Сезім мүшелері туралы түсінік



1.Сезім мүшелеріне жалпы шолу.
2.Көру мүшелері, құрылысы, көру нервтері.
3.Есту мүшелері, құрылысы, тепе.теңдік сақтау мүшесі.
4.Тері, дәм және иіс анализаторлары
Ағза сытқы ортаның өткізгіштігін, сезу мүшелері бұл анатомиялық құрылысты комплекс, олар арқылы организм сыртқы тітіркендіргіш энергияны қабылдап, оларды жүйке импульсына айналдырып, бас мидың керекті бөліміне өткізеді.
Ағзаға әсер ететін түрлі тітіркендіргіштер, сезімтал жүйке талшықтарының ұштары – рецепторлар арқылы қабылданады. Олар арнаулы сезім мүшелерінде немесе денеде орналасқан.
Сезім мүшелеріне – көру, есту, дәм, иіс, тері мүшелері жатады.
Осы аталған 5 сезім мүшелерінің ми қыртысындағы орталықтарға және жүйкелерге жалғасып жататын тізбектері олардың анализаторы болып саналады.
Үлкен ми сыңарлары бөліктерінің күрделі даму нәтижесінде сезім органдарының орталықтары пайда болады. Олар анализаторлардың рецепторлары мен жүйке талшықтары арқылы байланысады. Рецепторлар арқылы қабылдалған қозу ми қыртыстарына жеткізіліп отырылады, онда талдау, талқылау процестері жүріп, сезім ажыратылады.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Лекция 15. Тақырыбы:
Сезім мүшелері.
Жоспар:
1.Сезім мүшелеріне жалпы шолу.
2.Көру мүшелері, құрылысы, көру нервтері.
3.Есту мүшелері, құрылысы, тепе-теңдік сақтау мүшесі.
4.Тері, дәм және иіс анализаторлары.
Ағза сытқы ортаның өткізгіштігін, сезу мүшелері бұл анатомиялық құрылысты комплекс, олар арқылы организм сыртқы тітіркендіргіш энергияны қабылдап, оларды жүйке импульсына айналдырып, бас мидың керекті бөліміне өткізеді.
Ағзаға әсер ететін түрлі тітіркендіргіштер, сезімтал жүйке талшықтарының ұштары - рецепторлар арқылы қабылданады. Олар арнаулы сезім мүшелерінде немесе денеде орналасқан.
Сезім мүшелеріне - көру, есту, дәм, иіс, тері мүшелері жатады.
Осы аталған 5 сезім мүшелерінің ми қыртысындағы орталықтарға және жүйкелерге жалғасып жататын тізбектері олардың анализаторы болып саналады.

Үлкен ми сыңарлары бөліктерінің күрделі даму нәтижесінде сезім органдарының орталықтары пайда болады. Олар анализаторлардың рецепторлары мен жүйке талшықтары арқылы байланысады. Рецепторлар арқылы қабылдалған қозу ми қыртыстарына жеткізіліп отырылады, онда талдау, талқылау процестері жүріп, сезім ажыратылады. Сондықтан да адам дүниедегі бар затты сезім органдары арқылы қабылдап, анализаторлары арқылы түсінік алады.
Анализатор - сыртқы және ішкі ортадан туған тітіркендіргіштерді қабылдап, оған талдау жасайтын күрделі жүйке механизмі.
Орыс ғалымы И. П. Павловтың айтуы бойынша анализатор - белгілі бір қызмет атқаратын күрделі жүйке болып табылады. Оның өзі үш бөлімнен тұрады:
1. Шеткі рецепторлар
2. Өткізгіш жолдары- жүйкелерден және
3. Орталық ми бөліктерінен тұрады.

Тітіркендіргіштерді қабылдайтын анализаторлардың шеткі бөлігіне, сезімтал жүйкелерінің ұштары - рецепторлары, оның өткізгіш бөлігіне - жұлын мен мидан шығатын жүйке талшықтары, ал анализаторлардың орталық бөлігіне - ми және ми қыртысындағы аймақтар жатады.
Ми қыртысының аймақтарында жоғарғы дәрежеде анықтау, талдау (анализ, синтез) процестері өтеді.
Рецепторларды екі үлкен топқа бөледі: Интеро- рецепторлар - тітіркенулерді ішкі ортадан қабылдайтын рецепторларды айтады. Мысалы: қан тамырларының қабырғасындағы хеме бароцепторлар қанның химиялық құрамының өзгеруін қабылдайды.
Экстрорецепторлар- тітіркенулерді сыртқы ортадан қабылдайтын рецепторлар.
Бұлшық еттердің, сіңірлердің, буын байламдарының құрамындағы рецепторлар, ол интерорецепторлардың бір түрі. Проприорецепторлар жәрдемімен буын және бұлшық ет қызметі алма-кезек, бір-бірінің қызметіне сәйкес қозғалып, жүру, қимылдар т.б. қызмет атқарады.
Көру органдары. Көз алмасынан, көру жүйкесінен және қосымша мүшелерден тұрады.
Көз алмасы үш қабаттан:
1. Сыртқы тығыз талшықты ( фиброзды)
2. Ортаңғы тамырлы қабық
3. Ішкі торлы қабықтан түзілген.
1. Талшықты қабық - өте тығыз, ол ( склер) артыңғы және алдыңғы ақ қабық бөлімдерден тұрады. Ол көз алмасын сырт жағынан қорғап, оған белгілі бір пішін беріп тұрады. Тамырсыз болғандықтан оны " мүйізді қабық" деп аталады. Бұл қабық арқылы көз алмасының ішіне сәуле сындырылып өтеді.
Фиброз қабығының артқы бөлігін ақ қабық деп атайды. Бұл қабықтың белдеу бөлігіне көздің тік еті төрт жағынан келіп тіркеледі. Ақ қабық көз алмасының артқы жағынан шыққан көру жүйкесінің сырт жағын жауып, жүйке қабығын түзеді талшықты қабық пен ақ қабықтың қосылған жерінде көз алмасының вена қаны өтетін тамыр кеңістігі жатады.
2. Тамырлы қабық - талшықты қабықтың астында жатқан, көз алмасының ортаңғы қабығы болып саналады. Ол құрылысы жағынан бір-біріне тең емес үш бөліктен алдыңғы - нұрлы, ортаңғы - кірпікті дене, артқы - меншікті тамырлы қабықтан тұрады.
Нұрлы қабық - тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігі болып саналады.
Нұрлы қабықтың дәнекер ұлпасы негізінде пигментті жасушалар тамырлар және біріңғай салалы ет ұлпалардан тұрады. Көздің түсінің әртүрлі болуы, осы пигментті жасушалардың мөлшеріне және орналасу тереңдігіне байланысты келеді. Нұрлы қабықтың ет талшықтары екі бағытта орналасқан Дөңгелек ( сақиналы бағытта) жатқан талшықтары қарашық тесігін тарылтса, сәулелі талшықтары көз қарашығын кеңейтеді. Осының нәтижесінде нұрлы қабықтың ет талшықтары көзге түсетін жарық сәулесін реттеп отырады.
Кірпікті дене- тамырлы қабықтың ортаңғы бөлігі, пішіні сақина тәрізді.
Кірпікті дененің сыртқы қабатын біріңғай салалы ет ұлпасы түзеді. Бұл еттер не жиырылып,не босап көз бұршағының пішінін өзгертіп, көздің көруін икемдеп тұрады.
Меншікті тамырлы қабық тамырлы қабықтың ең үлкен артқы бөлігі болып саналады. Қан тамырларына бай болып келеді.
3. Торлы қабық- көз алмасының ішкі жағын астарлап жатқан қабық. Бұл артқы және алдыңғы бөліктерден түзілген. Артқы бөлігі көру бөлігі бұл жерде жүйкесінің шоғыры жатады. Бұл шоғыр тор қабықтың түйінді жасушалар талшықтарының жинағынан түзілген. Олар көз алмасының артқы жағында көру жүйкесінің сабағын түзеді.
Көз алмасының ішкі ортасы көз бұршағы мен қоймалжың келген шыны тәрізді денеден түзілген. Көз бұршағын өте мөлдір талшықтардан түзіліп түссіз қабықшамен жабылады. Осы қабықшасынан басталып, кірпікті дененің ет талшықтарына тіркелетін белдеулері арқылы көз бұршағы өз орнына бекемделіп тұрады. Сонымен қатар кірпікті дененің ет талшықтарының жиырылуы нәтижесінде көз бұршағының қалыңдығы өзгеріп, көздің әртүрлі қашықтықта жатқан заттарды көруіне себеп болады. Көз бұршағының әртүрлі қашықтықтағы заттарды көруіне икемделуін " аккомодация " деп атайды. Жас ұлғайған сайын көз бұршағының жалпы тығыздығы артып көздің көру қабілеті нашарлайды.
Көз (көз алмасы) - мөлдір келген қоймалжың затқа толы келеді. Бұнда қан тамырлары мен жүйке талшықтары болмайды.
Көру органының қосымша аппараттары. Бұған көз алмасын қимылға келтіріп, көзді қорғап тұратын құрылыстар жатады.
Көздің қорғаныш аппаратына - қабақ, кірпік және көз жас безі жатады. Қабақ тері қатпарларынан түзілген. Жоғарғы қабақ төменгіге қарағанда қимылды келеді.
Жоғарғы және төменгі қабақтардың жиектерінде кірпіктер орналасқан. Қабақтардың сырты терімен, іші қызыл түсті кілегей қабықшамен жабылған. Кілегей қабықшасы көз алмасының талшықты қабығының бетіне жалғасып жатады. Оны жалпы " коньюнктизм" дейді.
Көз жасының аппараты. Екі қабықтың біріккен жерін көз бұрышы дейді, оның кеңірек келген ішкі бұрышын "көз бұлағы" дейді. Оның түбінде ет өсіндісі жатады. Әрбір қабақ жиегінде нүктелер болады. Олар жас түтікшелерінің ашылатын тесіктері. Көз жасын көз жасының бездері бөліп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түйсік туралы
Діннің шығуы
Таным мен сананың өзара байланысы
Түйсіктің жалпы заңдылықтары
Жалпы психология пәні
Сана сезім, өзіндік сана
Табиғат болмысы
«Түйсік және оқушылардың түйсігін дамыту»
Түйсік бейнелеудің алғашқы процесі және қоршаған болмысты тану
Қозғалыс формасы
Пәндер