Периодтық жүйедегі орнына қарай элементті және оның қосылыстарын сипаттау



1. Жалпы мәліметтер
2. Периодтық жүйедегі орнына қарай элементті және оның қосылыстарын сипаттау
3. Химиялық элементтердің электртерістілігі
4. Элементтердің тотығу дәрежелері
5. Пайдаланылған әдебиеттер
Химияның негізгі түсініктерінің бірі — элемент. Элемент дегеніміз атомдардың жеке түрі. Бұл түсінікті химия ғылымына ағылшын ғалымы Р. Бойль енгізген. Қазіргі кезде химиялық элементтердің 108 түрі белгілі, олардың ішінде 89-ы табиғатта кездессе, қалған 19-ы жасанды жолмен алынған.

Химиялык әдебиетте элементтерді өздеріне тән таңбалармен белгілеу қабылданған, Бұл дәстүрді швед ғалымы Й.Я. Берцелиус ұсынған. Элементтердің таңбалары олардың латынша атауларының бірінші және келесі әріптердің бірімен белгіленеді. Мысалы, сутек - Hydrogenium (Н), оттек - Oxygenium (0), темір - Ferrum (Fе), мыс - Cuprum (Cu), сынап - Hydrargyrum (Hg), күкірт - Culfurum (S) т.б. Элемент таңбасының алдында тұрған сан коэффициент деп аталады, ол атомдар санын көрсетеді (5Fе, ЗН).
Й.Я. Берцелиус (1799-1848)
Жай заттардың молекулалары бірдей атомдардан тұрады, мысалы, Fе,Cu; ал газ тектес жай заттардың молекулалары бірнеше атомнан тұрады, олардың сандары индекспен көрсетіледі, мысалы, 09, Н2. Индекс элемент таңбасының оң жағына астына жазылады.Кейбір жай заттардың атаулары оларды құрайтын элементтің атауымен сәйкес келеді, мысалы, күкірт - S, азот - N2, оттегі - 02, темір - Fе, мыс - Cu, т.б.
Судың құрамында оттек элемент күйінде болса, ауаның құрамында жай зат күйінде болады, сондықтан ауадағы оттегімен тыныс алуға болады және ол жануды колдайды, ал судағы оттек Бұл мақсаттарға пайдаланылмайды. Сутегі (Н2) жанады, ол жай зат; ал судың Н20 құрамындағы сутек (Н) жанбайды, ол элемент. Атомдар мен молекулалар өте кішкентай бөлшектер, сондықтан оларды көзбен көріп, қолға алуға болмайды.
Металдарға ортақ кейбір қасиеттері: металдык жылтыры, электр және жылу өткізгіштігі, оңай соғылып тапталатындығы, т.б. Ал бейметалдардың ортақ қасиеттері болмайды.
Химиялық элементтер— ядродағы зарядтары бірдей болып келетін атомдар тобы. Табиғатта кездесетін барлық жай және күрделі заттар химиялық элементтерден түзіледі.
Химиялық элементтер аты латынша атауының бір немесе екі алғашқы әріптерімен белгіленеді, мысалы, азот N (лат. Nіtrogenіum), алюминий Al (лат. Alumіnіum), т.б. молекуласы бір ғана элемент атомдарынан құралған зат — жай зат, молекуласы әр түрлі химиялық элементтер атомдарынан түзілген зат — күрделі зат деп аталады. Кейбір элементтер бос күйінде молекула немесе кристалды тор құрылысы айрықша әр түрлі жай зат түрінде кездеседі (О — оттек, О — озон, т.б.). Химиялық реакция нәтижесінде әрекеттесетін заттардың молекула құрамында химиялық элементтер қайта топтасады, яғни жаңа зат пайда болады. Химиялық элементтер атомдарының басқа атомға айналуы, атомдардың ыдырауы не күрделі атомдардың құрылуы ядролық реакциялар нәтижесінде ғана жүреді. Химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының қасиетін анорганикалық химия зерттейді.
Табиғатта кездесетін заттар жеке элементтерден құралады деген түсінік өте ерте заманда-ақ пайда болған. Грек философтары су, ауа, от және жер (топырақ) негізгі элементтер деп санаған. Аристотельдің элемент жайындағы ілімі Еуропада кең таралды. Ол 2000 жылға жуық уақыт үстемдік етіп, алхимиктердің жай металды алтынға айналдыруға болады деген ұғымдарына негіз болды. Алхимиктер дәуірі ғылымның дамуына кедергі болғанымен, оның нәтижесінде химиялық тәжірибе жүргізудің алуан жаңа әдістері табылды. Сол кезде белгілі болған алтын, күміс, мыс, қорғасын, қалайы, темір, сынап, күкірт, көміртек, сүрмеден басқа мырыш, фосфор, күшән ашылып, көптеген күрделі заттар (металл тотықтары) алынды.
Сынап — металдың, күкірт — жанудың, тұз — ерігіштіктің бастамасы деген пікірлер айтылды. 17 ғасырда химиялық өзгерістер жайында мәліметтер көбеюіне байланысты тәжірибе қорытындыларын талдау арқылы ағылшын ғалымы Р.Бойль элемент жай зат және басқа барлық заттарды түзетін құранды заттар айырылғанда шығатын зат деп жаңа түсінік берді. 18 ғасырда Бойльдің анықтамасын дәлелдейтін тәжірибелік мәліметтер көбейді, бұрын күмәнді болған заттар элементтер қатарына жатқызылды. Жаңадан сутек, оттек, азот, хлор, газ күйіндегі элементтер, сондай- ақ,платина, кобальт, никель, т.б. ашылды. 19 ғасырда химияның теориялық негіздері атом-молекулалық теория, химиялық элементтердің периодты жүйесі ашылды (1869). Ол химиялық элементтерді зерттеуде жаңа бағыт ашты.
1. Химия: Жалпы білім беретін мектептің сыныбына арналған оқулық. Усманова М.Б., Сақариянова Қ.Н. –Алматы: Атамұра, 2009. - 216 бет.
2. Элементтер химиясы. Жылысбаева Г.Н., Нурділлаева Р.Н., 540 бет

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
* Жалпы мәліметтер
* Периодтық жүйедегі орнына қарай элементті және оның қосылыстарын сипаттау
* Химиялық элементтердің электртерістілігі
* Элементтердің тотығу дәрежелері
* Пайдаланылған әдебиеттер

Р. Бойль (1627-1691)
Химияның негізгі түсініктерінің бірі -- элемент. Элемент дегеніміз атомдардың жеке түрі. Бұл түсінікті химия ғылымына ағылшын ғалымы Р. Бойль енгізген. Қазіргі кезде химиялық элементтердің 108 түрі белгілі, олардың ішінде 89-ы табиғатта кездессе, қалған 19-ы жасанды жолмен алынған.

Химиялык әдебиетте элементтерді өздеріне тән таңбалармен белгілеу қабылданған, Бұл дәстүрді швед ғалымы Й.Я. Берцелиус ұсынған. Элементтердің таңбалары олардың латынша атауларының бірінші және келесі әріптердің бірімен белгіленеді. Мысалы, сутек - Hydrogenium (Н), оттек - Oxygenium (0), темір - Ferrum (Fе), мыс - Cuprum (Cu), сынап - Hydrargyrum (Hg), күкірт - Culfurum (S) т.б. Элемент таңбасының алдында тұрған сан коэффициент деп аталады, ол атомдар санын көрсетеді (5Fе, ЗН).
Й.Я. Берцелиус (1799-1848)
Жай заттардың молекулалары бірдей атомдардан тұрады, мысалы, Fе,Cu; ал газ тектес жай заттардың молекулалары бірнеше атомнан тұрады, олардың сандары индекспен көрсетіледі, мысалы, 09, Н2. Индекс элемент таңбасының оң жағына астына жазылады.Кейбір жай заттардың атаулары оларды құрайтын элементтің атауымен сәйкес келеді, мысалы, күкірт - S, азот - N2, оттегі - 02, темір - Fе, мыс - Cu, т.б.
Судың құрамында оттек элемент күйінде болса, ауаның құрамында жай зат күйінде болады, сондықтан ауадағы оттегімен тыныс алуға болады және ол жануды колдайды, ал судағы оттек Бұл мақсаттарға пайдаланылмайды. Сутегі (Н2) жанады, ол жай зат; ал судың Н20 құрамындағы сутек (Н) жанбайды, ол элемент. Атомдар мен молекулалар өте кішкентай бөлшектер, сондықтан оларды көзбен көріп, қолға алуға болмайды.
Металдарға ортақ кейбір қасиеттері: металдык жылтыры, электр және жылу өткізгіштігі, оңай соғылып тапталатындығы, т.б. Ал бейметалдардың ортақ қасиеттері болмайды.
Химиялық элементтер -- ядродағы зарядтары бірдей болып келетін атомдар тобы. Табиғатта кездесетін барлық жай және күрделі заттар химиялық элементтерден түзіледі.
Химиялық элементтер аты латынша атауының бір немесе екі алғашқы әріптерімен белгіленеді, мысалы, азот N (лат. Nіtrogenіum), алюминий Al (лат. Alumіnіum), т.б. молекуласы бір ғана элемент атомдарынан құралған зат -- жай зат, молекуласы әр түрлі химиялық элементтер атомдарынан түзілген зат -- күрделі зат деп аталады. Кейбір элементтер бос күйінде молекула немесе кристалды тор құрылысы айрықша әр түрлі жай зат түрінде кездеседі (О -- оттек, О -- озон, т.б.). Химиялық реакция нәтижесінде әрекеттесетін заттардың молекула құрамында химиялық элементтер қайта топтасады, яғни жаңа зат пайда болады. Химиялық элементтер атомдарының басқа атомға айналуы, атомдардың ыдырауы не күрделі атомдардың құрылуы ядролық реакциялар нәтижесінде ғана жүреді. Химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының қасиетін анорганикалық химия зерттейді.
Табиғатта кездесетін заттар жеке элементтерден құралады деген түсінік өте ерте заманда-ақ пайда болған. Грек философтары су, ауа, от және жер (топырақ) негізгі элементтер деп санаған. Аристотельдің элемент жайындағы ілімі Еуропада кең таралды. Ол 2000 жылға жуық уақыт үстемдік етіп, алхимиктердің жай металды алтынға айналдыруға болады деген ұғымдарына негіз болды. Алхимиктер дәуірі ғылымның дамуына кедергі болғанымен, оның нәтижесінде химиялық тәжірибе жүргізудің алуан жаңа әдістері табылды. Сол кезде белгілі болған алтын, күміс, мыс, қорғасын, қалайы, темір, сынап, күкірт, көміртек, сүрмеден басқа мырыш, фосфор, күшән ашылып, көптеген күрделі заттар (металл тотықтары) алынды.
Сынап -- металдың, күкірт -- жанудың, тұз -- ерігіштіктің бастамасы деген пікірлер айтылды. 17 ғасырда химиялық өзгерістер жайында мәліметтер көбеюіне байланысты тәжірибе қорытындыларын талдау арқылы ағылшын ғалымы Р.Бойль элемент жай зат және басқа барлық заттарды түзетін құранды заттар айырылғанда шығатын зат деп жаңа түсінік берді. 18 ғасырда Бойльдің анықтамасын дәлелдейтін тәжірибелік мәліметтер көбейді, бұрын күмәнді болған заттар элементтер қатарына жатқызылды. Жаңадан сутек, оттек, азот, хлор, газ күйіндегі элементтер, сондай- ақ,платина, кобальт, никель, т.б. ашылды. 19 ғасырда химияның теориялық негіздері атом-молекулалық теория, химиялық элементтердің периодты жүйесі ашылды (1869). Ол химиялық элементтерді зерттеуде жаңа бағыт ашты.
Периодты жүйе барлық белгілі химиялық элементтерді бір жүйеге келтіріп, сол кезде белгісіз элементтердің табиғатта барын болжады. 19 -- 20 ғасырлар аралығында электрон, радиоактивтік, рентген сәулесі, изотоптар, квант теориясы, т.б. жаңалықтардың ашылуы химиялық элементтер қасиеттерінің әр түрлі болуының негізгі себебін анықтады, олардың элементарлық бөлшектерден құралғаны химиялық элементтердің периодты жүйедегі орны және оның электрондық қабық құрылысын зерттеумен қатар жаңа элементтерді іздестіру нәтижесінде гафний мен рений ашылды, синтездеу арқылы технеций, прометий, астат және рет нөмірлері 93 -- 105 болатын трансуранды элементтер алынды. 20 ғасырда химиялық элементтерді ашу әдістері (рентген, оптик., т.б.) оттек, азот, күкірт, инертті газдар, алтын, т.б. активтілігі нашар металдар бос күйінде, активті химиялық элементтер табиғатта қосылыс түрінде кездесіп, көптеген кен орындарын құратындығы анықталды. Кейбір химиялық элементтер өте аз мөлшерде минералдар құрамында қоспа түрінде (рений, рубидий, цезий, т.б.) кездеседі. Көміртек, сутек, оттек, азот, калий, фосфор, кальций, темір, иод, т.б. элементтер жануарлар мен өсімдіктер организмінде болады. Химия, металлургия, тамақ, т.б. өнеркәсіп дамуына байланысты химиялық элементтерді пайдалану аясы да артып келеді.
Периодтық жүйедегі орнына қарай элементті және оның қосылыстарын сипаттау. Периодтық жүйенің құрылымымен, атомның электрондық құрылысымен жете танысқаннан кейін кез келген элемент пен оның қосылыстарының қасиеттерін периодтық жүйедегі орнына қарай болжауға болады. Ол үшін мына жүйемен жұмыс істеу керек:
* I. Элементтің периодтық жүйедегі орны;
* II. Периодтық жүйедегі орны бойынша атом құрылысы;
* III. Элементтің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Периодтық жүйесінің құрылымы
Химия пәні мен оның маңызы
Қышқылдардың химиялық қасиеттерін зерттеу
МЕКТЕП ХИМИЯ КУРСЫНДА БЕЙМЕТАЛДАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
ІА тобының элементтері
Тірек - сызба нұсқаларын пайдалану арқылы «атом құрылысын» оқыту
ТАЛДАУДЫҢ РАДИОМЕТРЛІК ӘДІСТЕРІ
Периодтық заң
Радиометрлік талдау әдістері
Химияның теориялық негіздері. Химияның негізгі түсініктері
Пәндер