Палеолит тұрақтары
1 Ежелгі Палеолит
2 СОҢҒЫ ПАЛЕОЛИТ
2 СОҢҒЫ ПАЛЕОЛИТ
Ежелгі палеолит ірі-ірі үш кезеңге (мәдениетке): олдувэй (бұдан бұрынғы 2,6 млн жыл — 700 мың жыл), ашель (бұдан бұрынғы 700 мың — 150—120 мың жыл) және мустье (бұдан бұрынғы 150—120 мың — 35—30 мың жыл) кезеңдеріне бөлінеді. Ол кездің адамдары тастың қасиеттерін жақсы білген, өйткені оның оңай жарылатын шақпақтасты бәрінен де көбірек қолданғаны, ал оған ұқсас тас түрлерін кей жерлерде қолданбағаны тегін емес. Ма¬териал таңдау көбінесе құралдың қолданылатын мақсатына байланысты болды. Құралдардың мынадай түрлері: шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар, шой балғалар, піспектер, пышақтар, тескіштер және т. б. бөлініп шыққан.
Ауыр салмақты, тік бұрышты ұсақ шақпақтастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатқызылады, олар Кеңірдек елді мекені жанынан, Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейіндегі Арыстанды өзенінің ең жоғары жайылмасынан, қатып қалған төменгі төрттік кезеңнің қалың конгломераты арасынан табылған. "Клектон тұрпаттас" деп аталатын бұл ежелгі құралдардың одан анағұрлым кейінгілерден айырмасы — олардың соғатын қыры тым үлкен, ол тіпті бүкіл сынық көлемінің жартысынан көбірек. Олармен бірге үлкен шақпақтастар, дөнес нуклеустер де табылды; әлгі сынықтар солардан сындырылып алынған. Ашельдік Бөріқазған және Тәңірқазған тұрақтары мейлінше назар аударуға лайық. Бұл тұрақтардан құралдардың таралу шегі айқын және өңделген шақпақтас бұйымдар белгілі бір шектен тыс жерлерде сирек кездеседі. Бөріқазған мен Тәңірқазғаннан табылған ежелгі палеолиттік саймандар торт топқа: екі қырлы және бір қырлы шапқы құралдар; шапқылар; ауыр тас сынықтар; ірі ұра тастар — нуклеустер болып бөлінеді. Бірінші тобы көбірек кездеседі.

1. «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010
2. “Қазақ Энциклопедиясы”, V-том
3. Қазақстан тарихы (Ерте заманнан қазіргі кезге дейін) 4-томдық. - Алматы. Т. 1, 1996.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Палеолит тұрақтары
Қабылдаған: Нұрбетова Г.
Орындаған: Ахметжанова Х.
Тобы: ЗХҚ-211
Түркістан 2012ж
Ежелгі Палеолит
Ежелгі палеолит ірі-ірі үш кезеңге (мәдениетке): олдувэй (бұдан бұрынғы 2,6 млн жыл -- 700 мың жыл), ашель (бұдан бұрынғы 700 мың -- 150 -- 120 мың жыл) және мустье (бұдан бұрынғы 150 -- 120 мың -- 35 -- 30 мың жыл) кезеңдеріне бөлінеді. Ол кездің адамдары тастың қасиеттерін жақсы білген, өйткені оның оңай жарылатын шақпақтасты бәрінен де көбірек қолданғаны, ал оған ұқсас тас түрлерін кей жерлерде қолданбағаны тегін емес. Ма - териал таңдау көбінесе құралдың қолданылатын мақсатына байланысты болды. Құралдардың мынадай түрлері: шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар, шой балғалар, піспектер, пышақтар, тескіштер және т. б. бөлініп шыққан.
Ауыр салмақты, тік бұрышты ұсақ шақпақтастар ең ежелгі еңбек құралдарына жатқызылады, олар Кеңірдек елді мекені жанынан, Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейіндегі Арыстанды өзенінің ең жоғары жайылмасынан, қатып қалған төменгі төрттік кезеңнің қалың конгломераты арасынан табылған. "Клектон тұрпаттас" деп аталатын бұл ежелгі құралдардың одан анағұрлым кейінгілерден айырмасы -- олардың соғатын қыры тым үлкен, ол тіпті бүкіл сынық көлемінің жартысынан көбірек. Олармен бірге үлкен шақпақтастар, дөнес нуклеустер де табылды; әлгі сынықтар солардан сындырылып алынған. Ашельдік Бөріқазған және Тәңірқазған тұрақтары мейлінше назар аударуға лайық. Бұл тұрақтардан құралдардың таралу шегі айқын және өңделген шақпақтас бұйымдар белгілі бір шектен тыс жерлерде сирек кездеседі. Бөріқазған мен Тәңірқазғаннан табылған ежелгі палеолиттік саймандар торт топқа: екі қырлы және бір қырлы шапқы құралдар; шапқылар; ауыр тас сынықтар; ірі ұра тастар -- нуклеустер болып бөлінеді. Бірінші тобы көбірек кездеседі. Шапқы құралдардың Оңтүстік-Шығыс Азия мен Африқаның шель-ашель кеніштерінен табылған дөрекі тас саймандардан елеулі айырмашылығы жоқ, олардың барлық жағдайда да малтатас сияқты түрде болуы айқын аңғарылады, тас құралдардың бір шеті өңделген, екі жағынан мол сындырылып жұқартылған, өткірленген имек жүзі бар, ал қарсы жағы өңделмеген. Төменгі палеолитте адам тасты сындыру үшін басқа тасты пайдаланып, біріне-бірін ұрған. Мұндай техника соққылау техникасы немесе малтатас мәдениеті деп аталып кеткен, өйткені оған көпшілік жағдайда өзендерде кездесетін кәдімгі малтатастар шикізат болған. Кейіннен шой балғалар пайда болып, олар жақсырақ нәтижелерге жетуге мүмкіндік берді. Олар көбінесе цилиндр немесе дөңгелек түрде болып, көп жерінде жемірілген және соғылған із қалған. Мысалы, X.А.Алпысбаевтың Қаратау жотасы ауданынан тапқан құралдары жоғарыда аталған тәсілмен өңделген. Құралдар дайындау үшін негізгі шикізат малтатастар болған. Құралдарды өңдеу кезінде тастың екі жақ шетінен ортасына қарай шеттері мол сындырылып, жұқартылған да, кесетін имек жүз шығарылған. Құрал кейіннен шапқы ретінде пайдаланылған. Қаратау жотасының тас құралдарын зерттеудің нәтижелері Мовиустың негізгі қағидаларына қайшы келеді, ол төменгі палеолит дәуірінде шектеулі екі аймақ болғаны туралы болжам ұсынған еді. Олардың біріне мекендеушілеріне қолдан жасаған шапқыларды пайдалану ғана тән болған Үндістан, Оңтүстік және Батыс Еуропа, Алдыңғы Азия мен Африка жатқызылды. Екінші аймақ солтүстік-батыс Үндістан, Жоғарғы Бирма, Қытай, Ява болып табылады, олардың тас құралдарды жасау техникасында екі және бір жағы өткір шапқы құралдар тән. Оңтүстік Қазақстанда табылған тас құралдар негізінде мынадай қорытынды жасауға болады: "Екі немесе бір шеті шабатын құралдар мен қол шапқыларының бір жерден табылуы азиялық төменгі палеолиттік мүлде ерекше мәдениеттің болуы туралы және төменгі палеолит дәуірінде Азияның даму жолының ерекше екендігі туралы пайымдаулармен келісуімізге мүмкіндік бермейді. Оңтүстік Қазақстаннан табылған материалдардың Азия мен Африка аумағында табылған еңбек құралдарымен ұқсастығы және солармен баланатындығы төменгі палеолиттік мәдениет дамуының бірдей екендігі, оларда өзгерістер мен дамудың бір жолмен жүргендігі туралы жорамал айтуға мүмкіндік береді.
Тас құралдар. Палеолит. Орталық Қазақстан.
Ашель уақытының ескерткіштері Орталық Қазақстаннан да табылады. Мұнда құралдар қара және сұрғылт-жасыл түсті шақпақтас жыныстарынан дайындалған. Осындай тұрақтардың бірі -- Сарыарқаның солтүстік-шығыс шетінде орналасқан Құдайкөл. Құралдар арасынан бифастарды, яғни тастан екі жақ беті өңделіп жасалған құралдарды, жануарлардың терісін өңдеуге және ағашты ұқсатуға арналған қырғыштарды, сондай-ақ көптеген нуклеустерді -- жонқалар мен жалпақтіліктер сындырылып алынып құрал ретінде пайдаланылған ауыр тастарды атап өтуге болады. Орталық Қазақстандағы басқа да ашельдік ескерткіштер арасынан Жезқазған қаласынан 150 шақырым қашықтықта орналасқан Жаман Айбат және Қарағанды облысының Жезді ауданынан табылған Обалысай тұрақтары назар аударуға лайық. Тас бұйымдар жиынтығы арасында шапқы құралдар ерекше көзге түседі. 60 -- 70-жылдары Балқаш өңірі мен Маңғыстау даласында интенсивті жүргізілген зерттеулер археолог А.Г.Медоевтің Қазақстанның алғашқы заман тарихы проблемаларына және тас ғасыр индустриясының өзіндік дамуына дәстүрлі емес көзқарастарының қалыптасуын көп жағынан анықтады. Зерттелген ескерткіштерді көзбен шолып байқау оның ертеде өткен кездің археологиялық қырларын бірегей түсінуге жетуіне мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, оның көзқарастары сол кезге қарай дүниежүзілік археоло - гиялық ғылымда жинақталған деректемелермен жақсы ұштасты.
Осы уақытқа қарай жинақталған материалдар қайтадан ой елегінен өткізілуде және Қазақстан сияқты қуаң аймақтағы палеолит ескерткіштерінің өзіндік ерекшеліктерін анықтау өте маңызды болып отыр. Бұл тұрғыдан алғанда алғашқы адамдардың ашық үлгідегі Семізбұғы, Бөріқазған, Шақпақата, Өнежек" тұрақтары мен басқалары зор рөл атқарды. Мәселе мынада: шегінділердің сары топырақты немесе жайылма қатпарларында көміліп қалған археологиялық қалдықтар алғашқы адамдардың өмірі туралы, олардын тас саймандары туралы бірегей, егжей-тегжейлі ақпарат береді. Бірақ мұндай ескерткіштер біршама қысқа уақыт аралығын ғана қамтиды. Ашық үлгідегі ескерткіштер керісінше, едәуір ұзақ уақыт аралығын қамтиды, сондықтан оларды зерттей келіп, тас бұйымдарды өңдеу дәстүрлерінің эволюциясын қадағалауға болады.
Қазақстанның палеолитгік мәдениеті аймағында Солтүстік Балқаш өңірі өзекті орындардың бірін алады. Бұл ауданда түрлі уақыттардағы тұрақтар өнімі алынған шұңқырлар тізбектерінің үстіне, өзен және көл қабақтарына, шикізат шығатын шоқылардың ұшар басы мен беткейлеріне орналасқан. Ұсақ шоқылы Семізбұғы алқабы Жезқазған облысындағы Саяқ поселкесінің шығыс жағында 60 шақырым жерде жатыр.
Солтүстік Балқаш өңірінің тек бір ғана -- аумағы 2500x300м ұсақ шоқылы Семізбұғы мекенінен барлығы 1611 тас құралдар табылған. Оларды дайындаған негізгі шикізат қара түсті шақпақтас девон алевролиттері болған. Тас бұйымдары арасында нуклеустер, клектон сынықтары, тісті құралдар, қырғыштар, бифастар, пышақтар, жаңқалар мен пластиналар бар. Жалпы алғанда, Семізбұғы индустрия кешендерінің эволюциясын бағалай келіп, жетекші технологиясы леваллуа дәстүрі болып табылатынын мойындау керек.
Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан жеріндегі ең ежелгі ескерткіш Қозыбай тұрағы саналады. Бұл тұрақ Күршім ауданындағы Қаратоғай ауылына жақын жерге, Қалғұтты өзенінің жағасына орналасқан. Алғашқы адамның қолымен дайындалған тас бұйымдар, соның ішінде шапқы құрал, екі жағы өңделген құралдар мен қара түсті шақпақтас жыныстарынан жасалған үшкір сынықтар биік қабаттардың беткейінен табылған.
Кейінгі кезең -- мустьелік кезеңде тас өңдеудің жаңа техникасы ойлап табылды, бірақ ұсақ малтатас та қолданыла берді. Оңтүстік және Орталық Қазақстан жерінде мұндай ескерткіштер көп кездеседі. Олардың бірі 1958 жылы X.А.Алпысбаев тауып, кейіннен Ш.Ш.Уәлихановтың есімімен аталған көп қабатты тұрақ болып табылады.
Қазіргі кезге қарай тұрақтан 6 мәдениет қабаты13 анықталып, олардан тас бұйымдар, от жағылған орын мен ошақтар, жылқы, бизон, киік, асыл тұқымды бұғы сияқты жануарлардын сүйектері табылды. Оның қабаттары Арыстанды өзенінің оң жағасының қазіргі бетінен әр түрлі тереңдікте көлбей орналасқан. Әзірше бұл -- Қазақстан жеріндегі тас бұйымдар мен басқа да мәдени-тұрмыстык қалдықтар бастапқы күйінде, яғни оны мустьерлік уақытта адам қалай қалдырса, сол күйінде жатқан бірден-бір тұрақ. Қазудың қиындығы мәдени қабаттардың 2,30 метрден 7,20 метрге дейінгі тереңдікте жатқандығында болып табылады. X.А.Алпысбаевтың мәліметтеріне қоса, алғашқы аңшылардың өмірі туралы жаңа мағлұматтар алу, еңбек құралдарын дайындайтын шеберхананы аршу және соның негізінде тұрақты адамдардың ұзақ уақыт бойы, іс жүзінде мустьеден бастап, жоғарғы палеолит дәуіріне дейін үздіксіз мекендегендігі туралы тұжырым жасау мүмкін болды.
Мұнда құралдар дайындау үшін негізгі шикізат материалы ашық реңді халцедон болған. Құралдар арасында пышақ тәрізді қалақтар, қырғыштар басым. Остеологиялық материал жануарлардың, соның ішінде жылқының, бизонның, бұғы мен киіктің сүйектерінің ұсақ сынықтарынан тұрады. Аталған аң сүйегінің қалдықтары ландшафтың далалық сипатын, климаттың құрғақ болғанын дәлелдейді. Бұл жағдайды споралы-тозандық талдау деректері де көрсетеді.
Шымкент облысындағы Көшқорғанды қазғанда қызықты мәліметтер алынды. Мұнда артезиан қайнар көзінің биіктігі 1 метрге дейін жететін травертин орамы көмкерген ежелгі грифоны (аузы) орналасқан. Орамның диаметрі 25м. Грифонда палеозоологтар әр жылдарда қазба жұмыстарын жүргізіп, сүтқоректілердің төменгі төрттік фаунасының бай жиынтығын жинаған, ол "Көшқорған кешені" деген атаумен бөліп көрсетілген.
Археологиялық қазба жұмыстары көптеген тас сайман тапты, олар өте ерекше жөне оған ұқсастарын табу қиын. Негізіне ақ кварц пен сарғылт-сұр құмдақ басым шикізат пайдаланған.
Құралдардың жетекші үлгісі көбінесе жай дөңесті және тура бүйірлі қырғыштар болып табылады, сүйір ұшты сынықтар мен пышақтар да кездеседі. Алуан түрлі жануарлар -- мүйізтұмсык, бизон, жылқы сүйектері мен тас бұйымдардың мол болуы палеолит адамының суға келген кезінде бұлақ жанындағы батпаққа батқан жануарларды аулауының нәтижесі екенін дәлелдейді.
Ескерткіштердің бұған ұқсас индустриясын Көлбұлақ материалдарынан және Тәжікстандағы сары топырақты палеолиттен табуға болады. Сонымен бірге Көшқорған кешенінің бірқатар белгілері жөнінен Орталық Еуропадағы кешендермен: Вертешселеш (Венгрия) және Бильцинисглебен (Гер - мания) тұрақтарымен жақындығы аңғарылды. Бұл орайда Вертешселештегі тұрақтың өмір сүрген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz