында
арнайы әдіс-тәсілдері арқылы басқа кеден салаларының элементтерімен
байланыса отырып, мемлекеттің монополиялық қызметінің құралы болып
табылады.
Белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізумен байланысты Қазақстанның
экспорттық-импорттық операцияларының көлемінің өсуі, кеден тарифтік
реттеудің өсуіне әкеледі.
Қазақстанның өтпелі экономикасында сыртқы сауданы кеден тарифтік
реттеуідің мәні мен ерекшелігін талдау өте маңызды.
Алғашқы бөлімінде – кеден ісін жүзеге асырудың механизміне, яғни
Қазақстан Республикасы кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік
құралдарының өту дәйектеріне, кеден төлемдерінің жағдайына, кедендік
қызметті басқару, атқарылу тәртібіне, жалпы кеден режимдерінің
ұйымдастырылуына тоқталдым.
Келесі бөлімінде, яғни екінші бөлімінде – мемлекетіміздің бюджетінің
қалыптасуындағы осы кеден төлемдері мен салықтардың алатын орны, оларды
есептеу, төлеу мерзімдері мен тәртібі, кедендік ресімдеу мен бақылау, кеден
баждарын жинау механизмі көрініс табады.
Соңғы бөліміне келмек болсақ, бұл бөлімде кеден ісі дүние жүзілік
деңдейде қарастырылады. Қазақстан Республикасының кеден саясаты шет
елдердің кедендік саясатымен салыстырмалы түрде көрсетілген. Осы жерден біз
еліміздің кеден ісінің барлық ерекшеліктері мен кемшіліктерін байқаймыз.
1.1. Қазақстан Республикасындағы кеден төлемдерінің жағдайы.
Қазақстан Республикасындағыкеден төлемдерінің жағдайын Алматы қаласы
жіне Алматы облысы кеден басқару бөлімшесінің жүйесінде қаратырсақ.
• Кеден табысбөлімшесі Алматы қаласы және Алматы облысы кеден басқармасының
құрылымдық бөлімшесі болып табылады және басқарманың басқарушысы мен оның
орынбасарына бағынады.
• Бөлімше өз жұмысын атқаруда Конституцияны, Қазақстан Республикасының
заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің қаулыларын, Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қарарлары мен үкімдерін, Қазақстан
Республикасының Кеден комитететінің бұйрықтары мен шешімдерін және
нормативтік актілерін басшылыққа алады.
• Астана, Жүк автомобилі, Терминал кедендерінің кедендік төлемдерді
және салықтарды төлеу бойынша республикалық бюджетке сомалардың уақтылы
және толығымен түсуі бойынша кедендік құнды анықтау, сыртқы экономикалық
кызмет тауар номенклатурасын және кедендік тарифтерді қолдану бойынша
олардың қызметтерін бақылау, ұйымдастыру және үйлестіру жүргізіп отырады.
• Бөлімше – бөлімше басшысымен басқарылады, ол басқару басшысы ұсынысымен
комитет төрағасымен тағайындалады.
• Бөлімшенің негізгі құрылымы жоғары экономикалық және заңды білімі бар,
экономика, аудит, бухгалтерлік есеп, қаржы-несие қатынастарында теориялық
дайындығы бар немесе тәжірибелік білімі бар мамандардан құралады.
• Бөлімше жұмысының негізгі бағыттарына жататындар:
– кедендік төлемдер және салықтардың дұрыс есептелуіне бақылау жасау,
соның ішінде саудалық емес айналымда;
– тауарлар кедендік құнының дұрыс төленуіне бақылау жасау;
– кедендік төлемдер және салықтар бойынша кедендік органдардан түсетін
мәліметтер жинау, талдау;
– төлемдер және салықтарды жинаудың, сыртқы экономикалық қызметі, тарифтік
реттеу бойынша ұсыныстарды қарастыру;
– кедендік төлемдер және салықтар жинау мәселелері бойынша кедендік
мекемелерді тексеру;
– СЭК-қа қатысушылар экспорттық-импорттық және басқа да сыртқы
экономикалық операцияларды қажетті жағдайда тексеру;
– бөлімшенің негізгі міндеттері және қызметтері;
• Қазақстани Республикасының заңдылықтары, Қазақстан Республикасының
Үкімет шешімдері, Комитет бұйрықтары және шешім талаптарын орындауды
жүзеге асыру.
• Бөлімшенің басқару бөлімдері және басқа ведомстволарымен бөлімше
жұмысының негізгі бағыттары бойынша көрсетілген мақсаттарда жұмысты
ұйымдастыру үшін тиімді байланыстылығын қамтамасыз ету.
• Кедендік төлемдер мен салықтар түсуін және уақтылы республикалық
бюджетке түсуін бақылау.
• Құқық қорғау және басқа да компонентті органдармен бірге Қазақстан
Республикасының кедендік заңдылығын, комитет бұйрықтары мен шешімдерін
бұзуды анықтау бойынша шаралар ұйымдастыру және керек жағдайда
анықталған бұзушылықтарды қосымша тексеруге қатысу.
• Сәйкес құрылымдық бөлімдерге әдістемелік ұйымдастырушылық және
практикалық көмек көрсету.
• Бөлім құзырына кіретін мәселелер бойынша азаматтар мен ұйымдарға кеңес
беру.
• Бөлім құзырына кіретін мәселелер бойынша бағынышты кедендер мен
мемлекеттік ұйымдардың әсерлесуін ұйымдастыру.
Бөлім құжаттары.
1. Бөлім құзырына жататын мәселелер бойынша бағынышты кедендермен
ұйымдастырушылық әдістемелік жұмыстар жүргізу.
2. Бағынышты кедендерден қажетті қауырт (оперативті) мәліметтер жинау.
3. Қазақстан Республикасының кедендік заңдылықтарын орындауы жағынан
бағынышты кедендер жұмыстарын тексеру.
4. Ұлттық банкпен, оның бөлімдерімен, Қаржы министрлігі басты салық
инспекциясының бөлімдерімен және тағы басқа ұйымдармен түрлі сауалдар
бойынша байланыса алады.
5. Комитетке, кедендік төлемдерге, құнның нормативтік негізіне өзгерістер
енгізуге ұсыныс жасай алады.
6. Бөлім құзырына жататын мәселелер бойынша кедендік және басқа
ұйымдармен жазысып тұру.
7. Тексеру немесе жұмыс барысында ұйымдар жағынан кедендік заңдыылықты
бұзу анықталғанда немесе лауазымды тұлғалар заңсыз істерін анықтаған
Басқару басшылығына жеткізу.
8. Басқарудың басқа құрылымдық бөлімдерімен әсерлесу, мәлімет алмастыру.
9. Басқару басшысы талабымен ұйымдарда бөлім құзырына кіретін мәселелер
бойынша басқару жүргізу.
Жұмысты ұйымдастыру.
1. Бөлім басқармасын бөлім басшысы жасайды, ол басқару басшысына және
оның орынбасарына жауап береді.
2. Бөлім басшысы бөлім жұмысын ұйымдастырады, қызметшілер арасында
міндеттерді бөледі, қызметкерлік нұсқаулар дайындауға қатысады, бөлім
қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды.
3. Басқару басқармасына бөлім қызметкерлерінің ауыстыру, жалақыны
жоғарылату, сыйлық беру, әкімшілік тәртіптік шаралар қолдану ұсынысын
жасайды.
4. Бөлім қызметкерлерінің біліктік деңгейін арттыру бойынша жұмысты
ұйымдастырады.
5. Бөлім алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер, жұмыс өзгеруіне қатысты
құрылым, санды өзгерту бойынша ұсыныстарды енгізеді.
6. Бөлім қызметкерлерімен жұмыстың алдағы әдістерін үйренуді
ұйымдастырады.
7. Бөлім басшысы – бөлім қызметкері мен мақсаттарының орындалуына
персоналды жауапкершілік алады.
Қазақстан Республикасының кедендік қызметін басқару.
Әр елдегі кедендік қызметтің ұйымдастырушылық құрылымы – елдің
экономикалық даму деңгейіне, сыртқы экономикалық байланыстардың жан-
жақтылығы мен ауқымына тәуелді болады.
Мысалы, АҚШ-та кедендік қызметті ұйымдастырудың құрамына 7 аймақтық
бөлімшесі бар. Қаржы министрлігі жанынан құрылған АҚШ-тың кедендік қызмет
Басқармасы кіреді: Нью-Йорк, Солтүстік-Шығыс, Оңтүстік-Шығыс, Оңтүстік-
Орталық, Оңтүстік-Батыс, Солтүстік-Орталық, Тынық мұхиты аймағы қызметтері.
Аймақтық бөлімшелер құрамына 45 кедендік аудан кіреді, өз кезегінде
олардың 300 кедені және кедендік бекеттері бар.
Қазақстан Республикасында кедендік саясатты жүзеге асырушы орган-
қазақстандық кедендік қызмет, ол Қазақстан Республикасының Президентінің
1991 жылғы 12 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасы Кеден комитетін құру
жөніндегі Жарлығы бойынша құрылған. Қазақстанның кеден органдары біртұтас
жүйені құрайды, оның құрамына Орталық кедендік орган, кедендік комитет,
сонымен бірге кедендік басқармалар, кедендер және кеден бекеттері кіреді.
Кедендік іс жөніндегі Заңға сәйкес Қазақстан Республикасындағы
кедендік органдарға мыналар кіреді: Орталық кедендік комитет, 19 кедендік
басқарма және еркін экономикалық аймақта орналасқан 2 дербес кедендік
органдар. Республикадағы кедендер мен кедендік бекеттер саны 100-ден астам.
Кедендік органдар жиынтығы қандай негіздерге байланысты біртұтас жүйе
ретінде қарастырылады? Осыған байланысты 2 факторды атап өтейік:
Біріншіден, функционалдық орталығы, кедендік органдардың мақсаттары мен
міндеттерінің біртұтастығы.
Екіншіден, кедендік органдардың ұйымдық бірлігі осы органдар
жүйесінің ұйымдық құрылымымен қамтамсыз етіледі. Ол қатаң иерархиямен және
буындардың қатаң бағынуымен ерекшелінеді.
Орталық кеден органы кедендік қызметінің барлық мәселелерімен
айналысады. Орталық органның маңыздылығына қарамастан, институционалдық
құрылымның негізін құраушы элемент болып кеден есептелінеді.
Кеден дегеніміз – кедендік шаралардың жүруі үшін арнайы белгіленген
жіне тиісінше жабдықталған орын. Кеден елдің кедендік шекарасында орналасуы
міндетті емес. Ол кедендік территорияның ішінде де орналасуы мүмкін. Кеден
қызметіне кедендік реттеу нәтижелері тікелей тәуелді болады.
Кедендік органдар жүйесі.
Орталық Кедендік орган
Кедендік қызмет Басқармасы
Кеден
Кедендік бекеттер
Кедендік органдардың төменгі буынының жоғарғы буынға орталықтануы
және бағынуы, кедендердің жергілікті әкімшілікке тәуелсіздігі төмендегі
жүйені құрудың айрықша белгісі болып табылады.
Қазақстан Республикасының кедендік органдар жүйесі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік табыстық
министрлігінің кеден комитеті
Кедендік басқарма
Кеден
Кедендік бекеттер
Тікелей басқару және көлденең бағыттағы әкімшілік тәуелділіктің жоқ
болуы – жалпы кедендік органдар жүйесіне де, оның әрбір құрамдас бөліігіне
де тән белгі. Осыған байланысты кедендік органдар жүйесінің буындары
жергілікті билеуші органдарға мүлдем тәуелді емес деген ой туындамауы тиіс.
Олардың өзара байланыстары жеткілікті дәрежеде әр алуан болып келеді.
Жалпы түрде кедендік органдар жүйесінің – біртұтас мақсаттары мен
міндеттері бар, сонымен бірге иерархиялық құрылымдағы , яғни төменгі
органдарының жоғары органдарға бағыныштылығымен сипатталатын кедендік
органдар жиынтығы ретінде анықтауға болады.
Осы жүйенің біртұтас функционалдық және ұйымдастырушылық орталығы –
Кеден крмитеті.
Кеден органдарының негізі қызметтері:
– біріншіден, олар Қазақстан Реғспубликасының кедендік саясатын жасау
мен оны жүзеге асыруға қатысады;
– екіншіден, өз құзыры шеңберінде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз
етеді және біздің мемлекеттің экономикғалық мүдделеоін қорғайды;
– үшіншіден, кедендік төлемдер мен салықтарды алып отырады,
Қазақстандық кедендік шеарасыарқылы тауарлар мен транспорттық
құралдардың қозғалысы кезінде ережелердің сақталуын қамтамасыз етеді,
сонымен бірге Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы
өтетін тауарларға қатысты экономикалық саясат шараларын жолдауға
қатысады және т.б.
Негізгі функциалардың бұл тізімі Қазақстан Республикасындағы кедендік
органдар қызметінің әр алуан сипатын көрсетеді.
Кедендік органдар жүйесін Қазақстан Республикасы Кеден комитеті
басқарады. Ол атқарушы орталық орган болып табылады және кедендік қызметке
тікелей жетекшілік етеді.
КР Кеден комитеті экономиканың әр түрлі секторларында Қазақстан
Республикасының кедендік саясатын жүзеге асырады. Сонымен бірге ол біртұтас
кедендік саясатты жүзеге асырудың экономикалық, ұйымдастырушылық және
құқықтық мехнизмдерін жасайды, олардың тәжірибеде қолданылуын қамтамасыз
етеді.
Кедендік басқармалар – орталық орган мен жергілікті кедендік
мекемелер арсындағы кедендік органдар жүйесінде аралық буын болып табылады.
Оның міндеттері мен қызметтері мемлекеттік кеден комитетінің міндеттері мен
қызметтеріне ұқсас, бірақ ол сәйкес кедендік аймақ территориясындағы
кедендік іске ғана жетекшілік етеді.
Қазақстан Республикасының кедендері – кедендік органдар жүйесінің
ұйымдастырушылық негізін құрайды.
Кедендік қызмет саласындағы міндеттердің негізгі бөлігін тікелей
кедендер орындайды. Қазақстанда болып жатқан терең саяси және әлеуметтік-
саяси өзгерістер кедендік істің кеңеюі мен күрделенуіне жағдай жасады,
нәтижесінде кедендік бақылау құзырына өзгерістер енгізуді талап етті. Бұрын-
соңды кедендік бақылау (тексеру) кезеңдік шекарада орналасқан нүктелердн
ғана жүргізілді. Сыртқы сауданың мемлекеттік монополиясынан бас тартуға
және өндірушілердің сыртқы нарыққа өз бетінше шығуына байланысты кедендік
тексеру шарасын өзгерту қажеттілігі туындады, яғни кедендік құжаттарды
дайындау мен тексеру және жүктерді тексеру бойынша жұмыстар кедендік
шекарадан мемлекет ішіне ауыстырылды.
Осының нәтижесінде ішкі кедендер құрылды және қазіргі таңда олар
кедендік операцияларды орындау бойынша негізгі жұмысты өз мойындарына
алған. Мұндай қайта құру әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді, тауар
өндірушілерді кедендік органдармен бірге байланыстарды, шекара маңындағы
кедендерді көптеген шаралардан босатады, жүк айналымының күшеюіне ықпал
етеді, кедендік тексеруді өте тиімді етеді. Бұл кезеңдерді ішкі және
сыртқы деп шартты түрде екіге бөлуге мүмкіндік береді. Жалпы алғанда,
Кеден барлық импортталатын және экспортталатын жүк пен тауарлардың,
соныменбірге пошталық жіберулер мен басқа да жүктердің, ел территориясына
кіруі мен шығуына тексеру жасайды.
Кедендік бекет – кедендік органдар жүйесінің алғашқы буына, ол
белгілі бір нүктеде немесе белгілі бір территорияда кедендік құжаттарды
толтыру және кедендік тексерулер жүргізуге арналған өкілетті орган.
Кедендік бекет төмендегідей негізігі міндеттерді жүзеге асырады:
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен
транспорттық құралдары кедендік тексеруден өткізеді және кедендік
құжаттарды толтырады.
Қазақстан Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен транспорттық құралдардың
өтуіне рұқсат етілген ережелердің сақталуын қамтамасыз етеді және кедендік
салықтар жинайды. Жалпы алғанда, кеденмен салыстырғанда, кедендік
бекеттердің міндеттері мен қызметтерінің жалпы шеңбері едәуір аз болып
келеді.
Бүгінде кедендік қызметтер комитет аппаратынан, 14 облыстық кедендік
басқармадан, 22 кеденнен және 127 кедендік бекеттен тұрады. Кедендік қызмет
сонымен бірге әскери-шекаралық міндетті орындайды.
Қытаймен шекарадан басқа барлық территория кеденнің үлесінде, яғни 4
мың адамның қарамағында. Сондықтан да кедендік пунктер арасындағы
шекаралардың арақашықтығы -150-200 м, ал кейбір жерлерде – 500-600 м-ге
детеді. Ал барлық өркениетті мемлекеттерде көрші орналасқан пунктер бір-
бірімен рация арқылы хабарласа алады., яғни олардың арасындағы қашықтық –
50-60 м. Бірақ барлық бекеттерді жабу 17 теміржолдың, 22 аэропорттың(оның
ішінде 2 әскери аэропорт) шекарасында тұру үшін 12 мың адм қажет. Қазіргі
кезде кедендік шекараның 11,5 мың километрін ғана тәуліктік кедендік
тексеруден өткізу қамтамасыз етіледі, ал республика шекарасы 13 мың
километрге созылып жатыр.
Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша кедендік басқармаларды
мысалға келтіре отырып, кедендік органдардың ұйымдастырушылық құрылымы мен
олардың қызметтерінің қарастырғанда, оның құрамына төмендегі бөлімдер
кіреді:
1) кедендік тексеруді ұйымдастыру бөлімі;
2) кедендік төлемдер бөлімі:
– төлемдер бөлімі;
– валюталық тексеру қызметі;
3) контрабандамен және кеден ережесін бұзушылықпен күрес жүргізу бөлімі:
– кедендік тергеу қызметі;
– оперативтік іздестіру қызметі;
– есірткі заттар контрабандасымен күресу қызметі және кинология
қызметі;
4) кеденді қорғау мен режим бөлімі:
– кедендік қорғау мен режим бөлімі;
– қарулану мен әскери дайындық қызметі;
5) тауарлардың жеткізілуі транзиттік бақылау (тексеру) қызметі;
6) қалыптақан мен кедендік санақ (статистика) бөлімі;
7) өзіндік қауіпсіздік бөлімі;
8) кадрлар бөлімі;
9) бухгалтерлік есеп пен есеп беру бөлімі;
10) қамтамасыз ету бөлімі
11) құжаттық қамтамасыз ету бөлімі;
12) ақпаратты қорғау қызметі;
13) пресс-қызмет;
14) сыртқы экономикалық байланыс;
15) акцизді кедендік бекет;
1. Кедендік тексеруді ұйымдастыру бөлімі – Қазақстан Республикасының
Кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлардың кедендік құжаттары
төмендегі кедендік режимдер бойынша дайындалады:
– еркін айналым үшін тауарларды шығару үшін;
– тауарлардың реимпорты;
– тауарлар импорты;
– тауарлардың реэкспорты;
– тауарлар экспорты;
– тауарларды жою;
– мемлекет пайдасы үшін тауарлардан бас тарту;
– салықсыз сауда дүкені;
– кедендік қойма;
– еркін кедендік аймақ және еркін қойма;
– тауарларды уақытша енгізу және уақытша шығару;
– Қазақстан Республикасының кеден территориясында тауарлар өндеу;
– кедендік тексеру арқылы тауарлар өндеу;
– уақытша сақтау қоймасы;
– кедендік территориядан тыс жерде тауарларды өндеу;
– жүктердің кедендік құжаттарын дайындау;
2. Кедендік төлемдер бөлімі – кедендік төлемдерді (баж салығы,
алымдар) және салықтарды (акциздер, құнға үстеме салық) белгілейді
және жинайды; кедендік режиміне сәйкес төлемдердің дер кезінде
келіп түсуін бақылап отырады; саудалық және саудалық емес
айналымдағы кедендік төлемдерге санақ пен талдау жүргізеді;
тауарлардың кедендік құнын анықтайды; тауарлардың кедендік құнына
талдау жасайды және әр түрлі факторлары әсерінен оның динамикасының
өзгеруін анықтайды; валюталық табыстардың түсу мен қолданылуын
тексереді; валюталық табыстардың келіп түсуін кедендік-банктік
тексеру нәтижелеріне талдау жасайды; сыртқы экономикалық қызметке
қатысушылардың тауар айналымының көлемі, динамикасы және құрылымы
жөніндегі ақпараттарды бір жүйеге келтіру және зерттеу жұмыстарын
жүргізеді; экспорттық-импорттық операциялады аудиторлық тексеруден
өткізеді.
3. Контрабандамен және кедендік ереже бұзушылықпен күрес жүргізу
бөлімі – контрабанда және кедендік ережелерді бұзу фактілерін
анықтау мен оған жол бермеу шараларын жүргізеді; контрабанда немесе
кедендік ереже бұзу бойынша тергеу қызметін жүргізеді; құқық қорғау
органдарымен бірлесе отырып жедел шараларды жүргізеді.
4. Кедендік қорғау мен режим бөлімі – кедендік шекараны, кедендік
орган обьектілерін қорғау, ұсталған және тұтқындалған жүктерді,
акциздік топтағы тауарларды қорғау жұмыстарын жүргізеді;
оперативтік-кезекшілік қызмет жұмысын ұйымдастырады; қару-жарақ пен
құралдарды сақтау мен беру бойынша, қызметкерлердің қарудың
материалдық бөліктерімен танысуы және оны қолдануы ережелерін білуі
бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
5. Тауарларды жеткізу мен транзиттік бақылау қызметі – транзит атты
кедендік режимге жатқызылған тауарлардың кедендік тіркелуін
қамтамасыз етеді; ішкі кедендік транзит шарасы бойынша қажетті
кедендерге импорттық жүктердің келіп түсуіне тексеру жасайды.
6. Қалыптасқан кедендік санақ бөлімі – кедендік қызмет мәліметтерін
автоматты түрде жасаудың біртұтас жүйесі шеңберінде ақпараттық және
техникалық құралдарды пайдалану бойынша жұмыстарды жүргізеді;
сыртқы сауда санағын, кеден ішіндегі және арнайы санақты жүргізу
мен ақпаратты жинау, енгізу, тексеру және талдауды жүзеге асырады.
7. Өзіндік қауіпсіздік қызметі – кеден қызметіндегі жемқорлық,
парақорлық және қиянат жасау фактілерін анықтайды, оған ескерту
жасайды; кедендік қызмет қатарына қылмыстық элементтердің кіруіне,
қызметтік ақпараттың шетке шығуына тыйым салады.
8. Кадрлар бөлімі – кадрларды таңдау мен орналастыруды жүзеге асырады;
жеке құрамдарына тәрбие жұмысын жүргізеді, қызметкерлердің
қәсіпқойлық деңгейін көтерумен айналысады.
9. Бухгалтерлік есеп пен есеп беру бөлімі – кеден органдарының
қаржылық-шаруашылық қызметін есепке алады және бақылайды, ақшалай
құралдардың үнемді және тиімді шығындалуына бақылау жасайды.
10. Қамтамасыз ету бөлімі - әкімшілік жүйеге қызмет көрсетеді, қажетті
жиһазбен және кеңсе тауарларымен, қызмет орнымен, қоймамен
қамтамасыз етеді; транспорттық құралдарды пайдалану бойынша
жұмыстарды ұйымдастырады, телефон байланыстарымен қамтамасыз етеді.
11. Құжаттық қамтамасыз ету бөлімі – құжаттау және іс-қағаздарын
толтыру жұмыстарын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды.
12. Ақпараттарды қорғау қызметі – кедендік мекемедегі режимді
қамтамасыз етеді; азаматтық қорғаныс бойынша толық әскери-дайындық
жұмыстарын ұйымдастырады.
13. Заң қызметі – кедендік мекеме қызметіндегі заңдылықтардың сақталуын
қамтамасыз етеді; кедендік мекемелердің құқықтары мен мүдделерін
қорғайды; Қазақстан Республикасының заң актілері бойынша үгіт-
насихат жұмыстарын жүргізеді және түсіндіреді.
14. Пресс қызметі – халықаралық жіберулерді – ұсақ пакеттер, бандероль,
сектограмма, баспа өнімдері бар М атты қашықтардың кедендік
құжаттарын дайындайды.
15. Сыртқы экономикалық байланыс қызметі – кедендік қызмет мәселелері
бойынша елшіліктер және өкілдермен көздесулер немесе келіссөздер
жүргізуді ұйымдастырады.
16. Акциздік кедендік бекет – тауарға белгі жасалуы тиіс шетелдік
жекелеген акциздік тауарлардың кедендік құжаттарын дайындайды;
акциздік жиындар маркасын сатумен айналысады; маркаланатын акциздік
шетел тауарларының жеткізілуін ұйымдастырады; акциздердің толық
түрде және дер кезінде төленуін қамтамасыз етеді.

Кеден органдарындағы қызмет Қазақстан Республикасының заң актілеріне
сәйкес кеден органдарының міндеттерін, құқықтарын және міндеттемелерін,
сондай-ақ құқық қорғау органдарының функцияларын іске асыру жөніндегі
кәсіби қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы азаматтары
мемлекеттік қызметінің арнаулы түрі болып табылады.
Кеден органдарында қызмет атқару тәртібі осы Кодекспен және осы
Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік
қызмет туралы және еңбек туралы заңдарымен реттеледі.
Өзінің жеке, моральдық, іскерлік, кәсіби қасиеттері, өзіне жүктелген
міндеттерді орындауға денсаулық жағдайы, дене бітімінің дамуы және білім
деңгейі жөнінен қабілетті, кеден органдарына қызметке қабылданған Қазақстан
Республикасының әрекетке қабілетті азаматтары кеден органдарының лауазымды
адамдары болып табылады.
Кеден органдарына қызметке қабылдау үшін:
1) қызметке жарамдылығы туралы медициналық қорытындының болуы;
2) міндетті арнаулы тексерудің болуы;
3) кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген
біліктілік талаптарына сәйкес болу қажет.
Кеден органдарына қызметке орналасқаннан кейін арнаулы атақ берілмей,
үш айға дейін сынақ мерзімі белгіленеді.
Кеден органдарына қызметке қабылданған әскери міндеттілер белгіленген
тәртіппен әскери есептен шыѓарылады жєне кеден органдарында арнаулы есепте
тұрады.
Кеден органына қызметке орналасқан жас мамандар кеден ісі
мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен кеден
бекеттерінде, кедендерде және кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті
органның аумақтық бөлімшелерінде міндетті тағлымдамадан өтеді.
Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның басшысын Қазақстан
Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган басшысының
орынбасарларын кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган басшысының
ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайды
және қызметтен босатады.
Кеден органдарының басқа лауазымды адамдары кеден ісі мәселелері
жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен қызметке тағайындалады және
қызметінен босатылады.
2.1. Кедендік төлемдер және салықтар
Қазақстан Республикасында мынадай кедендік төлемдер қолданылады:
1) кедендік баж;
2) кедендік алымдар;
3) алымдар;
4) алдын ала шешім үшін төлемақы.
Төлеушілер, кедендік төлемдерді есептеу, төлеу, қайтару және өндіріп
алу тәртібі, сондай-ақ кедендік төлемдер бойынша жеңілдіктер осы Қазақстан
Республикасының Кеден Кодексінде айқындалады.
Қазақстан Республикасының кеден органдары демпингке қарсы, қорғау
және өтемдік баждарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
тәртіппен және жағдайларда алады.
Төлеушілер, салықтарды есептеу және төлеу тәртібі Қазақстан
Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалады.
Жеке тұлғалар тауарларды оңайлатылған тәртіппен өткізу кезінде
кедендік төлемдер және салықтар Қазақстан Республикасының Үкіметі
белгілеген жиынтық кедендік төлем түрінде төленуі мүмкін.
Кедендік төлемдердiң ставкалары мынадай түрлерге:
1) салық салынатын тауарлардың кедендік құнына процентпен есептелетiн
- адвалорлық;
2) салық салынатын тауарлардың бірлігі үшiн белгiленген мөлшерде
есептелетiн - ерекшелiкті;
3) кедендік төлемдер ставкаларының аталған екi түрiн де ұштастыратын
- құрамдас болып бөлiнедi.
Кедендік баждар
Кедендік баждар тауарларды кедендік режимдерде декларациялау кезінде
төленеді, бұларға орналастыру жағдайы Қазақстан Республикасының Кедендік
тарифіне сәйкес кедендік баждар төлеуді белгілейді.
Кедендік баждардың ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі
белгілейді және олар ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен
соң күшіне енеді.
Кедендік алымдарға:
1) кедендік ресімдеу үшін кедендік алым;
2) кедендік ілесіп алып жүру үшін кедендік алым;
3) тауарларды сақтау үшін кедендік алым жатады.
Көрсетілген іс-әрекеттерді орындағаны үшін кеден органдары
шығындарының құны кеден алымдарының мөлшерін айқындау үшін негіз болып
табылады.
Тауарлар мен көлік құралдарын негізгі кедендік ресімдеу кезінде
кедендік ресімдеу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген
мөлшерде кедендік алым алынады.
Кеден органдары тауарларды кедендік ілесіп алып жүру үшін Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде кедендік алым алады.
Бірнеше көлік құралын кедендік ілесіп алып жүру кезінде кедендік
алымның сомасы ілесіп алып жүруге қатысушылардың санына барабар бөлінеді.
Иелері кеден органдары болып табылатын кеден қоймалары мен уақытша
сақтау қоймаларында тауарларды сақтау үшін Қазақстан Республикасының
Үкіметі белгілеген мөлшерлерде кедендік алымдар алынады.
Кеден органдары алатын алымдарға:
1) лицензия бергені үшін алым;
2) кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын
бергені үшін алым жатады.
Лицензия және кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік
аттестатының берілгені үшін белгіленген алымдардың мөлшерін Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындайды.
Лицензия бергені үшін алым:
1) кеден қоймасын құрғаны;
2) бажсыз сауда жасайтын дүкен құрғаны;
3) бос қойма құрғаны;
4) уақытша сақтау қоймасын құрғаны;
5) кедендік тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асырғаны;
6) кеден брокері ретінде қызметті жүзеге асырғаны үшін алынады.
Тауардың жіктемесіне, шығарылған елін және кедендік құнын айқындау
әдіснамасына қатысты алдын ала шешім қабылдағаны үшін Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілеген мөлшерде алдын ала шешім үшін төлемақы
алынады.
2.2. Кедендік төлемдерді төлеу мерзімдері мен тәртібі
Қазақстан Республикасында қолданылатын Сыртқы экономикалық қызметтің
тауар номенклатурасына сәйкес өлшем бірлігі кедендік баждың өзіндік ерекше
ставкалары белгіленген тауарлар бойынша кедендік баждар салуға арналған
база болып табылады.
Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеушілер дербес есептейді.
Кеден ісі саласында құқық бұзушылық анықталған жағдайда, төленуге
тиісті кедендік төлемдерді және салықтарды есептеуді кеден органы
жүргізеді.
Кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу Қазақстан Республикасының
ұлттық валютасымен жүргізіледі.
Кедендік төлемдер мен салықтарды есептеу мақсаттары үшін кеден органы
кедендік декларацияны тіркеген күні қолданылатын ставкалар пайдаланылады.
Кедендік баждарды және салықтарды есептеу мақсаттары үшін Қазақстан
Республикасының Кедендік тарифіне және Қазақстан Республикасының салық
заңдарына сәйкес, Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы
бойынша тауарлардың кодына және тауарлардың атауына сай келетін ставкалар
қолданылады.
Кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу, соның ішінде тауарлардың
кедендік құнын айқындау мақсаттары үшін шетел валютасын қайта есептеу
жүргізу талап етілген жағдайларда, кеден органы кедендік декларацияны
тіркеген күнге немесе төленуі тауарлардың кедендік ресімделуіне байланысты
емес кедендік төлемдер үшін төлем күніне Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы
қолданылады.
Шартты шығарылған тауарлар кедендік төлемдерді және салықтарды
төлеуден толық немесе ішінара босатылғандарға қарағанда өзге мақсаттарда
пайдаланылған кезде төленуге тиісті кедендік төлемдерді және салықтарды
есептеу үшін кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күні қолданылатын
кедендік төлемдердің және салықтардың ставкалары пайдаланылады.
Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу мерзімінің бұзылуы болған
кезде, кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу кедендік төлемдерді және
салықтарды уақтылы төлемегені үшін өсімпұл есептей отырып жүргізіледі.
2.3. Кедендік төлемдерді төлеу мерзімдері мен тәртібі.
Кедендік төлемдерді төлеушiлер мына тұлғалар болып табылады:
1) тауарлар мен көлік құралдарына қатысты өкілеттіктері бар тұлғалар
немесе декларант;
2) лицензия немесе кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік
аттестатын алатын тұлғалар кедендік төлемдерді төлеушiлер болып табылады.
Кедендік баждарды төлеу мерзімдері өзгерген жағдайларды қоспағанда,
кедендік баждар кедендік декларация тіркелген күнге дейiн немесе тіркелген
күнi төленедi.
Егер кедендік декларация айқындалған мерзiмде берiлмесе, онда кедендік
баждарды төлеу мерзiмдерi кедендік декларацияны беру мерзiмi өткен күннен
бастап айқындалады.
Шартты түрде шығарылған тауарларды кедендік баждар салудан босатуға
байланысты мақсаттардан өзге мақсаттарда пайдаланған кезде, тұлғаның
тауарларды пайдалану және оған иелік ету жөніндегі шектеулерді бұзған күні
кедендік баждарды төлеу мерзімі болып есептеледі. Егер шектеулердің
бұзылған күнін анықтау мүмкін болмаса, кедендік декларация тіркелген күн
кедендік баждарды төлеу мерзімі болып есептеледі.
Кедендік ресімдеу үшін кедендік алымдар:
1) кедендік декларацияны тіркегенге дейін немесе тіркеген күні
төленеді;
2) егер кедендік декларация сәйкес айқындалатын мерзімдерде берілмесе,
онда кедендік декларацияны беру мерзімдері өтіп кеткен күннен бастап төлеу
мерзімдері өтеді;
3) шартты түрде шығарылған тауарларды кедендік ресімдеу үшін кедендік
алымдарды салудан босатуға байланысты мақсаттардан өзге мақсаттарда
пайдаланған кезде, тұлғаның тауарларды пайдалану және оларға билік ету
бойынша шектеулерді бұзған күні көрсетілген алымдарды төлеу мерзімі болып
есептеледі. Егер төлеу мерзімін бұзған күнді белгілеу мүмкін болмаса,
кедендік декларация тіркелген күн төлеу мерзімі болып есептеледі.
Кедендік алып жүру үшін кедендік алымдар кеден органы кедендік алып
жүру туралы шешім қабылдағаннан кейін, бірақ кедендік алып жүруді
ұйымдастырудың басталуынан кешіктірілмей төленеді.
Кеден органдары құрған кеден қоймаларында және уақытша сақтау
қоймаларында тауарларды сақтағаны үшін кедендік алым осындай қоймалардың
аумағынан тауарларды әкеткен күні төленеді.
Лицензиялар мен кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік
аттестатын бергені үшін алымдар, сондай-ақ алдын ала шешім үшін төлемақы
кеден органдары лицензияларды және кедендік ресімдеу жөніндегі маманның
біліктілік аттестатын ресімдеу үшін, сондай-ақ алдын ала шешім қабылдау
үшін белгіленген құжаттар мен қажетті мәліметтерді қабылдағанға дейін
немесе қабылдаған күні төленеді.
Кедендік төлемдер қолма-қол ақшамен және ақшасыз төлеу тәртiбімен
төленедi.
Кедендік төлемдердi төлеушi не атынан кедендік төлемдер енгізілетін
төлеушіні көрсете отырып үшiншi тұлға төлеуі мүмкiн. Кедендік төлемдер
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен төленеді.
Кедендік төлемдер тиісті уәкілетті мемлекеттік органмен келісім
бойынша кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айќындайтын
тәртіппен мемлекеттік бюджетке аударылады.
Артық төленген кедендік төлемдердің және салықтардың сомасын
қайтарып алу немесе есепке алу туралы төлеушілердің талаптары бойынша
талап қою мерзімі бес жыл болып белгіленеді.
Алынуы кеден органдарына жүктелген кедендік төлемдер мен салықтардың
бюджетке дұрыс есептелуіне және уақтылы енгізілуіне бақылауды кеден
органдары жүзеге асырады.
Кедендік төлемдер мен салықтардың бюджетке түсуін есепке алу тәрті-бін
кеден ісі жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін
тауарларға қатысты кедендік төлемдерден босату түріндегі жеңілдіктер,
сондай-ақ тарифтік преференциялар кедендік жеңілдіктер деп түсініледі.
Кедендік төлемдер бойынша жеңiлдiктер өзгерiстер мен толықтырулар
енгiзу тәртiбiмен берiледi дербес сипатта бола алмайды.
Қазақстан Республикасының басқа нормативтiк құқықтық актiлерiмен
кедендік төлемдер бойынша жеңiлдiктер беруге тыйым салынады.
1) жүктердi, багаж бен жолаушыларды тұрақты халықаралық тасымалдауды
жүзеге асыратын көлiк құралдары, сондай-ақ жол жүру кезiнде, аралық аялдама
бекеттерiнде оларды пайдалануға қажеттi немесе осы көлiк құралдары
апаттарының зардаптарын жою (ақауларын түзеу) үшiн шетелден сатып алынған
материалдық-техникалық жабдықтау заттары, керек-жарақтар, отын, азық-
түлiк және басқа мүлiк;
2) теңiз кәсiпшiлiгiн жүргiзетiн қазақстандық немесе қазақстандық
тұлғалар жалдаған (кiреге алған) теңіз кемелерінiң өндiрiстiк қызметiн
қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының кедендік аймағынан тыс жерге
әкетiлетiн материалдық-техникалық жабдықтау заттары, керек-жарақтар,
отын, азық-түлiк және басқа мүлiк, сондай-ақ олардың Қазақстан
Республикасының аумағына әкелiнетін кәсiпшiлiк өнiмдерi;
3) ұлттық және шетел валютасы (нумизматикалық мақсаттарда
пайдаланылатыннан басқа), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес бағалы қағаздар;
4) iзгiлiк көмек ретiнде Қазақстан Республикасының кедендік аумағына
әкелiнетiн немесе Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетiлетiн,
акцизделетiн тауарлардан басқа тауарлар;
5) техникалық жәрдем көрсетудi қоса алғанда, мемлекеттер, үкiметтер,
халықаралық ұйымдар желісі бойынша өтеусіз көмек ретiнде, қайырымдылық
мақсатында Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелiнетiн немесе
Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетiлетiн, акцизделетiн
тауарлардан басқа (арнайы медициналық мақсатқа арналған жеңіл
автомобильдерді қоспағанда), тауарлар;
6) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңдарына сәйкес
тауарлар;
7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және оның филиалдары,
өкілдіктері мен ұйымдары ақша белгілерінің өндірісі үшін әкелетiн шикізат;
8) кеден баждарын салудан босату көзделген кедендік режимдер
шеңберiнде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн
тауарлар;
9) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген тауарларды бажсыз
әкелу мен әкету нормалары бойынша Қазақстан Республикасының кедендік
шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткiзетiн тауарлар;
10) Қазақстан Республикасының көші-қон туралы заңдарына сәйкес
кедендік баж салудан босатылатын тауарлар;
11) Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес айқындалған,
мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар желісі
бойынша берілген гранттар қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар;
12) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулыларына сәйкес
Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау үшін
өткізілетін бітімгершілік немесе өзге де жаттығулар шеңберінде Қазақстан
Республикасының кедендік аумағына әкелінетін немесе сол аумақтан
әкетілетін тауарлар;
13) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шетелдiк
дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң ресми пайдалануы
үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын,
олармен бірге тұратын отбасы мүшелерiн қоса алғанда, осы өкілдіктердің
дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық жеке құрамының жеке пайдалануы үшiн
әкелiнетiн және әкетілетін тауарлар;
14) Қазақстан Республикасының кедендік аумағына Қазақстан
Республикасы дипломатиялық қызметінің жеке құрамы әкелетін тауарлар;
15) кейіннен Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан
экспорттауға арналған акцизделетін өнімдерді маркалау үшін Қазақстан
Республикасының кедендік аумағына әкелiнетiн шетелде жасалған акциздік
маркалар босатылады.
Көрсетілген тауарларды кедендік ресімдегені үшін кеден баждары мен
кедендік алымдарды салудан босатуға арналған құжаттарды беру тәртібін
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Қазақстан Республикасы мемлекеттерге кедендік баждардан босату не
оның ставкасын төмендету немесе тауарларды преференциялық әкелуге (әкетуге)
квота белгілеу нысанында беретін сыртқы экономикалық қызмет саласындағы
арнайы артықшылықтар тарифтік преференциялар деп түсініледі.
Тарифтік преференциялар Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі
бойынша беріледі.
Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін және
Қазақстан Республикасымен кеден одағын немесе еркін сауда аймағын құратын
мемлекеттерде шығатын тауарлар, сондай-ақ көрсетілген мемлекеттерге
Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілетін және Қазақстан
Республикасында шығатын тауарлар кедендік баждарды салудан босатылады.
Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін және Қазақстан
Республикасының ұлттық преференциялар жүйесін пайдаланатын дамушы
мемлекеттерден шығарылатын тауарларға төмендетілген ставка бойынша кеден
баждары салынады. Мұндай мемлекеттер мен тауарлардың тізбесін, сондай-ақ
кедендік баждардың ставкасын төмендету деңгейін Қазақстан Республикасының
Үкіметі айќындайды.

Республикасының ұлттық преференциялар жүйесін пайдаланатын анағұрлым төмен
дамыған мемлекеттерден шығарылатын тауарлар кедендік баждарды салудан
босатылады. Мұндай мемлекеттер мен тауарлардың тізбесін Қазақстан
Республикасының Үкіметі айќындайды.
Белгіленген кедендік баждарды төлеу мерзімін неғұрлым кейінгі
мерзімге, бірақ кеден органы жүктің кедендік декларациясын тіркеген күннен
бастап үш айдан аспайтын мерзімге ауыстыру кедендік баждарды төлеу
мерзімдерін өзгерту болып танылады. Кедендік баждарды төлеу мерзімдерін
өзгерту кейінге қалдыру немесе мәулеттік мерзім беру нысанында
жүргізіледі.
Бұл ретте, кедендік баждарды төлеуді кейінге қалдыру - төлеу мерзімін
ұзарту, ал кедендік баждарды төлеу мерзімін қосымша кезеңге ұзарту -
мәулеттік мерзім болып табылады, осы кезең ішінде қажетті сома бөліп-бөліп
төленуге тиіс.
Кедендік баждарды төлеу мерзімдерінің өзгертілуі туралы шешімді кеден
ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері және
кедендер қабылдайды.
Өнеркєсіптік қайта өңдеуге арналған акцизделетін тауарларды
қоспағанда, импортталатын шикізаттар мен материалдарға кедендік баж төлеу
бойынша мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім беріледі.
Төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім төленуге тиісті
кедендік баждың барлық сомасына не оның бір бөлігіне қатысты берілуі
мүмкін.
Төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім кедендік баждарды
төлеуді қамтамасыз етілген жағдайда беріледі.
Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу бойынша берешегі бар не
кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуден жалтаратын, сондай-ақ өздеріне
қатысты банкроттықты рәсімдеу жөнінде іс қозғалған тұлғаларға кедендік
баждарды төлеу бойынша мерзімін ұзарту немесе мәулеттік төлеу мерзімі
берілмейді.
Өнеркәсіптік қайта өңдеу деп шикізаттарды және (немесе) материалдарды
коды пайдаланылған шикізаттардың және (немесе) материалдардың кодынан
Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша бірінші төрт
белгінің кез келген деңгейінде ерекшеленетін өнім (тауар) алу үшін
өндірісте пайдалану түсініледі. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар
номенклатурасы бойынша бірінші төрт белгініњ кез келген деңгейінде өнімнің
(тауардың) коды өзгеруіне қарамастан, өнеркәсіптік қайта өңдеуге:
1) қарапайым құрастыру операциялары (тойтару, пісіру, желімдеу,
құрастыру және басқа да осыған ұқсас операциялар);
2) қоғамдық тамақтандыру ұйымдарының тамақ өнімдерін қайта өңдеуі;
3) тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау жөніндегі операциялар
(тауар лектерін бөлшектеу, жөнелтілімді қалыптастыру, сұрыптау, буып-түю,
қайта буып-түю);
4) алынған өнімге оны бастапқы құрайтын бөліктерінен Сыртқы
экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының коды бойынша бірінші төрт
белгініњ кез-келген деңгейінде ерекшелендіретін сипаттама берместен,
тауарларды, компоненттерді араластыру жатпайды.
Кедендік баж төлеу бойынша мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім
әкелінетін шикізаттарды жєне (немесе) материалдарды кедендік ресімдеуді
жүзеге асыратын кеден органына төлеушінің жазбаша өтініші негізінде
беріледі.
Төлеуші өтінішпен бірге мынадай құжаттарды:
1) сыртқы экономикалық қызметке қатысушының есеп карточкасын;
2) әкелінетін шикізаттарды және (немесе) материалдарды беруге сыртқы
сауда шартын (келісім-шартын);
3) кедендік баждар төлеуді қамтамасыз ету туралы құжатты;
4) жеке кәсіпкер немесе Қазақстан Республикасының заң актілеріне және
құрылтай құжаттарына сәйкес күнделікті басшылықты және іс жүргізуді
жүзеге асыратын заңды тұлғаның лауазымды адамдары қол қойған, әкелінетін
тауарларды шикізаттар және (немесе) материалдар ретінде пайдалана отырып
жасалатын өндірістің технологиялық схемасын (өндірістің фрагментін);
5) егер әкелінетін шикізатты және (немесе) материалдарды қайта өңдеу
Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес қызметтің
лицензияланатын түріне жатса, шикізатты және (немесе) материалдарды қайта
өңдеу құқығына лицензияның нотариат куәландырған көшірмесін береді.
Кедендік баждарды төлеу бойынша мерзімін ±зарту немесе мәулеттік
мерзім беру құқығын растау үшін кеден органдары өндірістік қуатты тексеріп
көруге құқылы.

беру туралы шешім не оны беруден бас тарту туралы шешім төлеушінің өтінішін
көзделген құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей
қабылданады.
Шешім жазбаша түрде екі дана етіп жасалады және оған тиісті кеден
органының басшысы немесе оның орнындағы адам қол қояды. Шешімнің бірінші
данасы кеден органында қалады. Шешімнің екінші данасы кеден органы шешім
қабылдаған күннен кейінгі күннің аяқталуынан кешіктірілмей төлеушіге
жіберіледі.
Төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім беру туралы шешімде
мынадай мәліметтер:
1) шешімнің тіркелу нөмірі;
2) кедендік баж төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім беру
уақыты;
3) төлеушінің өтінішінде көрсетілген кедендік баждың төленуін
қамтамасыз ету тәсілі;
4) әкелінетін шикізаттарды және (немесе) материалдарды беруге арналған
сыртқы сауда шартының (келісім-шартының) күні, нөмірі, осындай шарт
(келісім-шарт) бойынша шикізаттарды және (немесе) материалдарды алушының
атауы;
5) кедендік баж төлеу бойынша мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім
берілетін шикізаттардың және (немесе) материалдардың атауы және саны;
6) төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім берілетін кедендік
баждың мөлшері болуға тиіс.
Кедендік баж төлеу бойынша мерзімін ұзартудан немесе мәулеттік мерзім
беруден бас тарту туралы шешімде бас тартудың дәлелі болуы тиіс.
Кедендік баж төлеу мерзімдерінің өзгеруі кезінде кедендік бажды өтеуді
төлеуші немесе үшінші тұлға тиісінше:
1) төлеу мерзімін ұзарту берілген кезде ұзарту мерзімі күнінің
аяқталуынан кешіктірмей;
2) мәулеттік мерзім берілген кезде төлеушімен бірлесіп кеден органы
бекіткен кесте бойынша мәулеттік мерзім сомаларын енгізудің келісілген
күндерінен кешіктірмей жүргізеді.
Төлеуші кедендік баж сомасын уақтылы өтемеген жағдайда, кеден
органдары көзделген тәртіппен кедендік баждың барлық сомасын өндіріп алуға
шаралар қолданады.
Төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзім беру туралы кеден
органдары шешімдерінің қолданылуын тоқтату

органдары шешімдерінің қолданылуы:
1) шешімде белгіленген төлеу мерзімін ұзарту немесе мәулеттік мерзімі
өтіп кетуі бойынша;
2) кедендік баждың барлық сомасын мерзімінен бұрын өтеген кезде;
3) тауарларды өнеркәсіптік қайта өңдеусіз өткізу кезінде тоқтатылады.
Кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету:
1) кепілге қою;
2) банк кепілдігі;
3) кеден органының депозиттік шотына ақша енгізу;
4) сақтандыру шарты түрінде берілуі мүмкін.
Тұлға кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз етудің
кез келген түрін таңдауға құқылы.
Кеден органдарының кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін
қамтамасыз етуді қолдану тәртібін кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті
орган айќындайды.
Кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасы
мынадай:
-ішкі кеден транзиті рәсімі бойынша тасымалданатын;
-алушының қоймасында, сондай-ақ көлік құралдарында уақытша сақтауға
рұқсат берілген;
-тауарларды қайта экспорттаудың кедендік режиміне орналастырылған;
-тауарлар транзитінің кедендік режиміне сәйкес Қазақстан
Республикасының кедендік аумағы арқылы өткізу үшін әкелінетін;
- кедендік аумақтан тыс жерде тауарларды қайта өңдеудің кедендік
режиміне орналастырылған;
-тауарлар транзитінің кедендік режиміне сәйкес шет мемлекеттің
кедендік аумағы арқылы өткізу үшін әкетілген тауарларға қатысты тауарлар
экспортының кедендік режимін мәлімдеу кезінде төленуге тиісті кедендік
төлемдердің және салықтардың сомасынан кем болмауға тиіс.
Кеден тасымалдаушысы ретіндегі қызметке қойылатын біліктілік
талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін қажетті қамтамасыз ету сомасы
Қазақстан Республикасының Кеден Кодексіне сәйкес айқындалады.
Кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін қамтамасыз ету
мақсатында кепілге салынатын зат:
1) азаматтық айналымнан алынған мүлікті;
2) Қазақстан Республикасына әкелуге не Қазақстан Республикасынан
әкетуге тыйым салынған тауарларды;
3) электр, жылу және өзге де энергия түрлерін;
4) тез бұзылатын тауарларды;
5) мүліктік құқықтарды;
6) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі мүлікті;
7) өткізу мүмкіндігі шектеулі мүліктерді қоспағанда, үшінші
тұлғалардың мүліктік құқығынан бос кез келген тауарлар мен мүлік болуы

мақсатында кепілге салынатын заттың рыноктық құны, оны өткізу бойынша
шығыстарды қоса алғанда, төленуі кепілге салынатын затпен қамтамасыз
етілетін кедендік төлемдер және салықтар жөніндегі міндеттеменің мөлшерінен
төмен болмауы қажет.
Егер кеден органы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz