Қатон - Қарағай ауданыны орман жүйелерінің сипаттамасы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
География құжырасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
тақырыбы ҚАТОН - ҚАРАҒАЙ АУДАНЫНЫ ОРМАН ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ОРМАН ЛАНДШАФТАРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК 5
1. 1 Орман ландшафтарының биосферадағы ролі 9
1. 2 Орман ландшафтарының классификациясы 16
ІІ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРМАН РЕСУРСТАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
2. 1 Облыс аумағындағы орман ландшафтарының таралуы 22
2. 2 Қатон - Қарағай орман ландшафтарының типтері 33
2. 3 Орман қорларына антропогендік әсер және оларды қорғау мәселелері 61
ҚОРЫТЫНДЫ 67
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 68
ҚОСЫМША А 70
ҚОСЫМША Ә 71
ҚОСЫМША Б 72
ҚОСЫМША В 73
КІРІСПЕ
Ежелгі уақыттан орман қорлары алғашқы биологиялық өнімділігінің байлығымен ерекшеленеді. Орман қорлары халық шаруашылығының көптеген салаларына шикізат есебінде қолданылады.
Ормам адамзатты өсімдік, қоректілік өнімдермен, техникалық және дәрілік шикізатпен, аң терілерімен, жөке және қайың нәрінен алынған сусындармен және т. б. қамтамасыз етеді.
Орманның сол сияқты емдеу - сауықтыру, эстетикалық және рекреациялық маңызы да зор. Сонымен бірге орман қайта қалпына келетін маңызды ресурс тұрі болып та табылады.
Орманның қоршаған орта үшін де маңызы зор. Ол топырақтың физикалық және химиялық қасиеттерін де жақсартып, ауаның салыстырмалы ылғалдылғын арттырады. Бір гектар орман 2 т көмір қышқыл газын жұтып, ауаны 10 -11 млрд. м 3 оттегімен байытады.
Шығыс Қазақстан ормандары Ертіс өзенінің оң жағалауы мен Қазақстан Алтайының тау алды мен орта биіктікті алқаптарында таралған. Аталған массивтердегі ағаштар біздің республикамыздың өндірістік және басқа да салаларының қажеттіліктеріне жаратылады.
Бітіру жұмысымның мақсаты:
- жалпы орман ландшафттарының биосферадағы рөлін тереңірек сипаттама беру және оларға классификациялық талдау жасау;
- Шығыс Қазақстан аумағындағы орман ландшафттарының таралуын көрсету;
- Катонкарағай ауданындағы орман типтеріне сипаттама беру және оларға антропогендік әсердің дәрежесі мен қорғаудың мәселелерін қарастыру.
Бітіру жұмысымның өзектілігі: орман алқаптары Шығыс Қазақстан облысының негізгі табиғи байлықтарының бірі. Облысты Республикадағы басқа аймақтардан ерекшелендіретін жағдайлардың бірі де осы орман қорының әсерлермен қатар табиғи апаттар (орман өрті, ағаштардың өздігінен құлауы, т. б. ) бұл өлкедегі орман массивтерінің жыл сайын азаюына себебін тигізеді. Осы жұмыста аталған күрделі мәселелерді есепке ала отырып, жан - жақты талдау жасалған.
Бітіру жұмысымның тәжірибелік мәні: көлемді түрде берілген Катонкарағай орман-ландшафттары туралы материалдар «География», «Экология», «Биология» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттерге аталған тақырып бойынша қосымша білім жиынтығы болып табылады. Аталған тақырып бойынша курс жұмысы «өте жақсы» деген бағаға қорғалды. Жұмыс студенттердің ғылыми конференциясында ғылыми баяндама түрінде тыңдалып, жоғары бағаға ие болды. Сонымен бірге бітіру жұмысындағы материалдардың өлке тану бағытында да зор маңызы бар, мектептегі педагогикалық тәжірибелік жұмысымда да қолдандым.
Жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, қортындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
І ОРМАН ЛАНДШАФТАРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Табиғи ландшафқа көрік беріп, жердің сәулесін келтіретін, оны эрозиядан қорғайтын, топырақтың құрылымын жақсартатын, жан - жануардың тіршілігіне өте қолайлы орта - орман. «Жасыл желек - жан саясы» демекші, жел өтінде тербеліп, жайқала өскен орман - тоғай, шипалы жеміс бағы - барлық тіршілік атауының құтты қонысы. Әуел бастан - ақ адам баласы орман арасынан діне пана тауып, бар игіліктерді оның аясынан ала білген. Яғни табиғат атауымен орманның қандай байланысы болса, адаммен орман арасында сондай мызғымас бірлік қалыптасқан.
Орман ағаштарының табиғатта өтетін түрлі процестерге қатысуының халық шаруашылығының негізгі салалары болып табылатын, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығына шикізат ретінде пайдаланудың экономикалық маңызы зор. Сонымен қатар, орманның бой сергітіп, көңіл жазар, яғни рухани дүниені байытар қасиеті тағы бар. өсімдіктер дүниесіндегі сан - салалы шикізат көзі - орман ағаштарының адам өміріндегі маңызы айтып жеткізудің өзі қиын. өйткені одан 20 мыңға жуық әр түрлі зат алынады. Сол себепті халық шаруашылығының ағаш шикізатын пайдаланбайтын бірде - бір саласы жоқ деуге де болады [1] .
Орман - жер бетіндегі өсімдіктердің бір типі. Орман құрамында ағаш, бұта, шөптесіндер, мүк, қына тағы басқа өсімдіктер түрі өседі, олар өзара бір - біріне әсер етіп ғана қоймай, сыртқы ортамен де тығыз байланыста болады. Сонымен қатар орман биосферасының ең маңызды құрылымдық бөлігі, географиялық ландшафтың элементі. Орман шикізат ресурсы, табиғи шикізат және тіпті материал (ағаш материалдары) . Орман көп мағыналы ұғым. Г. Р. Морозов орыс ғалымы ормантанушысы (1867-1920ж) орман өсімдік жамылғысының оның тіршілік ортасымен байланыстыратын табиғи құбылыс екенін анықтады. Орман туралы ілімнің негізін салды. Ал ормантанушы Г. Н. Высоцкий орман туралы ұғымға қысқартылған мәндегі байланыстар арқылы бөліп көрсетті, S=LGPH, мұндағы S - орман (Silva), L - ағаш (Lignum), G-орта (gremium), P-орманның ортаға әсері, H-адамның орманға әсері (Homo) . Орыс зерттеушілерінің, ормантанушыларының тағы бір В. Н. Сукачев (1880-1967) орман туралы ілімінің дамуына өз үлесін қосты, орман биогеоценозының анықтамасын қалыптастырды, орман деп өзара ішінара бір - бірімен және қоршаған ортамен әсерлесетін, өзінің дамуына биологиялық тұрғыдан байланысқан ағашты, бұталы және шөптесін өсімдіктердің жиынтығы. Орман географиялық құбылыс. Яғни әрбір орман бөлігі белгілі бір табиғи зонаны сипаттайды және тек осы табиғи жаңалықтарда ғана тіршіңлік ете алады. Орман қазіргі түсінігімізде табиғат өнімі және оның құрамды бөлігі, әр түрлі деңгейде қалыптастыруға болатын табиғи жүйе. Бұл жүйе шегінде жалпыдан жекеге қарай бағыттала жүргенде бір - біріне байланыстақ бірнеше баспалдақтарды бөліп көрсетеді: орман биосферасының бөлігі ретінде орманың табиғи зоналық жіктелуі орманның провинцияларға жіктелуі орман моссивтері биогенценоз немесе экожүйе --- орман фотоцентозы ---фитоценоздардың жіктелуі. Орман түрі - бұл орман өсімдіктерінің сипаттық түрінің жалпылығымен, ағашты тұқымдардың құрамының біркелкілігін ярустардың санымен, аналогиялық фаунасымен сипатталады [2] .
Орман шаруашылығы - орманның табиғатын, оның дамуындағы заңдылықтарды, орманның негізгі өнімі ағашты алу мақсатында ормандарды өсіру және ормандарды тасмалдау сияқты көріністегі ұйымдардың проблемаларын зерттейтін ғылым [3] .
Табиғат ресурстарының ең маңызды түрлерінің бірі және елдер терреториясында кездесетін орман қорлары. Ормандар өнеркәсіптің көптеген салаларының тиімді шикізаты, азық - түлік өнімдері, жабайы және үй жануарларының азығы, адамзат үшін дем алу орны ретінде қызмет атқаратын ағаштар түрлерін береді. Орман жамылғысы жердің экологиялық жүйесінің барлық кешеніне маңызды. Орман қорларының маңызды ерекшеліктерінің бірі олардың қайтадан қалпына келуі, сарқылмауы, бұл тек аумақты және орман түрлерінің құрамын реттеумен ғана шектелмейді, сонымен қатар орманның өнімдеріне және қызметке деген ұдайы өсіп келе жатқан адамзат қажеттіліктерін қанағаттандыру бағытында олардың өнімділіктерін үздіксіз жоғарлату.
Әлемдік өрман алқаптарының аумағы 4 млрд. гектар, соның ішінде тұтас орман жамылғысы 3 млрд. гектар, оның ішінде өнімділігі 1, 9 млрд. гектар. Бұталы және геградатициялы орман жерлері, яғни адамзат әрекетімен кесіліп тасталған, бірақ жекелеген ағаш және бұталар топтары сақталған. Не табиғи жолмен қайта пайда болған ормандардың аумағы кең. Бір тұрғынға 0, 67 гектар тұтас ормандар келеді. Жер бетінде орманның таралу аймақтары өте әркелкі [4] . Нақты жер бетіндегі өсімдіктердің алғашқы іздері жер бетінде полезойдың силур дәуірінде табылған. Олардың жаппай түзілуі девон дәуіріне сәйкес келеді. Оның орта шегінде яғни 400 млн. жыл бұрын папоротник тәрізділер яғни плаундар, попоротниктер, қырық буындар тәрізді ағаш формалары жер бетінің алғашқы орманын түзген. Ежелгі орман өсімдіктері балшық жерде бір келкі таралуымен ерекшеленеді. Жердің даму тарихында орман өсімдіктері үздіксіз өзгеріп тұрған. Ағаш және бұталар тұқымдары және туыстары тұтас пайда болып немесе тұтас жойылып отырған. Бір кездері көп таралған көптеген өсімдік топтарынан тек жеке түрлері сақталған. Мысалы, Қытай территориясында гинго, Оңтүстік Америка шегінде араукария, секвоя тек АҚШ - тың тынық мұхиттың жағалауында кездеседі. Саговниктердің, магнолилердің, тюльпан ағаштарының таралу ареалдары біртіндеп тарыла бастады. Сыртқы ортаға жақсы бейімделген ағаштардың және бұталардың жаңа түрлері қалыптасты.
Адамзаттың орман өсімдіктеріне тигізген алғашқы белгілері неолитте байқалды. Адамның отрықшы өмір салтынан көшкен кезінде, жер өңдеумен, мал шараушылығымен айналыса бастады. Кейінгі жылдары ормандарда отын ретінде пайдалану үшін және құрлыс материалдарды дайындауда орман кесу үрдісі өсе бастады. 19 - 20 жүз жылдықта орман өсімдіктерінің дамуы адамзаттың қарқынды әсері жағдайында болды.
Жер бетінің қазіргі орман жамылғысы адамның әсерінен сандық сипатынан ғана емес, сапалық сипаты өзгерді. Орман алқаптарының тұқымдық құрамы және өнімділігі өзгерді. Байырғы ормандар негізінен таулы және адам аяғы бастпайтын аймақтарда сақталған [5] .
Қоғамдық материалды және қажеттіліктерін қанағаттандыратын орман шаруашылығын жүргізу үрдісінде және қоғамдық өндіріске пайдаланылатын орман өнімдері және қажеттіліктері мол. Орман ресурстары қалпына келіп отырады және орман шаруашылығын дұрыс жүргізген уақытта таусылмайтын табиғат ресурстары болып табылады. Орман ресурстарына ағаш ресурстары, техникалық, азықтық, дәрілік, тағы басқа ресурстар, сондай - ақ орманның қорғаныштық және қоғамдық пайдасы жатады.
Ағаш ресурстары - негізгі (соңғы) үрдісте дайындалатын әртүрлі тұқымды ағаштар.
Техникалық ресурстар - оған живица (канифоли және скипидар өндірісінде шикізат ретінде қолданылады) гутаперча, танниндер, әртүрлі органикалық бояғыш заттар жатады.
Орманның азықтық ресурстары - саңырауқұлақтар, жеміс жидектер, жеуге жарамды шөптер мен тамырлар және де жабайы жануарлар мен құстар. Бұған сондай - ақ орманды алқапта орналасқан ара шаруашылығының өнімдері жатады.
Орманның тағамдық ресурстары - орманды жерде пайдаланылатын шөптер, қылқанды ағаштар азыққа жарайтын жемістер.
Орманның дәрілік ресурстары - формакологияда кеңінен қолданылады. 40 % жуық медициналық препараттарды дәрілік өсімдіктерінен алады, ал жүрек - тамыр және ішкі ауруларын емдеуге олардың үлесі 80 - 90 % жетеді. Орманның қорғаныштық пайдасы топырақты су және жел эпозияларынан, көшкіндерден, селдерден сақтау, ауа және су бассейндерін ластанудан қорғау, сондай - ақ адам мен фаунаны кері байланыстарын алыстату.
Орманның қоғамдық пайдасы рекреациялық, курорттық, эстетикалық қасиеттері жатады. Қоғамның бұндай ресурстарға сұранысы барған сайын артуда [6] .
Орман шаруашылықты бұл материалды өндірістің саласы. Оның функциясына төмендегілер кіреді: орманды зерттеп тану және тіркеу олардың үдайы өндірісі, өрттерден, зиянкестерден және дерттерден сақтау, орманды пайдалануды реттеу, орман ресурстары пайдаланушыны бақылау. Бұл саланың басты ерекшелігі - орманды өсіру кеңінен жалғастыру. Орман шаруашылығын жүргізудегі негізгі принциптер - орманды үздіксіз пайдалануды қамтамасыз ету, орман қорындағы орман ресурстары мен жерлерді толық және тиімді пайдалану. Ормандарды дер кезінде қалпына келтіру, олардың өнімділігіннің және құрылымдық сапасын арттыру. Орман қорлары мемлекеттік меншік объектілеріне жатады. Және республикалық меншікте болады. Жекеше орман қоры учаскелерін иеленеді, пайдалану мен оған билік етуді жекеше орман иеленушілер жүзеге асырады.
Орман шаруашылығы құрамындағы кәсіпорындар, орман шаруашылығын жүргізумен қатар, ағаш және орманның басқа өнімдерін дайындайтын кешенді шаруашылықтар дамыған. Орман шаруашылығының жобалы түрде жүргізілуінің негізі орман дайындау өнеркәсібінің циллюлоза - қағаз өнеркәсібінің гидролизді және орманды өңдеу өнеркәсібінің орналасуы мен дамуында. Мемлекеттік орман қорының қарамағындағы ормандарын пайдалану орманды дайындауды, техникалық және дәрілік шикізаттарды, жабайы өсетін жемістерді, жаңғақтарды, мал жайылымдарын орналастыруды, мәдени - сауықтандыру мақсатында орманды пайдалануды және аң аулау шаруашылығы қажеттіліктерін қосады [4]
1. 1 Орман ландшафтарының биосферадағы ролі
Орманның биосфераның құрамдас бөлігі ретіндегі ұғымы - кең ауқымды және көп мағыналы орман биосферасындағы барлық компоненттерге әсерін тигізеді. Маңызы арта түзуші рол атқарады. Орманның табиғатқа тигізер маңыздылығы келесідей бірншден ауа құрамын тазартады; екіншіден жануарлар әлеміне мекен ету ортасы қызметін атқарады; үшіншіден, топырақты эрозиядан қорғайды; төртіншіден, жауын - шашынды ұстап тұрады (беткі ағысты азайтады) ; бесіншіден ауылшаруашылық өнімдері үшін қолайлы микроклимат түзеді; алтыншыдан, құмдарды бекітеді; жетіншіден, судың ластануына жол бермейді [7] .
Орманда тіршілік етуге бейімделген жануарлар дүниесін орман фаунасы құрайды. Тропиктік ылғалды ормандарында тіршілік жағдайы бірқатар жануарларға қолайлы болғандықтан онда жануарлар түрі көбірек, бірақ түр саны онша көп болмайды. Сүтқоректілер мен құстардың орманда тіршілік ететін түрлері бірнешге және олардың басым көпшілігі ағашқа өрмелеуге, ағаш басын мекендеуге жақсы бейімделген. Сүтқоректілерден жалқау аң, маймыл, кемірушілер жәндіктермен қоректенушілер жыртқыштар, құстардан тоты, тоқылдақ, тукан гоацин тағы басқа бауырмен жорғалаушылардан хамелон, ағаш жыланы, ешкі ешер түрлері, қос мекенділерден бақаның бірнеше тұқымдас тропик ормандарында кең тараған, ал жәндіктер фаунасы алуан түрлі. Қоңыржай белдеулердің жапырағын түсіретін ормандардан жануарлар түрі көп емес, бірақ жеке түрлер саны өте көп болды. Тайга фаунасында жануарлар түріне кедей. Тропиктік ылғалды ормандарынан бастап тайгаға дейін жануарлардың түрі ағаш басында тіршілік ететін түрлері кеми түседі. Тайга мен жапырақты ормандарда күн сәулесі мол, шөбі көп болуға байланысты ылғалды тропикке қарағанда, жерде тіршілік ететін жануарлар түрі көбірек. Орман кесу мен оның ағаш құрамының өзгеруіне байланысты орман фаунасы да өзгеріске ұшырайды. Ағаш басын мекендейтін жануарлар азаяды. Орманның сиреуіне және қылқан жапырақты ағаштар орнына жапырақты ағаш өсуіне қарай орман фаунасының жерде тіршілік ететін түрлеріне қолайлы жағдай туады.
Бүгінгі күні табиғи өсімдік жамылғысын жер бетінің 1/6 бөлігінде жойылып кеткен. 2 өсімдіктер түрлері жойылу үстінде. Ормандар және орман биоценоздары шамадан тыс экспуатициялаудан, антропогендік факторлардан зардап шегіп отыр. Әсіресе бұл жаңбырлы тропиктік ормандарға қатысы бар. (Орта есеппен 1 минут ішінде 21 га орман кесіледі) . Қоңыржай белдеулердегі ормандарда қалың қылқандар орман аумағының 30 % антропогендік ландшафтармен ауыстырылған. Ормандардың жойылуы, әсіресе тропиктерде, климаттық тұрақтылыққа және жердің атмосферасындағы газдардың құрамына үлкен қауіп төндіруде. Орманды қорғау құқығы, қоршаған ортаны қорғау құқығы шараларының құрамдас бөлігі болып табылады. Орман табиғатының зардаптарының барлық нормаларының мақсаты орманды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, зиянкестерден және дерттерден оларды сақтау және қорғау [8] .
Атмосферадағы оттегінің айналымы, көмірқышқыл газының айналымымен тығыз байланысты. Өттегі де және көмір қышқыл газдары да қатысатын фотосинтез үрдістерінің схемасы
CO 2 +2H 2 O+ жарық CH 2 O+H 2 O+O 2 +энергия
Осы үрдіс барысында жеке оттегі түзіледі, ал көміртегі басқа заттармен байланысады. Ормандардың оттегіні өндіру бейімділігі, сонымен бірге көміртегіні жұту потенциалы және атмосфераны көмір қышқыл газымен ластануы ормандардың өнімділігімен және олардың түрі табиғи компонент ретінде сақталу ұзақтығына тура пропорционал. Көміртегінің айналу және атмосфераны өттегімен байыту цикілінің ұзақтығының арттыруда қоңыржай белдеулердегі қылқанды ағаштар орманның ролі зор. Ормандарда 400 - 5 - 0 млрд т көміртегі болады. Ормандар - энергияны қабылдау және органикалық заттарды өндіру деңгей бойынша ең өнімді экожүйе. Ормандардың тұрақты - қорғау қасиеттері бірнеше дәрежелік жағдайға тек адамдар мүддесіне сай объектілерге оңды көрінгенде ғана ие болады. Бұл объектіге: өндірістік кәсіпорындар, қала және басқа елді мекендер, транспорт жолдары, ауыл шаруашылық алқаптары, куропттар, су көздері, аң аулау алқаптары жатады. Қоршаған ортаны қорғау және ауыл шаруашылық жерлерінің өнімділігін арттыру проблемалары ормандарды пайдаланумен тікелей байланысты. Адамзат дамыған сайын бұл проблема өзектеле түседі. Ауыл шаруашылығы алқаптарын жөнсіз пайдаланудан, оларды қорғау жұмыстарының жойылуынан жер шарында 500 млн га жер жарамсыз болып қалды. Жер эрозиясы тікелей шығындардан басқа, өсімдік жамылғысының жойылуына әкеледі, ал бұның соңында су режимін өзгеріске ұшыратады, құрғақшылықты арттырады.
Су эрозиясына қарсы тұрған ормандардың әсері әр түрлі сандық көрсеткіштермен сипатталады. Ормандарда және орманға жақын аймақтарда топырақтың шайылуы болмайды. Орман жыртылған жерлермен салыстырғанда ағыс 3 - 5 есеге төмендетеді. Су бетіндегі ағыс жылдамдықтарын азайта отырып, топырақ тыңайтқышына бөгет жасайды. Ормансыз далалардағы су беткейінің қатты ағысы вегатиция кезінде топырақтарды ылғалдылық қорларын сақтауға келтіреді. Топырақтың су эрозиясымен гидротехникалық құрылыстар құру және агротехникалық шаралар қолдана отырып күресуге болады. Бұл көптеген еңбектей және заттай шығынға ұшыратады, ал нәтижесі тек шектеулі мерзімге дейін ғана созылады. Тек ормандар ғана кешенді нәтиже алуға көмектеседі және су эрозиясымен күресуге тиімді әдіс болып табылады. Егер топырақтағы су эрозиясын жоюға инженерлік құбылыстар көмегімен тоқтауға болса, жел эрозияларын тоқтатуға мұндай әдістер көмектеспейді. Жел эрозиясының нәтижесін егістіктердің мыңдаған жылдар жинаған өнімділігі санаулы минутта жойылуы мүмкін. Орман алқаптары ауа массасының қозғалысына кедергі жасай отырып, жергілікті жердің адырлығын арттырады, жердің беткі қабатында желдің жылдамдығын баяулатады, жоғары жылдамдықтағы ауа ағыстарын тармақтайды. Табиғатты сақтаудағы ормандардың қорғаныштық ролі тек жерге қатысты ғана емес, сонымен қатар суға да қатысты болады. Қазіргі уақытта судың сапасын жоғарылату немесе қалыпты жағдайға сақтау маңызды болып отыр. Суға қатысты ормандлар төмендегідей функцияларды атқарады:
1) Суды қорғау функциясы. Бұл судың қайнар көздеріне қалыпты мөлшерде келуіне немесе артық мөлшерде келіп қосылуына көмектеседі.
2) Суды реттеу функциясы, бұл судың қайнар көздеріне келіп құятын судың мөлшерін артырмай - ақ тасқынды жеңілдету және батпақтануды бөгеттеуге көмектеседі.
3) Суды сақтау функциясы, судың сапасын арттыру, су қоймаларын ластаудан сақтайды. Көп жағдайда ормандар бір уақытта осы функциялардың барлығын атқарады. А. А. Молчанов орман алқаптарының суды қорғаудағы ролін былай сипаттайды: «Жалпы орман қайда болса, сонда су да болады деп айтуға болады. Ормандар суды жинақтайды, ормандарда өзендер түзіледі, ормандар топырақты қатайтады, ормандар егістіктерге қарағанда ылғалдылықты біршама жоғары деңгейде ұстайды, ормандар жауын - шашынды біртекті таратуға бейім. Орманды алқаптарда ағынды және шашынды сулар баяу сіңіріледі».
Орман алқаптарының судың сапасына тигізетін әсері де зор, әсіресе көктемгі уақытта. Орман судағы алқаптың құрамын 1, 5 - 2 есе азайтады және осынша молшерде оның кермектілігін төмендетеді, орман арқылы өткен судың мөлдірлігі 1, 5- 2, 5 есе жоғары. Сонымен қатар, су әртүрлі тұздар ертіндісімен қанығады: онда нитраттың және сульфаттың мөлшері 1, 5 - 2 есе көп. Бұл судар калций, темір және магниймен байытылған. Орман арқылы өткен судың құрамындағы ішек - қуыс таяқшалардың саны 2 - 10 есеге азаяды. Негізінен суды қорғауға, реттеуге, эрозияға, селге, көшкіндерге қарсы тұру қасиеттері таулы аймақтағы ормандарда басым. Таулы аумақтарда орманды түгелдей кесу мүлдем төмен нәтиже береді: топырақтың физикалық қасиеттері нашарлайды, беткі ағыстардың жылдамдығы артады, инфилтрация қысқарады. Таулы аймақтағы ағаштарды түгелдей қырып тастаудан болатын кері әсерді жасанды жолмен ағаш отырғызу аркылы да сақтап қалмаймыз. Қар көшкіндерімен күресуге ормандардың маңызы зор. Тау беткейлерінің жоғарғы бөлігінде орналасқан орман массивтері қар көшкіндерінің жолын еркін бөгеп тұрады. Орман алқаптары температуралық режимнің теңесуін теңестіреді, топырақ тетін көлеңкелетеді және күндізгі уақытта инфоляцияның максималды күшіндегі жылуды ағымын азайтады. Ормандар өсірдіктер жасаушаларын түзету үшін топырақтардан жылу жинайды. Орман алқаптарының жауын шашынға да әсері зор. Жауын - шашынның бір шама мөлшері ағаштың ұшар басында буланып топыраққа жетпейді. Судың көп бөлігі орманнан транспирацияға кетеді, соның нәтижесінде ылғалы мол аймақтарда орман өсімдіктері құрғақшылық қызметін атқарады. Жел режиміне орманның әсері белсенді, ені 70 - 80 метр орман жолақтары жел жылдамдығының 4 - 5 есеге азайтады, ал ені 120 м болған жағдайда желді толықтай жояды. Жел жылдамдығының тез бөгейтін ағаш бұл шыршалар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz