Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі заман талабы


Қазақстанның латын әліпбиіне көшуі заман талабы
11 Ақп 2013
Пікірлер: 0
Бүгінгі таңда қазақ қоғамында латын алфавитіне өту мәселесі қызу талқыланып жатыр. Өте дұрыс, мұндай маңызды да өзекті мәселе әрине осылайша қоғамның түрлі қатпарлары тарапынан оңды солды талқылануға тиіс. Осының нәтижесінде қазақ елі ұтымды бір шешімге келері сөзсіз.
Осы орайда пікір айтқан азаматтардың көпшілігі Қазақстанның кириллицадан латынға көшуінің қажеттілігіне баса көрсетіп жатыр. Аз ғана адам осы кириллицада айнымай қалу жайында уәж айтуда. Олардың бұл үшін айтар бір ғана себебі бар: ол, латын әріптеріне өткен жағдайда, соған дейін кириллицада жазылған кітаптар, мақалалар, журналдар не болады; Келер ұрпақ осылардағы бай рухани мәдени мұрадан көз жазып қалады деген алаңдаушылық.
Біздің ойымызша, мұндай алаңдаушылық орынсыз. Келер ұрпақ ешқашан кириллицамен жазылған дүниелерден көз жазып қалмайды. Себебі, Қазақстанда орыс тілі әрқашан екінші тіл орнында жүреді. Мұндай тәжрибе басқа елдерде баршылық. Мәселен Алжир елі, кезінде француздардың отары болған ел. Отарлық кезеңде халыққа жаппай француз тілі үйретілген еді. Ол 1962 жылы отарлықтан құтылып тәуелсіздігін жариялады. Содан бері өткен 51 жылда, француз тілі ұмытылған жоқ. Қайта әлі де болса француз тілі мектептерде үйретілуде. Өйткені француз тілі әлемнің алда келген мәдени тілдердің бірі. Сол тіл арқылы француз мәдениетінің жетістіктерінен Алжир халқы пайдалып отыр. Сондықтан бүгінгі таңда Алжирдің халқы арап және француз тілдерінде бірдей еркін сөйлеуде. Мұны өткен желтоқсан айында Парижде кездескен бір француз оқымыстысынан сұрап үйрендім. Алжир халқында бізді қызықтырған, оларда француз тілін білетін, бірақ ана тілі, арапшаны білмейтін бір де бір Алжирліктің жоқ екені. Барлығы екі тілді толық меңгерген. Құдай тағала бізге де осындай бақытты жазса екен.
Сол секілді орыс тілі де әлемнің алда келген мәдени тілдерінен бірі. Қазақ халқының бұл тілді ешқашан ұмытпауы керек. Тіпті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үш тұғырлы тіл саясатында нақты ортаға салынғандай, қазақ, орыс тілдеріне қоса ағылшын тілін де халқымыз толық меңгеруге тиіс.
Ал орыс тілін білген қазақтардың орыс тілінің төл әліпбиі кириллицамен жазылған қазақша кітаптарды қиналмай оқый беретіні анық. Сондықтан латынға өтсек, ұрпақтарымыз кириллицадағы рухани қазналарды қалай оқиды деп алаңдауға негіз жоқ. Тіпті латынға өткеннен кейін бұрын кириллицамен жазылған еңбектерді латынға көшіруге де қажет жоқ. Оларды қазақ және орыс тілдерін білген кез келген адам еркін оқи береді.
Ал латынға көшу не үшін қазаққа қажет деген сұраққа келер болсақ;
Біріншіден, қазақ халқы славян текті халық емес, олай болса, славян текті халықтар ғана қолданатын әліпбиді қолдану ынғайсыз. Сондықтан тәуелсіз Қазақелі Кеңес Одағы кезінде қазақ халқының ықтыярынсыз таңылған бөгде халықтың әліпбинен арылатын кезі келді.
Бүгінгі таңда кириллица әріптерін әлемде он екі ел қолданады: Олардың сегізі славян текті халықтар. Атап айтқанда Белоруссия, Босния, Болгария, Македония, Черногория, Россия, Сербия және Украина. Славян текті болмаған төрт ел де осы әріптерді қолданады. Олар Казақстаннан басқа, Кырғызстан, Монголия жәнеТәжікстан. Ал осы төртеудің ішінде Монголия мен Тәжікстан сол кириллицаға қоса өздерінің төл әріптері монғол және арап жазуларын да бірге пайдалануда. Сонда әлемде алфавит мәселесінде кириллицаға кіріптар болып отырған екі-ақ ел болып отыр. Олар Қазақстан мен Қырғызстан.
Қазақтар мен қырғыздар түркі-мұсылман халықтар тобына жатады. Сондықтан олар, бұрын яғни Кенес Одағына бодан болмастан алдын, түркі-мұсылман халықтар қолданған арап әліпбиін ұстанатын. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін, оның құрамындағы түркі-мұсылман халықтардан Әзірбайжан, Өзбекстан мен Түркіменстан тәуелсіздік алғаннан уақыт өткізбестен славян халықтарына тән әліпбиден бас тартып бүгінгі таңда түркі-мұсылман халықтар қолданып отырған латын әліпбиіне көшті. Міне сондықтан Қазақстаннын да латынға көшетін уақты келді.
Бірақ Қазақстанның кириллицаны тастап латынға көшуі көршісі Ресеймен достық байланыстарынан бас тартуы мағнасына келмеуге тиіс. Өйткені ол Қазақстанның ішкі ұлттық мәдени мәселесі. Ол мәселенің көрші елдермен қатнастарға қатысы жоқ. Ресей Қазақстанның көршісі, екі елдің достық негіздегі байланыстары екі елдің пайдасына екені анық. Сондықтан Қазақстанның латын әліпбиіне өтуі Ресеймен достық байланыстарды жалғастыруға кедергі емес.
Екіншіден қазақ халқы латынға көшу арқылы бүгінгі үстем мәдениеттердің кіші мәдениеттерді аждаһадай жұтып жатқан жаһандану дәуірінде өзінің ұлттық мәдениетін, тілін сақтауға септігін тигізеді. Өйткені қазақтар латынға көшу арқылы өзіне туысқан әзірбайжан, өзбек, түрік, түркімен сыяқты елдермен бір әліпби жүйесіне өткен болады. Сөйтіп туысқан елдер бірбіріне селбесіп жаһандану дәуірінің мәдени қауіп қатерлеріне қарсы бірге табан тірей алады.
Үшіншіден латын әріптері бүгінгі таңда технология мен компютерге ең ынғайлы әріп жүйесі. Бұдан да ұтарымыз көп.
Латынға көшу шешімі алынған жағдайда байқайтың маңызды мәселе қай жүйеде көшу мәселесі. Мұнда жалпы айтқанда үш жүйе айтылуда:
Біреулер ағылшын тіліндегі нұсқасына сол күйінде өтейік, екінші біреулер түрік тілінің толықтырылған нұсқасын алайық, ал үшінші біреулер болса, латында қазақ тілінде жоқ дыбыстарға жаңа таңба табайық немесе сол дыбыстарды қос әріптермен бейнелейік дейді.
Бұларды туралы өз ойымда айтар болсам, ағылшын тіліндегі нұсқа қазаққа мүлде келмейді. Жаңа әріп немесе қос әріп пайдаланудан қазақ халпы не ұтады? Сондықтан Түркияның 90 жылға таяу уақыттан бері қолданып келе жатқан жүйесінің ғалымдар тарапынан толықтырылған 34 әріптік жүйесін пайдаланған дұрыс.
Һәм бұл әріптерді бүкіл Түркі дүниесі пайдаланатын болса, сонда 200 миллионнан астам түркі дүниесі арасында түсіністік те, ынтымақтастық та нығаяр еді. Сөйтіп қазақ халқы бір оқпен екі қоян атып әрі бүгінгі заманауі ең үздік әліпби жүйесіне өткен болады, әрі туысқан халықтармен ынтымақтастығы күшейе түседі. Бөлінгенді бөрі жейді деген қағида әсіресе бүгінгі жаһандану дәуірінде ескеретін қағида болып отыр.
Латын әріптеріне көшкен уақытта оны іске асуында көп қиыншылық болады деуге негіз жоқ. Өйткені бүгінгі таңда әсіресе жастар ағылшын тілін де білгендіктін
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz