Түркіменстан Президенті Г.Бердімұхамедовтың Қазақстанға сапары


ЖОСПАР
- Түркіменстан Президенті Г. Бердімұхамедовтың Қазақстанға сапары
- Ақордадағы кездесу
- Келіссөздер
- Брифинг
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Түркіменстан Президенті Г. Бердімұхамедовтың Қазақстанға сапары
10 мамырда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті. Кездесу барысында әріптестіктің негізгі бағыттары бойынша өзара іс-қимылды жандандырудың кең ауқымды мәселелері қозғалды. Атап айтқанда, сауда-экономикалық, отын-энергетикалық және транзиттік-көліктік, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық серіктестік салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастық қырлары қарастырылды.
Қос елдің президенттері мемлекеттік сапар аясында осыдан тұп-тура 6 жыл бұрын, яғни 2007 жылдың мамыр айында кездескен еді. Дәл сол жылы Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстанға мемлекеттік сапармен келсе, ал қыркүйек айында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркіменстанға арнайы жұмыс сапарымен барған болатын. Бұдан кейін мемлекет басшылары әртүрлі халықаралық шаралар аясында әлденеше мәрте кездесті. Ал Нұрсұлтан Назарбаев былтыр Ашғабадта өткен ТМД елдері мемлекет басшыларының саммитіне қатысып қайтты.
Ақордадағы кездесу
Ақордадағы кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Түркіменстан Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапармен келгеніне қуанышты екенін жеткізіп, Түркіменстанды жақын көрші, сенімді серіктес ретінде қарастыратынына, көршілес екі елдің мәдениет, тіл, дін және рухани салалардағы жақындығына тоқталды. Жоғары деңгейдегі бұл сапар достық және бауырластық рухын нығайтуға тағы да бір серпін беретініне сенімдімін, деді Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.
Бір атап өтерлігі, бұл сапар екі елдің дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 20 жыл толған мерзіміне сәйкес келіп отыр. Осы жылдар аралығында қазақ-түркімен ынтымақтастығы жоғары деңгейге көтеріліп, әртүрлі салалар бойынша байланыстар нығайды деуге толық негіз бар. Мәселен, 2012 жылы қос мемлекет арасындағы тауар айналымы екі есеге өсіп, 345 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл сәйкесінше, 2011 жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда, 90 пайызға артық. Атап айтқанда, экспорт 166 млн. АҚШ долларын, ал импорт 179 млн. АҚШ долларын құраған. Бүгінде Қазақстан түркімен жұртына күнбағыс, ұн, металл, ағаш өнімдерін экспорттайды. Ал Түркіменстаннан бізге негізінен минералды және химиялық өнімдер, тоқыма бұйымдары келеді.
Келіссөздер
Көршілес мемлекеттер басшыларының кең ауқымды келіссөздері барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнағанының 20 жылдығына орайлас өткен бұл сапардың нышандық мәніне тоқтала келе, қос мемлекеттің ынтымақтастық әлеуетінің бұдан да жоғары екеніне сенім білдірді. Біздің елдеріміз ынтымақтастықтың саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық бағыттарын одан әрі белсенді дамытуға ниеттестік танытып отыр. Қазақстан-Түркіменстан қарым-қатынастарының негізгі тіні сауда-экономикалық ықпалдастық болып табылады. Әлем экономикасындағы жағымсыз үрдістерге қарамастан, Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы тауар айналымында ілгерілеушілік, едәуір өсім байқалады. Бұл екі ел экономикасының әлеуеті жоғары екенін білдіреді. Мысалы, өткен жылдың қорытындысы бойынша, біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымының деңгейі 90 пайызға өсті және бұл - өте маңызды көрсеткіш, деді Қазақстан Президенті.
Өз кезегінде Түркіменстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны және жоғары деңгейде қабылдағаны үшін ризашылығын білдірді. Бүгінде біз беделді халықаралық ұйымдар арқылы белсенді көпжақты ынтымақтастық жасап келеміз. Біздің сауда-экономикалық, көліктік, сондай-ақ байланыс пен коммуникация салаларындағы өзара іс-қимылымыз өте қарқынды дамуда.
Бұл ретте біздің экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияларымыз елеулі рөл атқарады. Шын мәнінде, тарих, тіл, мәдениет ортақтастығының біздің серіктестігіміздегі маңызы зор. Біз сіздердің өзіндік ерекшелігі бар бай мәдениеттеріңізге ерекше құрметпен қараймыз. Сөз жоқ, бұл кездесу екіжақты ынтымақтастыққа айрықша серпін береді және біздің байланыстарымызды нығайтуға ықпал етеді. Біздің ең негізгі мақсатымыз - түркімен-қазақ әріптестігін нығайту. Қазақстан мен Түркіменстанның ынтымақтастығы бүгінгі күнге дейін жоғары деңгейде болған. Бауырластыққа негізделген қарым-қатынастар бұдан кейін де осы деңгейде тұрақтап қалады деп ойлаймын. Біздің елдеріміздің ұстанымдары көп мәселелер бойынша сәйкес келеді, деді Гурбангулы Бердімұхамедов.
Брифинг
Шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейін Мемлекет басшылары бірлескен брифинг өткізді.
Брифинг барысында Нұрсұлтан Назарбаев Түркіменстан Президентіне Қазақстанға сапары үшін тағы да ризашылығын білдіріп, жоғары деңгейдегі келіссөздердің нәтижелі өткенін атап көрсетті. Біздің жоғары деңгейдегі келіссөздеріміз нәтижелі болды деп санаймыз. Себебі, екі елдің арасында бұрыннан келе жатқан достық қарым-қатынас бар. Біз көрші мемлекеттерміз. Біздің тарихымыз да, тіліміз де, дініміз де бір. Сондықтан, екі елдің бір-біріне деген қарым-қатынасы, сенімі өте жоғары. Біз келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық өзара ықпалдастықты нығайтудың кең ауқымдағы мәселелерін талқыладық, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы одан арғы ынтымақтастық жөнінде пікір алмастық. Бұл сапар елдеріміз арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтереді деп санаймын, деді Қазақстан Президенті.
Қазақстан басшысы сондай-ақ екіжақты келіссөздер барысында халықаралық және өңірлік мәселелерге, оның ішінде, Ауғанстан, Иран, Каспий теңізі мәселелеріне назар аударылғанына тоқтала келе, Қазақстанның Түркіменстанды Орталық Азиядағы маңызды стратегиялық серіктесі санайтынын атап өтті.
Бүгін біз түрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған және қарым-қатынастарымызға қосымша серпін беруге арналған бірқатар маңызды екіжақты құжаттарға қол қойдық. Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы достық байланыстарды нығайтып, өзара сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды жоғары деңгейге көтеру мәселесін қарастырдық. Екі ел арасындағы тауар айналымы айтарлықтай өскеніне қарамастан, ол елдеріміз экономикасының әлеуетіне толық сай емес. Қол қойған бүгінгі құжаттар кейбір түйткілді мәселелерді шешеді деп сенемін. Сонымен қатар, біз Қазақстан-Түркіменстан арасындағы шекара маңындағы мәселелер мен инвестициялық ынтымақтастық перспективаларын талқыладық. Қазақстан мен Түркіменстанның «Өзен - Берекет - Горган» темір жол өткелінің іске қосылуын көпқырлы серіктестігіміздің тарихи кезеңі деп санауға болады. Келер жылы бұл жобаның қалған бөлігін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Осы арқылы Қазақстан да, Түркіменстан да Парсы шығанағына шығып қана қоймай, Ресей арқылы Еуропаға да шығу мүмкіндігіне ие болмақ, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Осылай дей келе, Қазақстан Президенті осының барлығы бірлескен қажырлы еңбектің нәтижесі екенін атап өтті.
Түркіменстан Президенті өз кезегінде қонақжайлылық пен жылы шырайлы қабылдау үшін, сонымен қатар, бірлескен жемісті жұмысқа жағдай жасалғаны үшін шынайы ризашылығын білдірді. Екіжақты келіссөздер барысында біз сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін қарастырып, өңірлік және халықаралық тақырып бойынша пікір алмастық. Ортақ сенім және өзара түсіністік ауанында өткен келіссөздер нәтижесінде өзара іс-қимылдың нақты бағыттары айқындалды. Келіссөздер бауырлас халықтар арасындағы қалтқысыз ынтымақтастықты, тату көршілік байланыстарды нығайтуға деген екі елдің ықыласын айғақтай түсті, деді Түркіменстан Президенті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz