Көркемдік білім туралы түсінік
І. Кіріспе:
Көркемдік білім пәні бойынша түсінік
ІІ. Негізгі бөлім:
1.Қазақстандағы көркемдік білім берудің қалыптасуы мен дамуы.
2. Бейнелеу өнері тарихы
3. Қазақстандағы көркемдік білім беретін мектептердегі оқу бағдарламасы
ІІІ.Қорытынды:
IV. Пайдаланылған әдебиеттер:

Бейнелеу өнері (ағылш. Visual arts) — дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы. Бейнелеу өнеріне негізінен кескіндеме мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы мүмкін. Сондықтан шартты түрде оларды да Бейнелеу өнері қатарына жатқызады. Сондай-ақ, театр, кино, теледидардағы безендіруді, көркем дизайнды да Бейнелеу өнері ретінде таниды. Бұл өнердің де негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелеу өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Әр ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болған Бейнелеу өнерінің туындылары өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін құрайды. Бұл өнер танымдық, құндылық және қарым-қатынастық қызметімен де ерекшеленеді. Уақыттық даму процесі басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино) қарағанда Бейнелеу өнерінде шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен ерекшеленеді. Суретші өз көзімен көріп, түйсінген шындығын сол сәттегі қалпымен көрсетуге ұмтылады. Өмір құбылыстары типтік жағынан таңдап алынып, заманның тірлік-тынысы жан-жақты көркемдік қуатпен беріледі. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке, композиция, ырғақ жатады.
Шығармалар заттық материалдан дайындалатындықтан оған пәндік, заттық болмыс тән. Бейнелеу өнерінің әр жанры қоршаған әлемнің бейнесін түрліше береді: кескіндеме түрлі түрлі-түсті бояуды, графика түрлі сызықтардың қиылысуын, көлеңке мен жарықтың астасуын, мүсін пластикалық үш өлшемді (биіктік, ендік және аумақтық) пайдаланады. Бейнелеу өнерінің барлық жанрындағы шығармалары мазмұнына қарай монументальді-сәндік және қондырмалы болып екіге бөлінеді. Қондырмалы шығармалар негізінен музейлер, галереялар немесе үй интерьерлерін безендіріп, сол жерлерде орналасады. Монументальді кескіндеме ғимараттардың ішкі қабырғаларында, интерьерде және экстерьерде жазылады. Монументальді мүсін архит. кешендерде, қала көшелері мен алаңдарда, мекеме ғимараттарының қасбеті мен интерьерлерінде орналасады. Шығыс және батыс Бейнелеу өнеріне тарихи даму процесі барысында қалыптасқан портрет, пейзаж, натюрморт сияқты жанрлар ортақ.
Бейнелеу өнері тарихы адамзат тарихымен қатар басталған. Көне дәуірден біздің заманымызға дейінгі жер бетінде болған небір өркениет пен мәдениеттің іздері осы өнер арқылы таңбаланып, бізге жеткен. Бейнелеу өнерінің даму жолы шартты түрде бірнеше кезеңге бөлінеді: алғашқы қауымдық өнер, ежелгі дәуір өнері, орта ғасыр өнері, қайта өркендеу дәуірі, жаңа дәуір өнері, қазіргі заманғы өнер. Жер шарының әр аймағындағы ежелгі адамдар тұрағынан Бейнелеу өнерінің алғашқы үлгілері табылған. [Альтамир (Испания), Ласко (Франция), Кимберли (Австралия) үңгірлері]. Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық өнердің ірі-ірі кешенді түрлері Тамғалыда, Ертіс аңғарында, Орталық Қазақстанда сақталған.

1. 5-сынып бейнелеу өнері кітабы. Алматы 2008ж
2. 6-сынып кітабы. Алматы 2008ж
3. Кітап журналдар. МКТУ кітап қоры
2. 6-сынып кітабы. Алматы 2008ж
3. Кітап журналдар. МКТУ кітап қоры
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Спорт және өнер факультеті
Дизайн және бейнелеу өнері кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы:Көркемдік білім туралы түсінік
Қабылдаған:Ауелбеков Е.
Орындаған:Абубакиров Т.
Тобы:СБС-111.
Түркістан - 2014 ж.
Жоспар
І. Кіріспе:
Көркемдік білім пәні бойынша түсінік
ІІ. Негізгі бөлім:
1.Қазақстандағы көркемдік білім берудің қалыптасуы мен дамуы.
2. Бейнелеу өнері тарихы
3. Қазақстандағы көркемдік білім беретін мектептердегі оқу бағдарламасы
ІІІ.Қорытынды:
IV. Пайдаланылған әдебиеттер:
Бейнелеу өнері тарихы
Бейнелеу өнері (ағылш. Visual arts) -- дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы. Бейнелеу өнеріне негізінен кескіндеме мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы мүмкін. Сондықтан шартты түрде оларды да Бейнелеу өнері қатарына жатқызады. Сондай-ақ, театр, кино, теледидардағы безендіруді, көркем дизайнды да Бейнелеу өнері ретінде таниды. Бұл өнердің де негізінде адам, табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелеу өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін жасайды. Әр ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болған Бейнелеу өнерінің туындылары өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін құрайды. Бұл өнер танымдық, құндылық және қарым-қатынастық қызметімен де ерекшеленеді. Уақыттық даму процесі басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино) қарағанда Бейнелеу өнерінде шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен ерекшеленеді. Суретші өз көзімен көріп, түйсінген шындығын сол сәттегі қалпымен көрсетуге ұмтылады. Өмір құбылыстары типтік жағынан таңдап алынып, заманның тірлік-тынысы жан-жақты көркемдік қуатпен беріледі. Бейнелеу өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен көлеңке, композиция, ырғақ жатады.
Шығармалар заттық материалдан дайындалатындықтан оған пәндік, заттық болмыс тән. Бейнелеу өнерінің әр жанры қоршаған әлемнің бейнесін түрліше береді: кескіндеме түрлі түрлі-түсті бояуды, графика түрлі сызықтардың қиылысуын, көлеңке мен жарықтың астасуын, мүсін пластикалық үш өлшемді (биіктік, ендік және аумақтық) пайдаланады. Бейнелеу өнерінің барлық жанрындағы шығармалары мазмұнына қарай монументальді-сәндік және қондырмалы болып екіге бөлінеді. Қондырмалы шығармалар негізінен музейлер, галереялар немесе үй интерьерлерін безендіріп, сол жерлерде орналасады. Монументальді кескіндеме ғимараттардың ішкі қабырғаларында, интерьерде және экстерьерде жазылады. Монументальді мүсін архит. кешендерде, қала көшелері мен алаңдарда, мекеме ғимараттарының қасбеті мен интерьерлерінде орналасады. Шығыс және батыс Бейнелеу өнеріне тарихи даму процесі барысында қалыптасқан портрет, пейзаж, натюрморт сияқты жанрлар ортақ.
Бейнелеу өнері тарихы адамзат тарихымен қатар басталған. Көне дәуірден біздің заманымызға дейінгі жер бетінде болған небір өркениет пен мәдениеттің іздері осы өнер арқылы таңбаланып, бізге жеткен. Бейнелеу өнерінің даму жолы шартты түрде бірнеше кезеңге бөлінеді: алғашқы қауымдық өнер, ежелгі дәуір өнері, орта ғасыр өнері, қайта өркендеу дәуірі, жаңа дәуір өнері, қазіргі заманғы өнер. Жер шарының әр аймағындағы ежелгі адамдар тұрағынан Бейнелеу өнерінің алғашқы үлгілері табылған. [Альтамир (Испания), Ласко (Франция), Кимберли (Австралия) үңгірлері]. Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық өнердің ірі-ірі кешенді түрлері Тамғалыда, Ертіс аңғарында, Орталық Қазақстанда сақталған.
Ежелгі дәуір өнерінің ірі орталығы -- Алдыңғы Азиядағы Тигр мен Евфрат өзендерінің аралығы. Б.з.б. 3 -- 1 мыңжылдықтарда мұнда шумерліктер мен аккадтықтар мәдениеті, кейінірек Бабыл, Миттани және Ассирия мемлекеттері мәдениеті өркендеді. Мүсін және кескіндеме туындыларымен көркемделген сарайлар мен ғибадатханалар маңызды рөл атқарады. Шумерліктер табынатын биік сатылы мұнара-зиккурат, "құдай үйі", басқа да көптеген ескерткіштер дүниеге келді. Аккад патшалығы кезеңіндегі Бейнелеу өнерінің үздік үлгісі -- 2 метрлік қызыл қыштан жасалған Нарамсин патшаның жеңіс тұғырындағы әскердің тауға көтеріліп бара жатқан сәті қозғалыс пен кеңістікте бейнеленген. Шумерлер мен аккадтықтар мәдениетін біріктірген Бабыл мәдениеті үлкен жетістіктерге жетті. Патша Хаммурапидің (б.з.б. 1792 -- 50 ж.) заңдар жинағын оқып тұрған сәті ерекше көріністе бейнеленген. Патшаның құдаймен байланысы, патша билігінің жаратушының тікелей қолдауымен болып отырғанын символды түрде бейнелеп көрсеткен. Ассирия өнері барлық көнешығыстық мәдениеттердегідей дінмен өте тығыз байланыстылығына қарамастан мейлінше зайырлы сипатта болды. Ашшурбанипал патша (б.з.б. 668 -- 26 ж.) тұсында кемелдікке жеткен рельефтер патшаның ерлік істерін, аңшылық салтанатының көріністерін бейнелеген суреттерден тұрады. Ашшурбанипалдың Ниневиядағы сарайындағы рельефтер көркемдік қуатымен, ықшамдылығымен, динамикалық ырғағымен, шиеленіскен драмалық мазмұнымен әлемдік Бейнелеу өнерінің үздік шығармалары қатарында саналады. Бабыл патшалығының өнері Вавилондағы Навуходоносор ІІ сарайларының зәулімдігі және сән-салтанатымен әйгілі. Онда атақты ассирия патшайымы Семирамида салдырған әйгілі "аспалы бақтар", қабырғалары арыстандардың, жабайы бұқалардың, фантастикалық жануарлардың қаракөк фонға ашық ақ, сары түспен қашалған ғажайып суреттері бар әйгілі "Иштар қақпалары" болған. Бейнелеу өнері Ежелгі Мысырда да (б.з.б. 4-мыңжылдықтың соңы б.з.б. 341) қарқынды дамыды. Ол дінмен, құдай дәрежесінде дәріптелген перғауындарға табыну ғұрпымен өте тығыз байланысты болды.
Ежелгі Мысыр мәдениетінің классикалық, канондық үлгілері -- адам тұлғасының тегістіктегі мүсіндері, монументальділігімен, сымбаттылығымен, зәулімділігімен таң қалдыратын Гизадағы пирамидалар, Карнак, Луксордағы ғибадатханалар кешені, т.б. Ежелгі Мысырдың Бейнелеу өнері әлемдік мәдениетке қосылған ірі үлес болып табылады. Эгей мәдениеті (б.з.б. 3000 -- 1200 ж.) Жерорта т-нің шығыс бөлігінде, Эгей т-нің жағалаулары мен аралдарында өркендеді. Оның негізгі орталықтары Крит, Киклада аралдары, Микен, Пилос және Тиринф қ-лары болды. Крит-Микен мәдениетінің маңызды сәулет ескерткіші -- әйгілі Кносс сарайы Б. ө-нің түрлі жанрын бойына тоғыстырған туынды. Бояуға бай, түрлі түсті суреттер фрескаларымен сарайлардың, қоғамдық ғимараттардың және үйлердің қабырғалары безендірілген. Кносс сарайының фрескалары арасынан криттіктердің шаруашылық өмірінде, діни және мифологиялық түсініктерінде маңызды рөл атқарған бұқаның бейнесі ("Акробаттар мен бұқа" фрескасы) ерекшеленеді. Сондай-ақ, оның тамаша фрескалары қатарында "Көгілдір киім киген әйелдер", "Көк түсті дельфиндер мен түрлі-түсті балықтар", "Абыз-балық", т.б. бар. Микеннің қабырғаға салынған суреттері де криттік Б. ө-мен ұқсас. Бірақ онда схемашылдық, шарттылық басым. Ежелгі Грекияның Б. ө. Эгей мәдениетінің бай дәстүрлерін жалғастырды. Ол гомерлік кезең, ежелгі өнер кезеңі классика және эллинизм кезеңдері болып бөлінеді. Ежелгі Грекия мәдениеті өзінің даму кезеңін көне грек қала-полистерінің өркендеген кезінде, құлиеленушілік демократия дәуірінде (б.з.б. 5 -- 4 ғ-ларда) басынан кешірді. Грек шеберлерінің шығармашылығы мифологиялық түсініктерге негізделеді. Олар сонымен қатар, болмыс шындығына, дүние-әлемнің үйлесімділігіне деген терең пайымдарға адамның тәни және рухани кемелденуі турасындағы идеяларымен де құнды. Әлемнің үйлесімділігінің өлшемі ретіндегі адам Ежелгі Грекиядағы Б. ө-нің барлық саласына ортақ сарын. Көне грек мәдениетінің гуманистік бастаулары түрлі дәуірлердегі Еуропа Б. ө-не өте ықпалды фактор ретінде әсер етті.
Ежелгі мүсін өнері, ең алдымен, қола статуэткаларымен, жалаңаш бозбалалар (куростар) мен ұзын киім киген сымбатты қыздардың (кор) мүсіндерімен танымал. Қыш құмыраларды безендіру өнері ерекше дамыды. Ежелгі өнерінің классикалық кезеңінде әлдеқайда шынайылыққа жақын образдар жасалды, адам мүсіні мен сымбатын сомдау жетіле түсті. Б. з. б. 5 ғ-дың 1-жартысындағы шеберлер ізденісін Мирон аяқтады. Оның "Афина мен Марсий", "Дискобол" атты мүсіндері адам сымбатын аса кемел пластикалық күйде мүсіндеуімен, дене құрылысы мен оның әр қимыл ерекшеліктерін жетік білгендігімен ерекшеленеді. Жалпы адам бейнесін жасауға деген қызығушылық портрет жанрының дамуына ықпал етті. Кереғар болмыс қайшылықтары мен адамның идеалды, рухани және тәни әрекет-ұмтылыстарын мүсіншілер Скопас ("Менеда", "Бозбаланың қабірі"), Пракситель ("Книдтық Афродитас", "Демалыс кезіндегі қуақы"), Лисипп ("Апоксимен", "Демалыс үстіндегі Гермес"), т.б. түрлі қырынан бейнеледі. Эллиндік кезең грек мәдениетінің таралу өрісінің кеңейуімен сипатталады. Бұл кезеңнің ең әйгілі туындылары -- "Самофракийлік Нике", "Пергам мехрабының фризі", "Милостық Венера", "Лаокоон". Б. з. б. 1 ғ-дың соңынан бастау алатын Ежелгі Римнің Б. ө. -- ежелгі заман мәдениетінің ірі ошақтарының бірі. Ол этрусс мәдениетінің негізінде қалыптасты. Этрусс мәдениетінің таңдаулы хрестоматиялық шығармалары қатарына өлген адамның мүсіні бейнеленген саркофак-құлыптастар, Римнің негізін қалаған Ромул мен Ремді асыраушы Капитолий қаншығының мүсіні жатады. Рим өнеріндегі жетекші орынды портрет жанры алды. Оның пайда болуы да жерлеу рәсімімен байланысты. Марқұмның бетбейнесін балауызға түсіріп, оны құдайлар мүсіндерімен бірге үйде сақтау салты портреттің және қайтыс болған адамның кескін-келбетін дәл көшірудің қатаң дәстүрінің қалыптасуына себепші болды. Әсіресе, әйгілі адамдардың дәлме-дәл жасалған портреттері сақталған (б.з.б. 1 ғ-дағы Августің статуясы, император Вителлийдің портреті, т.б.). Ежелгі Римдегі Б. ө-нің дамыған саласы қабырғаға аса нәзік шеберлікпен салынған мозаикалар (мыс., Александр Македонскийдің парсы патшасы Дариймен соғысы бейнеленген мозаика) болып табылады. Ежелгі дәуірдің Б. ө-нде Солт. Қара теңіз жағалауының мәдениеті, Урарту мемлекетінің, Үндістанның, Қытайдың, Орталық Азия мемлекеттерінің мәдениеттері секілді ірі мәдениет ошақтары болды. Соғда, Бактрияның, кейін Ахемендерпатшалығының Б. ө. сақтардың "жануарлық стилінің" ықпалына ұшыраған жергілікті өнердің бірегей дәстүрлері мен Көне Шығыс өнерінің әдістерін ұштастырды. Грек-Бактрия патшалығы өнерінде эллиндік көркемдік қағидалардың жалғасын табуы байқалады. Сәулет, мүсін, бедерлеу өнері жетіле түсті. Б. ө-нің ғажайып ескерткіштері Үндістанда б.з.б. 4-мыңжылдықтан б.з.б. 5 ғ-ға дейін жасалды. Үндістан өнері көне дүниенің түрлі мәдениеттерімен тығыз байланысты болды. Одан, сондай-ақ, Орталық Азия мәдениетінің де ықпалы байқалады. Ежелгі Үндістан мәдениетінің орталығы Синдтағы Мохенджо-Даро мен Пенджабтағы Хараппа елді мекендері болды. Ойылып бейнеленген абыз бен еркін де ырғақты қимыл-қозғалыс үстіндегі биші қыз, үшкелбетті құдай, киелі саналған жануарлар -- бұғы, буйвол, мүйізтұмсық, піл, т.б. мүсіндері жасалу шеберлігімен, пластикалылығымен, санқилылығымен ерекшеленеді. Үндістан мәдениетінің келесі кезеңі бүкіл Ганга жазығына билік жүргізген Магадха мемлекетінде өріс алды. Бұнда брахманизм идеологиясы үстемдік етіп тұрды. Үндістанның Б. ө-нде мыңжылдықтар бойына Брама (жаратушы), Вишну (қорғаушы), Шива (қиратушы) және Индра (патша билігін қолдаушы) бейнелері, түрлі рухтар мен данышпандардың мүсіндері тұрақты кейіпкерлерге айналды. Үндістан өнеріндегі бай, пластикалық, өмірлік күш-қуат пен динамикаға толы образдар Үндістанның мифтері мен аңыздары арқылы дүниенің сұлулығы мен адамға арналған мадақ ретінде қызмет етті. Үндістанда б.з.б. 3 ғ-да Ашок патша тұсында кең таралған буддизм мүсіндік рельефтермен безендірілген ғибадатханалардың, мемориалдық құрылыстардың салынуына себепші болды. Аса көрнекті де көркем ескерткіштер ансамблінің бірі -- Аджанта ғибадатханалары. Вагхора өз-нің сұлу алқабындағы жартастардан қашалған Аджанта ғибадатханаларының (барлығы 29 үңгір) қасбеттері мүсіндермен безендірілген. Будданың сансыз көп мүсіндері қабырғалардың етегіне жағалай тізіліп, олардың арасы оюлармен және Будданың шәкірттері мен серіктерінің бейнелерімен бедерленген. Құжыралардың іші түгелдей монументальді ою-өрнектер мен жазбаларға толы. Аджанта сұңғаты мен мүсіндерінің сән-салтанаты қайран қалдырады.
Адамзат мәдениетінің ең бір ежелгі ошақтарының бірі -- Ежелгі Қытай өнері (б.з.б. 3 ғ-ға дейін). Бұл дәуірдегі өнердің дамуы қалалардың пайда болуымен тығыз байланысты: ғибадатханалар, билеушілер сарайларының құрылысы, т.б. Ежелгі Қытай өнерінің өзіндік стилі рельеф пен өрнекті жазулармен қапталған рәсімдік ыдыстардағы бейнелерден көрініс тапқан. Аңдардың, құстардың қиял-ғажайып мақұлұқтардың бейнелері, қола ыдыстардағы оюлы өрнектер, алтын, малахит және фирузамен безендірілген қабырғалар, нефриттен ойылып жасалған заттар ақсүйектердің жерасты қабірлерінің ішіне асқан көрік берген. Қытай мәдениетінің маңызды кезеңі -- б.з.б. 11 -- 3 ғ-лардағы Чжоу дәуірі. Б.з.б. 1-мыңжылдықта пайда болған діни-филос. ілімдер -- конфуцийлық пен даоизм Қытайдың кейінгі бүкіл мәдениетіне ықпал етті. Осы кезеңде қытай сәулет өнерінің қағидалары қалыптасты, аңшылықтың, егін орағының жанрлық көріністерінен тұратын ыдыстардың безендірілу үлгілері күрделене түсті, қытай Б. ө. үшін классикалық стиль болып табылатын орамаларға тушьпен сурет салу өнері қалыптасты. Ұлы Қытай қорғанының құрылысымен әйгіленетін Цинь дәуірінің (б.з.б. 221 -- 207) өнері көне қытайлықтардың дүниенің құрылымы, әлемдегі елдер туралы түрліше түсініктерін бейнелейді. Оларда шынайы өмірлік бақылаудан туған пайымдаулар мен жүйрік қиял астасып жатыр.
Ортағасырлық Б. ө. деп, әдетте, Батыс және Орталық Еуропа елдері өнерінің ерте және кемелденген кезеңін, Византия мен Ежелгі Ресей өнерін (17 ғ-ға дейінгі) атайды. Ал Қытай, Жапония, Үндістан, Индонезия, Орталық Азия елдерінде өнердің ортағасырлық үлгісі әлдеқайда ұзағырақ сақталды (19 ғ-дың 2-жартысына дейін). Орта ғасырлардағы Б. ө-нің дамуында ұлттық ерекшелік ерекше рөл атқарды. Олар кейінен бірегей ұлттық көркемөнер мектептерінің қалыптасуына негіз болды. Бұл кезең өнерінің ортақ ерекшелігі оның дінмен байланысының күшеюі болды. Адам сезімдерінің, уайымы мен ойының күрделілігі Б. ө-нде діни идеялар, діни аңыздар мен хикаялардағы образдар, діни-этикалық нормалар арқылы көрініс тапты. Ортағасырлық батысқа да, шығысқа да руханилықтың заттық болмыстан биіктігін дәріптеу тән. Батыс Еуропа, Византия, Русь, Кавказ, Балканның ортағасырлық өнеріндегі рельефтер, фрескалар, мүсіндер, мозаикалар, шіркеу икондары -- барлығы христиандық түсініктің күллі қағидалары мен аңыздарын (адамның жаратылуы, күнә жасауы, бүкіләлемдік су апаты, Ғайса пайғамбар тарихы, ақырзаман және қиямет қайым, т.б.) қамтыды. Оларға күнделікті тіршілік сарындары аралас бейнеленген. Тарихи сюжеттерге арналған миниатюра жанры дамыды. Бұл кезең өнеріне ашық бояулардың батыл қолданылуы, контур сызықтардың айқындығы, көбінесе алтынмен әрленген салтанатты фон тән.
Ортағасырлық Үндістан, Индонезия, Қытай, Камбоджа ғибадатханалары, Түркия мен Орта Шығыстың мешіттері еуропалық ғибадатханалардан кем түспейді. Айтылмыш кезеңде Месопатамия, Иран, Үндістан, Орта Азия,Әзірбайжан, Түркияда миниатюра жанры қарқынды дамыды, хұснихат жазу өнері шеберліктің биігіне жетті. Шығыстық миниатюраға нәзік те ашық бояу, ою-өрнектің әсемдігі, өмірлік тәжірибеден туған пайымдаулардың айқындылығы, терең діни-философиялық тұспалдау тән. Түрік миниатюрасының өзіндік стилін Сефи, Жәми, Нақши Ахмед, Мұстафа Шелеби секілді шеберлер қалыптастырды. Қолөнер түрлері -- өрнекті кілемдер, мата тоқу, металдан жасалған ою-өрнекті бұйымдар жасау, қыш құю, ойылып, шекіліп өрнектелген қару-жарақтар жасау өнері қарқын алды. Шираз,Тебриз, Бағдад, Самарқан, т.б. орталықтарда миниатюраның бірегей мектептері пайда болды (12 -- 15 ғ.). Орта Шығыс миниатюрасының даму шыңы Герат мектебінің өкілі К. Бехзадтың шығарм-нан көрініс тапты. Қиыршығыс Б. ө-ндегі тушьпен, акварельмен, гуашьпен жібек және қағаз орамаларға сурет салу өнері поэтикалылығымен, адам мен табиғатты бейнелеудегі байқампаздығымен, таңғаларлықтай нәзік бейнелеу әдіс-құралдарымен Қытайда, Кореяда, Жапонияда үлкен жетістіктерге жетті. Жапон өнерінің кемелдікке жеткен саласының бірі ағашқа гравюра салу -- ксилография болды. Классикалық жапон гравюра өнерінің майталман шеберлері -- Китагава Утамаро, Кацусика Хокусай, Андо Хиросигэ, Сидзуки Харунобу және басқалар. Қайта өркендеу -- Ренессанс дәуірінің Б. ө. күрт, қуатты өрлеуімен, жаңалықтар спектрінің ауқымдылығымен, жанр түрлерінің, көрнекті шығарм. тұлғалардың молдығымен белгілі. Әлемдік Б. ө. тарихындағы бұл дәуір Батыс, Орталық және Шығыс Еуропаның көптеген елдерін қамтып, негізінде Ежелгі Грекияның мәдени мұраларына қайта назар аудару, оның гуманистік мұраттарын өзінше қайта жаңғырту үрдісі жатқан зайырлы сипатымен ерекшеленеді. Суретшілер, мүсіншілер, миниатюрашылар шабытының қайнары болған Б. ө-нің реалистік түрі, шынайы өмір бейнесі -- Ренессанс дәуірінің негізгі ерекшелігі. Қайта өркендеу дәуірінің Б. ө-не адам мен әлемді терең тануға ұмтылу, адам ақыл-ойының күші мен мүмкіндіктеріне деген сенім тән. Жасампаздықтың, сұлулық пен шынайы болмыс үйлесімінің ұйтқысы ретіндегі адамның биік бейнесі, табиғаттың объективті заңдылықтарын меңгеру Қайта өркендеу өнеріне бөлекше мағына мен тұтастық дарытты. Еуропалық Қайта өркендеу өнерінің классикалық үлгісі Италия өнері болып табылады (13 -- 16 ғ-лар). Ол ерте, жоғары және кейінгі Қайта өркендеу болып, үш кезеңге бөлінеді. Ерте Қайта өркендеуге тән ерекшелік -- Б. ө-нің жергілікті флоренциялық, венециялық, умбрийлық, феррарлық, т.б. көркемсурет мектептері аясында дамуы. Оның ең көрнекті өкілдері -- Мазаччо, Андреа дель Кастаньо, А. Мантенья, А. де Мессина, Фра Анжелико, Филиппо Липпи, Сандро Боттичелли және т.б. Жоғары Қайта өркендеу дәуірінің өнеріне адамды әлемнің үйлесімді құрылымның өлшемі санаған кемел классикалық, идеалды-асқақ бейнелердің сомдалуы тән.
Көрнекті суреткерлер шығарм. бұл кезең өнеріне ерекше кең тыныс, жан-жақтылық сипат береді. Леонардо да Винчидің картиналарындағы психологизм мен биязы да көтеріңкі леп, Микеланджело Буонаротти сомдаған бейнелердегі драматизм мен қаһармандық рух, Рафаэль де Санти туындыларындағы асқақ үйлесім, Джорджоне мен Тициан кескіндемелеріндегі нәзік сезімталдық және бояулар үндестігі -- осыған дәлел. Кейінгі Қайта өркендеу дәуірінде Тициан, Микеланджело, Тинтореттолар шығарм. ізденістерін одан әрі дамыта түсті. Өнерде адам мен табиғат арасындағы күрделі байланыс пен қоғамдық қатынастарға терең мән, шиеленіскен драматизм жүктеу үрдісі күшейді. Солт. және Орт. Еуропа елдерінде Қайта өркендеу дәуірі хронологиялық жағынан ғана емес, сондай-ақ, түр, идеалық мазмұн тұрғысынан да бір-бірінен ерекшеленеді. Солтүстік Қайта Өркендеуі аталған Нидерланд, Германия, Франция Б. ө. готикамен туыстас белгілерімен, белгілі бір ортаның, адам және оның іс-әрекеті, еңбегі, өмір салтының нақты белгілеріне ден қоюымен ерекше. Франция мен Нидерландттың жаңа реалистік өнерінің бастаулары 14 -- 15 ғ-лар шегінде Бургундияда пайда болды. Бұл кезеңнің белгілі туындылары -- ағайынды Лимбургтардың миниатюралары. Неміс қайта өркендеуінің ірі шебері Альбрехт Дюрер (15 -- 16 ғ-лар шегі) болып табылады. 15 ғ-дағы Нидерланд кескіндеме мектебі (мехрабтық картина, портреттер, миниатюра) солт.-еуропалық көркемсурет мектептері арасындағы ең бір ықпалдысы болды. Бұл мектептің ірі өкілдері -- Я. ван Эйк, Хуго ван дер Гус, Рогир ван дер Вейден. 15 -- 16 ғ-лар шегінде салынған сатиралық-ғақлиялық, символдың-мистикалық мазмұндағы Х. Босхтың картиналары белгілі. 17 -- 18 ғ-ларда Еуропа Б. ө-нің даму процесі күрделенді. Францияда ( Ф. де ла Тур, Н. Пуссен, А. Ватто, Ж.Б. Шарден, Ж.О. Фрагонар), Италияда (М. Караваджо, Б. Тьеполо, Дж. Креспи, Ф. Тварди), Испанияда (Эль Греко, Д. Веласкес, Ф. Сурбаран, Б. Мурильо, Ф. Гойя), Фландрияда (П.П. Рубенс, Я. Йорданс, А. ван Дейк, Ф. Снейдерс), Голландияда (Ф. Хальс, Рембрандт, Я. Вермеер), Ұлыбританияда (Дж. Рейнольдс, Т. Гейнсборо, У. Хогарт), Ресейде (Ф.С. Рокотов, Д. Г. Левицкий, В. Л. Боровиковский) ұлттық мектептер қалыптаса бастады. Жанрлар жүйесі нақтыланды. Стильдік белгілері ортақ түрлі көркемдік жүйелер қалыптасты (тұйықталмаған, спиралды, композициялық, динамикалы барокко, қанық суретті, айқын сызықты классицизм, нәзік бояулы сұлу мүсінді, ойнақы табиғатты рококо). 19 ғ-да Америка мен Азия Б. ө-нің ұлттық мектептері қалыптаса бастады. Бұл аймақта реалистік тәжірибе жергілікті көне дәстүрлермен өріле дамып, ерекше өзіндік сипат алды (Үндістан, Жапон, Қытай). Сондай-ақ, еуропалық Б. ө-нің түрленіп дамуына қиыр шығыс елдері, Африка халықтарының алғашқы және көне дәуірдегі өнерлерінің ықпалы болды. Осы кезеңде Б. ө-нде академизм, натурализм, т.б. бағыттар пайда болды (Францияда -- Т. Жерико, Э. Делакруа, Германияда -- К. Д. Фридрих, Ресейде -- О.Кипренский, С.Шедрин, К. Брюллов, А. Иванов). Барбизон мектебінің шеберлері ақиқат нәрсені көріп-тану арқылы өмірдің шынайы бейнесін беруге зейін қойды: (Ұлыбританияда Дж. Конетебл, Францияда О. Домье, Ресейде А.Г. Венецианов, П. Федотов). 19 ғ-да француз Б. ө-нде әлемнің табиғилығы мен өзгермелілігін бейнелеуге ұмтылған импрессионизм пайда болды (Э.Мане, К. Моне, О. Ренуар, К. Писсарро, А.Сислей, Э. Дега). 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-да түрлі реалистік және модерндік ағымдар пайда болып, Б. ө-нің даму процесі күрделі де қайшылықты арнаға түсті. Осы кезеңде өзінің қайталанбас шеберлігімен өнерге Ван Гог келді. Өнердің постимпрессионизм (П. Гоген, А. Дерен), фовизм (А. Матисс), кубизм (П. Пикассо, П. Сезанн, Ж. Брак), футуризм (У. Боччони, К. Малевич), дадаизм ( М. Дюшан, Ф. Пикабия, М. Эрност), сюрреализм (С. Дали), неопластицизм (П. Мондриан, Т. ван Дусбюрг), т.б. авангарттық бағыттары дамыды. 20 ғ-да адамның ішкі әлеміндегі күрделі өзгерістерді барлық қырынан көрсетуге ұмтылыс нәтижесінде түрлі бағыттағы мәңгілік туындылар дүниеге келді. 1910 -- 13 ж. кубизм, экспрессионизм, футуризмнің тармақталуы нәтижесінде абстрактілі өнер (затсыздық) белең алды.
Б. ө-ндегі түрлі бағыттар негізінде "Стиль" және "Баухауз" тобы, Н.Габоның скульптуралық композициясы, О. Цадкин шығармалары, В. Е. Ташлин конструкциясы, америкалық абстракты экспроссионизм мектебі (Дж. Поллок, М. Тоби), ағылшын мүсіншісі Г. Мура, неміс хеппингін қалыптастырушы Г. Юккер, жапон абстракцияшы И. Ногуги, т.б. танымал болды.
20 ғ-дың 2-жартысы мен соңында Б. ө-нде концептуалдылық, кинотекалық өнер, перформанс өнері, трансаванград ағымы, т.б. пайда болды. Осындай түрлі бағыттар арнасында Д. Джадд, Дан Асаль -- Рози, К. Андре, Д. Смит, А. Лоран, Э. Уорхолл, Христо, Д. Боровский, Я. Куосама, А. Кифер, Ф. Клементе, Нам Джун Пэйк және т.б. ірі өнер шеберлерінің шығармалары өмірге келді.
Көне дәуірден біздің заманымызға дейінгі кезеңде қалыптасқан Б. ө. -- бай әлемдік көркем мәдениетінің аса арналы саласы. Көне дәуірден Еуроазия мәдениетінің дәстүрін сақтап қалған Қазақстанның Б. ө-нің әлемдік мәдениетте өзіндік орны бар. Қазақстанның Б. ө-нің қалыптасуы, даму үрдісі оның геосаяси жағдайына, қазақ халқының көшпелілік мәдениеті мен тарихи кезеңдердегі көркемдік гүлдену дәуірлерімен тікелей байланысты. Қазақстанның көне өнері бастауын палеолит және энеолит дәуірінен алады. Алғашқы қауымдық мәдениетке саздан жасалған ыдыстардағы суреттер, т.б. жатады. Қазақстандағы Б. ө-нің келесі даму кезеңі -- қола дәуірі. Өзінің мифологиялық мазмұн-сюжеті, пластикалық өрнегі жағынан ерекше қуатымен көрінген кешенді таңбалы тастар -- Тамғалы, Бұғы тас, жоғары Ертіс алқабы, Орталық Қазақстан ескерткіштері осыны айғақтайды. Сақ дәуірінен жеткен Б. ө-нің мұрасы да аса бай. Есік қорғанынан табылған сақ өнерінің кешеніндегі (б. з. б. 5 -- 4, 4 -- 3 ғ-лар) бүгінге дейін сақталып жеткен "Алтын адам" соның ең бір көрнекті үлгісі.
Қазақстанның орта ғасырлардағы өнері өзіндік өрнегімен ерекшеленеді. Бұл кезеңдегі өнер тәңіршілдікпен, түркілердің қуатты саясатымен, қалалардың салынып, сауда мен қолөнердің дамуымен үндесті. Балбал тастар мен құлыптастар да осы кезеңнің туындылары. Зергерлік өнер, тері илеу, қыш құю, тоқыма өнері дамыды. Қазақ халқының көркемдік ойлау жүйесі мен бейнелеу тілінің байлығы ою-өрнек өнерінде, белгі, таңба жүйесінде айқын ізін қалдырған. Адам мен табиғатты тұтас бірлікте қарастыратын қазақтың дәстүрлі дүниетанымы мен өнері киіз үйдің құрылысынан өз көрінісін тапқан. 18 -- 19 ғ-лар мен 20 ғ-дың басында қазақ халқының дәстүрлі өмір салтын Еуропа және орыс ориенталистері өз туындыларында (Т. Аткинсон, Б. Залесский, А. Горонович, В. Штернберг, Т. Шевченко, П. Кузнецов, Г. Хлудов) қызығушылықпен бейнеледі. Қазақтың дарынды ұлдарының бірі Ш. Уәлихановтың суреттері 19 ғ-дың 2-жартысындағы графикалық туындылардың Қазақстандағы алғашқы құнды үлгілері болып саналады. 20 ғ-дың басында Қазақстанда кәсіби кескіндеме, мүсін, графика жанрлары қалыптаса бастады. Оның негізін қалаушылар -- Ә. Қастеев, Ә.Ысмайылов, Х.Наурызбаев, т.б. Ұлттық кәсіби Б. ө. алғаш еуропалық көркемдік дәстүр арнасында дамығанмен, кейіннен ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық дәстүр негізінде өзіндік стильмен даралана бастады. Айқын ұлттық қолтаңбасымен көрінген С.Мәмбеев, М.Кенбаев, Қ.Телжанов, С.Айтбаев, Т.Тоғысбаев, Ш.Сариев сияқты дарынды өнер шеберлерінің үлкен шоғыры қалыптасты. Халық өмірінің барлық қырын қамтыған қазақ Б. ө. -- қазіргі таңда ірі өнер саласына айналған. 20 ғ-дың соңы ұлттық таным, төл тарих пен мәдениет тарапындағы ізденістер қарқынды дамып, қазақ өнерінің жетіліп, ұлттық көркем бағыттар, түрлі ағымдар, даралық стильдер туған кезең болды. Бұл бағытта Е.Мергенов, Е. Төлепбай, А. Ақанаев, А. Сыдыхан, Т.Маданов, А. Есенбаев, А. Есдулетов, т.б. жемісті еңбек етті. Қазіргі кезеңде қазақ Б. ө. мәдени ескерткіштер, халық тарихының бастаулары, ұлттық ерекшелік, т.б. құндылықтарға ден қою, тың ізденістерге бару.
Қазақстандағы көркемдік білім беру ісінің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстандағы көркемдік білім берудің дамуы мен қалыптасуын сөз еткенде, біздің өткен тарихымызға көз салмай кете алмаймыз. Өнер халықпен бірге жасап, бірге өмір сүреді. Өнердің дамуы, халықтың тарихымен, қоғамдағы өзгерістерімен тығыз байланысты. Біз қандай халықтың тарихына үңілсек те, сол халықтың өнерге баланы ерте жастан баулуға мән беретіндігін көруге болады. Сол сияқты қазақ халқы да ерте кезден өз ұрпағын өнерге баулып, баланың көркемдік тәрбиесіне дер кезде назар аударып отырған.
Қазақтың көркемдік білім беру саласында жас ұрпақтарды көркем сурет өнеріне баулуда халық шеберлерінің еңбегі орасан зор. Олар өзінің меңгерген шеберлігін, ұрпақтарына үйретіп, мұра ретінде қалдырып отырған. Академик Ә.Марғұланның зерттеуіне қарағанда ХҮІІ ғасырда өмір сүрген халық шебері Бұлан Баянауыл өңіріндегі қолөнердің бір топ шеберлерін тәрбиелеген. Олардың ішінде Құлбас, Ыбырай және Әбдірахман сияқты дарынды шәкірттерінің даңқы кең көлемде белгілі болған. Құлбастың көркемдік- ағартушылық дәстүрін жалғастырушы ХІХ ғасырдың ағаш шебері Құлмағанбет Байбақұлы (127-1889) болған. Қ.Байбақұлы ер шауып, сәукеле жасаған. Баянауыл, Қарқаралы, Ертіс жағасындағы Манай және Қадыр Байжанов сияқты ағаш ою шебері, зергер Әбдікәрім Есалинге өзінің өнерін үйреткен. Әбдікәрімнің көркемдік дәстүрін Ақбөпе, Жүсіп, Ұлтарақ, Таутан, Әзмаханбет сияқты халық шеберлері жалғастырған.
Халық шеберлері арнайы мектеп ашып сабақ өткізбесе де олар өз шәкірттеріне жеке тәлім-тәрбие беру арқылы, көркемдік білім беру ісі атадан- балаға, ұстаздан шәкіртке өту дәстүрі жүйелі сақталған.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында Қарқаралы даласында Қаржаспаев Құлбек деген шебер ағаш ою өнерін жете меңгерген. Ол өз өнерін Битібаев Толғанбайға, Қарынбаев Захаринге, Қожағұлов Қалиға үйреткен. Құлбектің замандасы Ханасов Асқар, Құлмаханов Құйқалықтардың шәкірттері Жұман, Орманбайлар сәндік өнер бұйымдарын жасайтын Ақмола өңіріне танымал шеберлер атанған. Бұлармен қатар Сарысу өзені бойында Атакен, Ахмет шеберлердің Дайыр Салықов атты шәкірті, Торғай жеріндегі Құлмұрат, Есжан, Бимағанбет деген ұсталарда соның шәкірті болған. Осы өңірде Көгентаев Садуақас деген шебер өмір сүрген. Бұл зергердің бабасы Қойбас, одан Көгентай туып, шеберлер ұрпағының өнерін жалғастырған.
Батыс Қазақстанда Мұқаш және Елемес деген шеберлер зергерлік іспен айналысқан. Бұлардың көркемдік дәстүрін шәкірттері мен туыстары Назархан, Шаншар, Тауасарлар мұра тұтқан. Арал теңізі мен Сырдария бойында білезік, сырға, алқа, шашбау соғатын Қарамырза шебер өмір сүрген. Жаңақорғанда Алданазар шебердің шеберханасы болған, оның ісін ұлы Әлімбет жалғастырған. Сырдария өңірінен шыққан Жолтай шебер өз шеберханасын, сырға, білезік соғатын құралдарын баласы Налжігіт Берсүгіровке қалдырған.
Қызылорда маңынан шыққан ұста Қабыл Аманжолов (1897ж.т.), шиелілік шеберлер Исак (ХІХ ғ.) және Жүсіп Тонабаев (1904-1969ж.ж.) атақты Қарамырза ұстаның шәкірттері болған екен.
Жетісу өңірінде ер-тұрман, белдік және теріден тұсқа тұтатын безендіру үлгілерін жасайтын Шоқпар атты шебер- өнерін баласы Дәркенбай Шоқпаровқа үйретіп кеткен. Ал қазір республикада Дәркенбай шәкірттері ондап саналады.
Сонымен қазақтың сәндік қолданбалы өнері саласындағы көркемдік білім, қазан төңкерісіне дейін атадан-балаға үйретілетін өзіндік көркемдік дәстүрі бар халықтық мектеп болған. Бұл халықтық дәстүрдегі мектеп қазірге дейін жалғасып келеді. Қазіргі кезде қандай ауыл, қала болмасын халық шеберлері көптеп саналады. Олардың жұмысының бір бөлігі ұрпақты халықтың көркемдік дәстүріне үйрету болып табылады. Халықтың ежелгі өнеріндегі дәстүрі қазіргі кезде де өнер шеберлерімен жалғасу үстінде.
Республикаға белгілі ою-өрнек шебері ғани Иляевтің балалары Сұлтан мен Марал ата дәстүрін жалғастырып қазірде сурат өнерімен айналысады. С. Иляев Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі. Қазақ ою өрнек өнерін зерттеп, оны жаңа мазмұнда жандандырып, ою өрнектерді мыңдаған үлгілерін келер ұрпаққа мұра етіп қалдырған даңықты өнер шебері болған.
Сондай-ақ, Отырарлық кілемші Бибайша Романованың шәкірттері Н.Исмайылова, Р.Жамалова, Н.Төлепбаева, К.Каленова, Д.Тынысбековалар ұстаз жолын қуып, түкті кілем тоқып, киіз бен текемет басып ел құрметіне бөленген жандар.
Ою-өрнек шебері, суретші- педагог Сапар Төленбаев, өзбекстандық академик, суретші Орал Таңсықбаевты ұстаз санайды. Ол өз әңгімесінде:-Орал аға мені ою-өрнектермен айналысуыма жол көрсетті, одан мен өнер туралы ақыл-кеңестер алып отырдым, сондықтан, мен ол кісіні ұстаз санаймын- деп отырады.
Баланың көркемдік тәрбиесі тек жеке ұстаздардың шешетін мәселесі емес, ол қоғамдық жүйе негізінде қаралатын күрделі іс болып табылады. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдары Қазақстан халық ағарту комиссариаты көптеген іс-шаралар жасады. Сауатсыздықты жоюдың науқаны кезінде халықтың өнері арқылы әсемдік тәрбиесін жүргізуге жол ашылды. Еңбекші халық үшін көруге бұрынғы кезде мүмкіндігі бола бермейтін өнер туындыларын білуге жағдай жасалды. Республикада өнерге байланысты мәселелермен айналысатын әлеуметтік тәрбиенің бас басқармасында (Главсоцвос) көркемдік тәрбие бөлімі ашылды. Ол көркемдік тәрбиенің түрлі мәселелерімен айналыса бастады. Бұл бөлім өз жұмысын ауылдарда, уездерде, облыстарда жүргізді. Әлеуметтік тәрбиенің бас басқармасында (ӘТББ) қатысты көркемдік бюро (КБ) негізінен өнердің әр түрінен сабақтар өткізу үшін мектептер мен бала бақшаларға материалдар дайындаумен, оны таратумен айналысты. Көркемдік тәрбие жұмысына арнап педагогтардың білімін көтерумен шұғылданды. Балаладың көрмелерге қатысуына, өнерді тануына көмекші құралдар дайындады.
ӘТББ-ның көркемдік бюросының өнер секциясында еңбек мектептерінің оқу бағдарламасына көркемдік тәрбие беретін сурет пәнін қосуды ұсынды. Сурет мұғалімдерін дайындайтын Орал қаласында 1921 жылы 76 адамға арналған мемлекеттік көркемсурет шеберханасын ұйымдастырды, онда бейнелеу өнері материалдары мен заттарын шығаратын зауыт-шеберхана болған.
1917-1918 жылдары Қазақстан мектептерінде оқу- көне оқулықтармен, оқу жоспарлары және оқу бағдарламаларымен жүргізілді. 1918 жылы 16 желтоқсанда халыққа білім беру комиссариаты Сырдария мен Жетісу облыстарында бір ғана оқу жоспарын қолдану жөнінде нұсқау берді. Бұл нұсқауда оқу жоспарына сурет пәні де енгізілді. Аталған облыс мектептерінде 1919-1920 оқу жылында сурет аптасына 1 класта 3 сағат, ІІ-ІІІ кластарда 1 сағаттан өткізілді. 1925-1926 оқу жылында сурет пәні Ү-ҮІІ кластарда аптасына екі сағат өткізіліп, І-ІҮ кластарда жалпы жоспарланған жоқ. Сурет пәні үшін 1928 жылы І-ІІ кластарға жылына 30 сағат, ІІІ-ІҮ кластарға 40 сағаттан уақыт беріле бастады. 1937-38 оқу жылынан бастап сурет сабағына І-ІІ кластарға 1 сағат беріліп, ІІІ-ІҮ кластарға сағат жоспарланған жоқ. Ал Ү-ҮІ кластарға 1 сағаттан бөлінеді. Мұнан соң 1958-59 оқу жылынан бастап сурет сабағы І-ҮІ кластарда өткізіліп аптасына 1 сағаттан берілді.
Ал пәннің оқыту мақсаты мен міндетінің өзгеруіне байланысты 1969 жылдан бастап сурет пәні бейнелеу өнері болып аталады. Бұл кезеңде сурет пәні басқа пәндермен қатар оқытылса да, ол жөнінде нұсқаулар мен көмекші құралдар шығарылып жатса да оқыту әдістері мен тәсілдері әлі жеткіліксіз дәрежеде болды. Кеңес дәуірінде бейнелеу өнері пәнін оқытудың барысында қазақ мәдениеті жеткілікті дәрежеде орын ала алған жоқ.Кеңес Одағының алғашқы жылдарында көркемөнер кадрларының алғашқы буыны шыға бастады. Оларды дайындауға Ресейден келген мамандар белгілі дәрежеде ықпал етті.
50 жылдардың басы мен 60 жылдардың аяғында мектептегі оқу мен тәрбие жұмысындағы баланың жеке басының дамуына деген көзқарас жаңа сипат алды. Бұл кезде Халық ағарту министрлігі бірінші рет суреттің бағдарламасын шығарды. Бағдарламада Кеңес суретшілерінің шығармаларын таныстырумен қатар, халықтың сәндік қолданбалы өнер туындыларымен таныстыру көзделінді. Ал 1960-70 жылдардағы суретті оқу бағдарламалары бұдан бұрынғы бағдарламалардың идеясын жалғастырып шет елдердің, орыс және кеңес бейнелеу өнерінің классикалық шығармаларымен таныстыру мәселесі қарастырылды. Бірақ бұл кезде қазақ бейнелеу өнерінің озық үлгілері оқу материалы ретінде қолдану ісі жылжымай сол қалпында тұрып қалды. Бұл кемшіліктің бір себебі маман суретші-педагог кадрларының жетіспеушілігі, оқу кабинеттерінің, оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдары мен нұсқаулардың кемшілігі болды.
30-60 жылдар арасындағы сурет пәнінің оқу бағдарламалары мен әдістемелік әдебиеттерге талдау жасағанда сурет сабақтарының мазмұны білімдік және тәрбиелік сипат алғанын байқауға болады. Сонымен қатар оқу-тәрбие міндеттері, оқу тапсырмалары айқындалып, тақырыптары көлемі кеңіп, бейнелеу нысандары ұлғая түскендігі. Бұл кезеңде сурет сабағының нұсқаға қарап сурет салу, сәндік сурет салу, бейнелеу өнері туралы әңгіме сабақ түрлерін жүргізудің ғылыми негізі жасалды. Оқу бағдарламалары мен көмекші құралдарда нұсқаға қарап сурет салу, қоршаған ортаны танып білудің басты мүмкіндігі екендігі көрсетілді.
1943 жылға дейін педагогикалық әдебиеттерді ұлттық бейнелеу өнері мен халықтық сәндік қолданбалы өнерін тәрбие ісінде қолдану, балалардың бейнелеу қызметі мен еңбек қызметіне байланысты қарау мәселелері көтерілген жоқ. 1942 жылдан бастап 1951жылғы жалпы білім беретін мектептерде суретті оқытудың негізгі міндеттеріне көлемді өзгерістер енгізілген жоқ.
Сурет пәнінің 1950-1960 жылдардағы оқу бағдарламасының мазмұнын талдау нәтижесі, бұл кезеңдегі бағдарламаларда бейнелеу жолдарын үйрету, қабылдау дағдыларын қалыптастыру міндеттері қойылмағанын байқауға болады. Бұл бағдарламаларда шығармалар тізімі көрсетіледі, бірақ бұл шығармаларды таныстыру берілген уақыт өте аз болды, оқушылардың бейнелеу өнерінің түрлері туралы түсініктерін қалыптастыруға, олардың бейнелеу мүмкіндіктерін ойластыруға көңіл бөлінген жоқ. Бағдарламаның Өнер туралы әңгіме бөлімінде бейнелеу өнері шығармаларын таныстыру көрсетіледі.
1964 жылы СССР Ғылым Академиясының Көркемдік тәрбие беру институты, В.И.Ленин атындағы Москва педагогика институты, Москваның сырттан оқитын педагогика институтының ғылыми қызметкерлері бірлесіп жасаған жаңа бағдарлама жарық көрді. Бұл бағдарлама бойынша сурет пәні бейнелеу өнері пәні деп аталды. Бағдарламада нұсқаға қарап сурет салу және бейнелеу өнері туралы әңгіме сабақтарын өткізу міндеттері нақты қарастырылды.
Еліміздегі ғылым мен техниканың қарқындап өсуі мектептегі білім мен тәрбиенің мазмұнын қайта қарау қажеттігін туғызды. Осыған байланысты КССРО Ағарту министрлігі, КССРО Ғылым Академиясының Көркемдік білім берудің ғылыми зерттеу институты мен шығармашылық одақтарға эстетикалық циклдағы пәндердің білім мазмұнын анықтау және эстетикалық тәрбие берудің ортақ жүйесін жасау жөнінде тапсырма берілді. Бағдарлама мазмұнын жетілдіруге арналған эксперимент жұмыстары 1972-1980 жылдар аралығында Кеңес Одағының мектептерінде өткізілді. Бұл бағдарламаның мазмұнында оқу материалдарын, әр түрлі сыныптың мүмкіндіктеріне қарай дұрыс бөлу принципі негіз болды. Оқу мазмұны негізгі мынадай міндеттердің негізінде құрылды:
Бірінші- жазықтың бетіне бейнелеудің жалпы мәселелері (нұсқадан сурет салу, елестету мен еске түсіру арқылы бейнелеу және аппликация); Екінші- жапсыру мен мүсін;Үшінші- сәндік қолданбалы өнер (жазықтық бетінде немесе көлемді бейнелеу); Төртінші- қоршаған орта әсемдігі мен өнер шығармаларын қабылдауға үйрету мақсаттары қойылды.
Бұл бүкілодақтық эксперимент қорытындысы бойынша одақтас республикалар ағарту министрлігінің 1981 жылғы қаңтардағы коллегиясында бекітіліп, барлық мектептерге таратылды. Осыдан кейін 1984жылы республика мектептерінің ерекшеліктері ескерілген Е.П.Митрофанова мен М.Кенбаевтың жасаған жаңа бағдарламасы жарық көрді. Бұл бағдарламада оқушыларға Қазақстан суретшілерінің шығармаларын таныстыру ісі қарастырылды. Мұнан соң Ә.Камаковтың жасаған бағдарламасында Қазақстанда бұрын шыққан бағдарламадан айырмашылығы жапсыру мен мүсін, қоршаған орта нысандарының әсемдігін қабылдау сабақтарының міндетті түрде қосылуы, сәндік сурет салу жұмыстарының құрамына заттарды конструкциялау мен моделдеу істерінің қосылуы болды. Сонымен қатар, бағдарламаға оқыту мәселелері болып табылатын балалардың түстерді тануы, табиғат нысандарын танып білу, өндіріс шығарған бұйымдарды көркемдік талдау сияқты жұмыс түрлері енгізілді. Бұл атқарылған істер белгілі дәрежеде Қазақстандағы көркемдік білім берудің сапасын арттыруға ықпал етті. Қазақстандағы көркемдік білім беру ісінің дамуына білім беру министрлігіне қарасты республикалық оқу методикалық кабинеті мектептің бейнелеу өнері мұғалімдеріне үнемі көмек көрсетіп келеді. Осы кезге дейін бұл әдістемелік кабинет көптеген көмекші құралдар, бағдарламаға арнап нұсқаулар шығарды.
Соңғы кезде республика облыстарындағы суретші педогогтардың мамандық сапасы арта түседі. Олардың ішінде С.Ысқақов (Алматы), А.П.Белова (Талдықорған), Ш.А.Абдуллаева (Алматы), А.О.Марова, Л.Жүзеева (Шымкент) сияқты мұғалімдердің тәжірбиелерін атау орынды. Бұлар ұлттық өнер туындыларын оқушыларға таныстыру, терминдерді орынды пайдалану, кеңістік көріністері туралы түсініктерді қалыптастыру мәселелерін орынды шешіп, мұғалімдерге өз іс тәжірбиелерін зерттеуде облыс көлемінде де көптеген маман - педагогтар игі істердің басында жүрді ,облыстық халыққа білім беру бөлімдері мұғалімдердің білімін жетілдіру мақсатында курстар ұйымдастырып, озық тәжірбиелерді жинақтап, оларды білім беру салаларына таратып отырды.
Соңғы кезде республикада арнаулы көркем- сурет мектептерінің, мектептер мен мектептен тыс мекемелердің материалдық базасын жақсартуға көңіл бөлінуде. Қазіргі кезде 30-ға жуық арнаулы көркемсурет мектебі, 15 төрт кластық көркем сурет мектебі, 1 республикалық көркемсурет мектеп- интернаты, 3 көркемсурет колледжі, 11 көркемсурет- графика және өнер факультеті, 1 көркемсурет академиясы жұмыс істейді. Кейінгі жылдары бұл көркемдік білім беру жүйесіндегі оқу мен тәрбие беру ісіндегі республиканың егемендік алуына байланысты ұлттық көркемдік тәрбие беру, халықтық көркемдік дәстүрін қолдану бағытында игі істер атқарылуда. Дегенмен, бұл салада әлі де болса кемшіліктер мен шешуін күткен мәселелер баршылық.
Қазақстандағы көркемдік білім беруді сөз еткен жалпы білім беретін мектептердегі бейнелеу өнері, сызу және еңбекке баулу пәндерінің оқу бағдарламаларына тоқталмай кете алмаймыз. Бұл пәндердің бағдарламалары Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңінен бастап 80 жылдарға дейін Ресейдің мектептеріне арналған көркемдік білім беру пәндерінің бағдарламаларының қазақ тіліндегі аудармасы түрінде болып, сабақ сол бағдарламалар шеңберінде жүргізілді. Бейнелеу өнері сабағының бағдарламасында қазақ халқының көркем мәдениеті, бейнелеу өнері, даңқты суретшілері, олардың әлемге танылған туындылары, еліміздің дәстүрлі сәндік қолданбалы туралы мәліметтер болған жоқ. Кеңес Одағы халықтарының мызғымас бірлігін сақтау саясаты үстемдік етіп тұрған кезде ұлттық өнердің озық үлгілерін оқу материалдарына айналдыруға қандай педагогтың болса да батылы барып, бұл іске кірісе алмады.
Сонымен жалпы білім беретін мектеп оқушылары 70-ші жылдарға дейін қазақтың көркемсурет өнері туралы қарапайым мәліметтердің өзін ала алған жоқ. Олар тек қана Кеңес Одағы бейнелеу өнерінің кейбір озық туындыларымен танысумен ғана шектелді. Бірақ осы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz