Картоп егетін және жинайтын машиналар комплексі
1 Картоп егетін және жинайтын машиналарды жіктеу
2 Картоп отырғызғыштар
3 ЗСК.0,2 картоп тиеуіші.
4 ҰСЫНЫЛҒАН МАШИНАНЫҢ ТЕХНИКО.ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЕСЕБІ
5 Пайдаланылған әдебиеттер
ТРАКТОРЛАР МЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МАШИНАЛАРДА ЖҰМЫС ІСТЕГЕН КЕЗДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ МЕН ӨРТКЕ ҚАРСЫ ШАРАЛАР

Картоп отырғызу үшін төрт және алты қатарлы отырғызу машиналары шығарылады. Оның негізгі моделі төрт қатарлы СН-4В картоп отырғызғыш болып табылады. Ол картоп түйіндеррін реттеп отырғызуға әрі сонымен бір мезгілде тыңайтқыш шашуға арналған
СН-4Б машинасының негізінде реттеп отырғызу үшін СН-4В-2 (қиыршық тасты топырақты жерге қолданылады), СКМ-6, СКС-4 т.б. картоп отырғызғыш машиналары жасалып шығарылуда.
Төрт қатарлы САЯ-4 картоп отырғызатын машина әдеттегі көк өркенінің ұзындығы 2-3 см болып өнетін,түйіндері бапталған картопты отырғызуға арналған. Ол картоптың өнімділігін 10-40%-ға арттырады. Сонымен қатар өсімдіктің өніп -өсуі кезеңін 12-15 күнге қысқартады.
Картопты күту үшін КОН-2,8 ВПМ және КРН -4,2Г түптеуіш- культиваторлары, торлы және айналмалы ротациялы тырмалар пайдаланылады.
Картопты қазу алдында КИР-1,5Б роторлы шапқыштың көмегімен алдын ала сабағынан, пәлегінен ажыратылады.
Картопты қазып, түйінін жинайтын қарапайым машиналар – КТН-2Б, КСТ-1,4 т.б. картоп қазғыштар. Картоп жинаудың ең озық тәсілі – тікелей комбайнмен жинау. Қазіргі кезде екі қатарлы ККУ-2А “Дружба” картоп жинайтын комбайн шығарылады. Тікелей комбайнмен жинаумен қатар, Қазақстанның кейбір аймақтарында бөлектеп және араластырып жинау тәсілдері көп қолданылуда. Бөлектеп жинағанда (екі фазалы) комбайн жүрер алдында УКВ-2 картоп салғыш-дестелегіш машинасы картоп түйінін екі, төрт немесе алты қатардан қазып, оларды топырақтың үстіне дестелеп салады.

1. Воронов Ю.П.және т.б. Ауылшаруашылық машиналары. Алматы, Қайнар, 1986
2. Алшынбаев М.Р., Әлиев Б.Ә. Ауыл шаруашылық машиналары. Алматы, Қайнар, 1979
3. Қоныспай Қ. Қозыбай А. Ауылшаруашылығында мәшине пайдаланудың анықтамалық деректері. Алматы, КазМАТУ,1996
4. Лстопад Г.Е. Сельскохозяйсвтенные и мелиоративные машины. М.,Агропромиздат,1986
5. Карпенко А.М., Халанский В.М. Сельскохозяйственные машины. М.Колос, 1989
6. Лурье А.Б., Енисеев В.Г., Теплинский И.З. Курсовые и дипломные проектирование по сельскохояйсвтенным и мелиоративным машинам. Л.,Агропромиздат, 1991
7. Теория, конструкции и расчет сельскохозяйственных машин. Под ред. Е.С.Босого. М.,Машиностроение, 1978
8. Основы проектирование и расчет сельскохозяйсвтенных машин. Под ред Л.А.Резникова и др.М.,Агропромиздат,1991
9.Гузенков П.Г. Детали машин. М., Высшая школа, 1986
10. Иванов М.Н.Детали машин. Высшая школа, 1982
11. Дунаев П.Ф. Конструктивные узлов и деталей машин. М.Высшая школоа,1986
12. Величко И.В. Безопасность при работе на тракторах и сельскохозяйсвтенных машинах. М.Колос, 1985
13. Основные положение определения экономического эффекта от использования результатов НИР. М., ВНИИЭСХ, 1987

КАРТОП ЕГЕТІН ЖӘНЕ ЖИНАЙТЫН МАШИНАЛАР КОМПЛЕКСІ
Картоп егетін және жинайтын машиналарды жіктеу
Картоп отырғызу үшін төрт және алты қатарлы отырғызу машиналары
шығарылады. Оның негізгі моделі төрт қатарлы СН-4В картоп отырғызғыш болып
табылады. Ол картоп түйіндеррін реттеп отырғызуға әрі сонымен бір мезгілде
тыңайтқыш шашуға арналған
СН-4Б машинасының негізінде реттеп отырғызу үшін СН-4В-2 (қиыршық тасты
топырақты жерге қолданылады), СКМ-6, СКС-4 т.б. картоп отырғызғыш
машиналары жасалып шығарылуда.
Төрт қатарлы САЯ-4 картоп отырғызатын машина әдеттегі көк өркенінің
ұзындығы 2-3 см болып өнетін,түйіндері бапталған картопты отырғызуға
арналған. Ол картоптың өнімділігін 10-40%-ға арттырады. Сонымен қатар
өсімдіктің өніп -өсуі кезеңін 12-15 күнге қысқартады.
Картопты күту үшін КОН-2,8 ВПМ және КРН -4,2Г түптеуіш-
культиваторлары, торлы және айналмалы ротациялы тырмалар пайдаланылады.
Картопты қазу алдында КИР-1,5Б роторлы шапқыштың көмегімен алдын ала
сабағынан, пәлегінен ажыратылады.
Картопты қазып, түйінін жинайтын қарапайым машиналар – КТН-2Б, КСТ-1,4
т.б. картоп қазғыштар. Картоп жинаудың ең озық тәсілі – тікелей комбайнмен
жинау. Қазіргі кезде екі қатарлы ККУ-2А “Дружба” картоп жинайтын комбайн
шығарылады. Тікелей комбайнмен жинаумен қатар, Қазақстанның кейбір
аймақтарында бөлектеп және араластырып жинау тәсілдері көп қолданылуда.
Бөлектеп жинағанда (екі фазалы) комбайн жүрер алдында УКВ-2 картоп салғыш-
дестелегіш машинасы картоп түйінін екі, төрт немесе алты қатардан қазып,
оларды топырақтың үстіне дестелеп салады.
Картоп түйіндерін дестеден жинау үшін арнайы тетіктермен жабдықталған
ККУ-2А картоп комбайны пайдаланылады.
Тікелей клмбайнмен жинағанда картоп түйінін екі немесе төрт қатардың
түйнегін картоп қазғыш-дестелегіштің көмегімен жиналмаған көршілес жатқан
екі қатардың аралығына жинайды.Осындай тәсілмен жасалған дестені(2+2
немесе 2+4) қайта жабдықталған комбайн бір рет жүріп өткенде жинап алады,ол
сонымен бірге картобы жиналмаған екі қатардың картобын қазумен бірге осы
қатарлардың аралығына қазғышдестелегіш дестелеп кеткен картоп түйіндерін
жинап алады.
Картоп жинау жұмысы түйіндерді тазалау және сорттаумен аяқталады.Бұл
жұмыс операциялары КСП-15 Б картоп сорттау пунктінде жүргізіледі.
Сақтау орындарындағы картопты тиеу және түсіру үшін біздің өнеркәсіп
орындарымыз ТЗК-30 өздігінен жүретін әмбебап конвейер-тиеуіш шығарады.
Картопты реттеп отырғызғанда түіндер бір-бірінен 25-30 см қашықтықта
орналасады.Оларды топырақтың бос,ылғал қабатына отырғазады, ал тыңайтқышты
белгіленген норма бойынша әр қатарға бірдей мөлшерде себеді. Мұнда
белгіленген қатараралығын және қатарлардың көлденеңінен және ұзынынан
түзулігін сақтау керек. Қатарлардың арасы 70см болғанда негізгі
қатараралықтарды ±2 см-ге, алтүйіліскен жерлерде ± 10см-ге ауытқууға
болады.
Топыраққа және климат жағдайларына байланысты түйінді жоталап немесе
тегістеп егеді. Егу тереңдігі бір қалыпты болуы тиіс (жоталап еккенде 10-
18см, тегістеп еккенде 8-14см). Белгіленген тереңдіктен ± 2см ауытқуға
болады. Бапталған түйіндер немесе өскіндер еккен кезде зақымданбауы керек.
Картоп отырғызғыштар
Аспалы төрт қатарлы СН-4Б (СН-4Б-1) картоп отырғызғыш (1- сурет)
массаны 40-100 грамдық өндірілмеген картоп түйіндерін жоталап және тегістеп
отырғызуға арналған, сонымен бірге борозданың түбінен төменірек етіп бөлек-
бөлек тыңайтқыш себеді.
1- сурет СН-4Б отырғызышының технологиялық схемасы:
1-бункер, 2-сіліккіш,3-аударыстырғыштар, 4-қоректендіру шөміші, 5-
шнектер,6- қасықтар, 7-түйнектерді қысқыштар, 8- тыңайтқыш сепкіш аппарат,
9- дискі, 10- тыңайтқыш өткізгіш канал, 11- қвйырма тетік, 12- із
қопсытқыш, 14- сошниктің тіреуіш доңғалағы
2-сурет Трактормен агрегатталған СН-4Б картоп отырғызғышы: 1-брус, 2-
рама, 3- бункер, 4- кесіп алу аппараты, 5-тыңайтқыш сепкіш аппарат, 6-
борозда жапқыштың жұмыс органдары, 7-сошниктер, 8- тіреуіш доңғалақтар, 9-
жетекші кардандық беріліс, 10-маркерлер, 11-қарсы жетек, 12-редуктор, 13-
қоректендіру шөміштері
Отырғызылған картоптың қатараралығы 70см болады. Ал қатардағы
түйнектер аралығын 25,30,35 және 40см мөлшерінде белгілеуге болады. Ол
“Беларусь” тракторымен агрегатталады. Картопты қатты топыраққа отырғызғанда
оны арнайы ПГТ-1 қондырғысының көмегімен Т-74, ДТ-75 шынжыр табанды
тракторларға асады.
Қапшықтағы картопты отырғызғыштың бункеріне тиеу жұмысын
механикаландыру үшін ЗКС-0,2 тиеуіш отырғызғыштардың құрамына жатпайды,
оларды жеке алады.
СН-4Б картоп отырғызғышы рамадан (2), қоректендіру шөміштері (13) бар
екі бункерден (3), бункерлердің арт жағына екі-екіжен орналасқан төрт кесіп
алу аппараттарынан (4), АТ-2А екі тыңайтқыш сепкіш аппараттан (5),
бағдарлауыш доңғалағы мен борозданы жабатын жұмыс органдары бар (6) төрт
сошниктен (7), жетек механизмінен, екі тіреуіш доңғалақтан (8), екі із
қопсытқыштан, екі жақты электрлік сигнал беру жүйесінен тұрады.
Картопотырғызғыштың екі жақ бүйіріне тұтқалары бар және бөліп тұратын
қалқанды басқыштар, ал трактордың рамасына маркерлер (10) бекітілген.
Картоп бункердің (1) еңкіш түбімен ( - сурет ) сіліккіштің (2) және
араластырғыштардың (3) көмегімен қоректендіргіш шөмішіне (4) түседі де,
одан кесіп алатын аппараттардың айналмалы дискілеріне бекітілген қалақшалар
(6) қағып алады. Шөмішке (4) бұрышты бөлгіш пен шнек (5) орнатылған, олар
картопты қалақшаларға бағыттап тұрады. Қоректендіру шөмішінен шыққанда
қысқыштар (7) қалақшаларындағы картоп түйінін қалақша сошниктің үстіне
келгенше ұстап тұрады. Осы уақытта қысқыштың рышагы шинаның үстіне келеді
(жүріс жолына), қысқышты қалақшадан ажыратады, сонда картоп түйіндері
сошник жасаған бороздаға түседі, ал қалақша ажыратылған қысқышпен бірге
тағы да қоректендіру щөиішінің жаны арқылы картоп қабатына өтеді де келесі
түйінді қағып алады.
Картопты жоталап немесе дискімен отырғызғанда рамасы пісіріліп
жасалған. Алдыңғы брустың орта тұсына трактордың аспалы жүйесін жоғары
тартқышпен қосу үшін кронштейн пісіріліп лонатылған, ал төменгі тартқыштар
картоп отырғызғышты асып ілгенде орталық сошник топтарының кронштейндеріне
бекітілген саусақтарымен қосылады.
Әрбір бункер қаңылтыр болаттан жасалған. Оның түбі қоректендіру
шөмішіне еңкештеу орналастырылған. Бункердің түбіне екі-екіден сіліккіш (2)
орнатылған, олардың алдыңғы жағы бункердің түбіне топсалы бекітіледі, ал
арт жағынан тербеліс қозғалысына келтіретін аударыстырғышдың (3) рамаларына
спиральді серіппемен, қысылады. Бункердің артқы кенересінде реттеуіш жапқыш
жауып тұратын саңылау бар. Қоректендіру шөміштері отырғызғыш аппараттардың
үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп тұратын картоп түйінінің запасын
жасау үшін қажет. Шөміштің артқы жақ түбі қалақшалар кіретін иін қап жасай
отырып радиус бойынша майыстырылған. Бункерге бекітілген шөміштің бүйір
кенерелері көсіп алу аппараттарының дискісі мен қалақшалары аралығындағы
саңылаудан өтеді. Бункер түбінің орта бөлігінде бұрыштық бөлгіш пайда
болады, ол түйнектерді отырғызғыш аппаратына баратын екі ағынға теңдей етіп
бөледі. Түйіндердің қалақшаларға үздіксіз берілуін қамтамасыз ету үшін
қоректендіру шөмішіне аударыстырғыштар мен шнектер орнатылған.
Сошник корпустан тұрады, ол жоба тәрізді тұмсықпен және бүйірлік
қайырмамен жабдықталған. Алдыңғы бөлігінде тыңайтқыштар тыңайтқыыш
өткізгіштен каналға келіп түседі де, борозданың бүйір жағындағы топырақты
тіліп, оны сошниктің ішкі жағына лақтырып, тыңайтқышты қалыңдығын 3 сметіп
бос топырақпен жабады. Отырғызғыш аппараты тастаған картоп түйіндерінен
бөлектеп, ол алғаш өнгенде өркеннің күйіп кетуін, ал қопсыған топырақ
түйнектің борозда ішінде сырғанап, домалауын болдырмайды.
Сошниктер (3 –сурет) отырғызғыштың негізгі брусына
3 – сурет. Сошниктер тобы: 1- алдыңғы кронштейн, 2,13- сошниктің
жоғарғы және төменгі корпусы, 4-сошник, 5- штанга, 6- тырма, 7- сіңіргіш
дискілер, 8- рамка, 9- қайырғыш тетік, 10- реттеуіш таяныш винті, 11-
төменгі тартқыш таянышы, 12- сошниктің тіреуіш жоңғалағы, 14-диогнальды
тартқыш.
алдыңғы кронштейннен (1), жоғарғы реттеуіш (2) және төменгі (3)
тартқыштардан, сошниктің корпусынан (3) тұратын паралеллограмдық
механизммен бекітіледі. Сошниктің корпусына қосыалқы тіреуіш доңғалағы
(12) бекітіледі. Әрбір сошниктің төмен түсуін шектеу үшін төменгі
тартқыштың ұшына тірек (11) пісіріліп, оның қарсысындағы кронштейн
корпцсына реттеуіш винт (10) бұралған.
Жұмыс кезінде сошникті көтергенде огың корпусы қоректендіру шөмішінің
түбіне сошникті көтергенде оның корпусы қоректендіру оның корпусы
қоректендіру шөмішінің түбіне тіреліп қалмауы үшін паралеллограмма
диагональды тартқыш (14) енгізіп, оның бір жақ ұшы топсамен сошникке
бекітіліп, ал екінші бұрандалы үшы алдыңғы кронштейннің тілігі арқылы
өткізіледі.
Сошник бүйірлерінің артында көмгіш дискі (7) мен тырмагың (6) рамасын
қосу үшін планкілер пісірілген. Дискілердің жартылай осьтерінің
кронштейндері штангіге (5) топсалы қосылған, ол отырғызғыштың рамасына
қатаң бекітілген кронштейннің ішінде жылжи алады. Картоп отырғызғыштың
жұмыс органдарына трактордың қуат алу білігінен қозғалыс қос конусты
шестернядан тұратын редуктор арқылы карданды білікпен беріледі. Редуктордың
жетектегі білігінен шынжырлы беріліс қосалқы жетекке, одан соң жақтағы
отырғызғыш аппараттының білігіне беріледі. Отырғызғыш аппараттың сол жақ
білігі оң жақ білікке жұдырықша муфтамен жалғасқан. Аударыстырғыштар
қоректендіру шөміштерінің шнектері мен тыңайтқыш сепкіш аппараттары
шынжырлы беріліс арқылы отырғызғыш аппараттың білігінен қозғалыс алады.
Кардандық берілістің тісті сақтандырғыш муфтасы болады. Отырғызғыштың
тіреуіш доңғалақтары раманың алдыңғы брусына жалғасады, олар винттік
көтеру, түсіру құрылғысымен және із қопсытқышты орнататын серіппелі рамамен
жабдықталған. Із қопсытқыш ретінде серіппелі тіреуге бекітілген
культиваторлық қопсытқыш табан пайдаланылады.
Екі жақты сигналдандыру кнопкалы екі қопсытқыштан, электр бауынан және
штепсельдік ашадан тұрады. Қопсытқыщтарды оң және сол жақ басқыш тұтқаның
үшкілігн бекітеді. Жұмыс кезінде штепсель ашасы дыбыс сигналымен
жалғасқан, трактордың штепсель розеткасына сұғылады.
Отырғызғыштарды реттеу. Көсіп алу аппаратының қалақшалары жалпы
жазықтыққа орналасуы керек.Бұл фланецтегі дискініауыстыру арқылы жүзеге
асырылады.Жұмыс кезінде қоректендіру шөмішіне картоп беру процесін
шөміштегі қабаттың қалыңдығы 10-20см болатындай етіп бункердің
жапқыштарынмен реттейді. Қалақшаның әрқайсысы бос орын қалдырмай, бір-
бірден түйін алуы тиіс.Егер қалақшалар екі түйнектен алса,онда қоректендірк
шөмішінің бүйірін қалақщаға жақындату қажет.Қысқыштардың ұштары мен
қоректендіру шөиішінің бүйір аралығындағы саңылау 55мм-ден кемболмауы тиіс.
Ол үшін қысқыштардың ұштарын иеді,түйнектердің қалақшалардан түсуін
сақтандыратын қозыректердідискілермен бір жазықтыққа келтіріп орнатады.
Қалақшалар мен түп аралығындағы саңыоау 2-7 мм болуы тиіс. Оны кергішпен
реттейді.
Тәуелсіз жетек үстінде түйнектерді отырғызу нормасын (қатарға
отырғызатын түйнектердің ара қащықтығы) редуктордың білігіндегі ауыстырмалы
жұлдызшаны іріктеп қою және жұмыс жылдамдығын (4,8-6,3 кмсағ) таңдап алу
арқылы анықтайды. Картоп отырғызу нормасын алдын ала заводта жасалған
таблица бойынша, ал ең соңғы норманы жұмыс басында борозда бойында
белгілейді.
Егер трактордың қуат алу білігі синхронды жетекте болса, онда қосымша
жетектегі40 тісті жұлдызшаны 22 тісті жұлдызшамен алмастыру керек. Сонда
себу жиілігі редуктордың білігіндегі ауыспалы жұлдызшаныіріктеп қою арқылы
реттейді.Атыздық түйнекті отырғызу нормасын анықтау үшін бастырма
штангасының жоғарғы ұшындағы шплинттің орнын ауыстырып қою арқылы борозда
жапқыш органдары жоғары көтеріп белгіленген жұмыс жылдамдығымен 9-10м жерді
жүріп өту керек. 7,14 м ұзындықтың (қатараралықтары 0,7м болғанда) немесе
8,4 м ұзындықтың (қатараралықтары 0,6м болғанда) әр қатардағы түйнектерді
санап шығып, оларды 2000-ға көбейтеді. Сонда шыққан сан 1 га жерге
себілетін нормаға сәйкес келеді.Егер белшіленген нормадан айырмашылық
шықса, онда редуктордың білігіндегі жұлдызшаны ауыстыру немесе жұмыс
жылдамдығын ауыстыру керек. Тыңайтқыш сепкіш аппараттарды алдын ала себу
нормасына қою үшін тыңайтқыш өткізгішті ажыратып алып, әр аппаратқа қапшық
байлар қояды. Тыңайтқыш сепкіш аппараттың жаьу рычагын завод нұсқамасында
көрсетілген орташа қалыпқа қояды. Отырғызғыш аппараттың білігін 8-10 рет
айналдырып, себілген тыңайтқышты қайтадан банкаға салу керек. Содан кейін
отырғызғыш аппараттың білігін n айналымға айналдыру керек.
Синхронды жетекте n = 18,6 ZBV
Тәуелсіз жетекте n = 3,7 ZB
мұнда Z – редуктордың білігіндегі жұлдызша тісінің саны,
V – агрегаттың қабылданған жылдамдығы, кмсағ
B – отырғыхғыш алымының ені,м.
Тыңвйтқыш сепкіш бір аппараттың n айналымында сепкен тыңайтқыштың 100-
ге көбейтілген массасы 1 га жерге себілетін нормаға сай келеді. Жапқыш
рычагтың қалпын өзгерте отырып, белгіленген себу нормасын алады,
Жұмыс органдары трактордың қуат алу білігі арқылы айналдыру керек.
Әрбір аппараттың себу нормасын жеке- жеке белгілейді.
Картоп отырғызғыштың тиреуіш доңғалақтарын шеткі қатараралығына
келтіріп орнатып және оны биіктігі жағынан сошниктің төменгі тартқышының
(13) ұшы алдыңғысына қарағанда 100-110 мм төмен болатындай етіп реттейді.
Отырғызғыштың рамасы горизонталь қалпында болғанда сошниктердің тұмсығы
тіреуіш жазықтығына тиіп, ал сошниктің (немесе қайырманың -9) төменгі
тілінің артқы шеті горизонттан 35-45 мм көтеріліп тұруы тиіс.Ол үшін
сошниктің аспасының (2) жоғарғы бұранда тартқышының ұзындығын реттейдә.
Сошник ең жоғарғы қалыпта тұрғанда оның корпусы мен қоректендіру шөміші
түбінің аралығы 20 мм мөлшерінде болуы тиіс. Реттегенде диагональ
тартқыштағы (14) гайканың қалпын өзгертеді. Сошниктің төмен түсуін
реттегенде отырғызғышты тасымал қалпына қояды, сонда төменгі тартқыш
горизонтальмен 300 бұрыш жасап (тартқыштың артқы ұшы алдыңғысына ұарағанжа
200 мм төмен болуы керек) орналасуы тиіс, ол үшін төмен түсіруді
шектегіштің винтін (10) бұрап енгізеді немесе шығарады. Сошниктің топыраққа
кіру бұрышы мен тұрақтылығы бұзылмауы үшін жұмыс кезінде отырғызғыштың
рамасын горизонталь тұруы тиіс, оны трактордың аспа жүйесінің тартқышымен
реттейді.
Картопты жотасыз отырғызу үшін дискілердің жартылай осін ең аз бұрыш
жасайтындай етіп айналдырып, штанганың серппесін босатады. Тырманың
тереңдігін дискілер жасаған жоталар тегістелетіндей етіп орнатады,
Дискілердің тістері картоп түйініне тиіп, егу дұрыстығын бұзатындықтан
тырманы тым тереңдетуге болмайды. Картопты жоталап отырғызғанда тырманы
алып тастайды. Жоталардың формасы мен биіктігі топыраққа және сошниктің
жүріс тереңдігіне байланысты болады. Егер жота аласа және шашыраңқы болса,
онда дискінің тереңдігі мен шабуыл бұрышын ұдғайту керек, сондай-ақ
штанганың серппесін де қатайтады. Картоп отырғызғыштың жұмыс өнімділігі
таза 1 сағат жұмыс істегенде 1,15 га отырғызғыштың салмағы - 800 кг,
тасымал жылдамдығы - 13 кмсағ.
Жартылай аспалы төрт қатарлы СКС-4 картоп отырғызғышы (4- сурет) жалпы
құрылысы мен жұмыс процесі жағынан СН-4Б-1 картоп отырғызғышына ұқсас.
Қатараралығы 70 см болатын, өндірілмеген картоп түйнектерін жоталап және
тегістеп отырғызуға арналған. Әр түйнектің салмағы 25-150 г болатын
картопты 1 га жерге 40-70 мың түйнектен отырғызылуын қамтамасыз етеді.
4-сурет. СКС -4 картоп отырғызғышы. а-жалпы көрінісі, б- құрылғысы; 1,9
– кардандық беріліс, 2–тіркемесі бар рама, 3–тіреуіш доңғалақ, 4–алдыңғы
тиеу алаңы, 5–тыңайтқыш сепкіш аппарат, 6–кесіп алу аппараты,озда жабатын
жұмыс органдары, 8–бункер жалғамасы, 10–жүріс доңғалағы, 11–артқы тиеу
алаңы, 12–стабилизатор, 13–қопсытқыш, 14– қоректендіру шөміші бар бункер,
15– сошник
Жұмыс жылдамдығы 7,5 кмсағ. Ал таза 1 сағат жұмыс істегенде өнімділігі
1,68-2,52 га. Картоп отырғызғышта тракторшы және және картоп отырғызатын
екі адам жұмыс істейді. Ол “Беларусь”, ДТ-75 тракторларымен агрегатталады.
Картоп отырғығыш тіркемесі бар рамадан (2), алдыңғы (4) және артқы (11)
тиеу алаңынан, тыңайтқыш сепкіш аппараттардан (5), сошниктерден (15) кесіп
алу аппаратарынан (6), қоректендіру шөміштері бар бункерден (14),
бункердің жалғамасынан (8), борозданы жабатын жұмыс органдардан (7)
стабтлтзатордан (12), қопсытқыштардан (13), тіреуіштен (3) және жүріс
доңғалақтарынан (10), жетек механизмінен, электр жабдықтарынан,
гидравликалық жүйеден және гидрофициаланған маркерлерден тұрады.
Сыйымдылығы 1500 кг бункерлер картопты механикамен тиецге арналған.
Бункердің сиймдылығын арттыру үшін оның жоғары жағына жалғама орнату керек.
Бункердің артқы кенересі жылжымалы, ол жалғаманың бүйір кенерелеріне
серппеленіп, топсалы бекітілген кронштейндерге асып орнатылған.Жоғарғы
жағынан түсетін күштің ықпалымен кенере бункер түбіндегі жоғпрғы тілікке
дейін түседі, ал күшті алып тастағанда серіппенің әсерімен өз орнына
(бастапқы орнына) қайта келеді. Кенерелердің осылай ауысуының арқасында
бункердің тиеу биіктігі төмендейді. Қоректендіру шөмішіне қопсытқыш, шнек
және реттеуіш қапталдар орнатылған.
Кесіп алу аппараттарына ірі түйін топтарын отырғызатын қалақшалардың
қосымша комплексі орнатылған. Ірі түйнектер осы қалақшаларда мықты
серіппесі бар ұзартылған қысқыштармен ұсталып тұрады, олар ірілігі орташа
түйін топтарына арналған негізгі қалақшаларды орнатқанда да қала береді.
Картоптың ірі түйнекті сорттары тұқым себетін учаскелерге егіледі.
СКС-4 және СН-4Б картоп отырғызғыштарының сошник топтарымен борозда
жабатын жұмыс органдарының құрылыстары бір-біріне ұқсас. Алдыңғы тіреуіш
доңғалақтары пісірілген конструкциялы болып келеді. Артқы жүріс
доңғалақтары осы рамаға топсамен қосылған. Рама мен доңғалақ осінің
аралығында екі гидроцилиндр картоп отырғызғыштың арт жақ бөлігін тасымал
қалпына келтіру үшін қажет. Олар трактордың гидравликалық жүйесімен
қосылған.
Жұмыс органдарының жетек механизміне кардандық беріліс, редуктор, қарсы
жетек, шынжырлы берілістер жатады.Қарсы жетекке сақтандырғыш муфта
орнатылған. Қосымша біліктегі жетекші жұлдызшаны алмастыру арқылы қатардағы
түйнектердің ара қашықтықтары 20см-ден 35 см-ге дейін реттеледі.
Картоп отырғызғыштың электр жабдығы түйнектерді қармау сигналдауышынан
және картоп отырғызғыштағы жұмысшылар мен тракторшының арасындағы екі
жақтылы сигналдаудан тұрады. Түйнектерді қармау сигналдаушы көсіп алу
аппаратының қызметін бақылайды. Егер қалақша бос болса, онда қысқыштың
рычагы электромеханикалық датчикті тұйықтайды, соның нәтижесінде трактордың
кабинасына орнатылған сигнал құрылысының шамы жанады. Электрмеханикалық
датчик ажыратылған екі пластинкалық контактіден тұрады да, қысқыштың
рычагтарын бұру үшін шинаның артқы жағына орнатылады.
Стабилизатор (10) екі тіреуіші бар болат пластинадан тұрады,бекітілген
бұрылмалы кронштейнге орнатылады. Тіреуде стабилизаторды биіктігінен
өзгертіп отыруға мүмкіндік беретін ойықтар бар.
Ал, трактордың алдына МГ-1 маркерлі рама бекітіледі. Тракторшы оны
кабинада отырып гидравликалық жүиенің көмегімен көтеріп, түсіреді.
Картоп отырғызғыш арнайы тіркеуіштің көмегімен сегіз қатарлы
агрегатпен екі машинаны қосарлап жұмыс істеуге бейімделген.
СКС-4 картоп отырғызғышымен еккенде еңбек шығыны СК-4Б картоп
орырғызғышымен салыстырғанда 2-6 есе кемітіледі (тиеу тәсіліне қарай).
Қиыршық тасты жерге егуге арналған (СКС-4-1) картоп отырғызғышы СКС-4
картоп отырғызғышымен 95 %-ке үйлестірілген.
Картоп отырғызғыштың подшипниктері бір рет немесе маусымда майланады.
СКМ-6 жартылай аспалы алты қатарлы картоп отырғызғышы (5-сурет) бір
мезгілде тыңайтқыш енгізе отырып, қатараралықтары 70 см болатын, өнбеген
түйіндері жоталап және тегістеп қатарлап отырғызуға арналған.
5-сурет. СКМ-6 картоп отырғызғышы: 1- тыңайтқыш сепкіш аппарат, 2-
кесіп алу аппараты, 3-шнек, 4-қоректендіру шөміші, 5-араластырғыш, 6-
сіліккіш, 7-бункер, 8- қопсытқыш, 9-стабилизатор, 10-борозда жабатын жұмыс
органы, 11- жатқыш, 12- түйіндерді қайтарғыш, 13- сошник, 14- тіреуіш
доңғалағы.
Ол ДТ-75М тракторымен агрегатталады. Жұмыс жылдамдығы 7,1 кмсағ, 1
сағат ішіндегі таза жұмыс өнімділігі 1,9 -2,98га. Бункерлері көтерілмелі –
төңкерілмелі кузовты машиналарға тиейді. Картоп отырғызғышта тракторшы мен
картоп отырғызатын екі жұмысшы істейді.
Картоп отырғызғыш бірдей үш секциядан тұрады. Бункерлерінің жалпы
сиымдылығы 1100кг. СКМ-6 картоп отырғызғышының құрылысы мен жұмыс
органдарын реттеу, СН-4Б және СКС-4 картоп отырғызғышының құрылысы мен
реттелуі сияқты. СКМ-6 картоп отырғызғыш түйіндер аралығын 22, 26, 30 және
35 см етіп отырғыза алады.
САЯ -4 жартылай аспалы автоматты картоп отырғызғыш (6-сурет) бапталған
картопты бір мезгілде бороздаға түйіршіктелген минералды тыңайтқышты енгізе
отырып, қатараралықтарын 70 см, ал қатардағы түйінді аралықтарын 25-35 см
етіп отырғызуға арналған.
6-сурет. САЯ -4 картоп отырғызғышының технологиялық процесі: 1-
тыңайтқыш сепкіш аппарат, 2- тербелме қайықша, 3- серіппелі лақтырғыш
тетіктер, 4- отырғызу аппараты, 5- қоректендіру шөміші, 6- бункер, 7-
қопсытқыш, 8- жүріс доңғалағы, 9- резеңке фартук, 10- тырма, 11- борозда
жабатын дискі, 12- сошник, 13- тіреуіш доңғалақ.
Егілген түйнектерді бұдан бұрынғы картоп отырғызғыш сияқты жоталап
және тегістеп отырғызады. Оны бапталмаған картопты отырғызуға да
пайдалануға болады. Отырғызатын материал ретінде мөлшері 50-100 грамдық
көктеп шыққан сабағының ұзындығы 2 см болатын картоп түйнектерін
пайдаланады. Ол аккумуляторлы батареясы мен суырмалы розекасы бар МТЗ -80
және ДТ-75М тракторларымен агрегатталады, трактордың қуат алу білігінен
қозғалыс алады.
Картоп отырғызғыш рамадан, екі бункерден (6), төрт қоректендіру
шөмішінен (5), төрт отырғызғыш аппараттан (4), бағдарлауыш доңғалақтары
бар төрт сошниктен (12), борозда жабатын төрт дискілі органдардан (11),
тыңайтқыш себетін төрт аппаратан (1), екі тіреуіш (1) және екі жүріс
доңғалақтарынан (8), доңғалақтың ізін қопсытантын екі қопсытқыштан (7),
тіркеме құрылғысынан, маркерлерден, баспалдақтан, жетек механизмінен,
гидравликалық және электрлік жүйеден тұрады. Пісірлген конструкциялы рама
төрт тік бұрышты секциядан құралады. Бункердің (6) формасы жәшік тәрізді
болады.
Бункерлердің түбі резеңкелі конвейерден тұрады, ол отырғызғыш
аппараттың жетек білігінде орналасқан электрлі магнитті муфтаны қосу арқылы
қозғалысқа келтіріледі. Бункерлердегі шығу саңылаулары резеңкеленген
жапқыштармен жабылған. Қоректендіру шөмішінің (5) түбінде электромагниттік
муфтаның электрлік щынжырын қосатын немесе ажырататын контакті датчигі
орнатылған. Конвейердің қалақшалы отырғызғыш аппараты штампталған
қалақшалардан тұрады да, олар втулкалы – роликті шынжырдың біріктіру
буындарына шаршылы тәртіппен пісіріліп бекітілген. Отырғызғыш аппаратының
бір тармағы қоректендіру шөмішінен өтіп қалақтағы артық түйнектерді алып
тастайтын пластиналы серіппелі лақтырғыштары (3) бар бөлгішпен бөлінген, ал
екінші тармағы шығу терезесі сошниктің үстіңгі жағына орналасқан бағыттауыш
құндаққа бекітілген. Картоп отырғызғыш екі типті бөлшектермен
комплектіленеді. Ұсақ түйнектерді еккенде (30-60грамдық) серіппелі
лақтырғышы бар кең бөлгіш, ал ірі түйнектерді (100 грамдық) еккенде
серіппесіз жіңішке бөлгіш қояды. САЯ-4 және СН-4Б картоп отырғызғыштарының
сошниктерінен сіңіргіш жұмыс органдарының құрылыстары бір-біріне ұқсас. Ал
САЯ-4 картоп отырғызғыш АТ -2А тыңайтқыш сепкіш аппаратпен жабдықталған.
Жүріс доңғалақтары пневматикалық, шинасының өлшемі 6,5 -16. Екі
доңғалағы да пісірілген рамкадағы негізгі рамамен топсалы қосылған, конус
тәрізді роликті подшипникке орнатылған. Трактордың гидравликалық жүйесімен
байланыстырылған, ЦС-50 гидравликалық екі цилиндрдің көмегімен картоп
отырғызғыш жұмыс және тасымал қалыпқа көшкенде рама айналатын болады. Ал,
маркерлер картоп отырғызғыштың рамасын орнатылған.
Жетек механизмі жетекші кардандық берілістен, редуктордан, сақтандырғыш
муфтадан, аралық біліектерден және отырғызғыш аппаратарына берілетін
шынжырлы берілістерден тұрады.
Раманың жұмыс кезіндегі горизонталь қалпы жүріс доңғалағы тірелетін
винттелмен жасалады. Бункердегі түнектер конвейер арқылы қоректендіру
шөмішіне барып түседі. Қоректендіру шөміші керекті мөлшерде түйнектерге
толған соң, қоректендіру шөмішінің резеңкелі пердесінің (9) астына
орналасқан датчиктің контактісі ажырайды да, электромагниттік муфтаның
көмегімен бункер-конвейерінің жетегі ағытылады. Қоректендіру шөмішінен
түйнектерді отырғызғыш аппараттың қалақшалары қармап алады да, сошник
жасаған бороздадағы тасталатын жеріне дейін жеткізеді, сонда лақтырғыштар
(3) лақтырып тастаған қалақтағы артық түйнектер тербеліп тұрған астауға
(2) келіп түседі де кейін қайтадан қоректендіру шөмішіне беріледі.
Қоректендіру шөмішіндегі деңгейі төмендеу дәрежесіне қарай,
датчиктердің контактілері қосылады да электромагнитті муфта жетекті тағы да
бункердің конвейеріне қосады, осылайша пресс қайталанып отырады. Бункерден
қоректендіру шөмішіне келіп түсетін түйнектердің мөлшерін датчиктің
реттеуіш құрылғысының көмегімен өзгертуге болады.
Өнбеген картопты отырғызғанда картоп отырғызғыш жылдам жұмыс істей
алады, ол үшін отырғызғыш аппаратың жетегіне алмалы-салмалы жұлдызша Z23
орнатылған.
Картоп отырғызғыштың жұмыс жылдамдығы – 4,8 – 6,5 кмсағ, тасымал
жылдамдығы - 13 кмсағ, 1 сағат ішіндегі таза жұмыс өнімділігі – 1,6га.
Агрегатқа тракторшы мен екі картоп отырғызкшы жұмыс істейді. Оның жалпы
салмағы 1300 кг.
ЗСК-0,2 картоп тиеуіші.
ЗСК-0,2 тиеуіш (7–сурет) картоп отырғызғыштардың бункеріне қапшықтағы
картопты тиеуге арналған.
7-сурет. ЭСК-0,2 тиеуіші: 1- ілмек, 2- қармауыштары бар сым арқан, 3-
серіппелер, 4- тұтқа, 5- жебе, 6- гидравликалық цилиндр, 7- тіреуіш
плитасы, 8- жапқыш құрылғы, 9- тіреуіш плитасы, 10- май түтігі.
Оны МТЗ тракторының өзгертілген түрлеріне орнатады. Ол арқанды және
қапшықтарды қармап ұстағыштары бар жебеден, бұрылыс колонкасынан (7),
тіреуіш плитасынан (9), треуіш плитасын тракторға бекіту детальдарынан,
шығарылатын цилиндрден, жебені тасымал қалпында ұстап тұратын құрылғыдан
тұрады.
Тиеуіштің жүк көтергіштігі – 200кг, жебесінің ең жоғарғы көтерілу
биіктігі – 2630мм, жүкті ең көп көтеру биіктігі– 800мм, жебнің бұрылу
бұрышы –1800. Жебе 33,5 мм түтіктен және диаметрі 20 мм шыбықтан жазық
форма түрінде пісірілген. Ал жебенің ұшына қармауышы бар арқанды асатын
ілмек орнатылған.
Жебе бұрылыс колонкасы мен гидравликалық цилиндржің штогына топсамен
жалғастырылған. Ал, бұрылыс колонкасы тіреуіш плитасына пісірілген түтік
треуіштегі роликті подшипникке орнатылған.
Сол сияқты бұру колонкасына гидравликалық цилиндр (6) мен бекіту
құрылғысы үшін кронштейндер пісіріліп орнатылған.
Картоп отырғызғышы былай тиеледі. Тиеу алдында жұмыс қалпына түсіреді,
бұрылыс колонкасының бекіткішін босатады, жебені қапшық жаққа бұрып, төмен
түсіреді, екі қармауышпен бір немесен екі қапшықтың бұрышынан қармап алады.
Трактордың гидравликалық жүйесі жебегі көтергеннен кейін оны тракторшы
қолмен бұрайды. Қапшықтар бункердің үстіне келгенде жұмысшы қапшықтың
аузын шешіп, картобын бункерге төгеді.
КОН -2,8ПМ аспалы түптеуіш культиваторы төрт қатарлы картоп
отырғызғышпен қатараралықтарын 60 немесе 70 см етіп отырғызған
қатараралықтарын өңдеуге, түптеуге және картопты қоректендіруге арналған.
Оларды төрт қатарлы машиналармен қатараралықтарын 60 және 70 см етіп
отырғызған басқа да дақылдарды өңдеу үшін пайдалануға болады.
КОН-2,8ПМ культиваторы мынадай операцияларды орындайды: жоталап және
тегістеп отырғызылған картопты өніп шыққанға дейін және жер бетіне көктеп
шыққаннан кейін тырмалайды; арам шөптерді отайды және түптеуіш корпуспен
қатараралықтардағы топырақтың жоғарғы қабатын, ал қопсытқыш тістермен
тереңдігін 14 см етіп қопсытады; картоп өсімдігін құрғақ минералды
тыңайтқыштармен қоректендіреді; өсімдікті түптейді және борозданың түбін
түптеуіш корпуспен, сондай-ақ қопсытушы тістермен қопсытады.
8 – суретте КОН-2,8ПМ
культиваторының
жұмыс органдарын
орнату схемасы
көрсетілген.
Культиватордың негізгі құрастыру бөлшектері – аспалы құрылғылы рама,
жұмыс органдары секциялары, қоректендіру қондырғысы мен БКН-2,8 тор көзді,
аспасы бар тырма.
Раманың негізін шаршы қималы брус құрайды,оның орталық бөлігіне
саусақтармен аспалы құрылғының тіреуіштері пісірілген. Рама брусына жұмыс
органның бес секциясы, тыңайтқыш сепкіш аппараттарға арналған төрт
кронштейн және тырма үшін аспа жалғастырылған.
Культиваторға ені 220 және 270мм табаны бар, саусақ типті түптеуіш
корпусты, қоректендіру пышақтарын, қопсытқыш тістер мен тор көзді тырманы
орнатыға болады.
Қоректендіргіш қондырғы тыңайтқыш сепкіш аппараттардан, тыңайтқыш
өтетін түтіктерден және қоректендіру пышақтардан тұрады. Аппараттар
қозғалысты тіреуіш доңғалақтарда шынжырлы беріліс арқылы алады.
Тор көзді тырманың аспасы екі бойлық арқалықтан, алдыңғы көлденең
түтңктен, артқы көлденең аспадан, кергіштері бар вертикаль ен және екі
төмендеткіштен тұрады.
Культиватор тор көзді тырманың сол және оң жақ секцияларымен
жабдықталған, алдыңғы аспалар рама тәрізді кронштейннің топсасымен алдыңғы
көлденең түтікке қосылады. Ал, тырманың секциялары өзара буындармен
біріктіріледі. Тырманың алдыңғы буындары шынжыпдың көмегімен артқы көлденең
аспаға ілінген.
Машинаның жұмыс өнімділігі 0,8-1,4 гасағ. Онда тракторгы мен жұмысшы
істейді. Ол Т-28 М және “Беларусь” тракторлары мен агрегатталады.
КРН -4,2Г өсімдік қоректендіпгіш-культиваторы қатараралықтары 70 см
картоптың, көкөністер мен басқа отамалы дақылдардың егістіктерін күтіп-
баптауға арналған. Ол шпренгельсіз брустан, дұмыс органдарының алты
секциясынан, аспалы тор көзді тырмадан, қоректендіру қондыпғысынан, тіреуіш
доңғалақтан тұрады. Культиватор СА-1 автоматты тіркеуішпен жабдықталған.
КРН-4,2Г мынадай технологиялық операцияларды орындайды: бір мезгілде
культивациялап немесе түптей отырып, өсімдік өнгенге дейін және өніп
шыққаннан кейін тырмалау: тереңдігін 6-10см қатараралықтарды өңдеу;
тереңдігін 10-16см етіп қатараралықтар топырағын қопсыту; 16см дейін
тереңдетіп өсімдіктерді түптеу; өсімдіктерді 16см тереңдікке дейін
қоректендіру.
Шаршы қималы брустың орта тұсына автотіркеуіштің құлпы пісірілген.
Жұмыс органдарының секциясы қосымша доңғалақтан, топсалы төрт буыннан,
грядильден, алдыңғы кронштейннен, жұмыс органы терең жүруінің рычагты
механизмнен, бүйірлік және орталық ұстағыштардан тұрады. Секция
сақтандырғышпен –арнайы болтпен жабдықталған, ол артық күш түскенде
кесіледі. Болтты жаңасымен алмастырады. Секцияға үшке дейін жұмыс органын
орналастыруға болады. Жұмыс органдарының терең жүруін өзгерту рычагы
механизмнің еңбек көлемін азайтады және реттеуге кететін уақытты осындай
реттеуі бар КРН-4,2 культиваторына қарағанда 12 минутқа қысқартады.
Төркөзді тырма арамшөптерді құртады, топырақтың жоғарғы қабатын
қопсытып, егістіктегі топырақ қыртысын жұмсартады, картоп отырғызуды
өнгенге және өніп шыққанға дейін өңдеуге мүмкіндік береді. Тырма
культиватормен екі кронштейннен, орталық тартқыштан және брустан тұратын
аспаның көмегімен тіркейді. Брусқа тырма шынжыр арқылы бекітіледі. Тырманың
секциялары өзара планкаларменжалғастырылған. АТД-2 типті тыңайтқыш сепкіш
аппаратары пайдаланылады. Тыңайтқыш түтіктер резеңкеден жасалған. Ал,
тіреуіш доңғалақтары пневматикалы болып келеді, мөлшері5х10.
Культиватордың таза 1 сағат ішіндегі жұмыс өнімділігі 3,76га, ол
“Беларусь” және ЮМЗ-6Л тракторларымен агрегатталады.
Картоп жинау-көп еңбек сіңіруді қажет ететін жұмыс. 1га жердегі
картопты атқа жегілетін плугпен қазып, оны қолмен жинауға 18-20 адам күні
керек. Ал, трактор картоп қазғыштарын қолдану еңбек шығынын 8-10 адам
күніне, ал картоп комбайнмен жинағанда 3-5 адам күніне дейін қысқартады.
Әдетте, картоп жинау кезеңде картоптың пәлегі құрғақ болады, бірақ
картоптың кеш пісетін сорттарын пәлектің кепкенін тоспай-ақ жинауға тура
келеді. Бұл жинау жұмысынбіршама қиындата түседі. Пәлекті жинау және ұсату
үшін КИР-1,5Б шапқыш-ұсақтағышты қолданылады.
Картопты суық түскенге дейін жинау керек, өйткені уақытынан кешігу
көптеген шығынға әкеп соғады. Картопты механикаландырып жинау жұмысына
төмендегідей агротехникалық талаптар қойылады:
-картоп түйнектері түгелдей қазылуға тиіс, қазу және тырмалаудан кейін
қолмен жиналатын картоптың мөлшері 5,8 %-тен аспауы керек;
- картоп қазғышпен қазылған картоп егістіктің бетіне (топырақ үстіне)
жіңішке жол болып орналасуы тиіс, түйнектердің көпшілігі пәлегінен
ажыратылуы керек, бұл картоп іріктеу жұмысын жеңілдетіп, еңбек өнімділігін
арттырады;
- картопты жинағанда зақымдануы 3%-тен аспауы қажет.
Картоп қазғыштар. КТН-2Б екі қатарлыкартоп қазғышы (9-сурет)
қатараралықтары 70см етіп отырғызылған картопты жинауға
арналған. Оны МТЗ-80 немесе Т-40М тракторларына асып пайдаланылады,
жұмыс өнімділігі -0,45 га сағ.
Картоп қазғыш екі жүріс доңғалағы бар рамадан, түреннен (1), негізгі
(2) және каскадты элеватордан (4), ірі електен (5, беріліс механизімінен
тұрады)
ТҮРЕН (10-сурет) екі қатардағы картопты қазып, оны негізгі элеваторға
жібереді. Ол үш секциядан (5,6 және 7) тұрады. Әр секцияның арт жақ шетінен
тілік жасалған, оларға тастың тығылып қалуын болдырмауға арналған, топсалы
орнатылған саусақтар (2) бекітілген. Әр саусақ жоғары қарай 900 –қа ауытқи
алады. Ал, түреннің бүйір секциялары рамаға бекітілген кронштейндерге (1,4)
орнатылады. Орталық секция ұзынша бой тасаға бекітілген. Ал, түрен екі
жағынан рамаға бұрылған қапталдармен шектелген. Түреннің ең көп тереңдеуі
24см.
Негізгі элеватор топырақты қопсытуға және елеуге арналған ол ұзыннан
вертикаль бөлінген екі полотнодан, әр полотно диаметрі 10мм болат
шыбықтардан (3) тұрады (10 -сурет). Олар втулкалы-роликті шынжырдың
бцындарына (1,2) екі-екіден қосылған. Әр шыбық ортасынан біреуі жоғары,
екіншісі төмен иілген, мұның өзі түйнектердің элеватордан сырғанап кетуін
болдырмай, топырақпен пәлектің түйнектен бөлінуін жақсартады. Элеватор
буыны адымының ені 21мм. Полотно алдыңғы жағынан шарикті подшипникте (6)
айналатын конус тәрізді шойын роликке (5) тіреледі. Ал полотноның жоғарғы
тармағы орта тұсынан 10 тісті, сопақша келген жұлдызша-сіліккішке (4)
тіреледі. Соның нәтижесінде полотноның жоғарғы тпрмағы жұмыс кезіндегі ауық-
ауық тербеліп отырады да топырақ кесектері жақсы ұнтақталып, элеватор
шыбықтарының аралығына түсуіне мүмкіндік туады. Негізгі элеватордың
жетекші білігіне шпонкамен және тоқтатқыш винтпен жұлдызша бекітіледі.
Білік корпустары рамаға орнатылған шарикті үш подшипникке айналады.
Негізгі элеватор түйнектерді, пәлек пен қалған топырақты шамамен 15см
төмен орналасқан каскадты элеваторға лақтырып салады. Сонда қалған кесек
топырақтар ұнтақталып, бөлініп шығады. Каскадты элеваторда картоп қазғыштың
бүкіл ені бойынша сызылған бір полотносы бар. Оның құрылысы негізгі
элеватор полотносының құрылысына ұқсас болып келеді.
Каскадты элеватордың жоғарғы тармағының астыңғы жағына негізгі
элеватордың жұлдызша-сіліккішінің өлшеміне қарағанда шағындау келген, ені
ұстағыш және екі сіліккіш жұлдызша орнатылған. Каскадты элеватордың жетекші
және каскадты элеватордың жұмыс қалпындағы еңкіштік бұрышы 20-220-қа тең
болады. Ал олардың полотноларының сызықтық қозғалыс жылдамдығы 2,1 мс.
Вибрациялық тор картоп түйнектерінен негізгі және каскадты
элеваторларда бөлініп, шықпай қалған қоспаларды қосымша бөліп шығаруға
арналған. Бұл тор планкаға пісірілген диаметрі 10мм ұзындығы 580мм болат
шыбықтардан түрады. Елеуіш горизонтқа 300 бұрышпен орналасып, қазғыштың
бүйіріне топсалы бекітіледі. Ол каскадты элеватордың жетекші білігінің
екі жағына отырғызылған эксцентриктің рычагы арқылытербелмелі қозғалысқа
келеді. Беріліс механизмі кардан білігінен беріліс қорабынан және адымы
25,4мм-лік втулкалы-роликті екі шынжырдан тұрады. Беріліс қорабының 15
тісті жетекші және 26 тісті жетектегі конусты екі шестернясы болады.
Айналыс беріліс қорабынан шынжыр арқылы негізгі элеватордың жетекші
білігіне, ал одан сол шынжыр арқылы каскадты элеваторға беріледі. Сондай-ақ
қозғалыс каскадты элеватордан екі эксцентрик және қозғалыс рычағты арқылы
вибрациялық торға беріледі.
Трактордың аспалы жүйесінің жоғарғы тартқышын пайдалана отырып,
түйнектер тегіс көмілетіндей тереңдік жасайды, бірақ топырақтың түйнекті
көп басып қалмау жағы да қарастырылады. Егер қолайсыз жағдай болып, топырақ
еленбей, түйнектер көміліп қалса, онда трактордың жылдамдығы төмендетіледі.
Егер топырақ негізгі элеваторда еленсе, онда трактордың жүріс жылдамдығы
жоғаралатылады.
КСТ-1,4 картоп қазғышы (11- сурет) жартылай аспалы екі қатарлы, оны КТН-
25 картоп қазғышы сияқты мақсатқа пайдаланады. Ол барлық топырақта, соның
ішінде сазды және топырақты жерлерде жұмыс істеуге арналған, сондай-ақ оны
ылғалды шымтезекті топырақта да пайдаланады. МТЗ тракторының барлық
өзгертілген түрімен агрегатталады, жұмыс жылдамдығы 1,93-8,3 кмсағ, ал
тасымал жылдамдығы 26 кмсағ-қа дейін жетеді. 1 сағат ішіндегі таза жұмыс
өнімділігі 0,91га.
Картоп қазғыш екі активті түреннен (6), жылдамдық элеваторынан (7),
негізгі элеватордан (2), каскадты элеватордан (1), тарылтқыш қалқаншалардан
(1)тұрады. Оның жұмыс органдары трактордың қуат плу білігінен қозғалыс
алады. Түрендердің тереңдік жүрісі бағдарлауыш доңғалақтың (5) винті
механизммен реттеледі де доңғалақ шарикті подшипникке айналады.
Машина рамасындағы түрендер остердегі резеңке втулкада тербелетін
кронштейндерге және аспаларға топсалы жалғастырылған. Олар түрендер жетегі
білігінің эксцентриктерінен шатындар арқылы тербелмелі қозғалысқа
келтіріледі.
11- сурет. КСТ-1,4 картоп қазғышы: а-жалпы көрінісі, б-құрылысы: 1-
каскадтық элеватор, 2- негізгі элеватор, 3- редуктор, 4- кардандық беріліс,
5- бағдарлауыш доңғалақ, 6- түрен, 7- жылдам жүретін элеватор, 8- жүріс
доңғалағы, 9- тартқыш қалқандар.
Біліктегі эксцентриктер бір-біріне 1800 бұрыш жасап орналасқан, мұның
өзі түрендердің қарсы бағыттардағы тербелмелі қозғалысын қамтамасыз етеді.
Тербеліс амплитудасы – 14мм. Білік жылдамдық элеваторының жетекші
білігінен шынжырлы беріліс арқылы қозғалысқа келеді. Жылдамдық элеватордың
тербеліс жиілігі арқылы қозғалысқа келеді. Жылдамдық элеваторының тербеліс
жиілігі мен жылдамдығын редуктордың (3) сол жақ білігіндегі жұлдызшаны
алмастыру арқылы реттеуге болады. Түрендердің 1 минут ішіндегі тербеліс
саны 500,
565 және 627. Сонда жылдамдық элеваторының қозғалыс жылдамдығы
2,03,2,28 және 2,54 мс өзгертеді. Түрендерінің бүйіріне рамаға
қозғалмайтын қапталдар орнатылған. Күш көп түсетін түренді күш аз түсетін
қапталдармен байланыстыру топырақтың үйілуін және өсімдік қалдықтары мен
пәлектің ілінуін болдырмайды. Активті түрендер топырақ қабатын жақсы жыртып
КТН-2Б сияқты пассивті картоп қазғыштардағы түрендерге қарағанда тілу
кедергісін азайтады. Шапшаң элеватор топырақ қабатын түреннен қабылдап алып
оны ұсақтайды да, топырақты елейді, содан кейін қалған массаны негзгі
элеваторға жібереді. Негізгі элеватор екі жылғалы шыбықты полотнодан,
жұлдызшаны ұстап тұратын бағыттауыш роликтерден және жетек жұлдыызшалары
бар жетекші біліктен тұрады. Полотноның шыбықтары қарсы бағытта кезектесіп
иілген. Полотно шынжырының адымы – 41,3мм. Негізгі элеватор топырақ
кесектерін одан әрі ұсата отырып, топырақты елеп, қалған массаны каскадты
элеваторға береді, ал бұл элеватор бір жылғалы полотнодан, жетекші және
жетектегі біліктерден және эллипстік жұлдызша – сіліккіштен тұрады. Осы
жұлдызшалардың ықпалымен полотноның жоғарғы тармағы сілкіленіп – қағылады
да соның нәтижесінде топырақ дұрыс еленіп картоп түйнектерді пәлегінен
бөлініп шығады. Полотноның қозғалыс жылдамдығын негізгі элеватордың жетекші
білігіндегі жетек жұлдызшаны 1,93 және 1,68 мс аралығында алмастыру арқылы
реттейді.
Каскадты элеватор топырақты ажыратып, картоп түйнектері мен қалған
қосындыларды топырақтың бетіне іріктеп шығарады. Каскадты элеватордың ұшына
тарақ тәрізді қалқандар орнатылған, олардың көмегімен масса элеватордан
шығатын жерде 60-90см-ге дейін жіңішкереді. Бұл элеватор да негізгі
элеватор сияқты жасалған оның шыбықтары резеңкеленген. Полотноның жоғарғы
тармағының астына элипстік жұлдызша – сіліккіштер орнатылған. Картоп
қазғыыш жеңіл топырақта жұмыс істегенде сіліккіштер цилиндрлік
жұлдызшалармен алмастырылады. Каскадты элеватор негізгі элеватордың жекетші
білігі арқылы қозғалысқа келтіріледі. Негізгі элеватор полотносының
қозғалыс жылдамдығы өзгергенде каскадты элеватор полотносының жылдамдығы да
өзгереді.
Картоп қазғыштың жүріс доңғалақтары пневматикалы болып (өлшемі 6,5х16),
машина рамасының кронштейндеріне қатаң бекітілген жартылай остегі конус
тәрізді подшипникте айналып тұрады.
КСТ-1,4 картоп қазғышын, егер қатараралықтары сәйкес келсе, қант
қызылшасын, сәбіз және кейбір тамыр түйнекті өсімдіктерді жинауға
пайдалануға болады. Картоп қазғыштың барлық жұмыс органдар комплексін қосып
есептегенде салмағы 1320 кг болады.
УКВ-2 картоп қазғыш-дестелегіші (12-сурет) қатараралықтары 70 см-лік
екі қатардағы картопты қазуға, түйнектерді бір қатарға сала отырып, топырақ
пен пәлекті картоп түйнектерінен бөлуге арналған. Қазылған картопты картоп
жинайтын комбайнмен жинап алады. Пәлек түйнектен ажыратылып, бөлек
жиналады.
12-сурет. УКВ-2 кароп қазғыш-жал салғыштың технологиялық схемасы: а-
жұмыс, б- түйнектерді жалғап жинау , в,г, түйнектерді бір жағына жинау; 1-
тіреуіш доңғалағы, 2- автивті қаптал, 3- түрен, 4- негізгі элеватор, 5-
еріксіз сілку механизмі, 6- кесек ұсақтағыш, 7- бірінші торлы елек, 8-
екінші торлы елек, 9- арна жасауыш, 10- пәлек ажыратқыш арқандар, 11-
көлденең конвейер, 12- пәлек ажыратқыш, 13- қалқанша.
Картоп қазғыш тіреуіш доңғалақтан (1), активті қапталдары бар (2)
түреннен (3), негізгі элеватордан (4), кесек уатқыштан (6), бірінші торлы
үлкен електен (7), пәлек бөлгіш арқандары бар (10) екінші торлы үлкен
електен (8), пәлек ажыратқыштан (12), көлденең конвейерден (11), арна
жасағыштан (9), беріліс және гидравликалық механизмдерден тұрады.
Ол МТЗ-80 тракторларымен агрегатталады. Оның жұмыс органдары қозғалысты
трактордың қуат алу білігінен алады. Алымының ені 1,4 м, түйнек қазу
тереңдігі 25 см, жұмыс жылдамдығы 5,6 кмсағ,1 сағаттағы таза жұмыс
өнімділігі 0,4 га.
Агрегат жүріп келе жатқанда механизм арқылы тілінген жер қабаты негізгі
элеваторға келіп түседі. Осы жерде қабат бұзылады да, топырақ пен
өсімдіктер ішінара бөлінеді. Қалғандары элеватордан кесек уатқышқа
бағытталады. Олар баллондардың арасынан өткенде топырақ кесектері ұсатылады
да, түйнектер пәлектен шамалап бөлініп шығады. Бірінші және екінші үлкен
електердің торында олар одан бетер бөлінеді.Екінші үлкен електің пәлек
бөлгіш арқанында ол екіге бөлінеді: түйнектер мен қоспалар арқандардың
арасына түсіп, пәлекті пәлек бөлгіштің (12) полотналары қармап алады.
Түйнектерді бөлектеп жинау тәсілімен қатарлап салғанда түйнектер арна
жасаушы дайындаған арнаға жиналады. Мұндай жағдайда агрегат шөлмек
тәсілімен жұмыс істейді. Бір жүріп өткенде көлденең конвейер артқы қалыпқа
көшіріледі. Арна жасаушы төмен түсіріледі. Пәлек көлденең конвейерге келіп
түседі де, агрегаттың жүрісі бағытында сол жаққа шығарылыр, ал түйнектер
қазғыштың арғы жағындағы дайындалған арнаға тегістеп салынады. Ал, агрегат
екінші рет жүріп жүріп өткенде көлденең конвейер алдыңғы қалыпқа қойылады
да арна жасауыш тасымал қалпына көтеріледі. Түйнектер көлденең конвейерге
келіп, алдыңғы жүрісте түзілген жал үстіне түседі де, пәлек қазғыштың
артынан түсіп қалады.
Түрен КТН-2Б картоп қазғышы сияқты қайырмаға клапаны бар, екі секциялы,
жазық. Түреннің жан-жағына активті амплитудасы 12 см тербелмелі қозғалысты
қапталдар орнвтылған. Түрен жүрісінің тереңдігін, негізгі элеватор
рамасының алдыңғы жағын негізгі рамамен жалғастыратын реттеуіш
тартқыштардың көмегімен қолдан реттейді.
Негізгі элеватор бір секкциялы, шыбықты болып келеді. Полотноның
жоғарғы тармағының астыңғы жағына амплитуда тербелісін 0-ден 50мм-ге дейін
реттей отырып еріксіз сілку механизмі орнатылған.
Кесек уатқыш диаметрі 320 мм қысымы 0,1-0,2кгссм2 (0,01-0,02МПа)
екіпневматикалық баллоннан тұрады. Баллондар арасындағы саңлауды жоғарғы
баллон подшипниктері корпустарын раманың бойымен жылжытып ауыстыру арқылы
реттейді.
Елек торының құрылысы КВН-2М картоп қазғышындағы електің құрылысы
сияқты. Бірінші тордағы арқандар аралығының адымы 36мм, ал екіншіден 32мм.
Әрбір елек рамаға төрт аспамен ілінген. Қозғалысқа келтіру эксцентрикті
біліктен шатун арқылы жүзеге асырылады, тербеліс амрлитудасы 26 мм.
Тербеліс саны вариантпен минутына 450-600 мөлшерінде реттеледі.
Екінші електің пәлек бөлгіш арқанының адымы 160мм. Арқаның ұшында
түйнектердің зақымдануын болдырмайтын резеңкелі ұштықтар жасалған.
Пәлек ажыратқыш бір-біріне қарсы айналып тұратын резеңкеленген екі
конвейерден тұрады. Жоғарғы конвейердің төменгі білігі серіппеленген, ол
конвейердің қысу күшін реттеуге мүмкіндік береді.
Көлденең конвейер резеңкеленгенполотнодан дайындалған. Түйнектердің
топыраққа түскендегі домалауын азайту үшін онда реттеуіш қалқан (13) бар.
Конвейер тракторды гидравликалық жүйесімен байланысқан алға немесе артқа
қарай гидравликалық цилиндрлермен жылжытылады.
Жұмысты ұйымдастыру. Картопты механикаландырып жинау үшін ұзын
танаптары бар учаскелерге бөлген үнемді болады. Егер картоп қазғыш пәлек
ұстағышпен жабдықталмаса, онда тарамданған пәлекті картопжинағанға дейін 1-
2 күн бұрын жинау керек.
Картоп жинаудың тасқынды тәсілін жасау үшін әрбір картоп қазғышқа бір-
бірінен қашықтықтарын бірдей етіп танап бойына 40-50 картоп жинауыш қою
керек. Әрбір жинауыштың 4-5 –тен кәрзеңкесі немесе басқа ыдысы болуы тиіс.
Кәрзеңкеге жиналған картопты дереу, тоқтатпай сақталатын жеріне жеткізу
керек. Картопты осындай тәсілмен жинау жеке еңбек ақы төлеу тәртібін
енгізуге және жиналған өнімді дәл, уақытында есептеуге мүмкіндік береді.
Картопты жинағанда екі қатардан тастап жинаған жөн,өйткені картопты
жаппай жинағанда түйнектердің біршамасы доңғалақтың астына түсіп мыжылуы
мүмкін. Сонда бұрылу жолының кеңдігі 10-12м болуы тиіс. Егер ондай жағдай
болмаса, онда әрбір 12-14 қатар сайын жлд жасап, картопты загондық тәсілмен
домалату керек. Мұндай жағдайда бос айналым ілмексіз болады, да бұрылуға 5-
6м кеңдік жетеді.
Картоп қазуды алғаш бастағанда түреннің тереңдігін реттеу керек, яғни
оның тереңдігі картоп түйнегі ұясынан біршама төмен болуы тиіс.
Трактордың қуат алу білігін картоп қазғышты тасымал қалпынан жұмыс
қалпына келтіргенде түрен топыраққа тереңдеп енгенше қосады, ал түрен толық
жоғары көтеріліп картоп қазғыштан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz