Аманкелді кенорнын газбен өндіру



КІРІСПЕ ... ... ... .5
1КЕН ОРЫННЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫЖ.ФИЗИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... 6
1.1 Амангелді кен орны туралы жалпы мағлұмат ... .6
1.2 Кен орынның геологиялық құрылымы ... ... ... ..8
1.2.1 Стратиграфиясы ... ...8
1.2.2 Тектоникасы ... .8
1.3 Кен орынның газдылығы ... ... 9
1.4 Газ бен конденсаттың қасиеті мен құрамы ... ... 14
1.5 Еркін газ бен конденсат қорының күйі ... ... ...18
2ТӘЖІРИБЕЛІ.ӨНЕРКӘСІПТІК ПАЙДАЛАНУДЫҢ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ... ... ... .19
2.1Ұңғы мен қабаттан сынама алу нәтижелерін сараптау, олардың өнімділігі мен режимінің сипаттамасы ... ... .19
2.2 Қабаттың есептік моделін, өндірудің технологиялық көрсеткіштерін есептеуде қабылданған геологиялық.физикалық сипаттамаларды негіздеу ... ... ... ...22
2.3 Кәсіпшілік пайдаланудың негізгі технологиялық көрсеткіштерінің сипаттамасы ... ... ... ..24
3 ГАЗ ӨНДІРУДІҢ ТЕХНИКАСЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ТАЛДАУ ... ... ... 25
3.1 Ұңғымаларды пайдалануға талдау ... ... ... ... ... .25
3.2 Сағалық жабдықтар ...26
3.3 Жерасты жабдықтары ... .26
3.4 Пайдалану объектілерін айқындау және өндірудің есептеу нұсқаларын таңдаудың негіздемесі ... ... ... ..26
3.5 Газ және газконденсат өндіруді қарқындату ... ... ... 28
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... .29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ..30
Қазақстан Республикасы экономикасының дамуында мұнай және газ өнеркәсібінің үлесі өте зор, қазірдің өзінде республика бюджетінің 30 %-і осы мұнайгаз өнеркәсібінен түскен кірістерден құралады.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жоспарында жаңа мұнай және газ кен орындарын пайдалануды жеделдету қамтылуда. Олардың қатарына Амангелді кен орны да жатады.
Амангелді кен орны 1975 жылы ашылған, 1981 жылы табиғи газ қоры анықталды.Кен орынды игеру 2003 жылы басталды, 2007 жылға жоспар бойынша өндірілетін табиғи газ көлемі – 336,768 млн.тек.м, газды конденсат көлемі - 8983,6 тонна.
Бұл Амангелді газконденсатты кен орны бойынша есеп беру кен орынның қазіргі жағдайы, болашақтағы жоспарлары және өндіру технологиясы бойынша мұнай өнеркәсібінде жұмыс істейтін және де студенттер үшін бағалы материал болып табылады.
1.Авторский надзор за реализацией проекта опытно-промышленной эксплуатации месторождения Амангельды,2005 г.
2.Нұрбекова.К.С.,Газ және газконденсатты кен орындарын игеру мен пайдалану,Алматы,2006 ж.
3. Бренц А.Д., Тищенко В.Б. и др. "Организация планирования и управление предприятиями нефтяной промышленности". Москва, Недра 1975г.
4. Панов Г.Е. "Охрана труда при разработке нефтяных и газовых месторождений" Москва, Недра 1982 г.
5.Единые правила разработки нефтяных и газовых месторождений Республики Казахстан,утвержденные постановлнием правительства РК от 18.06.1996 г.№745.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ИНСТИТУТЫ

Мұнай газ факультеті
Мұнай және газ ісі кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: Аманкелді кенорнын газбен өндіру

Орындаған:Мгі 13-1 қб студенті Аменова А.
Тексерген: аға оқытушы Балабаева Ұ.

Атырау-2016 ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ИНСТИТУТЫ

Мұнай газ факультеті
Мұнай және газ ісі кафедрасы
Бекітемін
Кафедра меңгерушісі ͟ ͟͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟͟͟ ͟͟ ͟ ͟ ͟ ͟͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟͟ ͟
(қолы)
к.т.н., доцент Шугаепов Н.А.
͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟͟ ͟͟͟ ͟ ͟ 2016 ж.
Мұнай кен орындарын игеру пәнінен
Курстық жоба
Студент: Аменова Ақтолқын
Мамандығы: 5В070800
Тобы: МГІ 13-1 қб
Тақырыбы: Аманкелді кенорнын газбен өндіру
№͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ кафедра отырысында бекітілді ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ 20 ͟ ͟ ж. бастап
Жобаны (жұмысты) тапсыру уақыты ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ 20 ͟ ͟ ж. дейін
Жобаны қорғау (жұмысты) ͟ ͟ ͟ бастап ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ 20 ͟ ͟ ж. дейін

Жобаның (жұмыстың) бастапқы деректері
1. Кіріспе
2. Теориялық бөлім
3. Есептеу бөлімі
4. Қорытынды

Сызбалық материалдар тізімі
(кестелер, диаграммалар, сызбалар және т.б.)

Тапсырманың бері күні: ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ 20 ͟ ͟ ж.
Жобаның жетекшісі: ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟
Тапсырманы орындауға алдым: ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ 20 ͟ ͟ ж.
Студент: ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟ ͟

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ИНСТИТУТЫ

Мұнай газ факультеті
Мұнай және газ ісі кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖОБА

Аманкелді кенорнын газбен өндіру
(тақырыбы)

Мамандық коды және атауы: 5В070800 Мұнай-газ ісі
Топ МГІ 13-1қб

Орындаған: Аменова А.
Жетекші: аға оқытушы Балабаева Ұ.

Атырау-2016 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1КЕН ОРЫННЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫЖ-ФИЗИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.1 Амангелді кен орны туралы жалпы мағлұмат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2 Кен орынның геологиялық құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2.1 Стратиграфиясы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2.2 Тектоникасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3 Кен орынның газдылығы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
1.4 Газ бен конденсаттың қасиеті мен құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 14
1.5 Еркін газ бен конденсат қорының күйі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2ТӘЖІРИБЕЛІ-ӨНЕРКӘСІПТІК ПАЙДАЛАНУДЫҢ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.1Ұңғы мен қабаттан сынама алу нәтижелерін сараптау, олардың өнімділігі мен режимінің сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
2.2 Қабаттың есептік моделін, өндірудің технологиялық көрсеткіштерін есептеуде қабылданған геологиялық-физикалық сипаттамаларды негіздеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.3 Кәсіпшілік пайдаланудың негізгі технологиялық көрсеткіштерінің сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
3 ГАЗ ӨНДІРУДІҢ ТЕХНИКАСЫ МЕН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
3.1 Ұңғымаларды пайдалануға талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...25
3.2 Сағалық жабдықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
3.3 Жерасты жабдықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
3.4 Пайдалану объектілерін айқындау және өндірудің есептеу нұсқаларын таңдаудың негіздемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
3.5 Газ және газконденсат өндіруді қарқындату ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 28
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30

Кіріспе
Қазақстан Республикасы экономикасының дамуында мұнай және газ өнеркәсібінің үлесі өте зор, қазірдің өзінде республика бюджетінің 30 %-і осы мұнайгаз өнеркәсібінен түскен кірістерден құралады.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жоспарында жаңа мұнай және газ кен орындарын пайдалануды жеделдету қамтылуда. Олардың қатарына Амангелді кен орны да жатады.
Амангелді кен орны 1975 жылы ашылған, 1981 жылы табиғи газ қоры анықталды.Кен орынды игеру 2003 жылы басталды, 2007 жылға жоспар бойынша өндірілетін табиғи газ көлемі - 336,768 млн.тек.м, газды конденсат көлемі - 8983,6 тонна.
Бұл Амангелді газконденсатты кен орны бойынша есеп беру кен орынның қазіргі жағдайы, болашақтағы жоспарлары және өндіру технологиясы бойынша мұнай өнеркәсібінде жұмыс істейтін және де студенттер үшін бағалы материал болып табылады.


1 КЕН ОРЫННЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫЖ-ФИЗИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Амангелді кен орны туралы жалпы мағлұмат
Амангелді кен орны Қазақстан Республикасының Жамбыл обылысы, Мойынқұм ауданында Тараз қаласынан солтүстікте 190км қашықтықта орналасқан. Географиялық тұрғыдан кен орын Шу мен Талас өзендері аралығын жайлаған және оңтүстік-батысында Үлкен Қаратаудың тармағы саналатын Кіші Қаратау таулы жазықтарымен шектесетін Мойынқұм құмының оңтүстік-батысында орналасқан. Орфографиялық жағынан қарағанда, аудан Мойынқұмның төмпешікті құмдарынан тұрады. Аталмыш құм төмпешіктері салыстырмалы түрде солтүстік-батыс бағытқа қарай 20м дейін көтерілген. Құм шегаралары оңтүстік және оңтүстік-шығысқа қарай сиректенеді. Осы шегара бойымен Талас өзені ағып өтеді. Өзен жағасында мал өсіруге арналған қыстаулар мен кең алқапты жайлаулар орын тепкен. Амангелді ауданында халық айтарлықтай сирек орналасқан. Ең жақын елді мекен - Ойық ауылы, ол Талас өзенінен оңтүстікке қарай 70 км қашықтықта орналасқан. Халықтың негізгі кәсібі - мал өсіру, соның ішінде ерекшесі қаракөл қойлары. Ауданда отын базасы жоқ. Жергілікті халық пен өндіріс орындары отын ретінде сырттан алып келетін көмір мен жергілікті сексеуілді қолданады. Кен орынның барлық ауданын сумен қамтамасыз етудің көзі құдықтар мен артезиан ұңғылары. Олардың деңгейі сағадан 10-20м тереңдікте орналасқан. Палеогеннің сулы горизонттары шамамен 60-220м тереңдікте орналасқан. Судың минералдылығы аса жоғары емес, ол сынама алулар көрсеткендей, шамамен 3-5гл мөлшерінен аспайды.
Амангелді ауданы арқылы оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай жоғары вольтті электр желісі елді мекендердің барлығын қамти (ЛЭП-110 кВ) өтеді. Аудан климаты шұғыл континентті, жазы ыстық, әрі құрғақ (+40о С дейін). Ал қысы суық, әрі қары аз (-30о С дейін). Жылыту мезгілінің ұзақтығы 178 тәулік (15 қазаннан 15 сәуірге дейін). Желдің басым бағыты-солтүстік-шығысқа қарай. Өндіріс алаңы ҚР мен ТМД-ның елді мекендері және қалаларымен автокөлік жолдары көмегімен байланысқан. Автокөлік жолдары обылыс орталығы Тараз қаласы және Ақкөл, Ойық, Ұланбел елді мекендерімен байланыстырса, Алматы-Шымкент темір жолы мен авиация көліктері басқа қалалармен байланыстырады.

ЖҰМЫС АУДАНЫНЫҢ ШОЛУ КАРТАСЫ
Масштаб 1 : 1500000
Мойынкұм құмдары
Созақ
Шолақ-Қорған
Уланбел
Шу Шу ШШШу
Анабай
Жаркұм
Айрақты
Амангелді
Ойық
Кеңес
Талас
Сол. Үшарал
Бат. Үшарал
Арал
Кентау
Ашысай
Карьерная
Жанатас
Аксай
Байжансай
Байқадам
Ашы-Көл көлі
Ак-Көл көлі
Ақ-Көл
Каратау
Билі-Көл көлі
Тараз
Михайловка
Б. Момышұлы
Түлкібас
Т Рыскулов
Ақсу
Темірлан
Арыс
Шымкент
Тогыз
Ленгер
Первомаевка

1.2 Кен орынның геологиялық құрылымы
1.2.1 Стратиграфиясы
Амангелді құрылымының шектерінде жоғары девон, карбон, пермнің түзілімдері айқындалған, олар бұрыштық үйлесімсіздік жасай отырып, мезо-кайнозойдың қалыңдығы 400м жететін тау жыныстарымен жабылған.
Девон түзілімдері тек 1 ұңғы төңірегінде жасырынған, онда қалыңдығы 160м жететін төменгі-орта девон жыныстары конгломерат және нығыздалған аргиллиттерден түрады. Жоғарғы девон жыныстары құмтастан және қалыңдығы 220м жететін аргиллит пен конгломераттың жұқа қатшасынан тұратын гравилиттен түзілген.
Төменгі карбонның турней жікқабат түзілімдері құмтас пен аргиллиттердің қабаттануынан тұрады. Визей жікқабаты литологиялық жағынан төменгі және орта-жоғары болып бөлінеді. Төменгі визей жікқабатында газоконденсатты шоғыр ұштасқан, оның төменгі бөлігі көмір қатшаларынан аргиллит пен сазды құмтастардан тұрса (аргиллиттер газоконденсатты шоғырдың төменгі бөлігінен газды өткізбейтін қасиетке ие), ал жоғары бөлігі- әктас қатшалары бар қабатталған аргиллит пен құмтастан тұрады. Оның қалыңдығы 80м дейін жетеді. Орта-жоғарғы жікқабат негізінен әктастан, доломиттен, аргиллит және алевролит қатшаларынан түзілген мергельдерден тұрады. Оның қалыңдығы 240м ден 320м дейін өзгеріп отырады. Серпуховский жікқабаты әктастан, доломиттен, ал жоғары бөлігі әктас қатшалары бар аргидриттенген аргиллиттерден түзілген. Төменгі карбонның қалыңдығы 800м дейін.
Карбонның орта және жоғары түзілімдері шұбар аргиллиттер мен құмтас қабатшалары бар алевролит негіздерінде кездеседі. Олардың қалыңдығы 700м асады.
1.2.2 Тектоникасы
Перм түзілімдері тұз үсті, тұзды, тұз асты болып жіктеледі. Тұз үсті негізінен аргиллиттен, жоғары бөлігі құмтас, аргиллит және алевролиттің қабаттасуынан тұрады. Оның қалыңдығы 270м ден 410м дейін өзгереді. Тұзды қабат қызыл түсті сульфатталған терригенді қалыңдығы 500м жететін галит қабаттарынан тұратын жыныстардан түзілген. Жоғары пермнің тұз үсті қабатының негізі құмтас, ал қалған бөлігі-құмтас жолақтары бар сазды алевролиттен тұрады. Түзілімдердің қалыңдығы 170м ден 450м дейін өзгеріп отырады.
Мезо-кайнозойлы түзілімдер құм, саз және алевролит қабаттарынан тұрады. Қалыңдығы құрылым шектерінде 178м ден қанаттарында 450м дейін өзгереді.
Амангелді кен орны Шу-Сарысу депрессиясының Мойынқұм ойпаңының Миштин майысуының шығысындағы аттас құрылымға ұштастырылған.
Амангелдінің құрлымы солтүстік-шығыс созылымды брахиантиклинальді жарылымдарынан тұрады. Құрылымды оңтүстік-шығыста шектейтін жарылым, сейсмобарлауда тірек горизонттарын жоғалтқан корриляция түзілімдерінің зонасы болып табылады. Аталмыш мәліметтер Амангелді құрылымынан тысқары бұрғыланған 10 және 14 ұңғыларда анықталды. 3 ұңғының қимасын 11 мен 18 ұңғымен салыстырғанда, олар бір-біріне жақсы корреляцияланады және қабат-коллектордың шектерінің абсолют нүктесі 18 ұңғымен салыстырғанда (-1787 м) -53 м (-1840,2м) төменде орналасқан. Басқаша айтқанда оның орналасуы көрші орналасқан ұңғылармен сәйкес келеді. Сынама алу барысында белгілі болғандай, аталған ұңғыларда әлсіз газ ағымы байқалған. Бұл жағдай 3-ші ұңғыдағы жабық қабаттардың төменгі визейлі өнімді горизонттарға жатуына қарама-қарсы келеді. Тұйық изогипс бойынша құрылымның өлшемі минус 1960м және ол 14.2 х 6.4км құрайды. Амплитудасы 260м.
1.3 Кен орынның газдылығы
Төменгі визей өнімді горизонтындағы газ бен конденсаттың геологиялық қоры іздеу-барлауға бұрғылау жұмыстарының нәтижесінде 1996 жылғы хаттамаға сәйкес С1 мен С2 категорияларын қосып есептегенде келесі мәнге ие:
Ауданы S=62658 м[2].
газ: С1 -17058 млн.м[3];
С 2-8020 млн.м[3];
С1+ С 2- 25078млн.м[3];
конденсат: С1 - 1466мың т;
С2- 690 мың т;
С1+ С2- 2156 мың т.
Амангелді кен орнында негізгі пайдаланылатын төменгі визей түзілімді горизонты. Ол қабатталған орта және ұсақ тұйірлі құмтастар, алевролит және аргелит жыныстарынан тұрады. Коллектор жыныстары түрі - кеуекті. Тиімді газға қанық қабаттың орташа қалыңдығы 18м шамасында.
Төменгі визей шоғырының негізгі геологиялық-физикалық сипаттамалары 1.3.1 кестеде келтірілген.
1.3.1 кесте - Бастапқы геологиялық-физикалық сипаттамалары
Параметрлері
Мәндері
Орташа абсолютті жату тереңдігі, м
2054-2376
Шоғыр түрі
Қабаттық
Коллекторлар түрі
Кеуекті
Газдылық ауданы, м[2]
62658
Жалпы орта қалыңдық, м
34.7
Орташа газға қанығу қалыңдығы, м
18.1
ГИС бойынша кеуектілігі, бірлік үлесте
0.167
Керн бойынша кеуектілік, бірлік үлесте
0.148
Газға қанығу, бірлік үлесте
0.8
Керн бойынша өткізгіштік, 10[-3] мкм[2]
2.7
Қабат температурасы, [0]С
69
Қабат қысымы, МПа
23.7
Конденсацияның басталу қысымы, МПа
23.7
Стандартты жағдайдағы газдың тығыздығы, кгм[3]
0.908
Стандартты жағдайдағы газдың тұтқырлығы, мПа*с
0.0219
Тұрақты конденсаттың мөлшері, гм[3]
86
Фильтрациялық кедергі коэффициенті,
A, МПа[2](мың м[3]тәу)
B, МПа[2](мың м[3]тәу)[2]

0.458
0.030

1.3.1-кестенің жалғасы
Еркін газдың бастапқы геологиялық қоры, млрд.м3 :
Соның ішінде С1С2 категориясы бойынша
25.078
17.0588.020
Конденсаттың бастапқы гоелогиялық қоры, мың. т.:
Соның ішінде С1С2 категориясы бойынша
2156
1466690

Амангелді кен орнында төменгі визей, серпуховский және төменгі перм түзілімдерінің газдылығы байқалған. Аталмыш жобада төменгі визей өнімді горизонты мен оған ұштастырылған газоконденсат шоғырын қарастырамыз.
Төменгі визей горизонтының шектерінде үш пачка (А, Б, В) анықталған. Оның жоғарғы және төменгі төрт қабаты-коллекторларға бөлінсе, ортаңғысы- екіге бөлінген ( 1, 2 карталар ).
Қабылданған сұлба бойынша, әрбір белгіленген қабаттың қимасының жіктелуіне байланысты көрші қабаттардың таралу және бірігу коэффициенті есептелінген (1.3.2 кесте).
1.3.2 кесте - Қабаттардың таралуы мен бірігу коэффициенттері

Пачка
Қабат
Әртектілік коэффициенті

Таралуы
Бірігу
А
1
0.42
-

2
0.17
-

3
0.42
0.2

4
0.75
-
Б
1
0.58
0.33

2
0.5
-
В
1
0.75
0.33

2
0.92
0.3

3
0.83
0.67

4
0.75

А пачкасының қабаттары аудан бойынша тұрақсыз, сондықтан сазды жыныстармен жиі кідіреді. Дамыған қабат 4, оның таралу коэффициенті 0,75 тең, ал қалғандарында 0,17-0,42 аралығында (1.3.2 кесте). 18 ұңғының А пачкасы толығымен саздалған. Кестеден көріп отырғанымыздай, 3 пен 4 қабаттарды ескермегенде, қабаттар арасында байланыс байқалмайды. Ондағы бірігу коэффициенті 0,2 тең. Тиімді газға қанық қабат қалыңдығы 0,8м (1 ұңғ.) ден 7,8м (5 ұңғ.) дейін өзгереді және орта есеппен 4,3м тең, жалпы алғанда 53% құрайды (1.3.3 кесте).
Б пачкасында екі қабат-коллектор ерекшеленеді, олар өзара бірігіп біріңғай резервуар (Кбір=0.33) пайда етеді. 1 қабаттың шоғыр шегіндегі таралу коэффициенті 0,58 тең, себебі 5,11,16,17,18 ұңғылар саз жыныстарымен кідірген. 2 қабат аз таралған, 4,5,7,8,15 ұңғылар саздалған. Тиімді газға қанық қабат қалыңдығы 0,8м (8 ұңғ.) ден 4,0м (1 ұңғ.) дейін өзгереді, орташа 2,9м тең, ал пайыздық түрде 90% жоғары.
Салыстырмалы түрде тұрақтысы В пачкасы, оның маңайында 4 қабат орын тепкен. Қабаттардың әр қайсысының таралу коэффициенті 0,75 жоғары. Қабаттардың жоғары бірігу коэффициенті кезінде (Кбір=0.33 және жоғары), В пачкасын біріңғай резервуар деп қарастыруға болады.
Пачканың жалпы қалыңдығы 1,8м (7 ұңғ.) ден 21,2м (3 ұңғ.) дейін ауытқиды, осы кездегі тиімді газға қанығу қабаты 1,8м (7 ұңғ.) ден 19,0м (5 ұңғ.) дейін өзгереді, орта есеппен 11,1м құрайды (1.3.3 кесте).
Жалпы алғанда горизонттың әртектілігін көрсететін негізгі көрсеткіш бөлшектену және құмайттану коэффициенті болып есептеледі, олар сәйкесінше 5.5 мен 0.518 тең.
1.3.3 кесте - Горизонт қалыңдығының сипаттамасы
Қалыңдығы
Атауы
Пачка
Жалпы горизонт бойынша

А
Б
В

Жалпы, м
Орташа, м
8.1
3.2
14.8
34.7

Вариациялау коэф-ті

0.086

Ауытқу аралықтары
0.8-16.2
1.2-5.0
1.8-21.2
17.6-46.0

Тиімді, м
Орташа, м
4.3
3.0
11.1
18.1

Вариациялау коэф-ті

0.128

Ауытқу аралықтары
0.8-7.8
0.8-4.0
1.8-19.0
6.2-29.4

Газға қанық, м
Орташа, м
4.3
3.0
11.1
18.1

Вариациялау коэф-ті

0.128

Ауытқу аралықтары
0.8-7.8
0.8-4.4
1.8-19.0
6.2-29.4

Өнімді горизонттың жоғары бөлігі тығыз ұсақ түйірлі құмтас, сазды алевролит, нығыз аргелит пен әлсіз цементтелген құмтас қабаттарының қабатануынан тұрады. Әлсіз цементтелген орта ұсақ түйірлі және ұсақ түйірлі алевролитті құмтастар минерологиялық тұрғыдан, негізінен, кварцты далашпатты болып келеді. Сынық материалдар жақсы сұрыпталған. Цемент (5-20%) карбонатты-сазды, сазды, сирек регенерациялы кварцты, жанама-кеуекті, кеуекті және пленкалы-кеуекті түрде болады. Орта бөлігінде қалыңдығы 4-5м болса, оңтүстіктен-солтүстікке қарай 1,4-1,8м өзгеретін линза тәріздес тығыз өткізгіштігі өте төмен алевролит пен құмтас жолақтары кездесетін аргелит қабаттарынан тұрады. Горизонттың төменгі бөлігі алевролит пен аргелит қабатшалары бар тығыз құмтастардан тұрады. Қиманың бұл бөлігінде 1,11,16 ұңғыларда әлсіз цементтелген құмтастар бар. Құмтастар орта түйірлі, кварц-далашпатты. Цемент сазды-гидрослюдалы, кеуекті-жапсарлы, карбонат-гидрослюдалы, кеуекті түрде кездеседі. Цемент мөлшері 10-16%, цементтеудің кеуекті түрінде-20% дейін жетеді. Тығыз цементтелген құмтастар ұсақ-орта түйірлі, кварц-далашпатты болады. Цемент (15-20%) сазды, карбонатты-сазды, кварцты, кеуекті, базальтті-кеуекті түрде келеді.
Төменгі визей жікқабатының қимасы сипаталып отырған өнімді горизонтты ескергенде, барлық литологиялық жыныстарда-құмтас, алевролит, аргилит, әктас және көмірде қарқынды жарылымдармен ерекшеленеді. Тектоникалық жарылымдармен бірге, эпигенетикалық процестер түсіндірілетін литологиялық микро жарылымдар кездеседі.
Керннен алынған мәліметтер негізінде және коллектор мен оның шекті параметрлерін анықтайтын әдістерді қолдана отырып, кеуекті түрдегі кеуекті-коллекторлар туралы айтуға болады. Олардың өткізгіштігі мен кеуектілігі 0.35*10-3 мкм2 мен 10.5% сәйкесінше карбонаттылығы 9% дейін және саздылығы 12.5%. керн бойынша анықталған. Жыныс-коллектордың сыйымдылық-фильтрационды қасиеттерінің орта мәні 1.3.4 кестеде көрсетілген. Ұңғы бойынша есептегенде кеуектіліктің орта мәні 0,148 құрайды, өткізгіштіктің орта мәні - 2.7*10-3 мкм2. Ұңғылар бойынша мәндерді орташаландыру жүргізілген, себебі кеуектіліктің орта мәнінің ауытқуы айтарлықтай болған. Мысалы 12.2% (7 ұңғ.), 19.3% (6 ұңғ.) дейін. Бұлай болу себебі керн алу жағдайына байланысты, одан бөлек, коллектор сапасы аудан бойынша да өзгереді. Қалдық суға қанығу мәні әктасты-битумды ерітіндімен бұрғыланған 6 ұңғыда алынған керн негізінде анықталған. Қабылданған мәндерге сәйкес келетін үлгі ретінде қалдық суға қанығу мәні 0,19 тең.

1.3.4 кесте - Өнімді горизонттың коллекторлық қасиеттерінің сипатамасы
Анықтау әдісі

Атауы
Өткізгіштігі, 10[-3] мкм[2]
Кеуектілігі, бірлік үлесте
Бастапқы газға қанығу, бірлік үлесте
Геофизикалық зерттеулер
Ұңғылар саны

13
13

Анықтау мөлшері

93
87

Ортақ мәні

0.167
0.80

Варияциялау коэф-ті

0.007
0.004

Ауытқу аралығы

0.146-0.190
0.71-0.86
Лабораториялық зерттеулер
Ұңғылар саны
13
13
1 (скв.6)

Анықтау мөлшері
272
272
54

Ортақ мәні
2.7
0.148
0.81

Варияциялау коэф-ті
1.345
0.0151
0.012

Ауытқу аралығы
0.68-11.71
0.122-0.193
0.58-0.94
Гидродинам-лық зерттеулер
Ұңғылар саны
9

Анықтау мөлшері
17

Ортақ мәні
0.7465

Варияциялау коэф-ті
6.74

Ауытқу аралығы
4.86*10-8 - 9.85

Орталандыру үшін жарылымсыз 54 үлгі қолданылған, қалдық суға қанығу аралығын өлшеу 0,06-0,42 тең. Газға қанығудың орта мәні 1-Кво, 0.81 тең (1.3.4 кесте). Басқа ұңғылар үшін қалдық суға қанығу кеуектілікке тәуелді алынуы мүмкін. Қажетті жарылымсыз үлгілер 6 ұңғыдан алынған (тура анықтау) және Кво=1482.1*Кп-1.4739 (R2=0.78) теңдеуімен суреттеледі.
Өткізгіштіктің статистикалық қатарлар арқылы таралуы алдын-ала жарылымсыз үлгілерге есептелінген. Жарылымсыз жыныстар үшін өткізгіштік 5*10 - 3 мкм2 артық, ол тек 12% жағдайда кездеседі. Қалғандарында 1*10 - 3 мкм2 артық- 62% жағдайда кездеседі.
Төменгі визей газоконденсат шоғыры коллектордың даму контуры шегінде құрылымның барлық ауданын қамтиды. Шоғыр астындағы газ өткізбейтін жыныс қызметін орта визей жікқабатындағы сазды әктас атқарады.
Шоғырдағы газды сулы жапсардың абсолют нүктесі минус 1972,0м деп қабылданған және оның өнімділігі 5 және 9 ұңғыларда алынған сынамалар негізінде анықталған. Мұнда бірінші болып-газ ашық оқпаннан минус 1967,6м, ал екінші болып-қабат суы минус 1976,8м алынған. 13 ұңғыда ГИС материалдарын интерпретациялау нәтижесінде қабаттар суға қанық деп есептелді және абсолюттік нүктесі минус 1968,6м сәйкес келді (1.3.5 кесте).
1.3.5 кесте - Газ-су бөлімінің жатуының негіздемесі
Горизонт
Ұңғылар
Сынама алу
Геофизика

Газдың төменгі белгісі, м
Судың жоғарғы белгісі, м
Газдың төменгі белгісі, м
Судың жоғарғы белгісі, м
C1v1
5
-1967.6 ашық оқпан

-1967.6

9

-1976.8

-1976.8

13
құрғақ*

-1968.6
*1888.0-2109.0 м аралығында.

Шоғыр дөңес қабатты, оның биіктігі 274 м.

1.4 Газ бен конденсаттың қасиеті мен құрамы
Кен орынды бақылау процесі мен төменгі визей газ горизонтындағы ұңғылардан сынама алу нәтижесінде қабат флюидтерінің қасиеттері мен құрамын анықтауда келесідей зерттеулер жүргізілді:
* режимдік зерттеулерді жүргізу кезінде ұңғы сағасынан алынған газдың компоненттік құрамын анықтау;
* "ұңғыны зерттеудің уақытша инструкциясы" бойынша газоконденсаттылыққа сәйкестігін өндірістік және лабораториялық зерттеу;
* конденсаттың физикалық-химиялық қасиеттерін анықтау.
Ұңғы сағасынан алынған газдың компоненттік құрамы Алматы СредАзНИИГаз, Ташкент ВНИГРИ, Санкт-Питербург ЦХЛ, КазНИГРИ Атырау қалаларында анықталады. Зерттеулердің нәтижелері 1.4.1 кестеде келтірілген.
Жалпы 19 ұңғы-объектіден газдың 65 сынамасы алынған. Оларды сараптағанда 6 сынама жарамсыз болып шықты. Жарамсыз болып шыққанының себебі, ұңғы-объектілерден параллельді түрде бірнеше сынама алынды, егер алынған сынамалардың бірі аномальді құрам көрсетсе, онда ол жарамсыз болып табылды.
Осыған қоса, құрамында ауасы көп сынамаларда есептелмеді. Сынама алынып болған соң, әрбір ұңғы-объектіде газдың орташа құрамы белгілі болды, кейінірек жалпы визай шоғыры үшін айыру газының орташа құрамы есептелді (1.4.1 кесте).
19 ұңғы-объектілерден алынған сынамалардың 3 ғана лабораториялық газоконденсатты зерттеулер СредАзНИИГазда жасалды. Олар-2 ұңғ. (перфорация аралығы 2144-2155м), 5 ұңғ. (перфорация аралығы 2281-2289м) және 6 ұңғ. (перфорация аралығы 2081-2093м). Аталмыш ұңғылардан қабат газының компоненттік құрамы мен қабат газындағы сұйық көмірсутектердің С5+в потенциалды құрамы анықталды (1.4.1 кесте). Өкінішке орай, лабораториялық зерттеулер процесінде дифференциальды конденсация әдісі орындалмайды және конденсация қысымының басталуын анықтау мүмкін болмаған. Конденсация қысымының басталуы туралы мәліметтің болмауына байланысты, қабаттағы конденсаттың мүмкін төмендеуін болдырмау мақсатында Рн.к. мәнін эксперименттік зерттеулер нәтижесіне дейін қабат қысымы деңгейінде алды.
С5+в қабат газындағы мөлшері қорды есептегенде [1, 4] - 86 гм3, жоғарыда көрсетілген үш ұңғының орта арифметикалық мәндері негізінде алынған. Гелий мен аргонның қабат газындағы мөлшері анықталмаған. Бірақ олардың барлығы туралы ұңғы сағасынан алынған сынамадан көрінді, гелий-0.063%, аргон- 0.065%. Айыру газы мен қабат газы құрамдары ұқсас, айырмашылығы негізінен С4+в, қабат газының орташа құрамы (1.4.1 кесте) гелий мен аргон газдарын ескере отырып алынды. Есептелінген қабат газы құрамы негізінде шоғырдың орта белгісіндегі термобаралық жағдайларды ескеріп, қабат газының негізгі қасиеттері - келтірілген қысым мен температура, жоғары сығымдылық коэффициенті (Z-фaктор), тұтқырлық анықталды. 1.4.1 кестеде келтірілген жоғары сығымдылық коэффициенті 0.84 тең деп алынған. Бірақ бұл мән "Қорды есептегендегі" мәннен басқаша (0.85 - сағалық сынамалар бойынша), айырмашылық аз ғана болғандықтан қабат газының құрамын тереңірек зерттеу қажет, ал технологиялық есептеулерде жоғары сығымдылық коэффициентін - 0.85 тең деп аламыз. Z-фaкторының қабат температурасы 69оС болғандағы қысымнан тәуелділігін 1.4.1 суреттен есептеу жолымен алған.
Конденсаттың физикалық-химиялық құрамы газоконденсаттық зерттеулер процесінде үш ұңғыдан - 2, 5 және 6 алынған сынамалар негізінде бағаланды. Зерттеулер нәтижесінде белгілі болғандай конденсат жеңіл, аз күкіртті, топтық құрамы бойынша парафинонафтенді типке жатады. Ескертетін нәрсе, конденсат құрамы толығымен анықталмаған, онда парафин мен асфальт-шайырлы заттардың мөлшері, күкірттің, меркаптан, микроэлементтер мен ауыр металдардың барлығы туралы мәлімет жоқ.

1.4.1 сурет

Кен орынды өндірістік пайдалануда газ бен конденсатты зерттеуді үзбеу керек. Кең көлемде бірнеше ұңғыда өндірістік газ конденсатты және лабораториялық PVT-зерттеулер жүргізілуі тиіс. Аталмыш зерттеулерде С5+в мөлшері мен Z-факторы анықталып, қабат қысымы мен тұрақты конденсаттың жобалауға қажетті параметрлері есептелуі керек.

1.4.1 - Газдың компоненттік құрамы
Компоненттер
Мольдік мөлшері, %

Айыру газы
Қабат газы
Метан
75.45
74.85
Этан
9.05
11.38
Пропан
3.89
3.8
Изо-бутан
0.26
0.61
Н-бутан
1.28
0.99
Изо-пентан
-
0.28
Н-пентан
-
0.28
Пентаны
0.45
0.56
Гексаны
0.23
0.23
Гептан + жоғары
0.1
1.16
Азот
8.6
5.92
Аргон
0.065
0.065
Гелий
0.063
0.063
Көмірқышқыл газы
0.55
0.37
Ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы
0.72
0.753
Стандартты жағдайдағы тығыздығы, кгм[3]
0.868
0.908
Қалыпты жағдайдағы тығыздығы, кгм[3]
0.931
0.974
Келтірілген қысым

5.14
Келтірілген температура

1.58
Жоғары сығылу коэффициенті, бірлік үлесте.

0.84
Қабат жағдайындағы тұтқырлық, мПа*с.

0.0219

1.5 Еркін газ бен конденсат қорының күйі
Төменгі визей өнімді горизонттында газ бен конденсаттың геологиялық қоры ең алғаш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«ҚазМұнайГаз» мұнай компаниясы
Қазақстанның мұнай және газ өнеркәсібіне жалпы сипаттама
Қабат жағдайындағы мұнайдың тығыздығын есептеу
Мұнай мен газды өндіру
Компания туралы
Жарақсыз газ бен мұнай қалдықтарын тазалайн фильтр
Мұнай мен газдың қазіргі жағдайы
Мұнай, газ өндіру кәсіпорындағы өндіріс және ресурстары мен факторлары
Кенорын бойынша мұнайдың және еріген газдың қоры
Сазанқұрақ” ЖШС-і компаниясының жалпы сипаттамасы
Пәндер