Мәшһүр-Жүсіп тілінің грамматикалық ерекшеліктері



Көсемшенің -ып формасы арқылы ауызекі айтылатын жырлардың өзіндік ерекшеліктері бар. Айтыста, қолма-қол суырып салғанда ақын-жыршылардың негізгі қаруы да, ұйқас үшін ілігетін түрі де осы -ып тұлғасы болып табылады. М-Ж. Көпеевтің тілінде көптік ұғымды беретін сөздерге көптік жалғауы жалғанатынын айтқанбыз. III жақтағы етістіктің көпше мағынасын - лар жалғауы арқылы білдіру тенденциясы, бірде ортақ етіс тұлғасын ұсынса, бірде түркі тілдерінің байырғы тәсілі -лар аффикісін жалғауды көрсетеді (Р.Сыздықова). Бұндай ерекшеліктер М-Ж. Көпеев шығармаларында ұшырасады. Бұл ретте: шөптер, булар, сулар, шыңдар, микроптар, тозаңдар, ұшқындар, тамашалар,жерлер, зорлар, жұрттар, денелер, тұнжырлар, өнерлер, түздер, дүрлар, тұңғиықтар, омыраулар,пайдалар, тағаттар, армандар, өнерлер, күйінділер/ III жақ/, замандар, тереңдер, мейірбандар,көңілдер, мәжбүрлар, күйгенлер /кетселер ортақ етіс/, уағызлар, нәрселер, ләззатлар/ түркілік тәсіл/ көздер, жүздер, сөздер, жаудыраттар, жазлар/түркілік тәсіл/ /Ы.Алтынсаринде: //желдер/ деген сөз кездесетінін айта кеткен жөн/. Абайда /денелер/ сөзі кездеседі.
Көптік жалғауының араб-парсы сөздеріне жалғануы: хакімдер, пайғамбарлар, періштілер, нәбилер, уәлилар, мүминлер, жұһүдтер, борқандар, ғалымдар, кәпірлер, миғұлалар, шахзадалар, сахабалар, бірәдарлар, ғымалдар, қазылар, зекетшілер, ғазизлар /түркілік тәсіл/ мақұлықтар т.б.
Қазақтың төл сөздеріне көптік жалғауының жалғануы: жерлер, жандар, сарайлар, орнатылар, сіздер, керуендер, үйлер, тастар, нәрселер, жәндіктер, өсімдіктер, жүйріктер, жұлдыздар, іздер, осындайлар, құралдар, шөптер, баршалар, пайдалар, жұлдыздар, тамырлар т.б.
Кірме сөздерге көптік жалғауы жалғанады: ісмерлер, машиналар, микроптар. М¬Ж. Көпеев шығармаларынан теріп алынған бұл мысалдар өлең, қисса, дастандарда белгілі бір қызмет атқарып, шығарманың жүгін арттырып, мән – мағынасын асыра көтеріп, өзгеше рең жамап, басқа ақын–жыршылар дәстүрінен өзгеше сипат алатыны бар.
Көптік ұғымды сөз Доспамбет жырауда да ұшырасады:
Қоғалы көлдер, қом сулар,
Қоныстар қонған өкінбес...
Немесе,

Озушылар, озмаңыз,
Озсаңыз бізім бетке бармаңыз...
Болжалды келер шақтың түрленісі өлең жолына ұйқас беріп, айтылар ойды ұштайды: табылмас,қимас, симас, сыймас, аралас, етпеске, келмес, білмес, жараспас, оңдырмас, ашпас, кірмес,айтпас, жаппас, желмес, айнымас т.б. Өздік етістіктер болымсыз мәнді, есімшелі /іл+ме+с+тен/ сөздер бірыңғай шығыс септігінде тұрып, қимыл-әрекеттің себебін білдіреді: сөгілместен,төгілместен, бүгілместен т.б. Бұл арада кейінгі ықпалдың әсері қатты сезіледі.
-Сіп, -сып тұлғасының жырдағы қызметі үлкен: жақындасып, сүйгенсіп, кісімсіп, жауаптасып,күжірейсіп, ұстасып, ұрандасып мұндағы әсіресе даулы мәселе -сы // -сі –п тұлғалы сөздер. Есімше тұлғалы -ген сіп формасының қызметі де ерекше. /-Сі/ туынды сөз жасайтын ал, -п көсемшенің жұрнағы деп тануға болар еді, бірақ тілшілер -сып, -сіп–ті жіктік жалғауының мен//сен, мән//сән,сын//сін тұлғасына жуық келетінін айтады.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Мәшһүр-Жүсіп тілінің грамматикалық ерекшеліктері
Көсемшенің -ып формасы арқылы ауызекі айтылатын жырлардың өзіндік ерекшеліктері бар. Айтыста, қолма-қол суырып салғанда ақын-жыршылардың негізгі қаруы да, ұйқас үшін ілігетін түрі де осы -ып тұлғасы болып табылады. М-Ж. Көпеевтің тілінде көптік ұғымды беретін сөздерге көптік жалғауы жалғанатынын айтқанбыз. III жақтағы етістіктің көпше мағынасын - лар жалғауы арқылы білдіру тенденциясы, бірде ортақ етіс тұлғасын ұсынса, бірде түркі тілдерінің байырғы тәсілі -лар аффикісін жалғауды көрсетеді (Р.Сыздықова). Бұндай ерекшеліктер М-Ж. Көпеев шығармаларында ұшырасады. Бұл ретте: шөптер, булар, сулар, шыңдар, микроптар, тозаңдар, ұшқындар, тамашалар,жерлер, зорлар, жұрттар, денелер, тұнжырлар, өнерлер, түздер, дүрлар, тұңғиықтар, омыраулар,пайдалар, тағаттар, армандар, өнерлер, күйінділер III жақ, замандар, тереңдер, мейірбандар,көңілдер, мәжбүрлар, күйгенлер кетселер ортақ етіс, уағызлар, нәрселер, ләззатлар түркілік тәсіл көздер, жүздер, сөздер, жаудыраттар, жазлартүркілік тәсіл Ы.Алтынсаринде: желдер деген сөз кездесетінін айта кеткен жөн. Абайда денелер сөзі кездеседі.
Көптік жалғауының араб-парсы сөздеріне жалғануы: хакімдер, пайғамбарлар, періштілер, нәбилер, уәлилар, мүминлер, жұһүдтер, борқандар, ғалымдар, кәпірлер, миғұлалар, шахзадалар, сахабалар, бірәдарлар, ғымалдар, қазылар, зекетшілер, ғазизлар түркілік тәсіл мақұлықтар т.б.
Қазақтың төл сөздеріне көптік жалғауының жалғануы: жерлер, жандар, сарайлар, орнатылар, сіздер, керуендер, үйлер, тастар, нәрселер, жәндіктер, өсімдіктер, жүйріктер, жұлдыздар, іздер, осындайлар, құралдар, шөптер, баршалар, пайдалар, жұлдыздар, тамырлар т.б.
Кірме сөздерге көптік жалғауы жалғанады: ісмерлер, машиналар, микроптар. М - Ж. Көпеев шығармаларынан теріп алынған бұл мысалдар өлең, қисса, дастандарда белгілі бір қызмет атқарып, шығарманың жүгін арттырып, мән - мағынасын асыра көтеріп, өзгеше рең жамап, басқа ақын - жыршылар дәстүрінен өзгеше сипат алатыны бар.
Көптік ұғымды сөз Доспамбет жырауда да ұшырасады:
Қоғалы көлдер, қом сулар,
Қоныстар қонған өкінбес...
Немесе,

Озушылар, озмаңыз,
Озсаңыз бізім бетке бармаңыз...
Болжалды келер шақтың түрленісі өлең жолына ұйқас беріп, айтылар ойды ұштайды: табылмас,қимас, симас, сыймас, аралас, етпеске, келмес, білмес, жараспас, оңдырмас, ашпас, кірмес,айтпас, жаппас, желмес, айнымас т.б. Өздік етістіктер болымсыз мәнді, есімшелі іл+ме+с+тен сөздер бірыңғай шығыс септігінде тұрып, қимыл-әрекеттің себебін білдіреді: сөгілместен,төгілместен, бүгілместен т.б. Бұл арада кейінгі ықпалдың әсері қатты сезіледі.
-Сіп, -сып тұлғасының жырдағы қызметі үлкен: жақындасып, сүйгенсіп, кісімсіп, жауаптасып,күжірейсіп, ұстасып, ұрандасып мұндағы әсіресе даулы мәселе -сы -сі - п тұлғалы сөздер. Есімше тұлғалы -ген сіп формасының қызметі де ерекше. -Сі туынды сөз жасайтын ал, -п көсемшенің жұрнағы деп тануға болар еді, бірақ тілшілер -сып, -сіп - ті жіктік жалғауының менсен, мәнсән,сынсін тұлғасына жуық келетінін айтады.
Бол етістігі есім сөздермен тіркесіп келіп, құранды етістік жасайды: бұйрық болды, күндіз болды,түнсіз болды, мінсіз болды, жолсыз болды, сөз болды, үнсіз болды т.б. -Сіз есім сөзденболымсыздық мағына білдіріп туынды сын есім жасайды түнсіз, мінсіз, жолсыз т.б.
- Тұғын көне формалы сөздер жиі ұшырайды, ықшамдалған күйі -тұр дұр дүр формасы да кездеседі. Бұл турасында бірер сөз айтқанбыз. Әрине, -дұр-дүр тұлғасы туралы қилы пікірлер көп. Бұл турасында Қыз Жібек жырының тілін зерттегенде тоқталғанбыз. Сонымен, М-Ж. Көпеев шығармасында: жауатұғын, дейтұғын, қалмайтұғын, көретұғын, ойнайтұғын, тонайтұғын,ұстайтұғын, сөйлейтұғын, баратұғын, кірмейтұғын, қызбайтұғын, бұзбайтұғын, қозтайтұғын,ойлайтұғын, жейтұғын, болатұғын, алмайтұғын, жалмайтұғын, бармайтұғын, жүретұғын,білетұғын, еретұғын, алжитұғын, айтатұғын, жұмсайтұғын т.б.
М-Ж. Көпеевтің шығармасында тұрақты тіркестер өте көп ұшырасады. Жалпы, ауызекі сөйлеу тілі болсын, ауыз әдебиетінің бізге жеткен тілдік белгісінің бірі - сөз мәйегі болып табылатын осы - фразеологиялық сөздер. Жазбалық болмай тұрып - ақ ауыздан - ауызда өңделіп қашала-қашала бізге жетті. Сол сияқты, мақал, мәтел, жұмбақ жаңылтпаш бұлар-ауыз әдебиетінің бұзылмай жеткен тілдік элементтері. Мысалы: Түлкінің қызылдығы өзіне сор, Бектердің оң қолында тұрағыңыз, Тұрмын қажып, теріс қақпай, көзін тігіп, көз салып, зәрін төгіп, сөз аяғы, құрғақ тілмен, жағымда жапырақ ет жоқ, көз жетпейді, Дәнекер тамағына түспей қалса, Мойнына жіңішкенің әбден мініп, Шиқан, тілме әуре боп қамшауымен, Есітиді құлақтыдан әбден бұрын, Отындықтан оттық мосы т.б.
Мұның ішінде қилы морфологиялық, синтаксистік қатынасқа түскен фразеологиялар ұшырасады. Олардың көбі өсімдік атауларына, құс аттарына, адам, жан-жануар тіршілігіне қатысты болып келеді.
М-Ж. Көпеев шығармаларында Баскин, Дарвин, Белинский, Жалинус, Затаевич, М.О.Әуезов,Мұсабеков, Науаий есімдеріне байланысты ойларын айтып, пікірлерін келтіріп, өз қағидаларын құрған. Мысалы, Науаи туындыларын көп оқып, білгені көрінеді. М-Ж. Көпеев Науаий шығармасынан үзінді ала отырып: Ол не қылды, бұл не қылды? Ол біл үр, ол бу қылмас, Әр не қылса, ол қылар. Хәкімті дін уақиф ирмастүр, кісі. Болмады бұл еш кішілігінің ісі - деп құдай ісінің ақтығын сөз қылады.
Өзбек әдебиетінің атасы атанған Әлішер Науаи турасында Абай Құнанбаев:
Фзули, Шәмси, Сәйхали,
Навои, Сағди, Фирдауси,
Хожа Хафиз - бу һәммәси
Мәдәт бер я шағири фәрияд
- деп өлеңіне қосып түрік ақындары мен шайырларына басын иген.
Сопылық философияның басын түйген, Қожа Ахмет Яссауи шығармасына тәнті болған. Орта Азия ақын-шайырларын ұстаз тұта отырып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәшһүр Жүсіп шығармаларын лингвостилистикалық талдау
М.Ж. Көпеев шығармаларындағы шағатай тілінің элементтері
Вильгельм Блейк, Джордж Гордан Байрон, Гете мен Мөшһүр-Жүсіп шығармаларындағы үндестік
МӘШҺҮР-ЖҮСІП МҰРАСЫ
Әбілғазы ханның «Түрік шежіресінің» әдеби маңызы
Морфологиялық жаттығулар
Қазақ тіліндегі кісі есімдерінің ескерткіштер мен шежірелердегі қалпын талдап, оны қазіргі қазақ тіліндегі атаулармен байланыстыра зерттеу
Тұрақты тіркестерді оқыту
Н.А. Баскаков классификациясы. В.В. Радлов және түркология ғылымы
Қ.-М. Жүсіп және ұлттық поэзияның зерттелу мәселелері
Пәндер