Сыбайлас жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі туралы ақпарат



1 Сыбайлас жемқорлық . мемлекеттік құрылымдардың экономика
2 СЫБАЙЛАС.ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ
3 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС
Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика
аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады. ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану (228-бап), коммерциялық сатып алу (231-бап), қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап), билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (308-бап), пара алу (311-бап), қылмыстық жалғандық жасау (314-бап) туралы лауазымдық қылмыс нормалары ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нормалары болып табылады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер де қабылданды. Оларға “Мемлекеттік қызмет туралы” (1995) және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” (1998) ҚР заңдары жатады. Сонымен қатар осы саладағы ынтымақтастық туралы халықаралық актілер де бар.
Қазақстан Республикасының № 267 «Сыбайлас жемқорлыққа күрес туралы» Заңы 1998 жылы 2 шілдеде қабылданды.
Бұл Заңның мақсаты - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi. “Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағнасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ - ҚОҒАМНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕСІ.
Сыбайлас жемқорлық - мемлекеттік құрылымдардың экономика
аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады. ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану (228-бап), коммерциялық сатып алу (231-бап), қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап), билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (308-бап), пара алу (311-бап), қылмыстық жалғандық жасау (314-бап) туралы лауазымдық қылмыс нормалары ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нормалары болып табылады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер де қабылданды. Оларға "Мемлекеттік қызмет туралы" (1995) және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" (1998) ҚР заңдары жатады. Сонымен қатар осы саладағы ынтымақтастық туралы халықаралық актілер де бар.
Қазақстан Республикасының № 267 Сыбайлас жемқорлыққа күрес туралы Заңы 1998 жылы 2 шілдеде қабылданды.
Бұл Заңның мақсаты - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi. "Сыбайлас-жемқорлық" деген түсінік мағнасына этимологиялық қарау мұны "параға сатып алу", "пара" ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда "сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу" деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.
Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. ҚР "Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы" Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: "...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу

СЫБАЙЛАС-ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТІҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ
Бұл қағиданы сақтау және жүзеге асыру сыбайлас-жемқорлықпен күресте өте маңызды. Өкінішке қарай, заңнаманы таңдап қолдану өте жиі кездеседі, ондайда заң біреу үшін бар, басқалар үшін жоқ. Жеке соттар, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері сондай-ақ сыбайлас-жемқорлыққа беттелген.
Бұл қағиданың сақталуының кепілі азаматтардың өздерінің белсенділігі болып табылады -- сыбайлас-жемқорлық үдерістерді БАҚ-та жариялау, оның ішінде БАҚ, бұқара өкілдерінің сот үдерістерінде болуы; өтініштерді прокуратураға, экономикалық және сыбайлас-жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі Агенттікке және басқа құқық қорғау органдарына беру.
Мемлекеттік органдар қызметінің нақты құқықтық тәртібін, заңдылығын және осындай қызметтің жариялылығын, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген 2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас-жемқорлықпен күрес бойынша Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, 2008 жылға дейін мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдердің ақпараттық мөлдірлігін қамтамасыз ету,мемлекеттік басқару органдарының рұқсат ету және әкімшілік құзыреттерін оңтайландыру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың электронды жүйесіне көшу негізінде мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау.
Бағдарламада ерекше орын азаматтық қоғам ұйымдарын сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметке тартуға, құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бөлінеді.
Нормативтік құқықтық актілерді сыбайлас-жемқорлыққа қарсы сараптаудың пәрменді тетігін енгізу, бюджеттік қаражаттың жұмсалуын қоғамдық бақылау жүйесін құру, жеке рұқсат беру міндеттерін азаматтық қоғам институттарына беру, ақшалай қаражаттың қолма-қол айналымын мейлінше көбірек қысқарту бойынша шаралар енгізу, заңға қайшы жолмен ақшалай қаражатты заңдастыруға қарсы іс-әрекет жасау қарастырылған.
ҚР Әділет министрлігі "Мүддес болу туралы" заң жобасын әзірлеп, парламентке ұсынды, онда заң жобаларын мүддестендіру үдерістерін құқықтық реттеу және лауазымды адамдардың өз функционалдық міндеттерін орындаған кезде даудың алдын алу бекітілген.
Жеке және заңды тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделеріне қатысы бар сұрақтарды шешу процедурасын және кадр жұмысын, мемлекеттік аппарат құрылымын жетілдіру.
Мемлекеттік бағдарламамен мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің өзара іс-әрекетінің нақты құқықтық тәртіптеу формалары мен механизмдерін жүзеге асыру , сондай-ақ сот шешімдерін қабылдаудың мөлдірлігін және олардың дер кезінде орындалуына ықпал жасау қарастырылған.
Заңға сәйкес аталған қағидалар:
-мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті;
-лауазымды, сондай-ақ олардың қатарына жататын басқа адамдардың құқықтарын және еркіндігін ҚР Конституциясының 39 бабы 1 тармағына сәйкес шектеу;
-жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықтың
зиянды салдарын жою және алдын алу:
-сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықпен күреске ықпал жасайтын азаматтардың жеке қауіпсіздігін;
-кәсіпкерлік қызметке бақылау жасайтын жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік реттеу өкілеттігін беруді болдырмау.
Сыбайлас-жемқорлық бірталай экономикалық заңдардың іс-әрекетін төмендетеді және әлемдік қауымдастық алдында елдің беделін түсіреді, оған тиімді шетел инвестиция жолында басты кедергі болып табылады.Адал және әлеуметтік бағытталған бизнес нарықтан ысырылады, себебі сыбайлас-жемқорлық мұндай бизнесті тиімсіз етеді.
Сыбайлас-жемқорлық әсіресе мемлекеттік билік органдарында қауіпті. Мұндай жағдайда ол биліктің монополиясын, мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдау өкілеттігін күшейтеді және шенеуніктердің қатал құқықтық есеп беруін және бақылауда болуын жою симбиозын көрсетіп-білдіреді.
Практика көрсеткендей, сыбайлас-жемқорлық мемлекеттік жүйенің барлығын бұзады, мемлекеттік билік беделінің және мемлекеттік қызмет абыройның құлдырауына ықпал етеді.
Сыбайлас-жемқорлық экономиканың дамуына кедергі жасайды және ұйымдастырылған қылмыстың, әсіресе экономика саласында, өсуіне ықпал жасайды.
Қандай мемлекеттік органдар сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметті жүзеге асыра алады?
Сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, болдырмау, алдын алу және өз құзыреті шеңберінде оларды жасаған адамдарды жауапқа тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметі, қаржы және әскери полиция органдарымен жүзеге асырылады.
Аталмыш органдардың лауазымды адамдары заңнама белгілеген мерзімде іс, материал, хаттама жіберген адамға немесе органға жазбаша сыбайлас-жемқорлық қылмыс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы көрсетіп-білдіру жіберуге , оларды қарағанның нәтижелеру туралы хабарлауға тиіс.
Заңға сәйкес бұл органдар олардың құзырынан шығатын шаралар қабылдауға және жауапты мемлекеттік лауазымда отырған адамдардың жасаған сыбайлас-жемқорлық қылмысын анықтаған әр оқиға туралы құқық статистикасы және ақпарат органдарына дереу мәліметтер жіберуге міндетті.
Сыбайлас-жемқорлықпен күресуге ықпал жасаған адамдардың қауіпсіздігіне кепілдік
Сыбайлас-жемқорлықпен келіскісі келмейтін азаматтардың белсенді іс-әрекеттері өз нәтижелерін беруде. Мысал ретінде нақты болған жағдайды айтуға болады: кәсіпкер өзіне шабуыл жасаған адамдардың қатыстылығын анықтауға ықпал жасау үшін криминалдық полиция бастығына жүгінді. Криминалды топтардан (және полиция қызметкерлерінен, бұл енді тіпті қызық) қорғайтыны үшін бастық кәсіпкерден айына 100 мың теңге талап еткен, олай болмаса оның қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайтынын айтқан. Кәсіпкер оның ұсынысымен келеді. Соңынан парақор жәбірленушіден талап етілген соманың бөлшегін қалалық криминалдық "бедел" болып келген жалған адам арқылы алған. Кәсіпкер Бас басқарма бастығының орынбасарына криминал полициясы бастығының заңсыз іс-әрекетінен қорғауын өтінеді. Орынбасар оған мезетте келіседі де алдын ала кәсіпкердің дүкенінен "Мерседес" автомашинасы үшін 58 мың теңге тұратын төрт доңғалақ дискілерін алып кетеді. Онымен қоймай, волейбол командасына 200 мың теңгелік демеушілік көмек көрсетуді сұрайды. Ішкі істер органдарының қызметкерлері криминалды адамдармен бірге пара талап етіп отырғанын көріп, кәсіпкер ҰҚД өтініш береді, бұл органның қызметкерлері ішкі істер қызметкерлерін 200 мың теңге және 500 доллар алып жатқан жерінде ұстайды.
Басқа міндеттерін былай қойғанда, органдар жедел-іздестіру қызметтің міндеттерін орындаған кезде өз құзырына сәйкес заңмен қорғалатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандығын және мүдделерін, қоғамның , мемлекеттің меншігін, қауіпсіздігін және оның экономикалық және қорғаныс потенциалын қорғауға міндетті.
"Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы" Заңның 7 бабында сыбайлас-жемқорлықпен күреске ықпал жасап жүрген адамдарды қорғауға келесі кепілдік бекітілген:
сыбайлас-жемқорлық қылмыс фактісі туралы хабар берген немесе басқаша бір тәсілмен сыбайлас-жемқорлықпен күресуге ықпал жасап жүрген адам мемлекет қорғауында болады; -сыбайлас-жемқорлықпен күресуге ықпал жасап жүрген адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және тек қана прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, , ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметі, қаржы және әскери полиция органдары, соттың сұрауымен заң белгілеген тәртібі бойынша беріледі.
Бұл ақпаратты жариялау заң белгілеген жауапкершілікке әкеліп соғады:
-қажет болған жағдайда сыбайлас-жемқорлықпен күресетін органдар сыбайлас-жемқорлықпен күресуге ықпал етіп жүрген адамның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Куәгерлерді қорғау үшін, оның ішінде құқық бұзушылық туралы, мемлекет мемлекет бюджетінде жеке жолмен жазылған қомақты қаржы бөледі.Оның үстіне, ҚР экономикалық және сыбайлас-жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі Агенттігінде сыбайлас-жемқорлық туралы хабарлағандарды қорғау жөніндегі департамент іске кірісіп, ойдағыдай істеп жатыр. Егер қажет болған жағдайда, мұндай адамдарды физикалық қорғау, тіпті жасыру, тұратын орнын, аты-жөнін,тіпті түрін өзгертуге дейін. Қорғау жалған ақпарат берген адамдарға жатпайды.
Оның үстіне, "ҚР сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы" Заңның 17 бабына сәйкес сыбайлас-жемқорлықпен күрес жүргізетін органға басқа мемлекеттік қызметші, құқық қорғау органның қызметкері жөнінде жалған хабар берген мемлекеттік қызметші, құқық қорғау органының қызметкері тәртіптік тәртіппен сыбайлас-жемқорлықпен күрес жүргізетін органның көрсетіп-білдіруімен жұмыстан босатылғанға дейін жазаланады.
Мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті және оларға теңелген адамдардың қандай іс-әрекеттері сыбайлас-жемқорлық үшін жағдай жасайды деп табылады?
"Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы" Заңның 12 бабына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті және оларға теңелген адамдардың іс-әрекеттері сыбайлас-жемқорлық үшін жағдай жасайды деп табылады:
-заңсыз басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне араласуы;
-өз қызмет өкілеттігін аталған адамдардың немесе олардың жақын туыстарының және жақындарының материалдық мүдделерін қанағаттандырумен байланысты сұрақтарды шешкен кезде пайдалану;
-мемлекеттік және соған теңелген қызметке түскен және жылжыған кезде заң қарастырмаған басымдық беру;
-шешімді дайындаған және қабылдаған кезде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз басымдық беру;
-кім болса да кіріс алумен байланысты кәсіпкерлік және басқа қызметпен айналысуды жүзеге асыруға кез-келген заңнамамен қарастырылмаған ықпал ету;
-мемлекеттік міндетті орындау кезінде алынған ақпаратты жеке немесе топ мүддесінде пайдалану, егер ол ресми таратылуға болмаса;
-жеке және заңды тұлғаларға заңнамамен беруге қарастырылған ақпаратты негіссіз бермеу, оны кешіктіру, жалған немесе толық емес ақпарат беру;
-жеке және заңды тұлғалардан заңнамамен қарастырылмаған ақпаратты талап ету;
мемлекеттік және материалдық ресурстарды жеке үміткерлердің немесе қоғамдық бірлестіктердің сайлау қорларына беру;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олардың құзыретіне енетін басқа сұрақтардың шешу тәртібін бірнеше дүркін бұзу;
жоғарғы ресми адамдарға сыйлық беру және қызметтен тыс қызмет көрсету жасау, егер ол ырым жасау ишараты және қонақжайлылық нормалар, сондай-ақ хаттамалық және басқа ресми іс-шараларды өткізгенде болмаса;
жеке және заңды тұлғаларға олардың құқықтарын және заңды мүдделерін жүзеге асыруға ашықтан-ашық кедергі жасау;
жеке және заңды тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуге құзыретін беру; мемлекеттік мәртебесі жоқ ұйымдарға мемлекеттік бақылау және қадағалау міндеттерін беру; жоғарғы немесе төменгі лауазымды адамдармен немесе олардан басқаша тәуелділермен ақшалай немесе басқа мүліктік сипаттағы құмарлы ойын ойнауға қатысу;
Мемлекеттік міндеттер орындауға өкілетті немесе соларға теңелген адамдар өз мемлекеттік міндетін орындағаны үшін ақшалай, қызмет көрсету және басқа формада ұйымдардан, жеке тұлғалардан сыйақы алса сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылық болып табылады, егер басқаша ештеңе заңмен қарастырылған болмаса.
Сыбайлас-жемқорлық қылмыстың салдарын жою бойынша қандай шаралар қолданылуы мүмкін?
Заңға сәйкес мемлекеттік міндеттер орындауға өкілетті адамдар немесе соларға теңелген адамдар заңсыз байыған барлық жағдайда, сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылық нәтижесінде алынған мүлік қайтарылуға жатады, ал заңсыз пайдаланған қызмет көрсету құны -- мемлекет кірісіне қайтарылады.
Заңсыз алынған мүлікті өз еркімен қайтарудан немесе мемлекетке оның құнын төлеуден бас тартқан жағдайда қайтарып алу сот шешімі бойынша прокурор, салық қызметі немесе басқа мемлекеттік органдар және лауазымды адамдардың талабы бойынша жасалады.
Сот шешім шығарғанға дейін өкілетті органдар құқық бұзушыға жататын мүлікті тәркілей тұрады. Егер мемлекеттік міндет атқарған адам немесе соған теңелген адам жұмыстан босатылғаннан кейін бұл талапты орындаудан бас тартса лауазым иесі немесе мұндай босату туралы шешім қабылдаған орган кінәлі адамның мекен-жайы бойынша заңсыз алынған кіріс туралы хабарды салық органына жібереді. Оның үстіне, сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылық жасаумен байланысты келісімдер заң тәртібімен белгіленген бойда заңсыз деп мойындалады. Сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылық нәтижесінде жасалған актілер органмен немесе лауазымды адамдармен мүдделі жеке тұлғалар немесе заңды тұлғалар, немесе прокурордың талабы бойынша күшін жояды.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес - Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.
Сыбайлас жемқорлық бұл мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ, соларға теңестірілгендердің лауазымдық қызметін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты, бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшы-лықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алу.
Қазіргі уақытта Қазақстан Орталық Азия өңірінде ғана емес, тұтастай алғанда ТМД бойынша да жемқорлыққа қарсы неғұрлым мықты дамыған заңнамасы бар ел болып табылады. Мұндай құқықтық актілердің қатарына 1998 жылғы Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы Заңды, Жемқорлықпен күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қосуға болады. 2005 жылы мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексі бекітілді. Ал 2007 жылдың 12 қаңтарында Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заң қабылданды.
Бұл заңнамалық актілердің мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан республикасы-ның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ, оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілеу, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік сапаларына қойылатын талаптарды арттыру.
Сонымен қатар, олар демократиялық негіздері, мемлекетті басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құры-лымдарына деген сенімін ны-ғайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынта-ландыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға да бағытталған. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендететіні, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіретіні белгілі. Ең бастысы - адамдардың қоғамның демократиялық бастауларына, заң мен шындыққа, сайып келгенде билікке деген сенімін әлсіретеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдығы. Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мынандай бағда-рламалық бағыттарын белгілеп берді:
- сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басымдығы, оны тудыратын себептер мен оған ықпал ететін шарттарды жою;
- мемлекеттік ресурстарды бөлуді бақылауды күшейту;
- мемлекеттік органдардың рұқсат беру функцияларын іске асыруын бақылау;
- сыбайлас жемқорлықпен күреске өкілетті билік органдарын кеңінен тарту;
- әр түрлі салаларда сыбайлас жемқорлықтың орын алу деңгейін анықтау кезінде халықаралық рейтингтер жүйесін пайдалану;
-халықаралық институттар-дың, отандық үкіметтік емес ұйымдар мен саяси партиялардың, мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасуы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын ала іс-қимыл жасаудың мемлекеттік саясаты билік құры-лымдарының ашықтығы мен қоғамның бақылауында болуын; мемлекеттік бақылау-қадағалау функцияларын қысқартуды және мемлекеттк бақылау органдары жүйесін оңтайландыруды; сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін фактор ретінде мемлекеттік қызметшілер жағдайының тұрақсыздығын болдырмайтын кадр саясатын жүргізуді; азаматтардың тәуелсіз, сырттан және әсіресе сот жүйесінің өзінен сыбайлас жемқорлық әсер етуден тәуелсіз сотқа жүгіну құқығын қамтамасыз етуді көздейді.
Бүгінгі таңда мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы функциясын құқық қорғау орга-ндарының жұмысы тұрғысынан ғана қарау мүмкін емес. Қазіргі таңда мемлекет басшысының бастамасы бойынша басталған әкімшілік және конституциялық реформаларды іске асыру ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл әкімшілік реформалардың мәні мен мазмұны сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесін одан әрі нығайтуға бағытталған.
Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықтың ауқымы мен салдарларын нақты бағалап, осы қауіпті құбылыспен қатаң және шешуші түрде ымырасыз әрі жан-жақты жоспарлы күресті басты мақсат етіп отыр. Президент жанынан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия - Елбасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырудың маңызды құралдарының бірі болып табылады.
Елбасы биыл да Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады, - деп көрсетті.
Яғни, бұл мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын табады деген сөз.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресі үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлықтың жалпы ұғымы мен маңызы
Өтініштерді прокуратураға, экономикалық және сыбайлас - жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі агенттікке және басқа құқық қорғау органдарына беру
ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР: ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Сыбайлас жемқорлықтың жалпы ұғымы мен маңызы туралы
Сыбайлас-жемқорлық – қоғамның өзекті мәселесі
2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы
Сыбайлас жемқорлықтың өсуін зерттеу
Сыбайлас жемқорлықтың жалпы түсінігі мен сыбайлас жемқорлыққа итермелейтін себептердің негіздері
Персоналды басқару бөлімі
БИЛІК ОРГАНДАРЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КҮРЕС МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер